Абай жолы 2 том эссе

«Абай жолының 2-кітабы «Тайғақта», «Жайлауда», «Еңісте», «Оқапта»,
«Асуда», «Тарауда», «Биікте» деген жеті тараудан тұрады.

«Тайғақта» деген бірінші тарау Құнанбайдың қажылыққа аттануынан басталады. Семейдегі құдасы Тінібектің (Құнанбайдың Ұлжаннан туған Мәкіш деген қызының атасы) үйінен аттанар алдында жолын тосып тұрған Дәркембай  Қодардың інісінен туған жетім Дәрменге құн сұрайды. Дәркембай – «Мұсақұл  соғысында» Құнанбайды атпақ болған кедей жатақтардың бас көтерер адамы.

Майбасарлар Дәркембайды жолдан ысырып тастамақ болғанда, әкесі үшін
намыстанған Абай араша түсіп, Дәрменге қалтасынан 100 сом беріп, жөнелтіп
салады. Құнанбаймен бірге баратын Ізғұтты – Құнанбайдың баласындай болып
кеткен асыранды інісі. Азан шақырып қойған аты ұмытылып, қарулы, тапқыр
және жолы жеңіл болғандықтан, «Ізі құтты» атанған.

Әкесін шығарып салып, қайтып келе жатқанда Орда тауының етегінде орналасқан Байшора аулына түседі. Жолдан шаршаған Абай мен Ербол  тынығып алмақ болып, жатып қалады. Абай әсем әуен үнінен оянады. Ән салған Тоғжан екен деп ұйқылы-ояу далаға атып шыққан Абай ән шыққан үйге  Ерболды жібереді. Осылайша, Тоғжан салатын «Топайкөк» әні арқылы Шүкіманмен танысады. Ертеңінде Абай «Керім… Керім… Несін айтасың…» десе,  Ербол да «Әй, керім, Әй, керім…», – дейді. Осы сөзден барып, Абай оны Әйгерім атайды. Әйгерім атанған әнші-сұлуға Абай көп ұзамай қыздың да, үй ішінің де  келісімін алу үшін Жиренше мен Ерболды жібереді.

Абайдың Ербол сияқты жақсы достарының бірі – Жиренше. Ол – көтібақ  Байсалдың немере інісі, Қоңыркөкшеде отырған мамай елінің болысы. Ал  Әйгерім – осы мамай елінің қызы. Сөзге шебер, жылпос жігіт Жиренше  бұлардың келісімін алып қайтқаннан кейін, Абай енді одан шешесі Ұлжанмен  сөйлесіп беруін сұрайды. Ұлжан бұл істі мақұл көрмей, Абайдың өзін шақырып,  сөйлеседі. Баласының кейін опық жейтінін айтып, ұзақ сөйлеген Ұлжан: «Ендігісін өзің біл. Өзің ойлап, өзің шеш», – дейді. Абай үндемей кетеді. Біраз уақыт өткен соң, Жақып, Жиренше, Оспан, Ғабитқандар барып, құда түседі.

«Жайлауда» деген тарауда Абай мен Әйгерім отауына атақты Біржан сал қонаққа келеді. Ауылдың өнерпаз жастары жинала бастайды. Осылардың  ішінде Сүгірдің Әкімқожа деген баласынан туған Керімбаланың орны ерекше.

Ол – Біржанның әнін ғана үйренуші емес, орындаушысы да. Ал Әйгерім ән салғанда, Біржаннан бастап, тіпті Абайдың өзі де қозғала алмай, ұйып қалады.  Бәйбішесі Ділдә отырған үлкен үйге шақырылған Абайға «Қу кедейдің қызы  басынбасын… Үні шықпасын бұдан былай» деген сөздер айтылады.

Бөкеншінің Сүйіндіктен кейінгі билеушісі – Сүгірдің немересі Керімбала
мен жігітектен шыққан қарапайым әнші Оралбай бір-бірін ұнатып қалады.
Керімбала Қаракесектің байларының біріне атастырылған. Қос ғашықтың бұл
әрекеті жігітек пен бөкенші арасында шайқас тудырады. Базаралы мен басқа
жанашырлары екі жасты жасырғанмен, бөкенші жағы тауып алып, Керімбаланың қол-аяғын байлап, атастырған жеріне жөнелтеді.

«Еңісте» деген үшінші тарауда – Абай Әйгерімді ғана алып, Ақшоқыға жаңа отау тігеді. Құс салып жүрген Құдайбердінің үлкен ұлы Шәкеге Абай мен  Оспан жолығады. Тәкежан мен Қаражанның тұңғыш баласы Мақұлбай қайтыс  болады. Құнанбай Мекке-Мәдинадан келгеннен кейін дүние ісіне араласпай,  өз мекенін намаз оқитын орынға айналдырады. Базаралы төрт жылға жуық  қажылықта болған Құнанбайға сәлем бере келеді. Жүзі нұрлы, жолбарыстай келбетті тұлғалы Базаралының жүдеп-жадаған күйін көріп, Нұрғанымға жаңа киім тіккізуге тапсырма береді.

Үйіне сауын боларлық екі сиыр, бес құлынды биені жаздай саууға жіберткізеді. Құнанбай Мақұлбайдың жетісі өткенше  Нұрғаным ауылына қайтпайды. Базаралыдан Нұрғанымды қызғанған Оспан бұл ауылға су бергізбейді. Бұған ыза болған Нұрғаным сазды жерде тұрған ас  үй ішінен құдық қазғызады. Кейін Оспан мен Нұрғаным тартысы аңызға айналады. Әйгерім Абайдың жазып берген жоқтау өлеңін айтқанда Құнанбайдың өзі ден қойып тыңдап, Мақұлбайдың қырқы өткенше баланың жоқтауын тек Әйгерімге айтқызуды тапсырады.

Ералыда болыстық сайлау өтеді. Андреев деген тілмашты жақсы танитын Абай советник Лосовскийге мән-жайды түсіндіріп, Базаралы жағында болады. Дәркембай, Базаралы бастаған қарапайым  халық жеңіп, Тәкежанды жақтаған тентек ояз оны амалсыз болыстықтан түсіреді. Керімбаладан айырылған Оралбай тобықты, керей, сыбан, найманның  үлкен байларына барымта жасап, ел бүлдіруді бастайды. Ералыдағы сайлауда оязға қарсы шыққан Абай қалаға жауапқа шақырылып, каталашкаға түседі.

Құнанбайдың құдасы Тінібекпен араласатын Әлдеке деген бай саудагердің үш  сәйгүлікті пәуеске мініп жүретін сері қызы Салтанат Абайды кепілдікке мың сом төлеп шығарып алады. Салтанат – Абайдың апайы Мәкіштің құрбысы.  Лосовский ояз болады. Ол Қызылмола, Қоңыркөкше, Шыңғыс болысы  сияқты үш болыстың сайлауына Абайды қасынан тастамай, ертіп жүреді. Қызылмолаға Абайдың інісі Ысқақ болыс болады. Абай атағы жайыла түседі.

«Оқапта» деген төртінші тарауда Есқожа аулының ерке қызы, сәнді сұлу, әнші Үмітей Көкше Қаратайдың туысы Дүтбайға ұзатылмақшы. Тойда  Құдайбердінің ұлы Әмір бастаған сал-серілер өнер көрсетеді. Той үстінде Үмітей Әмірге бұрылып кетеді. Ашуға булыққан Құнанбай Әмірді үйіне алғызып,  еңкейіп сәлем бере бергенде, қылқындырып, өлтіре жаздайды. Әкесінің мінезін  білетін Абай дер кезінде жетіп, Әмірді арашалап қалады.

Абай Шәке, Ербол,  Баймағамбет сияқты бір топ туыс-достарымен аңға шығып, ақ түтек боранда  жолдан адасып кетеді. Сол жолы Мотыш руының Аққозы деген жігітіне ұзатылып кеткен ғашығы Тоғжанға кез болады.

«Асуда» деген бесінші тарауда ертегіші, әңгімешілдігімен атағы шыққан  Баймағамбет Абай аулына келеді. Ол сюжетін Абай айтқан немесе басқа ел  аузындағы оқиғаны баяндағанда жұртты аузына қаратады. Баймағамбет келіпті дегенді естігенде, әңгімесін тыңдауға ел адамдарымен қатар Абай балалары да келеді. Үйде Ақылбай, Әбіш, Мағаштар бар. Қаладан келе жатқан  Жидебайдағы үлкен ауылдың көршісі Асылбай Абайға Михайловтың хатын  тапсырады, Ресей патшасы өлтірілгенін хабарлайды. Орнына Александр ІІІ отырады.

Абай мен Баймағамбет ертеңіне Семейге жол тартады. Жазушы  Абайды Евгений Петрович Михайловпен ұзақ сөйлестіріп, оның өмір тарихынан сыр шертеді. Чернышевский туралы да айтылады. Дәркембай бастаған  жатақтардың егінін Тәкежанның малы таптап, жеп кетеді, жеті жылқысы қолды болады.

«Тарауда» деген алтыншы тарауда Балқыбекте сияз болады. Арыз-шағым көп түскендіктен, тағы Лосовскийдің өзі келеді. Тіпті жер мәселесіне  байланысты ақын Көкбай Жанатайұлының да үстінен түскен арыз бар. Абай  арыз-шағымды өзі тексеріп, кімнің сөзі рас, кімдікі өтірік екенін басын ашып,  айтып береді. Көкбайды ақтап алады (Абай алғашқы өлеңін осы ақынның атынан жариялаған. Көкбай Әуезовке Абай туралы мағлұмат беріп, өзі де естелік жазған).

Дәркембайдың отыз қаралы  малын қайтартқызады. Салиқа мен Байгөбектің мәселесін шешеді. Ертеңінде сыбан,  керей, уақ, тобықты, сақ-тоғалақ, арғын  бастатқан екі дуан бас қосқан сияз болады. Болыстардың бәрі төбе би болудан үміткер.

Абай төбе билікке өз туыстарын емес, халық өкілі Асылбекті сайлатқызады. Осы
арқылы қалың ел арасында Абай турашылдығы аңызға айналады. «Абай – адам
да, азамат та» деген сөз тарайды. Абай балаларын орысша оқуға бере бастайды. Өзі
шығармашылыққа біржола ден қояды.

«Биікте» деген жетінші тараудың «Татьянаның сахарадағы әні» деген
тағы бір аты бар. Бұл тарауда Абайдың  А.С.Пушкиннен аударған «Евгений Онегин» поэмасының елдегі әсері сөз болады.

Эпилогта Татьянаның әні жұрт арасында кеңінен тарайды. «Алда – өмір, тартыс. Сол тартыста бұл жалғыз… бір қуаты, бір үміті бар… Қуаты – ақындық, үміті – халық».

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Ұқсас материал:

  1. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)

  2. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы

  3. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ

  4. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  5. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  6. Ілияс Есенберлиннің өмірі туралы мәлімет
  7. Сәкен Сейфулиннің өмірі мен еңбек жолы
  8. Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің идеясы мен мәні
  9. «Қайталау» теориясы туралы түсінік

Эссе
Абай жолы
Абай жолы — М. Әуезовтің әлемге әйгілі роман — эпопеясы. “А. ж.” — қазақтың көркем прозасын классик. стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетик. талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман — эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энцик. деңгейде жан — жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған.

Әуезовтің “А. ж.” роман — эпопеясы әлемдік деңгейде: “ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі” (Луи Арагон), “Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті (Н. Тихонов). “Шынында, бұл қазақтар — неткен ғажайып халық! Осы кереметтік “Абай” романында қандай тамаша суреттелген!” (Б. Матип) деген жоғары баға алды. Сондай — ақ, бұл роман — эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Ш. Айтматовтың “Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі — “Манас”, бірі — Мұхтар Әуезов” — деуі осыны айғақтайды.

“А. ж.” роман — эпопеясы жазушының ұзақ жылғы ғыл. ізденістері мен көркемдік танымының жемісі. 30 — жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, қым — қиғаш пікірлер айтысы туғанына қарамастан Әуезов Абайдың өмірі мен ақындық жолына байланысты зерттеулерін тоқтақан жоқ. Л. Соболевпен бірігіп жазған “Абай” трагедиясын 1939 ж. Мәскеуде бастырды, кейін ұлы ақынның өмірін бейнелейтін опера либреттосын, киносценарий жазды.

“Абай” трагедиясында оның жанрлық ерекшелігіне байланысты ақын өмірінің соңғы кезеңі, яғни, хакім Абай бейнеленген. Мұнда Абай халықтың қамқоршысы, халық мүддесін жақтайтын күрескер, өнер — білімді уағыздаған ағартушы ретінде көрінеді. Бұл трагедияға дейін — ақ Әуезов Абай жайында роман жазуға бел байлаған. 1937 ж. жазылған “Татьянаның қырдағы әні” атты үзінді болашақ романның тарауы ретінде жоспарланған болатын. “Татьянаның қырдағы әнін” оқушы — қауым жылы қабылдады. Көп ұзамай жазушы өз ойын жүзеге асыруға тікелей кірісті. Алғашқыда романға “Телғара” деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман үш кітаптан құралмақшы болатын. Алайда, жұмыс барысында оның шеңбері кеңейтіле түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын “Абай”, онан кейін мұның жалғасы болып табылатын “Абай жолы” (бұл да екі кітаптан тұратын) романын жазды. 1 — кітабы 1942, 2 — сі 1947, 3 — сі 1952, 4 — томы 1956 ж. жарыққа шықты.

Алғашқы екі кітаптан тұратын “Абай” романы үшін жазушыға КСРО Мемл. сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық “А. ж.” роман — эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Абайдың заманы, өмірі мен өнерпаздық, қайраткерлік, ұстаздық өнегесі жайында кесек көркем шығарма жазуға Әуезов мол дайындықпен келді. Бұл жазушының дүниетанымы, ойшылдығы тереңдеп, кемеліне келген, суреткерлік шеберлігі шыңдалып әбден жетілген кез болатын. Әрине, бүтін бір тарихи дәуірді, бір халықтың ұлттық өмір — салтын, толып жатқан қым — қиғаш оқиғаларды, сан алуан кейіпкерлер бейнесін, іс — әрекетін, бір — бірімен қарым — қатынасын ұлы ақын, ойшыл, ұстаз Абайдың өмір жолымен ұштастыра суреттеу үшін мүлде жаңа, тың көркемдік шешімдер тауып, ұлттық көркем прозада зор жаңашылдық таныту қажет еді. Мұның бәрі өмір шындығына терең бойлап, тарихи шындықты бүгінгі заманның талғам — танымына үйлестіріп, жалпы адамзаттық түбегейлі мүдделермен сабақтастырғанда ғана іске асатынын жазушы жақсы сезінді. Ақын, ойшыл, Абайды жазушы басты кейіпкер етіп ала отырып, айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен (бұлардың ішінде аса ірі тұлғалар мол) тығыз қарым — қатынас үстінде жан — жақты ашады. Абай барлық оқиғалардың топ ортасында жүреді. Бір қарағанда оған қатысы жоқ оқиға, сурет — көріністер, оған Абайдың көзқарасы не оның тікелей араласуы арқылы жаңа мазмұн, мағынаға ие болып, жарқырап шыға келеді. Сөйтіп, бас кейіпкердің тұлғасы толыға түседі де, оның характерінің сипаттары айқындалып, ашыла береді. Оқиғалар мен эпизодтардың көптігіне қарамастан шығарма сюжет құрылысының қарапайымдылығымен, шынайлығымен, композициясының шымырлығымен көзге түседі.

“А. ж — нда” қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалған. Аса мол өмірлік материалды, әдеби, этногр. мұраларды алғырлықпен игеріп, көркемдік әр берген. “А. ж.” роман — эпопеясында қазақ халқының этногр., діни, жалпы мәдени — танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері т. б. — бәрі бар.

Оқиғалар мен фактілерді баяндау үстінде жазушы өмірлік тартысты барынша ашып көрсетуге, оның әлеум. мәнін күшейтуге тырысады. Белгілі фактілердің шеңберімен шектелмей, қажет жағдайда бүкіл баяндаудың барлық желісін бір түйінге келтіру үшін, басты мәселелерді бір арнаға түсіріп, түйістіру үшін оқиға барысын өзгертіп, өзінше қиыстырып, жаңғыртады. Романдағы түгелдей, немесе жарым — жартылай ойдан шығарылған көптеген кейіпкерлердің тағдырлары өмірде болғандай кескін — кейіпке ие болып, жалпы тарихи даму бағытымен байланысты, біртұтас көркемдік ойдың өзегімен тығыз ұштасып жатады. Тарихи оқиғалар мен фактілердің бәрі роман — эпопеяның бүкіл мазмұнымен тығыз ұштасып, шығарманың көркемдік өміріне орайлас мән — мағынасы басқаша ашыла түседі.

Әуезов халық өмірі мен тұрмысын, салт — санасын, оның жекелеген өкілдерінің түсінігі мен көзқарастарын суреттей отырып, ұлттық қасиет — ерекшеліктерге жалпы адамзаттық сипат дарытады, ұлттық және жалпы адамзаттық белгілердің бірлігін көре біледі, ал қоғамның тарихи дамуынан біздің дәуірімізге дейін өз маңызын сақтаған прогресшіл бағыттарды бөліп ала біледі. Жазушы Абай дәуірін көркем суреттеуде тарихи процестер мен құбылыстар мәніне терең енуі арқылы ғыл. зерделілік пен көркемдік танымды шеберлікпен ұштастырады.

“А. ж.” жай ғана тарих емес, көркемдік ойдың көрігінен өткен, сомдап бейнеленген өмір шындығы, халықтың тағдыры, өткені мен келешегі жайындағы терең толғаныс. Қоғамдық мәселелерді толғайтын жазушы өз дарынына қарай — ойшыл, тарихи жанрда жазса — тарихшы, сан алуан адамдардың қарым — қатынасын, мінезін, құлқын, іс — әрекетін терең ашып көрсете алса — психолог. Сондықтан біз эпопеяда тарихи шындық, өмір филос — сы мен поэзиясы ұштасқан дейміз.

Аристотель айтқандай, поэзия, көркем әдебиет болғанды ғана баяндамайды, болатынды, болуы мүмкін жайларды да мол қамтиды, сол арқылы өмір шындығының филос. мәні арта түседі. Мыс., романдағы Құнанбай бейнесінің өмірде болған Құнанбайға қарағанда жағымды жақтары аздау, ал жағымсыз мінез — құлықтары көбірек болса, осыған қарап жазушы кеңес дәуіріндегі қасаң саясаттың ыңғайымен кеткен деген үзілді — кесілді пікір қорытуға бола ма? Әрине, Құнанбай бейнесінің жағымды сипаттары молырақ болса, эпопеяның алғашқы екі кітабына айтылатын сынның да көбірек болатынын Мұхтар жақсы білді. Бірақ мәселе тек мұнымен шешіле қоймайтыны да анық. Жазушы көркем шығарманың өз заңдылықтары мен мүмкіндіктері бар екенін түсініп, соны толық пайдалануға күш салды. Яғни, жазушы кейіпкердің өмірде болған адамның жай көшірмесі ғана болмай типті тұлға дәрежесіне көрсетіліп суреттелуін ұтымды көрді. Осы тұрғыдан алғанда, мыс., Дәрменді Абайдың ең жақын, өте дарынды бір ақын шәкіртін бейнелеп көрсету қажеттігін ескертіп, ойдан шығарылған, жинақталып жасалған бейне дейміз. Өмірде болған нақтылы біреуді прототип етіп алса, оның өзі елге аты мәлім белгілі ақын болса, ол жазушының ойын еркін өрбіту мүмкіндігін шектеп, қолбайлау болмас па еді? Осыған орай үлкен шындықты жеке кейіпкерлердің әрбір іс — қимылынан іздемей, эпопеядағы заман келбетінен, сан түрлі адамдардың қарым — қатынасынан, басты кейіпкер Абай тұлғасынан, оның ой толғаныстарынан, терең сезімге толы табиғат суреттерінен, жазушының концептуалды, түйінді идеяларынан, солардан туындайтын тарих тағылымынан тану қажеттігі туады.

“Абай жолы” эпопеясының танымдық мәні туралы айтқанда Абай заманын, сол ортаны, Абайдың ақындық, азаматтық тұлғасын, өнерпаздық жолын танытуы арқылы әдебиеттану, соның ішінде абайтанудың өзінің одан әрі өрістеп, дамуына әсер — ықпалы да аса зор болды дейміз. Эпопеяның кең мағынасында тарих, этногр. секілді ғылымдар тұрғысынан қарағанда да танымдық мәні аса күшті екенін кезінде акад. Қ. Сәтбаев атап көрсеткен болатын. Ал жалпы халықтық мүдделер тұрғысынан келгенде, біз “А. ж.” эпопеясының ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ана тілімізді өркендетудегі орасан зор рөлін баса айтуымыз қажет. Эпопея дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. 200 томдық “Әлем әдебиеті кітапханасы” топтамасында 2 том болып басылды.

Әдеб.: Нұрқатов А., Мұхтар Әуезов творчествосы. А., 1965; Қаратаев М., Эпостан эпопеяға. А., 1968; Ауэзова Л. М., Исторические основы эпопеи “Путь Абая”, А., 1969; Қабдолов З., Мұхтар Әуезов және оның әсемдік әлемі, А., 1986.
Аскаров Рауан Серикович

Светило науки — 9 ответов — 0 раз оказано помощи

Ответ:

Эссе

Абай жолы

Абай жолы — М. Әуезовтің әлемге әйгілі роман — эпопеясы. “А. ж.” — қазақтың көркем прозасын классик. стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетик. талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман — эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энцик. деңгейде жан — жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған.

Әуезовтің “А. ж.” роман — эпопеясы әлемдік деңгейде: “ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі” (Луи Арагон), “Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті (Н. Тихонов). “Шынында, бұл қазақтар — неткен ғажайып халық! Осы кереметтік “Абай” романында қандай тамаша суреттелген!” (Б. Матип) деген жоғары баға алды. Сондай — ақ, бұл роман — эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Ш. Айтматовтың “Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі — “Манас”, бірі — Мұхтар Әуезов” — деуі осыны айғақтайды.

“А. ж.” роман — эпопеясы жазушының ұзақ жылғы ғыл. ізденістері мен көркемдік танымының жемісі. 30 — жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, қым — қиғаш пікірлер айтысы туғанына қарамастан Әуезов Абайдың өмірі мен ақындық жолына байланысты зерттеулерін тоқтатқан жоқ. Л. Соболевпен бірігіп жазған “Абай” трагедиясын 1939 ж. Мәскеуде бастырды, кейін ұлы ақынның өмірін бейнелейтін опера либреттосын, киносценарий жазды.

“Абай” трагедиясында оның жанрлық ерекшелігіне байланысты ақын өмірінің соңғы кезеңі, яғни, хакім Абай бейнеленген. Мұнда Абай халықтың қамқоршысы, халық мүддесін жақтайтын күрескер, өнер — білімді уағыздаған ағартушы ретінде көрінеді. Бұл трагедияға дейін — ақ Әуезов Абай жайында роман жазуға бел байлаған. 1937 ж. жазылған “Татьянаның қырдағы әні” атты үзінді болашақ романның тарауы ретінде жоспарланған болатын. “Татьянаның қырдағы әнін” оқушы — қауым жылы қабылдады. Көп ұзамай жазушы өз ойын жүзеге асыруға тікелей кірісті. Алғашқыда романға “Телғара” деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман үш кітаптан құралмақшы болатын. Алайда, жұмыс барысында оның шеңбері кеңейтіле түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын “Абай”, онан кейін мұның жалғасы болып табылатын “Абай жолы” (бұл да екі кітаптан тұратын) романын жазды. 1 — кітабы 1942, 2 — сі 1947, 3 — сі 1952, 4 — томы 1956 ж. жарыққа шықты.

метки: Нанбай, Абайд, Андай, Кітапты, Нанбайд, Осылард, Осындай, Болад

«Абай жолының» бас кейіпкері — Абай. Біз ақын өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын… бәр-бәрін түгел шарлап өтеміз. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр.

19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ өмірінің бұл төрт кітаптан тыс қалған бір де бір қалтарысы жоқ. «Абай жолының» мазмұн жағынан алғанда жалпы жұрт мойындаған энциклопедялық сипаты, жанр жағынан алғанда қазақтың тұңғыш эпопеясы екендігі де осында жатыр. Тағы бір күрделі ерекшелік — осынау кең құлашты халықтық эпопея бастан-аяқ тартысқа, қарама-қарсы күштердің қым-қиғаш күресіне құрылған және осылардың бәрі диалектикалық қимыл-қозғалыс, өсу-өрбу, өрістеу үстінде көрсетілген. Мысал үшін шығарманың негізгі арқауындағы арналы тартысты алайық. Бәрінен бұрын мұнда жеке адамдар арасындағы психологиялық шиеленістер, қарым-қатынастағы қайшылықтар, әлдінің әлсізге қиянаты, зорлығы, қаныпезерлікке ұласқан қаталдығы (Қодар мен Қамқа оқиғасы); одан өрбіген ру мен ру арасындағы кескілестер — жер дауы, жесір дауы, құн, барымта, алыс-жұлыс, айқастар; осылардың жалпы жұртқа тиген зардабы — түрлі сипаттағы қаналулар: кедейленулер, қаңғып-тентіреулер, жұтқа ұшыраулар, жатақтардың пайда болуы, қазақ даласына орыс қоныстанушыларының келуі, жарлы-жақыбайлардың өзара ынтымағы, олардың үстемдерге қарсылығы, бұл қарсылықтар үстінде көрінген жалаңтөстер, олардың жазалануы, жер аударылуы, осы арқылы бірте-бірте ескі мен жаңаның ара жігі ажырап, күрестің жаңаша сипат алуы… Осылардың бәрі қара қылды қақ жарған әділдікпен адал, ақиқат шындық шеңберінде тағы да нақты және даму үстінде көрінуі — шын мәніндегі реалист-суреткердің айта қалғандай дарын күшіне, талант қуатына саяды.

Эпопеяда ешбір адам жоғарыдағыдай тартыс арнасынан шет қалмайды. Бәрінің характерлері, сол қым-қиғаш күрес үстінде қалыптасады. «Абай кезіндегі қазақ даласында,- дейді автор,- күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні мен Құнанбай образына жинақтадым. Ал, оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар. Сондықтан, ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты — ескі мен жаңаның диалектик, қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болдым». Бұл — аса қиын әрі қатерлі адым. Күрес пен тартысты анық жауласқан қарама-қарсы екі жақ емес, туған әке мен баланың арақатысына құру бұрылтпас және көл-көсір психологиялық дәлелдер таппаса, көптің сана-сезіміне бір қарағанда жете қоймайтын нанымсыз нәрсе секілденеді. Реалист-суреткердің айта қалғандай шығармашылық күш-қуатының тағы бір керемет көрініс тапқан тұсы — осы ара: әке мен баланың өзара ымырасыз жауларға айналуы, нәтижесінде Абайдың әкеден біржола тұсау үзіп, іргесін ажыратуы. Оқырманды осыған қалтқысыз сендіруі — автордың қисапсыз шеберлігі болса, соның нәтижесінде көрінген «Абайдың қасиеті — өз табының тілегінен көп қиналыстар, толғанулар, тәнге-жанға түскен жаралар арқылы жыртылып айырылуында, өз заманынан биік тұруында».

3 стр., 1056 слов

Путь абая сочинение на казахском языке

… қ баласы Абайды тануы, білуі парыз. Абайды Абай еткен шығармашылығы мен кейінгі ұрпаққа қалдырған ізі. Абай өзінің туған халқымен м … жай емес. Олай болса ?лы Абайды жан-жа?ты сан ?ырынан тани аламыз. Абайды? ?арас?здері., Абайды? ?арас?здері Абайды? м?раты, Абай арманы,Абай ?ні адамды адамгершілік, кісілік … асқақ ойшыл философ, қай жағынан да алғанда да жаңашыл, дүниежүзілік мәдениет тарихынан ерекше …

Бұл — эпопеяның идеялықаласытақырыптық негізінің мызғымас мықтылығы. «Абай жолының» граниттей берік ірге тасы осынша шебер қаланған. Ал, сюжет пен композицияға келетін болсақ, мұнда да Әуезов суреткерлік шеберліктің үлгісін көрсеткен. Төрт кітаптың өн бойында адам образдарын жасауға қызмет етпейтін бір де бір деталь, штрих, керек десеңіз, бір де бір сызық жоқ. Бәрі де мінездеу мен мүсіндеу, жинақтау мен даралау міндеттерін атқарып тұр. Әр характердің жасалу тарихы бар. Әр образ тип дәрежесіне дейін көтерілген. Басты кейіпкерлер ылғи өрбу, өсу үстінде көрінеді. Ӏ-кітаптың басында қаладан аулына асығып келе жатқан бала шәкірт пен 4-кітаптың аяғында жарық дүниеден жөнеліп бара жатқан данышпан ақынның екі арасындағы қырық бес жыл тек қана Абайдың адам, азамат, ақын ретіндегі өзгеруімен, жаңғыруымен, жаңаруымен, құбылуымен, құлпыруымен өтетіні сияқты әрбір ірі, іргелі қаһармандар не ілгерілеп, не кері кетіп, не өрлеп, не құлдырап, не өліп, не тіріліп отырады. Статикалық түрде бір де бір құбылыс жоқ, бәрі динамикалық сипатта. Бұл сюжет мінсіздігінің нәтижесі.

Осылардың бәрі композициялық бүтіндікке көшкен жағдайда жазушының тағы да адам таң қалғандай шеберлігі ширатылып шыға келеді Мұны Мүсірепов дәл аңғарған: «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деген — әр бөлімнің аттары. Осыны біріне бірін жалғап, бір саты етсең, қат-қабат, шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан Абайды көресің. Бұл — үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы. Сонымен бірге бұл — Құнанбайдың да баспалдақтары. Осы сатыларды төмен қаратып қойып, аяғынан басына қарай оқысаң, бұл жоғарыдан ылдилап келе жатқан Құнанбайдың жолы болып шығады. Сонда, Абайдың жолы — «қайтқанда, қат-қабатта, шытырманда, бел-белесте, өрде, қияда» болып шығады да, Құнанбайдың жолы — «қияда, өрде, бел-белесте, шытырманда, қат-қабатта, қайтқанда» болады. Бірі — көтерілу, бірі түсу, төмендеу жолы. Үшінші, бұл — Құнанбай тобының да, Абай тобының да жолы».1-кітаптың композициясын бұдан артық дәл сипаттау қиын. Сол сияқты әр кітаптың жеке-жеке және төрт кітаптың жалпы композициясын да осы ретпен таратып-тұтастырып шығуға болар еді. Бірақ ол шарт емес. Бәрінің бірімен, бірінің бәрімен бірлігі секілді, бәрінің түзілісін бірінің құрылысымен сипаттауға әбден болады. Жаңағы пікір 1-кітаптың жалпы мазмұнына қатысты айтылды. Сол сияқты мұндағы полифониялық сырды, я болмаса көп проблемалылықты, олардың бәрі барып тоғысар үлкен арнаны да әлгі ретпен байыптап шығуға болар еді. Айталық, 1- кітаптың 1-бөлімідегі бірінші тарау:

5 стр., 2308 слов

Реферат абай жолы романы туралы

… табылатын Абай жолы романын жазды.Алғашқы екі кітаптан тұратын Абай, романы үшін жазушыға Мемлекеттік сыйлық беріліп, төрт томдық Абай жолы. Абайдың бірінші … Мамыр. 1918 жылы Әуезов тұңғыш рет Абай жайлы мақала жазып, Абай заманы туралы білген, естігендерін қағаз бетіне түсірген. … Қай өлкеде, қай атырапта туса да, ол жазушы болар еді. Абай топырағы жазушы қаламына айрықша әсер еткені баршамыз …

1) «Үш күндік жолдың соңғы күніне барын салған бала шәкірт» астындағы жарау құлабестісін ағызып-ағызып алып, жаппақ жазықтың белінен-беліне көтеріліп, қасынудағылардан оза шауып, алып-ұшып келеді. Бұл арадағы тақырып — туған жер, идея — сағыныш.

2) Жолаушылар жайлаудағы ауылға жетті. Абай әйелдер кұшағыңда, жаппай, жағалай сүйіс, енді бірде әже қасында, әжесін өлеңмен алдап үшкіру, қуаныш-күлкі, бәрі мәз-мәйрам, мәре-сәре. Бұл арадағы тақырып — ана, идея — мейірім.

3) Абай үлкен үйге кірді, Құнанбай қасында, Құнанбайды қоршаған ақсақал-қарасақалдар арасында үнсіз, жым-жырт тыныштық, бірін-бірі баққан суық жүздер, әлдебір кеселді құпияны әркім өзінше іштей салмақтап, сілтідей тынып қалған. Бұл арадағы тақырып — әке, идея — мейірімсіздік…

Дәл осы ретпен жеке алғанда бір кітаптың, жалпы алғанда төрт кітаптың бар проблемасын ақтара-төңкеріп, өріп шығуға болар еді. Сонда эпопеяның бар саласын, ойы-қырын түгел шарлап, кезіп шығуға болар еді… Бұл эпопеядағы сан алуан сыр мен шындықты, оның ірілі-ұсақты детальдарын бір желіге көгендеу болса, енді жеке кейіпкердің, яки Абайдың өз тұлғасын тұтастырудағы бір ғана композициялық сәтті алып қарайық.

Бірінші кітап

1-кітаптың басында Абай қаладан далаға келе жатады, асығып, алып-ұшып, аулын сағынып келе жатады; ал аяғында — даладан қалаға кетіп бара жатады, қарама-қарсылыққа, қайшылыққа толы өз аулынан өзі безіп, түңіліп қашып бара жатқандай. Осы екі арадағы он шақты жылда аулынан Абай көрген жайды, Абай кешкен хәлді, Абай ұққан, Абай сезінген, Абай түйсінген сырларды бір шолып пайымдасақ, тек Абай басында болған өзгерістерді ғана емес, кітап толы кейіпкерлердің бәрін бір атмосфераға алған үлкен эволюцияны аңғаруға болар еді. Бұл да зергер қиюластырған тамаша композиция арқылы тұтасқан шынайылық. Енді тип пен характерге көшсек, бұл арада да Мүсіреповке бір соғып өткен жөн. Асылы, Мүсіреповтің «Абай» романы туралы» деген сын мақаласы — әдеби шығарманы эстетикалық талдаудың үлгісі. Оны 1958 жылы I. Омаровқа жазған хатында Мұхтар Әуезовтің өзі де өте жоғары бағалаған: «Ойыма он бес жыл бұрынғы бір кез оралып еді,- деген ол. — «Абай» романының бірінші кітабы шығып, соны жазушылар, сыншылар, кейбір адамдары боп талқылап, танымақшы болып жатты. Бірақ бір күнгі ұзақ мәжіліс түк те берекелі нәр бермеді. Баяндамашы Құнанбайды Иван Грозный деп, Петр Первый деп әр биікке қарай жетектеп алды да, қаңғыды да кетті.

Кейін сөйлеушілер де жетістірген жоқ. Әркім әрбір қабуын-шабуын дегендей сипалаған, сылаған болды да, кәдімгі белгілі саяз, сылдыр сөздерге сайды. Өте бір күйкі күйді амалсыз еске алғызды. Мен үндегем жоқ… Сол жиылыстың ең соңында күн бойы о да үндемей отырған Ғабит жиылысты басқарып отырған Сәбитке келіп бір ауыз сөз айтты: «Немене, адамша сөйлейміз бе, жоқ осымен кете барамыз ба?» — деді. Сол күннен бастап екі кеште ол бір баспа табақтай етіп өзінің роман жөніндегі, бар жұрттан оқшау, бөлек шырғау шыққан әділ, адал, саналы толғаулы ірі ойларын айтып шықты. Сөйтіп, келесі күнгі жиылыс «адамша сөйлеудің» нағыз өзін бастап еді». Дәл осы сөзінде Мүсірепов романдағы типтер мен характерлердің бірқатарын бірер сөзбен былайша дәлме-дәл сипаттайды. «Сүйіндік — жалтақ; Байдалы — табанды, қырыс адам. Бөжей — сыр бермес, Қаратай — жеңген топтың қасында… Майбасар, Жұмағұл, Тәкежан, Қамысбайлар — патша үкіметінің жасаған болыстығының маңында болатын мансапқорлар… Зере — ел анасы, Ұлжан — соның жалғасы. Сары апаң — үстем рудың әрқашан өзімдікі дұрыс деп, қисыны келсе-ақ қарсы дау соғатын кеуделісі… Бұлардың бәрінің жиынтығы, сақасы сияқты Құнанбай — сонша сұм, сонша аруақты, сонша бір кесек образ! Абайдың өзін алатын болсақ — бұл бұқара халықтың тартқан жапа, көрген қорлық, төккен жасынан туған, ел тілегіне жаңа жолдар, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел басы, замана жасы.

10 стр., 4705 слов

Абай Құнанбайұлы туралы

… ырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абайдың өмірбаяны Абай бала … пен өйел мөселелер-не арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп … алғашқы ойын енді тікелей жалғастырғандай: “Өлді деуге сыя ма, ойландаршы, Абай шығармашылығы Өлмейтұғын артына с …

Құнанбай — елдің тоқырап қалған, өз биігінен аса алмаған ескі ойы болса, Абай — елдің алысты болжай алған, ілгері сүйреген ойы».[4] Білгірлікпен берілген мінездемелер!.. Абай тұлғасы — эпопеяның жаны мен жүрегі. Бұл бейнені Әуезов өзінің кемел көкірегінде қолына қалам ұстаған күннен бастап аялап, ойында тербетіп, ғұмыр бойы қиялында өрбітіп келген. «Боваримен» дейтін Флобер секілді, «Наташа Ростова — өзім» дейтін Толстой тәрізді Әуезовтің өзі Абайға, Абай өзіне айналып кеткенше бұл бейнені қағаз бетіне түсірмеген, іштей пісіре берген. Әуезовтің өлеңнен өзге артында жазулы жазба дерек қалмаған Абай өмірінен романға материал жинау әрекетінің өзі керемет қызық, нұсқасы: «Алдақашан бел асып кеткен керуеннің айдаладағы жұртына кешігіп жеткен жүргінші,- деп жазады ол,- сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, оны демімен үрлеп тұтатпақ болды десек, романға материал жинаған менің хәлім де дәл сол әрекет сияқты еді. Мен қарт адамдардың көмескі жадында ұмыт болып қалған көп нәрселерді қайта ойлатып, айтқызып алдым. Алпыстағы Әйгерімнің әжімді бетіне қарап, оның бір кезде Абайды тұтқындаған жас шырайлы ғажап сұлу жүзін «қалпына келтіруім» де әлгідей еді». Міне, осы әрекетінің өн бойында жазушы өзінің бас кейіпкерінің образын ойша қорытып, санада жасап жүрді. Осылайша өзінің қаны мен жанына айналғандықтан да оның бас кітабында бас кейіпкердің тастан қашалғандай көп қырлы, мол бедерлі бейнесі, құдды тірі адамдай жанды, толыққанды тұлғасы тұтасып шыққан.

Абай бейнесі

Алғашқы кітапта адам, азамат ретінде қалыптасқан Абай кейінгі кітаптарда ақын, қайраткер ретінде қиян-қилы қимыл-әрекеттерге көшеді. Осы желінің ұзына бойында оның тарам-тарам өсу, даму жолдары, белес-белес өрістеу, шарықтау биіктері жатыр. Бір кереметі — осылардың бәрі тек қана сыртқы сарт-сұрт, ылғи қолма-қол «қимыл-күшпен емес, шығармашылық іспен» (Әуезов), яғни ішкі көңіл күйіндегі нәзік ағыстар мен толқындар арқылы, солардың сан түрлі иін-иірімдері арқылы қат-қабат астарлы көрініс табады. Қаһарман іштей түлеп өседі. Демек, рухани мағынасында Абай, бір жағынан, сыр мен сезімнен, ой мен санадан құйылып жасалған терең психологиялық тұлға. Бас кейіпкердің парасат пен философияға толы болмыс-бітіміндегі қайталанбас қадыр-қасиетте осында жатыр. Абай — кең құлашты, мол тынысты эпикалық тұлға. Бұл тұлғаны автор эпопеяның басынан аяғына дейін өрмек тоқығандай, бір де бір тінін үзбестен тартып, асықпай өріп шығады. Көл-көсір нақты да затты деталь, ұшан-теңіз психологиялық анализ, сан-сала іс-әрекет, қимыл-харекет — осылардың бәрі Абай тұлғасын сомдауға қызмет етеді. Осылардың бәрінде де автор өз қаһарманының «жан диалектикасын» бойлап, ілгерілейді де отырады. Абай тұлғасы оқырманның көз алдында көктей өсіп, автордың өзі айтқандай, құз-жартасты жарып шығып жапырақ жайған шынарға — символ бейнеге айналады.

3 стр., 1098 слов

Абай – дана, Абай – дара қазақта

… қ лайық есімді табу мүмкін емес. Абай есімі неткен жылы, неткен дара?! Ес білгелі өз жаныма сонша жақын дара тұлғаның әрбір сө … Абай атын, Ұлы ақын деп өзінізді айта аламын. Ерекшесіз, дарасыз біздер үшін, Үлгі тұтып өзінізбен мақтанамын. Абайдың ұлылығы ұлттығында, Ей, … қымның болмысын танытар дана ойлары мен күн өткен сайын өз жұмбақ әлеміне қызықтыра алып кетті. Абай әлемі, Абай поэзиясы, қара сө …

Эпопеяның басында Абай өзін қоршаған дүниеге кіршіксіз сәби сезіммен, күнәсіз бала көзімен қарайды. Семей қаласынан Шыңғыс баурайындағы аулына қайтып келе жатып, өзі туған өлкені жан жүректен «жабыса, сағына сүйеді!». Бұл кең жазирада мейірбандық пен туысқандықтан басқа, елдік пен ерліктен өзге оғаш мінез бар деп білмейді, қанішер қаталдық, жауыз жендеттік болады деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмейді. «Есенбай жырасында ұры жатады» дегенге сенбейді де мән бермейді, қайта қасындағы Байтас пен жорға Жұмабайды өзі «ұры» боп қорқытады. Жас Абайдың туған дала туралы осынау уыз ұғымы өз әкесі Құнанбай өктемдігінен құрбан болған Қодар өлімін көргенде төңкеріліп түседі. Өзгеріс осыдан басталады. Енді ол Құнанбай мен құнанбайшылдар ісіне күдікпен, іштей қарсылықпен қарай бастайды. Бұған қосымша өз басындағы хал де осы ортадан түбінде түңілуге сайғандай. Әлгі бір Қарашоқыдағы қанды оқиғадан ауруға шалдығып, төсек тартты; Бөжей үйінде тірі жетім ғып әкесі «ит жемеге тастатқан» кішкене мүскін Камшат тағдыры мұның жанын жегідей жейді: аяулы ғашығы Тоғжанға қосыла алмай, тағы да әке шешімімен өзі сүймеген Ділдаға үйленуі… Осылардың бәрі Абайдың о бастағы мөлдір тұнығын сел басқандай лайлай береді.

Әке мен бала

Құнанбай болса, Абайдан өзіне ізбасар дайындамақ. Сол оймен баласын әр іске бір салып, өз қарамағындағы ру басыларға жұмсап, сынап та көрді. Тумысынан зерек, қабілетті, өнерлі жігіт оттай жанып, шоқтай маздап, әке сынынан сүрінбей өтеді. Барған ауылдарында Абай туралы ұнамды ұғым, жақсы атақ, кейде тіпті әжептәуір аңыз қалып отырады. «Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған» дегендей, Тоғжанның махаббаты да тұңғыш рет Абай Сүйіндік үйіне барғанда — жас қонақпен әкесінің әңгіме-насихатының үстінде тұтанғандай… Абайдың ел ішіндегі есті жас Ерболмен достығы да осындай, азаматтың ат үстінде жүрген шақтарында тапқан рухани олжасы. Абайдың өз басы, ой-санасы, ұғым-нанымы, жалпы ішкі дүниесі де, әрине, бір орында тұрып қалған жоқ. Үздіксіз өзгеру, өрбу, жаңғыру, жаңару үстінде болатын. Романда бұл процестің ішкі дәйектері, детальдар, психологиялық анализ дегендер аттаған сайын кездесіп отырады. Ру аралық жанжалдар, таластар, олардың өршіп, асқынып барып ұласқан жері — Тоқпамбеттегі, Мұса құлдағы қарулы қақтығыстар — Абайдың өзі өмір сүріп, өсіп келе жатқан ортаға әлеуметтік көзқарасын қалыптастырады. Бара-бара жас азамат өз жөнін іздеп, бағытын бағдарлайды. Осы жайлардың қай-қайсысында болмасын, осынау өмір қоршауына автор Абай көзімен қараса, Абай өз бойындағы асыл қасиет — өнер көзімен қарайды, дәлірек айтқанда, Абай ақиқатты ақын көзімен таниды.

Құнанбайдың қанды қол қатыгездігі, одан туындайтын жолсыз жаза мен жауыздық, ұлып табысқан бөрілер секілді ұйлыққан қырық рудың қырық көкжалы — жұмылған қырық жұдырық, тағылықпен лақтырылған қырық тас кесек; осы көріністердің жан түңілтер жыртқыштық мәні; осындай «жаны ашымастың қасында басы ауырғандар» — жұтқа ұшыраған жарлы-жақыбайлар, қира кезік құл-құтандар, басында билігі жоқ әйелдер қауымы, еріксіз ұзатылған қыздар, қалың малға түскен келіндер, түрліше өлу-тірілулер, өшу-жанулар, осылар қалыптастырған салт-сана, әдет-ғұрыптар… Осылардың бәрін Абай сырттай бақыламайды, бар ақындық болмысымен іштей толқына сезінеді, тебірене түйсінеді және осылардың бәріне бейтарап қарай алмайды, қалыс қалмайды, әр құбылысқа өзінің қарым-қатысын белгілейді, не құптайды, не қарсы болады, сол ретпен белсенді қимылға көшеді…

9 стр., 4356 слов

Созвучие лирики А.С. Пушкина и Абая Кунанбаева

… твое, Коль судьбу свою в руки народ не берёт. Величие стихов Абая и Пушкина на политические, социальные темы проявилось и в … менен жаманды айырмады?, Бірі ?ан, бірі май боп енді екі ?рты?. (1886 ж.) Обнажая социальные противоречия, поэт-реалист смело обличает корыстолюбие и … вражда». Поэт обращается к народу: О, казахи, мой бедный народ! Жёстким усом небритым прикрыл ты рот, Кровь на правой щеке, …

Адамдардың арақатынасы ғана емес-ау, тіпті табиғат құбылыстарының өзін Абай статикалық хәлде емес, динамикалық күйде анық ақындық түйсікпен тура тірілтіп түсінеді. Айталық, қырдағы кеш, қоңыр іңір «бұның бір ұғымсыз әміршісі, сүйсіндіре мүлгіткен зор мұңдасы тәрізді»; кеше ғана өзара жауыққан рулар бір-біріне сойыл сермеп, шоқпар сілтеп, бір-бірін соққыға жыққан тау бөктерінен «соққан салқын ызғар қатал мінездердің ызғырығы тәрізді»; енді бірде «Абай біртүрлі сейіліп, іштей серпіліп алып, тау жотасынан биіктеп, аспанға қарады. Толық ай ашық көкті қалқып, сызып келіп бір топ шоғыр қара бұлтқа кірді. Кірді де қызық күйге түсті. Абай соған қарап өзге жайдың бәрін ұмытып, аңырап телміре қалды». Абайдың ақындық бітімі, ішкі дүниесі осылайша нәзік және терең ашылады. Дәл осы тәсілмен эпопея авторы бас кейіпкердің іштей түлеуін, өзгеруі мен өсуін көрсетеді. Кітап басында қаладан келе жатқан Абайға жерұйық боп көрінген көктем көркіндегі кербез дала кітаптың аяғында ақ қар астында ақ кебінге оранған өлік секілденеді. Бұл — әшейін көзге көрінген сурет қана емес, көңілге ұялаған шындық. Бұл шындыққа енді Абайдың көзқарасы да басқаша… Әке мен баланың арасындағы жол айырығы осы тұста біржола белгіленеді. Бұл бұрылысқа әкелген романның өн бойындағы психологиялық дәлелдің күші сондай, оқырман Абайдың әр қылығы мен қимылын дәл өз қимылы мен қылығындай қалтқысыз қабылдап, татаусыз түйсінеді. Сондықтан ол әке мен баланың ажырасу себебіне сенеді. 1-кітаптың аяғында әке мен бала бір-біріне бетпе-бет келіп, ой, пікір, ұғым сайысына түскенде оқырман Абай жағында болады. Абай, сөйтіп, өз өмірінің биік қиясына қарай адымдап, өрлеп келе жатады: «Қияға қадам басқаны рас. Бір күндерде жалаң құздың басындағы тақыр құм мен тастақты жарып, әлсіз нәзік шешек атып, жас шынар пайда болған. Сондай бір өмір гүл шашқан. Енді бір күнде сол шыңға шыққан жалғыз шынар балғын тартып, жас қуатқа толыпты. Қазір оған қыс пен аяз да, тіпті тау дауылы да қатер болудан қалған еді»[5].

1-кітапта Абай осылайша азамат ретінде қалыптасса, екінші кітаптан былай қарай енді өнер адамы — ақын Абай, шын мәніндегі азамат-ақын көрінеді. Бұл тұста авторға «шығармашылығы арқылы Абайдың өзі көмекке келеді» (Әуезов).

Ендігі өмір Абай ақындығының қайнар-бұлағына айналады. Ендігі жерде көп-көп деталь Абай өнерінің психологиясы — көптеген өлеңдерінің туу құпиясын ашуға қызмет етеді. Асылы, Абай ақындығының арғы тамыры өзінің туған топырағындағы төл әдебиетте — халық өнерінде — өзін сәби кезінен қиял-ғажайып ертегілермен әлдилеген Зере-әжеде, мұңшыл жырау Барласта, сыншыл жыршы Шөжеде… жатса, бергі бұтағы мен жасыл жапырағы орыс әдебиетінде — Е. П. Михаэлис секілді орыс достары арқылы қолы жеткен А. С. Пушкинде, М. Ю. Лермонтовта… жатыр. Романда осы сыр терең және жан-жақты толғамын табады. Таланты мен танымы, ұғымы мен білімі, жалпы ой-санасы, ақыл-парасаты осындай қос арнадан қоректенген азамат ақынның рухани дамуы, қайраткер ретінде өсуі одан әрі жалғасады. Мыс., алғашқы кітаптарда Абай өз келесіндегі келеңсіздікті, өз ортасындағы әділетсіздікті, феодализмнің тоң мойындығын сынаушы болса, кейінгі кітаптарда ол шеңберден шығып, енді күллі Шығыс керітартпалығын әшкерелеуші дәрежесіне көтеріледі.

7 стр., 3181 слов

Ескендір қандай адам

… гімелер, шығармалар туралы жан- жақты таныстық. Дастанның тарихи шындықпен қандай байланыс бар екенін білдік. Енді оқулықтан «Ескендір» дастанын мәнерлеп … қандай зұлымдық, іс-әрекеттерден де тайынбайды. Ездік те, қаныпезер қаражүректік те оларға бұйым емес. «Адам, — дейді ұлы ақынымыз Абай, — … «Медғат-Қасым» поэмасы да — романтизм сарыныңдағы поэма. Бірақ негізгі стилі солай бола тұрса да, бұл …

Екінші кітап

Орыс классиктерінің шыншыл дәстүрінен сусындаған Абайдың ендігі күрес жолының бір ұшы Россиядағы азаттық қозғалысымен жалғаса жаздағандай. Бірақ реалист-жазушы тарихи шындық шеңберінен шықпайды. Абай алдынан тағдырдың тартары — революционердің улесі емес, ағартушы ақынның сыбағасы екенін ұмытпайды. Дей тұрғанмен, қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздіктер мен күрес тақырыбы соңғы кітаптың күллі идеялық мазмұнын кеулеп, сюжеттік арқауына айналып кеткен. Жаңа мен ескінің тартысы енді осы арнада жүреді. Бұл тайталастар бұрын ауыл аясында болса, енді қала тіршілігін де қамтиды. Қараңғы қазақ даласында рауандаған таң жарығындай Абай ағартушылығынан тараған осынау күрес сәулесі бұрын даладағы Дәркембайлар мен Базаралылар үстіне түссе, енді қаладағы Әбендер мен Әбділер, Сейіттер мен Сейілдер маңын нұрландырады. «Абайдың» 2-кітабы мына сөздермен аяқталған еді: «Алда — өмір, тартыс. Сол тартыста бұл жалғыз… бір қуаты, бір үміті бар… Қуаты — ақындық, үміті — халық».[6] «Абай жолының» екі кітабында осынау негізгі идея көркемдік жағынан жан-жақты жинақталады. 4-кітаптың аяғында Абай дүниеден кетеді, бірақ 2-кітаптың соңында образ-символға айналған «Абай кемесінің» желбіреген жалауы сол қалпында, сапары тоқтар емес: «Кең жайқын әлемде түзу жол сызып, маңып барады… Жалауында «Тартыс», «Үміт» деген ұран бар. Халық үмітін үстіне арқалаған сол кеме «Келешек» деген жағаға тартты». Көлді теңізге қотарғандай, авторлық идеяны объективті идеяға мұншалық шетсіз, шексіз айдынмен айналдыру — асқан шеберлік. Абай тұлғасы Әуезов талантының осы құдіретіне кепіл. Ал, Құнанбай ше?

Құнанбай бейнесі

Құнанбай тұлғасының жасалу шеберлігі бүкіл дүние-жүзілік әдебиет тарихында сирек ұшырасады. Әдеттегі түсінікпен атасақ, Құнанбай — жағымсыз кейіпкер. Дұрысында да солай, кері кеткен кер заманның жанкешті жақтаушысы, рулық-феодалдық жүйенің бір тінін үзгісі, бір өрімін ыдыратқысы келмейтін шынжырлы шонжар — жаңаның жауы, күні өткен, тозығы жеткен көненің жамап-жасқаушысы… Автордың айтуында да Құнанбай тұлғасы идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына енді-енді еніп келе жатқан жаңаның жолындағы кедергіні — ескіні көрсету нәтижесінде туған. Әдетте осындай ұнамсыз типтер бізде (тек бізде ғана емес) бірыңғай қара бояумен атастырыла, ылғи жамандық жағы қазбаланып, кейде тіпті іске алғысыз дөкір, дөрекі күйде көрсетілетін. Әрине, мұндай жағдайда да автордың идеялық мақсаты болатыны даусыз. Бірақ сол идеяның көркемдік шешімі даулы, жасанды және жалаңаш. Ал, Құнанбай ондай емес. Мейлінше шыншыл суреткер бұл образды мінездеу мен мүсіндеуге, жинақтау мен даралауға өзінің бай палитрасындағы бір (қара) емес, бірнеше (ақ, көк, сары…) бояуды қоса, қатар жұмсап, түрлі-түсті табиғи кескінде, алдымен адам ретінде барлық күнгей-көлеңкесімен жан-жақты, толық, тұтас тұлғаландырған.

Автор ұнамсыз кейіпкер бойындағы ұнамды қасиеттерді күзеп не тонап әкетпейді, өзіне береді, өзінде қалдырады. Құнанбай — азулы ғана емес, ақылды: шоқпар мен сойылдың ғана емес, әріден толғайтын ойдың адамы. Көзі дара болғанмен көкірегі сара — көреген: ашуы мен қайратын қатар ұстайтын, қаталдығының арғы жағында қайсарлығы жатқан қасарма, сұғын қадағанды сілейтпей тынбайтын қазымыр, қырыс кісі. Арыстанның айбаты да, жолбарыстың жүрегі де бір өзінде; жыртқыштығы да сондай; бүргені құтылмайды, құтылса мынаның тырнағы сонымен бірге кетеді. Мұнысы да қайтпас қайсарлыққа саяды. Осыған енді амалы мен айласы қосылғанда Құнанбайдың қулығы мен сұмдығына, сұңғыла зымияндығына найза бойламай шығады. Мұнысы — ақылдан туған тәсіл. Құнанбай алыс-жұлысқа, арпалысқа ғана емес, сөзге де жүйрік, шешен, тілі өткір, тиген жерін тіліп түседі. Осылардың бәрі Құнанбайдың өз ортасынан биік, оқшау тұрған жоталы тұлға екенін көрсетеді және оның осындай өзгеше бөлек бітімін өз ортасы да әбден мойындап болған. Құнанбайдың көп қырлы қасиетін досы түгіл дұшпаны да жоққа шығара алмайды. Дәлел ретінде романның 1-кітабынан Абайға Байдалы айтып берген бір қызық жәйтті мысалға келтірелік. Байдалы Абайға: «Тап соның ішінде көп қойма жатыр, не керек», — деп Қаратайды мақтай отырып былай дейді: «Әне бір күндерде Қаратай, Бөжей, Байсал бар — барлығымыз Қаумен үйінде түстеніп отыр едік. Жиын бір сөзден бір сөзге түсіп, шалқып отырып, ақыр аяғы «Жә, өзіміз көргенде мырза кім?» дегенге келді. Жұрт ойланып қалды. Байсал күншуақта жатқан тағыдай көзін бір ашып, бір жұмып, бүк түсіп сырт қарап жатқан. Жаңағы сөзге ол қатысқан жоқаласыты. «Мырза кім?» дегенге Қаратай жауап беріп, «Мырза — Құнанбай» — деді. Тағы біраздан соң ол жиын: «Шешен кім? — деді. Тағы Қаратай жауап беріп, «Шешен — Құнанбай» — деді. Екі бел асты. Аздан соң және бір оралып кеп: «Жақсы кім?» десті. Әлгі Қаратай және жауап беріп: «Жақсы — Құнанбай» — деді. Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып, саңқ етіп: « — Уай, Көкше, не оттап отырсың өзің?» — деп, Қаратайға қадала түсіп.- Мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкіп алысып жүрміз онымен? — деді. Соған Қаратай іле жауап беріп: «Әй, тәйір-ай, мен Құнанбайдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? Жалғыз-ақ «не қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүрген жоқ па?» — деді.[7] Құнанбайдың кім екенін бұдан дәл Һәм әділ айту қиын. Құнанбай — тек өзі билеп отырған қазақ сахарасын ғана емес, осылардың бәрін бақылайтын, патша әкімдерін де мысын құртып, уысына алып алған жұмулы жұдырық. Мәселен, піскен бас Майырдың өзгеге илікпейтін қырсықтығы Құнанбайға келгенде бұлтыңдап кетеді. «Майыр, сенің атаңның аты Тобықты емес еді. Осы Қарқаралыға келіп бауыр тапқаннан аманбысың? Бөжейді айдату керек, қағазын дұрыста деп ем, сары аурудай создың да кеттің ғой. Соның жан күйері сен болып, бауыр тартып, бауырың езіліп жүр ме осы, немене?!» Осылайша өзі билік жүргізген атыраптағы қазақты бұқтырып, орысты ықтырып, бәрін өз алдында құрдай жорғалатқан Құнанбайдың философиясы да, дипломатиясы да бір басына жетерлік. Құнанбай осындай кесек кейіпкер, қия жартастай мықты тұлға болмаса, онымен күреске түскен Абайдың да ірілігі көрінбеген болар еді. Абай осындай алынбас қамалды алған алып боп шығуы да жазушының ұнамсыз тип жасау тәсіліндегі нұсқалы шеберліктің нәтижесі. Құнанбай жалғыз емес. Оның маңында әр рудың басы, әр ауылдың ақсақал-қарасақалдары — Бөжей, Байдалы, Сүйіндіктер бар. Өз іргесіндегі Майбасар, Ызғүтты, Тәкежан, Жиреншелер бар. Оразбай, Шұбар, Әзімбайлар бар. Дәуірлік белестен алып қарағанда осылар — бір лагердің адамдары. Абайдың қарсыластары, Абай бастаған жаңаның ата дұшпандары. Сонымен қатар осылар өзара да ыри-тыри: бақастар, бәсекелестер, бақталастар. Қарақан бастың қамына келгенде булар бірін-бірі аямайды, біріге бере талап тастап, бөліне бере түтіп жеп жүргендері… Бұл — адам адамға дос емес, қасқыр болған Құнанбай заманының заңы. Майталман суреткер Құнанбай маңындағы бар адам және әр адам арқылы солар өмір сүрген заман кескінін де зергерлікпен бейнелеп көрсеткен. Байлар мен билер тепкісіндегі қазақ қоғамының «алтыбақан алауыздығын» патша отаршыларының қалай пайдаланғанын да ұтымды аңғартады. Бірінің тізгініне бірі жармасып, бірінің шалғайынан бірі тартып, бірінің аяғынан бірі шалып орға жығып, көрге тығып жатқан Құнанбайлар, әрине, өз заманымен бірге тарих сахнасынан кетеді. Бірақ ең қауіпті жері — «құнанбайшылдық» қалып қояды. Бұдан арылу үшін адамдарды ұзақ уақыт шомылдыру, тазалау, қағып-сілку, тіпті кейбір кеселді денеден сыдырып алып тастау керек, Құнанбай тұлғасын жасау арқылы автордың оқырманға берер сабағы осындай.

9 стр., 4085 слов

М хтар уезов сочинение на русском

… повесть «События в Караш-Караш», пере­веденную впоследствии на русский и французский языки и заслужившую высокую оценку читателей. В 1928 … чтобы мы знали наизусть письмо Татьяны»,— вспоминал впоследствии М. Ауэзов. Поэзия Абая в душе мальчика будила светлые мысли и чувст­ва … и оказала огромное влияние на его творческую судьбу. Впо­следствии М. …

9 стр., 4301 слов

Алтын адам туралы мәлімет

… «тарих әкесі», бастапқыда Кир өзінде эллинов емес обращал ешқандай назар есептегенде, олардың әскери қатысты, жаудың … ағаш тақталарда халқымен, сүйегі бай одетого адам. Жанында табылған заттар дәретханаға … не кинжалами…» Жалпы, Геродот өз девятитомной тарихы туралы саках деп жазады сәл ғана упоминая оларды … оңтүстік аудандары, Орта Азия. Кейінірек Ахемениды бағындырған заң бойынша, өзіне және …

Халық бейнесі

Жалпы 19 ғасырдың соңғы елу жылындағы қазақ өмірінің көркем шежіресі боп табылатын ұлан-ғайыр эпопеяда барлық қыр-сырымен халық бейнесі жасалды десек, сол халық өкілдерінің ішінен айрықша атап айтарлық бедерлі бейнелер — Дәркембай мен Базаралы. Балағаз бен Абылғазыдан Дәрмен мен Сейітке дейінгі ондаған кейіпкерлер — Дәркембай мен Базаралының әлеум. ортасы, қоғамдық қоршауы. Бұл екеуі жүрген жерлердегі келешек үшін күрестің де сыр-сипаты бөлек, қарсыластардың ара жігі ақ пен қарадай айқын. Осылар арқылы автор романдағы жүздеген типтер мен характерлер ішінен уақыт сынынан өтіп өсетіндерін де, келешегі жоқ өшетіндерін де өмірдің өзіне іріктетіп, сұрыптатып отырады.

Дәркембай — кедей. Малы жоқтың халы жоқ, соры көп, бағы байланған заманда Дәркем- байдың малдылардан, күштілерден көргені — зорлық, қорлық; өмірден алған сыбағасы — жоқшылық, тапшылық. Абай айтқандай, Дәркембайдың өмірге қыран көзіндей ғып көзін ашқан да жоқшылық. Оның көп өмірі Сүйіндік пен Сүгірдің малын бағып, көшіне ілесіп текке өткен. Соны кейін аңғарған Дәркембай өз еңбектерімен жер жыртып, дән сеуіп күн көріп отырған жатақтарға қосылады. Қырық үйлі жатақтың Сүйіндік пен Сүгір сияқты өзімен «атасы туыс емес, тірлігі туыс. Көрген көресі, кешкен соры туыс» деп қосылады. «Күйі бірдің күні бір,- дейді Дәркембай.- Туысым-аталасым емес, өзіммен мұңы бір, бейнеті бір жатақтар; руым, ұраным да осылармен!» Демек, Дәркембайды өзі секілді кедейлермен тағдыр табыстырады. Бұл оның байлармен іргесін біржолата ажыратып, ат құйрығын кескені, өз мүдделестерімен біржола бірігіп, тілекке тілек, білекке білек қосқаны еді. Шаруаға икемді, өресі жеткен жерге дейін ойы да ояу, тілге де біршама жүйрік Дәркембай осыдан былай жатақтарға ақылшы аға, кәдімгідей көшбасшы болады. Өз ортасына айтар ақылы жұрт жадындағы нақылға айналатын Дәркембай: «Күштілер нені айтады? Күшсізге еткен зорлығын айтады. Күшсіз нені айтады? Күштіден көрген қорлығын айтады?» — деп, әшейін аузымен орақ орып, қол қусырмайды, сол күштіге қарсы бел шеше тіктесіп те қалады. «Орта жасқа келген, зор денелі адамды» оқырман алғаш рет Құнанбайға кезелген шиті мылтықтың шүріппесін басқалы жатқан жерінен көреді. Бұл пиғылдан оны Бөжей қайтарып, Құнанбайды Дәркембайдың оғынан арашалап қалады. Енді бірде, жетегінде Қодардан тігерге қалған тұяқ сияқты жетім Дәрмен, қажылыққа жүргелі жатқан Құнанбайға қалың жұрттың көз алдында іскіндеп кеп, қатал талап қояды. Дәркембай талабының әділдігі сондай, әкесі үшін Абай жерге кіре жаздайды. Ақыр-аяғында, жұтқа ұшыраған жарлы ауылға қамсау болам деп, Тәкежан секілді көкжалдарға қарсы көзсіз ерлікке басады. Бұл арада да Дәркембайға Абай қол үшін беріп, көмекке келеді. Осылардың бәрі Дәркембайдың тіршілікте көрген тұрмыс тепкісі қанша ауыр болған мен, қатыгез тағдыр талқысына қасарып, қайратын өле-өлгенше көкке қайрап өткен ер де, табанды күрес адамы екенін көрсетеді. Дәркембайдың кемшін жері болса, нағыз «батыр тұлғалы, кең иық, зор кеудесі төменшіктеп иілмейтін; әрі байсал, әрі маңғаз, тіпті Құнанбай алдынан өтсе де «тіп-тік бойы қымсынбай, қысылмай кететін» Базаралы толтырып тұрғандай. «Ойшыл сергек көзі, ақсұр жүзі, бетінің қызылына» дейін бір түрлі «балқығандай боп нұрланып туратын… ер жігіттің сырт сымбаты да соншалық өзгеше», ішкі мінез-құлқы, ақыл-парасаты да бөлек «бітімді, жақсы туысты білдіреді». Ал, Базаралының үстемдермен сілкісуі, қалың бұқараның қанаушыларына қарсы күш сынасуы тіпті оқшау — бұл маңда бұрын-сонды болып көрмеген жаңа үлгідегі жойқын әрекет. Ол жуандардың зорлығын көре-көре, қорлығына төзе-төзе әбден шыдамы таусылған көп кедейден қол құрап, тыюсыз да жиюсыз кеткен Тәкежанның бір үйір жылқысын қуып алып, қырып салады. Бұл кесек қимыл бар атырапты түгел сілкіндіреді. Бай ауылдардың түндіктері желпілдеп, болыс-билердің бойлары қалтырағандай болады. Теңсіздік тепкісіндегі қалың бұқараның күреске көзі ашылып, өзін-өзі, өз күшін тың сипатта, жаңа мағынада тани бастайды. Өзі ғана емес, өзге туралы таным да тереңдей түседі: «Мен,- дейді Базаралы,- Құнанбай баласы да өзіміздей адам баласы екенін таныттым. Ұрсаң оған да таяқ өтетінін, жұлқысаң оның да жыртылатын жағасы барын таныттым. Тіпті онан әрі батыл, бекем ұра берсең, тікейіп тұра бере алмай, омақаса жығылып, өлуге де бар екенін таныттым». Абайдың Дәркембайлар мен Базаралылар арқылы өзінің туған халқымен, оның езілген еңбекші бұқарасымен, дәл осы тілектестігі Һәм жүректестігі — халықтық эпопеяның шырқап шыққан идеялық шыңы.

«Әуезов әйелдері»

Қазақтың сөз өнеріндегі «Әуезов әйелдері» деп атауға болатын айырықша әсем образдар галереясы ұлы эпопеяның жан тебірентер ғажайып жаңа бейнелерімен толықты да молықты. Төрт кітапта үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты жүзге тарта әйел кейіпкерлер бар. Романның буларға арналған беттері оқырманның көзі мен көңілін қатар жаулап, жан-жүрегін қоса баурайды. Бұлар жүрген жерлер кейде шетсіз-шексіз мұхит бойын түгел жайлаған шарапатты жылы ағыс (Гольфстрим) секілді, кейде қиырсыз кең-байтақ құрылықтың ойы-қырын тегіс сәулелендіре шүлен шұғыласына бөлеген күн нұры тәрізді, кейде көк жиекті керіп әкеткен кербез теңіздің көз жеткісіз көк айдынына сән берген аппақ ақ шағалалар сияқты… Әйел-ана ма, жар-жұбай ма, бұла-бойжеткен бе… Әйтеуір қияпаты бөлек қазақ қызының мінез-құлқын, іс-әрекетін, сыр-сезімін, қимыл-қылығын дәл, терең, нәзік суреттеуге келгенде шіркін шебер алдына жан салмайды. Сонда әр бейненің тастан қашалғандай бе¬дер табатыны сондай, әрқайсысы — бір адам ғана емес, бір топ адамның жиынтық бей¬несі боп оқырманның көз алдында турады да, есінде қалады. Сонда әр кейіпкер — тип; әркімнің қашанғы таныс-бейтанысы боп шығады. Сонда бар ожданы тап-таза иманнан құйылғандай мейірім-шафхатқа толы Зере — әжелердің үлгісі; салқын қанды, сарабдан, сабырлы ақыл иесі Ұлжан — аналардың үлгісі; «сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен» бар сыры мен назын Абайға ғана құпия баян ететін «ақ еті атқан таңдай аппақ» ару Тоғжан — алыстан қарайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының үлгісі; әні сәніне, сәні әніне астасқан асыл, аяулы Әйгерім — жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының үлгісі…

Табиғат бейнесі

Теңіздің сырын тамшыдан тануға болатыны сияқты, эпопеяның көркемдік ерекшелігін, әсіресе тілін тану үшін бір ғана пейзажға тоқталсақ та жетіп жатыр. Пейзажды біз, әдетте, көркем шығармада суреттелген табиғат көріністері дейміз. Рас, пейзаж — табиғат. Бірақ бұл жеткіліксіз. Нағыз пейзаж — поэзия! Мінез! Адам! Неге десеңіз, адамның қабылдауынан, сезіну-түйсінулерінен, көңіл күйінен тыс табиғат суреті — пейзаж жоқ. Пейзаж жазушының стилін де белгілейді. Ал стиль — адам. Пейзаж образ сырын ашады. Ал образ — адам. Дәл осының дәлелі — Әуезов эпопеясындағы пейзаж (Алдымен, бұл неткен бай табиғат!).

Кітаптың әр бетінде әр түрлі тіршілік дүниесі бар. Мұнда қазақ даласының хош иісті гүлі, қызыл шымқай қызғалдағы, қошқыл-кермек жусаны, сида-бұта шиі, домаланған қаңбағы, шиыр-шалғыны, кербез тауы, көк тіреген шыңы, түпсіз тұңғиық құзы, күлкішіл өзені, ақ айдын көлі, жасыл майса көгалы, торғын аспаны, шудаланған бұлты, сіркіреген жаңбыры, ақ ұлпа қары, асау бораны, ерке желі, тентек құйыны, шымыр сызы, шымшығыш ызғырығы, сұлаған бел-белесі, ойшыл орманы, тынысты тоғайы, ақ ару айы, жымыңы көп жұлдызы, мөлдір шығы, тұнжыр тұманы, алдамшы сағымы… — күндізі, түні, — қысы, жазы, күзі, көктемі… — бәрі, бәрі бар. Осының бәрі жан тебірентер ғажап, мың құбылған түрі бар, сан иірім сыры бар — тұтас бір образ, адам мекені, халық мекені — дала образы! Және, Әуезов пейзажы — бай палитраның түрлі-түсті бояуларымен келістіре салынған сурет қана емес, шынында да құдды жанды адам: дем алады, қозғалады, жадырайды, жабырқайды, күледі. Жылайды — дәл адамша әрекет етеді. Бұл шебер мелшиген қара тасқа тіл бітіріп, сөйлетіп, ән салғызады. Жел сызғырған бір түп қуқыл шиге немесе селдір қияққа шежіре шерткізіп, ертек айтқызып қояды. Суды кейде сылқаласысылқ күлдіреді. Кейде ызаға булықтырып, бұлқынтып байлап тастайды. Тауы сыздап, тұнжырап, ызғар шашады. Кейде қаңқаласықаңқ етіп сізге наз айтады. Аспаны мен жерінде не ғажап сыр бар. Айының оң қылығының бірін алып қараңызшы: сізбен жасырынбақ ойнап, бірде бетін баса қап, бірде көзін сығырайтып, күле қарап, құлдырап болады: Енді бірде аппақ адал пейілімен, бар ықыласымен ғашықтар жүрегінің лүпіліне үнсіз куә болады… Мынау не деген сырлы поэзия, сонымен бірге не деген терең философия: «Көптен қаладан шықпаған Абайға жаңа көктем енді ғана өзінің келе жатқанын баян етті. Сол жақта, алыс көкжиекте, көкшіл мұнар ішінде Семейтау көрінді. Қардан о да арылыпты. Кесек, жұмыр бір ғана қатты толқын бүктетіліп, түйіліп кеп, мәңгіге мелшиіп, қатып тұрып қалғанға ұқсайды. Айнала, сардала ортасында оқшау бітіп, оқыс тұрып қалған бір үзік тау. Мәңгі бақи жым-жырт боп, жәй созылған сахараның бір заманда әлденеден булығып, лықсып шыққан ереуіл толқыны ма? Ашу-қажыры ма? — сол бейнелі бөлек тау. Абай тау ажарынан осындай оқшау бір бітім көріп, қадала қарап отырып тымағын алды. Пысынаған басына, бетіне Семейтаудан ескен қоңыр жел кеп, леп тиді. Абай жер көркін, өз көңілін еркін өлең етіп кетті » Не деген әсер, эмоция! Осыны енжар, селқос оқу, тебіренбей, толқымай оқу мүмкін бе? Бұл — төрт кітаптағы табиғаттың мың суретінің бірі. Тіл қандай, бояу, ажар қандай? Жанды қимыл, мағыналы символ қайда жатыр? Шеберлік сыры неде? Осы проза ма? Жоқ, прозадағы поэзия! Нәзік те терең лиризм. Бұл — жансыз табиғат суреті емес, адамның жан толқыны, жүрек лүпілі, сан иірім сезім тіл тапқан. Қысқасы, кітаптың пейзажды беттері — қағаз емес, нақ тірі табиғаттың өзі. Адамды үйден шығарып алып кетеді. Бір жерде ақ кірпік боранға адасып кетеміз, енді бір жерде ауадағы дымқыл сыз бетке тиеді, тағы бір жер¬де ай нұрына малынып, тоғайда жүреміз, енді бірде маңдайымыздан шақырая қадалған күнге қолымызды қалқалаймыз… Бұл не нәрсе, бұл? Бұл — біріншіден, Әуезов құрғақ, сылдыр сөйлем құрмайды, ең әуелі өзі тебірене толқып алады да, сол тілсіз сезім тілімен сөйлейді; екіншіден, Абай емес-ау, алдымен Әуезовтің өзі анық ақын: тұтанбай, ұшқындамай, лапылдамай, өртенбей жаза алмайтын нәзік діріл, сыршыл ақын; үшіншіден, Әуезов — суретші, нағыз художник — қағазды, кітап парақтарын аспанға, жерге, құбылысқа, дүние-тіршілікке айналдырып жіберетін шебер; төртіншіден, Әуезов — терең психолог, оқырманның жан дүниесін сілкіп-сілкіп жіберетін күш! Демек, «Абай жолы» секілді ғасырлық туындыны тек осындай қабілет пен қасиеттің адамы ғана туғыза алады.

Ұлы жазушының ұлы туындысы

«Абай жолының» энциклопедиялық сипаты туралы академик Қ. И. Сәтбаев аса әдемі айтты: «Қазақ халқының өткенін зерттегісі келетін ғалымның бірде-бірі бұл кітапты жанап өте алмайды: ғалым-филолог одан фольклордың бай материалдарына қанығумен қоса, қазақ әдеби тілі мен сөздігінің қаз басуы мен қалыптасуын көреді; ғалым-этнограф қазір көне заманмен қоса көнерген небір тұрмыстық белгілер мен өмір құбылыстарын біледі. Құс салып, саят құрған, қыз ұзатып, ас беруді, өлік жөнелтуді суреттейтін тараулар, билер айтысы мен билік шешкен қазылық картиналарының әрқайсысы жеке-жеке-ақ ғылыми-этнографиялық толайым еңбектерге парапар; ғалым-экономистер Қазақстанның XIX ғасырдағы халық шаруашылығының құрылысынан дәлме-дәл нақты мәлімет алады, ондағы тап қайшылығының өзіндік ерекшелігімен танысады; ғалым-юристер шариғаттан бастап, билер кесіміне шейінгі даланың заң-жобаларынан бағалы мағлұматтар жинайды». Классикалық эпопеяда жан тебірентер көркемдік күшпен жинақталған өмірдің жиынтық шындығы ғылымның әр саласындағы маман адамдар үшін осындай таным-тағылым қайнары болса, қалың оқырман үшін Абайдан Дәрменге дейінгі барлық басты кейіпкерлер ақыл мен сананың, арман мен ойдың сарқылмас кені секілденеді. Демек, шығармаға ауадай керек нәрсе — парасат (интеллект) десек, «Абай жолын» оқыған адам өмірдің өнерге айналған академиясынан өткендей болады. Задында, таланттар тарихы мен тағдырын барлай қарасақ, басты жазушылардың бәрі ғұмыр бойы өзінің бас кітабын жазу мақсатында әрекет еткен және солардың талайы жазып үлгіре алмай кеткен. Туған халқына мәңгілік мура болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау-қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. «Абай жолы» — ұлы жазушының ұлы туындысы — бас кітабы, ол өзінің өлшеулі ғана ғұмырында өлшеусіз шығармашылық ерлік жасап, өзінің осынау мәңгілік кітабын жазып үлгіріп кетті. Дананың өз ортасынан әрқашан озық, оқшау тұратын даралығы да осы арада жатыр.

«Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған (1993).

Пайдаланған әдебиет

↑ Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. — А., 1970, 164- б.

↑ Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. — А., 1970, 163-6.

↑ Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. — А., 1970, 166-6.

↑ Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. — А., 1970, 167-6.

↑ Әуезов М. Абай жолы.- А., 1961, 1-т., 383- б.

↑ Әуезов М. Абай жолы. — А., 1961, 1-т., 803-6.

↑ Әуезов М. Абай жолы. — А., 1961, 1-т., 168-6.

↑ Нұрқатов А. Мұхтар Әуезов творчествосы.- А., 1965

↑ Қаратаев М. Эпостан эпопеяға.- А., 1968

↑ Қабдолов 3. Мұхтар Әуезов және оның әсемдік әлемі,- А., 1986

↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Massaget.kz порталы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына doodle анимациялы видеосаммари дайындады. Видеожоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

Назарыңызға IІ томдағы «Оқапта» тарауын ұсынамыз.

«Абай жолының» қысқаша мазмұны. I том, «Қайтқанда»

«Абай жолының» қысқаша мазмұны. І том, «Қат-қабатта»

«Абай жолының» қысқаша мазмұны. І том, «Жолда»

«Абай жолының» қысқаша мазмұны. І том, «Шытырманда»

«Абай жолының» қысқаша мазмұны. І том, «Бел-белесте»

«Абай жолының» қысқаша мазмұны. I том, «Өрде»

«Абай жолының» қысқаша мазмұны. I том, «Қияда»

«Абай жолының» қысқаша мазмұны. ІI том, Тайғақта

«Абай жолының» қысқаша мазмұны. ІI том,  «Жайлауда»

«Абай жолының» қысқаша мазмұны. ІI том, «Еңісте»

«Абай жолының» қысқаша мазмұны. II том, «Оқапта»

«Абай жолының» қысқаша мазмұны. II том, «Асуда»

«Абай жолының» қысқаша мазмұны. II том, «Тарауда»

«Абай жолының» қысқаша мазмұны. II том, «Биікте»

«Абай жолының» қысқаша мазмұны. II том, «Эпилог»

Оқапта

Көкетемде ойда жоқта туындаған ұлықпен арадағы тартыстан кейін жаз шықса да Абай әлі ауылына жеткен жоқ еді.  Елдегі болыс сайлауын бітіріп, шешесінің жанында екі жұмадай тұрып қалды. Бөкенші, Ырғызбай, Көтібақ, Жігітек ішінде кезек қонақ болып, жайлаудың қызығынан кете алмады. Ел бауырға түсуге бет алғанда Баймағамбетті қасына алып, өз аулына баруға бел байлады. Сырт көзден жасырса да Әйгерімді қатты сағынып, түн қатып аттанды.

Абайдан бұрын ауылға ол туралы өсек хабар жетті. Жайсыз хабарды алып келген Манас болатын. Ол Абай мен Салтанатты оңаша бөлмеде көріп, жай-жапсарды өзінше аңғарып қайтқан. «Біз қиыр жайлаудан оның хабарын білуге түн қатып келсек, ол Әлдеке қызының қасында шалжиып жатыр» деп өз жанынан өтірік қосып, көргенінен артық та сөздер сөйлеген. Манасты мұқият тыңдаған Ділдә болған жайды Әйгерімге құбылтып жеткізді. Ділдәнің хабарынан көңілінде дық қалған Әйгерім Абайға қатты ренжіді.

Ойқұдықтағы аулына Абайлар күн бата жетті. Үлкендер сыртта тосып тұр екен. Ал Әйгерім суық қарсы алды. Абайға жары науқастай боп көрінді. Сөйтіп, өздерін қуанып қарсы алған топ ортасында Абай Ділдәнің үйіне кірді. Үйде көрші Кішкене молда, Бәшей, Дарқан және Ділдәмен сөйлесіп отырып, Әйгерімге қайта-қайта қарады. Оның жүзі ағарып, бірде көгеріп тұр екен. Шыдамаған Абай Әйгерімге: «бері қарашы» деді. Сол уақытта оның көзінен аққан жасты көрді. Жақындап келіп «Жаным-ау, Әйгерім, сен науқассың ғой. Не күйге түскенсің» деді. Екеуінің ортасында отырған Ділдә мысқылдап: «Мұндағы жұрт аурудан сау. Бірақ уайымнан емес. Естірсің!» деп күлді.

Ділдәнің үйінде отыра алмаған Абай Әйгерім отауына кетті. Бұл түн Абай үшін азаппен өтті. Манастың хабары жалған екенін Әйгерімге айтып ұқтыра алмады. Екеуінің арасына осыдан соң жайсыз бір салқындық түсті. Әйгерімнің мұндай қаттылығына Абай да ренжіді. Ол жас жарын бүгін басқа қырынан таныды.

Арада көп күндер өтті. Абай Әйгерім ренішін сол күйі тарқата алмады. Көңілі жабырқап, жұбанышын кітаптан алды. Сырласар жан іздеді. Сондай көңілсіз күндердің бір кешінде Ербол келді. Оның келуі көңілсіздік бұлтын сейілтті. Ертең Есқожа ауылында той екен. Ербол соны айтты. Атақты әнші, Үмітей сұлу Көкшеден шыққан Алатай баласы Дүтбайға ұзытылмақшы. Бұл хабарды бәрі қуанысып тыңдасты.

Ертеңіне Әйгерім бастаған бір топ әйел тойға аттанды. Түске жақын қасына Ербол мен Баймағамбетті ертіп Абай да келді. Олар той болып жатқан үй иесі Есқожаға сәлем беріп отырғанда тыста ерекше бір қарбалас басталды. Адамдар «сал келеді, шалбарын қара, киімі қандай ерекше» деп жүгіріп жүр екен. Қырық шақты сал-серіні бастап келген Абай інісі әнші Әмір еді. «Мені өз қолыңмен ұзат» деп оны Үмітей шақырған. Байтас басшы болған салдар алдынан үкілі бөрікті, үлкен шолпылы қыздар шығып қарсы алды. Ортада Үмітей мен Әмір боп барлық серілер «жиырма бесті шырқап» қыз ұзатылатын отауға беттеді. Олардың алдында балуан денелі жігіттер қарсы алушыларды қамшысымен жасқап, серілерге жол ашып келеді. Бұл көрініс Абай мен Ерболға қатты ұнады.

Көрермендердің жүзінде таңданыс. Әмір мен Үмітей топтан ерекше боп, бір-біріне жарасып тұр. «Мынау Көкшенің тойы емес Әмір мен Үмітейдің тойы болды ғой. Қайтсін, қос ғашық тыйыла алмаған ғой» деген сыпсың сөздер тарап жатты. Мұны естіген Абай жұрт өсегінен қысылды. Үмітейдің күйеуін ойлады. Ол да белгілі бір рудың беделді адамы, өзі үшін қадірлі жігіт болатын. Осындай қарбаласта Абай елеусіз аттанып кетті.

Есқожа ауылындағы той алғашқы күні той болғанымен, келесі күні Есқожаға да, Көкшеге де қала берді Құнанбайға да сауық емес, сергелдең боп тиді.

Елдің арасына Үмітей мен Әмірдің махаббаты жаманат хабарға айналып тарады. Дүтбай көңілі жүйрік, қайратты жігіт еді. Алғашқыда салдардың еркелігін көтеріп бақты. Кейін серілерсіз өзіміз оңаша болайық деген тілегін айтты. Оны Үмітей қабыл алмады. Жыбыр өсек күйеу жігіттің жолдастарын да түгел тулатты. Үшінші күні таң алдында Дүтбай тыста бір шапанның астында құшақтасып тұрған Үмітей мен Әмірді көреді. Шапанды алып қалғанда екеуінің көзінде жас екен. Күйеу сол арада жолдастарын, бас құда мен құдағиды алып, жас келінді талақ еткендей тастап кетті. Есқожа құданың үлкені Жанатайға: «Пәлені ұлғайтпа. Көп өтпей келінді өзіміз апарамыз» деп қала берді. Айтқандай сол күні сәскеде құдалар кетісімен Үмітей ұзатылды.

Бұл ұятты оқиға оңай айықпады. Әмір Үмітейден күдер үзе алмады. Ұзату көшінің артынан нөкерімен қуып жетті. Өзгелерден бұрын жеткен ол Үмітейді құшақтап, жылап тұрып алды. Артқы топ оларды орала қоршап «Қозы көшті» шырқады.

«Е-е-й, бозбала-ай,
Өтті-ау заман,
Қош бол аман»- деп Алатай, Қаратай ауылдарындағы келін түседі деген сегіз қанат отауға тартты. Шолақтеректегі ел бұл келіске сұмдықтай қарады. Осы кеште Дүтбай атына мініп, ауылдың қариясы Қаратайға келіп болған жайды ақылдасты. «Құнанбайға барып, мына бүлігін тыйғыз. Болмаса Көкше мен Ырғызбай арасы бүлінеді» деді.

Қаратай қасына бес кісі ертіп Құнанбайға аттанды.  Болған жайды оған жайып салды. «Арада салдық, әуейілік, әншілік деген жын шықты. Төбемде ойнақтады, әруағымды қорлады. Бетке таңба салды. Кесігін өзің айт» деді. Құнанбай үндеген жоқ. Аздан соң оның бұйрығы бойынша Нұрғаным қонақтарды алып кетті. Оңаша бөлмеде күтті. Құнанбай Нұрғанымның бауыры, жау түсіргіш ер, Кенжеханды шақырып: «Ызғұттыға айт, Әмірді алып келсін. Көнбесе дүрелеп, аяқ-қолын байлап тұрып әкелсін» деп жұмсады.

Әмір келгенде, Құнанбай алдыма кел дегендей ым қақты. Әмір үлкен әкесінің алдына кеп отыра бергенде Құнанбай жас жігіттің тамағынан шеңгелдей ұстады. Қарт болса да қолы жыртқыштың тырнағындай мықты екен. Бір уақытта Әмір дем ала алмай қырылдап, құлап бара жатты. Көмекке ұмтылған Ызғұтты Құнанбайдың жалғыз көзінің қанталап кеткенін көріп тоқтап қалды. Оның қолында тұра берсе өлетінін көрген Нұрғаным: «Қажы жарықтық, кешір» деп ортаға киліге кетті. Құнанбай оны жүрек тұсынан бір-ақ тепті. Нұрғаным қатты соққыдан талықсып, құлап түсті. Дәл осы уақытта үйге Абай кіріп келіп: «Тоқтат!» деп саңқ етті.

Әмірді Ызғұтты алып кеткенде Байтас Абайға кісі шаптырған болатын. Асығып жеткен Абай сұмдық көріністің үстінен тап болды. Құнанбайдың қолын қағып жіберіп, Әмірді тартып алды. «Жоғал! Кет көзімнен! Аздырған сен» деп әкесі Абайды кінәлады. «Заман сенікі емес, менікі!» деген Абай да қарсы тұрды. Бір сұмдықты ойлаған Құнанбай алақанын сыртқа қаратып, Абай мен Әмірге теріс батасын беруге оқталды. Үркіп кетіп, шырылдаған Нұрғанымды да елемеді. Абай міз бақпай: «мейлі, сенен біржола кеттім» деп Әмірді алып шығып кетті.

Боқырау өтіп, қыс жетті. Абайдың үйіне Шәке мен Бәшей мерген  келді. Әмір жайын ақылдаспақ екен. Бабасынан қарғыс алған ол көп күн үндемей жүріпті. Енді оқыстан қылық шығарып, қасына сал-серілерін ертіп Көкшеге, Үмітейге аттанайын деп отырған көрінеді. Абай ұзақ ойланып: «Барсын. Көңілі жайлансын. Көрсін, ұстамайық» деді. Бұл сөзін Ербол мен Баймағамбет те мақұлдады. Тек, Әйгерім келіспей: «Осындайда бауыр деген панасына алу керек қой» деп қалды. Абай үндеген жоқ, бірақ Әйгерімнің жаңағы сөзі оған қатты тигендіктен Ерболға қарап отырып «Дүние, қапа боп кетті. Құла түзге барып сілкініп қайтайық» деген тілек айтты. Осыдан соң Шәке, Бәшей, Баймағамбет, Ербол Абайды ортағы алып мәслихат жасасты. Шыңғыс тауының елсізі, Қырғыз шатына қарай аңға шығатын болып келісті.

Аңға шықпас бұрын Абай Бөжей баласы Жабайдың қолындағы «Қарашегір» деген бүркітті сұратты. Жабай құсын бермеді. Кейін осыған ерегесіп Абай Сыбан ішіндегі Тулақтың Қарошолақ атты бүркітін он қара беріп сатып алды. Аңшылықта жүрген уақытта Қарашолақ көп түлкі ұстады. Сол күндердің бірінде Абайлар Жабайды кезіктіріп қалды. Жанында балуан Абылғазы мен қу, әзілқой Жиренше бар екен. Қолында Абай сұратқан Қарашегір. Жабай құсының бабы келмей тұрғанын білген Абай дәл осы ұрымтал тұста мақтанып, Қарашолақтың 10 күн ішінде үш қосты түлкі терісіне толтырып тастағанын айтты.

Абайлар кеткенде Жабайдың аң қағушысы Бибала: «Апыр-ай, мынау мақтанып, жотасын көрсетіп кетті-ау» деп қалды. Шынында да Абай сөзінен Жабай көңілінде дық қалған-ды. Мұны байқаған Жиренше Жабай кегін алу үшін, Абылғазыны ертіп Абайлар қосына аттанды.

Абылғазы осы өңірге аты шыққан құсбегі еді. Ол Абайлар қосына келіп, Қарашолақты арлы-берлі сипап көріп Жиреншеге ертең бұл құс түлкіні ұстап қоя беретінін айтады. Мән-жайды білген Жиренше: «Құс жақсы екен, бірақ дәл күйін таппай жүр екенсіңдер» деп жігіттерді ыза етеді. Осы тұста Абай: «Жиренше-Жиренше дегенге құстың тілін білем деп пе ең! Жайыңа отыр, сен білгенді мен де білем» деп оны тыйып тастамақшы болады. Қылжаққа мойымайтын Жиренше күліп: «Мен білсем құс ертең түлкіге түседі, бірақ қойып жібереді» дейді.

Шынында да Қарашолақ ертеңіне түлкіні ұстай алмай қалды. Ал Жиренше сәуегейдей айтқаны келгесін, Абайларды мықтап табалады. Сол күні Абылғазыдан құстың жайын тағы сұрап алған ол «Мен білсем ертең Қарашолақ түлкіні алып та соқпайды, қасынан жай ұшып өтеді» деді. Бұл жолы да Жиреншенің айтқаны келіп, құс түлкіге түспеді. Абайларды мықтап қылжақ еткен Жиренше қоштаспай Жабайлар қосына шаба жөнелді.

Ол Абылғазыны әкетпек еді. Бірақ Абылғазы Абай алдындағы кінәсын жуып-шаю үшін қалып қойды. Үш-төрт күндей Тұрғанбай екеуі құстың бабын келтірді.

Сонымен бір кеңесте Абылғазы бұл өңірден аң ауып кеткенін айтып, Машанға қарай көшейік деген ұсыныныс тастады. Абай Бұғылы, Машан тауларын бұрын көрмеген еді. Жолы алыс, бөтен елге онша қызықпаса да қажырлы жолдастарының алдында бас тарту табансыздық болар деп келісті. Ертеңінде қос екіге бөлініп аттанды. Бір қоста бүркітші-аңшылар, екінші қоста Абай, Шәке, Баймағамбет пен Ербол болатын. Бұлар жоспар бойынша Оразбай қонысында түйісіп, сол арада қонып, ертеңіне Машанға жетуді жоспарлаған. Бірақ жолда Абайлар адасып кетті.

Адасу олар Ботақан ошағына жеткенде басталды. Абай бұл жерде балалық шағын, неше алуан қуаныш сүйінішін өткізген еді. Соны ойлап ұзақ аялдады. Тоғжанын еске алды. Оған алаңдаған жолдастары да қоса иіріліп тұрып қалды. Бір уақытта аяқ астынан боран басталып бұлар бағыттан жаңылды. Таңертең соққан боран түнде де тоқтамады. Абай өмірінде алғаш рет аяғы мұздап, тоңа бастады. Жолдан қажыған топ аялдап, қонбаса болмайтынын түсінді. Ерболдың ақылымен аттардың жонын желге қаратып, өздері оның тамағының астына бір-біріне айқасып жата кетті.

Қанша жатқандарын білмейді. Үстеріндегі қарды сілкіп тұрса боран әлі басылмапты. Осылай әрі-сәріде жүріп таңды атырды. Абай енді бір мекенге жетсе өзінің ауыр хәлде жететінін түсінді. Бойы мұздап, күнімен қалтырауы тоқтамады. Көз алдына Тоғжан бейнесі келе берді. Қас-қарайған шақта бұлар аялдап демалды. Осы кезде оларды Абылғазы іздеп тапты. Ол кеше Абайлар боранда қалғанда Шақпақ жотасында тұрып бұлардың басқа бағытқа кеткенін байқапты. Ертеңіне Оразбай қонысында жолдары түйіспегесін, қос жарау ат алып, іздеуге шығыпты.

Суықтан тоңып, мұздаған Абайлар тобын Машан тауына жеткізу мүмкін емес еді. Абылғазының айтуынша, осы маңда Жуантаяқ, Мотыштың бірлі-жарым ауылы болу керек. Енді адасқан топ Абылғазыға жол бастатып, сол ауылдың біріне кезігіп қалармыз деп жүріп кетті. Үнсіз желе жортып келе жатып, қалың адыр арасынан «шәу» еткен ит даусын естіді. Артынша қойнауда қызарып тұрған терезе отын көрді. Жолаушылар «Ақсарбас, аман қалдық!» деп қатты қуанды.

Абай аттан қалай түскенін білмейді. Айналасындағы адамдар даусы да анық естілмейді. Бір кезде «Үлкен үй ұйықтап қалды. Отауға кіргіз» деген әйел бұйрығы естілді. Абайды босағадан Шәке сүйеп кіргізді. Үй иесіне көзі түсіп: «Аһ, Жаным-ау, өзі ме?!» деп шалқалап кетті. Ақшыл көйлекті, қара комзолды сұлу келіншек: «Жасаған-ау, Абаймысыз?! Сізді де көретін күн бар екен» деп қалың шолпысын сылдырлатып ұмтылды. Бұл Тоғжан еді. «Тоғжаным, арманым жоқ, алдыңда алсын» деп келіншектің құшағына Абай құлай берді. Тоғжанның білегіне жігіт көзінен аққан жас қат-қат түсті. Ербол да Тоғжанды жаңа танып, құшақтап көрісіп жатыр. Ерболдың құшағына құлаған Тоғжан еңіреп жылап жіберді. Бұл Абайға арналған өксік жас еді. Үйдегілер болса «Келген адамдар Тоғжанның ағалары екен. Тоғжанның ел-жұртын сағынғанын қарашы» десті.

Бұл түнді Абай қиналу, қызу, ауыр сандырақ күйінде өткізді. Түсіне Тоғжан кіріп, тастап кетпе дейді. Бұл «кетпеймін қасыңдамын» деп қайта-қайта сандырақтап тұрып кете берді. Тоғжан мен Ербол да бір сәтке көз ілген жоқ.

Абай кейде, қиналып:

«Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да,
Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да»  деп Тоғжанға арналған өлеңін оқиды.

Тоғжан Абайдың  қолын сүйіп: «Сәулем, бұл сенің емес, менің сөзім ғой» деп жылайды.

Абай ауылда науқас боп он күн жатты. Ауылдың иесі Найман деген қартаң бай болатын. Сол Найманның малшысы Садыр Абай ауырған күні-ақ ауыз үйде жатып, Тоғжанның ұйықтамағанын, таңертең көзі ісіп шыққанын жасырмай  Найманға да, Найман бәйбішесіне де айтып берді. Осыдан соң Абайды күтуге Тоғжан жіберілмей, орнына ауыл бәйбішесі келді. Тоғжан болса оқта-текте аз уақытқа кіріп шығады. Абай алғашқы үш күн бойы ессіз жатты. Бесінші күні ауыл мырзасы Аққозы келді. Бұл Тоғжанның күйеуі болатын. Оның келуімен Тоғжанның Абайға кіріп-шығуы мүлдем тыйылды. Он күннен кейін Абай тәуір болғасын Найман кемпірі: «Қарақтарым, ауыл-елдерің алыс емес. Туыс пен жақынды аралап жүріп кетсеңдер барып қаласыңдар» деп қайтуға сыр білдірді.

Осыдан соң үш күн өтті. Абай аттанатын түні шолпысын сылдырлатпай Тоғжан келді. Абайдың қолынан ұстап: «Асығыңмын жаным. Тағдыр бізді қоспады. Ендігі серігім сабыр болсын. Сол асық күйде көзімнің жасын жұтам да кетемін» деді. Абай үнсіз ойланып: «Барды айттың Тоғжан. Бүйтпесең Тоғжан болар ма ең! Айналдым арызыңнан!» деп маңдайынан сүйді. Тоғжан сыбдырсыз шығып кетті. Осы отырғаннан Абай таң атқанша көз ілген жоқ. Көзінен оқта–текте жас шығып, екі иінін толқын ұрғандай өксіп алады. Бұл шарасыз дерттің шер толқыны еді…

Арада уақыт өтіп, қыс ортасы жетті. Абай Баймағамбетті қалаға жіберіп үш рет кітап алғызды. Әйгерім күйеуінің ауырып Тоғжан қолында он күн жатқанын естігеннен бері Салтанат дертіне Тоғжан дерті қосылды. Абай Тоғжан жайын Әйгеріммен сырласқысы келмеді. Бұл қыста айнымас серігі кітап қана болды…

Өмір — өзен! Қамшының сабындай, бес күндік өмірдің мәні неде? Ғұмыр кешуде ең басты себеп қандай? Бұндай сұрақтар адам баласын туғаннан, саналық қабілеттің ашылған сәтінен бастап толғандыратыны мәлім. Өмірді әркім өзінше түсініп, қабылдайтыны да сөзсіз. Алайда, «өмір»атты кітаптың соңғы парағы жабылғанша, адам — заттың көрінісі оның тірі болуында, бар болуында, кеудедегі жүректің дүрсілдеп соғып тұруында. Міне, бұл өмірдің заңы. Ал, осы ғұмырды бақытты және баянды кешуде қандай қағидаларға сүйенген абзал? Адам — заттың өмірлік ұстанымына айнала алатын қасиетті де құдіретті өмір пәлсапасы жәйлі толғансақ…
Өмір сүру этикасы – адам экологиясы, мәдениетімен тығыз байланысты. Ал мәдениет өз кезегінде салт — дәстүр, тәлім — тәрбие, өсиет — өнеге, ырым — тыйым мен дін мен тілге, қоршаған орта сынды көптеген ұғымдармен тікелей байланысты.
Тәлім — тәрбиенің негізгі алғышарты — қалыптасып келе жатқан жеке индивидтың әлеуметтік, күнделікті өмірлік тәжірибені меңгеруі, оның жан — жақты үйлесімді моральді және физикалық дамуы. Адам болмысының дамуы мен қалыптасуы мәселесінің сан ғасырлық тарихы бар, және бұл бағытта ерен еңбек еткен де, еңбек етушілерде жеткілікті. Осындай астарлы, түпсіз терең, тылсым тұңғиықұғымның мәнін ашатын біздің ақиқатымыз бар. Сандар, нақты ғылымдар әлемінде, бір заттың атын көрсететін, оның рөлін анықтайтын формула болады және де ол не талқылануға не өзгертуге жатпайтын, бірқалыпты ереже. Осы ереже іспеттес әдебиет әлемінде, білім мен діннің сабақтастығы көрінісінде, үлкен түйенің өркешіндей, алып пілдің көлеміндей парасатты нақылдар қалдырып кеткен, ізгілікті білім жолының асыл мұрасы атанған «Хакім Абай» біздің бүгінгі ақиқатымыз!
Хакім Абайды танымайтын кіші жоқ, қадірлеп — бағаламайтын үлкен жоқ. Мәселен, бұл өмірде қазыналы ғұмыр кешу үшін Данышпан Абайдың айтқан нақты өсиеті, ережесі бар ол — «Үш сүю»! Адам баласының өмір атты Алланың сынағынан өту үшін арналған, тапжылтпай, бұрмаланбай орындалуға тиіс, көзі ашық, әрбір саналы тірі жанға, қарапайым түсінікті тілде жазылған асыл мұра. Бүгінде Абайдың асыл мұрасы тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі әлемінен бастап, сонау жер шарының қиыр қыртысында паналаған әр — түрлі ұлт өкілдерінің тілдеріне аударылып, барлық адамзаттың ортақ құндылығына айналды. Себебі, қандай ұлт болса да, ғалым болса да, қандай да бір пенде болсын барлығының ой астындағы толғатып, мазалайтыны – адам болмысы, өмір пәлсапасы жайлы. Әрине, бұл сұрақтарға жауап іздеген ғалымдар аз емес және бұл үлкен ұғымның сырын, «мейірімді ананың баласының қамын ойлап тамақтандыру мақсатында, жемістің сыртын пышақпен ашып — тазалап бергендей», адам — зат тарихында дұрыс, пайдалы әрі ізгілікті жолмен жүрудің мәнін талқылап берген данышпандар жетерлік. Алайда, Абайды қазіргі таңда Хакім Абай еткен, Абай дегізген данышпанның өз ерен еңбегі, себебі адам баласының жаратылысынан бастап соңғы демінің сәтіне дейін, аузын ашып «Бисмилләһ» дегізіп, біріншісінтәубеге, екіншісін шүкіршілікке шақырып, сол заманның қиын — қыстау соққыларына қарамастан, жүректен жүрекке ерекше өзіндік образбен, стильмен, кейде жылатып, кейде күлдіртіп нағыз психологиялық әдістің маманы болып, ежелгі және кейінгі философтардың қайсы бірі болса да, солардан айқындалып, ұшқындалып, ғалымдар қоғамының өкілдерінен асып кетпесе кем түспегені дөп, міне осылайша Абай дер кезінде өзінің Алладан алып отырған хақ сәулелі білімін өте дарынды жеткізе білгені үшін, біз Абайды Хакім деп танимыз!
Әдебиетті шын сүйген әрбір қаламгерлер, әсіресе Абайдың зор идеяларының мазмұнын кейінгі ұрпаққа танытып, жеткізіп жүрген ғалымдар шүкіршілік, оның ішінде тіпті тек Абай ілімін дәріптеген Абайтанушылар да бар. Бұл ғалымдардың атқарып, үлес қосып жүрген еңбектері бағалы — қазыналы сандықтай. Осы ретте кеше емес, бүгін емес, сонау мектеп қабырғасын аттап, ең алғаш рет Абайдың өлеңін жаттаған сәттен бастап, көкірегіндегі жастық шақтың отымен, қайсар мінезді, палуан батырдай күш – жігерлі, жайнаған қара домалақ көзімен, лапылдаған от болып әдебиет атты әлемге қош келіп, сіз бен біздің арамыздағы Хакім Абайдың ізгілікті мұрасын жеткізуші көпір болып жүрген академик, профессор Ғарифолла Есім ұстаз туралы сөз қозғамау Абайдың даналығын мойындамаумен теңбе — тең!
Бәрін айтта бірін айт, алғашқы еңбек, эсселерімен әдеби қауым мен оқырмандардың назарын өзіне аудара білген жазушы, ғалым, қоғам қайраткері, қаншама жылдар бойы үздіксіз бір салада қызмет жасап келеді. Саналы ғұмырында күні — түні зерттеп, өңінде де түсінде де бағалап, саралап, сол жүкті арқалап, әсіресе мұраны атадан балаға жеткізу жолында тер төгіп, қаламы ұшталып жыл сайын кітап жазып, құдайдың құтты күнінде білім ордаларында жас ұрпаққа дәріс оқып жүрген, сонымен қатар халқына жаны ашып, жүрегі әрбір қазаққа тартып әлеуметтік өмірге де белсенді араласып жүрген, Абайдың жолын жалғаушы, Абайтанушы Ғарифолла Есімең алдымен ұлағатты ұстаз.
Жаңа қазақ тарихында, жаңа ғасырдағы заманауиәдебиет әлемінің, қазақ жас буын ғалымдарының бағына орай Қазақстан Республикасының жаңғыру саясатының өшпес өзекті бір рөлі ретінде Ғарифолла Есімнің орны ерекше. «Ағасы бардың жағасы бар» — демекші, ғылым жолындағы барлық кішісі — үлкені болсын, Тянь — Шань алыптай таудың шыңындай, арқа сүйер үлгі — өнеге алатын, білім жолындағы ағамыздың болғаны бізге абырой, себебі берер ақылы, қалдырар еңбегі әлі түбі жоқ құдықтай. Сөзіміздің дәлелі ретінде, ұстаздың өмірлік ұстанымы ретінде қалыптасқан принциптерімен таныстырсақ.
Бойына рухани мәдениет дарыған ғалымның еңбектеріне үңілсеңіз үнемі адам — заттың адам ретінде қалыптасуы, ғасырлар бойы ата — баба мұралары, халық тәжірибесі, рухани — діни ояну сынды игі мәселелер қозғалатынын байқайсыз. Өз тарапынан академик, қағаз бетінде көрініс тапқан ойын жеткізумен шектелмей, қарапайым пенде ретінде еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге араласып, адамдар қатынасы, күнделікті тұрмыстағы жөнді — саналы өмір сүруге бағытталған трансформациялық идеяларымен қатар, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне үлкен көңіл бөледі, сондықтан, әрбір тұлғаның өзінің сана — сезімін, көзқарасын, рухани — діни және саяси дүниетанымын үздіксіз білім мен еңбектің арқасында жетілдіріп отыру керектігін насихаттайды. Осы орайда ұстаздың «Айқын» газетіне жарияланған «Жаңа сөз»атты мақаласы жоғарыда айтылған сөздеріміздің дәлелі. Неге десеңіз, жаңа заманның бастауында қоғам алдында қойылған негізгі міндеттердің бірі — халқымыздың рухани дәстүрлерін кеңінен дәріптеп, жан — жақты дамыған индивидтерді қалыптастыру. Сонымен қатар халқын қастерлейтін, өз еліне адал, білімді, саналы, рухани құндылықтарды бойына толық сіңірген, қоғамда да, жеке өмірінде де өз орнын таба білетін адамды тәрбиелеуге бағыттап қана қоймай, бұл мәселеде шешімі бар, әр қазақтың қолынан келетін жолды нұсқап көрсетеді. Бұл жолды Абайтанушы ғалым, ерекше танымның өкілі ретінде, қазақтың даңқты жазушысы, ғұлама ғалымы Абай Құнанбайұлының өсиетінің шоғырланған мықты концентратты субстанциялық формасын «Ғұлама — Наме» — атты керемет трилогия кітабында атап көрсетеді. Автордың бұл кітабында ұзақ жылдар бойы тапжылмай еңбек етіп, Абайтануда үлкен үлесін қосқан том — том шығармаларының жиынтығы десе болады. Кітап беттерінде, сіз әр заманның, әр кезеңнің салиқалы — салмақты қайталанбас шоқ жұлдыз өкілдерінің салған сара жолымен танысасыз.
«Құмарлық — бірінші кесе, ойын — күлкі — екінші кесе, ляззаттану — үшінші кесе, жындылық — төртінші кесе» — деп, пенденің бір иығында отыратын шайтанның адам санасымен күресін осындай сөз жетпес әсерлі етіп жеткізген атақты ойшыл данамыз Анахарсис Скифскийдіңеңбегімен кітаптың алғашқы беті басталады. Кітап желісі хронологиялық қатарымен барлық уақыт шеңберінде суымас ізін қалдырып кеткен ата — бабаларымыздың құндылықтарымен таныстырады, бұндай ақылдылық академиктің тапқырлығын көрсетеді, себебі Кемеңгер Мұхтармен танысқан адам, оның ұстазымен танысқысы келетіндігі анық. Шәкәрімді таныған адам, Шәкәрімнің «Үш анығының» себебі болып, эврика сыйлаған данышпанымен танысады. Хакім Абайды пір тұтқан жан, Абайдың арғы тегін, манифестін білгісі келеді. Міне осылайша, бір — біріне сүйеу, арқау болып, жеті атадан бір — біріне дарыған талант иелері әр кезеңде үлгі болып рухани сабақтастықтың үздік дәстүрін көрсетті. Сондықтан, тіпті Платонның өзі «Протагор» атты еңбегінде Анахарсисты «Жеті ғұламаның» бірі деп есептеген ойшылдан кітап мазмұнымен танысу басталады.
Тарихта жазу мәдениетінің іргетасын қалаған, «Күлтегін» жырының иесі Иоллығтегінтуралы ең басты ақпараттармен сусындаласыз. Иоллығтегін кез — келген жауды тізе бүктіріп, мойындатқызған ер түріктің ерлігін мойындайсыз. Сол Иоллығтегін дәуірі тұрмыстық қабілеттің дамып, өмірлік тәжірибе байып, сана — сезіммен қолөнердің барлық қырлары өркендеген саналы уақыт болып есептеледі. Төбесінде Тәңірін жарылқауды, астында несібесіне шүкіршілік етуді ұмытпаған дара тұлға, әлбетте барлық түркі халқының, түгел түркі заманының заңғар ғұламасы екені заңды.
Ертеде Қорқыт деген ер болыпты… Аңыз — сол уақытта, сол кезеңде халықтың мұқтаждығынан туған үміт, яки «Ғұмыр, Өмір, Құт»- халықтың көкейкесті сауалдарының бірі болған. Қорқыт ата түркі дәуірінің нағыз «Хикмет ілімін» қалыптастырушысы десек артық етпес. Табиғатқа жан бітірген, өмірдің өшпес формасын тапқан, өнерді өрге алып шыққан бабамыз Қорқыттың ерекше сипатының айнасын тек «Ғұлама — Наме» кітабында ашылған.
Біз мәдениет дегенде екі ұғымды білеміз біріншіден, Әл — Фараби айтқандай, адам – «хайуани мадани», яғни адам мәдениетті жан. «Мәдениет – Медина» қала, яки мәдениет деген. Екіншіден, батыстық ілімде мәдениет туралы анықтамалары өте көп, бірақ солардың ішінде негізгісі «мәдениет» жерді өңдеуге қатысты айтылады. Осы тұста бір түсінікке келуге болады, ол мәдениет адамның іс — қарекетіне қатысты, адам іс — қарекеті арқылы түрлі нәтижелерге келеді, олар заттың, не рухани тегі адамның іс — қарекетіне қатысты, бірақ батыстық және араб мәдениетіндегі мәдениет ұғымы мағынасы жағынан алсақ, тегі батыстың мәдениет «культура» деп атаймыз. Мұсылмандардың түркілік үрдісін мәдениет деп атасақ, онда екі ұғымды қатар қолдануға болады екен. Алайда, мәдениет деген ұғым культура деген ұғымнан ертеректе пайда болды және мәдениет культурадан биігірек болып есептелетін кең ауқымды түсінік. Бұл түсінікті өмірге әкелген, пәлсапаның негізін қалаушы, метафизика, арифметика, астрономия салаларының үздің ғұламасы әл — Фарабидің тылсым дүниесіне Ғарифолла Есім шебер түсіндіріп береді.
Түркі әлемі үшін Қожа Ахмет Яссауи және Жүсіп Баласағұн екеуі ажырамас сабақтастықпен және ұқсамайтын ерекше үндерімен танымал екі тақуа. Себебі, «Даналық кітап» және «Құтты білік» шығармалары тақуалықтың ең таза, ең мөлдір формаларына шақырады. Яссауи — шариғат, марифат, тағрифат, хақиқат деп қазынаға бет бұрса, Баласағұн — әділет, құт, ақыл және қанағат деп құт білімді игеруге шақырады. Екі данышпан ғұламалықтың шегі – тақуалық деп танып, биліктің әр саладағы формасына, әр формадағы көрінісіне әділеттілікті насихаттайды.
Осындай бай тарихымыз бар, асылдың сынығы ата — бабалармыз және олардың өсиеті бар, біз бақытты халықпыз. Ата — бабаларымыздың бұлақтай саф таза білімдерін бойына сіңіріп, ізгіліктің ізін жалғастырып одан әрі өркендету заңдылық. Бұндай бақ, Абай, Шәкәрім, Мұхтарға бұйырыпты. Үш асқар тауымыз адам баласын құндылықтар арқылы кемелденуге, мәдени дағдыларды игеруге, жауапкершілігі мол, айтқан сөзде тұратын және әділдік жолымен жүретін дана халық тәрбиелеу жолында көп еңбек еткен. Хакім Абай, Данышпан Шәкәрім, Кемеңгер Мұхтар — кітаптың төрдегі қонақтары.
Адамзат үшін ең маңызды белгілері — оның сана — сезімі, жауапкершілігі, қадір — қасиеті, даралығы деп танып, осы қасиеттерді игеріп, ұрпаққа жеткізу жолында Ғарифолла ұстаз барлық күшін жұмсайды. Шәкірттерінің алдында үнемі «Менің жолым – Абай жолы» деп айтудан жалыққан емес. Профессордың шығармашылық мұрасы өте бай, және Абайтану жолындағы «Ғұлама — Наме» соңғы кітап емес екені айдан анық, ағайдың Абай туралы еңбектері бірінен — бірі өткен мол қазына, себебі Абайды соншалықты жан — жүрегімен зерттеп, танып, әрбір сөзінің астарлы ақиқатын іздеп, оның түп мағынасын ашып, әрбір үтір — нүктесіне дейін зейін қойып, араб — парсы сөздіктерінен аударып, ел білмейтін ақпараттармен бөлісіп, керек десеңіз Абай өміріне қатысты барлық қалың жұртты, тұлғаларды аралап — сұхбаттасып мәлімет алып, кейін түсінікті тілде ортаға салады.
Ұстаз Абай фәлсапасының, тұңғиық мұхиттың көпірі ретінде, бізге Алладан Ғарифолла Есім тұлғасында берілген құндылық және сый, ағайдың шабыты қаншама жылдар бойы тасымаса кеміген емес, сондықтан барлық білімін шөліміз қанғанша сусындап алу керекпіз, өйткені ұстаз Хакім Абай дүниетанымын қарапайым халыққа қара тілмен жеткізушілер кемде кем, ең басты құндылық ол — Абай өсиетін ағайдың тілімен оқыған кезде, әр адамның санасы трансформацияға түседі, яғни ешкімнің көңілі қайтарылмайды, ешкімнің білім қоржыны көбеймесе азаймайды. Біздің ағайдың ерекшелігі оның қасиеттері мен іс — әрекеттері, және өзіне тән ерекшелігінің көрінісі шығармашылық жолы арқылы анықталады яғни өзіндік сара жолы, құндылықтар дүниесінің қалыптасуына оның дүниетаным ықпалының әсеріне тікелей байланысты. Сондықтан, біздің ұстаз Хакім Абай тілінің сөздігі десек, артық айтқандық емес. Абай айтқандай: «Адам өмірінің мақсаты – кемелдену мен жетілу» демекші, осы жолда аянбай, өмірдің соқпақтарына төзе білген, сүйікті ісін тастамай аманат етіп жүрген ұстазымыз жас бриллиант ұрпақтарды ізгілікті білімге, сауатты өмірге, нұрлы ақылға, жылы жүрекке, ыстық қайратты болуға шақырады.
Абайды әр мүшел жаста оқып, өз өмірін таразыға салып сараптап, Алланың алдына зәмзәм суы іспеттес, таудан сылдырлап аққан мөп — мөлдір бұлақ көзіндей, жанары гуілдеп ағып жатқан сарқырамадай болып тұруға ұмтылдырады. «Ғұлама — наме» — жүрегі Алла содан кейін елім, жерім деп соғатын барлық жанның құнды кітаптар сөресінің төрінен орын алатыны хақ!
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Еліміздің Президенті Қасым — Жомарт Кемелұлының бастамасымен бұл мерейлі той жан — жақты мәдени іс — шаралармен дүбірлетіп өтуде. Сондай мәдени — рухани шаралардың бірі, қорытындысы ретінде Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру.
Лев Гумилев атындағы ұстаздар қауымы және жас буын студенттер алқасы академик, профессор, Абайтанушы Ғарифолла Есім ұстаздың «Ғұлама — Наме» атты құнды трилогия кітабын мемлекеттік сыйлыққа ұсына отырып толық лайықты деп санаймыз!
Қадірлі ұстаз, қаламыңыз ұшталып әлі де «Абай» атты әлемнің қыр — сырын ашатыныңызға біз сенімдіміз!

Лев Гумилев атындағы ЕҰУ
аға оқытушысы, PhD докторы
Рауан КЕМЕРБАЙ,
«Мәдениеттану» мамандығының 2 курс
Докторанты Гүлнара Найзабаева


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Әдеби-талдау эссе. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Құнанбайдың Қодар мен Қамқаға шығарған үкіміне қатысты автор ойын талдап жазыңыз.

Ә деби-талдау эссе

Тақ ырыбы:

М. Ә уезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағ ы Қ ұ нанбайдың Қ одар мен Қ амқ ағ а шығ арғ ан ү кіміне қ атысты автор ойын талдап жазың ыз.

            Роман-эпопеяда кейіпкер Қ одар — жалғ ыз ұ лы қ айтыс болып, келіні Қ амқ амен, немересімен ғ ана қ алғ ан қ ауқ арсыз жан. Елмен қ атар кө шуге кү йі келмеген Қ одардың ескі жұ ртта қ алып қ оюы туралы баяндала отырып, Қ одар келінімен жақ ын қ атынаста екендігі, сондық тан кө шпей оң аша отырғ андығ ы туралы да мә лімденген. Бұ л іске Қ ұ нанбай ел билеуші би ретінде Қ одар мен Қ амқ ағ а ө лім жазасын кеседі. Автор Қ ұ нанбайдың бұ л ү кіміне қ атысты романда қ андай ой жеткізеді?

Романды оқ и отырып, Қ одар мен Қ амқ аны ө мірден оздыру арқ ылы Қ ұ нанбай ішкі есебін жү зеге асыруғ а жол ашты. Қ ұ нанбайдың кө п малына жайылымдық жер керек еді. Автордың Бө кенші, Борсақ тың ө з жеріне кө шіп келген сә тін: «Жартастан бері Сү йіндіктердің қ арсы алдында қ алың жылқ ы ендеп, жайылып келеді. Ішінде жирені мен қ ұ ласы кө п, Қ ұ нанбай жылқ ысы», — деп баяндауынан Қ ұ нанбай Бө кенші, Борсақ жеріне олардан бұ рын келіп, баса-кө ктеп жайлап алғ аны жеткізіледі. Мұ хтар Ә уезов  Қ ұ нанбайдың бұ л ә рекетін баяндай отырып, ел билеуші Қ ұ нанбайды қ олындағ ы билікті ө з мү ддесіне жұ мсайтын ә ділетсіз сұ лтан ретінде кө рсетеді.

Сонымен қ оса, Бө кенші, Борсақ тың ө кініші де Қ одар мен Қ амқ а ө лімінің Қ ұ нанбайғ а ғ ана пайдалы болғ анын ұ ғ ындырады. Романдағ ы «Арманда кетіпсің ғ ой, есіл ерім, Қ одар-ай» — деген Сү йіндіктің ө кінішті сө зі дә лел. Бө кенші, Борсақ тың бармақ тістеуін автор қ ақ панғ а тү скен қ асқ ырлар сияқ ты елестетеді. Бұ л сә тті автор тарапынан қ арастырғ анда, Қ одар мен Қ амқ а ө лімі — Қ ұ нанбайдың жерін кең ейту ү шін ғ ана қ олданғ ан айласы деп есептеуге болады. Ой салатын тағ ы да басқ а себептер бар.

       Қ одар мен Қ амқ а – жалғ андық қ ұ рбаны. Автордың жеткізуі бойынша, Қ ұ нанбай ел арасындағ ы сө здерге ғ ана сү йенді. Ру басыларының жиынындағ ы Сү йіндік пен Қ ұ нанбай арасындағ ы қ ызу талқ ы, Қ одардың: «Ақ, қ арамды тексермедің бе, ө ң шең қ ан жұ тқ ан қ ара бет?! », Қ амысбайдан Қ амқ аның: «Жаным-ау, адам баласысың ғ ой… Осы айыбымыз не? Не қ ылмақ сың дар? Айтып ө лтірсең ші? »— деген сө здер Қ ұ нанбай ү кімінің адалдығ ына кү мә н тудырады. Сондық тан бұ л ү кім адал болды деп айту қ иын.

       Қ орытындылай келе, Қ ұ нанбай шешімі арқ ылы автор қ азақ еліндегі биліктің халық жайынан алыс болғ анын кө рсетті. Билік ә діл болғ анда ғ ана халық қ а қ ызмет ете алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *