Халқымыз ежелден жеті санын қасиетті дейтіні белгілі. Ұлттық таным бойынша жеті қазына, жеті апта, жеті қат көк және тағы басқа ұғымдарды білеміз. Осылардың қатарынан орын алатын жеті түрлі дәмнен жасалатын Наурыз көженің ерекшелігі қандай? Әр жаңа жылда дайындалатын осынау дәмнің құдіреті неде?
Судың маңызы
Су – тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық үрдістері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуіне әсер етеді. Зат алмасудың зиянды өнімі ағзадан су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, қатты терлетеді, қалжыратады.
«Ет етке, сорпа бетке»
Ет – ең негізгі тағамдық өнімдердің бірі. Еттің дәмі әр алуан тағамдармен жақсы үйлеседі. Қоректілігі жағынан ең құндысы әрі жұмсағы – бұлшық ет. Бұлшық ет тінінің ақуызында адам ағзасына қажетті амин қышқылдары түгелдей кездеседі. Экстрактивті заттар етке хош иіс беріп, ас қорыту бездерінің қызметін жақсартады. Ет нәрлілік май тіндерінің мөлшеріне байланысты. Қоректік және дәмдік сапасы бойынша ең тәуір етте 14-19% ақуыз, 12-15% май болады. Еттің құрамында су (73-77%, ақуыз (18-21%), май (1-3%), дәрумендер (В1, В2, В6), минералды тұздар, экстрактивті заттар бар. Наурыз көжеге арнайы сойылған қойдың басын, етін салады.
Сорпа
Сорпаның азықтық нәрі көп, асты жеңіл таратуға, жұғымдылығын арттыруға әсері мол. Адам ағзасына қажетті заттардың 15%-дан астамы осы сорпада. Сорпасы нәрлі, еті жұмсақ, татымды, дәмді болсын деген етті салқын суға салып, отты ә дегеннен күшті жақпай, жай шымырлатып қайнату керек. Ет қайнап жатқанда көбірек сапырылса, сорпа дәмді және құнарлы болады.
«Ағарған ішкен азбайды»
Кезінде академик И.П.Павлов сүтті «табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағамы» деп бағалаған болатын. Қоректік жағынан алғанда бұл – тағамдық құндылығымен ағза үшін аса маңызды табиғи өнім. Сүттің тарихы ертеден басталады. Археологтар бір қазбадан тапқан ірімшік қайнататын қазанды жер астында 5000 жылдай сақталған деп топшылайды. Сүт дәрумендерге, көмірсу мен майларға, ақуыз бен минералды заттарға, микроэлементтер мен ферменттерге өте бай.
Құрт – ұлттық тағам. Ашыған айранды сабаға құйып, бірнеше күн іркіт жасайды. Сабада пісірілген іркітті майы алынғаннан кейін үлкен қазанға құйып қайнатады. Іркіт баяу қайнап, жел көбігі таралғаннан кейін қоюланады. Суыған соң таза қапшыққа құйып, суын сорғыту үшін іліп қояды. Сары суы ағып, 5-6 күн бойы әбден құрғаған соң, ұсақтап бөліп, сығып, өреге жайып, кептіреді. 1-2 аптадан соң өредегі құртты қапқа салып, күн көзіне кептіреді. Құртты 2-3 жылға дейін сақтауға болады. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып ірімшік жасайды. Құрт өкпе ауруына ем. Ұзақ сапарларда құрт – әрі сусын, әрі қорек. Сары суын ауырған малға ішкізеді, шаш жууға болады, тері илеу үшін малма жасайды.
Май
Май – барлық азықтардың негізгі нәрі, ең негізгі құнары. Мал майының өткірлік, дәмділік, емдік қасиеттері бар. Майлар – тағамның қажетті және ең нәрлі құрамдас бөліктері. Ағзаға 1 грамм май сіңіп тарағанда, ақуыз немесе көмірсулар тарап сіңгендегіден 2 есе артық жылу қуаты бөлініп шығады. Майдың тағы бір қасиеті – ол өзімен бірге пайдаланылған басқа тағамдардың жақсы қорытылып сіңуіне ықпал жасап, оларға дәмді және хош иіс береді. Майда А, Д, Е дәрумендері бар.
«Арпа, бидай ас екен»
Тары, күріш, арпа, бидайдың тағамдық қасиеті жоғары және жұғымды калориялы болады. Олар балалар мен ауруға шалдыққан адамдарды тамақтандыру үшін ерекше қажет. Бұл дақылдарда аз мөлшерде дәрумендер мен калий, кальций, магний, фосфор, темір тұздары болады. Сонымен қатар көмірсу мен өсімдік ақуыздарының негізі. Ақуыз қозғалысты қамтамасыз етеді, яғни бұлшық еттердің жиырылуы мен жазылуы үшін қажет. Өкпеден сіңіріп алған оттегіні денеге таратады. Ақуыз мал мен өсімдіктен алынатын өнімдерде кездеседі. Олардан алынатын ақуызды дұрыс ұштастыру арқылы ақуызы жеткілікті тағам әзірлеуге болады. Көмірсу бұлшық еттің, жүйке жүйесінің, жүректің, бауырдың қызметі үшін ағзаның майды қалыпты сіңіруі үшін өте қажет. Тамақ құрамында көмірсу болмаған жағдайда тамақтағы май толық сіңбейді де, денсаулыққа зиян келтіреді. Көмірсу өсімдік өнімдерінде өте көп, сонымен қатар сүтте, бауырда болады. Ұлттық тағамдардың жұғымдыларының бірі саналып, біраз ас түрлерінің дәмін келтіретіні – тары. Тары – өте құнарлы дақыл. Оның құрамына назар аударсақ, ақуыздың 10-15, көмірсудың 59, майдың 38, күлдің 3,6 %-ы барын анықтауға болады.
«Тұзды төкпе, малды теппе»
Тұз – адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат. Ол тағамның дәмін келтірумен бірге тіндердегі су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Адам ағзасына күн сайын тамақ арқылы орта есеппен 10-15 грамдай ас тұзы сіңіріледі. Ас тұзы тағамның барлық түріне қолданылады. Тамаққа тұзды дұрыстап салудың маңызы зор.
Райхан СҰЛТАНБЕКОВА,
Халық ағартушы ісінің үздігі,
ҚР-ның құрметті спорт ардагері
- Главная
- Разное
- Образование
- Спорт
- Естествознание
- Природоведение
- Религиоведение
- Французский язык
- Черчение
- Английский язык
- Астрономия
- Алгебра
- Биология
- География
- Геометрия
- Детские презентации
- Информатика
- История
- Литература
- Математика
- Музыка
- МХК
- Немецкий язык
- ОБЖ
- Обществознание
- Окружающий мир
- Педагогика
- Русский язык
- Технология
- Физика
- Философия
- Химия
- Шаблоны, фоны, картинки для презентаций
- Экология
- Экономика
Содержание
-
1.
Презентация по казахскому языку на тему Ұлттық тағамдар (7 класс) -
2.
Көрнекілігі:Нақыл сөздер, ыдыс – аяқ , ұлттық -
3.
Негізгі бөлім І «Ас атасы — нан» -
4.
«Ас атасы — нан » -
5.
«Ет дегенде бет бар ма ?» -
6.
«Ағарған ішкен азбайды» -
7.
« Ас – адамның арқауы »« Ыдысын -
8.
« Ас – адамның арқауы »1. Ас -
9.
« Ыдысын көріп – асын іш » -
10.
« Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып »«Құйрық — бауыр -
11.
Қазақ өлшемдері1) Бір асым (ет) – 4 -
12.
Сау болыңыздар !
Көрнекілігі:Нақыл сөздер, ыдыс – аяқ , ұлттық тағам суреттері, қанатты сөздер. « Тамақты тарта жесең, санаңды ашар, көп жесең, ұйқы басар». « Таспен атқанды, аспен ат ». « Дүниедегі байлықтың түрі көп, солардың ішіндегі ең негізгісі
Слайд 1Ұлттық тағам- ұлт мақтанышы.
Слайд 2Көрнекілігі:
Нақыл сөздер, ыдыс – аяқ , ұлттық тағам суреттері, қанатты сөздер.
« Тамақты тарта жесең, санаңды ашар, көп жесең, ұйқы басар».
« Таспен атқанды, аспен ат ».
« Дүниедегі байлықтың түрі көп, солардың ішіндегі ең негізгісі де осы нан байлығы ».
Слайд 3 Негізгі бөлім
І «Ас атасы — нан»
ІІ «Ет дегенде бет
бар ма ?»
ІІІ «Ағарған ішкен азбайды»
Слайд 7« Ас – адамның арқауы »
« Ыдысын көріп – асын іш
»
« Ұлттық салт-дәстүр,
әдет-ғұрып »
Слайд 8« Ас – адамның арқауы »
1. Ас тұрған үйде ауру тұрмайды.
2.
Аз қайғыны ас басады, көп қайғыны дос басады.
3. Аш кезінде берген күлше, тоқ кезінде берген түйеден артық.
4. Берген ас түске жетпейді,
Ықылас естен кетпейді.
5. Жылқы етін жесең тісіңе кіреді,
Жемесең түсіңе кіреді.
Слайд 10« Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып »
«Құйрық — бауыр » , «Ұйқыашар», «Белкөтерер»
, «Ерулік», «Жолаяқ» , «Қонақасы» , «Сарқыт», «Асар» , «Күземшай» , «Тулақ шашу» , «Қазық майлау» , «Нәзір», «Сабан той» , «Ауыз ашар» , «Ас» .
Слайд 11Қазақ өлшемдері
1) Бір асым (ет) – 4 -5 кг
2) Бір табақ
(ет) – 4 -6 кг
3) Бір ожау (сүт, су. т.б.) – 300 -400 г
4) Бір қарын (май) – 10 -15 кг шамамен
5) Бір қазан – 20 – 22 кг
6) Батпан – 100 кг (салмақ өлшемі)
7) Бір жұтым (сүт,су т.б.) – 50 -60 г (сұйық өлшемі)
8) Бір білем (ет, шұжық, құйрық май т.б.)
Қазақ халқының ұлттық тағамдары
Ұн және дақылдардан жасалатын тағамдары
Бауырсақ I Таба нан I Салма I Май шелпек І Қаттама
Талқан I Бидай көже I Тары көже I Жент (қоспа) I Майсөк (майтары) I Бидай қуыру I Бөкпе
«Ас атасы — нан » Бауырсақ
Бауырсақ шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді (айран құйса даболады).
Ет тағамдары
Қазақша ет (Бесбармақ, Бешбармақ) I Қазы I Қарта I Жал I Жая I Сорпа I Бас I Сүр I Жаубүйрек I Борша I Қарын бөртпе I Әсіп I Жөргем I Қимай I Шұжық I Шыртылдақ I Сірне I Ми палау I Құйрық-бауыр I Қуырдақ
Бешпармақ
Қазы-Қарта
Қарта – жылқы етінің ең кәделі мүшелерінің бірі. Жылқы сойғанда ең алдымен қартаны ішіндегісінен босатып, айналдырады да, салқын суға жуып тазалайды. Қартаны дәміне келтіру үшін тұздайды, бұрыш сеуіп, пияз турап қосады.
Қазы – жылқы етінің кәделі мүшелердің бірі. Ол жылқының қабырғалары мен белдемелерінің етегіне жиналатын аса шұрайлы, майлы ет. Қазы жасау үшін екі бұғана қабырға, екі тілше қабырғадан басқа қабырғалар алынады.
Қуырдақ
Қуырдақ — соғыммен бірге жасалынатын кәделі әрі дәстүрлі тағам. Соғым сойылған үйде қуырдақтың дайындалмауы мүмкін емес. Әзірленуі қиын емес және тез піседі. Қуырдақты сұрп ет пен өкпе бауырды, бүйректі майлы ішек-қарынға араластырып, қуырып пісіреді. Жас етті кейде апаларымыз қаймаққа да қуырып пісіреді. Мұны «бал қуырдақ» дейді.
Сірне
Жас төлдің етінен пісірілетін дәмді тағам. Қозы мүшесін жіліктеп қазанға салып, үстіне бие сүтін немесе жаңа тартылған сұйық қаймақ құйып, тұз салады да, буын сыртқа шығармай, бұқтырып жайымен қайнатады. Сонда сүт те, қаймақ та етке сіңіп, оның сүйегіне дейін жұмсарып пісіп шығады.
Ақсорпа
Ерте замандардан бері қазақ семіз жылқы, сиыр сойған кезде, соғым сүйектерін далаға тастамай, жинап қоятын болған. Ет таусылған жағдайда, сол сүйектерді қазанға салып, су құйып қайнатқан. Майлы сүйектер қайнаған кезде, одан кәдімгі майлы сорпа шығады. Түсі ақшыл болғандықтан, оны «ақ сорпа» деп атайды.
Қойды үйтіп сою
Бұл тамақтың дайындалу тәсілі мынадай. Семіз әрі жас қой бауыздалған соң, терісімен үйтіледі. Қойдың түсі ақ немесе боз болғаны жақсы, қара қойдың еті үйтілгенімен қарақоңыр болып көрінеді. Толық үйтіліп, қырылып, тазалап жуылған соң, терісімен бірге жіктеліп, мүшеленеді. Майы шығып үйтілген құйқалы ет, әдеттегідей сойылған қой етінен әлдеқайда дәмді болады.
Сүт тағамдары
«Ағарған ішкен азбайды»
Айран I Қатық I Қойыртпақ I Шалап I Шұбат I Қымыз I Қортықтық (тасқортықтық) I Балқаймақ I Кілегей I Қаймақ I Құрт I Сары май I Сүзбе I Уыз I Іркіт I Ақ ірімшік I Қызыл ірімшік
Құрт
Құрт – малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Сабаға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін піседі, сүт іркітке айланып, майы бетіне қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да, іркітті қазанға суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін, ернеуін қырып, әлсін-әлсін араластырып отырады. Құрт қайнап, әбден қойылған соң қапқа құйып, керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады.
Қымыз
Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз негізінен жылқы терісінен тігіліп, әбден – тобылғы түтінінің ысы сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады.
Айран
Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2 сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.
Сары май
Сары май сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен алынады. Сары май ірі қараның не серкенің терісінен тігілген саба,торсықта не болмаса ағаш күбіде дайындалады. Шикі сүттен ұйытатың айранды, қатықты, кейде іріген сүт пен шикі сүттің өзін сабаға не күбіге құйып, әбден толған кезде піседі. Іркітің пісуі жеткен кезде май ыдырап бөлек шығады.
Сүт
Ыстық-ыстық сүт ішсең,
Дәмі кетпес таңдайдан.
Бой жадырап кенеттен,
Буы шығар маңдайдан.
« Ыдысын көріп – асын іш »
Назарларыңызға рахмет!
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Ар – намыс туралы эссе.
«Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа» деген халық даналығында өте терең мағына, тәрбие жатыр. Себебі, намыс — намысқойлық – адамның ар-ождан үні, рухани-құндылықтық сезімі. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», — дейді. Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады.
«Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат» деп, қазақ халқы қашан да ар – ұждан, намыс секілді ұғымдарды аса жоғары бағалап, қастерлеген. Себебі, бұл – адамдықтың белгісі. Намыс қашанда керек деп есептеймін, кез келген жерде, кез келген жағдайда. Мысалы, ғылым мен білімде, мәдениет пен өнерде, спортта, т.б. салаларда өз ұлтының намысын биік қойған адам бәсекеге қабілетті болуға талпынады. Намыстың жоғары болуы отаншылдыққа бастайды. Патриоттық сезімді арттырады. Өз еліңнің, жеріңнің қадірін айрықша білуге, қастерлеуге үйретеді.
Ал менің қазіргі жастарға, өзімнің құрбы – құрдастарыма айтарым – «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген қағиданы әрқашан есте сақтап, ар – намыстың қадірін біліп, ұлттық намысымызды сақтай білейік.
Ислам дінінің елге тарай бастауымен арақ-шарапқа тыйым бірте-бірте күшіне ене бастады. Ең бірінші, ішімдіктің пайдасынан зиянының көптігі халыққа түсіндірілді. Одан кейін мас күйінде намаз оқуға тыйым салынды. Ақырында түбегейлі харам болды. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұтқа табыну, оқпен бал ашып, бәсекелесу – шайтан ісі, жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем дегендер шайтан ісінен аулақ болыңдар. Сол арақ, құмар ойнау арқылы шайтан сендердің араларыңа дұшпандық – Ғадауат тудырады, сендердің намаз оқуларыңа кедергі жасамақ болады. Тәңірді естеріңнен шығаруға тырысады. Арақ пен құмар ойнаудан сонда да безбейсіңдер ме?» – дейді (Маида сүресі, 90-91 аяттар). Бір адам Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) балдан, бидай мен арпадан жасалатын күшті ішімдіктер туралы сұрағанында, ол былай деп жауап берген: «Шарап – мас қылады, сондықтан шараптың барлығы да харам».
Хадистер не дейді?
– Мені пайғамбар етіп жіберген Алланың атымен ант етіп айтамын: Алла Тағала арақты Тәурат, Забур, Інжіл, Құранда лағынеттеген.
– Кімде-кім біреуге арақтың бір тамшысын ішкізсе, Алла Тағала оның денесін жылан, шаянға тастайды.
– Кімде-кім біреудің арақ ішуіне жәрдемдессе, онда ол Исламның бұзылуына жәрдемдескен болады. Егер оған арақ ішу үшін қарыз берсе, онда ол бір мүминді өлтіруге жәрдемдескен болады.
– Сондай-ақ, кімде-кім арақ ішушімен бірге отырса, Алла Тағала оны қияметте көзі көрмейтін көр соқыр етіп тірілтеді.
– Арақтан сақтаныңдар, өйткені, ол – барлық жамандықтардың кілті.
– Мас қылатын ішімдіктерді аз ішуге де рұқсат жоқ.
– Ішімдікке салынған адам жәннатқа жіберілмейді.
– Таңертең ішкілік ішкен адам күн батқанға дейін Аллаһ Тағалаға серік қосқан сияқты болады, ал күн батқаннан кейін ішкілік ішкен адам таңертеңге дейін Алла Тағалаға серік қосқандай болады. Аллаһ Тағала ішкілік ішкен кісінің қырық күндік намазын қабыл етпейді.
Ішімдік пен есірткі өндіру
Қасиетті Ислам діні мұсылманның шарапқа байланысты барлық іс-әрекетіне (жасау, сату сияқты) тыйым салған. Егерде кімде-кім оны тыңдамай, бұл харам іске қатысты болса, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар оларға қарғыс айтқан. Арақ-шарап пен бірге есірткі өндіру де Ислам дінінде – ауыр күнә. Ол есірткінің апиын, гашиш тәрізді барлық түрлеріне де қатысты. Яғни, есірткіні өндіру, сату, оған делдалдық жасау, есірткі қолданып жатқан адаммен бірге отыру – харам саналады.
Арақ-шарап сату
Ұлық Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылмандардың арақ-шарап сатуына, оны сатып алуына, арақ-шарап саудасына делдалдық жасауына, ішуі мен құюына тыйым салған. Мұхаммед (с.ғ.с.) шарапқа байланысты мынандай он нәрсеге қарғыс айтқан:
1. Шарап жемісін сығуды талап еткенге;
2. Оны сығушыға;
3. Шарап иесіне;
4. Шараппен сауда жасаушыға;
5. Шарапты сатып алуды талап етушіге;
6. Шарапты сатып алған адамға;
7. Шарап саудасынан пайда тапқанға;
8. Шарап ішкенге;
9. Ішушімен дастарқандас болғандарға;
10. Арақ-шарапқа;
Ішімдікке салынғандардан аулақ болу
Абдулла ибн Омар пайғамбардың мынандай сөзін келтіреді: «Мас болып, намазын бір рет қаза қылған кісі үлкен қиыншылыққа ұшырайды, құдды бүтін дүние оның мүлкі еді, ол содан мақрұм болды. Мас болу себепті намазды төрт реет қаза қылған адамды Алла Тағала ахиретте фасад суымен сусындырады, яғни ондай адамдарға фасад суын ішкізеді.
– «Фасад суы» деген қандай су? – деп сұрапты сахабалар.
– Тозақ отына күйдірілген адамның денесінен ағатын іріңді «фасад суы» дейді, – деп жауап беріпті пайғамбар».
Арақтың он зияны
Әбу Лайс Самарқанди (р.ғ.) былай деген: «Арақ ішпе! Өйткені, онда он жаманқасиет бар». Ал олзияндармынандай:
1. Арақақшаныысырапетедіжәнеақылданайырады.
2. Араққорарақішкендежындығаайналады, жасбалаларғакүлкіболады, ақылдыадамдардансөзестиді.
3. Араққорлықағайын-туыс пен достардыңарасынаараздықкіргізеді.
АллаһТағалаҚұранКәрімдебылайдейді:
«Негізінде шайтан арақта, құмардаараларыңадұшпандықәрікексалудықалайды» (Маидасүресі, 91 аят).
4. Әлбетте, арақішу Алланыңзікіріненжәненамазданқайтарады.
5. Арақадамды арсыздыққа,зинақорлыққаалыпбарады. Өйткені, арақішіп, массболып, өзібілмейәйелінталақетеді.
6. Арақ – барлықжамандықтыңкілті. Арақішкенадамкез-келгенкүнәіскебейімболады.
7. Азғындықжолына
кіріп, арақішкенадамныңсасықиісіненбарлыққорғаушыперіштелерқашады.
8. Шариғатбойыншаарақішкенадамға 80 дүресоғу – уәжіп. Егердебұдүниедеұрылмаса, ахиреттеата-анасыныңжәнедостарыныңалдындаоттанболғанқамшыменұрылады.
9. Арақішуіменаспанесіктерінжауыпқояды. Өйткені, бірмәртеарақішкенкісініңжақсылықістеріжәнеқылғандұға—тілектері, оқығаннамаздарықырықкүнгедейінқабылболмайды.
БұлтуралыМұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардыңбірхадисіндебылайдепайтылған: «ҮмметімніңішіненішкілікішкенадамныңқырықкүнгінамазынАллаһТағалақабылетпейді». Осы хадискеқатысты имам Суитибылайдеген: «Адам бойынатарағанішкіліктіңтолықжойылумерзімі – қырықкүн».
10. Арақішушіадамуайым-қайғығатүседі. Өйткені, олөлеруақытындаимансызкетуімүмкін. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар: «АллаТағалаішкілікішкенкісініңқырықкүндікнамазынқабыл етпейді. Осы қырықкүнішіндеөліпкетсе, оладамтозаққатүседі. АллаТағалаоғанназар да салмайды».
Данагөйлер не дейді?
Мас болу – өз еркіңмен жындану.
Аристотель
Маскүнемдік – ақылдан алжасуға жаттығу.
Пифагор
Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі не жақсы, не жаманды білмейді.
Абай
Шараптыкөпішкенніңауруы да көп.
(Көне ұйғыр жазу ескерткіші).
Маскүнемдер дүниеге маскүнемдерді әкеледі.
Плутарх.
Шарап ішпей, бәледен жүр қашықта,
Байқа, атанба зинақор да, пасық та.
Сақ бол, шарап, зинақорлық күйгізер,
Олар тонын кедейліктің кигізер.
Жүсіп Баласағұни.
Арақ жайлы халық не дейді?
→ Арақтан өлгенге дұға дарымайды.
→ Ыдысыңда арақ тұрса, ырысың қарап тұрады.
→ Арақтың жанында адалдық пен адамдық жатпас болар.
→ Арақпен жолаяқ жасағанның жолы болмайды.
→ Маскүнем қатыннан маймыл туады.
→ Қызың арақ ішсе – қызығыңның кеткені.
→ Ұлың арақ ішсе – ырысыңның кеткені.
→ Аждаһаның басы жетеу, Арақтың басы жетпіс.
→ Жұттың жеті атауы бар, Арақтың 700 атауы бар.
→ Арақ ішіп өлген адам да бір, арам өлген мал да бір.
Медицина не дейді?
Емшек безі қатерлі ісігімен ауыратын әйелдер арақ-шарап ішетін қыз-келіншектер арасында жиі кездеседі.Мамандардың айтуынша, еліміздегі маскүнемдердің үштен бірі түрлі психикалық ауытқуларға ұшырағандар.
Іштегі балаға зияны
Арақ-шарап ішпейтін әйелдерге қарағанда оны аз болса да татып алатын әйелдердің дүниеге әкелетін сәбилерінің 100 пайызының:
1. 89 пайызы әлсіз болып туады.
2. 84 пайызы болашақта психикалық қиындықтарға ұшырайды және басы тиісті мөлшерінен кіші болып бітеді.
3. 80 пайызының сөйлеу мүшелерінде кемістік орын алады.
4. 80 пайызының терісі зақымдалған болады.
5. 51 пайызының аяқ-қол саусақтары қисық болып жаратылады.
6. 46 пайызының жыныстық мүшелерінде, 41 пайызының есту мүшелерінде кемістік байқалады.
7. 29 пайызы жүрек ауруына шалдыққан күйде дүниеге келеді.
8. 25 пайызында көру қабілеті төмен болады.
9. 10 пайызының бүйрегі толық істемейді.
10. Бір шыны сыраның өзі ана құрсағындағы сәбидің миына әсер етеді.
Адам ағзасына зияны
1. Бастың қатты ауруы.
2. Көздің бұлдырауы.
3. Ақыл-сана, абырой, намыстан айыруы.
4. Ағзаның ауруларға қарсы тұратын күш-қуатының жойылып, әлсіреуі.
5. Отбасы мен адамдар арасындағы дау-жанжалға қалдыруы.
6. Ми, бауыр, жүректің зақымдануы. Ұзақ уақыт араққа салынған адамның бауыры қалыптағыдан 14 есе артық жұмыс істейді, бауыр циррозы, бауыр қатерлі ісігі дамиды.
7. Алкоголь ас қорыту мүшелерін қатты зақымдайды, асқазан жарасы, өңеш жарасы тәрізді дерттерге ұрындырады.
8. Ішек қатерлі ісігі араққа салынғандар арасында басқалармен салыстырғанда үш есе көп кездеседі.
9. Ішкіліктің әсерінен зорлық-зомбылық, ұрлық, кісі өлтіру тәрізді қылмыстар орыналады, адам рухани күйзеліске ұшырайды.
10. Көп ішкенде адамның көзалдына жын-шайтан елестейді.
Құремтті қауым! Арақ атадан қалған ас емес екендігін біліп, жан-жағымыздағы, өкінішке қарай маскүнемдікке салынып, есірткі қолданып тура жолдан адасқан жандардың «ойнап жүріп от басқандарының» нәтижелерінен ғибрат алайық. Бұл адамды аздырып, жүрегінен иман, жүзінен нұр кетіріп, көңіліне қара дақ салатын арақ, есірткіден сақ болыңыздар. Анадан адам болып туылған соң, адам қалпымызда қалуға тырысайық.
Осакаров ауданы Тоқа Байғозықажы мешітінің Бас имамы
Қанат Анасұлы,