Абай жолы эпопеясы туралы эссе

Эссе
Абай жолы
Абай жолы — М. Әуезовтің әлемге әйгілі роман — эпопеясы. “А. ж.” — қазақтың көркем прозасын классик. стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетик. талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман — эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энцик. деңгейде жан — жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған.

Әуезовтің “А. ж.” роман — эпопеясы әлемдік деңгейде: “ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі” (Луи Арагон), “Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті (Н. Тихонов). “Шынында, бұл қазақтар — неткен ғажайып халық! Осы кереметтік “Абай” романында қандай тамаша суреттелген!” (Б. Матип) деген жоғары баға алды. Сондай — ақ, бұл роман — эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Ш. Айтматовтың “Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі — “Манас”, бірі — Мұхтар Әуезов” — деуі осыны айғақтайды.

“А. ж.” роман — эпопеясы жазушының ұзақ жылғы ғыл. ізденістері мен көркемдік танымының жемісі. 30 — жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, қым — қиғаш пікірлер айтысы туғанына қарамастан Әуезов Абайдың өмірі мен ақындық жолына байланысты зерттеулерін тоқтақан жоқ. Л. Соболевпен бірігіп жазған “Абай” трагедиясын 1939 ж. Мәскеуде бастырды, кейін ұлы ақынның өмірін бейнелейтін опера либреттосын, киносценарий жазды.

“Абай” трагедиясында оның жанрлық ерекшелігіне байланысты ақын өмірінің соңғы кезеңі, яғни, хакім Абай бейнеленген. Мұнда Абай халықтың қамқоршысы, халық мүддесін жақтайтын күрескер, өнер — білімді уағыздаған ағартушы ретінде көрінеді. Бұл трагедияға дейін — ақ Әуезов Абай жайында роман жазуға бел байлаған. 1937 ж. жазылған “Татьянаның қырдағы әні” атты үзінді болашақ романның тарауы ретінде жоспарланған болатын. “Татьянаның қырдағы әнін” оқушы — қауым жылы қабылдады. Көп ұзамай жазушы өз ойын жүзеге асыруға тікелей кірісті. Алғашқыда романға “Телғара” деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман үш кітаптан құралмақшы болатын. Алайда, жұмыс барысында оның шеңбері кеңейтіле түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын “Абай”, онан кейін мұның жалғасы болып табылатын “Абай жолы” (бұл да екі кітаптан тұратын) романын жазды. 1 — кітабы 1942, 2 — сі 1947, 3 — сі 1952, 4 — томы 1956 ж. жарыққа шықты.

Алғашқы екі кітаптан тұратын “Абай” романы үшін жазушыға КСРО Мемл. сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық “А. ж.” роман — эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Абайдың заманы, өмірі мен өнерпаздық, қайраткерлік, ұстаздық өнегесі жайында кесек көркем шығарма жазуға Әуезов мол дайындықпен келді. Бұл жазушының дүниетанымы, ойшылдығы тереңдеп, кемеліне келген, суреткерлік шеберлігі шыңдалып әбден жетілген кез болатын. Әрине, бүтін бір тарихи дәуірді, бір халықтың ұлттық өмір — салтын, толып жатқан қым — қиғаш оқиғаларды, сан алуан кейіпкерлер бейнесін, іс — әрекетін, бір — бірімен қарым — қатынасын ұлы ақын, ойшыл, ұстаз Абайдың өмір жолымен ұштастыра суреттеу үшін мүлде жаңа, тың көркемдік шешімдер тауып, ұлттық көркем прозада зор жаңашылдық таныту қажет еді. Мұның бәрі өмір шындығына терең бойлап, тарихи шындықты бүгінгі заманның талғам — танымына үйлестіріп, жалпы адамзаттық түбегейлі мүдделермен сабақтастырғанда ғана іске асатынын жазушы жақсы сезінді. Ақын, ойшыл, Абайды жазушы басты кейіпкер етіп ала отырып, айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен (бұлардың ішінде аса ірі тұлғалар мол) тығыз қарым — қатынас үстінде жан — жақты ашады. Абай барлық оқиғалардың топ ортасында жүреді. Бір қарағанда оған қатысы жоқ оқиға, сурет — көріністер, оған Абайдың көзқарасы не оның тікелей араласуы арқылы жаңа мазмұн, мағынаға ие болып, жарқырап шыға келеді. Сөйтіп, бас кейіпкердің тұлғасы толыға түседі де, оның характерінің сипаттары айқындалып, ашыла береді. Оқиғалар мен эпизодтардың көптігіне қарамастан шығарма сюжет құрылысының қарапайымдылығымен, шынайлығымен, композициясының шымырлығымен көзге түседі.

“А. ж — нда” қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалған. Аса мол өмірлік материалды, әдеби, этногр. мұраларды алғырлықпен игеріп, көркемдік әр берген. “А. ж.” роман — эпопеясында қазақ халқының этногр., діни, жалпы мәдени — танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері т. б. — бәрі бар.

Оқиғалар мен фактілерді баяндау үстінде жазушы өмірлік тартысты барынша ашып көрсетуге, оның әлеум. мәнін күшейтуге тырысады. Белгілі фактілердің шеңберімен шектелмей, қажет жағдайда бүкіл баяндаудың барлық желісін бір түйінге келтіру үшін, басты мәселелерді бір арнаға түсіріп, түйістіру үшін оқиға барысын өзгертіп, өзінше қиыстырып, жаңғыртады. Романдағы түгелдей, немесе жарым — жартылай ойдан шығарылған көптеген кейіпкерлердің тағдырлары өмірде болғандай кескін — кейіпке ие болып, жалпы тарихи даму бағытымен байланысты, біртұтас көркемдік ойдың өзегімен тығыз ұштасып жатады. Тарихи оқиғалар мен фактілердің бәрі роман — эпопеяның бүкіл мазмұнымен тығыз ұштасып, шығарманың көркемдік өміріне орайлас мән — мағынасы басқаша ашыла түседі.

Әуезов халық өмірі мен тұрмысын, салт — санасын, оның жекелеген өкілдерінің түсінігі мен көзқарастарын суреттей отырып, ұлттық қасиет — ерекшеліктерге жалпы адамзаттық сипат дарытады, ұлттық және жалпы адамзаттық белгілердің бірлігін көре біледі, ал қоғамның тарихи дамуынан біздің дәуірімізге дейін өз маңызын сақтаған прогресшіл бағыттарды бөліп ала біледі. Жазушы Абай дәуірін көркем суреттеуде тарихи процестер мен құбылыстар мәніне терең енуі арқылы ғыл. зерделілік пен көркемдік танымды шеберлікпен ұштастырады.

“А. ж.” жай ғана тарих емес, көркемдік ойдың көрігінен өткен, сомдап бейнеленген өмір шындығы, халықтың тағдыры, өткені мен келешегі жайындағы терең толғаныс. Қоғамдық мәселелерді толғайтын жазушы өз дарынына қарай — ойшыл, тарихи жанрда жазса — тарихшы, сан алуан адамдардың қарым — қатынасын, мінезін, құлқын, іс — әрекетін терең ашып көрсете алса — психолог. Сондықтан біз эпопеяда тарихи шындық, өмір филос — сы мен поэзиясы ұштасқан дейміз.

Аристотель айтқандай, поэзия, көркем әдебиет болғанды ғана баяндамайды, болатынды, болуы мүмкін жайларды да мол қамтиды, сол арқылы өмір шындығының филос. мәні арта түседі. Мыс., романдағы Құнанбай бейнесінің өмірде болған Құнанбайға қарағанда жағымды жақтары аздау, ал жағымсыз мінез — құлықтары көбірек болса, осыған қарап жазушы кеңес дәуіріндегі қасаң саясаттың ыңғайымен кеткен деген үзілді — кесілді пікір қорытуға бола ма? Әрине, Құнанбай бейнесінің жағымды сипаттары молырақ болса, эпопеяның алғашқы екі кітабына айтылатын сынның да көбірек болатынын Мұхтар жақсы білді. Бірақ мәселе тек мұнымен шешіле қоймайтыны да анық. Жазушы көркем шығарманың өз заңдылықтары мен мүмкіндіктері бар екенін түсініп, соны толық пайдалануға күш салды. Яғни, жазушы кейіпкердің өмірде болған адамның жай көшірмесі ғана болмай типті тұлға дәрежесіне көрсетіліп суреттелуін ұтымды көрді. Осы тұрғыдан алғанда, мыс., Дәрменді Абайдың ең жақын, өте дарынды бір ақын шәкіртін бейнелеп көрсету қажеттігін ескертіп, ойдан шығарылған, жинақталып жасалған бейне дейміз. Өмірде болған нақтылы біреуді прототип етіп алса, оның өзі елге аты мәлім белгілі ақын болса, ол жазушының ойын еркін өрбіту мүмкіндігін шектеп, қолбайлау болмас па еді? Осыған орай үлкен шындықты жеке кейіпкерлердің әрбір іс — қимылынан іздемей, эпопеядағы заман келбетінен, сан түрлі адамдардың қарым — қатынасынан, басты кейіпкер Абай тұлғасынан, оның ой толғаныстарынан, терең сезімге толы табиғат суреттерінен, жазушының концептуалды, түйінді идеяларынан, солардан туындайтын тарих тағылымынан тану қажеттігі туады.

“Абай жолы” эпопеясының танымдық мәні туралы айтқанда Абай заманын, сол ортаны, Абайдың ақындық, азаматтық тұлғасын, өнерпаздық жолын танытуы арқылы әдебиеттану, соның ішінде абайтанудың өзінің одан әрі өрістеп, дамуына әсер — ықпалы да аса зор болды дейміз. Эпопеяның кең мағынасында тарих, этногр. секілді ғылымдар тұрғысынан қарағанда да танымдық мәні аса күшті екенін кезінде акад. Қ. Сәтбаев атап көрсеткен болатын. Ал жалпы халықтық мүдделер тұрғысынан келгенде, біз “А. ж.” эпопеясының ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ана тілімізді өркендетудегі орасан зор рөлін баса айтуымыз қажет. Эпопея дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. 200 томдық “Әлем әдебиеті кітапханасы” топтамасында 2 том болып басылды.

Әдеб.: Нұрқатов А., Мұхтар Әуезов творчествосы. А., 1965; Қаратаев М., Эпостан эпопеяға. А., 1968; Ауэзова Л. М., Исторические основы эпопеи “Путь Абая”, А., 1969; Қабдолов З., Мұхтар Әуезов және оның әсемдік әлемі, А., 1986.
Аскаров Рауан Серикович

Светило науки — 9 ответов — 0 раз оказано помощи

Ответ:

Эссе

Абай жолы

Абай жолы — М. Әуезовтің әлемге әйгілі роман — эпопеясы. “А. ж.” — қазақтың көркем прозасын классик. стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетик. талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман — эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энцик. деңгейде жан — жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған.

Әуезовтің “А. ж.” роман — эпопеясы әлемдік деңгейде: “ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі” (Луи Арагон), “Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті (Н. Тихонов). “Шынында, бұл қазақтар — неткен ғажайып халық! Осы кереметтік “Абай” романында қандай тамаша суреттелген!” (Б. Матип) деген жоғары баға алды. Сондай — ақ, бұл роман — эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Ш. Айтматовтың “Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі — “Манас”, бірі — Мұхтар Әуезов” — деуі осыны айғақтайды.

“А. ж.” роман — эпопеясы жазушының ұзақ жылғы ғыл. ізденістері мен көркемдік танымының жемісі. 30 — жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, қым — қиғаш пікірлер айтысы туғанына қарамастан Әуезов Абайдың өмірі мен ақындық жолына байланысты зерттеулерін тоқтатқан жоқ. Л. Соболевпен бірігіп жазған “Абай” трагедиясын 1939 ж. Мәскеуде бастырды, кейін ұлы ақынның өмірін бейнелейтін опера либреттосын, киносценарий жазды.

“Абай” трагедиясында оның жанрлық ерекшелігіне байланысты ақын өмірінің соңғы кезеңі, яғни, хакім Абай бейнеленген. Мұнда Абай халықтың қамқоршысы, халық мүддесін жақтайтын күрескер, өнер — білімді уағыздаған ағартушы ретінде көрінеді. Бұл трагедияға дейін — ақ Әуезов Абай жайында роман жазуға бел байлаған. 1937 ж. жазылған “Татьянаның қырдағы әні” атты үзінді болашақ романның тарауы ретінде жоспарланған болатын. “Татьянаның қырдағы әнін” оқушы — қауым жылы қабылдады. Көп ұзамай жазушы өз ойын жүзеге асыруға тікелей кірісті. Алғашқыда романға “Телғара” деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман үш кітаптан құралмақшы болатын. Алайда, жұмыс барысында оның шеңбері кеңейтіле түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын “Абай”, онан кейін мұның жалғасы болып табылатын “Абай жолы” (бұл да екі кітаптан тұратын) романын жазды. 1 — кітабы 1942, 2 — сі 1947, 3 — сі 1952, 4 — томы 1956 ж. жарыққа шықты.

Эпопеяның басты кейіпкері Абайдың нұрлы образы оқырманды толғандырып, ынтықтырып отырады. Алғашқы беттерден-ақ, Абай бойына тән тамаша қасиеттер тереңірек ашыла түседі. М.Әуезов Абайдың өмірін қағаз беттеріне түсіруде ерен еңбек етеді. Ерекше жазу стилімен, өзіндік тіл шеберлігімен оқырман қауымға ұсынған осы бір туындыдан Абайдың өсу сатысын санамалау арқылы ол кешкен өмірдің тарихын түсінеміз.  Жасына жас, ойына ой қосылған шақтағы Хакімнің өмір баспалдақтарын аттағанын көреміз.

Эпопея қазақ әдебиетінің көркемдік деңгейін көтерді, жаңа эстетикалық игіліктер жасады, тақырыптық ауқымын кеңейтті. Эпопеядағы мол қуат, алуан сөздер, күйлер, бояулар, образдар, идеялар романды әлемдік әдебиеттің үздік туындылары қатарына қосты. Роман реалистік сәтті мол қамтыды. Абайдың өмірі, оның шеккен бейнеті, тартқан азабы, көрген қызығы – бәрі қазақ халқының шынайы бейнесімен тағдырлас. Абайдың өсу жолымен танысқан әр адам рухани байиды, кемелденеді. Өмір сүрудің адамдық, ізгі жолдарына қарай ұмтылады. Жазушы өзінің кейіпкері Абайды халықпен тығыз байланыста алып суреттейді. Абайдың өсу жолдары оқыған адамға үлгі болардай тағылым. Эпопеяның бірінші томында бала шәкірттің ауылға асыққан сәті баяндалып, ел ісіне жаймен араласып, халық қамын ойлап, ел сөзін сөйлеп жүреді. Ал соңында ақын өмірінің ақырғы сәттері тілге тиек болып, суреттеледі. Бұл – Абайдың кемеңгер ақын, кемеліне келген ойшыл, туған халқының тағдыры жайында тебірене толғанатын қамқоршы болған шағы. «Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен, мыңмен жалғыз алысқан» ұлы дананың қат-қабат,шытырман шындығы да ақырғы томында әңгімеленеді. Ол бір жағынан, жаңа дәуреннің кешікпей туатынын сезіп, қам көңіліне жұбаныш етсе, екінші жағынан халықты талауға салып, қан жылатқан жандардың сұмдық әрекеттерін көріп түңіледі. Сонау Қодар мен келінінің қазасынан бастау алған әділетсіздікпен арпалысып, артында оны оқитын өз оқырманы барын біліп, әлденеше туындылар қалдырған Абай рухани ауыр күйзеліс үстінде дүние салады. Халқының тілеуін тілеп, арын арлап, жоғын жоқтаған Хакімді өмірден өтті деуге бола ма? Әр шығармасын оқып отырғанда, құлағыңа келіп сыбыр еткендей болса, ол – тірі деп түсінгеніңіз жөн, сірә?! Эпопеяда халқымыздың мақтаны, даңқы болған кемеңгер Абайдың өлмес-өшпес, жанды бейнесі барлығын танытса керек. Құнанбайдың текті тұяғы, әжесі мен анасының ертегісімен сусындаған, Барлас пен Шөженің сарқытын ішкен, айнымас махаббат иесі, үлгілі әке, ажырамас дос, кемеңгер ұстаз, ұлы ақын, ең бастысы – халқының жанашыры хақында жазылған бұл эпопея әлі зерттеліп бітпеген. Шынында да, ақын өмірі – үлгі. Эпопея осылайша, ұлы ақынның өмірден кетуін баяндаумен аяқталады. Бірақ ол өзі баулыған елдің, өз халқының жаңа заманға бет алып бара жатқанын кәміл сеніп кетеді. Құз жартасты жарып шығып, жапырақ жайған жас шынар әлі күнге дейін жайқалып тұр, тұрады да. Белгілі ғалым, білімдар сыншы Мұқаметжан Қаратаев үш томдық «Таңдамалы шығармалар» кітабында Хакім хақында былай сөйлеген: «Бұл тамаша адамның, ақынның, кемеңгер ойшының, дарынды композитордың өмірі мен қайраткерлігі тарихи жағынан да, әдебиет тұрғысынан да өте қызық». Қазақы тәрбие мен нақыш, өнер мен мінез, дәстүр мен тағдыр үйлесім тапқан бұл туынды әлі де ғасыр жасайды. Абайдың тағдыры, ол жасап кеткен еңбектері ұрпағы үшін үлкен мирас. Ғабит Мүсірепов айтқан «үздіксіз жолдарды» кешіп өткен, өмір баспалдақтарын жаңылмай басқан ақын тағдыры күрделі болса да, тартымды, жүйелі, құрылымды, қызықты, сабақ аларлықтай деп  білемін. Сатыларды аңдап басқан ақын ғұмыры қысқа болғаны өкінішті-ақ.

Эпопеяда Абайдың түйсінулері мен сезінулерін, қабылдауын оқырманға көзге елестетерліктей жазылған. Осындай ерекшеліктермен шығарманы жазудың өзі тылсым  күш шығар, сірә?! Зейнолла Қабдолов «Абай тақырыбы – Әуезовтің ойшыл-жазушылық ғұмырының өн-бойына желі тартып кеткен күрделі де іргелі тақырып» деп атап көрсеткен. Композициялық құрылымы ерекше, үсті-үстіне дамып отыратын бұл туынды ұлы ақынның күнделігі іспеттес. Сегіз жасынан білім қуған, он екі жасынан бастап өлең шығарған, ең бірінші рет ақын қыз Қуандықпен айтысқан,он жеті жасында алғаш әке атанып, жиырма бесінде Михаэлиспен танысып, жиырма сегізінде әкесімен сөзге келіп, өз тағдырын өзі белгілеп, отызында рулық тартыстан жаны азап шегіп, отыз бес жасында достарының атынан өлең шығарып, қырықтан асқасын «Жаз» өлеңін өз атынан жазып, елу жасында Әбіші мен Мағашынан айрылып, алпысында топас, надан жауларының қуғынына ұшырап туған даласында қайтыс болды. Сонау 1845 жылы қара мақпал аспанда жұлдыз жанған болатын. Сол жұлдыз  әлі де жарқырап тұр, жарқырап тұра береді де…  Зейнолла Қабдолов тағы да: «Абай» эпопеясының төрт кітабы түгел талқыланды. Менің осы сөзім дұрыс емес» деген болатын. Зерттеліп  бітпеген, бітпейтін де бұл шығарманы талқылау келешек сыншылардың қолында. Бұл эпопея қай кезде де жаңғыра берері хақ. Зәки Ахметов «Абай жолы» роман-эпопеясы − өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы өмірінің алуан түрлі жақтарын терең ашқан, сол заманның бейне тұлғасын жан – жақты суреттеп берген, кең эпикалық пландағы шын мәніндегі энциклопедиялық туынды», – демеп пе еді? Орынды сөз. 

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркем энциклопедиясы екендігін талдап жазыңыз.

М.Әуезовтің Абай жолы

Мұхтар Әуезов – әр түрлі әдеби жанрларда терең қалам тербеген жазушы. Оның аса көрнекті шығармаларының бірі – «Абай жолы» роман-эпопеясы. Бұл романның қоғамдағы орны қандай?

«Абай жолы» — қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман-эпопея. Реализмнің нағыз жетілген кезінде туатын роман-эпопея жанрының қазақ әдебиетінде пайда болуы аса елеулі мәдени-көркемдік құбылыс болды. «Абай жолында» ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының шындығы мейлінше кең көрсетілді, қаһармандардың жеке өмірі халық тарихындағы күрделі өзгерістермен байланысты берілді. Романда таптық, әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстар, Абай сынды ақын қайраткердің өмір жолдары дәуірдің ұрымтал, кесек оқиғаларына тығыз қатыстырыла суреттеледі. «Абай жолында» қаһармандар өмірінің сан түрлі кезеңі, байланыстары, әулеттер ауысуы, мінездердің жасалу, толысу тарихы кең бейнеленеді. Тарихи дәуір келбетін көрсететін типтердің көптігі, олардың дүниетаным, наным-сенім

ерекшеліктерінің берілуі,ескі мен жаңаның күресі дәуірлік түбірлі бетбұрыстармен астастырыла көрсетілуі «Абай жолының» эпопеялық сипатын белгілейді. Абай өмір сүрген қоғамның өзекті тартыстарв мен күрестерін, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын, көркем тұлғалардың өткендегісі мен бүгінгісін кеңінен қамтып, болмыстың екшелеген, жинақталған шындығын айту міндеті роман-эпопеяда зор шеберлікпен шешім тапты. «Абай жолында» ұлы ақынның жекебастық іс-әрекеттері дәуірдің көкейкесті мәселелерімен, нәсілдер, таптар, халықтар таңдырларының тоғысуымен ойластырыла баяндалды. Роман-эпопеяда оқиғалардың ағысы, жеке адамдар тағдырының қоғамдық тіршілікке тәуелділігі, тұлғалардың даралық келбеті, зұлымдықты әшкерелеу мен ізгілікті мадақ ету өмір шындығына сәйкес көрсетіледі.
«Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл кеңес әдебиетінің де дүниежүзілік даңққа бөленген ұлы туындыларының бірі. Шығарма елуден артық тілге аударылып, әлемнің барлық құрлықтарына тарады. Көптеген елдің адамдары бұл романнан қазақ халқының жартығасырлық өмірінің толық суретін, әлеуметтік жағдайын, мәдениетін, тұрмысын таныды.

Қорытындылай келе, қазақ әдебиетіне М.Әуезов дәстүрінің игі ықпалы әр тараптан көрініп отырады. Өткендегі тарихи қайраткерлер, әсіресе шығармашылық адамдары жайында шығарма жазған әрбір қаламгер оның құдіретті талантының шарапатын сезетіні шүбәсіз.


08.04.2018 18:47

Светило науки — 9 ответов — 0 раз оказано помощи

Ответ:

Эссе

Абай жолы

Абай жолы — М. Әуезовтің әлемге әйгілі роман — эпопеясы. “А. ж.” — қазақтың көркем прозасын классик. стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетик. талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман — эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энцик. деңгейде жан — жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған.

Әуезовтің “А. ж.” роман — эпопеясы әлемдік деңгейде: “ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі” (Луи Арагон), “Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті (Н. Тихонов). “Шынында, бұл қазақтар — неткен ғажайып халық! Осы кереметтік “Абай” романында қандай тамаша суреттелген!” (Б. Матип) деген жоғары баға алды. Сондай — ақ, бұл роман — эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Ш. Айтматовтың “Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі — “Манас”, бірі — Мұхтар Әуезов” — деуі осыны айғақтайды.

“А. ж.” роман — эпопеясы жазушының ұзақ жылғы ғыл. ізденістері мен көркемдік танымының жемісі. 30 — жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, қым — қиғаш пікірлер айтысы туғанына қарамастан Әуезов Абайдың өмірі мен ақындық жолына байланысты зерттеулерін тоқтатқан жоқ. Л. Соболевпен бірігіп жазған “Абай” трагедиясын 1939 ж. Мәскеуде бастырды, кейін ұлы ақынның өмірін бейнелейтін опера либреттосын, киносценарий жазды.

“Абай” трагедиясында оның жанрлық ерекшелігіне байланысты ақын өмірінің соңғы кезеңі, яғни, хакім Абай бейнеленген. Мұнда Абай халықтың қамқоршысы, халық мүддесін жақтайтын күрескер, өнер — білімді уағыздаған ағартушы ретінде көрінеді. Бұл трагедияға дейін — ақ Әуезов Абай жайында роман жазуға бел байлаған. 1937 ж. жазылған “Татьянаның қырдағы әні” атты үзінді болашақ романның тарауы ретінде жоспарланған болатын. “Татьянаның қырдағы әнін” оқушы — қауым жылы қабылдады. Көп ұзамай жазушы өз ойын жүзеге асыруға тікелей кірісті. Алғашқыда романға “Телғара” деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман үш кітаптан құралмақшы болатын. Алайда, жұмыс барысында оның шеңбері кеңейтіле түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын “Абай”, онан кейін мұның жалғасы болып табылатын “Абай жолы” (бұл да екі кітаптан тұратын) романын жазды. 1 — кітабы 1942, 2 — сі 1947, 3 — сі 1952, 4 — томы 1956 ж. жарыққа шықты.

Бірде, ұлы анам Қазиза Құдайбергенқызы (1924-2007) Алматы қаласына, көк жасыл шыршалары маужырап, қасқыр құйрық қарағайлары тыныстаған, жаз айының соңғы аптасы жайма-шуақ өтіп жатқан күндері, шілденің шіліңгір ыстығында,  қыдырып келгенде, үйге, асылдың сынығы Мұрат Әуезовті қонаққа шақырған едім. Сөйтіп, көптен аңсаған арманымды жүзеге асырып, Мұхтар Әуезовтің перзенті мен «Абай жолы» роман-эпопеясының алғашқы оқырмандарының бірін тарихи жүздестірудің сәті түсті.

Сол кездесуде анам «Абай жолының» 1942-1947 жылдары шыққан бірінші және екінші кітабын Қарқаралы баурайындағы, Жарлы өзені іргесіндегі қарапайым қазақ ауылының ержеткен, бойжеткен жастары, азғана данасына қалай кезекке тұрып оқығандығы туралы айтып берген еді. Сол жаздан бері біршама уақыт өтті. Шаһарға жолы түскен сайын пәтерімдегі көп кітаптың ішінен «Абай жолын» іздеп тауып алып, мен жұмыстан оралғанша, екі аяғын алдына жазып жіберіп қайталап оқып отыратын.

Біздің әулеттің «Абай жолына» деген ықыласы ерекше еді. Қайран анам 2007 жылы дүние салды.

Әлі есімде, 2015 жылы Дос ағаңа (Досхан Жолжақсынов) атқосшы боп еріп, Семей өңіріне «Құнанбайды» көрсетуге барғанда, қайтар жолда қажының зиратына соға кеткен едік. Сонда, Ырғызбай ұрпағы жерленген қорықты көріп, қатты таң қалған едім. Көз алдымда құлпытастары қарайып, «Абай жолы» роман-эпопеясының қоныс-құдық, жайылым жер, кең өріс үшін жан-жағымен арпалысқан, атысқан-шабысқан, таласқан-тартысқан кейіпкерлері, пешенесіне бұйырған бір-бір қадақ топырақты құшақтап жайрап жатты.

Біз, сосын, ұлы Абайдың басына барып қайттық. Жол бойы Мұхтар Әуезовтің көне грек эпосындай алып шығармасы туралы ойладық. Қызық, кітапты қолға алсаң, құрық, сойыл сүйретіп қырды шулатқан, қиқулап даланы дүрліктірген, Көтібақ, Олжай, Жігітек, Бөкенші, Борсақ деп ұрандата шапқан ауылдар, алаштың аяулы перзенті Абай бастаған күллі қаһармандары көз алдыңда қайтадан тіріліп шыға келеді.   

– қағида (ереже) – шарт (уәжіп)

Тегінде, тіл болмысын өзгешелік (ерекшелік) табиғаты тұрғысынан топтағанда, үш түрі (тип)  бар екенін аңғарамыз:  суреткерлік (изображение/описание), баяндаушылық (повествование), түсініктемелік (рассуждение), ал жазу мәнері (стиль) атқаратын қызметіне қарай – бес топқа бөлінеді – ауызекі тіл, көркемсөз, көсемсөз (публицистикалық), ғылыми, ресми-іскерлік.

Суреткерлік дегеніміз белгілі бір құбылысты, нәрсені, кісіні бейнелей отырып, іс-әрекетін көрсете отырып, қасиет-құндылықтарын жіктеп, сырын ашу. Баяндаушылық – кез келген уақиғаны өткен хронологиялық уақыты бойынша тізіп, әңгімелеу болса керек. Түсініктемелік – ойдың мәнін, сипатын ғана емес, себеп-салдарын да ұғындыра білу жолы.

Бізге көркем жазу мәнері – маңызды, ол – әдебиет пен өнер тілі. Үш бастауы бар: лирика (жыр, поэма), драма (пьеса), эпос (әңгіме, повесть, роман).

Көркем стильдің мұраты: автордың эмоциясын білдіру, оқырманға, көңіл күйіне әсер ету, сезімге бөлеу. Соңғысы – атмосфера қалыптастыру деп те аталады. Демек, стиль афтмосфера тудырады. Бұл жерде тіл орамдарын (стилистикалық фигуралар, риторикалық фигуралар, соқпақтар) қолдана білудің пайдасы көп.

Зады, стилистикалық фигуралар (эпитет, салыстыру, перифраз, гипербола, литота) сөз әсерін, жалпы, экспрессияны күшейте түсу мақсатында қоланылатын тіл орамдары. Бұл белгілер риторикалық фигура – ой орамдарына да жат емес.

Үшіншісі, яғни соқпақтар – метафора (ауыспалы мағынада), катахреза (сөзді, сөз тіркестерін теріс қолдану), метонимия (басқа атау не сөзді ауыстырып қолдану), синекоха (метонимия түрі: жалпылық атау мен жекешелік атау айырбасы), антономасия (белгілі бір нәрсе атауын қасиетімен есімдеу) – сөйлем құрғанда аса маңызды рөл атқарады.

Әдетте, біз метафора, эпитет, фразелогизмнен басқаны білмейміз. Көбіне, стиль көзге көрінбей тұрады. Оқығанда барып түсінетін кез де болады. Баз біреулер, стиль қолтаңба деп жатады. Кейде – характерге теңейді. Меніңше, стиль – ойлау жүйесі не қалыбынан туған форма. Ойлау, толғану, ойды жеткізу формасы. Іс-әрекетті кейіптеудің, образды мүсіндеудің есебі. Қысқа жеткізесің бе, ұзақ сөйлейсің бе – өз еркің. Содан соң, жоғарыда келтірілген орамдарды сәтті пайдалана білу шеберлігі. Ол абстрактілі емес, нақтылы.

Туа біткен стиль жоқ, стиль – ізденістің жемісі. Стиль – сюжеттен биік. Фабула – оқырманға салған тор. Себебі, фабуланы іздеген, соңынан ерген адам көрнекі жолдан адасады. Форма – өнердің бастауы да, мұраты да. Нақ талаптан нық сенім туады.

Әуезов қазақ әдебиетіне Абай эстетикасын әкелді. Эстетика – стиль. Әдіс-тәсілдің жүзеге асуы. Талдап көрейік.

Негізі, суреткерлік – қиын әдіс, баяндау – оңай, бірақ, қабілетті адам екеуін де қатар меңгере алады, табысқа жетудің бірден-бір жолы – шеберлік. Суреткер жазушы, әдетте, оқиғаны осы шақта көрсетеді. Бұл – күрделі аңғар, маңдай түзеген бетіміз.

– сюжеттік желі (композиция) – мазмұн (уақиғалар)

Басы Қодар мен Қамқа шер жұтқан қанды уақиғадан күмәнді, неғайбыл басталатын роман-эпопея, алғашқы тарауларынан ақырғы беттеріне шейін тартылған осы бір сюжеттен емін-еркін – өсіп-өніп, өніп-өрбіп – бұл драма кітаптың соңына қарай, күллі тарихи-көркем жайттарды финалға жетелеген, тұлға жолын сан тарауға бөлген, алып желінің өзіне, бүкіл хикая иесіне – бір өзектен жарып шыққан – түйіндес, салалас, тамырлас шежіреге, түптің түбінде, қазақ өмірінің фонын қалыптастырған көшпелі панорамасына айналады.

Түз даланы дүр сілкіндірген кішкентай бір баян кітаптың барлық қалған бөлігін алға тартып, ілгері сүйретіп отырады. Бәрінің бастауында қозғаушы күш – қос персонаждың дүдамал қылмысы тұр. Бір диспозициядағы шиеленіс, тарқамаған шымыр қалпы, біртіндеп ұлғайып, ақыры эпикалық туынды көлеміне жетеді. Құнанбай дала низамы, халық салтын жақтаушы, сақтаушы, тіпті қорғаушы тұлға ретінде, екеуінің жазықты екендігіне көзі анық жетпесе де жеткендей сөйлеп (әлде, қауесет анық па, автор сөзінде, уақиғада айқындық жоқ, екіұдай күйде айтылады), фабуланы өзгертеді,  композицияны өз ырқына көндіреді, көп жеңгенде, Бөжейлер үстем түскенде, шығарма басқа сипат алар ма еді, жоқ, қырағы, жігерлі аға сұлтан төңірегін әміріне жығып, бәріне кесек ұстатып, құрбан жандарға тегіс тас атқызып, қалың Тобықтыны өзіне бағындырып алады.

Қылмысқа қатысты етіп, ортақтастырып, бұл бұйрық орасан зор билік, низамға жеткізеді.

Әуелгі пролог, бала Абайдың оқудан қайтқан сәті, Жиреншеге еріп, қыр кезіп, тазы жүгіртіп, қызық қуған, рақат көрген аңшылығы, бастаудағы, екіұдай шешім қабылдаған жақсы-жайсаң, рубасылар мәжілісінен соң, Қодар, Қамқа сахнасына барып жалғанады (Жұмабайдың Ахмет Риза қазіреттен фатуа сұрап келуі), одан озып, бұрқ еткен ағайын араздығына, құрық, сойыл сүйреткен түнгі барымта, күндізгі атыс-шабыс, екі кештің арасындағы қақтығыстарға орайласады, Тоқмамбет, Мұсақұл соғысына ұласады, жол-жөнекей Қарқаралыдағы мешіттің ашылуын бейнелеп кетеді, Шөже ақынды суреттейді, қаладағы қыстың өрнегін салады, қар жамылған тау-орманды кестелейді, Мырзаның Майыр алдында жауапты, қағазды, істі болуын кескіндейді, Алшынбай беделі, Тінібай ақшасының күші, ара-арасында Жәнібектегі Тоғжан Сүйіндік қызының ару бейнесін қалыптастырып үлгереді, Сүгір, Байдалы, Байсал, Бөжей, Қаратай, Түсіп, Пұшарбай, Мырзахан, Жақып бейнелері белгіленеді, Ырғызбай, Бөкенші, Борсақ, Жігітек, Көтібақ, Топай, Торғай, Әнет, Жуантаяқ, Сақ-Тоғалақ, Көкше, Ырсай, Мырзатай, Үркер, Жортар тәрізді, бірде жуан, бірде әлсіз аталар аталады. Бірінші кітаптың аяғында, кәрі шеше – Зере қазасы, Тәкежанның болыстығы, Абайдың барымташыларға болысқаны суреттеледі. Екінші кітап Құнанбайдың қажылыққа аттануынан басталады. Қодар, Қамқа өлімі түзде қандай шу шығарса (дүмпуі бүкіл қазақ даласына жетуі) кешегі өктем аға сұлтанның Мекке, Мәдинаға сапар шегуі де сондай даңқты жайт.

Ұлы эпоста жер дауы қашанда алдыңғы орында, құйқалы қыстау-қорық, қора-қопсы, қоныс-құдық, пішен жайы, малдың өрісі, тұнып тұрған көк бастау, торғындай тұма, қасқа бұлақ, көк иірім көл, қысы-жазы жақсысына, қалың отына қарай сырғып, жылжып, ерте қонып не кеш орнап жатады.

Кейде қалыңдық, жесір-жетім мәселесі бой көрсетіп қалады (Абылғазы-Керімбала). Құнанбай жоқта басталған, бір-бірін аяусыз қыруға дайын, қарсы тұрушы екі жақ, Жігітек, Бөкенші дүрбелеңі ел ішіне лаң салады, ағайын арасын бүлдіреді, бейбіт, тыныш отырған қоңсы жұрт аяқастынан, бірден, кек қуысқан дұшпанға айналады. Қол жиып, топ құрап, сырық, сойыл көтеріп қырда майдан ашады. Бірте-бірте, ұсақ-ұсақ, ауыл маңындағы, емен шоқпар, қайың құрық сілтенген шағын ұрыстарды қойып, жауласушылар енді жаугершілік замандарындағыдай қара шоғырланып бетпақ дала төсінде кездеседі, қазақ соғысында өлім-жітім аз, жараланғандар көп болады, деп жазып еді кезінде Ғабең (Ғабит Мүсірепов) «Ұлпан» повесінде, сол рас, эпопеядағы ру, ата намысын жыртушылар, қорғаушылар, алайда, соңыра айбалта, көсем найза, қайқы қылыш ұстаған қарулы қақтығыстарға ауысады, жуан, қалың Қаракесек Қамбар еліне ұзатқалы отырған Керімбаланы тауып алып, асығыс баратын жеріне аттандырып жібереді. Бұл шамада жылқы алуды доғарып, батыр жігіттер кекетіп-мұқатудың ең зор түрлеріне көшеді: қорлықты, қулық-сұмдықты күшейту мақсатында, жаңа әдіс-айлаларға сүйенеді, қарсы жақтың оң жақта отырған аяулы қызы, ардақты келіні барымтаға түсе бастайды. 

Өз қақтығыстарында, ағайын-туған арасында бола беретін бірді-екілі сойқан, бүлік, соқтығыстарда жалаңаш темірден гөрі ағаш қаруды жөн көрген қазақ рулары тістеніп, ашуға мініп, жанжалды ұлғайтып жіберетін кезі де жоқ емес. Төңірегінде, бір-біріне міңгесіп, қатар, қалың жүріп жатқан уақиғалар, қолдан жасаған шапқыншылық, дүрмек айдынында бас қаһарман бейнесі жетіле, толыға түседі, ұсақ-түйек шарулардан үлкен істерге көшеді, эпикалық көлем алапат қимыл-қозғалыстарға толы күйінде алға жылжып, озып отырады, айнымалы панорамалық уақыт пен кеңістік аясында көрсетіледі.

Роман тынысы кең шығарма тұрғысында бір-біріне байланып жатыр. Шынымен, кездейсоқ персонаж, қызметсіз қаһарман жоқ, сомдалған әр образдың атқарып жүрген бір міндеті бар.

– эпостағы көшпелі қазақтар образы

Әуезов қазақты асқан дәлдікпен бейнелейді. Жүзден астам қаһарманды шашып-төгіп алмай, шоқтай жиып, сюжетпен бірге ертіп алып жүреді. Ешқайсысы жоғалмайды, ешбірінің рөлі ауысып кетпейді, бірде-бірінің міндеті ұмытылмайды.

«Қайталаным мен айырмашылық» атты кітабында: «Уақиға мағына тудырады», деп қорытындылайды Жиль Делез. Сонымен қатар уақыттың бір шақтығы туралы маңызды пікірлерін ортаға салады. Яғни, өткен мен келешектің бар екендігіне күмән келтіреді.

Бұл модернистік әдебиетпен ұштасып жатыр: сөз қуалаушылықты азайтып, уақиғаны көбейту қажет. Форманың мұраты – нығыздық. Классикалық проза – ықшамдалған әрі нығыздалған проза. Табиғатта ештеңесіз жай-күй болмайды, сондықтан, қалыптың, түзіктің ішінде бос орын жоқ.

«Абай жолында» уақиға көп. Бұл – модернизмнің басты шарты. Әрі уақиғалар ажарының айқындығы.

Автор – интеллектуал. Әлем әдебиетінің озық үлгілерімен жақсы таныс. Жете оқығаны жекелеген оқшау образдар сомдағанда, оқиғалар кеңістігін жасағанда, кейіпкерлер арасына қарым-қатынас орнатқанда, көрінеді, Шыңғыс, Жидебай, Қарашоқы, Түйеөркеш, Бетқұдық, Тоқмамбет, Мұсақұл секілді қыстау-қоңыстар тартыс, күрес, соғыс алаңына, екі жақ, қалың қол жинап, майдан ашқан аренаға айналады.

Эпопеядағы, Тобықты жайлаған, Найман, Уақ, Керей, Сыбан иемденіп отырған өңір-өлкелер жай бір ел емес, бұл аймақ – автордың өзі ойлап тапқан, дүниеге әкелген, біртұтас мәдени-әлеуметтік жағрафиялық мекен.

Қазақтар мекені. Жер бетіндегі ең соңғы номадтардың бірі. XX ғасырға бұзып-жарып кірген кентаврлар. Қазақ – әлі күнге шейін көшпелі. Бойынан көшпелі елдің қасиет-құндылықтары кеткен жоқ. Ішкі әлемі әлі күнге шейін  көшіп жүр. Ізденісте. Ой да, білім де көшпелі, сондықтан кез келген қазақ – шығармашылық тұлға, оған негіз – ауыз әдебиеті, поэтикалық тіл, тарихшылығы. Шежіресі – алып көркем шығарма. «Абай жолы» – шежіренің «расшифровкасы».

Уильям Фолкнер бірде, қолтаңбасын қалдырып жатып, аты-жөні астына «Йокнопатоффтың жалғыз қожайыны» деп жазып берген екен.

Тегі, аталған шығармада төрт психологиялық типтің төртеуі де бар: роман – гуманитарлық-культурологиялық пәндердің зерттеп-зерделеу объектісіне айналуы тиіс.

Қазақы мінез-құлық, салт-дәстүр, ырым-жоралғы, әдет-ғұрып, қарым-қатынас, әзіл-қалжың, ой-пікір, таным-түсінік… туынды өтіп бара жатқан, жойылып бара жатқан көшпелі қазақтар өмірінің ең соңғы фотографиясы сияқты. Соны, көшті автор соңынан фотоаппаратқа түсіріп үлгерді.

Бұл роман болмаса, біз ата-бабаларымыздың тұрмысын, тыныс-тіршілігін біртұтас күйде, динамикада көре алмас едік.

Әуезовтің алып еңбегі ақындық прозаға теңеледі. Орынды айтылған сөз, ұшқыр метафора, эпизодтардың нақтылығы таң қалдырады. Эпостың бір көрінісі – детальдардың көптігі. Алып дүние алапат сюжеттік желіні дамытып отырып, көз алдыңа анық панорама түзеді, әр нүктесіне үңілсең – нақты уақиғалар, дәл фигуралар. Үлкен желіге, бірінші хиякат өзегіне байланған кіші-кіші сюжеттер. «Фигуры выступают, как образ речи, и, как образ персонажа». Мысалы, «Парадан жиылып та мешіт боп қалқиып тұрады екен».

Алғашқы бөлігі, бірінші кітап – аса нығыз жазылған дүние, автор мейлінше сығымдап жазған соң, туынды шымыр тартқан, деталь сойқан. Тіпті, автор жинаған мол дерегін түгел дерлік роман-эпопеяға сыйғыза, енгізе алмағандай көрінеді.

Классикалық роман жанры талабы бойынша, сюжеттік желі құрайтын, бүкіл уақиғаның басын біріктіріп тұратын, мағына туғызатын бас қаһарман болуы керек. Құнанбайдың жасаған тарихындай тарихты Тәкежан, Ысқақ, Шұбар, тіпті, күллі Ырғызбай ұрпағы жасай алмайды. Сондықтан, таразы басын теңестіретін бір тұлға тарихи сахнаға шығады, ол – Абай.

Төрт кітап екі дәуірдің жүздесуі. Бірі күшейе түседі, бірі әлсірей береді. Роман-эпопеяның ең үлкен қасіретті тұсы бар: ол – Оразбай, Сәмендердің Көшбике қонысында өткен сайлауда Абайға қамшы көтеруі. Үшінші томда өршіген жаулық, қысастық төртінші томда жалғасын табады.  

«Оразбай күлген жоқ, күлмек түгіл, жымиған да жоқ. Оспан өз тобымен әлі де мәз болысып отыр. Ақыры Дәрмен бар ұзақ өлеңді, сыншы жырды айтып болды.  Билер тобы томсарып, жым-жырт отырып қап еді. Оспан Оразбайға бұрылды да:

  • Е, байеке, неғып тыжырынып қалдың? Дәл төбеңнен түскені жақпадй-ау, ә, Абайдың? – деп атғы күлді.

Оразбай салқын қабақпен, түкпірлі тәсілін ойлап қалғандай, ашулы сөйледі.

– Осы заман… – деп алыстан тарта бастап, – бұзылады-ау! Бұзылғалы тұр-ау! Сонда бұзатын сен боласың-ау, қажы баласы! – деп, Оспанның басынан аса, жоғарылай қарады.

Қасындағы айлашыл, алақ билер Оразбайға еміне, исіне қарап қапты.

– Бүгінгі игі жақсыны ауылына жиып алып, осылайша басқа соқ! Абыройын төк! Бет жырт, уә, перде жырт! Балаға да, малшыға да құрық бер!…Бұза бер! – қолын бір-ақ сілікті.

– Уәй, Оразбай, не дауың бар!? Шын жақсы болсаң, саған айтылған сөз емес. Ал жаман болсаң, жаңағы сөзден өзіңді-өзің танысаң – өз обалың өзіне!… Мүрдем қат! – деп, Оспан сақылдай күлген-ді” (Үшінші кітап, 39-бет).

Абай айтады: “Оразбай атқа мініп, қару асынып алыстан жау іздеп қайтеді. Жауы, анық жауы, Оразбайсымақтардың өзіңде, өз ішінде. Ол – қас надан қараңғылығы ғой. Алысар болса, әні, сонысымен алыссын да ”, (Төртінші кітап, 201-бет).

«Әзәзіл қан тілегенін танытып қалды. Абайдың үстіне есікті шалқасынан аштырып, аттап, екпіндеп Сәмен кіргенде, қалған он-он бес кісі қатарынан қаруларын жасырмай иін тіресе, сұғына берді. Сәл сескеніп, үнсіз қарап қалған Абайға Сәмен тура басып, адымдап кеп, қатты сұмдық бір боқтық айтты. «Соңымнан қаламысың, жоқпысың”! деп қамшымен бастан тартып жіберді. Сол-ақ екен, Абайдың үлкен денесі қозғалып тұруға да мұрша келмеді. Соққы жауып кетті. Кім екені белгісіз, жаңағы келген топтың ішінде, енді Абайды талап өлтіруге айналған түрді көріп қимаған біреулер, Абайдың денесін бүркеп құлай кеткені де болды. Олар біреу емес, бірнеше адам… Ол соққы Абайға ғана тиген соққы емес, қазақтың халқының арына соққан сұмдық соққы болды.» (Төртінші кітап, 259-бет).

Тобықтының Абайды жақтаған бөлігі кек қуысамыз, елін жазаға, малын қазаға ұшыратамыз, деп дүрлігеді, сонда Абай кесігін өзі айтып, сойқанға айналғалы тұрған дүрбелеңді, тұтанғалы тұрған өртті тоқтатады: “Қапқан иттен өш алам деп мен де қапсам, аузымда не қасиет қалады”, (Төртінші кітап, 265-бет)

– сал-серілер

Екінші кітаптың ортасына таман автордың сал-серілер шоғырының ауылға, тойға келгенін бейнелейтін тұсы бар, Абай ауылында жүріп жатқан ән, өнер мерекесі жалғаса түседі, «осы күндерден екі айдай бұрын Тобықтының шетіне келген Біржанның хабарын Абай естіп, алдынан Әмірді жіберген-ді. Абайдың ең бір қадірлес ағасы Құдайберді жастай өлгенде, содан жетім қалған бес баланың ортаншысы Әмір болатын» (Екінші кітап, 68-бет).

Ол аяулы өнерпаз тұлғаның қасында жүріп, көп ән үйреніп алады әрі аға тапсырмасымен елге Біржанды салды ертіп әкеледі. Абай ауылында екі ай жатқан ардагер әнші Тобықты жерін таңғажайып сарынға, жұрт тамсанған уәзінге бөлейді. Бұл жиында Оралбай – Керімбала, Базаралы – Балбала, Әмір – Үмітей уақиғалары басталады.

Жалпы, қазақ ән өнерінің негізін қалаушы, жаңа дәстүр иесі, қайраткер жанды Абай ұнатып қалады. Біржанды ауылынан сый-сияпатымен, құрметімен аттандырып салады. Содан кейін, автор ел қыдырып, өнер көрсеткен жастар тобын бейнелеуге көшеді.

“Келе жатқан топ екі-екіден, бір сал, бір келіншектен мойындарына артысып,құшақтаса әндетеді. Ортада сал ағасы өзге топтан оқшауырақ алда келеді. екі жағынан екі келіншек иығына қол асып, құрмет етеді. Сал ағасы өзге жігіттерден жасы үлкен, бойы, бітімі де келбетті келген Байтас екен. Домбырасы да үлкен, үкілі, сылырмақты, моншақты”, (Екінші кітап, 222-бет).

«Ән арасында сол домбырасын Байтас аспанға көтеріп, бұлғақ қақтырады. Сал ағаның осы белгісімен арттағы өңшең әнші, ойнақы топ өздерінің шұбар ала домбыраларын аспанға көтереді», (Екінші кітап, 222-бет).

«Абай мен Ерболға аса қатты ұнап, қайран қалдырғаны: бар әнші жиылып бір-ақ әні айтады» (Екінші кітап, 222-бет).

«Салдар ауылға тақай бергенде, алдарынан шапқыншы боп келген, мойындарына сапы асынған жасауылдары болатын» (Екінші кітап, 222-бет).

«Саны қырыққа жететін салдардың жасауылы онға жуық», (Екінші кітап, 222-бет).

Әмірлер күйеу келетін той екенін білсе де, кетпей қояды. «Қыз атаулының еркесі, сәнді сұлу Үмітей ұзатылмақшы. Бұрыннан қайыңдап жүрген күйеуі – Көкше Қаратайдың туысы, Алатай баласы – Дүтбай» (Екінші кітап, 222-бет).

Серілік Құнанбайдың өз немересін шеңгелдеп өлтіруге әрекет жасағанымен аяқталады. Айырып жіберуге талпынған Ызғұттыға да, Нұрғанымға да қарамайды, бірін қорқытып, бірін кеудесінен теуіп қалады. Дер кезінде келіп үлгерген Абай өнерлі жасты ажалдан құтқарып қалады. Автор Қодар, Қамқа уақиғасын еске салады: «Аузыңда Алла шеңгелінде қан! Тағы қан! Бұларды шариғат та қосады! Бір кезек сол шариғат жолы деп бір нахақ қан төгіп ең» (Екінші кітап, 236-бет).

Бір мәжілісте жазушы Абай заманы мен Құнанбай заманын беттестіреді.

«Көпшіліктің сөзіне Құнанбай қосылып кеп, тағы бір салмақты дәлел тастады:

– Дәурен ұзаған сайын, ақыр заман белгісі айқындай бермек. Адам құлқы

өзгеріп, азғындай түседі. Біздің заманымыз өзге-өзгені қойғанда, пайғамбар заманына жақынырақ. Бір табан жақын болса, ілкім артық та болар. ”

Абайдың жауабы бәрін таң қалдырады, тіпті, шошытып, үркітіп тастайды:

– Жақсылық пен игілікке алыс-жақын жоқ. Алатаудың басы күнге

Жақын, бірақ басында мәңгі кетпес мұз жатады. Ал бауырында неше түрлі гүл, жеміс, неше алуан нәубеттер өседі. Жан-жануарлардың баршасы содан қуат алады. Сіздер пайғамбарға Абуталыптан жақын емессіздер. Ол әкесі еді. Бірақ, Абуталып кәпір болатын, – деді», (Бірінші кітап, 363-бет).

Мен бір сәйкессіздікті байқадым. Роман-эпопеяның екі жерінде қажылық сапар төрт жылға созылғаны туралы жазады:

«Құнанбай осы өткен қыс аяғында, төрт жылға тақау үрдіс, ұзақ жол жүріп, Меке сапарынан қайтқан еді», (Екінші кітап, 128-бет).

«Төрт жыл кәрі сүйегін сүйретіп, шығанға барып келгенде, адамның әкелетіні: Ана жерде бір мола, мына жерде бір мола деу болса, не деген аз табыс», (Екінші кітап, 131-бет).

Аталған межеге қайшы екінші бір мерзім бар: «Осы қалпы Құнанбайдың сырты ғана емес, үш жылдық мінәжат сапарынан Құнанбай, шынында, іштей, мінездей қатты өзгеріп қайтты», (Екінші кітап, 129-бет).   

Автордың өз қателігі ме, әлде шығарушылар ұқыпсыздығы ма, әлде басқа бір айып па?

  • көрнек сөздер

Кітаптың тілі, ұстанған бағыты – реалистік-романтикалық поэтика. Мен ақындық проза деп баға берер едім. Қараңыздар:

«Гулеп ұшқан көбелектей көп бояулы, неше алуан», (Бірінші кітап, 28-бет)…

«Ылғи бір түрілген қазы, төңкерілген жас құйрық, сары алтындай балқыған жал, желін майлар», (Бірінші кітап, 120-бет)…

«Сар дала, қоңыр адыр, сай-сала, қорық-қойнауларға өздерінің ақ ирек, сар-кідір омбыларын, оқаптарын, мұздақ жалтырларын жапқан көрінеді», (Бірінші кітап, 127-бет)

«Ен өлке, кең сала, мол жайлау, құйқалы адыр, қалың таулардан жұрт ағылды», (Бірінші кітап, 179-бет.)

«Сондықтан бірен-саран көтерем жылқы мен арық түйені, немесе жалғыз-жарым сиырды қойдың алдына салып, соған қар бұзғызып келеді», (Бірінші кітап, 290-бет).

«Шындық – халық тілегін тапқан шындық болсын», (Үшінші кітап, 33-бет).

Мұхтар Әуезов «Абай жолының» 4 кітап, «Жұтта» тарауында, 357-бет, орысша сөйлеп, Абай алдында оғаш мінез көрсеткен қала балалары Жәлел (Әзімбайұлы) мен Нығмет (Кәкітай ұрпағы) Құнанбаевтар туралы хәкімнің айтқанын алдымызға келтіреді: «Кім білсін, оқу адамды қайта тудырады».

Келер заманды анық болжаған сөз. «Қай тілде білім алсаң, сол тілге қызмет етесің» (Сұлтан Ыбырай келтірген Махатма Ганди лепесі).

Орыс тілді қазақтардың қалыптасу басын автор Абай заманынан бастап көрсетеді.

  • Құсбек төре мен Қалиолла Өскенбаев

Романда Құсбек төре жайлы шағын мәлімет бар: «Анығында, Қарқаралыға жаңа аға сұлтан сайланған. Ол – бұрын бір болып түсіп қалған Бөкей төренің нәсілі – Құсбек», (Бірінші кітап, 213-бет).

Сұлтандық дәуірде ел басқарған аға сұлтандар туралы Ахметбек Әрінұлы ақсақал «Атақоныс – Арқадағы шежірелі Қарқаралы»(Алматы: РПБК «Дәуір», 2003) атты кітабында төмендегідей ақпар береді:

  1. Тұрсын Шыңғысұлы (Жамантай):04.1824 – 09.02.1845.
  2. Құсбек Тәукин:02.1845 – 1849.
  3. Құнанбай Өскенбайұлы: 22.12.1849 – 31.12.1852.
  4. Түлік Шыңғысұлы: 1852 – 1861.
  5. Тұрсын Шыңғысұлы: 1861-1862.
  6. Шалғынбай Бірәлин: 1862 –

Бұл жерде Төлек Тұрсынұлы (Әнес Сарай – 1853-1855) мен Түлік Шыңғысұлына (Ахметбек Әрінұлы – 1852-1861) байланысты мәліметтер бір-біріне қайшы: бір адам ба, екі бөлек тұлға ма, меніңше, Төлек есімі Түлік боп жазылып кеткен. Фамилиядан да шатасқан.

Тағы бір жайт. Қорыта келгенде, Құсбек төре сайлануы Құнанбайдан бұрын ба, кейін бе? Әуезов көркем туындысында Құсбек төре Құнанбайдан кейін аға сұлтан болған деп жазады. Негізі, құжаттар бойынша, бұрын.

Сонымен қатар, Ресейде оқыған, Құнанбайдың тағы бір талантты баласы туралы Мұқтар Әуезов ештеңе жазбайды, тіпті, эпопея қаһарманы да емес. Ол – Қалиолла Өскенбаев. Шығармада Қалиолла Қалел түрінде берілген, және де Айғыз аузымен айтылады: 

– «Ұрған жақсы болса, ертең оқудан келер Қалел де. Сенің сыбағаңды берер! – деп, орысша оқуда жүрген өзінің үлкен баласы Қалелді де есіне алды» (Бірінші кітап, 93-бет).

Абай туралы эсседе Қалиолла-Қалел ғұмырбаянын кеңінен келтірген едім: «Үйімде, сөрелері сіресіп тұрған үлкен кітапханамда, алғысөзін Мұқтар Әуезов жазған аса бір қымбат кітабым бар. Бұл – Қазақтың Мемлекеттік Көркем әдебиет Баспасында 1961 жылы жарық көрген Абай Құнанбайұлы шығармаларының бір томдық толық жинағы. Редакциясын қарап, түсініктерді, жаңа материалдарды толықтырып баспаға дайындаған – Әбіш Жиреншин.

Ұмытылып бара жатқан есім. Немесе, қазір ғалымдардың өзара әңгімесінде ғана аталатыны болмаса, ел арасында ұмытылған ныспы.

Кітапта Абайдың туысы Қалиолла туралы көп мағлұмат беріледі: «Абайды алғашқы рет орыстың өнер-білімі, кітаптары мен, сонау алыстағы Петербургтағы, Москвадағы орыс интеллигенциясының салт-сана, тұрмысымен таныстырған адам Абайдың өз інісі Қалиолла Өскенбаев. Қалиолла Құнанбайдың Айғыз деген бәйбішесінен туған, ерте кезден-ақ оны әкесі орысша оқуға береді. Абай елде жүргенде Қалиолламен Петербургке хат жазысып, хат алысып тұрады. Жазғы демалыста елге келгенде Қалиолла астана тұрмысынан қойын-қонышы толы көптеген әңгімелер мен кітаптар ала келетін болған, осы кітаптарды үнемі оқып Қалиолламен іштей сырласып, пікір алысушы немерелес ағайындарының ішінде зерегі Абай болған».

Әбіш Жиреншин Қалиолла жайлы жеткізе жазады. Бірақ, бізге мына бір детальдары айрықша маңызды көрінді.

«Қалиолла ең алғаш Семейде оқып, ондағы оқуды тауысқан соң, Омбыдағы Шоқан оқыған Кадетский корпуске түседі. Бұл Шоқан Уәлихановтан соң. Оны да бітіріп, корнет офицер деген атақ алып шығады. Бұл тәрізі 1863-69 ж. мөлшерінде. Бұдан соң Қалиолла Москвадағы Павловский кавалерийский школды бітіреді. Бағзы бір мәліметтерге қарағанда Халел  1877-1878 жылдар орыс-түрік соғысына қатынасады. Онда да ерлік көрсетіп орыстың бір генералынан алғыс алады»…

 – ағымдар (теория) – ақындық проза (еркін қалам)

Реализм талаптарына сай құрылған жалпы фон, қайраткер тұлғалар жан-жақты кейіптеліп келе жатады да, жазушы назары Абай образына түскенде, авторлық стиль, негізінен, бірден түбегейлі өзгереді. Кітаптың басты кейіпкері нұрланып шыға келеді. Қазақтың бағына туған кемеңгер ойшыл бейнесі ессіз қоғам, әділетсіз топ ортасында жарқырап көрінеді. Жерге періште түскендей күй орнайды. Себебі, Абай қатысқан әр мизанц-сцена не эпизод кісілікке, адамгершілік құндылық-қасиеттерге, ұлы ізгіліктерге толы, оқыған адам шайыр даналығына куә, біртуарлығына кез болады.

Бір ғана адам емес, бүкіл эпопея сәулелі жанның шуағына бөленеді. Бұл тұрғыдан Әуезовке Абай тақырыбына қалам тарту оңай болды.  Хәкімге деген ұшан-теңіз махаббаты жетелеп отырды.

Бірақ, екінші тараптан, ауыр, себебі, Абай – парасат, Құнанбай – әрекет, шығарма тек Абай қызметінен тұрса, оқуға қиындау болар еді («Егер дүниеде бәрі ойлағанымыздай болса, онда еш уақиға өтпес еді», Федор Достоевский),  алғашқы кітабы – эпопеяның ең үздік жазылған тұсы, барлық уақиғаның бел ортасында Құнанбай жүреді, ол – уақиға тудырушы, жаңалық жасаушы.

Қат-қабат, бірінен соң бірі: уақиғалар төгіліп жатады, эпопея қалыңдай береді. Шытырман. Жылдам оқисың. Бірінші кітабы қалған үш кітаптың жүгін, салмағын көтеріп тұрғандай, «Абай жолын», меніңше, «Абай жолы» еткен алғашқы кітабы. Бұл, әрине, метафора, жалпы, эпопея – данышпан туынды. Кезінде насихаты оң болғанда, «Абай жолы» Нобель сыйлығын тымақпен ұрып алар еді. 

Мен сюжеті, қаһармандары, тұрмыс салты жағынан «Абай жолы» эпопеясын қайталайтындай кітап көрген емеспін. Бұрын-соңды.

«Абай жолы» – номадтар үйі туралы кітап. Күллі адамзат тарихының көшпелі кезеңіне арналған ескерткіш. Ол жаңа әдеби теорияға негіз: номадизм тәсілі (философиясы мен жазу мәнері). Яғни, эпикалық дәлдік, жылқыға деген махаббат, рулық одақ, ұлттық (халықтық) бірлік, көші-қон, шексіз кеңістік, еркін уақыт, бетпақ дала, елді мекен, қыстау-қорық, қоныс-құдық, жайлау, қонақжайлық, мырзалық, дарқандық.

Кейде мәтін сабырлылығы, бірқалыпты атмосферасы, сөз-сөйлем тыныштығынан ақындық проза сипатын танимын. Марсель Пруст, Иван Бунин, Михаил Пришвин еске түседі. Биязы текст Мұхаң (Мұқтар Әуезов) мінезінің өзіндей.   

Шығармадан реализм, натурализм, романтизм белгілерін байқаймыз: “Содан соң, сыртынан қойып жіберіп, етпетінен түсіріп, басып жатып:

– Сен не қылмадың осы? Неден астың әлі осы? – деді түйгілеп отырып. – Масқара қып қор еткенде, былай етейін сені! – деп, Майбасарды етпетінен тізерлеп, салды да, – Көк сүңгі деп ең ғой! Мә, көк сүңгі! –  деп, Майбасардың жалаңаштанып тұрған құйрығының арасына түйенің қатқан құмалағын батырып-батырып жіберді.

– Намысың болса, өл осы қорлықтан, өл осы мазақтан! – деп теуіп қалды» (Бірінші кітап, 202 бет).

Бұл эпизодтан реализм/натурализм ізін көреміз. Екеуінің де белгісі бар. Жалпы, туынды бойында әлем әдебиеті, тарихы, ұстындары тұнып тұр. Әуезовтің оқыған-тоқығаны, көрген-білгені мәтінде жасырынып жатыр. Империяның бас қаласында тұрып, қазақ жерінен қашық, әжептәуір уақыт хабарсыз жүрсе де, орысша ортада өмір сүргені қаламынан бір сәт білінбейді.

Қалыптасу жылдары көшпелі отбасында өткен қыр баласы, «Абай жолын» қалыптағанда өз балалық шағы жайлы тақырыпқа қалам тартып отыр.

«Абай жолында» дәлдіктің тереңдігі керемет. Дәл деталь, нақ сөз оқырман өз басынан кешкендей күйге ұшыратады. «Эффект присутствия». 

Соңғы екі-үш ғасырдың көлемінде қалыптасқан іргелі түсінік-танымдар ықпал-әсерін, түрлі ағымдар сипатын, әдіс-тәсілдерін оқшаулай аламыз.

Шығармада модернистік көзқарас бар. Ол – жиі қолданылған символизм. Белгілер. Мысалы, «Әке жағынан екінші рет кісі келіпті және жұмыстар тұсында, ауыр бұйрықпен жүретін Жақып келіпті. Осал белгі емес. Тегінде, ауыл-аймақ болсын, ағайын ортасы болсын, Құнанбайдың сәлемдерін әрқашан жіберген кісілеріне қарай, салмақтап танитын. Мысалы, алып кел, айдап кел! дегендей бұйрық болса, ол Қарабас, Қамысбай сияқты атшабарлар түрінде келеді. Айтып, білдіріп кел, десе, Ызғұтты, Майбасар боп келеді, Ұғындыр да, бағындыр! десе, жорға Жұмабай пішіндес болады. Кейде ондай сәлеммен Құдайберді, Абай да жүріп қоятын. Қорқытып, ызғар тастап, үйіріп кел десе, осы Жақып шығады. Ол бірақ рулар арасындағы келелі сөзге, іргелі кеңеске жүретін. Ал іс, тіпті, үлкен боп, көп елмен қаржасатын кез болса, ондайда Қаратай шығады», (Бірінші кітап, 296 бет).        

«Осыдан соң ақша сандығының аузы ашылып, Майырың топсасы да босай бастаған» (214 бет).

Романтизм. Абай мен Тоғжан кездесуі жайлы: «Шын сағынышты, ынтық жандар боп ұғысты» (223 , бет).

Бұл романның өзі реалистік тұрғыда жазылса да, Абайға келгенде романтизм алға шыға береді.

Автор бас қаһарманға қапыда көлеңке түсіріп алмайын деп жазғанына аса сергек, ұқыпты, мұқият қарайды. Қамқор. Кездейсоқта кір жұғып, қапылыста күйе жағылып, жөпелдемеде шаң-тозаң тиіп, мөлдір образдың ардақты бейнесін былғап алмауы керек. Ақ күйінде, таза қалпында финалға жеткізуі тиіс. Үнемі қырағы, жанашыр. Кітабына құжатындай қараған тәрізді. Абай образына қылаудай қиянат жасағысы келмейді. Мінез-құлқын, шешен сөзін, тауып айтқан байламын аса бір романтикалық тебіреніспен жырлап отырады.

Мұндай стиль Мұхтар Әуезовтің миссиясынан туындайды. Ол әдеби образбен қатар ұлт ұстазы, қазақ кемеңгері, ұлы Абайдың тарихи тұлғасын сомдап жатыр. Қазаққа сөзін тыңдап, байламына тоқтайтын, мың жылда бір туатын алып перзентін танытып, түсіндіріп кетуі қажет.

– мәнер (стиль) – мәтін (таңба)

Әуезов тілі – көп зерттелген тақырыптың бірі, бірақ, жазу мәнері, біздің түсінігіміздегі стиль, жете зерделенген жоқ. Әрине, сүбелі еңбектер, күрделі ғылыми туындылар баршылық. Бірақ, модернизм (импрессионизм, футуризм, акмеизм, дадаизм, символизм), тұрғысынан, абсурд/сана ағысы тақырыптарымен қатты әуестенген, Джеймс Джойс, Марсель Пруст, Франц Кафка негізін қалаған ағымдар талаптары тұрғысынан өз деңгейінде қарастырылмады. Тіпті, позитивизм, структурализм, құрылымдық лингвистика, экзистенциализм, герменевтика, жаңа роман теориясы, постмодернизм, автофикшн аясында, бір ғасырға жуық мерзім ішінде талданып та үлгермеді.

Ғылыми теориялық жұмыстарда Әуезовті мақтау көп, бірақ, өкінішке қарай, терең қопарған, қыртысын ақтарған, архетиптік көшпелі санасын, құрылымын, қасиетін ашқан талпыныстар кемде кем.

Бірде, Иран-Ғайып: «Әуезов жеңіл оқылады, себебі, өзің жазып отырғандай оқисың» дегені есімде.

Өте мықты баға. Демек, бұл мәселе бізге шығарма көшпелі елдің көркем тілінде мінсіз жазылғанынан айғақ береді. Әрі қазақтың ауызекі тілі аса жоғары поэтикалық деңгейде екендігін білдіреді.

Қазақ тілі тұнған метафора. Образды ойлау жүйесі түсініктерді кең түсінуге жол ашады, сондықтан, қазақ сөзінде синоним көп, бір ойды бірнеше синоним бейнелейді.

Әуезов адамның жай-күйін, психологиясын, мінез-құлқын әдемі суреттейді, атмосфераны сұмдық жасайды.

Бір байқағаным, бірді-екілі эпизодтарда болмаса, жалпы, табиғатты Әуезов ұзақ суреттейді деген әдеби ортада қалыптасқан тұрақты пікір – жалған сөз. Таң алдын, қыс мезгілін, сай-саланы қуалаған қалың қау, бітік шөп, көк шалғынды қысқа-қысқа кейіптеп қайырып өтеді. Сөйлемі ұзын емес, шолақ та емес, көз сүрінбейді, оқырман жылдам дамыған уақиғаларға әрең үлгеріп отырады.     

Кейіпкер әрекеттері анық, біріне бірі жалғасты. Автор – атмосфера жасаудың шебері.

Қажет жерінде қара бұлтты қаптатады, қара аспанды төндіріп жібереді, жарқыратып Күнді әкеліп тас төбеге іліп қояды, бесінде құлатады, елең-алаңда атырады. Барымта-қарымта, ру-тайпа аралық тартыстар, сақара маусымдары, мәжілістер, тегіс аса нанымды бейнеленеді.

– атмосфера (ахуал) – уәзін (сарын)

Әдетте, шығарма атмосферасының қалыптасқаны нәтижесінде, сюжет желісі, уақиғалар көрінісі, тылсым дүниенің мылқау дыбысы, персонаждар үні, әлем сезімділігі, екі нәрсенің бір-біріне тигені, қажағаны, дарығаны күшейе түседі. 

Тыныштықта балықтың шолп еткені, дауыстың түн жарып шыққаны, алакөлеңке пойызда соңғы бекеттен мінген екі жолаушының қараңғыда күбірлесіп сөйлесіп отырғаны немесе шулы базар, кісі толы аялдамалар, әрі-бері ағылып жатқан автомобильдер нөпірі, бәрі атмосфера  құрайды.

Үшөлшемді әлемде өмір сүрген адам баласы үшөлшемді әсерге бөлене алады: көреді, естиді, сезеді.

Әрине, асыра сілтеп, бүлдіріп те тастамау керек, екінші жағынан, бір-біріне қайшы да келмеуі тиіс.

Меніңше, атмосфера туғызатын нәрселер – жыл маусымдары, ауа райы, жергілікті табиғат, қалыптасқан жағдай, қаһармандар қарым-қатынасы, бас кейіпкерлердің бастан кешіп жатқаны.

«Абай жолында» жоғарыда келтірілген жайттардың бәрі бар. Әрқайсысы бір-бір қалың роман (380-430 бет) жүгін көтеріп тұрған эпопеяның төрт кітабының төртеуі де кемеңгердің лабораториясынан, шебердің қолынан шыққан кемел дүниелер.

Әлбетте, жан кешті автор бейнет көрді, азап шекті, он бес жыл бойы, жалпы саны 1500-1600 беттей болатын, шығарма жазу оңай емес.

Рақаттан өнер тумайды, ол – қашанда бейнет.

–  пафос (жорта) – фальш (жалған)

Ертеде пафос шығармаға ерекше шабыт, қайрат-күш беретін эмоциялық көңіл күй еді. Көркем туынды көтерген күн тәртібі, алға тартқан идеясы пафостан көрінетін.

Бертін келе, пафостың табиғаты тереңірек ашылды. Пафос көркемдіктен гөрі, насихатқа жақын. Бүгінгі әдебиет – өнер өрісін тарылтатын идеологиядан бас тартқан әдебиет. Өнердің мақсаты – эстетикалық кемелділік, түбінде ол этикалық императивке ұласады. Бір ғана максимум бар: елге, ұлтқа, адамзатқа қызмет. Кісілік – мәңгілік тақырып. Жария үгіт, ашық насихат өнер мұратына қайшы, жалқыдан жалпы тууы тиіс.

Роман-эпопея – хәкім атын ардақтаған туынды, ақын жақтаған әділет пен ақиқатты ашқан шығарма.

Төртінші кітаптың соңғы тарауы аяқталуы, тіпті, тамаша, үздік еуропалық (америкалық) классикалық роман дәрежесінде, (үлгісінде) аяқталады: «Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай және қаза тапты. Ұлы кеуденің ыстық демі тоқталды. Шөл даланы жарып шыққан дариядай, игілік өмір үзілді. Сонау бір шақта тасты тақыр, жалтыр биік басына жалғыз шыққан, зәулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті».

Ешқандай пафос жоқ, сонысымен аса қайғылы, азапты, қасіретті. Төменде салыстыру мақсатында, төрт үздік автордың финал-мәтінің алға тартып отырмыз.

 (Хемингуэй, «Шал мен теңіз»: «Старик снова спал. И ему снились львы», «Қош бол, майдан»: «Он ушел в дождь»,

Маркес, «Жүз жылдық жалғыздық»: «… город будет снесен, ураганом и стерт из памяти людей, в ту самую минуту когда Аурелиано Вавилонья закончит чтение пергамента, и что все написанное в них неповторимо отныне и навеки, ибо ветвям рода, приговоренного к ста годам одиночества, не дано повториться на земле»,

Фолкнер, «Меншік үй»: «как те, прекрасные, блистательные, гордые и смелые, те, что там, на самой вершине, среди сияющих видений и снов, стали вехами долгой летописи человечества, – Елены и эпископы, короли и ангелы-изгнания, надменные и непокорные серафимы»,

Кнут Гамсун, «Аштық»: «Когда мы вышли во фьорд, я разогнул спину, весь взмокший от слабости, волнений, вгляделся в берег и простился наконец с городом Христианией, где в окнах повсюду уже зажглись яркие огни.»).

Бірақ, соңынан келтірілген үш жарым беттік эпилог «бәрінің сәнін кетіріп» тұр: советтік қосымша екені бірден байқалады. Екі финал, бір пафос пайда болады. Текст ашылады (Дәрмен сөзінде).

«Абайдың жаңа бір туысын қабыл алып отырған халық-ата, халық-ана осы еді»… аталған эпилогты шығарманың байлауы, күрмеуі тұрғысында, негізгі көркем мәтінге жалғауды доғарып, эпопеядан тыс орналастырса қайтеді, деп топшылап та қоямын, меніңше, оның орны – “Түсініктемеде”. Бұны қатардағы бір пікір тұрғысында, талап емес, тілеуқор көңілдің риясыз ұсынысы ретінде тануымыз шарт. Көзқарас. Бірақ, данышпан қолынан шыққан кемел дүниені түзетуге, өзгертуге қандай хақымыз бар.

Қырда, сақара жазығында әлемдік номадтар көші тоқтаған жылдары жазыла бастаған «Абай жолы» роман-эпопеясы тұрғанда, алып тарихымыздың аса бір маңызды бөлігінің озық үлгісі – көшпелі кезең мәдениетін (культура) өркениеттік  (цивилизация)  адамзат әсте ұмытпауы тиіс.

метки: Нанбай, Абайд, Андай, Кітапты, Нанбайд, Осылард, Осындай, Болад

«Абай жолының» бас кейіпкері — Абай. Біз ақын өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын… бәр-бәрін түгел шарлап өтеміз. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр.

19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ өмірінің бұл төрт кітаптан тыс қалған бір де бір қалтарысы жоқ. «Абай жолының» мазмұн жағынан алғанда жалпы жұрт мойындаған энциклопедялық сипаты, жанр жағынан алғанда қазақтың тұңғыш эпопеясы екендігі де осында жатыр. Тағы бір күрделі ерекшелік — осынау кең құлашты халықтық эпопея бастан-аяқ тартысқа, қарама-қарсы күштердің қым-қиғаш күресіне құрылған және осылардың бәрі диалектикалық қимыл-қозғалыс, өсу-өрбу, өрістеу үстінде көрсетілген. Мысал үшін шығарманың негізгі арқауындағы арналы тартысты алайық. Бәрінен бұрын мұнда жеке адамдар арасындағы психологиялық шиеленістер, қарым-қатынастағы қайшылықтар, әлдінің әлсізге қиянаты, зорлығы, қаныпезерлікке ұласқан қаталдығы (Қодар мен Қамқа оқиғасы); одан өрбіген ру мен ру арасындағы кескілестер — жер дауы, жесір дауы, құн, барымта, алыс-жұлыс, айқастар; осылардың жалпы жұртқа тиген зардабы — түрлі сипаттағы қаналулар: кедейленулер, қаңғып-тентіреулер, жұтқа ұшыраулар, жатақтардың пайда болуы, қазақ даласына орыс қоныстанушыларының келуі, жарлы-жақыбайлардың өзара ынтымағы, олардың үстемдерге қарсылығы, бұл қарсылықтар үстінде көрінген жалаңтөстер, олардың жазалануы, жер аударылуы, осы арқылы бірте-бірте ескі мен жаңаның ара жігі ажырап, күрестің жаңаша сипат алуы… Осылардың бәрі қара қылды қақ жарған әділдікпен адал, ақиқат шындық шеңберінде тағы да нақты және даму үстінде көрінуі — шын мәніндегі реалист-суреткердің айта қалғандай дарын күшіне, талант қуатына саяды.

Эпопеяда ешбір адам жоғарыдағыдай тартыс арнасынан шет қалмайды. Бәрінің характерлері, сол қым-қиғаш күрес үстінде қалыптасады. «Абай кезіндегі қазақ даласында,- дейді автор,- күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні мен Құнанбай образына жинақтадым. Ал, оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар. Сондықтан, ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты — ескі мен жаңаның диалектик, қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болдым». Бұл — аса қиын әрі қатерлі адым. Күрес пен тартысты анық жауласқан қарама-қарсы екі жақ емес, туған әке мен баланың арақатысына құру бұрылтпас және көл-көсір психологиялық дәлелдер таппаса, көптің сана-сезіміне бір қарағанда жете қоймайтын нанымсыз нәрсе секілденеді. Реалист-суреткердің айта қалғандай шығармашылық күш-қуатының тағы бір керемет көрініс тапқан тұсы — осы ара: әке мен баланың өзара ымырасыз жауларға айналуы, нәтижесінде Абайдың әкеден біржола тұсау үзіп, іргесін ажыратуы. Оқырманды осыған қалтқысыз сендіруі — автордың қисапсыз шеберлігі болса, соның нәтижесінде көрінген «Абайдың қасиеті — өз табының тілегінен көп қиналыстар, толғанулар, тәнге-жанға түскен жаралар арқылы жыртылып айырылуында, өз заманынан биік тұруында».

3 стр., 1056 слов

Путь абая сочинение на казахском языке

… қ баласы Абайды тануы, білуі парыз. Абайды Абай еткен шығармашылығы мен кейінгі ұрпаққа қалдырған ізі. Абай өзінің туған халқымен м … жай емес. Олай болса ?лы Абайды жан-жа?ты сан ?ырынан тани аламыз. Абайды? ?арас?здері., Абайды? ?арас?здері Абайды? м?раты, Абай арманы,Абай ?ні адамды адамгершілік, кісілік … асқақ ойшыл философ, қай жағынан да алғанда да жаңашыл, дүниежүзілік мәдениет тарихынан ерекше …

Бұл — эпопеяның идеялықаласытақырыптық негізінің мызғымас мықтылығы. «Абай жолының» граниттей берік ірге тасы осынша шебер қаланған. Ал, сюжет пен композицияға келетін болсақ, мұнда да Әуезов суреткерлік шеберліктің үлгісін көрсеткен. Төрт кітаптың өн бойында адам образдарын жасауға қызмет етпейтін бір де бір деталь, штрих, керек десеңіз, бір де бір сызық жоқ. Бәрі де мінездеу мен мүсіндеу, жинақтау мен даралау міндеттерін атқарып тұр. Әр характердің жасалу тарихы бар. Әр образ тип дәрежесіне дейін көтерілген. Басты кейіпкерлер ылғи өрбу, өсу үстінде көрінеді. Ӏ-кітаптың басында қаладан аулына асығып келе жатқан бала шәкірт пен 4-кітаптың аяғында жарық дүниеден жөнеліп бара жатқан данышпан ақынның екі арасындағы қырық бес жыл тек қана Абайдың адам, азамат, ақын ретіндегі өзгеруімен, жаңғыруымен, жаңаруымен, құбылуымен, құлпыруымен өтетіні сияқты әрбір ірі, іргелі қаһармандар не ілгерілеп, не кері кетіп, не өрлеп, не құлдырап, не өліп, не тіріліп отырады. Статикалық түрде бір де бір құбылыс жоқ, бәрі динамикалық сипатта. Бұл сюжет мінсіздігінің нәтижесі.

Осылардың бәрі композициялық бүтіндікке көшкен жағдайда жазушының тағы да адам таң қалғандай шеберлігі ширатылып шыға келеді Мұны Мүсірепов дәл аңғарған: «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деген — әр бөлімнің аттары. Осыны біріне бірін жалғап, бір саты етсең, қат-қабат, шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан Абайды көресің. Бұл — үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы. Сонымен бірге бұл — Құнанбайдың да баспалдақтары. Осы сатыларды төмен қаратып қойып, аяғынан басына қарай оқысаң, бұл жоғарыдан ылдилап келе жатқан Құнанбайдың жолы болып шығады. Сонда, Абайдың жолы — «қайтқанда, қат-қабатта, шытырманда, бел-белесте, өрде, қияда» болып шығады да, Құнанбайдың жолы — «қияда, өрде, бел-белесте, шытырманда, қат-қабатта, қайтқанда» болады. Бірі — көтерілу, бірі түсу, төмендеу жолы. Үшінші, бұл — Құнанбай тобының да, Абай тобының да жолы».1-кітаптың композициясын бұдан артық дәл сипаттау қиын. Сол сияқты әр кітаптың жеке-жеке және төрт кітаптың жалпы композициясын да осы ретпен таратып-тұтастырып шығуға болар еді. Бірақ ол шарт емес. Бәрінің бірімен, бірінің бәрімен бірлігі секілді, бәрінің түзілісін бірінің құрылысымен сипаттауға әбден болады. Жаңағы пікір 1-кітаптың жалпы мазмұнына қатысты айтылды. Сол сияқты мұндағы полифониялық сырды, я болмаса көп проблемалылықты, олардың бәрі барып тоғысар үлкен арнаны да әлгі ретпен байыптап шығуға болар еді. Айталық, 1- кітаптың 1-бөлімідегі бірінші тарау:

5 стр., 2308 слов

Реферат абай жолы романы туралы

… табылатын Абай жолы романын жазды.Алғашқы екі кітаптан тұратын Абай, романы үшін жазушыға Мемлекеттік сыйлық беріліп, төрт томдық Абай жолы. Абайдың бірінші … Мамыр. 1918 жылы Әуезов тұңғыш рет Абай жайлы мақала жазып, Абай заманы туралы білген, естігендерін қағаз бетіне түсірген. … Қай өлкеде, қай атырапта туса да, ол жазушы болар еді. Абай топырағы жазушы қаламына айрықша әсер еткені баршамыз …

1) «Үш күндік жолдың соңғы күніне барын салған бала шәкірт» астындағы жарау құлабестісін ағызып-ағызып алып, жаппақ жазықтың белінен-беліне көтеріліп, қасынудағылардан оза шауып, алып-ұшып келеді. Бұл арадағы тақырып — туған жер, идея — сағыныш.

2) Жолаушылар жайлаудағы ауылға жетті. Абай әйелдер кұшағыңда, жаппай, жағалай сүйіс, енді бірде әже қасында, әжесін өлеңмен алдап үшкіру, қуаныш-күлкі, бәрі мәз-мәйрам, мәре-сәре. Бұл арадағы тақырып — ана, идея — мейірім.

3) Абай үлкен үйге кірді, Құнанбай қасында, Құнанбайды қоршаған ақсақал-қарасақалдар арасында үнсіз, жым-жырт тыныштық, бірін-бірі баққан суық жүздер, әлдебір кеселді құпияны әркім өзінше іштей салмақтап, сілтідей тынып қалған. Бұл арадағы тақырып — әке, идея — мейірімсіздік…

Дәл осы ретпен жеке алғанда бір кітаптың, жалпы алғанда төрт кітаптың бар проблемасын ақтара-төңкеріп, өріп шығуға болар еді. Сонда эпопеяның бар саласын, ойы-қырын түгел шарлап, кезіп шығуға болар еді… Бұл эпопеядағы сан алуан сыр мен шындықты, оның ірілі-ұсақты детальдарын бір желіге көгендеу болса, енді жеке кейіпкердің, яки Абайдың өз тұлғасын тұтастырудағы бір ғана композициялық сәтті алып қарайық.

Бірінші кітап

1-кітаптың басында Абай қаладан далаға келе жатады, асығып, алып-ұшып, аулын сағынып келе жатады; ал аяғында — даладан қалаға кетіп бара жатады, қарама-қарсылыққа, қайшылыққа толы өз аулынан өзі безіп, түңіліп қашып бара жатқандай. Осы екі арадағы он шақты жылда аулынан Абай көрген жайды, Абай кешкен хәлді, Абай ұққан, Абай сезінген, Абай түйсінген сырларды бір шолып пайымдасақ, тек Абай басында болған өзгерістерді ғана емес, кітап толы кейіпкерлердің бәрін бір атмосфераға алған үлкен эволюцияны аңғаруға болар еді. Бұл да зергер қиюластырған тамаша композиция арқылы тұтасқан шынайылық. Енді тип пен характерге көшсек, бұл арада да Мүсіреповке бір соғып өткен жөн. Асылы, Мүсіреповтің «Абай» романы туралы» деген сын мақаласы — әдеби шығарманы эстетикалық талдаудың үлгісі. Оны 1958 жылы I. Омаровқа жазған хатында Мұхтар Әуезовтің өзі де өте жоғары бағалаған: «Ойыма он бес жыл бұрынғы бір кез оралып еді,- деген ол. — «Абай» романының бірінші кітабы шығып, соны жазушылар, сыншылар, кейбір адамдары боп талқылап, танымақшы болып жатты. Бірақ бір күнгі ұзақ мәжіліс түк те берекелі нәр бермеді. Баяндамашы Құнанбайды Иван Грозный деп, Петр Первый деп әр биікке қарай жетектеп алды да, қаңғыды да кетті.

Кейін сөйлеушілер де жетістірген жоқ. Әркім әрбір қабуын-шабуын дегендей сипалаған, сылаған болды да, кәдімгі белгілі саяз, сылдыр сөздерге сайды. Өте бір күйкі күйді амалсыз еске алғызды. Мен үндегем жоқ… Сол жиылыстың ең соңында күн бойы о да үндемей отырған Ғабит жиылысты басқарып отырған Сәбитке келіп бір ауыз сөз айтты: «Немене, адамша сөйлейміз бе, жоқ осымен кете барамыз ба?» — деді. Сол күннен бастап екі кеште ол бір баспа табақтай етіп өзінің роман жөніндегі, бар жұрттан оқшау, бөлек шырғау шыққан әділ, адал, саналы толғаулы ірі ойларын айтып шықты. Сөйтіп, келесі күнгі жиылыс «адамша сөйлеудің» нағыз өзін бастап еді». Дәл осы сөзінде Мүсірепов романдағы типтер мен характерлердің бірқатарын бірер сөзбен былайша дәлме-дәл сипаттайды. «Сүйіндік — жалтақ; Байдалы — табанды, қырыс адам. Бөжей — сыр бермес, Қаратай — жеңген топтың қасында… Майбасар, Жұмағұл, Тәкежан, Қамысбайлар — патша үкіметінің жасаған болыстығының маңында болатын мансапқорлар… Зере — ел анасы, Ұлжан — соның жалғасы. Сары апаң — үстем рудың әрқашан өзімдікі дұрыс деп, қисыны келсе-ақ қарсы дау соғатын кеуделісі… Бұлардың бәрінің жиынтығы, сақасы сияқты Құнанбай — сонша сұм, сонша аруақты, сонша бір кесек образ! Абайдың өзін алатын болсақ — бұл бұқара халықтың тартқан жапа, көрген қорлық, төккен жасынан туған, ел тілегіне жаңа жолдар, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел басы, замана жасы.

10 стр., 4705 слов

Абай Құнанбайұлы туралы

… ырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абайдың өмірбаяны Абай бала … пен өйел мөселелер-не арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп … алғашқы ойын енді тікелей жалғастырғандай: “Өлді деуге сыя ма, ойландаршы, Абай шығармашылығы Өлмейтұғын артына с …

Құнанбай — елдің тоқырап қалған, өз биігінен аса алмаған ескі ойы болса, Абай — елдің алысты болжай алған, ілгері сүйреген ойы».[4] Білгірлікпен берілген мінездемелер!.. Абай тұлғасы — эпопеяның жаны мен жүрегі. Бұл бейнені Әуезов өзінің кемел көкірегінде қолына қалам ұстаған күннен бастап аялап, ойында тербетіп, ғұмыр бойы қиялында өрбітіп келген. «Боваримен» дейтін Флобер секілді, «Наташа Ростова — өзім» дейтін Толстой тәрізді Әуезовтің өзі Абайға, Абай өзіне айналып кеткенше бұл бейнені қағаз бетіне түсірмеген, іштей пісіре берген. Әуезовтің өлеңнен өзге артында жазулы жазба дерек қалмаған Абай өмірінен романға материал жинау әрекетінің өзі керемет қызық, нұсқасы: «Алдақашан бел асып кеткен керуеннің айдаладағы жұртына кешігіп жеткен жүргінші,- деп жазады ол,- сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, оны демімен үрлеп тұтатпақ болды десек, романға материал жинаған менің хәлім де дәл сол әрекет сияқты еді. Мен қарт адамдардың көмескі жадында ұмыт болып қалған көп нәрселерді қайта ойлатып, айтқызып алдым. Алпыстағы Әйгерімнің әжімді бетіне қарап, оның бір кезде Абайды тұтқындаған жас шырайлы ғажап сұлу жүзін «қалпына келтіруім» де әлгідей еді». Міне, осы әрекетінің өн бойында жазушы өзінің бас кейіпкерінің образын ойша қорытып, санада жасап жүрді. Осылайша өзінің қаны мен жанына айналғандықтан да оның бас кітабында бас кейіпкердің тастан қашалғандай көп қырлы, мол бедерлі бейнесі, құдды тірі адамдай жанды, толыққанды тұлғасы тұтасып шыққан.

Абай бейнесі

Алғашқы кітапта адам, азамат ретінде қалыптасқан Абай кейінгі кітаптарда ақын, қайраткер ретінде қиян-қилы қимыл-әрекеттерге көшеді. Осы желінің ұзына бойында оның тарам-тарам өсу, даму жолдары, белес-белес өрістеу, шарықтау биіктері жатыр. Бір кереметі — осылардың бәрі тек қана сыртқы сарт-сұрт, ылғи қолма-қол «қимыл-күшпен емес, шығармашылық іспен» (Әуезов), яғни ішкі көңіл күйіндегі нәзік ағыстар мен толқындар арқылы, солардың сан түрлі иін-иірімдері арқылы қат-қабат астарлы көрініс табады. Қаһарман іштей түлеп өседі. Демек, рухани мағынасында Абай, бір жағынан, сыр мен сезімнен, ой мен санадан құйылып жасалған терең психологиялық тұлға. Бас кейіпкердің парасат пен философияға толы болмыс-бітіміндегі қайталанбас қадыр-қасиетте осында жатыр. Абай — кең құлашты, мол тынысты эпикалық тұлға. Бұл тұлғаны автор эпопеяның басынан аяғына дейін өрмек тоқығандай, бір де бір тінін үзбестен тартып, асықпай өріп шығады. Көл-көсір нақты да затты деталь, ұшан-теңіз психологиялық анализ, сан-сала іс-әрекет, қимыл-харекет — осылардың бәрі Абай тұлғасын сомдауға қызмет етеді. Осылардың бәрінде де автор өз қаһарманының «жан диалектикасын» бойлап, ілгерілейді де отырады. Абай тұлғасы оқырманның көз алдында көктей өсіп, автордың өзі айтқандай, құз-жартасты жарып шығып жапырақ жайған шынарға — символ бейнеге айналады.

3 стр., 1098 слов

Абай – дана, Абай – дара қазақта

… қ лайық есімді табу мүмкін емес. Абай есімі неткен жылы, неткен дара?! Ес білгелі өз жаныма сонша жақын дара тұлғаның әрбір сө … Абай атын, Ұлы ақын деп өзінізді айта аламын. Ерекшесіз, дарасыз біздер үшін, Үлгі тұтып өзінізбен мақтанамын. Абайдың ұлылығы ұлттығында, Ей, … қымның болмысын танытар дана ойлары мен күн өткен сайын өз жұмбақ әлеміне қызықтыра алып кетті. Абай әлемі, Абай поэзиясы, қара сө …

Эпопеяның басында Абай өзін қоршаған дүниеге кіршіксіз сәби сезіммен, күнәсіз бала көзімен қарайды. Семей қаласынан Шыңғыс баурайындағы аулына қайтып келе жатып, өзі туған өлкені жан жүректен «жабыса, сағына сүйеді!». Бұл кең жазирада мейірбандық пен туысқандықтан басқа, елдік пен ерліктен өзге оғаш мінез бар деп білмейді, қанішер қаталдық, жауыз жендеттік болады деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмейді. «Есенбай жырасында ұры жатады» дегенге сенбейді де мән бермейді, қайта қасындағы Байтас пен жорға Жұмабайды өзі «ұры» боп қорқытады. Жас Абайдың туған дала туралы осынау уыз ұғымы өз әкесі Құнанбай өктемдігінен құрбан болған Қодар өлімін көргенде төңкеріліп түседі. Өзгеріс осыдан басталады. Енді ол Құнанбай мен құнанбайшылдар ісіне күдікпен, іштей қарсылықпен қарай бастайды. Бұған қосымша өз басындағы хал де осы ортадан түбінде түңілуге сайғандай. Әлгі бір Қарашоқыдағы қанды оқиғадан ауруға шалдығып, төсек тартты; Бөжей үйінде тірі жетім ғып әкесі «ит жемеге тастатқан» кішкене мүскін Камшат тағдыры мұның жанын жегідей жейді: аяулы ғашығы Тоғжанға қосыла алмай, тағы да әке шешімімен өзі сүймеген Ділдаға үйленуі… Осылардың бәрі Абайдың о бастағы мөлдір тұнығын сел басқандай лайлай береді.

Әке мен бала

Құнанбай болса, Абайдан өзіне ізбасар дайындамақ. Сол оймен баласын әр іске бір салып, өз қарамағындағы ру басыларға жұмсап, сынап та көрді. Тумысынан зерек, қабілетті, өнерлі жігіт оттай жанып, шоқтай маздап, әке сынынан сүрінбей өтеді. Барған ауылдарында Абай туралы ұнамды ұғым, жақсы атақ, кейде тіпті әжептәуір аңыз қалып отырады. «Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған» дегендей, Тоғжанның махаббаты да тұңғыш рет Абай Сүйіндік үйіне барғанда — жас қонақпен әкесінің әңгіме-насихатының үстінде тұтанғандай… Абайдың ел ішіндегі есті жас Ерболмен достығы да осындай, азаматтың ат үстінде жүрген шақтарында тапқан рухани олжасы. Абайдың өз басы, ой-санасы, ұғым-нанымы, жалпы ішкі дүниесі де, әрине, бір орында тұрып қалған жоқ. Үздіксіз өзгеру, өрбу, жаңғыру, жаңару үстінде болатын. Романда бұл процестің ішкі дәйектері, детальдар, психологиялық анализ дегендер аттаған сайын кездесіп отырады. Ру аралық жанжалдар, таластар, олардың өршіп, асқынып барып ұласқан жері — Тоқпамбеттегі, Мұса құлдағы қарулы қақтығыстар — Абайдың өзі өмір сүріп, өсіп келе жатқан ортаға әлеуметтік көзқарасын қалыптастырады. Бара-бара жас азамат өз жөнін іздеп, бағытын бағдарлайды. Осы жайлардың қай-қайсысында болмасын, осынау өмір қоршауына автор Абай көзімен қараса, Абай өз бойындағы асыл қасиет — өнер көзімен қарайды, дәлірек айтқанда, Абай ақиқатты ақын көзімен таниды.

Құнанбайдың қанды қол қатыгездігі, одан туындайтын жолсыз жаза мен жауыздық, ұлып табысқан бөрілер секілді ұйлыққан қырық рудың қырық көкжалы — жұмылған қырық жұдырық, тағылықпен лақтырылған қырық тас кесек; осы көріністердің жан түңілтер жыртқыштық мәні; осындай «жаны ашымастың қасында басы ауырғандар» — жұтқа ұшыраған жарлы-жақыбайлар, қира кезік құл-құтандар, басында билігі жоқ әйелдер қауымы, еріксіз ұзатылған қыздар, қалың малға түскен келіндер, түрліше өлу-тірілулер, өшу-жанулар, осылар қалыптастырған салт-сана, әдет-ғұрыптар… Осылардың бәрін Абай сырттай бақыламайды, бар ақындық болмысымен іштей толқына сезінеді, тебірене түйсінеді және осылардың бәріне бейтарап қарай алмайды, қалыс қалмайды, әр құбылысқа өзінің қарым-қатысын белгілейді, не құптайды, не қарсы болады, сол ретпен белсенді қимылға көшеді…

9 стр., 4356 слов

Созвучие лирики А.С. Пушкина и Абая Кунанбаева

… твое, Коль судьбу свою в руки народ не берёт. Величие стихов Абая и Пушкина на политические, социальные темы проявилось и в … менен жаманды айырмады?, Бірі ?ан, бірі май боп енді екі ?рты?. (1886 ж.) Обнажая социальные противоречия, поэт-реалист смело обличает корыстолюбие и … вражда». Поэт обращается к народу: О, казахи, мой бедный народ! Жёстким усом небритым прикрыл ты рот, Кровь на правой щеке, …

Адамдардың арақатынасы ғана емес-ау, тіпті табиғат құбылыстарының өзін Абай статикалық хәлде емес, динамикалық күйде анық ақындық түйсікпен тура тірілтіп түсінеді. Айталық, қырдағы кеш, қоңыр іңір «бұның бір ұғымсыз әміршісі, сүйсіндіре мүлгіткен зор мұңдасы тәрізді»; кеше ғана өзара жауыққан рулар бір-біріне сойыл сермеп, шоқпар сілтеп, бір-бірін соққыға жыққан тау бөктерінен «соққан салқын ызғар қатал мінездердің ызғырығы тәрізді»; енді бірде «Абай біртүрлі сейіліп, іштей серпіліп алып, тау жотасынан биіктеп, аспанға қарады. Толық ай ашық көкті қалқып, сызып келіп бір топ шоғыр қара бұлтқа кірді. Кірді де қызық күйге түсті. Абай соған қарап өзге жайдың бәрін ұмытып, аңырап телміре қалды». Абайдың ақындық бітімі, ішкі дүниесі осылайша нәзік және терең ашылады. Дәл осы тәсілмен эпопея авторы бас кейіпкердің іштей түлеуін, өзгеруі мен өсуін көрсетеді. Кітап басында қаладан келе жатқан Абайға жерұйық боп көрінген көктем көркіндегі кербез дала кітаптың аяғында ақ қар астында ақ кебінге оранған өлік секілденеді. Бұл — әшейін көзге көрінген сурет қана емес, көңілге ұялаған шындық. Бұл шындыққа енді Абайдың көзқарасы да басқаша… Әке мен баланың арасындағы жол айырығы осы тұста біржола белгіленеді. Бұл бұрылысқа әкелген романның өн бойындағы психологиялық дәлелдің күші сондай, оқырман Абайдың әр қылығы мен қимылын дәл өз қимылы мен қылығындай қалтқысыз қабылдап, татаусыз түйсінеді. Сондықтан ол әке мен баланың ажырасу себебіне сенеді. 1-кітаптың аяғында әке мен бала бір-біріне бетпе-бет келіп, ой, пікір, ұғым сайысына түскенде оқырман Абай жағында болады. Абай, сөйтіп, өз өмірінің биік қиясына қарай адымдап, өрлеп келе жатады: «Қияға қадам басқаны рас. Бір күндерде жалаң құздың басындағы тақыр құм мен тастақты жарып, әлсіз нәзік шешек атып, жас шынар пайда болған. Сондай бір өмір гүл шашқан. Енді бір күнде сол шыңға шыққан жалғыз шынар балғын тартып, жас қуатқа толыпты. Қазір оған қыс пен аяз да, тіпті тау дауылы да қатер болудан қалған еді»[5].

1-кітапта Абай осылайша азамат ретінде қалыптасса, екінші кітаптан былай қарай енді өнер адамы — ақын Абай, шын мәніндегі азамат-ақын көрінеді. Бұл тұста авторға «шығармашылығы арқылы Абайдың өзі көмекке келеді» (Әуезов).

Ендігі өмір Абай ақындығының қайнар-бұлағына айналады. Ендігі жерде көп-көп деталь Абай өнерінің психологиясы — көптеген өлеңдерінің туу құпиясын ашуға қызмет етеді. Асылы, Абай ақындығының арғы тамыры өзінің туған топырағындағы төл әдебиетте — халық өнерінде — өзін сәби кезінен қиял-ғажайып ертегілермен әлдилеген Зере-әжеде, мұңшыл жырау Барласта, сыншыл жыршы Шөжеде… жатса, бергі бұтағы мен жасыл жапырағы орыс әдебиетінде — Е. П. Михаэлис секілді орыс достары арқылы қолы жеткен А. С. Пушкинде, М. Ю. Лермонтовта… жатыр. Романда осы сыр терең және жан-жақты толғамын табады. Таланты мен танымы, ұғымы мен білімі, жалпы ой-санасы, ақыл-парасаты осындай қос арнадан қоректенген азамат ақынның рухани дамуы, қайраткер ретінде өсуі одан әрі жалғасады. Мыс., алғашқы кітаптарда Абай өз келесіндегі келеңсіздікті, өз ортасындағы әділетсіздікті, феодализмнің тоң мойындығын сынаушы болса, кейінгі кітаптарда ол шеңберден шығып, енді күллі Шығыс керітартпалығын әшкерелеуші дәрежесіне көтеріледі.

7 стр., 3181 слов

Ескендір қандай адам

… гімелер, шығармалар туралы жан- жақты таныстық. Дастанның тарихи шындықпен қандай байланыс бар екенін білдік. Енді оқулықтан «Ескендір» дастанын мәнерлеп … қандай зұлымдық, іс-әрекеттерден де тайынбайды. Ездік те, қаныпезер қаражүректік те оларға бұйым емес. «Адам, — дейді ұлы ақынымыз Абай, — … «Медғат-Қасым» поэмасы да — романтизм сарыныңдағы поэма. Бірақ негізгі стилі солай бола тұрса да, бұл …

Екінші кітап

Орыс классиктерінің шыншыл дәстүрінен сусындаған Абайдың ендігі күрес жолының бір ұшы Россиядағы азаттық қозғалысымен жалғаса жаздағандай. Бірақ реалист-жазушы тарихи шындық шеңберінен шықпайды. Абай алдынан тағдырдың тартары — революционердің улесі емес, ағартушы ақынның сыбағасы екенін ұмытпайды. Дей тұрғанмен, қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздіктер мен күрес тақырыбы соңғы кітаптың күллі идеялық мазмұнын кеулеп, сюжеттік арқауына айналып кеткен. Жаңа мен ескінің тартысы енді осы арнада жүреді. Бұл тайталастар бұрын ауыл аясында болса, енді қала тіршілігін де қамтиды. Қараңғы қазақ даласында рауандаған таң жарығындай Абай ағартушылығынан тараған осынау күрес сәулесі бұрын даладағы Дәркембайлар мен Базаралылар үстіне түссе, енді қаладағы Әбендер мен Әбділер, Сейіттер мен Сейілдер маңын нұрландырады. «Абайдың» 2-кітабы мына сөздермен аяқталған еді: «Алда — өмір, тартыс. Сол тартыста бұл жалғыз… бір қуаты, бір үміті бар… Қуаты — ақындық, үміті — халық».[6] «Абай жолының» екі кітабында осынау негізгі идея көркемдік жағынан жан-жақты жинақталады. 4-кітаптың аяғында Абай дүниеден кетеді, бірақ 2-кітаптың соңында образ-символға айналған «Абай кемесінің» желбіреген жалауы сол қалпында, сапары тоқтар емес: «Кең жайқын әлемде түзу жол сызып, маңып барады… Жалауында «Тартыс», «Үміт» деген ұран бар. Халық үмітін үстіне арқалаған сол кеме «Келешек» деген жағаға тартты». Көлді теңізге қотарғандай, авторлық идеяны объективті идеяға мұншалық шетсіз, шексіз айдынмен айналдыру — асқан шеберлік. Абай тұлғасы Әуезов талантының осы құдіретіне кепіл. Ал, Құнанбай ше?

Құнанбай бейнесі

Құнанбай тұлғасының жасалу шеберлігі бүкіл дүние-жүзілік әдебиет тарихында сирек ұшырасады. Әдеттегі түсінікпен атасақ, Құнанбай — жағымсыз кейіпкер. Дұрысында да солай, кері кеткен кер заманның жанкешті жақтаушысы, рулық-феодалдық жүйенің бір тінін үзгісі, бір өрімін ыдыратқысы келмейтін шынжырлы шонжар — жаңаның жауы, күні өткен, тозығы жеткен көненің жамап-жасқаушысы… Автордың айтуында да Құнанбай тұлғасы идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына енді-енді еніп келе жатқан жаңаның жолындағы кедергіні — ескіні көрсету нәтижесінде туған. Әдетте осындай ұнамсыз типтер бізде (тек бізде ғана емес) бірыңғай қара бояумен атастырыла, ылғи жамандық жағы қазбаланып, кейде тіпті іске алғысыз дөкір, дөрекі күйде көрсетілетін. Әрине, мұндай жағдайда да автордың идеялық мақсаты болатыны даусыз. Бірақ сол идеяның көркемдік шешімі даулы, жасанды және жалаңаш. Ал, Құнанбай ондай емес. Мейлінше шыншыл суреткер бұл образды мінездеу мен мүсіндеуге, жинақтау мен даралауға өзінің бай палитрасындағы бір (қара) емес, бірнеше (ақ, көк, сары…) бояуды қоса, қатар жұмсап, түрлі-түсті табиғи кескінде, алдымен адам ретінде барлық күнгей-көлеңкесімен жан-жақты, толық, тұтас тұлғаландырған.

Автор ұнамсыз кейіпкер бойындағы ұнамды қасиеттерді күзеп не тонап әкетпейді, өзіне береді, өзінде қалдырады. Құнанбай — азулы ғана емес, ақылды: шоқпар мен сойылдың ғана емес, әріден толғайтын ойдың адамы. Көзі дара болғанмен көкірегі сара — көреген: ашуы мен қайратын қатар ұстайтын, қаталдығының арғы жағында қайсарлығы жатқан қасарма, сұғын қадағанды сілейтпей тынбайтын қазымыр, қырыс кісі. Арыстанның айбаты да, жолбарыстың жүрегі де бір өзінде; жыртқыштығы да сондай; бүргені құтылмайды, құтылса мынаның тырнағы сонымен бірге кетеді. Мұнысы да қайтпас қайсарлыққа саяды. Осыған енді амалы мен айласы қосылғанда Құнанбайдың қулығы мен сұмдығына, сұңғыла зымияндығына найза бойламай шығады. Мұнысы — ақылдан туған тәсіл. Құнанбай алыс-жұлысқа, арпалысқа ғана емес, сөзге де жүйрік, шешен, тілі өткір, тиген жерін тіліп түседі. Осылардың бәрі Құнанбайдың өз ортасынан биік, оқшау тұрған жоталы тұлға екенін көрсетеді және оның осындай өзгеше бөлек бітімін өз ортасы да әбден мойындап болған. Құнанбайдың көп қырлы қасиетін досы түгіл дұшпаны да жоққа шығара алмайды. Дәлел ретінде романның 1-кітабынан Абайға Байдалы айтып берген бір қызық жәйтті мысалға келтірелік. Байдалы Абайға: «Тап соның ішінде көп қойма жатыр, не керек», — деп Қаратайды мақтай отырып былай дейді: «Әне бір күндерде Қаратай, Бөжей, Байсал бар — барлығымыз Қаумен үйінде түстеніп отыр едік. Жиын бір сөзден бір сөзге түсіп, шалқып отырып, ақыр аяғы «Жә, өзіміз көргенде мырза кім?» дегенге келді. Жұрт ойланып қалды. Байсал күншуақта жатқан тағыдай көзін бір ашып, бір жұмып, бүк түсіп сырт қарап жатқан. Жаңағы сөзге ол қатысқан жоқаласыты. «Мырза кім?» дегенге Қаратай жауап беріп, «Мырза — Құнанбай» — деді. Тағы біраздан соң ол жиын: «Шешен кім? — деді. Тағы Қаратай жауап беріп, «Шешен — Құнанбай» — деді. Екі бел асты. Аздан соң және бір оралып кеп: «Жақсы кім?» десті. Әлгі Қаратай және жауап беріп: «Жақсы — Құнанбай» — деді. Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып, саңқ етіп: « — Уай, Көкше, не оттап отырсың өзің?» — деп, Қаратайға қадала түсіп.- Мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкіп алысып жүрміз онымен? — деді. Соған Қаратай іле жауап беріп: «Әй, тәйір-ай, мен Құнанбайдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? Жалғыз-ақ «не қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүрген жоқ па?» — деді.[7] Құнанбайдың кім екенін бұдан дәл Һәм әділ айту қиын. Құнанбай — тек өзі билеп отырған қазақ сахарасын ғана емес, осылардың бәрін бақылайтын, патша әкімдерін де мысын құртып, уысына алып алған жұмулы жұдырық. Мәселен, піскен бас Майырдың өзгеге илікпейтін қырсықтығы Құнанбайға келгенде бұлтыңдап кетеді. «Майыр, сенің атаңның аты Тобықты емес еді. Осы Қарқаралыға келіп бауыр тапқаннан аманбысың? Бөжейді айдату керек, қағазын дұрыста деп ем, сары аурудай создың да кеттің ғой. Соның жан күйері сен болып, бауыр тартып, бауырың езіліп жүр ме осы, немене?!» Осылайша өзі билік жүргізген атыраптағы қазақты бұқтырып, орысты ықтырып, бәрін өз алдында құрдай жорғалатқан Құнанбайдың философиясы да, дипломатиясы да бір басына жетерлік. Құнанбай осындай кесек кейіпкер, қия жартастай мықты тұлға болмаса, онымен күреске түскен Абайдың да ірілігі көрінбеген болар еді. Абай осындай алынбас қамалды алған алып боп шығуы да жазушының ұнамсыз тип жасау тәсіліндегі нұсқалы шеберліктің нәтижесі. Құнанбай жалғыз емес. Оның маңында әр рудың басы, әр ауылдың ақсақал-қарасақалдары — Бөжей, Байдалы, Сүйіндіктер бар. Өз іргесіндегі Майбасар, Ызғүтты, Тәкежан, Жиреншелер бар. Оразбай, Шұбар, Әзімбайлар бар. Дәуірлік белестен алып қарағанда осылар — бір лагердің адамдары. Абайдың қарсыластары, Абай бастаған жаңаның ата дұшпандары. Сонымен қатар осылар өзара да ыри-тыри: бақастар, бәсекелестер, бақталастар. Қарақан бастың қамына келгенде булар бірін-бірі аямайды, біріге бере талап тастап, бөліне бере түтіп жеп жүргендері… Бұл — адам адамға дос емес, қасқыр болған Құнанбай заманының заңы. Майталман суреткер Құнанбай маңындағы бар адам және әр адам арқылы солар өмір сүрген заман кескінін де зергерлікпен бейнелеп көрсеткен. Байлар мен билер тепкісіндегі қазақ қоғамының «алтыбақан алауыздығын» патша отаршыларының қалай пайдаланғанын да ұтымды аңғартады. Бірінің тізгініне бірі жармасып, бірінің шалғайынан бірі тартып, бірінің аяғынан бірі шалып орға жығып, көрге тығып жатқан Құнанбайлар, әрине, өз заманымен бірге тарих сахнасынан кетеді. Бірақ ең қауіпті жері — «құнанбайшылдық» қалып қояды. Бұдан арылу үшін адамдарды ұзақ уақыт шомылдыру, тазалау, қағып-сілку, тіпті кейбір кеселді денеден сыдырып алып тастау керек, Құнанбай тұлғасын жасау арқылы автордың оқырманға берер сабағы осындай.

9 стр., 4085 слов

М хтар уезов сочинение на русском

… повесть «События в Караш-Караш», пере­веденную впоследствии на русский и французский языки и заслужившую высокую оценку читателей. В 1928 … чтобы мы знали наизусть письмо Татьяны»,— вспоминал впоследствии М. Ауэзов. Поэзия Абая в душе мальчика будила светлые мысли и чувст­ва … и оказала огромное влияние на его творческую судьбу. Впо­следствии М. …

9 стр., 4301 слов

Алтын адам туралы мәлімет

… «тарих әкесі», бастапқыда Кир өзінде эллинов емес обращал ешқандай назар есептегенде, олардың әскери қатысты, жаудың … ағаш тақталарда халқымен, сүйегі бай одетого адам. Жанында табылған заттар дәретханаға … не кинжалами…» Жалпы, Геродот өз девятитомной тарихы туралы саках деп жазады сәл ғана упоминая оларды … оңтүстік аудандары, Орта Азия. Кейінірек Ахемениды бағындырған заң бойынша, өзіне және …

Халық бейнесі

Жалпы 19 ғасырдың соңғы елу жылындағы қазақ өмірінің көркем шежіресі боп табылатын ұлан-ғайыр эпопеяда барлық қыр-сырымен халық бейнесі жасалды десек, сол халық өкілдерінің ішінен айрықша атап айтарлық бедерлі бейнелер — Дәркембай мен Базаралы. Балағаз бен Абылғазыдан Дәрмен мен Сейітке дейінгі ондаған кейіпкерлер — Дәркембай мен Базаралының әлеум. ортасы, қоғамдық қоршауы. Бұл екеуі жүрген жерлердегі келешек үшін күрестің де сыр-сипаты бөлек, қарсыластардың ара жігі ақ пен қарадай айқын. Осылар арқылы автор романдағы жүздеген типтер мен характерлер ішінен уақыт сынынан өтіп өсетіндерін де, келешегі жоқ өшетіндерін де өмірдің өзіне іріктетіп, сұрыптатып отырады.

Дәркембай — кедей. Малы жоқтың халы жоқ, соры көп, бағы байланған заманда Дәркем- байдың малдылардан, күштілерден көргені — зорлық, қорлық; өмірден алған сыбағасы — жоқшылық, тапшылық. Абай айтқандай, Дәркембайдың өмірге қыран көзіндей ғып көзін ашқан да жоқшылық. Оның көп өмірі Сүйіндік пен Сүгірдің малын бағып, көшіне ілесіп текке өткен. Соны кейін аңғарған Дәркембай өз еңбектерімен жер жыртып, дән сеуіп күн көріп отырған жатақтарға қосылады. Қырық үйлі жатақтың Сүйіндік пен Сүгір сияқты өзімен «атасы туыс емес, тірлігі туыс. Көрген көресі, кешкен соры туыс» деп қосылады. «Күйі бірдің күні бір,- дейді Дәркембай.- Туысым-аталасым емес, өзіммен мұңы бір, бейнеті бір жатақтар; руым, ұраным да осылармен!» Демек, Дәркембайды өзі секілді кедейлермен тағдыр табыстырады. Бұл оның байлармен іргесін біржолата ажыратып, ат құйрығын кескені, өз мүдделестерімен біржола бірігіп, тілекке тілек, білекке білек қосқаны еді. Шаруаға икемді, өресі жеткен жерге дейін ойы да ояу, тілге де біршама жүйрік Дәркембай осыдан былай жатақтарға ақылшы аға, кәдімгідей көшбасшы болады. Өз ортасына айтар ақылы жұрт жадындағы нақылға айналатын Дәркембай: «Күштілер нені айтады? Күшсізге еткен зорлығын айтады. Күшсіз нені айтады? Күштіден көрген қорлығын айтады?» — деп, әшейін аузымен орақ орып, қол қусырмайды, сол күштіге қарсы бел шеше тіктесіп те қалады. «Орта жасқа келген, зор денелі адамды» оқырман алғаш рет Құнанбайға кезелген шиті мылтықтың шүріппесін басқалы жатқан жерінен көреді. Бұл пиғылдан оны Бөжей қайтарып, Құнанбайды Дәркембайдың оғынан арашалап қалады. Енді бірде, жетегінде Қодардан тігерге қалған тұяқ сияқты жетім Дәрмен, қажылыққа жүргелі жатқан Құнанбайға қалың жұрттың көз алдында іскіндеп кеп, қатал талап қояды. Дәркембай талабының әділдігі сондай, әкесі үшін Абай жерге кіре жаздайды. Ақыр-аяғында, жұтқа ұшыраған жарлы ауылға қамсау болам деп, Тәкежан секілді көкжалдарға қарсы көзсіз ерлікке басады. Бұл арада да Дәркембайға Абай қол үшін беріп, көмекке келеді. Осылардың бәрі Дәркембайдың тіршілікте көрген тұрмыс тепкісі қанша ауыр болған мен, қатыгез тағдыр талқысына қасарып, қайратын өле-өлгенше көкке қайрап өткен ер де, табанды күрес адамы екенін көрсетеді. Дәркембайдың кемшін жері болса, нағыз «батыр тұлғалы, кең иық, зор кеудесі төменшіктеп иілмейтін; әрі байсал, әрі маңғаз, тіпті Құнанбай алдынан өтсе де «тіп-тік бойы қымсынбай, қысылмай кететін» Базаралы толтырып тұрғандай. «Ойшыл сергек көзі, ақсұр жүзі, бетінің қызылына» дейін бір түрлі «балқығандай боп нұрланып туратын… ер жігіттің сырт сымбаты да соншалық өзгеше», ішкі мінез-құлқы, ақыл-парасаты да бөлек «бітімді, жақсы туысты білдіреді». Ал, Базаралының үстемдермен сілкісуі, қалың бұқараның қанаушыларына қарсы күш сынасуы тіпті оқшау — бұл маңда бұрын-сонды болып көрмеген жаңа үлгідегі жойқын әрекет. Ол жуандардың зорлығын көре-көре, қорлығына төзе-төзе әбден шыдамы таусылған көп кедейден қол құрап, тыюсыз да жиюсыз кеткен Тәкежанның бір үйір жылқысын қуып алып, қырып салады. Бұл кесек қимыл бар атырапты түгел сілкіндіреді. Бай ауылдардың түндіктері желпілдеп, болыс-билердің бойлары қалтырағандай болады. Теңсіздік тепкісіндегі қалың бұқараның күреске көзі ашылып, өзін-өзі, өз күшін тың сипатта, жаңа мағынада тани бастайды. Өзі ғана емес, өзге туралы таным да тереңдей түседі: «Мен,- дейді Базаралы,- Құнанбай баласы да өзіміздей адам баласы екенін таныттым. Ұрсаң оған да таяқ өтетінін, жұлқысаң оның да жыртылатын жағасы барын таныттым. Тіпті онан әрі батыл, бекем ұра берсең, тікейіп тұра бере алмай, омақаса жығылып, өлуге де бар екенін таныттым». Абайдың Дәркембайлар мен Базаралылар арқылы өзінің туған халқымен, оның езілген еңбекші бұқарасымен, дәл осы тілектестігі Һәм жүректестігі — халықтық эпопеяның шырқап шыққан идеялық шыңы.

«Әуезов әйелдері»

Қазақтың сөз өнеріндегі «Әуезов әйелдері» деп атауға болатын айырықша әсем образдар галереясы ұлы эпопеяның жан тебірентер ғажайып жаңа бейнелерімен толықты да молықты. Төрт кітапта үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты жүзге тарта әйел кейіпкерлер бар. Романның буларға арналған беттері оқырманның көзі мен көңілін қатар жаулап, жан-жүрегін қоса баурайды. Бұлар жүрген жерлер кейде шетсіз-шексіз мұхит бойын түгел жайлаған шарапатты жылы ағыс (Гольфстрим) секілді, кейде қиырсыз кең-байтақ құрылықтың ойы-қырын тегіс сәулелендіре шүлен шұғыласына бөлеген күн нұры тәрізді, кейде көк жиекті керіп әкеткен кербез теңіздің көз жеткісіз көк айдынына сән берген аппақ ақ шағалалар сияқты… Әйел-ана ма, жар-жұбай ма, бұла-бойжеткен бе… Әйтеуір қияпаты бөлек қазақ қызының мінез-құлқын, іс-әрекетін, сыр-сезімін, қимыл-қылығын дәл, терең, нәзік суреттеуге келгенде шіркін шебер алдына жан салмайды. Сонда әр бейненің тастан қашалғандай бе¬дер табатыны сондай, әрқайсысы — бір адам ғана емес, бір топ адамның жиынтық бей¬несі боп оқырманның көз алдында турады да, есінде қалады. Сонда әр кейіпкер — тип; әркімнің қашанғы таныс-бейтанысы боп шығады. Сонда бар ожданы тап-таза иманнан құйылғандай мейірім-шафхатқа толы Зере — әжелердің үлгісі; салқын қанды, сарабдан, сабырлы ақыл иесі Ұлжан — аналардың үлгісі; «сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен» бар сыры мен назын Абайға ғана құпия баян ететін «ақ еті атқан таңдай аппақ» ару Тоғжан — алыстан қарайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының үлгісі; әні сәніне, сәні әніне астасқан асыл, аяулы Әйгерім — жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының үлгісі…

Табиғат бейнесі

Теңіздің сырын тамшыдан тануға болатыны сияқты, эпопеяның көркемдік ерекшелігін, әсіресе тілін тану үшін бір ғана пейзажға тоқталсақ та жетіп жатыр. Пейзажды біз, әдетте, көркем шығармада суреттелген табиғат көріністері дейміз. Рас, пейзаж — табиғат. Бірақ бұл жеткіліксіз. Нағыз пейзаж — поэзия! Мінез! Адам! Неге десеңіз, адамның қабылдауынан, сезіну-түйсінулерінен, көңіл күйінен тыс табиғат суреті — пейзаж жоқ. Пейзаж жазушының стилін де белгілейді. Ал стиль — адам. Пейзаж образ сырын ашады. Ал образ — адам. Дәл осының дәлелі — Әуезов эпопеясындағы пейзаж (Алдымен, бұл неткен бай табиғат!).

Кітаптың әр бетінде әр түрлі тіршілік дүниесі бар. Мұнда қазақ даласының хош иісті гүлі, қызыл шымқай қызғалдағы, қошқыл-кермек жусаны, сида-бұта шиі, домаланған қаңбағы, шиыр-шалғыны, кербез тауы, көк тіреген шыңы, түпсіз тұңғиық құзы, күлкішіл өзені, ақ айдын көлі, жасыл майса көгалы, торғын аспаны, шудаланған бұлты, сіркіреген жаңбыры, ақ ұлпа қары, асау бораны, ерке желі, тентек құйыны, шымыр сызы, шымшығыш ызғырығы, сұлаған бел-белесі, ойшыл орманы, тынысты тоғайы, ақ ару айы, жымыңы көп жұлдызы, мөлдір шығы, тұнжыр тұманы, алдамшы сағымы… — күндізі, түні, — қысы, жазы, күзі, көктемі… — бәрі, бәрі бар. Осының бәрі жан тебірентер ғажап, мың құбылған түрі бар, сан иірім сыры бар — тұтас бір образ, адам мекені, халық мекені — дала образы! Және, Әуезов пейзажы — бай палитраның түрлі-түсті бояуларымен келістіре салынған сурет қана емес, шынында да құдды жанды адам: дем алады, қозғалады, жадырайды, жабырқайды, күледі. Жылайды — дәл адамша әрекет етеді. Бұл шебер мелшиген қара тасқа тіл бітіріп, сөйлетіп, ән салғызады. Жел сызғырған бір түп қуқыл шиге немесе селдір қияққа шежіре шерткізіп, ертек айтқызып қояды. Суды кейде сылқаласысылқ күлдіреді. Кейде ызаға булықтырып, бұлқынтып байлап тастайды. Тауы сыздап, тұнжырап, ызғар шашады. Кейде қаңқаласықаңқ етіп сізге наз айтады. Аспаны мен жерінде не ғажап сыр бар. Айының оң қылығының бірін алып қараңызшы: сізбен жасырынбақ ойнап, бірде бетін баса қап, бірде көзін сығырайтып, күле қарап, құлдырап болады: Енді бірде аппақ адал пейілімен, бар ықыласымен ғашықтар жүрегінің лүпіліне үнсіз куә болады… Мынау не деген сырлы поэзия, сонымен бірге не деген терең философия: «Көптен қаладан шықпаған Абайға жаңа көктем енді ғана өзінің келе жатқанын баян етті. Сол жақта, алыс көкжиекте, көкшіл мұнар ішінде Семейтау көрінді. Қардан о да арылыпты. Кесек, жұмыр бір ғана қатты толқын бүктетіліп, түйіліп кеп, мәңгіге мелшиіп, қатып тұрып қалғанға ұқсайды. Айнала, сардала ортасында оқшау бітіп, оқыс тұрып қалған бір үзік тау. Мәңгі бақи жым-жырт боп, жәй созылған сахараның бір заманда әлденеден булығып, лықсып шыққан ереуіл толқыны ма? Ашу-қажыры ма? — сол бейнелі бөлек тау. Абай тау ажарынан осындай оқшау бір бітім көріп, қадала қарап отырып тымағын алды. Пысынаған басына, бетіне Семейтаудан ескен қоңыр жел кеп, леп тиді. Абай жер көркін, өз көңілін еркін өлең етіп кетті » Не деген әсер, эмоция! Осыны енжар, селқос оқу, тебіренбей, толқымай оқу мүмкін бе? Бұл — төрт кітаптағы табиғаттың мың суретінің бірі. Тіл қандай, бояу, ажар қандай? Жанды қимыл, мағыналы символ қайда жатыр? Шеберлік сыры неде? Осы проза ма? Жоқ, прозадағы поэзия! Нәзік те терең лиризм. Бұл — жансыз табиғат суреті емес, адамның жан толқыны, жүрек лүпілі, сан иірім сезім тіл тапқан. Қысқасы, кітаптың пейзажды беттері — қағаз емес, нақ тірі табиғаттың өзі. Адамды үйден шығарып алып кетеді. Бір жерде ақ кірпік боранға адасып кетеміз, енді бір жерде ауадағы дымқыл сыз бетке тиеді, тағы бір жер¬де ай нұрына малынып, тоғайда жүреміз, енді бірде маңдайымыздан шақырая қадалған күнге қолымызды қалқалаймыз… Бұл не нәрсе, бұл? Бұл — біріншіден, Әуезов құрғақ, сылдыр сөйлем құрмайды, ең әуелі өзі тебірене толқып алады да, сол тілсіз сезім тілімен сөйлейді; екіншіден, Абай емес-ау, алдымен Әуезовтің өзі анық ақын: тұтанбай, ұшқындамай, лапылдамай, өртенбей жаза алмайтын нәзік діріл, сыршыл ақын; үшіншіден, Әуезов — суретші, нағыз художник — қағазды, кітап парақтарын аспанға, жерге, құбылысқа, дүние-тіршілікке айналдырып жіберетін шебер; төртіншіден, Әуезов — терең психолог, оқырманның жан дүниесін сілкіп-сілкіп жіберетін күш! Демек, «Абай жолы» секілді ғасырлық туындыны тек осындай қабілет пен қасиеттің адамы ғана туғыза алады.

Ұлы жазушының ұлы туындысы

«Абай жолының» энциклопедиялық сипаты туралы академик Қ. И. Сәтбаев аса әдемі айтты: «Қазақ халқының өткенін зерттегісі келетін ғалымның бірде-бірі бұл кітапты жанап өте алмайды: ғалым-филолог одан фольклордың бай материалдарына қанығумен қоса, қазақ әдеби тілі мен сөздігінің қаз басуы мен қалыптасуын көреді; ғалым-этнограф қазір көне заманмен қоса көнерген небір тұрмыстық белгілер мен өмір құбылыстарын біледі. Құс салып, саят құрған, қыз ұзатып, ас беруді, өлік жөнелтуді суреттейтін тараулар, билер айтысы мен билік шешкен қазылық картиналарының әрқайсысы жеке-жеке-ақ ғылыми-этнографиялық толайым еңбектерге парапар; ғалым-экономистер Қазақстанның XIX ғасырдағы халық шаруашылығының құрылысынан дәлме-дәл нақты мәлімет алады, ондағы тап қайшылығының өзіндік ерекшелігімен танысады; ғалым-юристер шариғаттан бастап, билер кесіміне шейінгі даланың заң-жобаларынан бағалы мағлұматтар жинайды». Классикалық эпопеяда жан тебірентер көркемдік күшпен жинақталған өмірдің жиынтық шындығы ғылымның әр саласындағы маман адамдар үшін осындай таным-тағылым қайнары болса, қалың оқырман үшін Абайдан Дәрменге дейінгі барлық басты кейіпкерлер ақыл мен сананың, арман мен ойдың сарқылмас кені секілденеді. Демек, шығармаға ауадай керек нәрсе — парасат (интеллект) десек, «Абай жолын» оқыған адам өмірдің өнерге айналған академиясынан өткендей болады. Задында, таланттар тарихы мен тағдырын барлай қарасақ, басты жазушылардың бәрі ғұмыр бойы өзінің бас кітабын жазу мақсатында әрекет еткен және солардың талайы жазып үлгіре алмай кеткен. Туған халқына мәңгілік мура болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау-қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. «Абай жолы» — ұлы жазушының ұлы туындысы — бас кітабы, ол өзінің өлшеулі ғана ғұмырында өлшеусіз шығармашылық ерлік жасап, өзінің осынау мәңгілік кітабын жазып үлгіріп кетті. Дананың өз ортасынан әрқашан озық, оқшау тұратын даралығы да осы арада жатыр.

«Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған (1993).

Пайдаланған әдебиет

↑ Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. — А., 1970, 164- б.

↑ Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. — А., 1970, 163-6.

↑ Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. — А., 1970, 166-6.

↑ Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. — А., 1970, 167-6.

↑ Әуезов М. Абай жолы.- А., 1961, 1-т., 383- б.

↑ Әуезов М. Абай жолы. — А., 1961, 1-т., 803-6.

↑ Әуезов М. Абай жолы. — А., 1961, 1-т., 168-6.

↑ Нұрқатов А. Мұхтар Әуезов творчествосы.- А., 1965

↑ Қаратаев М. Эпостан эпопеяға.- А., 1968

↑ Қабдолов 3. Мұхтар Әуезов және оның әсемдік әлемі,- А., 1986

↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *