1920 1930 жылдарда?ы саяси репрессиялар эссе

Сталиндік геноцидтің қасіретті жылдары туралы сөз болғанда, тарихшылар Қазақстанды сталиндік жүйе «алпауыт əлеуметтік эксперимент» жүргізген полигонмен салыстырады. Кейіннен Қазақстанға «халықтар достығының зертханасы» деген анықтама беріледі.

1931 жылы І Бүкілодақтық социалистік өндіріс жұмыскерлерінің конференциясында   И.Сталин: «Біз алдыңғы қатарлы мемлекеттерден 50–100 жылға артта қалып қойдық. Біз осы уақытты 10 жылда басып өтуіміз қажет», — деп мəлімдейді. «Барлық халықтар көсемі» осы «жүгіріп өтуге» қанша адам құнын төлеу керектігін есепке алмайды. Ол бұл мақсатқа жету үшін заңсыздық та, жаппай репрессия да толығымен қолданыла алады деп санайды. И.Сталин өзінің қатігездігімен жəне бірбеткейлігімен партия жəне мемлекет аппараттарын бағындыра отырып, олардың көмегімен өз мақсатына жетеді. 1930 жылдардың аяғында КСРО-да партиялық мемлекеттік бюрократия, жаппай репрессия мен қорқыту, лагерлер мен түрмелер үстемдік еткен сталиндік социализм орнайды. Қазақ ұлты қатігез геноцидке тап болып, ауыр кезеңдерді бастан өткереді.

1937–1938 жж. саяси репрессия бұрынғы КСРО-ғы жеке тұлғаларға қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін шараларының ең шарықтаған кезеңі болады. Ол бірнеше факторлардың, əсіресе белгілі əлеуметтік-саяси топтардың, соның ішінде Б (б) КП-нің билік үшін күресінің нəтижесі болып табылады. Бұл күресте И.Сталиннің жеке билігін орнату барысында тек шынайы қарсыластарын ғана емес, бəсекелестерін, сталиндік режимнің қарсыластарын да жоюға бағытталған саясат негізгі роль атқарады.

Бұл жерде жасырын экономикалық сыр да болады. КСРО ұлан-байтақ территориясы бар, аграрлық бағыттағы мемлекет болды. Өркениеттік əдістермен экономикаға жаңа бағыт беру ұзақ та- рихи үрдісті талап етіп, ішкі саяси жағдайдың біршама жағымды болғанын қажетсінетін еді. Ал Қазақстан орасан зор кеңістікті алып жатқан, ауа райы қолайлы, табиғи ресурстарға бай, халқы аз болғандықтан, бұл мақсатты жүзеге асыруға өте қолайлы болды. И.Сталин үшін «жетіп алып, озып кету», жедел күшті өнеркəсіп пен қуатты əскери-өнеркəсіптік кешен құру маңызды болды. Ал, репрессиялық саясат қосымша қаражат көмегінсіз елдің халық көп шоғырланған аймақтарына орасан зор көлемдегі адамдарды қоныс аудартып, олардың еңбектерін пайдалануға мүмкіндік беретін еді.

Репрессиялық іс-əрекет бағдарламасының негізі Сталиннің нақты «халық жауларын» табу арқылы социалистік қоғамды нығайту үшін таптық күресті күшейту қағидасына сүйенеді. Халық жауларын «партия мен халыққа бөтен элементтер» арасынан іздеу көзделеді. Мұндай «бөгде элементтер» ең алдымен, партияның өз ішінен, зиялылар қатарынан, елдің «басқаша» ойлайтын азаматтары арасынан іздестіріледі.

1930 жылдардың басына қарай қоғамдық санаға əсер ету құрылымы жасалады. В.Лениннің, К.Маркстің, Ф.Энгельстің ойларын догмалау үрдісі аяқталып, И.Сталиннің жеке басына табыну қалыптасады. «Барлық уақыт пен халықтардың ұлы көсемінің» кез келген сөзі халық пен партия үшін заңға айналады. Ол басқарушы органдардың Б (б) КП (съездер, пленумдар, конференциялар,  ОК саяси бюросы) шешімдерінің негізінде республикалық жəне жергілікті партия органдарымен жүзеге асырылады. Партия шешімдерін тек партия мүшелері ғана орындауға тиіс делінгенмен, елдегі барлық халық сонымен өмір сүреді. Партияның қолшоқпары болып табылатын газеттер партия шешімдерін жарыса жазып, талқылап жатады. Кейде И.Сталиннің кейбір бұйрықтары көсемнің атымен беріле алмайтын жағдайда, олар газеттерде мақала түрінде «Халық дауысы» айдарымен жарияланады. Газеттерде жарияланған кез келген сын-пікірдің соңы репрессия түріндегі қуғын-сүргінмен аяқталады.

Жаппай қуғын-сүргін жүргізудің құқықтық базасы да жасалады. 1926 ж. РКФСР Қылмыстық кодексінде 17 контрреволюциялық қылмыстардың 12-не өлім жазасы қарастырылды. 1932 жылы тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті (əрі қарай — ОАК) И.Сталин қол қойған «Социалистік меншікті нығайту туралы» Заңды мақұлдайды. Заңға сəйкес колхоз егістігінен масақ жинаған 12 жастан асқан азаматтар кемінде 10 жылға бас бостандығынан айрылуға тиіс болады. Ал, мұнан кейін шыққан сталиндік заңдар сериясы сталиндік кезеңнің «заңнамалық базасы» болып табылады. 1934 жылдан бастап қылмыстық заңдарға бірқатар өзгерістер енгізіледі. 1934 жылы 8 шілдеде «Отанды сату  туралы»,  1934  жылы  1  желтоқсанда  «Террористік  актілер  туралы»,  1937  жылы  2    қазанда

«Зиянкестік пен диверсия туралы» Заңдар жарияланады. Нəтижесінде, Кеңес үкіметіне қарсы террористік ұйымдар мен террористік актілерді тергеу істеріне 10 күннен аспайтын мерзім белгіленеді; 1937 жылы Ішкі Істер Халық Комиссариатының (əрі қарай — ІІХК) органдарына қамауға алынғандарға «физикалық əсер ету шараларын» қолдануға рұқсат беріледі. Тағайындалған жазаға шағым білдіруге тыйым салынып, өлім жазасы дереу жүзеге асырылып отырады. КСРО ІІХК жүйесінің құрылымына, кадрлық құрамына өзгерістер енгізіліп, Ерекше жиналыс, «Үштік», одан кейін «Екілік» деп аталатын соттан тыс органдар құрылады. Аталған заңдар қабылданғаннан кейін репрессия бірден күшейіп, қарапайым соттық -процессуалдық құқықтар шектеледі [1, 6].

1937–1938 жж. репрессия науқанының күшеюіне 1936 жылғы 29 шілдедегі Б (б) КП ОК барлық партия ұйымдарына жіберген «сақтық пен жауды тани алмау» барысында жіберген қателіктер мен олқылықтарды тез арада жоюды талап еткен Жабық хаты ықпал етеді. Бұл құжатта контрреволюциялық жұмыстардың ұйымдастырушылары ретінде кезінде Қазақстанда жұмыс істеген И.Рейнгольд пен С.Мрачковскийдің аттары кездеседі. Аталған хат басқа одақтас республикалардан «халық   жауларын»  табу  бойынша  артта  қалып  жатқан  Қазақ   Өлкелік  комитеті  (əрі  қарай     — Қазөлкеком) басшыларының жұмыстарын жеделдетуге түрткі болады [1, 6].

Б (б) КП Қазөлкеком жоғарыдағы хат бойынша 1936 жылдың 5 тамызында (№ 1 құжат) [2, 430-п.] жəне 43 контрреволюция өкілдері табылып, жұмыстан шығарылды деген көңіл жұбатарлық сан пайда болған 1 қарашада 2 рет жиналады [3, 501–503-п.]. Жиналысты барлық облыстық жəне аудандық, қалалық партия комитеттеріне Б (б) КП ОК 29 шілдедегі Жабық хатын жан-жақты талқылау жəне партия ұйымдарында қырағылық пен жауларды тани алмауға байланысты олқылықтарды жою, сонымен қатар əр 5 күн сайын Жабық хатты талқылау барысы туралы Қазөлкекомға жəне С.Нұрпейісов пен Г.Асриевқа хабарлап тұру міндеті жүктеледі [2, 430-п.].

Партия арасынан «ұлтшылдарды», «халық жауларын» табу үшін барлық партия ұйымдарына əр коммунистің идеологиялық-саяси деңгейін көтеру, еңбекшілер арасындағы саяси үгіт-насихат жұмыстарын арттыру, халық жаулары орналасқан ұяларды аяусыз жою, үнемі большевиктік ұйымдасу жағдайында бəріне дайын болу туралы тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар «халық жауларын табу» сияқты төтенше маңызды жəне шешуші жұмыстарды күн сайын барлық партия ұйымдары мен əрбір коммунистердің көмегімен «кез келген жерде жəне кез келген жағдайда» жүргізуге бұйырады [3].

Қазақстанның партия басшылары жоғарыда аталған пленум шешімдерінің орындалуының қорытындыларын қызу талқылап жатқанда, ІІХК репрессия механизмін іске қосады. Барлық  ел ішінде жаулар мен тыңшыларды анықтаудағы кезекті іс-шаралар басталады. Олар елдегі барлық ұлттарды, партия қызметкерлерін, əскери қызметкерлерді, интеллигенция өкілдерін, ірі өнеркəсіп басшыларын да қамтиды. Оларға фашистер мен ұлтшылдардың тыңшылары жəне т.б айыптар тағылып, қуғындалады. Республика аумағында «халық жауын» анықтайтын  жиналыстар мен активтер қатары көбейеді.

Зұлмат қуғын-сүргін жылдары халық арасында бір-бірінің сыртынан арыз жазу, өсек  айту сияқты кертартпа əрекеттер етек алады. Ел ішінде өсек айту əр заманда да есеп айырысу мен қызмет сатысынан көтерілу құралы болып есептелген болатын. Осы жылдары туыстарының, жақындарының, таныстарының ту сыртынан «өсек айту» мемлекет тарапынан көтермеленіп отырады. Отызыншы жылдары, одан кейін де кейбіреулер қызметін көтеру үшін қуғындалған əке-шешесінен бастартып, тегін өзгертеді, мүмкін болған жағдайда ұлтын да өзгерту фактілері жиілейді. 1926–1937 жж. аралығында КСРО-да украин, еврей жəне т.б ұлттардың санын азайту есебінен 7 млн. орыс пайда болады. «Өсек айту» індеті елдің барлық өңірлеріне таралады. Адамдардың бірін-бірі көрсетуі тұрмыс, отбасы жағдайындағы келіспеушілік, көре алмаушылық, қызғаныш сияқты ұсақ мəселелерден де тұрады. Олар «өсекшіліктің» негізгі сипатына «халық жауларын» ұстау деген саяси астар беріп, жалған ниеттерін жасыруға тырысады. Домалақ арыздар нақты дəлелдері болмаса да, негізгі құжат ретінде қарастырылады. Əрбір саяси істе бірге қызметтес болғандардың,   таныстардың, жалған куəгерлердің, өз еркімен немесе əр түрлі қоқан-лоққы шаралардан қорқып, мəжбүр болып жазған құжаттар да болады. Осылайша сан мыңдаған адам қанды құрықтың құрбаны болады [4].

Жаппай қуғын-сүргін елдегі халыққа қорқыныш ұялатып, ешкім өзін қауіпсіздікте сезінбейді. Əр адамды партия мен мемлекет үшін сіңірген еңбегіне қарамастан, қамауға алып, жалған айыптар тағылады. Бұл əрекеттер адамдарды «жоғарыдан» берілген бұйрықтарды еш қарсылықсыз, үндемей орындауға мəжбүр етеді. Репрессия халықтың барлық қабаты мен саласын қамтиды.

Сталиннің жаппай қырып-жою саясаты бойынша жоспарын жүзеге асыруы 1937 жылғы 2 шілдедегі Б (б) КП ОК шешімінен басталып, ІІХК Ежовтың қолы қойылған № 00447 жедел бұйрығымен жеделдетіледі. Бұл бұйрықта: «Операция 10 тамыздан бастап Өзбек, Түркімен, Тəжік жəне Қырғыз КСР-да, 15 тамыздан бастап Красноярск өлкесі мен Шығыс-Сібір облыстарында басталсын», — деп нақты көрсетіледі. Ал Қазақстандағы репрессия операциясын жүзеге асыруды И.Сталин С.Реденске жүктейді. Ол Алматыға жіберіліп, І дəрежелі Мемлекеттік қауіпсіздік Комиссары болып тағайындалады. С.Реденс «рұқсат» деп қол қойған бұйрық 1938 жылы ақпанда күніне 37–38 адамнан, ал наурызда 53–54 адамнан атуға жол береді. Бұйрыққа сəйкес 4 ай ішінде 268 950 адам қудаланып, бірден оның 75 950-і өлтіріледі. Бірақ бұл сандар ОК-н қанағаттандырмай, жаңа жоспарлар құрылады. 1937 жылдың 3 желтоқсанында Б (б) КП ОК Қ (б) КП ОК-нің Қазақстан бойынша қуғындалған адамдар санын бірінші санат бойынша 600 адамға жəне екінші санат бойынша 1000 адамға көбейту туралы ұсынысын бекітеді. Бірінші санатқа Кеңес үкіметіне қарсы «жау» элементтер, ал екіншісіне лагерлер мен түрмелерде 8 жылдан 10 жылға дейін сотталатын адамдар жатқызылады. Б (б) КП ОК 1937 жылғы 17 қарашадағы Кеңес үкіметіне қарсы элементтер санын көбейту туралы шешіміне сəйкес 1937 жылдың 19 қарашасында отырыс өтеді. Отырыс барысында қабылданған шешімге бюроның 7 мүшесі қол қояды [5].

  Ерекше папка

КСРО ІІХК 1937 жылы 31 шілдеде бекітілген бұйрығымен республикалық, өлкелік жəне облыстық «Үштіктер» құрылады. Оның төрағалығына — ішкі істер халық комиссарлары, өлкелік жəне облыстық ІІХК басқармаларының басшылары, мүшелігіне — одақтас республикалардың орталық комитеттерінің, өлкелік жəне облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшылары мен республикалық, өлкелік жəне облыстық прокурорлар енгізіледі. «Үштіктер» — ату, жер аудару, 8   —

10 жыл мерзімге лагерге жіберу немесе түрмеге қамау туралы шешім қабылдап отырады. Осы бұйрықпен Қазақстан облыстары бойынша «үштіктердің» құрамы бекітіледі. Оның құрамына бастапқыда енгізілген 24 адамның кейіннен 15-і қуғын-сүргінге ұшырайды [6].

1937 жылы 30 шілдеде Қ (б) КП ОК хатшысы Л.И.Мирзоян И.В.Сталинге Қазақстанда «ұлттық- фашистік ұйымдардың» қамауға алынған жəне көзге түскен мүшелері туралы хат жолдап, қамауға алынған 14 лауазым иесінің тізімін береді. Сонымен қатар өнеркəсіптік кəсіпорындарда, көліктер мен əр түрлі облыстық, аудандық мекемелерде жұмыс істейтін 400-дей адам қамауға алынғандығын жеткізеді. Хатта ҚОАК төрағасы Ұ.Құлымбетов мəскеулік (Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Ходжанов) орталықтың басты өкілі, Қазақстандағы контрреволюциялық қозғалыстың ұйымдастырушысы деп көрсетілсе, сол кездегі Алматы обкомының хатшысы Ж.Сəдуақасов пен Батыс Қазақстан обкомының хатшысы С.Сафарбековтің контрреволюциялық ұйымдарға қатысы туралы тексеріліп жатқандығы туралы хабарланады [7, 24–27-п.].

Л.Мирзоян И.Сталинге жазған осы хатында: «…Некоторые арестованные в своих показаниях приводят фамилии многих старых казахских работников, в частности упоминаются в двух показаниях фамилии нынешнего секретаря Алма-Атинского обкома Садвакасова и секретаря Западно-Казахстанского обкома Сафарбекова. Сейчас выясняем правильность этих материалов насчет этих двух секретарей…», — деп жазады. Сонымен қоса Ұ.Құлымбетовтың қамауға алынуына байланысты, Т.Рысқұловтың, Н.Нұрмақовтың, С.Ходжановтың берген жауаптарынан «ұлтшыл- фашисттік ұйымның» нақты мүшелері туралы ақпараттарды тезірек алуға мүмкіндік бар деп көрсетеді [7, 27-п.].

Партия      отырыстарының         күн     тəртібіне       айналған       басшылар   арасынан   «халық   жауын», «тыңшыларды» іздеу 1937 жылы 1–5 тамыз аралығында өткен Қ (б) КП ОК Пленумында да талқыланады. Пленумда Қазақстандағы троцкшіл-оңшыл жəне ұлтшыл-фашистік элементтерді əшкерелеу мен анықтау бойынша Б (б) КП ОК мен ҚКСР ІІХК өткізіп жатқан іс-шараларды жалғастырып, барлық контрреволюциялық элементтерді түбегейлі жою туралы шешім қабылданады [8]. Республика басшылары арасынан халық жауларын іздеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, бюроның əрбір отырысында партия қатарынан шығарылған жəне қызметінен босатылып, қамауға алынған басшылар туралы ақпараттар артады. 1937 жылы 21 тамыздағы Қ (б) КП Алматы қалалық комитетінің кезекті бюро отырысында Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы Ж.Сəдуақасов туралы мəселе қаралып, оның контрреволюциялық ұлтшыл элементтермен байланысы барлығы туралы бірқатар материалдардың анықталуына байланысты, Қ (б) КП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы қызметінен босату жəне қалалық комитеттің бюро құрамынан шығару туралы шешім қабылданады. Сонымен қатар, бірқатар партия мүшелері, Т.Жүргенев, С.Есқараев сияқты мемлекет басшылары «халық пен партия жауы» ретінде партия қатарынан шығарылады. Кеңес үкіметін орнатуға атсалысып, партияға адал қызмет еткен басшылар бірінен соң бірі қамауға алына бастайды [9].

Партия қатарынан шығарылған мемлекет басшыларына жалған жала жауып, халық алдында қаралау саясатын мерзімдік басылымдар ерекше қарқынмен жүргізіп, қамауға алынған жəне қамауға алынуға тиісті «халық жауларына» арналған негізсіз мақалалар көбейеді. Осындай жалған жалаға толы мақалалардың бірі 1937 жылы 22 қыркүйекте «Казахстанская правда» газетінде жарияланған К.Пуховтың «На поводу у буржуазных националистов» мақаласы репрессияның жаңа толқынын туғызады. Мақала авторы Қ (б) КП ОК бірінші хатшысы Л.Мирзоян мен белгілі республика басшыларын буржуазиялық ұлтшылдарды анықтауға салғырттық білдіріп, «халық жауларын» қорғайды жəне бүркемелейді деп айыптайды. Мақала авторы əсіресе республика басшылары Ж.Сəдуақасов пен Ұ.Құлымбетовке көп тоқталады. Ол ҚОАК бұрынғы төрағасы Ұ.Құлымбетовты əшкерелеудің ұзаққа созылғандығын айта келіп, оны Ж.Сəдуақасовтың қатты бүркемелегенін айта келіп, оны пленумда Ұ.Құлымбетовтың қылмысын көрген азаматқа сөз бермей, əдейі тосқауыл болды деп  айыптайды.  Мақала  жарыққа  шығардан  сəл  бұрынырақ,  яғни  17  қыркүйекте,  Ж.Сəдуақасов

«халық жауы» деген жалған жаламен қамауға алынған болатын. Сондықтан, К.Пухов Ж.Сəдуақасовтың партияға қарсы ұлтшыл топтардың белсенді мүшесі болғандығының əшкереленгендігін, оны Л.Мирзоян бастаған республика басшыларының қолдауына қарамастан, партияға қарсы қылмысын тергеу туралы шешім қабылданғандығын қуана хабарлайды [1; 96–99].

Жалған жала мен жазықсыз қаралауға толы мақалада былай делінген: «…На августовском собрании партийного актива Ленинского района в Алма-Ата коммунисты во весь голос заговорили о том, что Кулумбетов не случайно укрывал секретаря Алма-Атинского обкома партии Садвакасова. Сам Садвакасов был активным участником ряда антипартийных националистических  группировок в Казахстане. Сидя в президиуме собрания, Садвакасов, пользуясь своим высоким положением, пытался грубыми, «начальническими» окриками заткнуть рот коммунистам. Не удалось! На активе открылась острая борьба.

Нажим руководителей собрания, поддержавших Садвакасова, не помог. Большинством голосов было принято решение расследовать преступление Садвакасова против партии. Два дня спустя республиканская газета «Казахстанская правда» робко заикнулась было о решении партактива. Не понравилось это т.Мирзояну. В день выхода злополучного номера газеты он громогласно, на заседании бюро ЦК, разнес заместителя редактора за «необоснованные», по его словам, нападки газеты на Садвакасова. ЦК КП (б) Казахстана волей-неволей должен был убрать Садвакасова с поста секретаря Алма-Атинского обкома и горкома партии» [1; 98].

Жоғарыдағы мақала жарияланғаннан кейін бір аптадан соң, яғни 1937 жылы 29 қыркүйекте, Л.Мирзоян Қ (б) КП бюросының отырысында журналисттің барлық беделді партия қызметкерлеріне, мемлекет қайраткерлеріне, танымал басшыларға күйе жаққандығын айта келіп, барлық айыптарды жоққа шығарады. Ол мақаланың тек жалған фактілерден тұратындығына өзінің таңданысын жасырмай: «Я должен сказать, что, когда прочел эту статью, был немало удивлен, но не тем, что написали, писать, можеть быть, надо было и почаще. Надо писать о недостатках нашей работы, в частности, о недостатках на этом участке, но почему врут, причем, во многих местах буквально нахально врут…», — деп республикаға танымал басылымды қатты сынға алады. Ол өзімен бірге қызмет етіп, сенімді серігіне жəне адал досына айналған, сол сəтте «халық жауы» деген жаламен қамауда отырған Ж.Сəдуақасовқа қатысты айыптауларға сенгісі келмей: «…Что мы поддерживали кандидатуру Кулумбетова — это верно. Что мы поддерживали Садвакасова, да еще как поддерживали — я никогда не откажусь от этого. Считали его партийным человеком и крепко в нем ошиблись. Я не помню, чтобы так крепко ошибался, как в Садвакасове. Отношение к Кулумбетову. К нему было отношение, как мало партийному человеку. Мы об этом не раз говорили, но о Садвакасове было впечатление, что он один из партийных людей. Ошиблись...», — деп бірнеше мəрте қынжыла қайталауы оның Ж.Сəдуақасовтың адалдығына ешқашан шек келтірмегендігіне қарамастан, сол кездегі сталиндік саясаттың репрессия механизмнің көп дəлелді қажет етпейтін негізсіз, жалған айыптарымен, жабылған жалаларымен еріксіз келісуіне, оны қоштауына ықпал етті деп ой түюімізге негіз болады [10; 199–203].

К.Пуховтың жалған мақаласы барлық партия ұйымдарының алдағы жұмыстарына басшылық ететін негізгі құжатқа айналады. Осы бюро отырысында К.Пуховтың аталған мақаласы туралы сауалнама жүргізу жолымен Қ (б) КП ОК № 45 шешімі шығады. 29 қыркүйекте Қ (б) КП ОК бюросы барлық партиялық ұйымдары мен баспасөз органдарынан сын айту мен өзара сынауды арттыруды, буржуазиялық ұлтшылдар мен «халық жауларын» əшкерелеуде сақтық танытып, қырағылық көрсетуді талап етеді. Партия ұйымдарын «халық жауларын» тазартып, жаңа, партияға берілген, сенімді, тексерілген жас мамандарды тартуға шешім қабылдайды жəне барлық партия ұйымдарының 1937 жылғы 22 қыркүйектегі тілші К.Пуховтың «Правда» газетінде жарияланған «На поводу у буржуазных нациналистов» атты мақаласы мен Қ (б) КП ОК осы шешімін кеңінен, жан-жақты талқылауды тапсырады. Республиканың мерзімдік басылымдары партия ұйымдары мен ІІХК органдары жүргізген сақтық жұмыстарының нəтижесінде Ұ.Құлымбетов,  Ж.Сəдуақасов, І.Құрамысов, С.Есқараев сияқты «ұлтшыл-фашисттердің ұясы» анықталды деп жар салады [11].

Жоғарыдағы аталған шешім бойынша Қазақстанның барлық аймағында К.Пуховтың мақаласы қызу талқыланады. Мысалы, 1937 жылдың 5 қарашасында Алматы қаласының Фрунзе аудандық комитеті бойынша 79 ұйымда партия жиналысы өткізіліп, оған 793 адам қатысады. Партиялық жиналыстар асқан белсенділікпен өтіп, қатысқан 793 адамның 374 адамы талқыда сөз сөйлейді. Жиналыста К.Пуховтың мақаласы мен Қ (б) КП ОК осы шешімін бір ауыздан дұрыс деп танып, барлық партиялық ұйымдарын «халық жауларына», «ұлтшыл-фашисттерге», «шетел тыңшыларына» қарсы күшті жұмылдыратын негізгі құжат ретінде мақұлдайды [12].

Ал, 26 қазандағы Қ (б) КП ОК ІІІ пленумында Ж.Сəдуақасов, Н.Сырғабеков, К.Таштитов т.б республика басшыларын «халық жауы» ретінде Қ (б) КП ОК мүшелігінен шығару жəне олардың істерін ІІХК органдарына беру туралы шешім қабылданады [13].

Қ (б) КП Алматы обкомының 1938 жылғы 8 маусымдағы ІV облыстық партия конференциясына дайындаған есептік баяндамасының материалдарында И.Сталиннің тікелей нұсқауымен Қазақстанда Қ (б) КП ОК-ң бұрынғы басшылығы обком хатшыларын тағайындауда Ж.Сəдуақасов, О.Исаев, А.Киселев сияқты «ұлтшыл-фашисттік бандалардың» жұмыс істеулеріне жол берілгендігін жəне бұл əрекеттің сталиндік саясатты қолдаушы Н.Ежовтың көреген басшылығымен əшкереленгендігі туралы жазылған. Онда И.Сталиннің қатаң нұсқауына қарамастан, Л.Мирзоянның Қазақстанда өз жақтастарынан құралған «артелін» құрғанын жəне олар қатардағы «адал» коммунистердің ащы сындарын жаншып отырғандығы туралы айтылады. Ал, 1937 жылғы конференцияда обком хатшылары Ж.Сəдуақасов пен Н.Юсуповтың бұйрықтары бойынша конференция делегаттарының қарсылықтарына қарамастан, кейін «халық жаулары» екендіктері анықталған Д.Карманов, Ш.Құдаманов, І.Құрамысовтарды аудандық партия комитеттерінің хатшылары етіп тағайындағандарын жазады [14].

1938 жылы 3 шілдедегі Қ (б) КП партияның «Капиталистік агентураның күйреуі жəне Кеңес мемлекетінің əрі қарай нығаюы» ІІ съезінде жасалған есептік баяндамада Кеңес Одағына қарсы соғысқа əзірленіп, жапон жəне герман штабтарына сатылған кеңестік билікке қарсы барлық күштер жойылды деп жарияланады. Троцк-бухариндік агентурамен қатар, Қазақ республикасында да Л.Мирзоян,  О.Исаев,  Ж.Сəдуақасов,  Ұ.Құлымбетов  жəне  т.б  басқарған  контрреволюциялық жəне буржуазиялық ұлтшылдар ұйымы жұмыс істеп, Қазақстанды КСРО-дан бөліп алып, оны жапон империясының отарына айналдыруға əрекет еткендігі туралы жар салады. Қамауға алынған республика басшыларының əр түрлі физикалық күш көрсетулер мен азаптаулардың əсерінен жазылған жалған жауаптарын жариялайды. Мəселен, бұрмаланған фактілерді Л.Мирзоянның тергеу барысында берген жауабынан көруге болады: «…Особо активную вредительскую диверсионную деятельность я развернул в 1935 г. после установления связи с Бухариным, от которого я узнал об установке центра правых на объединение сил в стране и о сговоре с фашистскими государствами. По директиве Бухарина, я тогда же установил контакт с руководителями антисоветской националистической организации Казахстана в лице Исаева, Садвакасова, Кулумбетова, Курамысова, Сыргабекова и др. Надо сказать, что о существовании националистической организации мне было известно еще в 1934 г. от Кабулова и Садвакасова…». Ал, мемлекет басшыларының бірі болған О.Исаевтың жауабында: «…Мой арест пресек мою вражескую работу и я понимаю, что теперь, когда я поставлен лицом к лицу с фактами своей измены и предательства, было бы более чем бессмысленно запираться и пытаться что-либо скрыть. Почти 20 лет я обманывал партию и народ. Ложь и двурушничество было моей второй и подлинной натурой и благодаря этому мне удавалось в течение долгих лет играть роль честного коммуниста, преданного делу партии. Я до ареста был одним из руководителей антисоветской националистической организации в Казахской ССР, действовавшей по директивам центра правых. Наша организация ставила своей целью отторжение Казахстана от Советского Союза во время войны и установление в Казахстане буржуазного строя. Для достижения этих целей мы не остановливались перед применением самых подлых средств борьбы. Мы подрывали благосостояние своего народа путем широко организованного вредительства и диверсий во всех отраслях промышленности и сельского хозяйства», — делінген. Жоғарыдағы жауаптардың қайсысында болмасын күш көрсетулер мен мəжбүр ету фактілері айқын көруге болады [15].

Аталған съезде тыңшылардың, диверсанттар мен зиянкес террористердің  жойылуы 1937 жылдың ең маңызды қорытындысы деп атап көрсетіледі. Қ (б) КП ОК ұлтшыл агентураның күйреуі фашисттік державалардың барлық жоспарларын жоққа шығарып, контрреволюциялық ұйымдарға соққы бергендігін баса атап көрсетеді. Қинау мен азаптаудан тұратын сот процестері кеңес халқына ондаған жылдар бойы басқа мемлекетке қызмет етіп, халыққа сатқындық жасаған буржуазиялық ұлтшылдарды əшкерелеуге мүмкіндік бергендігін жəне герман-жапон империализмінің алдыңғы қатарлы жəне қауіпті жасағын күйрете жою кеңестік патриотизмді нығайтып, елдің күші мен қуатын тасыта түсетіндігін атап көрсетеді [15; 404–408-п.].

Сталиннің жендеттері нағыз ұлтжанды азаматтарды «Отанды сату» мен «зиянкестігі» үшін айыптайды. Əміршіл-əкімшіл жүйенің саясатына иланған жұмысшылар, ғалымдар, колхозшылар мен мұғалімдер, командирлер мен солдаттар «Сатқындарға кешірім жоқ», «Сұрқия бандаларды жою керек», «Тыңшыларға — өлім» жəне т.б ұрандармен шерулерге шығады, басылымдарда мақалалар жариялайды. Тіпті, «полярлықтар» Қиырдағы мұзды аймақтардан өз қарғыстарын радио арқылы жеткізіп жатады. 1938 жылдың ақпан айынан бастап 13 наурызға дейінгі аралықтағы 10 күн ішінде Қазақстанның барлық басшылары ең жоғары жаза — ату жазасына кесіледі. Əскери Алқа арқылы 650 адам атылып, Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасынан бастап, оның орынбасарлары, барлық облыстық жəне қалалық, аудандық партия комитеттерінің хатшылары атылады.

1938 жылы 25 ақпанда Алматы қаласында 13 сағат 30 мин саяси қуған-сүргіннің жазықсыз құрбаны болған мемлекет жəне қоғам қайраткері Ж.Сəдуақасовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот ісі басталады. КСРО Жоғарғы Сотының Əскери Алқасының көшпелі сессиясының жабық отырысына диввоенюрист А.Д.Горячев төрағалық жасайды. Сот отырысының мүшелері Г.А.Алексеев, А.И.Микляев жəне əскери заңгер Н.И.Шапошников болады. Ж.Сəдуақасовтың үстінен РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 2, 7, 8 жəне 11-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалады. Ж.Сəдуақасов 1929 жылдан бастап Қазақстанда əрекет етуші буржуазияшыл-ұлтшыл, террористік жəне диверсиялық-зиянкес, контрреволюциялық ұйымның басшыларының бірі, ол кеңес билігін құлатып, Қазақстанды КСРО-дан бөліп алып, Жапонияның басшылығымен буржуазиялық Қазақ мемлекетін құруға əрекет жасады жəне ҚКСР аудандарында қарулы көтеріліс ұйымдастыруға белсене қатысып, ұлтшылдардың мəскеулік жетекшілері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақовтармен ұйымдастыру байланыстарын орнатты деген айыптар тағылады. Сотқа төрағалық етуші айыптау қорытындысын жариялағаннан кейін, Ж.Сəдуақасовтан үкімде көрсетілген қылмыстарды мойындауын талап еткенде, ол алдын ала тергеу барысында берген жауаптарын растамайтындығын жəне  өзін  кінəлі  санамайтындығын  жеткізеді.  Бұл  Ж.Сəдуақасовтың  қамауда  көрсеткен  əр түрлі азаптау мен қинаудың салдарынан тергеу барысында, жалған жауаптарға қол қоюға мəжбүр болғандығын дəлелдейді. Ол ажал сағаты жақындаған сəттегі жалғыз ауыз, ақтық сөзінде өзінің кінəсіз екендігін қайыспай мəлімдейді. Ж.Сəдуақасовты ату жазасына кесу үкімін орындау туралы акті КСРО ІІХК-ның Бірінші ерекше бөлімінің Ерекше мұрағатындағы № 8 томда, № 451 бетте сақтаулы [16].

Репрессия қармағына тек мемлекет басшылары емес, ғалымдар, жазушылар, ақындар, мəдениет жəне өнер, білім қызметкерлері ілігеді. Сталиндік қанды «механизм» интеллигенцияны толық жоюға бағытталады. Қамауға алынған, атылған «халық жауларының» əйелдері 5–8 жылдан кем емес мерзімге лагерлерге қамалады. Ал, балалары еңбекпен түзету лагерлері мен түрмелерге, балалар үйлеріне    жіберіледі.    Тергеу    барысында    берілген    жауаптардың    көпшілігінде Қазақстандағы «контрреволюциялық ұйым» Ж.Сəдуақасовтың, Н.Нұрмақовтың, С.Сейфуллиннің, Ұ.Құлымбетов сияқты «халық жауларының» нұсқауы бойынша А.Асылбеков, Н.Нұрсейітов, М.Гатаулиндермен құрылғандығын көрсеткен. Аталған республика басшыларына «Қазақстандағы Кеңес  үкіметін күшпен құлатып, буржуазиялық мемлекет құруды мақсат етті», — деген айып тағады. Тергеу барысында берілген жауаптарда Ж.Сəдуақасовтың, Т.Тоғжановтың, Қ.Сармолдаевтың, А.Лекеровтың аты-жөндері жиі кездеседі [17].

1938 жылы 26 ақпанда КСРО Жоғары Сотының əскери алқасының көшпелі сессиясының төрағасы А.Горячев ҚКСР Ішкі істер халық комиссары С.Реденске: «Жоғары қылмыстық жаза — атуға кесілгендердің үкімін орындау үшін Сіздің өкіміңізді сұраймын», — деп хат жолдайды.

Адам өмірін бір оқпен ғана шешуге негізделген жоғарыдағы шешімдерді жүзеге асыру жəне тоталитарлық режимді нығайту үшін арнайы мекемелер «желісі» қажет болады. Қазақстанның табиғи-географиялық ерекшелігі мұндай «желілер» құруға сəйкес келеді. 1939 жылдың аяғына қарай КСРО-да 600-ден аса жалпы жəне ішкі түрмелер болады, оның ішінде Қазақстанда 23 жалпы жəне 11 ішкі түрмелер орналасады. Жалпы, Қазақстан мен Орта Азия территориясында орналасқан сталиндік 32 лагерьде жазасын өтеген жазықсыз жандар əр түрлі өнеркəсіп салаларында жұмыс істейді [18].

  1. Ақтөбе лагері. Сотталғандар құрылыс жұмыстарымен, оның ішінде химия зауытын салумен айналысады.
  2. Алжир — Отанын сатқандардың əйелдерінің Акмолалық лагері (Акмолинский лагерь жен изменников Родины)
  3. Алматы лагері. Құрылыс жұмыстары.
  4. Андижан лагері (Өзбекстан). Құрылыс материалдары.
  5. Ашхабад лагері (Түркіменстан). Цемент карьері.
  6. Балқаш лагері. Мыс өндіру жəне құрылыс жұмыстары.
  7. Жамбыл лагері. Гипс жəне цемент өндіру.
  8. Жезқазған лагері. Марганец пен мыс өндіру. Құрылыс жұмыстары.
  9. Ырғыз лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.
  10. Қазалы лагері. Кірпіш зауытында жұмыс.
  11. Камышинск арнайы лагері.
  12. Карлаг. Лагерь басшылары Долинкада орналасады. Көмір, түсті металдар шығару. Ауыл шаруашылығы. 1932 жылы құрылады.
  13. Кеңгір лагері.
  14. Қызылорда лагері.
  15. Көкшетау лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.
  16. Красноводск лагері (Түркіменстан). Құрылыста, химзауытта жұмыс істеу.
  17. Қостанай лагері.
  18. Ленинабад лагері (Тəжікстан). Канал құрылысы.
  19. Луглагерь. Арнайы лагерь.
  20. Песчанлаг. Арнайы лагерь. Марганец пен мыс шығару. Бұрынғы Жезқазған облысында орналасқан.
  21. Петропавл лагері.
  22. Семей лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.
  23. Степлаг. Арнайы лагерь. Лагерь басшылары Жезқазғанда орналасады.
  24. Ташкент лагері (Өзбекстан).
  25. Түркістан лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.
  26. Орал лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.
  27. Өскемен лагері. Қорғасын шахтасында жұмыс, полиметалл өндіру.
  1. Фергана лагері (Өзбекстан). Құрылыс жұмыстары. Химиялық жəне цемент зауытында жұмыс. Темірбетон өндіру.
  2. Фрунзе лагері (Қырғызстан).
  3. Чарджоу лагері (Түркіменстан).
  4. Шымкент лагері.
  5. Екібастұз лагері. Құрылыс жұмыстары. Химиялық жəне цемент зауыттарында жұмыс.

Қазақстандағы партия ұйымдарында тазарту жұмыстарын жүргізіп, жазықсыз жандарды ату жазасына кескен сталиндік жүйе бұл қанды қырғынмен толастамайды. 1938 жылы 15 мамырда республика басшысы Л.Мирзоянға И.Сталиннен «жұмысты Скворцовқа тапсырып, жаңа қызметке тағайындалу үшін Кремльге келіңіз», — деген жеделхат келеді. Жеделхатты алысымен жолға шыққан Л.Мирзоянды 23 мамырда Мəскеуге бара жатқан жолда Коломнада қамауға алынып, 1939 жылы 26 ақпанда Лефортов түрмесінде атады [10, 11–12]. 1938 жылы 16 мамырда Б (б) КП ОК өкімі бойынша шыққан Қ (б) КП ОК № 123 шешімінде Л.И.Мирзоянды қызметінен босату туралы шешім қабылданады. 1938 жылы 17 мамырда өткен ҚазПИ партия ұйымдарының жиналысында қазақ халқына адал қызмет еткен Л.Мирзоянның атына қатаң сын айтылып, оны Қазақстанға «өз адамдарын», «өз артелін» əкеліп, оның көпшілігі нəтижесінде «халық жаулары»  болып шыққандығын, оның сын-пікір айтуға əрқашан тосқауыл болғандығы туралы айыптар тағады [10; 240–241].

Осы тұста «мыңдаған жазықсыз жанның өмірін қиған «қанды қырғын» Кеңес мемлекетіне не үшін қажет болды?» деген орынды сауал туындайды. Мемлекеттің түрме, лагерлердегі бірнеше миллиондаған адамдарды ұстауға артық қаражаты болды ма? Əрине, жоқ. Қамаудағы адамдар ең алдымен, кеңес экономикасын көтеретін «өзін-өзі ақтайтын» құрал болды. Шын мəнісінде, өте қысқа мерзім ішінде орасан зор өнеркəсіптік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бергендіктен, репрессия индустрияландыру  саясатының  тиімді  бөлігі  болып  табылды.  Мəселен,  зерттеуші М.Əбдікəрімов:

«ГУЛАГ экономикалық субъект ретінде ХХ ғасырдың ең тиімді жобасы болды. Асырауға шамалы шығын ғана кететін қамаудағылардың, ақшаға емес, өлім қауіпінен қорқып жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбектері ГУЛАГ ресурстарымен өркениетті экономикалық тəсілдермен он шақты жылды қажет ететін жұмыстарды 5–6 жылда жасауға мүмкіндік берді», — деп жазады. Осылайша, бүгінде репрессияның экономикалық жасырын сыры айқын болды.

Қазақ даласын атақты жəне адал азаматтарынан айырған сталиндік геноцид Ақпан жəне Қазан төңкерісітер кезеңінде 2-ге бөлінген қазақ интеллигенциясын жойып жібергендігі тарихи ақиқат. Сондықтан, бүгінгі күнде саяси репрессия тақырыбын əлі де болса тереңірек зерттеп, жаңа ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алғаннан кейін, 1997  жылы «31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми түрде жарияланды. Бұл жас ұрпақ бойына отаншылдық сезімін ұялатуға, тарихтың «ақтаңдақ беттерін» зерделей отырып, өшкенді жаңғырту, қоғамдық жүйені парасаттылық тұрғысынан пайымдау үлгілерін танытуға мүмкіндік береді.

Əдебиеттер тізімі

  1. Политические репрессии в Казахстане 1937–1938 гг. История Казахстана: исследования и документы. — Алматы: Қазақстан, 1998.
  2. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты (əрі қарай — ҚР ОММ). — 141-қ. — 1-т. — 10592-іс.
  3. ҚР ОММ. — 141-қ. — 1-т. — 10599-іс. — 501–503-п.
  4. Рыбаковский Л.Л. Роковые тридцать седьмые // Социология, исследования. — № 5. — 2003. — С. 125. 5.
  5. ҚР ОММ. — 708-қ. — 1-т. — 53-іс. — 12-п.
  6. Известия ЦК КПСС. — 1989. — № 10. — С. 81,82.
  7. ҚР ОММ. — 708-қ. — 1-т. — 82-іс.
  8. ҚР ОММ. — 708-қ. — 1-т. — 25-іс. — 2–4-п.
  9. ҚР ОММ. — 412-қ. — 5-т. — 21-іс. — 20-п.
  10. Левон Мирзоян в Казахстане: Сб. документов и материалов. — Алматы: Қазақстан, 2001. 11.
  11. ҚР ОММ. — 708-қ. — 1-т. — 37-іс. — 544–547-п.
  12. ҚР ОММ. — 412-қ. — 11-т. — 1917-іс. — 109–115-п.
  13. ҚР ОММ. — 708-қ. — 1-т. — 28-іс. — 2–3-п.
  14. ҚР ОММ. — 8-қ. — 1-т. — 830-іс. — 1–9, 32–34-п.
  15. ҚР ОММ. — 708-қ. — 2/1-т. — 4-іс. — 404–408-п.
  16. Дело по обвинению Д.Садвокасова.
  17. Кульбаев Т. Жертвы сталинизма // Евразийское сообщество: общество, политика, культура, — 2000. — № 2. —С. 112,113.
  18. История Казахстана. — 2002. — 2 февр. — С. 58,59.

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам

ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№2 Семестрлік  жұмыс

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: Қазақстандағы 1920-1930 жж. шығармашылық интеллегенцияға

қарсы саяси репрессиялар.

Мамандығы: «6В07111-Ғарыштық техника және технологиялар»

Орындаған: Тұрсын Дәуіржан           Тобы: КТТк- 20-1

(Аты-жөні)

Тексерген: Берлібаев Б.Т.

(Аты-жөні, атағы, қызметі)

_____________ ______________ «_____» ______________2020__ж.

(бағасы)                         (қолы)

Алматы, 2020 ж.

Мазмұны

Мазмұны        2

Кіріспе        3

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін мәселесі        4

Кітапта әр түрлі тұлғаларға қатысты материалдар мен естеліктер        6

Кеңес өкіметінің қазақстандық интеллигенцияны саяси қудалауы        8

Әділетсіз айып тағылған көрнекті қоғам қайраткерлері        10

«Бекмаханов ісі»        12

Тоталитаризм        14

Қазақстанның Ресейге қосылу тарихы және өлкедегі ұлт-азаттық қозғалыс        16

Кеңес мемлекетінің «Сталиндік» әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және саяси эксперименттерді өткізуі        18

Қорытынды ой        19

Пайдаланған әдебиеттер тізімі        20

Кіріспе

Отандық тарихты, соның ішінде тарихты атап өткен қайғылы оқиғалар тізбегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жаппай саяси қуғын-сүргін ХХ ғ. 20-50 жж. ерекше орын алады. 1920 жылдары басталған мемлекеттік репрессивті ХХ ғасырдың 30–шы жылдарындағы саясат өте жақсы реттелген және үздіксіз болды жұмыс механизмі. Оның үстіне, оның ең қарқынды жұмысы келесі кезеңге келді елде түпкілікті ағзам әбу ханифа және жеке басқа табыну «барлық халықтар көсемінің» » И. Сталин. Кеңес мемлекет әр түрлі әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды өткізуге арналған полигонға айналды және саяси эксперименттер «Сталиндік». Жарияланған арасындағы қайшылық ресми билік «елдегі социализм» мен аймақтық шындыққа жетті оның сыни нүктесі. Билік пен Қазақстан арасындағы қақтығыстың себептері зиялы қауым және осы кезеңде зардап шеккендердің нақты саны әлі толық зерттелген жоқ күн. Қазақстандағы қуғын-сүргін мәселесі, Кеңес Одағы арасындағы қақтығыстың пайда болу көздері билік пен қазақстандық интеллегенция, жаппай қуғын-сүргінді қолдану себептері репрессияның апатты салдары осы мақалада зерттеу объектісі болып табылады.

Қазақстандық зиялы қауым өкілдері өз еңбектерінде идеялық және қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістерінің саяси бастаулары, олар КСРО-ның саяси режимінің директивалық әдістерін талдап, ерекше назар аударды Кеңес мемлекетінің зорлық-зомбылық саясаты, бұл өз кезегінде саяси Үкімет тарапынан қудалау.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін мәселесі

Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда жалпыұлттық еске алу және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1997 жылдан бері аталып келеді. Оның бастамасымен Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылында саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ашылды. «Біздің халқымыз осы қайғылы оқиғаларды есте сақтауы керек. Бұл қорқынышты болдырмау үшін болашақ ұрпақ бұл туралы білуі керек», – деді Н. Назарбаев ашылу рәсімінде «тарих сабақтары қазақстандықтардың қазіргі ұрпағы ұғынып, ұғынған кезде ғана құндылыққа ие болады» деп атап өтті.

Ұйымдастыру

Кезеңі

10мин

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастыру атмосферасын құру

Жақсы үөңіл-күймен келсек оң қолымызды көтерейік,

Сабаққа дайындалып келсеңіздер сол қолдарыңызды көтеріңіздер, тарих сабағын жақсы өтсін десеңіздер шапалақ соғамыз.

3. Сыныпты үш топқа бөлу

3.Үй тапсырмасы

Тақтаға қазақ зиялыларының портреттерін көрсетіп, келесі сұрақтарға жауап беруді сұраңыз:

· Суретте көрсетілген тұлғалар қоғамда қандай қызмет атқарды? · Қазақ зиялыларының басым көпшілігі неге 30-ші жылдары дүн иеден өткен?

Дескриптор:

1. Қоғам қайраткерлерінің саяси қызметтерін атайды

2. Қазақ зиялыларының 1937-1938 жылдары репрессия құрбандары болғанын атайды

Оқушылар суретпен танысып,сұрақтарға жауап береді мадақтау Мұғалім презентациясы

Жаңа сабақ

10мин

3мин

12мин

5мин

3мин

Топтық жұмыс

Әр топ берілген жұмысқа байланысты мәтінмен жұмыстанады.
1-топ-ГУЛАГ

2-топ-КАРЛАГ

3-топ-АЛЖИР

Бейнеролик 1920-1930жж.репрессия құрбандары.

1-тапсырма:ПОСТЕР топтық жұмыс

1-топ: ГУЛАГ

-Құрылған уақыты,сипаты,мақсаты мен әрекеті

Дескриптор:

1.Гулаг лагерьінің құрылған уақытын және сипатын жазады.

2.Гулаг лагерьінің мақсаты мен әрекетін анықтайды

2-топ:КАРЛАГ

-Құрылған уақыты,жері,мақсаты,қамалған қазақ зиялылары

Дескриптор:

1.Карлаг лагерьінің құрылған уақыты мен жерін анықтайды.

2.Карлаг лагерьінің мақсаты мен қамалған қазақ зиялыларын анықтайды.

3-топ:АЛЖИР

-Құрылған уақыты,жері,мақсаты,қамалған қазақ зиялыларының әйелдері

Дескриптор:

1.Алжир лагерьінің құрылған уақыты мен жерін анықтайды.

2.Алжир лагерьінің мақсаты мен қамалған зиялыларының әйелдерін анықтайды.

2-тапсырма:Ішіне сыртына әдісі жұптық жұмыс

1-топ

Алжирде тұтқындалған кімдердің жарлары еді?

М.Дулатов, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Ә.Бөкейханов, С.Есқараев, Қ, Сатбаев, Н.Нұрмахов, А.Құнанбаев, С.Асфендияров, М, Тәтімов, Т.Жүргенов, С, Мұханов,

Б. Майлин, Ж. Шанин және тағы басқа

«Ішіне -сыртына» кестесін толтыру. (10 мин)

І Ш І Н Е С Ы Р Т Ы Н А
С. Сейфуллин, Сүлеймен Есқараев, Н.Нұрмақов, С.Асфендияров, М.Тәтімов, Т.Жүргенов, Б.Майлин, Ж.Шанин М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Қ.Сатбаев, А.Құнанбаев, С. Мұқанов,

2-топ жұптық жұмысМына төмендегі даталарға сәйкес келетін оқиғаларды атаңыздар (10 мин)

1928ж—-.соңында Буржуазиялық қлтшылдар атанған Алаш орданың бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды.

1937ж. 8 қазан—- айында А.Байтұрсынов қамауға алынып,екі айдан соң желтоқсанның 8 күні халық жауы есебінде атылған.

1930ж. 4 сәуірде—— қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы,әдебиетшілердің бірі-Ж.Аймауытовты атуға үкіім шықты.

1938ж. 20сәуірде—— М.Тынышбаев ресми құжаттар бойынша атылды.

3-топ жұптық жұмыс

. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптарын көрсетіңіздер:
-Саяси салада——————————————————————————————————————————————-

-Әлеуметтік-экономикалық салада—————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————-

-Ұлтаралық қатынастар саласында———————————————————————————————-

Бекіту. Жеке жұмыс. Термин сөздермен жұмыс

1-топ

1.Степлаг-Жезқазған маңындағы лагерь атауы.

2.Репрессия-мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шаралары.

2-топ

1.Алжир-(отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері)-

2.Жеке басқа табыну-КСРО –дағы И.В.Сталинге табыну ретңнде қалыптасқан,тоталитарлық тәртіптің жеке билігі.

3-топ

1.Карлаг-Қарағанды лагері.(Қарағанды еңбекпен түзеу)

2-Тоталитарлық жүйе-қоғам өмірінің барлық саласы мемлекеттің бақылауында болып,адам бостандықтары мен конституциялық құқықтары жойылған билік жүйесі.

Бағалау.

Мәтінмен жұмыс жасайды

Суреттер бойынша тапсырма орындайды

Кестемен жұмыс
Оқушылар Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптарын көрсетеді

Ақпараттық мәтін

Оқулық

кесте

Репрессияның пайда болуы

80 жыл бұрын 1938 жылдың ақпан айы мен наурыз айының ортасына дейінгі аралықта Қазақстанның сол кездегі басшылары республикалық, облыстық, қалалық, аудандық барлық деңгейдегі партия комитеттерінің хатшылары ату жазасына кесіледі.

Еліміздегі тұңғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Оның себебі 1925 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келген Ф.И. Голощекин еліміздің саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады, сондықтан мұнда «Кіші Қазан революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды. Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде Ә. Бөкейхан, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков т.б. болды.

Сталиндік репрессиялардың себептеріне бірнеше негіздерін көрсетуге болады. Алып Совет Одағынының индустрияландыру үшін тегін жұмыс күшінің қажеттілігі, бүкіл мемлекет аумағында еңбек лагерлерін құрып, өнеркәсіп және өндіріс орталықтарының маңына мыңдаған әртүрлі халық өкілдерін депортациялау әдісімен шоғырландыру арқылы тегін жұмыс күшіне қол жеткізу. Тоталитарлық билікті күшейту мен жоғарыдан түсетін шешімдерді іске асыру үшін 1939 жылдың аяғына қарай КСРО аумағында 600-ден аса жалпы және ішкі түрмелер салынды, оның ішінде, Қазақстан аумағында 23 жалпы және 11 ішкі түрме болды. Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы 32 лагерьде жазасын өтеген жазықсыз жандар әртүрлі өнеркәсіп орталықтарында еңбек еткен.

Сонымен қатар, 1937-1938 жылдар саяси репрессиялардың ең шарықтаған шағы болды. Оның себептеріне, Коммунистік партияның билік үшін күресі, Сталинның жеке билігін күшейту барысында қарсыластарын жою мақсаты жатты.

Сталиндік құрбандар саны

Қазақстан бойынша қамауға алынғандардың саны 105 мың адамды құрады, оның 22 мыңы ату жазасына ұшырады. Зиялы қауым өкілдерін ату – әлеуметтік қорғаудың жоғарғы деңгейі деп аталса, елді басып кеткен лагерьлер – әлеуметтік алдын-алу орны деп аталды.

Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, Ұ. Құлымбетов, О. Исаев, О. Жандосов, Ә. Досов, А. Асылбеков, Ж. Сәдуәқасов, С. Сафарбеков, Т. Жүргенов және тағы басқаларына 1937-1938 жылдар аралығында «ұлтшыл-шафист» және тыңшы деген кінә тағылды.  Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, А. Ермеков, Х. Досмұхамедұлы, М. Тынышбайұлы, М. Жұмабай, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров, Ж. Шанин, К. Кемеңгеров және тағы басқа да көптеген мәдениет және өнер қайраткерлері, ұлт жанашырларына «халық жауы» деп айыпталып, репрессияға ұшырады. Оларға тағылған айыптар негізсіз сандырақ болды, оларға ауыл шаруашылығының құлдырауына кінәлі, жиырмасыншы-отызыншы жылдары орын алған көтерілістерде жапон тыңшыларымен байланыс жасап, Қазақстанды бөліп алмақшы болды дегендей айыптар тағылды. Басым көпшілігі соттан тыс мекемелермен сотталды.

Репрессиялау барысында тек Қазақстан аумағында ІІХК қызметі жалпы саны 3720 тыңшысы бар 183 ұйымды анықтады. 1920-1953 жылдар аралығында саяси репрессияларға 110 мың адам ұшырады. Қазақстанның партиялық ұйымдарының 17 пайызы 1935-1938 жылдар аралығында халық жаулары деп жарияланып, жазаға ұшырады. Х. Досмұхамедов, М. Тынышпаев, Ж. Ақпаев, М. Жұмабаев бастаған ұлттық-либерал зиялы қауым, сондай-ақ, Алаш Орда партиясының түгелге жуық мүшелері жалпы саны 4297 адам репрессияланды.  

Сонымен қатар, ғалымдар, жазушылар, ақындар, мәдениет және өнер, білім қызметкерлері де репрессияның құрбаны болды. Сталиндік қанды жүйе интеллигенцияны толық құрамда жоюды көздеді. Қамауға алынған зиялы қауым өкілдерінің әйелдері 5-8 жылға лагерьлерге айдалса, балалары еңбекпен түзеу лагерьлері мен түрмелерге, балалар үйлеріне жіберілді.

Мирзоян ісі

Қазақстандағы репрессиялардың іске асуы толастамады, 1938 жылы Л. Мирзоянға И.Сталин «Жұмысты Скворцовқа тапсырып, жаңа қызметке тағайындалу үшін Кремльге келіңіз» деп жеделхат жіберіп, 23 мамырды Мәскеуге бара жатқан жолда Л. Мирзоян Коломнада тұтқынға алынып, 1939 жылы 26 ақпанда Лефортов түрмесінде атылады.

Қазақстан Президенті Архивінің бастамасымен 2001 жылы «Левон Мирзоян Қазақстанда. Құжаттар мен материалдар жинағы (1933-1938жж)» кітабы шықты. Жинақты құрастырушылар Грибанова Е.М. мен Чиликова Е.В.-лар «Мирзоян 1933-1938жж Қазақстанның ауыл шаруашылығының терең дағдарыстан шығуына себепкер болды, сонымен қатар, республикада мәдениет пен өнеркәсіптің дамуына себепші болды, ұлттық кадрлар дайындауға көңіл бөліп, бастапқы уақытта репрессияның көлемін азайтуға ұмтылды, алайда, репрессияның құрбаны болуы мүмкін екенін түсінген соң, репрессия жұмысына өзі де белсене қатысты» деп жазған.

Тоталитаризм зардабы жойылды ма?

Елімізде болып өткен репрессиялар жөнінде айтпауға тырысты, айтқан күннің өзінде ол жөнінде жұқалап кана сөз бөлды. Ал Қайта құру заманында елімізде демократия мен жариялылыктың, плюрализмнің дамуына кең жол ашылғанда, партия халықты кайта кұруға, бетбұрыс жасауға, жаңаша ойлауға, құқықтық мемлекетті нығайтуға шақырды. Оның үстіне КОКП ОК-нің 1989 ж. «30-40-шы және 50-ші жылдардың бас кезінде орын алған жазалау шараларының құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына сай жазықсыз жазаланғандардын бәрінің толық ақталуына олардың бейнесінің мәңгі есте қалдырылуына тиісті жағдай жасалды.

Осыған байланысты әр жылдары орынсыз жауапқа тартылып, жазықсыз жазаға ұшыраған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, Ә. Ермеков, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, Ж. Ақбаев, Н. Нұрмақов, А. Асылбеков, М. Ғатаулин, Н. Нұрсейітов, М. Ордабаев, Ж. Баймолдин, А. Нарешев, Ж. Өмірбеков, 3. Әбділдин, Б. Жақсылықов, А. Рүстемов, Б. Ысқақов, М. Теміров, Р. Нарешев және т.б. реабилитация алды, яғни толық ақталды.

Тәуелсіз Қазақстанда 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланып, ашаршылық, репрессия жылдары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген мақалалар жарияланып, игі шаралар ұйымдастырылды, тоталитарлық идеология әшкереленді.

Ресей мемлекеттік архивінің құпия құжаттары жарияланғаннан соң, Қазақстанның Республикалық ономастикалық комиссиясы 2014 жылдың 26 маусымында Астана қаласындағы Левон Мирзоян көшесін қазақтың белгілі ғалымы, Қазақ ССР Ғылым Академиясының бірінші президенті Қаныш Сәтпаевтың атына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады.  Коммиссияның  аталған шешіміне Мирзоянның қазақ зиялы қауымының өкілдерін жоюға атсалысқандығын тарихшылардың мұрағат құжаттарынан тапқан дәлелдері себеп болған.

Алматы қаласының әкімдігі мен мәслихаты 2016 жылғы 26 қарашада Алматыдағы Левон Мирзоян көшесін қазақтың белгілі ғалым-энергетигі, академик Шафик Чокиннің атына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта Қазақстан тарихындағы қаралы беттердің бірі – жаппай сталиндік саяси репрессиялар. Аталған тақырып бойынша елімізде тарихшы-ғалымдардың атқарып отырған еңбектері кең ауқымды, келешекте сол бір зұлмат заманның көптеген жасырылып келген құпиялары әлі де ашылады деген ойдамын. Ал Қазақ халқының жазықсыз ату жазасына ұшырап, репрессияланған қайраткерлерінің халық алдыңда атқарған еңбегі өзінің тиісті бағасын алуда.   

Дастан ЖҰМАНБАЕВ, тарих магистрі

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және
Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. 8 (7172) 57 14 08
(ішкі — 1164)

жүктеу/скачать 14.7 Kb.

Дата 29.01.2023
өлшемі 14.7 Kb.
#426701

Байланысты:
1920-1930ж саяси репрессиялар
Тапсырма. Уолл – стриттің күйреуі, Жауабы Уолл – стриттің күйреуі., 1-Тапсырма, 2-Жауап. 8-кл. ҚТ. 8.02.21ж, ҚМЖ, 2-Жауап. 8-кл. ҚТ. 8.02.21ж, 9-кл. ДЖТ. БЖБ 3-Тоқс, 8 Д.Тарих. 3 тоқсан. 472. 2, 1867, Дүние жүзі тарихынан әдістемелік құрал, «хх асырды екінші жартысында ы лемні экономикасыны дамуы» Д, 1 сабақ Азаматтық — құқықтық міндеттемелер қандай жауапкершіліктерді туындатады, 7-кл. ҚТ

    Бұл бет үшін навигация:

  • Оқу мақсаты
  • Ойлау дағдыларының деңгейі
  • Факторлары Зардаптары Мысал келтіру
  • Дескриптор: Білім алушы

Тақырып: 1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар

Зерттеу сұрағы: Сталиндік режим не себепті зиялыларға «халық жауы» деген айып тақты?

Оқу мақсаты: 8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының рдаптарын талдау

Бағалау критерийі: ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарына талдау

жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі: Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма ХХ ғасырдың 20 – 30 жж. әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, демографиялық факторлары бойынша талдаңыз.


Факторлары

Зардаптары

Мысал келтіру

Саяси

Экономикалық

Әлеуметтік

Мәдени

Демографиялық

Дескриптор: Білім алушы:

ХХ ғасырдың 20 – 30 жж. әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын саяси факторлары бойынша талдайды.

— ХХ ғасырдың 20 – 30 жж. әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын экономикалық факторлары бойынша талдайды.

— ХХ ғасырдың 20 – 30 жж. әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын әлеуметтік, факторлары бойынша талдайды.

— ХХ ғасырдың 20 – 30 жж. әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын мәдени факторлары бойынша талдайды.

— ХХ ғасырдың 20 – 30 жж. әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын демографиялық факторлары бойынша талдайды.

жүктеу/скачать 14.7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:


1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы құрылған саяси тұтқындар лагерьлері және ХХ ғасырдың 20 – 30 жж. әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, демографиялық факторларын мысалдар келтіру арқылы талдау

user

Бакытжанова Эльвира Каржаубайкызы

calendar

0 Желтоқсан 2020

#Қазақстан тарихы

#Ашық сабақ

#9 сынып

eye

3473

rrow-download

15

docx

logo

ғылыми-әдістемелік
орталығы

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз

Материалдар / 1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар 9-сынып

2022-2023 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?

ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Материал туралы қысқаша түсінік

Қысқа мерзімдік жоспар,қмж ұстаздарға

Авторы:

Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ

06 Желтоқсан 2020

3398

7 рет жүктелген

Бүгін алсаңыз

30% жеңілдік

беріледі

390 тг 273 тг

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Text Centered

«Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналы министірліктің №KZ09VPY00029937 куәлігімен ресми тіркелген.

Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды.

Сайтта заңсыз жарияланған материалды көрсеңіз бізге хабарласыңыз. Редакцияның көзқарасы автордың көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Материал іздеу

Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз

Барлығы 663 959 материал жиналған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *