Абай образы эссе

Академик Рахманқұл Бердібаевтың: «…Абайдың шығармалары қайта-қайта басылып, халыққа кеңінен тарағанын, өзге тілдерге де аударылғанын, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы ұлы ақын өмірі мен еңбегі әлемдік көлемге таныс болғанын жұртшылық біледі. Дегенмен, Абай сынды алып тұлғаның қызметі мен дәстүрін түсіну, насихаттау, оның өнеге алған рухани негіздерін толық елестету үшін бұл аталған істермен шектеліп, тоқталып қалуға тіпті болмайды» — деген пікірін негізге ала отырып, бүгінгі қазақ әдебиетінде, оның ішінде қазақ прозасында аталмыш дәстүрдің жағдайы қай деңгейде екендігіне жауап іздеу барысында, ең алдымен беткетұтар дүниеміз – Абай жайлы ұлы классигіміз Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі эпопеясы.

Романда қаламгердің бұрынғы шығармаларындағы әуен-сарындар жалғасып, тереңдеп, байып, жаңа сападағы көркем ойлар, кемел бейнелер туған, қазақ тілінің адам психологиясын, әлеуметтік қайшылықтарды ашып берудегі орасан зор байлығы көрініп, жанрдың ең жоғары талаптарына жауап беретін мол мүмкіндіктері ашылған. Мұхтар Әуезов тұрмысы, моральдық институттарының өмірлік материалдары негізінде қатал реализм, сұлулық, әсемдік талаптарына дөп келетін тарихи роман тудыру арқылы қазақ әдебиетінің деңгейін биік әлемдік дәрежеге көтеріп, жаңа эстетикалық игіліктер дарытып, қаламгерлік ерлік көрсете білген. Роман бірінші бетінен бастап соңғы жолына дейін сұсты өмірдің қатал шындығына суарылған. М.Әуезовтің қаламынан туған ру басылары, билер, мансап ұстаған адамдар кескін-келбеттерімен, мінез қалыптарымен, сөйлеген сөздері мен арғы-бергі замандардағы небір іргелі елдердің басшыларынан, патшалардан, корольдерден, хандардан, дипломаттардан асып түспесе, кем соқпайды. Аспан, зәулім, биіктік — шыңырау терендік. Іштерінде алтын ер-тоқымды арғымақ жатса да титтей сыр бермейтін беріктікке бір ауыз әділ сөзге тоқтайтын мәрттікті, қажет жерінде руымен у ішетін ынтымақты косыңыз. Қас-қабақ, ым-жым, емеурін, жүріс-тұрыс, киім киіс, сөз саптау, билік-айту, ел басқару — мұның бәрінде мыңжылдық көшпелі мәдениет қалыптастырған тапжылмайтын, әбден орныққан берік салт-дәстүр бар. Дүниежүзінде болып жатқан ұлы әлеуметтік езгерістер, отаршылық атты алапат қозғалыстар, Батыс пен Шығыстың мәңгілік шарпысуы, темір құрсанған болат тұяқ капитализмнің қанды шеңгелі сияқты ғаламат дүмпулер көшпелілер әлемін де іріте бастаған. Бұрынғы игілік, кәсіп амалдары, тіршілік қалпы, адамгершілік мұраттары енді басқа арнаға түсіп, өзгере бастаған. Жаңа өріс, соны нысана, өзгеше байлық тумақ. Мұны көшпелілердің ескі қауымы түсінбейді, келешекпен туыса та-бысатын жаңа төл енді келе жатыр.

М.Әуезов осындай планеталық мән-мағынаға ие, қауымдар, мәдениеттер ауысуы тұсындағы сан-алуан отбасылық, әулеттік, ру-тайпалық, халықтық қақтығыс, шайқас, тартыстар үстінде адамдық мінез қалыптарымен ашылатын ондаған әдебиетіне исі түркілік, шынайы қазақылық исі аңқыған әрі тың, әрі ғажап көркем каһармандары бар тұтас сұлулық әлемін алып келді. Бұл жұлдызды аспанның қақтөрінде темірқазықтай болып, бойына халқының ғасырларда сұрыпталып екшелеген барлық асыл қасиеттерін жиған, әрі ақын, әрі дана, әрі қайраткер, әрі ойшыл Абай тұлғасы тұр. Абай бейнесін жасауда акын өмірінің белгілі оқиғалары кеңінен суреттеледі, оның шығармаларындағы әуез-сарындар, мотивтер, идеялар пайдаланады. Бірақ, жеке өлендерге иллюстрация, жалаңаш еліктеу, қайта баяндап беру дегеніңіз атымен жоқ, Абай сөздері, диалогтағы, монологтағы лебіздер түп-түгел ақын лексикасын, синтаксисті ескере отырып, тыңнан жасалған, Мұхтар Әуезов тудырған.

Әуезовтің үлкен суреткерлік шеберлігінің терең ашылып көрінетін айқын тұсы — адам кескіндерін бейнелейтін шақ. Кейіпкер алғаш әрекет сахнасына шықкан бетте автор оның келбетінің есте каларлық сипат-белгілерін суреттеп береді. Адамның жалпы тұрпаты, бойы, дене бітімі, қимыл-қозғалысы, әсіресе, бас бітімі, бет пішіні, көзі, мұрны, ерні, тісі атамалап көрсетілмей, бір-бірімен байланыста, әрекет, қимыл үстінде, жанды -тірі қалыпта, сан алуан көңіл-күйімен толқыған, тебіренген, ренжіген, қуанған, жеккөрген сәтінде бой көрсетеді. Жазушының қырағы көзі әр түрлі нәсілді, сан алуан әулетті дәл көріп, қапысыз танытады. Суретші қалам бір-біріне ұқсамайтын ондаған адамның реалистік портретін жасайды, олар тұтас көрмелерді толтыруға жетіп жатыр. М.Әуезов өнер адамы мен халық тағдырын тұтас бірлікке көрсететін зор реалистік шығарма жазудың жаңа көркемдік мектебін ашты. Осы еңбегі арқылы М.Әуезов өзін де, Абайды да бүкіл дүние жүзіне таныта білді.

М.Әуезов баға жетпес «Абай жолы» шығармасында Абай өмірін ұрпақтарына адам ретінде көрсете білсе, Дүкенбай Досжан Абайдың ішкі жан дүниесін ақын ретінде көрсетті. Дүкенбай Досжан шығармашылығындағы «Абай айнасы» (1994) романында тұрмыстық, тарихи, әлеуметтік және экзистенциалдық жақтар көркем суреттелген. Қазақтың ұлы ақыны, ойшылының 150-жылдығы қарсаңында жарық көрген «Абай айнасы» кітабы жазушылық зерттеу талантымен, ашық, жаңа тақырыбымен, Абайдың ақындық және философиялық әлеміне өзіндік көзқарасы және ой ұшқырлығымен ерекшеленеді. Осы кітаптың он бес бөлімі – ғылыми зерттеулері мен бос беллетристикалық бейнелеудің органикалық түрде біріккен он бес эссе. Д.Досжан Андре Моруа, Стефан Цвейг стиліндегі өмір бейнесін ойлап тапты. «Абай айнасы» романында ұлы қазақтың ақындық және адамдық негізі түрлі көзқарастар мен бағаның, танымал және таныс емес құжаттар деректерінен алынған. Суретші романда өмір қарбаласында ұмыт қалған күнделіктер мен тіпті Абайдың тірі ұрпақтарына да орын берді. Романның құжаттық негізі ретінде Тұрағұлдың қызы, 80 жасарлық Мәкен апаның естеліктері тірек болды. Абайдың ұлы, Джек Лондон мен Горькийдің шығармаларын аударған Тұрағұл уайымнан өлген кезде ешбіреуі көмек көрсете алмаған. Архивтен сирек кездесетін құжат – Петербургте 1909 жылы Абайдың өлеңдер жинағын алғаш рет баспаға берген, оның ағайын інісі Кәкітай Исқақов ақынның күнделігі табылады. Абайды «адам әлсіздіктері «дақтары» бар айна» ретінде де көрсету романның тағы бір ерекшелігі. Осыдан оның адамгершілігі одан әрі арта түсті. Д.Досжанның ерекше білімінің арқасында архивтік құжаттар ішінен бұдан бұрын еш жерде басылымға шықпаған Абай туралы қызықты айғақтар табылды. Жазушыны адам қасиеттерін зерттеу қызықтырады. Осы жайт жазушының ақын жан дүниесіне еніп, сырт көзге таса оның күрделі рухани жан драмасын ашуға жол берді. «1880 жыл; Екі кісі болып бөлінген Абай», «1904 жыл; Отырып ауырған адам», «1898 жыл; Қастандық» бөлімдері өмір қызығынан бас тартқан ақынның ішкі тартысын ашық көрсетеді. Абай мен Байронның рухани, шығармашылық жағынан жақындығына арналған бөлім ерекше ықыласқа бөленген. Әрине, ағылшын ақынының шығармашылығымен Лермонтовтың аудармалары арқылы танысады. Автор ақындардың өлең жолдарын салыстыра отырып, екі ұлы адамның ақындық әлемдерінінің біріккенін табады. Тағы бір назар аударатын жай – «Евгений Онегин» аудармасына Абайдың өзінің қосқан толықтыруларынан көрінетін, орыстың ұлы ақыны Пушкин шығармашылығымен жақындығы. Дегенмен, Дүкенбай Досжан ұлы адамның әлсіздігі мен ерекше қасиеттеріне жай ғана қызықпайды. Абай Абай болып қала береді, сондықтан да біз оның Лермонтов тәрізді өз халқына деген «ерекше сүйіспеншілігіне» ие болғанын түсінеміз. Ол өзінің «Қара сөздерін» («Гаклия») ащы, қатыгез шындықпен жазған. Ұлы ақын мен ойшыл Абайдың көркемдік бейнесі мен оның заманы әдебиетшінің ойына сай келді, Дүкенбай Досжан Абайдың адам бақыты үшін адам жасаған ерліктері мен әлемдік үндестік сезімін жеткізе білді. Абай, Пушкин, Лермонтов және Байронның ақындық жүректерінің жақындығын болмыс мәнін түсіну тілегі байланыстырады, олар әдемілік күшін ұғудағы шексіз уайымы да ортақ.

«Әр дәуір, заман талабы оның ғарышты кезген өз уақытының мерейі үстем Абайын сомдай береріне шүбә келтіріп болмас», — деген ұстанымымен Рамазан Тоқтаров «Абайдың жұмбағы» деген шығармасын оқырман қауымның әділқазылық алқасына алып келді. Заман өзгереді, заманмен бірге оқырманның да талғамы жетіле түсуде. Оның ғылым-білімі, ой-санасы, өмір салты өседі. Жаңа сапаға көшеді, жаңа сатыға көтеріледі. Сонда, жаңағы Тоқтаровша айтқанда, әрдайым мерейі үстем болып қала беретін Абайы да өзгеруі керек қой. Тіпті, Абайдың өзі мен сөзі өзгермесе де, өскен, өзгерген қазақтың оны ұғынуы, түсінуі жаңаша болмай ма? Демек, Абай оларға әрдайым жаңа бір қырларынан ашылуы біздің Абайымыз, мәңгілік Абайымыз, әр заманда оның өзіндік төл Абайы болады дейтініміз де сондықтан болса керек.

Роман-хамса әрқайсысы өз өрісімен дамып, өзгеше тынысын тауып отыратын бес бөлімнен, яғни бес кітаптан тұрады. Әрқайсысының дем-тынысы өзінде, бас-аяғы бүтін дербес хикая. Олардағы оқиға өзегін ұстап тұрған негізгі кейіпкерлері кітап тақырыбының астында жақшаға алып көрсетілген: 1. «Толғақ (Кенесары — Құнанбай — Қодар)»; 2. «Жұлдыз құрбандық (Шоқан, Достоевский, Құдайберді)»; 3. «Қызғаныш (Халиолла, Михаэлис, Шәкәрім)»; 4. «Хақиқат мекені (Саққұлақ шешен, Мұса мырза, Долгополов)»; 5. «Нұрсипат (Мәшһүр Жүсіп, Әлихан Бөкейханов, Мағауия)». Жақша ішінде аты аталған адамдардың бәрі де тарихи тұлғалар. Олардың бірсыпырасы Абайдан бұрынырақ өмір сүрген, яғни өмірге одан ертерек келген. Бірақ, ескінің көзіндей болып Абай заманына дейін жеткен солардың әрқайсысында, олардың ісі мен сөзінде алдыңғы заманның, яғни ғасырдың алғашқы жартысындағы оқиғалардың жаңғырығы бар. Ал, қалғандары болса, Абайдың өз тұстастары, ғасырдың екінші жартысында жасаған, сол кезеңнің өз өкілдері. Сөйтіп, бұл роман-хамсада Абайдың өзі өмір кешкен соңғы елу жыл ғана емес, бүкіл ХІХ ғасырдың дем-тынысы бар. Осы бес кітаптағы баяндалатын оқиғалардың барлығына ортақ өзек те, ондағы адамдардың бірімен-бірін байланыстырып отыратын дәнекер де, оларды бір кітаптан екінші кітапқа ауыстырып отыратын өткел де – Абай, соның өмірі. Өткен ғасырдағы үш алыбымыз, үш арысымыз Ыбырай, Шоқан, Абай үшеуінің жас шамасы деңгейлес бола тұрып, олардың қазақ даласының бір өңірінде туып, бірін-бірі көрмей-білмей кеткені біз үшін орны толмайтын өкініш еді. Бұл жай ғана өкініш емес, тағдырдың өзі маңдайымызға жазып тұрып, таңдайымызға татырмаған, құдайдың өзі беріп тұрып, пешенемізге бұйырмай кеткен сыбағамыз. Әсіресе, қазіргі Қостанай облысының жерінде, бір ғана Тобыл мен Обаған өзендерінің арасында туып, бірімен-бірі кездесе алмаған Ыбырай мен Шоқан, немесе Семейдің топырағын қатар басып жүріп, бірін-бірі сырттай ести жүріп жүздесе алмаған Шоқан мен бай араларында айтылмай кеткен сөздер біздің аузымыздан жырылып түскен несібеміз еді. Профессор Рымғали Нұрғалидің пікірінің ізімен айтар болсақ; Рамазан Тоқтаров осы романында әлгі оқпандай олқылықтың бір қуысын толтыра білген. Ол Абай мен Шоқанды кездестіреді. Бір емес, үш мәрте. Алғашында кадет корпусын бітірген жас офицер Шоқан әкесімен бірге Құнанбай ауылына келеді. Сонда алғыр дарыны мен зерек зейінін аңғарған он жасар Абайды ұнатып қалып, келесі жылы Семей медресесіне әдейі іздеп барады. Қасында досы Достоевский бар. Үшінші жолы Шоқан Атбасарда болыс сайлауына түсіп жатқанда Абай әкесіне еріп барып жүздеседі. Осының үшеуінде де Шоқанның Абайға аңқылдаған ақ көңілден айтқан ағалық ақылы мен тілегі: «оқы, ғылымға тереңдеп сүңгі, сонда өмірге көзің ашылады. Ақындық өнеріңіңді дамыта бер, әбден ойланып барып, қағазға түсіріп жаз, сонда, өлмейтін өнерің ұрпақтарға қалады» — дейді. Осы ақыл Абайдың бүкіл өмір бойына көкейінде мәңгілік орнап қалған өсиет сөздері болады да, Шоқанның жарқын бейнесі мұның көз алдында асқан адамгершіліктің үлгісі ретінде үнемі елес беріп жүреді. Өмірде кездеспесе де кездесуге әбден мүмкін адамдардың бір-біріне ыстық ықыласын осылай шындыққа айналдырған жазушы қиялы барынша құрметтеуге әбден лайық секілді.

Жас Абайға осы үшеуінен кейін қатты әсер еткен бір адам – ел ішінде Шайхы атанып кеткен Дәулетбай қажы. Ол мұсылманша терең білімді білімді, Шығыс ғұламалары мен ақындарының мұрасына жетік және сол білгенін халықтың игілігіне қалтқысыз жұмсап жүрген бір елгезек, жанкешті кісі. Сол Шайхы ата Абайдың медреседе оқып жүргенде Шығыстың жеті жұлдызын өзіне пір санап, солардан медет тілеп жазған бір шумақ өлеңінен Шәмсиді ерекше бөліп алып, сол жайында Абайға көп-көп әңгіме айтады. Толық ныспысы Шәмсиден Гебризи атанған бұл ғұлама кезінде Жәлелдин Ұрыми сынды әйгілі ақынды тәрбиелеп шығарғанын жырдай қылып баяндайды. Өлер алдында өзі Абайға дәл сондай ұстаз табуды, ондай адам кездесе қалса, ұлтына, нәсіліне, тіліне, дініне қарамай, шынайы жебеушім деп қабыл алуды өсиет етеді. Көп ұзамай, дәл сондай ғұлама бұған нәсіп болатынын болжап айтады. Айтқандай-ақ, Абайға ондай ұстаз кездеседі. Ол – Евгений Михаэлис. «Дүниеге көзімді ашқан Михаэлис» — деп Абайдың өзі мойындаған бұл кісінің ақынға деген шынайы достық ықыласы мен білімдарлық ыждаһаты романда мейлінше сыпайы ізеттілікпен өте тартымды суреттеледі. Жалғыз Михаэлис емес, одан бұрын-соңды таныс-біліс болған орыстың зиялы адамдары атап айтқанда, сол Михаэлиспен рухани туыс Долгополов, Гросс, Коншиндерден бастап, әртүрлі лауазымдағы интеллигент шенеуніктер: заңгер Лосовский, ояз бастығы Измаилов, генералдар Цеклинский, Колпаовский, белгілі ғалым Потаниндерге дейін әрқайсысы өз кезегімен Абайға иіліп ілтипат білдіреді. Соған орай , олармен араласа жүре, ой-пікір алыса жүре, Абай да өзінің табиғи даналығын, білім деңгейінің өскендігін көз алдарында танытып отырады. Солардың ерекше сый-құрметіне бөленеді.

Романды Абайдың азаматтық, адамгершілік бейнесінің ерекше жарқырап, жайнай көрінетін данышпандық тұлғасының, ақындық дарынын ерекше кемелденген тұстары көп-ақ. Оның Михаэлиске еріп, Ұлытауға баруы, сол үшін әкімшілік орындарына сезікті көрініп, Омбыға апарылуы, онда губерниялық сот мәжілісінде небір манғазданған қасқалар мен жайсаңдар алдында көсіле сөйлеп, бәрінен мойын оздыруы, сөйтіп, өзін ақтап шығу үстіне билік орнындағы әкімдерден құрметке бөленуі, Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» мен Шоқанның «Сот реформасы» негізінде қазақ даласында басқарудың тұтас бір жүйесін жасап беруі т.б. оқиғалар – ел алдында, жоғары әкімшілік орындары алдында Абай беделінің асқақтап көтерілуіне айқын айғақтар болып көрінеді.

Бұл туынды қазіргі қазақ әдебиетіне қосылған сүбелі үлес….

Осы тұста қанжүректі қайғылы еткен толғақты кеп мәселелердің дүниеге Абайдай дананы әкелуі — тарихи заңды құбылыс. Ақынның тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін поэзиясының қуат көзі «қор болып, құрып» бара жатқан халқының іштен тынған мұңымен тығыз астасып жатыр. Романда жалғыз Абайдың ғана емес, оның XIX ғасырда жасаған әйгілі тұстастары, қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов пен орыстың ғұлама жазушысы Ф.М. Достоевскийдің Семей қаласында бас қосқан жылдары, сол сияқгы Абайдың өзінің ақын шәкірттері, оның жас өркенді тербиелеу бағытында сіңірген ғибратлы істері мен кемеңгер ақынның ел басына орнаған бағы заманда халықпен бірге соққан ұлы жүрегі, өзге де көп жайлар роман-хамсаның кітаптан кітапқа жалғасқан сюжет бойына қызықты желі болып өріліп, айшықты көркем тілмен бейнеленеді. Осы тұрғыдан, Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасы қазіргі қазақ прозасы көркемдік әлемінде, қазақ романистикасындағы ерекше туынды.

Зейне ОРАЗБЕКОВА

Ф ғ.к., ассоц.профессор

Абай – дана, Абай – дара

?лы Абай есімі барлы?ымыз?а жа?сы таныс. ?дебиет – Абай, Абай – ?дебиет..  ??дды бір егіз ?озыдай. Екеуін бірін – бірісіз елестете алмайсы?. 

Абай — ?лтты? ?дебиетімізді?  классигі. Осыншама «?лмейт??ын артына с?з ?алдыр?ан» Абайды? рухын ?лді деуге бола ма ойла?даршы»!  Абай ?о?амымызды? ?лы т?л?асы десек ?ателеспейміз.

Мен жазбаймын ?ле?ді ермек ?шін,

Жо?-барды, ертегіні термек ?шін.

К?кірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым ?лгі жастар?а  бермек ?шін, -деп  ?лы атамыз  Абай ??нанбаев  жырла?андай, д?ние есігін  аш?ан  ?рбір  жан Абай ?ле? –жырларын бойына  сі?іріп ?сетінін  еш?ашан  жасыра алмаймыз. Жа?сы с?зді жанына азы? еткен  ?рб?р ?аза? хал?ы  Абай ?ле?деріні?  ж?йелі с?здеріне то?тап орнын тап?ан  екі ауыз с?зін  ер ??нымен те? к?рді. ?лы  дананы? ?ай шы?армасын алса?та, рухани д?ниесіне тере? бойлап, оны? ?лылы?ыны? ты? ?ырларын ашып, жа?а сырларына ?аны? боласы?.

«Абайды таныту ар?ылы біз ?аза?станды ?лемге танытамыз, ?аза? хал?ын танытамыз. Абай ?р?ашан бізді? ?лтты? ?ранымыз болуы тиіс» деп Н.?.Назарбаев айт?андай, ?рбір ?аза? баласы Абайды тануы, білуі парыз. Абайды Абай еткен шы?армашылы?ы мен кейінгі ?рпа??а ?алдыр?ан ізі.

Абай ?зіні? ту?ан хал?ымен  м??гі жасайды, ?асырлар бойы ?аза? елін жа?а биіктерге, ас?ар асулар?а ша?ыра береді. А?ын шы?армалары ?аза? ?дебиетінде орны ерекше классик а?ын екендігін д?лелдейді.  М.?уезовты? Абайды  «?аза?ты? классик  ?дебиетіні? атасы, ?аза? поэзиясыны? к?ншуа?ты ас?ар биігі», деп атауы да жайдан-жай емес. Олай болса ?лы Абайды жан-жа?ты сан ?ырынан  тани аламыз.

 Абай- данышпан, Абай – кеме?гер. Ол орыс ?дебиеті классиктеріні?, Еуропаны? бірталай а?ындары мен ?алымдарыны? ежелгі заман даналарыны? туындыларымен танысады. Солар ар?ылы ?зіні? ?деби шы?арамшылы? білімін, д?ниеге деген к?з?арасын ке?ейте т?седі. Абай — ?дебиеттегі шебер аудармашы. Себебі, ?зге тілден аударыл?ан 70-80 ша?ты аудармалары бар. А?ын не??рлым данышпан болса, со??рлым таби?атпен  тере? араласып, о?ан ??ша?ын ке? жайды. Абай?а дейін ?аза? ?дбиетінде болма?ан  ?лгі – Абайды? ?арас?здері.

Абайды? ?арас?здері – к?ркем шы?арма т?рінде емес, а?ынны? ?мір саба?тары туралы ойларын ке? ?амты?ан. Абайды?  жалпы ?арас?здеріні?  саны – 45. Абайды? ?арас?здері  ?з кезі  ?шін де, б?гін де ба?асы зор. Абайсыз ?аза?ты, ?аза?сыз Абайды к?з алдымыз?а елестетуді? ?зі ?иын. Жалпа?  ж?ртты  жа?сылы??а ?йретіп, жаманды?тан жиренткен ?аза? хал?ыны? кеме?гер а?ын, шешені, ке? тал?ар дана к?семі  Абай  біртуар ?лы а?ын ?ана емес, кемел ойлы ?алым, кенен дарынды жазушы, тере? білімді тарихшы, ?уез ?лемін жа??ырт?ан сазгер, халы?ты? ?амын ойла?ан ?айраткер, я?ни, бір с?збен айт?анда сегіз ?ырлы, бір сырлы бітімі б?лек т?л?а. Абай шын м?ніндегі жа?ашыл т?л?а. Ол ?амтыма?ан сала жо? сия?ты. Атап айтса? поэзия, ?нер, философия, тарих, музыка, этика, эстетика,педагогика,дін та?ы да бас?а салаларды ме?герген.

 Абайды? м?раты, Абай арманы,Абай ?ні адамды адамгершілік, кісілік жа?ынан жетілдіру ар?ылы ?о?амды жетілдіру, ілгері дамы?ан м?денетті елдер ?аатарына ?осу. ?лы ойшыл ?аза? хал?ыны? к?зін ашумен болды.

Абай – ?аза? еліні? к?шбастаушысы, к?регені, ?ам?оры, а?ылг?йі, матанышы. Абай ?аза? хал?ыны? рухани ?лемін тере? ма?ыналы ?рі ?уендік ??рылымы жа?ынан  да ыр?а??а ??рыл?ан романсты?  сипатта?ы ?ле?дерімен байытты. Абай музыканы? ?зіне композитор болып атсалысты. ?ле? с?зді? нелер патшасын тудыр?ан а?ын – ?н ?нерінде де «??ла?тан кіріп бойды алар», сан алуан  шы?армалар ?алдыр?ан. Абайды? «Айттым с?лем, ?алам?ас», «К?зімні?  ?арасы»  ?ндерінде жасты? ша?ты? албырт сезімі естілсе, «Сегіз  ая?», «Бойы б?л?а?» ?ндерінде ?леуметтен ?ділетсіздікті, наданды?ты музыка ?німен жеткізген. Абай – ?ле? с?зді? патшасы. А?ынды? ?рнекті, ?уендік ?нерді,  Абайдан асып ешкім бейнелей ал?ан жо?. Абай те?десі жо? а?ын, аса дарынды, дара ту?ан,  ас?а? ойшыл философ, ?ай жа?ынан да ал?анда да жа?ашыл, д?ниеж?зілік м?дениет тарихынан  ерекше орын ал?ан  топжар?аны.

Абайды к?птеген а?ын – жазушылар М.?уезов, Ш.??дайбердиев, М.Ж?мабаев, А.Байт?рсынов, М.Дулатов та?ы да бас?алар зерттеп, ?здеріні? ба?аларын берді.

А.Байт?рсынов  «?аза?ты? бас а?ыны – Абай ??нанбаев. Онан бас?а б?рын?ы – со??ы заманда ?аза? даласында біз білетін а?ын бол?ан жо?» деген екен.

М.Дулатов  «Абай сынды а?ынны?  ?адірін білмеу ?аза? ха?ыны? зор кемшілігін к?рсетуге толы? жарайды» деген екен. Абайдай данаг?й  ?ажайып т?л?аны ?адірлей алмаса?, б?л – елдігімізге сын. ?аза? жеріні? а?ыны, данышпаны к?п бол?анымен, Абайы  біреу-а?.

Сонды?тан да Абай с?здері тарихты? м?лкі емес, рухани ??ралы болып ?ала береді.      

?семпаз болма ?р неге,

?нерпаз болса?, ар?алан.

Сен де — бір кірпіш, д?ниеге

Кетігін тап та, бар ?алан! –деп Абай атамыз айт?андай ?р?айсымыз б?л ?мірді? бір кірпіші болып ?аланайы?!

Просмотр содержимого документа

«»Абай» эссе»

                      Абай Құнанбаев – қазақтың маңдайына біткен ұлы тұлға. Оның қазақ дегенде қаны мен жаны арқылы өлең жазу шеберлігіне арқа сүйеуінен байқауға болады. Киелі  қазақ елі үшін ерекше жыл деп есептеймін. Өйткені ұлы  Абай атамыздың 175 жылдығын әр жерде әртүрлі деңгейде атап өтуде. Жалпы ақынның қай өлеңі мен  шығармасын алсақ та, ойға түрлі ой салатын, жалпы адамзат баласы үшін рухани азық ететін туындаларының тәрбиелік мәнінің зор екенін айта аламыз. Айтар ойым: Ұлы данышпан тұлғамыздың өскелең ұрпақ үшін жазған еңбектерін бағалап, насихаттап жүрсе екен деймін. Абай тек қана ақын емес,сонымен қатар музыкант ,қазақтың халық музыкасын терең білген,жете бағалаған адам болды.Абай атамыздың талантын бағалаушылар мен дәріптеушілердің саны жыл сайын молая түсуде.Абай әлеуметтік қызметі мен ақындық шығармалары дала жастарының арасында әсіресе белгілі болды.Көптеген жиындарда ,ойын-сауық тойда,қыз ұзату мен келін түсіргенде жыршылар мен ақындар Абай өленің орындайтың болған екен.Абай атамызға тең келетің еш бір қазақ немес шет ел жазушылары жоқ екенің әлем мойындаған.

                    Абай қазақ халық әдебиетіне өрендеуі мен дамыуына орасан зор үлес қосты ақындардың көшін бастаушы.Ол төрт мезгілге арнап өлең жазған адам ал лирикалық өлендері мен ақындық толғаныстарына шек жоқ.Ал қазіргі өсіп келе жатқан  өскелен ұрпақ Абай атамызды білмейді деген кім сенер екен.Ол шымырлатып бойларына әнің тындап,жүректерің тебіренте  тақпақтары мен қара сөздерін жаттау асқақ ойлары мен терең түйсіктеріне сақтай алған.Абай атамыздын әр жазған шығармашылығын бастасан болды тұңғыйық аралына батып кеткендей күй кешесің.Абай атамыздың әр қара сөздері ойға күш салып және де  қандай даналығы мен данышпандығын ,қасиеті мен қадірлігін,санасы мен ой өрісін шыңдалып, түсінігі терең мұқиттың нүктесіндей елестетуге болады.

                  Алайда Абайдың үнемі бола бермегенің атап өткен жөн.Молдалар мен имандардың діни фанатизімін,екіжүзділігін,пайдакүнемдігін сынай отыра Абай өзінің бірсыпыра өлеңдерінде және сонын ішінде қарасөздеріңде дінді жақтаған еді.Абай тікелей қазақ халқындағы -ауыз әдебиетіндегі нақыл сөздерді бағыттаушы ғұлама ақын болып тарихта таңба болып сақталып қалады.Абай жомарттылығы соншалықты өз көз майын тамызып жазған  шежірелі өлеңдерін достары мен жақындарына таратып сыйға тартқан екен.

Абай өте ерте өлең жаза бастаған оның өлеңдері ақталмағаны және де жоғалғандары немесе сақталмағандары қаншама екен нақты саны белгісіз .

           Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни бүкіл мәдени болмысы өзгеше бір биікке көтеріліп,кейінгі өрлеу мен дамуға кең жол ашары сөзсіз. Біздің қазақ халқының тарихында да сондай кезеңдердің бар болғаны шындық. Қазақ халқының руханияттық дамуында осындай толағай өзгерістер мен ерекше серпілістердің көзге айрықша шалынар сәті- ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы. Аталған уақыт аралығында қазақ ортасында идеялық жаңа тыныстың қанаттануына Абайдай жан салған ойшыл кемде-кем. Еліміздің шымырланып, қайта түлеу қажеттігін сезінгендіктен, қайрау мен намысқа тию арқылы ішкі жан-дүниесінің қайтадан жаңаша құрылу қажеттігін ұсынды. Мәселен «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп басталатын толғауында халқына бағышталған махаббаттың тұңғиық көріністері анық байқалады. Ақынның жақсы мен жаман, надандық пен адамдық, махаббат пен ғадауат туралы әр ұстанымы, әр тұжырымы өткен өмірдің, бүгінгі күн мен келер шақтың келбетін анықтайтын айрықша өлшемдер сияқты.

          Абай адам өмірінің бірталай келеңсіз жақтарын сынай отырып, одан құтылудың жолын да көрсетіп береді. Өнер, білім, ғылым үйреніп қана қоймай, сол алған білімді қалай жұмсау керектігін де айтып өткен. Ақынның шығармашылығының өзегі «Адам бол» деген философиялық идеяға сәйкес келеді. «Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз»- дегенде ғұлама-адамның рухани жетілу мүмкіндігінің шексіздігін көрсетті. Менің түсінігім бойынша, адам өмірге құштар болу керек. Еш қиындыққа мойымай, бәрін жеңу қажет. Адамгершілікке жетелейтін бірден-бір жол, Абай түсінігінде білім мен ғылымға құштарлық болып келеді.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,-

деп, Абай атамыз адам болып қалыптасу үшін ең қажеті ғылым екенін көрсетіп, адамның бойына оның өзімшіл табиғи болмысы арқылы орныққан менмендік, нәпсіқұмарлық, тұрақсыздық сияқты қасиеттеріне шектеу қоюға тырысады. Қазақ халқын шексіз сүйген Абай ескіліктің бұғауынан, надандықтың шырмауынан шыға алмай отырған ауыр халіне күйінеді.

Мен Абай шығармашылығында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлеңінің орны ерекше. Ол:Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні көрмек үшін ,

Көкірегі сезімді, ойы орамды.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-

деп бар үмітін оқуға талаптанған жастарға, яғни біздерге жүктейді. Өзі туралы айтқанда:Жасымда ғылым бар дер ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім,-дейді де, оқыған балалар жайында

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім,- деп оқығанда әкім болып билікке қызығу үшін емес, ғалым болып дүниені тану үшін оқу керек екенін еске салады. Ақынның әр сөзінде бай мазмұн бар. Өзі айтқандай «сырты күміс, іші алтын» болып келеді.

        Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Абайдың… барша әлемге аты қадірлі, сөзі өтімді, пікірі қымбат адамзат ардағы, адамзат ақыны, адамзат ақылманы болып көтеріліп отыр… Бала кезінен таныс араб, парсы тіліндегі кітаптарды қайта ақтарып, шығыс поэзиясына, тарихына, философиясына соны көзқараспен қарап жаңаша баға берді. Шығыстық логика мен мұсылман құқығын үңіле зерделеді», -деп бағалайды. Ия, Елбасының пікірімен келіспеуге болмас.Абай- шығыс пен батысты байланыстырған көпір іспеттес. «Ұлы ұстаз» деген атқа Әбунасыр әл- Фарабиден кейін Абайдан артық лайық есімді табу мүмкін емес. Абай есімі неткен жылы, неткен дара?! Ес білгелі өз жаныма сонша жақын дара тұлғаның әрбір сөзі, бүкіл халқымның болмысын танытар дана ойлары мен күн өткен сайын өз жұмбақ әлеміне қызықтыра алып кетті.

                 Абай әлемі, Абай поэзиясы, қара сөздері, әндері ,әсіресе оның жаңа ғасыр босағасын аттаған балғын жастарға, бізге берер мол ғибраты соншалық жақын да алыс құпиясымен оқырманды өзіне баурай берді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық құндылықтарымызды сақтау, ұлттық код, туған жер деген ұғымдарды негізге алды. Ал осы рухани құндылықтарымыздың бастауы-Абай мұрасында жатыр деп айту, қателік емес. Мектеп табалдырығын аттағаннан Абай мұрасымен сусындаған бала, келешекте өз мемлекетінің бір кірпіші болып қаланып, елін көркейтері айдан анық.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап,

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақта,-

деп кемеңгер, надандықтан шығар жол –оқу-білім, өнер екендігін айта келіп, оның жетістікке жетуіндегі еңбектің рөліне мән береді.

Абай туралы жаза берсек түніміз таңға ұласар, ол да аз. Надандық –білім -ғылымның жоқтығы

Білімсіздік –хайуандық болады

Еріншектік –күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.

Егеменді еліміздің жастары осы үш кеселден , адамды қор қылатұғын нәрседен бойын аулақ салса, ақынның арманы орындалғаны.

Сөзімді мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді

Барша әлемге әйгілі Абай атын,

Ұлы ақын деп өзінізді айта аламын.

Ерекшесіз, дарасыз біздер үшін,

Үлгі тұтып өзінізбен мақтанамын.

Абайдың ұлылығы ұлттығында,

Ей, адамдар! құлақ сал, жырын тыңда.

Ұрпақ үшін жазғанын қадірлендер,

Насихаттап жүрейік ұлтын барда.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

  Рысдаулет Ақерке, 13 лет, НИШ ФМ города Талдыкорган, Республика Казахстан, Алматинская область, город Талдыкорган, рук. Федосова Светлана Сергеевна

Итоги международного экспресс-конкурса «Абай әлемі» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

Кунанбаев — один из величайших сыновей казахской степи. Выдающийся мыслитель, поэт, один из основоположников классической литературы. Если необходимо упомянуть какое-либо произведение великого поэта, хочется начать с таких песен и стихотворений, как «Унижена душа моя», «Серые тучи» или же «Ты зрачок глаз моих». И, конечно, нельзя не сказать об актуальных по сей день книгах «Книга мудрости» и «Слова назидания». Каждый гражданин независимой Республики Казахстан знает данные произведения и гордится этим наследием великого Абая.

Неизменно в каждом учебно-образовательном заведении нашей любимой Родины с самого порога школы каждый учащийся окунается в мир творчества казахского поэта, чтимого веками. «Мир Абая — наша путеводная звезда. Она не позволит нам сбиться с пути. По ней мы определяем свои главные ориентиры. На все сложнейшие, смущающие душу вопросы он давно ответил…» — именно эти слова прозвучали из уст первого Президента — Елбасы, Нурсултана Назарбаева о творческом пути и мировоззрении Абая. Помимо этого, нынешний Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев в 2017 году объявил день Абая официальным праздником. В статье «Абай и Казахстан в XXI веке» он отметил: «Абая необходимо широко представить мировому сообществу как бренд нового Казахстана. Это долг нынешнего поколения». Вот так первые лица государства подчеркнули важнейшую роль творчества Абая для народа Казахстана и для всего мира.

Бесконечно долго можно говорить о творчестве этого разностороннего человека, философа, переводчика и гуманиста. Какую же роль играет мир наследия Абая для нашего народа и для мировой культуры? Я с большой уверенностью могу ответить, что большую.

Во-первых, именно он является непревзойденным борцом за процветание казахского народа, казахской степи и развитие казахской литературы. Его произведения, несмотря на свою давность, так же актуальны и значимы в наше время. И тот факт, что они были переведены на множество языков мира, свидетельствует о том, что творчество нашего великого земляка признано во многих частях света.

Во-вторых, все его произведения задевают такие значимые темы, как сила и упорство в борьбе за свободу, важность культурного развития, образованность, а также уважение ко всем женщинам-матерям. Он уверял, что рабство и покупка женщин по традициям, это вовсе не правильно. Поэтому отстаивал их права и свободу во всех направлениях.

В-третьих, думаю, что каждый рано или поздно задаётся вопросом: «Какие качества присущи настоящему человеку?» Вот как отвечал на это Абай: «Три качества достойны человека: горячая отвага, светлый ум и тёплое сердце». Этим он призывал читателей к полноценному воспитанию, образованию, стремлению к высокому, трудолюбию. Абай предостерегал свой народ, что нужно избегать обмана, хвастовства, лени, злости и лицемерия, утверждая, что тело — временно, а душа — вечна. Именно поэтому внутренняя красота — украшение настоящего казаха.

И, конечно, мы можем утверждать, что Абай Кунанбаев смог стать объединяющей силой для многих народов. Мир узнаёт о нашей стране, о культуре нашего народа, окунаясь в мир Абая, читая его стихи и мудрые изречения, слушая его мелодичные песни. Ведь его произведения были переведены более чем на 30 языков мира. Следовательно, люди увлекались его творчеством, восхищались им и хотели распространить его по всем частям света.

В заключении, учитывая всё вышесказанное, можно с уверенностью подтвердить слова о том, что мир творчества Абая играет значительную роль для нашего народа, для мировой культуры, особенно в плане воспитания будущих поколений и приобщения их к миру искусства.

Эссе: Хакім Абай

Эссе: Хакім Абай

Даналық,ақындық,шеберлік деген ұғымдарды естісем,көз алдыма Абай деген ұлы тұлға келе қалады.Талантымен талайды таңқалдырған тарланым-Абайым…Осынша мақтауға,осынша мадаққа ие болған қасиетті қаламгерім сіздей болу — мен үшін ең биік арман.Әр түрлі ғылымыды меңгеріп, «Хакім Абай» атанған ,поэзияда,музыкада өшпес-өлмес шығармалар қалдырған данышпан да бір өзіңіз…Қазақ елінің мәдениеті мен әдебиетін қалыптастыруда ойып тұрып орын алатын өзіндік асыл тұлғамыз – сіз.Сізді білмейтін адам кемде – кем болар.Шынайы жүрегіңізден шыққан ,бояуы қанық туындыларыңыз оқырманның жүрегінің төрінен орын тапқан.Шығармаларын оқыған кезде ой теңізінде жүргендей шабыттана жүзіп ,құстай қалықтап ұшырып әкететіні өз алдына бір бөлек.Сыншылдық пен шыншылдықты кейінгі ұрпаққа қалай әсерлі етіп дәріптеген .Хакім Абайдың толғамаған,жырламаған тақырыбы жоқ шығар,бәлкім…Мұхтар ағамыздың «Хакім Абай» туралы айтқан «қазақтың бас ақыны» деген қанатты сөзіне қосылмай болмайды.Кейінгілерге бас бола білген,қаламын сілтеп,ақындықтың атына мінген өршіл ұрпаққа жол көрсеткен Абайым,әр ісіңе тәнтімін.

Абай поэзиясы – халық таңдауы ,ол мәңгі жасайды,өлмейді,өшпейді.Заманымыздағы жайттарды өлеңмен өрген,суретін сөзбен салған-Абайдай асылдың қайталанбас туындылары –байлығымыз,баға жетпес мұрамыз деп білемін.Әлемге әйгілі болған Абай халқының жанашыры бола білді.Абай сөзі –халық сөзі.Жай сөз емес,әсерлі,өткір,әшекейлі сөз.Бірде өлең,бірде әңгіме,бірде қара сөз болған шынайы сөз.Табиғатпен де тілдескен,махаббатты да бейжай қалдырмаған,сегіз қырлы,бір сырлы Абай – менің пірім, «Хакім Абай» деген сөздің нағыз иесі.Абай халық қорғаны.Оған қарап халық бой түзеді.Қазақ халқын тану үшін Абайды білу керек.Сіз арқылы өзгелерге болмысымызды білгіздік,тұрмыс-тіршілігімізді таныттық.Дана болсаң,ақын болсаң,кемеңгер болсаң ұлы Абайдай бол.Қара сөздеріңіздің құдіретін қаныма,бойыма сіңіре оқимын,от аламын,үлгі аламын.Сіздей қайталанбас тұлғаның тәрбие тұнған туындыларын толық түсінетін,бағыштайтын мен де бір қазақтың қаламды қолына алған қыздарының бірімін.Хакім Абайды көктен іздеймін,жұлдыздардың жанынан жарқыратамын,асқақ тұлғаны жердегі пендеден биік қоямын.Құдіретті қаламын сиқыршы таяғындай бағалаймын.Қазақтың маңдайына біткен дара тұлға – Абайым,бағымыздың бес елі екенін сіз арқылы тағы бір мақтана айтамын.Ұлылардың ұлысы Алаш елінің тынысы болған данам осындай күш-қуатты қайдан алдыңыз?!Сізді өмірге әкелген анаңызға бас ием,ананың ғана емес,халықтың баласы болған сіздің ақындық жолыңызды ардақтаймын.Хакімдіктің тағынан түспеңіз…

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Іздеп көріңіз:

эссе сочинение про Хаким Абай на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Хакім Абай туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Хакім Абай

Василенко Людмила Федоровна,
КГУ «Первомайская общеобразовательная школа» отдела образования акимата Федоровского района Костанайской области, Республика Казахстан, Костанайская область, Федоровский район, с. Первомайское

Абай Кунанбаев — первый классик казахской литературы, поэт, просветитель, композитор, мыслитель, общественный деятель.

Абай Кунанбаев жил в очень сложное и неспокойное время, ознаменовавшееся усилением феодального и колониального гнета, упразднением ханств и установлением нового правления. Происходила непримиримая борьба за власть, вражда, поддерживаемая принципом «разделяй и властвуй». Но, несмотря на все усилия местных и колониальных властей, казахская художественная литература и прогрессивная общественная мысль начали развиваться быстрыми темпами. В это время зародилась национальная реалистическая литература, у истоков которой стоял Абай Кунанбаев.

На самом деле выдающегося казахского поэта звали Ибрагимом, именно такое имя он получил при рождении. «Абаем» называла его родная бабушка Зере, которая души не чаяла во внуке. Она растила его с ранних лет, внимательно следила за его развитием и первыми проявлениями характера. Она и дала ему это прозвище, которое в переводе на русский звучит как «осторожный». Старушка даже представить не могла, что под этим именем он войдет не только в историю своей страны, но и прославится на весь мир.

Абай считается основоположником письменной казахской литературы. Придерживаясь основных принципов казахского стихосложения, Абай сумел открыть новые пути для широкого использования возможностей родного языка. Стихи Абая сделали казахскую поэзию богаче и в жанровом отношении. Абай был также и композитором, знатоком и ценителем народной музыки.

Самым главным трудом Абая Кунанбаева считаются «Слова назидания» (қара сөздер), или «Книга слов». Произведение состоит из 45 кратких притч и философских трактатов. Тут поднимаются проблемы национального воспитания и мировоззрения, морали и права, которые актуальны и в наше время.

В честь Абая Кунанбаева названы проспекты практически во всех городах Казахстана. Первый вуз Казахстана, Казахский педагогический институт также назвали именем великого поэта.

Один раз в два года, а также в годы проведения юбилеев великого казахского поэта и мыслителя Абая Кунанбайулы присуждаются две государственные премии Республики Казахстан в области литературы и искусства имени Абая.

Казахстан широко отметил 176-летие поэта. В 2020 году, 10 августа, в стране впервые отметили новый праздник — День Абая.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *