Абай шы?армашылы?ы эссе

Абай – дана, Абай – дара

?лы Абай есімі барлы?ымыз?а жа?сы таныс. ?дебиет – Абай, Абай – ?дебиет..  ??дды бір егіз ?озыдай. Екеуін бірін – бірісіз елестете алмайсы?. 

Абай — ?лтты? ?дебиетімізді?  классигі. Осыншама «?лмейт??ын артына с?з ?алдыр?ан» Абайды? рухын ?лді деуге бола ма ойла?даршы»!  Абай ?о?амымызды? ?лы т?л?асы десек ?ателеспейміз.

Мен жазбаймын ?ле?ді ермек ?шін,

Жо?-барды, ертегіні термек ?шін.

К?кірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым ?лгі жастар?а  бермек ?шін, -деп  ?лы атамыз  Абай ??нанбаев  жырла?андай, д?ние есігін  аш?ан  ?рбір  жан Абай ?ле? –жырларын бойына  сі?іріп ?сетінін  еш?ашан  жасыра алмаймыз. Жа?сы с?зді жанына азы? еткен  ?рб?р ?аза? хал?ы  Абай ?ле?деріні?  ж?йелі с?здеріне то?тап орнын тап?ан  екі ауыз с?зін  ер ??нымен те? к?рді. ?лы  дананы? ?ай шы?армасын алса?та, рухани д?ниесіне тере? бойлап, оны? ?лылы?ыны? ты? ?ырларын ашып, жа?а сырларына ?аны? боласы?.

«Абайды таныту ар?ылы біз ?аза?станды ?лемге танытамыз, ?аза? хал?ын танытамыз. Абай ?р?ашан бізді? ?лтты? ?ранымыз болуы тиіс» деп Н.?.Назарбаев айт?андай, ?рбір ?аза? баласы Абайды тануы, білуі парыз. Абайды Абай еткен шы?армашылы?ы мен кейінгі ?рпа??а ?алдыр?ан ізі.

Абай ?зіні? ту?ан хал?ымен  м??гі жасайды, ?асырлар бойы ?аза? елін жа?а биіктерге, ас?ар асулар?а ша?ыра береді. А?ын шы?армалары ?аза? ?дебиетінде орны ерекше классик а?ын екендігін д?лелдейді.  М.?уезовты? Абайды  «?аза?ты? классик  ?дебиетіні? атасы, ?аза? поэзиясыны? к?ншуа?ты ас?ар биігі», деп атауы да жайдан-жай емес. Олай болса ?лы Абайды жан-жа?ты сан ?ырынан  тани аламыз.

 Абай- данышпан, Абай – кеме?гер. Ол орыс ?дебиеті классиктеріні?, Еуропаны? бірталай а?ындары мен ?алымдарыны? ежелгі заман даналарыны? туындыларымен танысады. Солар ар?ылы ?зіні? ?деби шы?арамшылы? білімін, д?ниеге деген к?з?арасын ке?ейте т?седі. Абай — ?дебиеттегі шебер аудармашы. Себебі, ?зге тілден аударыл?ан 70-80 ша?ты аудармалары бар. А?ын не??рлым данышпан болса, со??рлым таби?атпен  тере? араласып, о?ан ??ша?ын ке? жайды. Абай?а дейін ?аза? ?дбиетінде болма?ан  ?лгі – Абайды? ?арас?здері.

Абайды? ?арас?здері – к?ркем шы?арма т?рінде емес, а?ынны? ?мір саба?тары туралы ойларын ке? ?амты?ан. Абайды?  жалпы ?арас?здеріні?  саны – 45. Абайды? ?арас?здері  ?з кезі  ?шін де, б?гін де ба?асы зор. Абайсыз ?аза?ты, ?аза?сыз Абайды к?з алдымыз?а елестетуді? ?зі ?иын. Жалпа?  ж?ртты  жа?сылы??а ?йретіп, жаманды?тан жиренткен ?аза? хал?ыны? кеме?гер а?ын, шешені, ке? тал?ар дана к?семі  Абай  біртуар ?лы а?ын ?ана емес, кемел ойлы ?алым, кенен дарынды жазушы, тере? білімді тарихшы, ?уез ?лемін жа??ырт?ан сазгер, халы?ты? ?амын ойла?ан ?айраткер, я?ни, бір с?збен айт?анда сегіз ?ырлы, бір сырлы бітімі б?лек т?л?а. Абай шын м?ніндегі жа?ашыл т?л?а. Ол ?амтыма?ан сала жо? сия?ты. Атап айтса? поэзия, ?нер, философия, тарих, музыка, этика, эстетика,педагогика,дін та?ы да бас?а салаларды ме?герген.

 Абайды? м?раты, Абай арманы,Абай ?ні адамды адамгершілік, кісілік жа?ынан жетілдіру ар?ылы ?о?амды жетілдіру, ілгері дамы?ан м?денетті елдер ?аатарына ?осу. ?лы ойшыл ?аза? хал?ыны? к?зін ашумен болды.

Абай – ?аза? еліні? к?шбастаушысы, к?регені, ?ам?оры, а?ылг?йі, матанышы. Абай ?аза? хал?ыны? рухани ?лемін тере? ма?ыналы ?рі ?уендік ??рылымы жа?ынан  да ыр?а??а ??рыл?ан романсты?  сипатта?ы ?ле?дерімен байытты. Абай музыканы? ?зіне композитор болып атсалысты. ?ле? с?зді? нелер патшасын тудыр?ан а?ын – ?н ?нерінде де «??ла?тан кіріп бойды алар», сан алуан  шы?армалар ?алдыр?ан. Абайды? «Айттым с?лем, ?алам?ас», «К?зімні?  ?арасы»  ?ндерінде жасты? ша?ты? албырт сезімі естілсе, «Сегіз  ая?», «Бойы б?л?а?» ?ндерінде ?леуметтен ?ділетсіздікті, наданды?ты музыка ?німен жеткізген. Абай – ?ле? с?зді? патшасы. А?ынды? ?рнекті, ?уендік ?нерді,  Абайдан асып ешкім бейнелей ал?ан жо?. Абай те?десі жо? а?ын, аса дарынды, дара ту?ан,  ас?а? ойшыл философ, ?ай жа?ынан да ал?анда да жа?ашыл, д?ниеж?зілік м?дениет тарихынан  ерекше орын ал?ан  топжар?аны.

Абайды к?птеген а?ын – жазушылар М.?уезов, Ш.??дайбердиев, М.Ж?мабаев, А.Байт?рсынов, М.Дулатов та?ы да бас?алар зерттеп, ?здеріні? ба?аларын берді.

А.Байт?рсынов  «?аза?ты? бас а?ыны – Абай ??нанбаев. Онан бас?а б?рын?ы – со??ы заманда ?аза? даласында біз білетін а?ын бол?ан жо?» деген екен.

М.Дулатов  «Абай сынды а?ынны?  ?адірін білмеу ?аза? ха?ыны? зор кемшілігін к?рсетуге толы? жарайды» деген екен. Абайдай данаг?й  ?ажайып т?л?аны ?адірлей алмаса?, б?л – елдігімізге сын. ?аза? жеріні? а?ыны, данышпаны к?п бол?анымен, Абайы  біреу-а?.

Сонды?тан да Абай с?здері тарихты? м?лкі емес, рухани ??ралы болып ?ала береді.      

?семпаз болма ?р неге,

?нерпаз болса?, ар?алан.

Сен де — бір кірпіш, д?ниеге

Кетігін тап та, бар ?алан! –деп Абай атамыз айт?андай ?р?айсымыз б?л ?мірді? бір кірпіші болып ?аланайы?!

Просмотр содержимого документа

«»Абай» эссе»

Ұлы Абай шығармашылығы халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.

Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді.

Білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады, орысша кітаптарды көп оқиды. Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Абайдың қай өлеңі болмасын. Өзіме ең жақыны Абай Құнанбаевтың қара сөздері. Онда айтылатын мәселелер, қара сөздердің тәрбиелік мәнінің маңызы зор.

Абайдың қарасөздері жалпы тақырып, мазмұн жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Көп сөздеріңдегі ойлар, пікірлер өлендерімен ұштасып, солардың мән-мағынасын кейде қайталап пысықтап, кейде әрі қарай жалғастыра дамытып отырады. Енді бірқатар жазбаларыңда автор тың өрістерден ой толғап, табиғат пен қоғам құбылыстары, халықтың тарихы мен тағдыры, адамның жеке басының проблемалары жайындағы жаңа бір пайымдауларын алға тартады. Бұл еңбектер жанрлық, стильдік жағынан да әр алуан. Қарасөздерді алғаш жазуға отырғанда ақын ойыма келген нәрселерді жаза берейін…, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым», — деп қаншалыкты қарапайымдық білдірсе де, бұл жазбалар ғылыми-танымдық және әдеби-көркемдік мәні өте зор, ақынның жалпы ақыл-ой өрісін, дүниеге көзқарасын танытуда баға жетпес мағлұмат беретін аса құнды қазына болып табылады. «Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы». Мақал-мәтелдердің бәрін ой елегінен өткізбей қолдана беруге болмайтындығын баса назарға алған. Абай бұл ойларының түйінін бесінші сөзінде де, қазақ даласында көп таралған мақал-мәтелдердің мазмұны арқылы да дәлелдеген: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен. Ол тек қана мал үшін қам жейді екен. Ал мал табу жолын біле ме? Оны да білмейді. Оның бар білетіні – малдыларды алдап, арбап, мақтап, мал жинау, егер бұл іске аспаса, алдап немесе мақтап ала алмаса, онда әкесімен болса да жауласудан тайынбайды екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшік, соған ұқсаған қылықтардың қайсысын болса да қылып, мал тапса жазалы демесек керек екен. Осындай Абай айтқан әдіспен мал тауып, халықты алдап, арбап, қулықпен, сұмдықпен, ұрлықпен, зорлық-зомбылықпен көгеріп, көркейіп отырмын деп санайтын адамдар бүгінгі таңда баршылық екеніне бәріміз тағы да куәгерміз.

Абай алтыншы сөзінде қазақтың «бірлік пен тірлікті» қалай түсінетінін

көрсеткен. «Өнер алды – бірлік, ырыс алды — тірлік» деген мақалдың

пәлсапалық мәні қандай? Оны дұрыс түсіне ала ма? «Қазақ ойлайды, — дейді

Абай, — бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен» деп.

Осы ортақтықты бірлік деп түсінеді. «Олай болғанда байлықтан не пайда,

кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік?» —

деп Абай «бірлік» сөзінің мағынасын өзі ашып береді. «Жоқ,-дейді Абай, —

бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малды беріп отырсаң, атасы басқа,

діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік малға сатылса

антұрғандықтың басы осы». Мызғымайтын шындықтарды айтуды Абай

алдына ешқашан мақсат қылған емес. Рухани дүниесі құлдырау жолына

түскен тобырларды дұрыс жолға салу қиынның қиыны болатын. Осыны

сезінген Абай қатты қиналып, дағдарысқа ұшырайды. «Мыңмен жалғыз

алыстым, кінә қойма!» деп мұңын шаға келіп, оның себебін түсіндіреді.

Бас басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын? –

(«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», 1886

«Қой асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса, сақа қой», «Бас-басыңа би болса,

манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» деп

мақал айтып, тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң,

қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып,

жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұтып, әулие тұтып,

онан соң жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі өз бауыры, бәрі өз малы

болған соң, шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей

қайтеді?» деп Абай бірінші мінезді сипаттай отырып, қалың қазақтың жік-

жікке бөлінуін, «бас-басына би болған өңкей қиқымын» тайға таңба

басқандай айшықталып тұратын қазақтың бір олқылығы деп дөп басып

айтады. Абай заманында бөлінген қазақ, әлі де сол бетінен қайтпақ емес.

«Екінші мінезі – намысқорлық екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде

ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен. «Өзіне ар

тұтқан жаттан зар тұтады» деп, «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер»

деп, «Ағайынның азары болса да, безері болмайды», «Алтау ала болса,

ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» десіп, «Жол қуған

қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге жолығар» десіп. Кәнеки, енді осы екі

мінез қайда бар? Бұлар да арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді.

Бұлардан айырылдық. Ендігілердің достығы – пейіл емес, алдау,

дұшпандығы – кейіс емес, не күндестік, не тыныш отыра алмағандық» деп

Дана Абай жиырма тоғызыншы қара сөзінде былай деген: -“Қазақтың

мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не

құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар”- дей келе, “Жарлы

болсаң, арлы болма” “Атың шықпаса, жер өрте”, “Алтын көрсе, періште

жолдан таяды”, ” Ата – анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті” сынды

мақалдардың ешқандай тәрбиелік мәні жоқ екенін, ата-анасын малға

айырбастау, құдайға дұшпандық, азқындық екенін , жер өртеп шығарған

аттың қандай абыройы барын сынай келе, осындай білместікпен айтылған

сөздерден сақ болуды ескертеді.

Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең

мұхитпен тең десек,қателеспеген болар едік.Ғажайып суреткер,нәзік

лирик,көркемсөз шебері,ең алдымен-ойшыл ақын.Бұл пікір ақынның өмір

құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне,

философиялық дүниетанымына және оның қара сөздеріне,әсіресе дінге,

Алланың болмысы,имандылық туралы толғаныстарына қатысты.Ақын

шығармашылығында өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас бейнесі көрініс тапты.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Абай о?улары» мектепішілік бай?ауыны?

ж?ргізілу реті

Мектепішілік бай?ауды? ма?саты: бізді? білім ордасында?ы мемлекеттік тілді? ?олданыс аясын ке?ейту ма?саты мен ?аза? руханиятыны? м?ртебелі ма?танышы, ?аза? ?дебиетіні? бірегей т?л?асы – Абай м?раларын келешек ?рпа? рухына сі?іріп, насихаттау ба?ытында?ы жыл сайын ?йымдастырылып отыр?ан «Абай о?улары» бай?ауы игі д?ст?рді? за?ды жал?асы деп білеміз. Сайысты? негізгі ма?саты: жеке т?л?а бойына мемлекеттік мінез бен отанс?йгіштік рух, адами ??ндылы?тар ?алыптастырылып, тіл таби?атын тере?нен танытып, мемлекеттік м?ртебесін еселеу, рухани ?лемін ?рістету. Бізді? президентіміз Н.?.Назарбаев «?аза?станны? болаша?ы –?аза? тілінде» деген толымды пікірін ескере отырып, игі ма?саттарды? жал?асы ретіндегі бізді? б?гінгі мектепіщілік «Абай о?улары» бай?ауы соны? бір к?рінісі деп ба?алаймыз.

Бай?ауды? кезе?дері:

І кезе? – ?ле?ді м?нерлеп о?у кезе?і.

ІІ кезе? – хакім Абайды? ?ндерін на?ышына келтіріп, орындау шеберлігін ай?ындап, о?ушы рухына сі?іру.

ІІІ кезе? — шы?армашылы? кезе?ні? шарты бойынша ?рбір ?атысушы ?зіні? шы?армашылы? шеберлігін к?рерменге жария етеді. Ол сахналы? ?ойылым болуы м?мкін немесе ?зіні? шы?ар?ан ?ле?і, шы?армасы болуына да шек ?ойылмайды.

Бай?ау?а ?атысушы сыныптар: 5-11 сынып о?ушылары

Кешті? ?ту барысы:

1 ж?ргізуші:

?аза? хал?ыны? ?лы классигі, данышпан а?ын, ?дебиетті? сара жолын келешек ?рпа??а ке?інен ашып берген кім десе, бірден – Абай ??нанбай?лы деп жауап берер едік. ?йткені, ол ?аза?ты? бас а?ыны, б?рын?ы, со??ы заманда ?дебиетімізде одан ас?ан а?ын бол?ан жо?. Абайдан ?ле? с?зді? неше т?рлі ?лгісі, ?рнегі табылады. Абай ?ле? жа?сы болу?а керек шарттарды? б?рін білген.

2 ж?ргізуші:

Армысыздар ?адірменді ?ауым, жинал?ан ж?ртшылы?, ?стаздар мен мектеп о?ушылары! Абай м?раларын келешек ?рпа? рухына сі?іріп, насихаттау ба?ытында?ы жыл сайын ?йымдастырылып отыр?ан «Абай о?улары» мектепішілік сайысын бастау?а р??сат еті?іздер.

?діл?азылар ал?асымен таныстыру.

1 ж?ргізуші:

Абай шы?армашылы?ы — ?дебиетті?, м?дениетті? ау?ымынан ана??рлым асып кететін ?ажайып ??былыс. Кейде ойлап отырса?ыз, Абай біз ?шін а?ын да, философ та, аудармашы да, композитор да емес, б?рінен б?рын ?зімізді? жа­нымыз?а соншама жа?ын адамымыз, а?айынымыз ба, туыс?анымыз ба, а?амыз ба, атамыз ба, ?йтеуір бір жа?сы танитын адамымыз сия?ты. Сол адаммен талай рет кездесіп, с?йлескен, сырлас?ан, талай рет а?ылын ал?андаймыз, ал кейде не балалы?пен, не шалалы?пен алмай кеткендейміз. ?уанса? да, ?иналса? да Абайды? алдына барасы?. Жар с?йіп, бала с?йіп ?уанса? да, жа?ыны?ны? аза­сына к?йіп, ?ай?ырса? да жаны?нан табылады Абай.

2 ж?ргізуші:

Хал?ымызды? ?лы а?ын?а ??рметі бізді? “Абай атамыз айт?андай” деп с?йлейтініміз­ден де к?рініп т?р. ?лы классиктерін халы?ты? атасы деп с?йлеу е? дамы?ан деген ?лттарда да табыла ?оймайды. Абай — ?лтты? атасы, халы?ты? рухани ?кесі. Егер ?рбір ?аза? баласы ауы?-ауы? болса да Абай томын ?ол?а бір алып ?ойып, бір ?ле?ін болса да ?айталап о?ып отырса, ?зіне ?зі Абай алдында іштей есеп берсе, “?алай ?мір с?ріп жатырмын осы? Абайды? айт?ан а?ылын алдым ба, жаса?ан сынынан ?орытынды шы?ардым ба, шы? деген биігіне ?мтылдым ба, адам атын а?тайтындай не істедім мен ?зім?”, дегендей ой?а т?сіп т?рса ?аза?ты? ба?ы бая?ыда жанып, орта? ?йімізді? т?тіні де т?зуірек ?шар еді-ау деп те ?иялдайсы?.


Подборка по базе: страховое 2022 часть1.pdf, ҚТ тесты. 2022-2023 зима.doc, РАСПИСАНИЕ НА 01 СЕНТЯБРЯ 2022 ГОДА.docx, Сценарий 2022.docx, Педагогика 2022ж 2 (3).docx, режим дня 2022-2023 0 Әкласс.pdf, 9-11 классы =НОВЫЙ ГОД — 2022=.docx, тарих 2022 ж.doc, Русский язык В 2022-2023 (1).docx, КТЖ 2022-23 оку жылы.docx


02.02.2022

Кіріспе.

1-дәріс. Абай шығармашылығы.
Ұлы Абай шығармашылығы халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.

Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді.

Білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады, орысша кітаптарды көп оқиды. Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Абайдың қай өлеңі болмасын. Өзіме ең жақыны Абай Құнанбаевтың қара сөздері. Онда айтылатын мәселелер, қара сөздердің тәрбиелік мәнінің маңызы зор. 

Абайдың қарасөздері жалпы тақырып, мазмұн жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Көп сөздеріңдегі ойлар, пікірлер өлендерімен ұштасып, солардың мән-мағынасын кейде қайталап пысықтап, кейде әрі қарай жалғастыра дамытып отырады. Енді бірқатар жазбаларыңда автор тың өрістерден ой толғап, табиғат пен қоғам құбылыстары, халықтың тарихы мен тағдыры, адамның жеке басының проблемалары жайындағы жаңа бір пайымдауларын алға тартады. Бұл еңбектер жанрлық, стильдік жағынан да әр алуан. Қарасөздерді алғаш жазуға отырғанда ақын ойыма келген нәрселерді жаза берейін…, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым», — деп қаншалыкты қарапайымдық білдірсе де, бұл жазбалар ғылыми-танымдық және әдеби-көркемдік мәні өте зор, ақынның жалпы ақыл-ой өрісін, дүниеге көзқарасын танытуда баға жетпес мағлұмат беретін аса құнды қазына болып табылады. «Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы». Мақал-мәтелдердің бәрін ой елегінен өткізбей қолдана беруге болмайтындығын баса назарға алған. Абай бұл ойларының түйінін бесінші сөзінде де, қазақ даласында көп таралған мақал-мәтелдердің мазмұны арқылы да дәлелдеген: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен. Ол тек қана мал үшін қам жейді екен. Ал мал табу жолын біле ме? Оны да білмейді. Оның бар білетіні – малдыларды алдап, арбап, мақтап, мал жинау, егер бұл іске аспаса, алдап немесе мақтап ала алмаса, онда әкесімен болса да жауласудан тайынбайды екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшік, соған ұқсаған қылықтардың қайсысын болса да қылып, мал тапса жазалы демесек керек екен. Осындай Абай айтқан әдіспен мал тауып, халықты алдап, арбап, қулықпен, сұмдықпен, ұрлықпен, зорлық-зомбылықпен көгеріп, көркейіп отырмын деп санайтын адамдар бүгінгі таңда баршылық екеніне бәріміз тағы да куәгерміз.

Абай алтыншы сөзінде қазақтың «бірлік пен тірлікті» қалай түсінетінін көрсеткен. «Өнер алды – бірлік, ырыс алды — тірлік» деген мақалдың пәлсапалық мәні қандай? Оны дұрыс түсіне ала ма? «Қазақ ойлайды, — дейді Абай, — бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен» деп. Осы ортақтықты бірлік деп түсінеді. «Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік?» — деп Абай «бірлік» сөзінің мағынасын өзі ашып береді. «Жоқ,-дейді Абай, — бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік малға сатылса антұрғандықтың басы осы».  Мызғымайтын шындықтарды айтуды Абай алдына ешқашан мақсат қылған емес. Рухани дүниесі құлдырау жолына түскен тобырларды дұрыс жолға салу қиынның қиыны болатын. Осыны сезінген Абай қатты қиналып, дағдарысқа ұшырайды. «Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!» деп мұңын шаға келіп, оның себебін түсіндіреді. Бас басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын? – («Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», 1886  «Қой асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса, сақа қой», «Бас-басыңа би болса, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» деп мақал айтып, тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?» деп Абай бірінші мінезді сипаттай отырып, қалың қазақтың жік-жікке бөлінуін, «бас-басына би болған өңкей қиқымын» тайға таңба басқандай айшықталып тұратын қазақтың бір олқылығы деп дөп басып айтады.

Абай заманында бөлінген қазақ, әлі де сол бетінен қайтпақ емес. «Екінші мінезі – намысқорлық екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен. «Өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады» деп, «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер» деп, «Ағайынның азары болса да, безері болмайды», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» десіп, «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге жолығар» десіп. Кәнеки, енді осы екі мінез қайда бар? Бұлар да арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді.

Бұлардан айырылдық. Ендігілердің достығы – пейіл емес, алдау, дұшпандығы – кейіс емес, не күндестік, не тыныш отыра алмағандық» деп Дана Абай жиырма тоғызыншы қара сөзінде былай деген: -“Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар”- дей келе, “Жарлы болсаң, арлы болма” “Атың шықпаса, жер өрте”, “Алтын көрсе, періште жолдан таяды”, ” Ата – анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті” сынды мақалдардың ешқандай тәрбиелік мәні жоқ екенін, ата-анасын малға айырбастау, құдайға дұшпандық, азқындық екенін , жер өртеп шығарған аттың қандай абыройы барын сынай келе, осындай білместікпен айтылған сөздерден сақ болуды ескертеді.

Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең мұхитпен тең десек,қателеспеген болар едік.Ғажайып суреткер,нәзік лирик,көркемсөз шебері,ең алдымен-ойшыл ақын.Бұл пікір ақынның өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне, философиялық дүниетанымына және оның қара сөздеріне,әсіресе дінге, Алланың болмысы,имандылық туралы толғаныстарына қатысты.Ақын шығармашылығында өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас бейнесі көрініс тапты.
03.02.2022

2-дәріс. Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ» өлеңі.
«Сегізаяқ» — Абай Құнанбайұлының өлеңі және қазақ өлеңіне қосқан шумақтың үлгісі. Шумақ 5 буынды тармақтар мен 7–8 буынды тармақтардың жүйелі түрде үйлесіп, араласуынан түзілген. Төрт түрлі дыбыс үндестігіне негізделген үйлесім бар. Мұнда 3 және 6 тармақтар алыстан байланысады да, қалған көршілес тармақтар өзара үйлеседі. Келте тармақтарда бунақ 3 буынды және 2 буынды болып келеді. Сегізаяқта алдыңғы екі тармақта ақындық ой қорытылады. Шебер мүсінделген бұл өлең түрі — қазақ поэзиясында оқшау тұрған туынды. «Сегізаяқ» өлшемін, шумақтық өрнегін Шәкәрім ҚұдайбердіұлыАхмет БайтұрсынұлыМұқағали Мақатаев т.б. ақындар өз өлеңдерінде қолданған.
Абайдың «Сегізаяқ» атты өлеңінің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген:

Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған,
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар бәћра ала алмас.
Қиналма бекер, тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ — ойға олақ.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды —
Әдеті надан адамның.
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз.
Қайнайды қаның,
Ашиды жаның,
Мінездерін көргенде;
Жігерлен, сілкін,
Қайраттан, беркін
Деп насиқат бергенде,
Ұятсыз, арсыз салтынан
Қалғып кетер артынан.
Аулаққа шықпай,
Сыбырлап бұқпай,
Мейірленбес еш сөзге.
Пайдасыз ақыл —
Байлаусыз тақыл,
Атадан бала ойы өзге.
Санасыз, ойсыз жарым ес,
Өз ойында ар емес.
Тасыса өсек,
Ысқыртса кесек,
Құмардан әбден шыққаны.
Күпілдек мақтан,
Табытын қаққан
Аңдығаны, баққаны.
Ынсап, ұят, терең ой
Ойлаған жан жоқ, жауып қой.
Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпшіл,
Жан аямай кәсіп қыл.
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң
Бола ма дәулет, нәсіп, бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей —
Тояды қарның тіленбей.
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол — бай тап,
Адам бол — мал тап,
Қуансаң қуан сол кезде.
Біріңді, қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос.
Малыңды жауға,
Басыңды дауға
Қор қылма, қорға, татулас.
Өтірік, ұрлық,
Үкімет зорлық Құрысын, көзің ашылмас. Ұятың, арың оянсын,
Бұл сөзімді ойлансын.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың. Өтірік шағым толды ғой, Өкінер уақтың болды ғой.
Жұмыссыз сандал,
Еріксіз малды ал
Деген кім бар сендерге,
Қулықты көргіш,
Сұмдықты білгіш Табылар кісі жөндерге.
Үш-төрт жылғы әдетің Өзіңе болар жендетің.
Ауырмай тәнім,
Ауырды жаным,
Қаңғыртты, қысты басымды,
Тарылды көкірек,
Қысылды жүрек,
Ағызды сығып жасымды. Сүйеніп күлкі, тоқтыққа, Тартыпты өнер жоқтыққа.
Қайратым мәлім, —
Келмейді әлім,
Мақсат — алыс, өмір — шақ.
Өткен соң, базар,
Қайтқан соң ажар,
Не болады құр қожақ?!
Кеш деп қайтар жол емес,
Жол азығым мал емес.
Бір кісі мыңға,
Жүз кісі сұмға
Әлі жетер заман жоқ.
Қадірлі басым,
Қайратты жасым Айғаймен өтті, амал жоқ.
Болмасқа болып қара тер, Қорлықпен өткен қу өмір.
Сөзуар білгің
Законшік, көргіш
Атанбақ мақсат,мақтанбақ.
Жасқанып, қорқып,
Жорғалап, жортып
Именсе елің, баптанбақ. Қарғағанын жер қылмақ. Алқағанын зор қылмақ.
Хош, қорықты елің,
Қорқытқан сенің
Өнерің қайсы, айтып бер.
Ел аңдып сені,
Сен аңдып оны,
Қылт еткізбей бағып көр. Ойнасшы қатын болса қар, Аңдыған ерде қала ма ар?
Көмексіз көзің,
Бір жалғыз өзің
Баға алмай басың сандалар.
Баурыңа тартқан,
Сырыңды айтқан Сырласың сырт айналар.
Ол қаны бұзық, ұры-қар Қапысын тауып сені алар.
Басы-көзі қан боп.
Арқа-басы шаң боп,
Және тұрып жылпылдап;
Жығылып тұрып,
Буыны құрып,
Тағы қуып салпылдап. Абұйыр қайда, ар қайда?
Әз басыңа не пайда?
Ит үрсе, бала
Таяғын ала,
Қуады итпен кектесіп.
Ұрысқансып “ой” деп,
“Ұят” деп, “қой” деп, Үлкендер тияр “тек” десіп.
Оны білсең, мұның не?
Мен де ұят іс қылдым де.
Білгенге жол бос,
Болсайшы қол бос
Талаптың дәмін татуға.
Білмеген соқыр
Қайғысыз отыр, Тамағы тойса жатуға.
Не ол емес, бұл емес,
Менің де күнім — күн емес.
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім.
Құлағын салмас,
Тіліңді алмас
Көп наданнан түңілдім.
Екі кеме құйрығын Ұста, жетсін бұйрығың.
Жартасқа бардым,
Күнде айғай салдым,
Онан да шықты жаңғырық.
Есітіп үнін,
Білсем деп жөнін,
Көп іздедім қаңғырып. Баяғы жартас — бір жартас,
Қаңқ етер, түкті байқамас. Жаяуы қапты, Аттысы шапты,
Қайрылып сөзді кім ұқсын.
Іште дерт қалың,
Ауыздан жалын
Бұрқ етіп, көзден жас шықсын. Күйдірген соң шыдатпай,
Қоя ма екен жылатпай?
Мамықтан төсек,
Тастай боп кесек,
Жанбасқа батар, ұйқы жоқ.
Сыбыр боп сөзі,
Мәз болып өзі, Ойланар елдің, сиқы жоқ. Баяғы қулық, бір алдау, Қысылған жерде жанжал-дау.
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым — тап шыным!
04.02.2022

3-дәріс. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» — қазағым, жұртым, елім деп өткен ақынның дара да дана қаламынан туындаған көркемдік дәрежесі биік, мағынасы тереңде жатқан туынды. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» — Абайдың көлемі отыз жолдан тұратын, 11 буынды қара өлең ұйқасы түрінде жазылған өлеңі. Ол алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарық көрді [2]. Өлең сыни релистік сарында жазылған, мазмұны қазақ халқының сол замандағы бүкіл болмыс-бітімін, қоғамдық-тарихи және рухани ахуалын көрсетеді. Оны талқылау, талдауда түрлі зерттеушілердің пікірі бір нүктеде ұшырасады. Солардың ішінде М.О. Әуезов, А. Нұрқатов, С. Әшімбаев сынды әдебиеттанушылардың айтқан ойларының ғылыми құндылығы ерекше екендігін атап өткен жөн.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.

Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,
Оның да алған жоқ па құдай құлқын?
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.
Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,
Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?
Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?
Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,
Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.
Ұғындырар кісіге кез келгенде,
Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?
05.02.2022

4-дәріс. «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
«ӨЛЕҢ — СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ» — Абайдың 1887 жылы жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 5 тармақты 15 жолдан тұрады. Ол – қазақ оқушысына ертеден даңқты көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіндегі елең. Бұған шейін ақындықтың әлеумет тірлігіндегі өзгеше қасиеттерін Абайдың өзі де жырлаған жоқ — ты. Ақын мен ақындықтың мұрат — мақсаты туралы қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын өзге де жырлаушы, жазушы болмаған. Ең алдымен, бұл өленде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары әлеуметтік тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді.

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
 
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол — ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
 
Әуелі аят, хәдис – сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны Алласы.
 
Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.
 
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
 
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.
 
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
 
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап.
 
Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,
Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап.
Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,
Былжырақ көрінеді солар даңдақ.
 
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап.
 
Батырды айтсам ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап,
Әншейін күн өткізбек әңгімеге
Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап.
 
Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап,
Көнгенім-ақ соған деп жүр табандап.
Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп,
Жіберсем, өкпелеме, көп жамандап.
 
Амалдап қарағайды талға жалғап,
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап.
Мақтан қуған, малқұмар нені ұға алсын,
Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап.
 
Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап,
Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап.
Қақса-соқса бір пайда түсе ме деп,
Елдің байын еліртіп «жау мұндалап».
 
Ынсап-ұят, ар-намыс, сабыр, талап –
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.

07.02.2022

Абай туралы шығарма эссе
Абай Құнанбайұлы (1845 — 1904) жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында дүниеге туылған. Абай қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшы, философ, ақын. Абай өз балалық кезін әжесі мен анасының жанында өткізген. Абай санасына қатысты бар шуақты қасиеттер мен ақындыққа деген ұмтылыс сезімі әжесі мен анасының әсерінен сіңген.

Абай ауылдық молдадан білім алып, сауат ашып, кейіннен Семейге сауатты дамыту мақсатпен аттанады. Абай ақын медресе оқуында жүрген уақытында Шығыс поэзиясына қызықтанып, Шығыстың ақындары секілді өлеңдер жазуға талпынады. Сексенінші жылдар орталығында Абай ақындық жолына бағыт бұрады. Абай өлең және шығармаларын үзіліссіз жазуға тырысты. Дегенімен, сонау кездердегі халықтың ішіндегі тартыстар ақындық өнермен айналысуды қиындатаны. Абай ақындыққа бағыт бұрғанда өлеңдерін білім, өнер және мәдениетке бағыттады. Абай 1885 жылда «жасымда ғылым бар деп ескермедім» — деп атаған тұңғыш шығармасын жазды. Осы өлеңі тұңғыш Абайдың шығармасы болып, Абайдың ақындық жолдағы ізденісін танытты.

Абайдың қарасөздері
Әлемде еш зат өзі таңдаған мұратқа жеткілікті қайрат пен жігер жасамай жету қиын. Ғылым және білімді оқыу, өзінше іздену — қайрат борлысы. Кейбіреулер ғылым және білімді ақыл — қайратсыз үйрену қиын. Абайдың шығармалары осындай мағыналарға толы болған.

Абайдың қайратты қарасөздері оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып табылады. Абайдың қарасөздерінің жалпылық саны 45 бөлектен тқрады. Олар тақырып нысанынан бірғана бағытта жазылмады, олар әр алуан болды. Абайдың 6 — 7 қарасөздері қысқалау болса, кейбіреулері тақырып және мағынасы жағынан ауқымды болды. Абай өз қарасөздерінде туындының көркіне ғана емес, сонымен бірге оның ауқұмдығы мен мағынасына назар аударған. 1918 жылы Семейде жарық көрген «Абай» журналында Абайдың бірнеше қарасөздері жарық көрді.

А.Құнанбаев. Абай шығармашылығы


  • Шығармалар
  • Ainurduiseshova
  • 27.03.2018
  • 0
  • 0
  • 35552

Ұлы Абай шығармашылығы халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.

Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді.

Білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады, орысша кітаптарды көп оқиды. Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Абайдың қай өлеңі болмасын. Өзіме ең жақыны Абай Құнанбаевтың қара сөздері. Онда айтылатын мәселелер, қара сөздердің тәрбиелік мәнінің маңызы зор. 

Абайдың қарасөздері жалпы тақырып, мазмұн жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Көп сөздеріңдегі ойлар, пікірлер өлендерімен ұштасып, солардың мән-мағынасын кейде қайталап пысықтап, кейде әрі қарай жалғастыра дамытып отырады. Енді бірқатар жазбаларыңда автор тың өрістерден ой толғап, табиғат пен қоғам құбылыстары, халықтың тарихы мен тағдыры, адамның жеке басының проблемалары жайындағы жаңа бір пайымдауларын алға тартады. Бұл еңбектер жанрлық, стильдік жағынан да әр алуан. Қарасөздерді алғаш жазуға отырғанда ақын ойыма келген нәрселерді жаза берейін…, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым», — деп қаншалыкты қарапайымдық білдірсе де, бұл жазбалар ғылыми-танымдық және әдеби-көркемдік мәні өте зор, ақынның жалпы ақыл-ой өрісін, дүниеге көзқарасын танытуда баға жетпес мағлұмат беретін аса құнды қазына болып табылады. «Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы». Мақал-мәтелдердің бәрін ой елегінен өткізбей қолдана беруге болмайтындығын баса назарға алған. Абай бұл ойларының түйінін бесінші сөзінде де, қазақ даласында көп таралған мақал-мәтелдердің мазмұны арқылы да дәлелдеген: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен. Ол тек қана мал үшін қам жейді екен. Ал мал табу жолын біле ме? Оны да білмейді. Оның бар білетіні – малдыларды алдап, арбап, мақтап, мал жинау, егер бұл іске аспаса, алдап немесе мақтап ала алмаса, онда әкесімен болса да жауласудан тайынбайды екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшік, соған ұқсаған қылықтардың қайсысын болса да қылып, мал тапса жазалы демесек керек екен. Осындай Абай айтқан әдіспен мал тауып, халықты алдап, арбап, қулықпен, сұмдықпен, ұрлықпен, зорлық-зомбылықпен көгеріп, көркейіп отырмын деп санайтын адамдар бүгінгі таңда баршылық екеніне бәріміз тағы да куәгерміз.

Абай алтыншы сөзінде қазақтың «бірлік пен тірлікті» қалай түсінетінін көрсеткен. «Өнер алды – бірлік, ырыс алды — тірлік» деген мақалдың пәлсапалық мәні қандай? Оны дұрыс түсіне ала ма? «Қазақ ойлайды, — дейді Абай, — бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен» деп. Осы ортақтықты бірлік деп түсінеді. «Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік?» — деп Абай «бірлік» сөзінің мағынасын өзі ашып береді. «Жоқ,-дейді Абай, — бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік малға сатылса антұрғандықтың басы осы».  Мызғымайтын шындықтарды айтуды Абай алдына ешқашан мақсат қылған емес. Рухани дүниесі құлдырау жолына түскен тобырларды дұрыс жолға салу қиынның қиыны болатын. Осыны сезінген Абай қатты қиналып, дағдарысқа ұшырайды. «Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!» деп мұңын шаға келіп, оның себебін түсіндіреді. Бас басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын? – («Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», 1886  «Қой асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса, сақа қой», «Бас-басыңа би болса, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» деп мақал айтып, тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?» деп Абай бірінші мінезді сипаттай отырып, қалың қазақтың жік-жікке бөлінуін, «бас-басына би болған өңкей қиқымын» тайға таңба басқандай айшықталып тұратын қазақтың бір олқылығы деп дөп басып айтады.

Абай заманында бөлінген қазақ, әлі де сол бетінен қайтпақ емес. «Екінші мінезі – намысқорлық екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен. «Өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады» деп, «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер» деп, «Ағайынның азары болса да, безері болмайды», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» десіп, «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге жолығар» десіп. Кәнеки, енді осы екі мінез қайда бар? Бұлар да арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді.

Бұлардан айырылдық. Ендігілердің достығы – пейіл емес, алдау, дұшпандығы – кейіс емес, не күндестік, не тыныш отыра алмағандық» деп Дана Абай жиырма тоғызыншы қара сөзінде былай деген: -“Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар”- дей келе, “Жарлы болсаң, арлы болма” “Атың шықпаса, жер өрте”, “Алтын көрсе, періште жолдан таяды”, ” Ата – анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті” сынды мақалдардың ешқандай тәрбиелік мәні жоқ екенін, ата-анасын малға айырбастау, құдайға дұшпандық, азқындық екенін , жер өртеп шығарған аттың қандай абыройы барын сынай келе, осындай білместікпен айтылған сөздерден сақ болуды ескертеді.

Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең мұхитпен тең десек,қателеспеген болар едік.Ғажайып суреткер,нәзік лирик,көркемсөз шебері,ең алдымен-ойшыл ақын.Бұл пікір ақынның өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне, философиялық дүниетанымына және оның қара сөздеріне,әсіресе дінге, Алланың болмысы,имандылық туралы толғаныстарына қатысты.Ақын шығармашылығында өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас бейнесі көрініс тапты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

ЖОСПАР:

1.    «Дүние де өзі,мал да өзі».
2.    «Қалың елім,қазағым».
3.    Татулық пен тұрақтылық.
4.    «Өлең-сөздің патшасы».
5.    Түйін.

«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес.Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді».
(Ж.Ысмағұлов.)

Өнер-білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады,орысша кітаптарды көп оқиды.
80-жылдардың орта кезінен бастап,Абай ақындық жолға біржола бет бұрды.Бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі.Бұған дейін арагідік жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.Осы жылдардан бастап Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.Бірақ ел арасындағы шиленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген.

«Дүние де өзі,мал да өзі».
Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады.Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар,ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады.Абай мұнда,ең алдымен,жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді.Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді.Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.
Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын,шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп,сынайды.
Жасымжа ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім.
Бұл-өткенге құр өкіну емес,келешекте жастардың өзі тәрізді опық жеп қалмай,білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығының халықтық,ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді.Кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі.
1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды.Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған.Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып,адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғалым болуы керектігін түсіндіреді.
Ғылым таппай мақтанба!
Орын таппай баптанба!
Құмарланып шаттанба!
Ойнап босқа күлуге,-
дейді ол.Сөйтіп,ғылымға берілудің,ғалым болудың жолдарын әңгімелейді.
Ғылым жолы-әділдік жолы.Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз,-
дегенде,ол ғылым үйренетін жастың қараңғы,надан қауымнан өзгеше болуын қалайды.
«Интернатта оқып жүр» өлеңінде Абай әлгі ойларына тың пікірлер қосады.Мұнда,сыншылдық басым.Ақын патшалық ел билеу жүйесіне,оқыту тәртібіне сын айтады.Халыққа пайдалы емес,залалды болып шығатын әкімдер мен шалағай төрелердің оқудағы мақсатын көрсетеді.
Орыс тілі,жазуы
Білсем деген таласы
Прошение жазуға
Тырысар,келсе шамасы.
Ынсапсызға не керек,
Істің ақ пен қарасы.
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы,
…Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер панасы?
Ақын мұндай мақсатпен ғылым қууды қуаттамайды.Олардың «Иә тілмаш,иә адвокат» болу ниетіне Салтыков пен Толстойды әдейі қарсы қояды.Толстой  мен Салтыков-Щедрин сынап,масқаралаған орыс шенеуніктерінің бейнесін олардың есіне салады.
Тіл мен теңеу,түр жағынан алғанда да, «Интернатта оқып жүр» өлеңі-жаңалығы бар шығарма.Осы өлеңде Абай «интернат», «военный қызмет», «прошение», «адвокат», «здравомыслящий», «коренной», «счет»,т.б. орыс сөздерін қолданады.Оларды ұйқастыра отырып,еркін пайдаланады және оларды ақын орыс мәдениетін үгіттейтін өлеңге әдейі кіргізген.
«Қалың елім,қазағым».
Бұл кезде жазған өлеңдерінде Абай озық мәдениетті насихаттаумен қатар,әлеуметтік,азаматтық санасы өскен халықтың үлкен қайраткері дәрежесінде көрінеді.Оның өлеңдерінен еңбекші халық мүддесін қорғаған азаматтың үні естіледі.Өзі билеуші тап ортасынан шықса да,тарихи дамудың беталысы мен қоғамдық шындықты түсінген ол еңбекші шаруаға шындап бет бұрғанын байқатады.Оларды «елім», «жұртым», «халқым» деп,дос тұта сөйлейді.Осы бетбұрыста Абай сол халықты жүдетіп,шаршатып отырған ұнамсыз әрекет-мінездерді,олардың ішкі сырын үлкен шеберлікпен ашатын психолог ақын ретінде танылады.Заманы мен өзі өмір сүріп отырған ортаның кемшілік-қайшылықтарын өткір және әділ мінеп-сынайды.
Бұл сарын,әсіресе,Абайдың «Қалың елім,қазағым,қайран жұртым» деп аталатын өлеңінде анық байқалады.Мұнда өз халқының басындағы қайғы-мұңды көріп дерттеніп, «Қалың елі-қазағының» қазіргі халіне қинала сөйлеген ақын бар.Ел ұйытқысын бұзған,оның берекесін кетірген әкімсымақтарға деген оның ызасы да мол.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки,бұзған жоқ па елдің сиқын?-
деп,ол ел ішіндегі адамгершілік жағынан да,мінез-құлық жағынан да татымсыз топты бөліп көрсетеді.
Абайдың алғашқы сыншылдық өлеңдері ХІХ ғасырдағы орыс реализмінің сыншыл сарынын үлгі тұтқанын,сол жолдағы ізденісін, беталысын байқатады.

Татулық пен тұрақтылық.
Халқының келешегін ойлап егілген,сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған.Соның бірі-достық мәселесі. «Жігіттер,ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ол тіршілікте өзі көрген,халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып,жастарды шын адамгершілік жолына,қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді.Оларды жалған татулық,бояма мінезден сақтандырады.
Абай үлкен достықты отбасылық өмірден,жастар сезімінің тұрақтылығынан,әйелге адамгершілік,әділет тұрғысынан қараудан іздеді.Ол жастардың адал махаббаты мен шын достығын уағыздады.Ескі әдет-ғұрып заңдары бойынша өзі бастан кешкен өмір сабағына сүйене отырып,ол шынайы достық сезімді жоғары қояды.Жас ұрпақты ескі тәрбиенің кертартпа жағынан жирендіріп,жаңа өнеге ұсынады.Бұл тұрғыдан оның «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп», «Кейде есер көңіл құрғырың» деген өлеңдерін еске алу орынды.Бұл өлеңдердің лирикалық кейіпкері-шын достық пен махаббатын таппай күйзелген жан.Ол «сол досты» іздеп күңіренеді,жоқтайды.
Махаббатсыз дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
…Пайда,мақтан-бәрі тұл,
Доссыз ауыз тұшымас,-
деген өлең жолдары-мазмұны жағынан ақынның ой түйіні,өсиеті іспетті.Бұл өлеңдер жас ұрпақты ақын аңсаған достыққа, махаббатқа үгіттейді.

«Өлең-сөздің патшасы».
ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетін,оның халықтық негізін терең зерттеу Абайды ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы көзқарасқа алып келді. Ең алдымен,Абай сөз өнерін үлкен қоғамдық күш әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды. «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» атты өлең-бұл тұрғыдан ақын бағдарламасын тәрізді.Онда Абай өлеңге қойылатын көркемдіктің жаңа шарттарын белгілейді.
Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бұл-жақсы өлеңді даналықтың айғағы деп ұғу.Мұның ар жағында өлеңнің түрі мен мазмұнының бірлігін талап ету,оны «бөтен сөзбен былғамау» талаптары қойылады.
Көркем сөздің асылы-поэзия деп жоғары бағалай отырып,бір кез Абай қазақ ортасында оның қадірін кетіріп жүрген ақындарды сынауға ауысады.
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен,сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз,надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты,жоқтан қармап.
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
Бұл сын,негізінен,өлең сөзді әлеуметтік шындықты суреттеуге емес, күнкөріс қамына жұмсаушылар мен «көржерді өлең» қылушыларға арналады.Сол арқылы ақын қазақ арасында өлең сөздің «қадірсіз» көрінген себебін ашады.Сөйтіп,өз поэзиясында жаңа мақсат барын жариялайды.
Ескі бише отырмын бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді,тыңдаушы сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап,-
дейді ол.Бұл шумақтың соңғы жолдары ақынның өлең сөздің мазмұнын өзгертумен байланысты,тыңдаушыларды да тәрбиелеу қажеттігіне назар аударғанын байқатады.Оларды халық тағыдырын жырлайтын жаңа үлгідегі поэзияны түсіне білуге,бағалауға шақырады.
Қоғам мен адам өміріндегі поэзияның орны және қызметі жайындағы ойын Абай «Біреудің кісісі өлсе,қаралы ол» (1888) атты өлеңінде тереңдете түседі.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай,елең-селең.
Бұл ойын ақын бала туғандағы шілдехана,қыз ұзатқандағы тойбастар өлеңдері,адам өлгенде айтылатын жоқтаулармен дәлелдей келіп,өмірде өнермен байланыссыз еш нәрсе жоқ екенін көрсетеді.Абайдың бұл пікірі «алғашқы қоғамнан бері қарай өнер адам баласының күнкөріс қарекетімен қатар жүргізілген рухани құралы болды» деген ғылыми көзқарасқа дәл келеді.
Осы негізде ақын өз әріптестеріне жаңа талап қойып,олардың ел мұңына жақын болуын қалайды.Халық алдында өзінің де күлкі болмауын, сөздің де қадірін кетірмеуін тілейді.
Сый дәметпе,берсе алма еш адамнан,
Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан?
Сүйінерлік адамды сүй,қызмет қыл,
Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан,-
дейді.
Өлеңнен ермек емес,өнер екенін ол ылғи баса айтады.Өз өнерін халық мүддесіне жұмсауды мақсат етеді.Оны мына шумақтан да байқаймыз.
Мақсатым-тіл ұстартып,өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып,көңілін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ,әуел баста-ақ.
Ақын мен ақындық міндеті туралы ойланғанда,Абайдың осы мәселені тереңдете қарастыру,ел құлағына сіңіре беру үшін қайта бір оралғанын «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» (1889) атты өлеңінен көреміз.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,   
Жоқ-барды,ертегіні термек үшін.
Көкірегі-сезімді,тілі-орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін!
Өзінің ақындық мақсатын осылай көрсете отырып,Абай бұл өлеңде шығарманың мазмұнына қатысы жоқ сөзуарлықты,ескі қиссаларда,соған еліктеп қисса жазатын ақындарда кездесетін «әсіре қызыл» теңеу,жалған қызықшылықты суреттеуді сынап өтеді.
Өлеңі бар,өнерлі інім,сізге
Жалынамын-мұндай сөз айтпа бізге.
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,
Есіл өнер қор болып кетер түзге,-
деген сөздермен ол жас буын ақындарға тағы да тілек артады.
Үш жылдың (1887,1888,1889) ішінде біріне-бірі жалғас жазылған бұл үш өлеңде Абай ақынның қоғам алдындағы қызметі мен сөз өнерінің күші жайындағы ойын тереңдетіп,толықтыра түсті.Бұл ой,түптеп келгенде, әдебиеттің халықтығы туралы орыстың революцияшыл-демократтарының эстетикалық көзқарасымен үндеседі.Белинский мен Чернышевскийдің әдебиетті өмірге жақындату,сол арқылы қоғамдық дамудың өзекті мәселелерін батыл көтеру жайлы ойларды Абайға күшті әсер еткен.Осы идеяға сүйене отырып,ақын қазақ ортасындағы өлең сөздің маңызын көтеруге күш салады.Жаңа сөзга лайық жаңа оқушы,тыңдаушы тәрбиелемек болады.Бұл-Абайдың қазақ әдебиетіне әкелген үлкен жаңалығы.
Түйін.
Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең мұхитпен тең десек,қателеспеген болар едік.Ғажайып суреткер,нәзік лирик,көркемсөз шебері,ең алдымен-ойшыл ақын.Бұл пікір ақынның өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне, философиялық дүниетанымына және оның қара сөдеріне,әсіресе дінге, Алланың болмысы,имандылық туралы толғаныстарына қатысты.Ақын шығармашылығында өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас бейнесі көрініс тапты. «Абай поэзиясы қоғам дамуындағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын,ұлттың мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып,қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес,өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді»,-деген академик З.Ахметовтың пікірі Абай поэзиясына берілген әділ баға.Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасына орын алады.
Адамды сүйіп,адамды құрметтеуге үндеген кемеңгер ақын поэзиясының түпкі негізі-адам,толық адам.Абай армандаған толық адам өнерлі,білімді,еңбекқор,адал,әділ,жылы жүректі,ыстық қайратты ғылым жолына түскен іздемпаз болуы керек.Ал махаббат пен сүю,адамды сүю, Алланы сүю,әділетті сүю Абай шығармаларының биік мұраты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *