Абай жолы романында?ы ?йелдер бейнесі эссе жазу

Абай жолы эпопеясында’ы ‘йелдер бейнесі

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой — мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

                           «Абай жолы» эпопеясындағы әйелдер бейнесі.

Кіріспе.

1.Мұхтар Әуезовтоң шығармашылық жолы.

Негізгі бөлім.

  1.  «Абай жолы» эпопеясының әйелдер бейнесі.
  2.  Абайдың бейнесі.
  3.  Әке мен бала

Қорытынды

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады. Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады.

Қазақтың сөз өнеріндегі «Әуезов әйелдері» деп атауға болатын айырықша әсем образдар галереясы ұлы эпопеяның жан тебірентер ғажайып жаңа бейнелерімен толықты да молықты. Төрт кітапта үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты жүзге тарта әйел кейіпкерлер бар. Романның буларға арналған беттері оқырманның көзі мен көңілін қатар жаулап, жан-жүрегін қоса баурайды. Бұлар жүрген жерлер кейде шетсіз-шексіз мұхит бойын түгел жайлаған шарапатты жылы ағыс (Гольфстрим) секілді, кейде қиырсыз кең-байтақ құрылықтың ойы-қырын тегіс сәулелендіре шүлен шұғыласына бөлеген күн нұры тәрізді, кейде көк жиекті керіп әкеткен кербез теңіздің көз жеткісіз көк айдынына сән берген аппақ ақ шағалалар сияқты…  Әйел-ана ма, жар-жұбай ма, бұла-бойжеткен бе… Әйтеуір қияпаты бөлек қазақ қызының мінез-құлқын, іс-әрекетін, сыр-сезімін, қимыл-қылығын дәл, терең, нәзік суреттеуге келгенде шіркін шебер алдына жан салмайды. Сонда әр бейненің тастан қашалғандай бедер табатыны сондай, әрқайсысы — бір адам ғана емес, бір топ адамның жиынтық бейнесі боп оқырманның көз алдында турады да, есінде қалады. Сонда әр кейіпкер — тип; әркімнің қашанғы таныс-бейтанысы боп шығады. Сонда бар ожданы тап-таза иманнан құйылғандай мейірім-шафхатқа толы Зере — әжелердің үлгісі; салқын қанды, сарабдан, сабырлы ақыл иесі Ұлжан — аналардың үлгісі; «сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен» бар сыры мен назын Абайға ғана құпия баян ететін «ақ еті атқан таңдай аппақ» ару Тоғжан — алыстан қарайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының үлгісі; әні сәніне, сәні әніне астасқан асыл, аяулы Әйгерім — жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының үлгісі…

Алғашқы кітапта адам, азамат ретінде қалыптасқан Абай кейінгі кітаптарда ақын, қайраткер ретінде қиян-қилы қимыл-әрекеттерге көшеді. Осы желінің ұзына бойында оның тарам-тарам өсу, даму жолдары, белес-белес өрістеу, шарықтау биіктері жатыр. Бір кереметі — осылардың бәрі тек қана сыртқы сарт-сұрт, ылғи қолма-қол «қимыл-күшпен емес, шығармашылық іспен» (Әуезов), яғни ішкі көңіл күйіндегі нәзік ағыстар мен толқындар арқылы, солардың сан түрлі иін-иірімдері арқылы қат-қабат астарлы көрініс табады. Қаһарман іштей түлеп өседі. Демек, рухани мағынасында Абай, бір жағынан, сыр мен сезімнен, ой мен санадан құйылып жасалған терең психологиялық тұлға. Бас кейіпкердің парасат пен философияға толы болмыс-бітіміндегі қайталанбас қадыр-қасиетте осында жатыр. Абай — кең құлашты, мол тынысты эпикалық тұлға. Бұл тұлғаны автор эпопеяның басынан аяғына дейін өрмек тоқығандай, бір де бір тінін үзбестен тартып, асықпай өріп шығады. Көл-көсір нақты да затты деталь, ұшан-теңіз психологиялық анализ, сан-сала іс-әрекет, қимыл-харекет — осылардың бәрі Абай тұлғасын сомдауға қызмет етеді. Осылардың бәрінде де автор өз қаһарманының «жан диалектикасын» бойлап, ілгерілейді де отырады. Абай тұлғасы оқырманның көз алдында көктей өсіп, автордың өзі айтқандай, құз-жартасты жарып шығып жапырақ жайған шынарға — символ бейнеге айналады. Эпопеяның басында Абай өзін қоршаған дүниеге кіршіксіз сәби сезіммен, күнәсіз бала көзімен қарайды. Семей қаласынан Шыңғыс баурайындағы аулына қайтып келе жатып, өзі туған өлкені жан жүректен «жабыса, сағына сүйеді!». Бұл кең жазирада мейірбандық пен туысқандықтан басқа, елдік пен ерліктен өзге оғаш мінез бар деп білмейді, қанішер қаталдық, жауыз жендеттік болады деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмейді. «Есенбай жырасында ұры жатады» дегенге сенбейді де мән бермейді, қайта қасындағы Байтас пен жорға Жұмабайды өзі «ұры» боп қорқытады. Жас Абайдың туған дала туралы осынау уыз ұғымы өз әкесі Құнанбай өктемдігінен құрбан болған Қодар өлімін көргенде төңкеріліп түседі. Өзгеріс осыдан басталады. Енді ол Құнанбай мен құнанбайшылдар ісіне күдікпен, іштей қарсылықпен қарай бастайды. Бұған қосымша өз басындағы хал де осы ортадан түбінде түңілуге сайғандай. Әлгі бір Қарашоқыдағы қанды оқиғадан ауруға шалдығып, төсек тартты; Бөжей үйінде тірі жетім ғып әкесі «ит жемеге тастатқан» кішкене мүскін Камшат тағдыры мұның жанын жегідей жейді: аяулы ғашығы Тоғжанға қосыла алмай, тағы да әке шешімімен өзі сүймеген Ділдаға үйленуі… Осылардың бәрі Абайдың о бастағы мөлдір тұнығын сел басқандай лайлай береді.

Құнанбай болса, Абайдан өзіне ізбасар дайындамақ. Сол оймен баласын әр іске бір салып, өз қарамағындағы ру басыларға жұмсап, сынап та көрді. Тумысынан зерек, қабілетті, өнерлі жігіт оттай жанып, шоқтай маздап, әке сынынан сүрінбей өтеді. Барған ауылдарында Абай туралы ұнамды ұғым, жақсы атақ, кейде тіпті әжептәуір аңыз қалып отырады. «Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған» дегендей, Тоғжанның махаббаты да тұңғыш рет Абай Сүйіндік үйіне барғанда — жас қонақпен әкесінің әңгіме-насихатының үстінде тұтанғандай… Абайдың ел ішіндегі есті жас Ерболмен достығы да осындай, азаматтың ат үстінде жүрген шақтарында тапқан рухани олжасы. Абайдың өз басы, ой-санасы, ұғым-нанымы, жалпы ішкі дүниесі де, әрине, бір орында тұрып қалған жоқ. Үздіксіз өзгеру, өрбу, жаңғыру, жаңару үстінде болатын. Романда бұл процестің ішкі дәйектері, детальдар, психологиялық анализ дегендер аттаған сайын кездесіп отырады. Ру аралық жанжалдар, таластар, олардың өршіп, асқынып барып ұласқан жері — Тоқпамбеттегі, Мұса құлдағы қарулы қақтығыстар — Абайдың өзі өмір сүріп, өсіп келе жатқан ортаға әлеуметтік көзқарасын қалыптастырады. Бара-бара жас азамат өз жөнін іздеп, бағытын бағдарлайды. Осы жайлардың қай-қайсысында болмасын, осынау өмір қоршауына автор Абай көзімен қараса, Абай өз бойындағы асыл қасиет — өнер көзімен қарайды, дәлірек айтқанда, Абай ақиқатты ақын көзімен таниды. Құнанбайдың қанды қол қатыгездігі, одан туындайтын жолсыз жаза мен жауыздық, ұлып табысқан бөрілер секілді ұйлыққан қырық рудың қырық көкжалы — жұмылған қырық жұдырық, тағылықпен лақтырылған қырық тас кесек; осы көріністердің жан түңілтер жыртқыштық мәні; осындай «жаны ашымастың қасында басы ауырғандар» — жұтқа ұшыраған жарлы-жақыбайлар, қира кезік құл-құтандар, басында билігі жоқ әйелдер қауымы, еріксіз ұзатылған қыздар, қалың малға түскен келіндер, түрліше өлу-тірілулер, өшу-жанулар, осылар қалыптастырған салт-сана, әдет-ғұрыптар… Осылардың бәрін Абай сырттай бақыламайды, бар ақындық болмысымен іштей толқына сезінеді, тебірене түйсінеді және осылардың бәріне бейтарап қарай алмайды, қалыс қалмайды, әр құбылысқа өзінің қарым-қатысын белгілейді, не құптайды, не қарсы болады, сол ретпен белсенді қимылға көшеді…

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйелдер образы мен қазіргі таңдағы әйелдер бейнесі

Әйел – ана ма, жар – жұбай ма, бұла – бойжеткен бе… Әйтеуір қияпаты бөлек қазақ қызының мінез-құлқын, іс-әрекетін, сыр-сезімін, қимыл-қылығын дәл, терең, нәзік суреттеуге келгенде шіркін шебер, алдына жан салмайды. Сонда әр бейненің тастан қашалғандай бедер табатыны сондай, әрқайсысы-бір адам ғана емес, бір топ адамның жиынтық бейнесі боп оқырманның көз алдында тұрады да, есінде қалады. Сонда әр кейіпкер, әркімнің қашанғы таныс — бейтанысы боп шығады. Сонда бар ожданы тап-таза иманнан құйылғандай мейірім-шафқатқа толы Зере — әжелердің үлгісі; салқын қанды, сарабдал, сабырлы, ақыл-иесі Ұлжан-аналардың үлгісі; “сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен” бас сыры мен назын Абайға ғана құпия баян ететін “Ақ еті атқан таңдай әппақ” ару Тоғжан – алыстан арайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының үлгісі; әні сәніне, сәні әніне астасқан асыл, аяулы Әйгерім- жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының үлгісі… Төрт кітапта үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты әйел кейіпкерлері бар. Романның бұларға арналған беттері оқырманның көзі мен көңілін қатар жаулап, жан-жүрегін қоса баурайды. Әйел-ана ма, жұбай ма, бойжеткен ба, әйтеуір қиянаты бөлек қазақ қызының мінез-құлқын іс-әрекетін, сыр-сезімін қимыл-қылығын дәл, терең нәзік суреттеуге келгенде шебер алдына жан салмайды. Сонда әр кейіпкер – тип. Сонда ар-ожданы тап-таза иманнам құйылғандай мейірімділікке толы Зере әжелер үлгісі, салқын қанды, сабырлы ақыл иесі Ұлжан аналардың үлгісі, «Сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен» бар сырымен назын Абайға ғана құпия баян ететін, «Ақ еті атқан таңдай» ару Тоғжан – алыстан арайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының белгісі.

Абай мен кенже інісі Оспан Зере мен Ұлжанның тәрбиесінде болып, Абай жасынан бір ауыл боп отырған Құнанбайдың үшінші әйелі Айғызбен өз үйінің ортасында жүріп Телқара атанғаны белгілі.Жалпы Абай тәрбие алған ел аналарының есімдерін әріден бастауға болады.  Сонау Абайдың төртінші атасы Айдостың әйелі Айпара сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем болған.

Қазіргі таңда да әйелдер өз ұрпағына тәлім-тәрбиесін бере отырып, олардың болашақта елін қорғайтын азамат немесе сүйікті қызы болып өсуіне өзіндік үлесін қосып келеді. «Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» дегендей, Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжандай аналарымыз бен әжелеріміз де жетерлік. Дегенмен, бүгінгі күні әйелдер, аналарымыз, барлығы деуден, аулақпын, өз баласының тәрбиесіне деген жауапкершілікті сезінбейтін сияқты. Өйткені, қазір көптеген әйелдер жұмысбасты болып кеткен. Өз баласы қалай өсуде, білімі қандай, тәрбиесіне уақытын бөлмейді. Балабақша немесе мектепке баласының білімі мен тәрбиесі жөнінде жиынға шақырса, баруға уақыты жетпейді. Яғни, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын аналарымыз көбейіп келеді. Ана мейірімі мен махаббатын алмаған бала қалай тәрбиелі болмақ?… Қазіргі таңда туған баласын «Балалар үйлеріне» немесе босана салып, қоқысқа тастап кететін безбүйрек, көкек аналар, әйелдер көбейді. Бұл да қоғамның азғаны шығар. Сондайда баласын «дәрет алмай емізбеген», өз ұрпағының зерек әрі ақылды болып өсуіне ықпал еткен асыл аналарымыз Зере мен Ұлжандар еске түседі. Қоғамда әр баланың саналы азамат болып өсуі асыл аналарымыздың, әйелдердің негізгі мақсаты болуы керек деп, ойлаймын…

Достарыңызбен бөлісу:

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы қазақтың көркем прозасын биікке көтеріп, әлем әдебиетіне жоғары эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Бұл романда бір-біріне ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын, әрқайсысы өз болмысымен, келбетімен, ішкі сырымен ерекше болып көрінетін әйелдер бейнесі бар.

Осы орайда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында Сыр өңіріндегі №12 кітапхана «Абай әлеміндегі әйелдер бейнесі» атты оқырмандардың ой толғауын ұсынды. 

«Ар-ожданы тап-таза иманнан құйылғандай, жүзі мейірімге толы Зере әжелерің үлгісі іспетті. Салқын қанды, сабырлы, ақыл иесі Ұлжан аналардың үлгісіндей. Сылдырлаған шолпысы әлдеқандай, былдырлаған тілімен бар сырын Абайға ғана құпия баян ететін аппақ ару Тоғжан алыстағы қол жетпес арман секілді махаббаттың үлгісі секілді. Әні сәніне, сәні әніне астасқан асыл, аяулы Айгерім жас жігіттің сұлу жарының үлгісі. Абайдың әжесі Зерені барша ауыл адамдары «кәрі әже» деп атаған.

Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраһимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абайдың өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген. Ұлы жазушының шығармасында бейнеленген негізгі тартыс әділет пен зорлық, тұтастық пен алауыздық, білім мен надандық, махаббат пен ғадауат майданында түптің түбінде бірлік пен берекенің жеңіске жететінін айтқан.

Өзі сүйген жолға барлық күш-қайратын аямай төгіп, саналы ғұмырын арнаған адам ғана қазақ халқының келешегі бола алады», — деп басталған бейнематериал оқырмандардың «Абай жолы» романындағы әйелдер образы туралы пікірлерімен жалғасқан. 

 «Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы айта отырып, қазақ әйелдерінің әсем образдары арқылы қоғамдағы адамгершіліктің ана тәрбиесінің нәтижесі екендігін көреміз. Мұхтар Әуезов жазған тақырыбының астарына сүңгіп барып, тарихи салыстырулар жасайды. Жазушы «Отан отбасынан басталады» дегендей әйелді қоғамдық ортаның ұйытқысы ретінде танытады.

Ерлер өздерімен өздері, ал балаларына қарап, оларды айрандай ұйытып отырған – әйел. Осы әйелге теңдік көрсетпей, күң қылып ұстау бір адамға ғана емес, қоғамдық ортаға да қиянат жасаумен тең. Өйткені, осы қоғамдық ортадағы адамгершілік ананың берген тәрбиесінен деп есептелінеді», — деп пікір білдірді Ақсүйрік есімді жас оқырман. 

«Әйелдер – әдебиеттің мәңгілік тақырыбы. Себебі, өткен ғасырдың орыс әдебиетінде танымал «Тургенев әйелдері» болатын болса, қазақ әдебиетінде «Әуезов әйелдері» деп атауға болады. Осылай атауға негіз бола алатын мына бір эпопея керемет бейнелермен толықтырылған.

Ол – Мұхтар Әуезовтің «Адамзаттың негізі – әйел» деген бір ойы еді», — деп оқырмандар әлеуметтік желі арқылы пікірлерін білдірді. 
 

Материалдар / Баяндама: М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әйелдер бейнесі

2022-2023 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?

ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама: М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әйелдер бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік

Материал қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне, 10-11 сынып оқушыларына қажет, себебі «Абай жолы» романындағы әйелдер бейнесіне толық талдау жасалынған.

Авторы:

Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ

06 Қараша 2020

6916

0 рет жүктелген

Бүгін алсаңыз

30% жеңілдік

беріледі

390 тг 273 тг

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Text Centered

«Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналы министірліктің №KZ09VPY00029937 куәлігімен ресми тіркелген.

Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды.

Сайтта заңсыз жарияланған материалды көрсеңіз бізге хабарласыңыз. Редакцияның көзқарасы автордың көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Материал іздеу

Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз

Барлығы 663 959 материал жиналған

Академик Рахманқұл Бердібаевтың: «…Абайдың шығармалары қайта-қайта басылып, халыққа кеңінен тарағанын, өзге тілдерге де аударылғанын, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы ұлы ақын өмірі мен еңбегі әлемдік көлемге таныс болғанын жұртшылық біледі. Дегенмен, Абай сынды алып тұлғаның қызметі мен дәстүрін түсіну, насихаттау, оның өнеге алған рухани негіздерін толық елестету үшін бұл аталған істермен шектеліп, тоқталып қалуға тіпті болмайды» — деген пікірін негізге ала отырып, бүгінгі қазақ әдебиетінде, оның ішінде қазақ прозасында аталмыш дәстүрдің жағдайы қай деңгейде екендігіне жауап іздеу барысында, ең алдымен беткетұтар дүниеміз – Абай жайлы ұлы классигіміз Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі эпопеясы.

Романда қаламгердің бұрынғы шығармаларындағы әуен-сарындар жалғасып, тереңдеп, байып, жаңа сападағы көркем ойлар, кемел бейнелер туған, қазақ тілінің адам психологиясын, әлеуметтік қайшылықтарды ашып берудегі орасан зор байлығы көрініп, жанрдың ең жоғары талаптарына жауап беретін мол мүмкіндіктері ашылған. Мұхтар Әуезов тұрмысы, моральдық институттарының өмірлік материалдары негізінде қатал реализм, сұлулық, әсемдік талаптарына дөп келетін тарихи роман тудыру арқылы қазақ әдебиетінің деңгейін биік әлемдік дәрежеге көтеріп, жаңа эстетикалық игіліктер дарытып, қаламгерлік ерлік көрсете білген. Роман бірінші бетінен бастап соңғы жолына дейін сұсты өмірдің қатал шындығына суарылған. М.Әуезовтің қаламынан туған ру басылары, билер, мансап ұстаған адамдар кескін-келбеттерімен, мінез қалыптарымен, сөйлеген сөздері мен арғы-бергі замандардағы небір іргелі елдердің басшыларынан, патшалардан, корольдерден, хандардан, дипломаттардан асып түспесе, кем соқпайды. Аспан, зәулім, биіктік — шыңырау терендік. Іштерінде алтын ер-тоқымды арғымақ жатса да титтей сыр бермейтін беріктікке бір ауыз әділ сөзге тоқтайтын мәрттікті, қажет жерінде руымен у ішетін ынтымақты косыңыз. Қас-қабақ, ым-жым, емеурін, жүріс-тұрыс, киім киіс, сөз саптау, билік-айту, ел басқару — мұның бәрінде мыңжылдық көшпелі мәдениет қалыптастырған тапжылмайтын, әбден орныққан берік салт-дәстүр бар. Дүниежүзінде болып жатқан ұлы әлеуметтік езгерістер, отаршылық атты алапат қозғалыстар, Батыс пен Шығыстың мәңгілік шарпысуы, темір құрсанған болат тұяқ капитализмнің қанды шеңгелі сияқты ғаламат дүмпулер көшпелілер әлемін де іріте бастаған. Бұрынғы игілік, кәсіп амалдары, тіршілік қалпы, адамгершілік мұраттары енді басқа арнаға түсіп, өзгере бастаған. Жаңа өріс, соны нысана, өзгеше байлық тумақ. Мұны көшпелілердің ескі қауымы түсінбейді, келешекпен туыса та-бысатын жаңа төл енді келе жатыр.

М.Әуезов осындай планеталық мән-мағынаға ие, қауымдар, мәдениеттер ауысуы тұсындағы сан-алуан отбасылық, әулеттік, ру-тайпалық, халықтық қақтығыс, шайқас, тартыстар үстінде адамдық мінез қалыптарымен ашылатын ондаған әдебиетіне исі түркілік, шынайы қазақылық исі аңқыған әрі тың, әрі ғажап көркем каһармандары бар тұтас сұлулық әлемін алып келді. Бұл жұлдызды аспанның қақтөрінде темірқазықтай болып, бойына халқының ғасырларда сұрыпталып екшелеген барлық асыл қасиеттерін жиған, әрі ақын, әрі дана, әрі қайраткер, әрі ойшыл Абай тұлғасы тұр. Абай бейнесін жасауда акын өмірінің белгілі оқиғалары кеңінен суреттеледі, оның шығармаларындағы әуез-сарындар, мотивтер, идеялар пайдаланады. Бірақ, жеке өлендерге иллюстрация, жалаңаш еліктеу, қайта баяндап беру дегеніңіз атымен жоқ, Абай сөздері, диалогтағы, монологтағы лебіздер түп-түгел ақын лексикасын, синтаксисті ескере отырып, тыңнан жасалған, Мұхтар Әуезов тудырған.

Әуезовтің үлкен суреткерлік шеберлігінің терең ашылып көрінетін айқын тұсы — адам кескіндерін бейнелейтін шақ. Кейіпкер алғаш әрекет сахнасына шықкан бетте автор оның келбетінің есте каларлық сипат-белгілерін суреттеп береді. Адамның жалпы тұрпаты, бойы, дене бітімі, қимыл-қозғалысы, әсіресе, бас бітімі, бет пішіні, көзі, мұрны, ерні, тісі атамалап көрсетілмей, бір-бірімен байланыста, әрекет, қимыл үстінде, жанды -тірі қалыпта, сан алуан көңіл-күйімен толқыған, тебіренген, ренжіген, қуанған, жеккөрген сәтінде бой көрсетеді. Жазушының қырағы көзі әр түрлі нәсілді, сан алуан әулетті дәл көріп, қапысыз танытады. Суретші қалам бір-біріне ұқсамайтын ондаған адамның реалистік портретін жасайды, олар тұтас көрмелерді толтыруға жетіп жатыр. М.Әуезов өнер адамы мен халық тағдырын тұтас бірлікке көрсететін зор реалистік шығарма жазудың жаңа көркемдік мектебін ашты. Осы еңбегі арқылы М.Әуезов өзін де, Абайды да бүкіл дүние жүзіне таныта білді.

М.Әуезов баға жетпес «Абай жолы» шығармасында Абай өмірін ұрпақтарына адам ретінде көрсете білсе, Дүкенбай Досжан Абайдың ішкі жан дүниесін ақын ретінде көрсетті. Дүкенбай Досжан шығармашылығындағы «Абай айнасы» (1994) романында тұрмыстық, тарихи, әлеуметтік және экзистенциалдық жақтар көркем суреттелген. Қазақтың ұлы ақыны, ойшылының 150-жылдығы қарсаңында жарық көрген «Абай айнасы» кітабы жазушылық зерттеу талантымен, ашық, жаңа тақырыбымен, Абайдың ақындық және философиялық әлеміне өзіндік көзқарасы және ой ұшқырлығымен ерекшеленеді. Осы кітаптың он бес бөлімі – ғылыми зерттеулері мен бос беллетристикалық бейнелеудің органикалық түрде біріккен он бес эссе. Д.Досжан Андре Моруа, Стефан Цвейг стиліндегі өмір бейнесін ойлап тапты. «Абай айнасы» романында ұлы қазақтың ақындық және адамдық негізі түрлі көзқарастар мен бағаның, танымал және таныс емес құжаттар деректерінен алынған. Суретші романда өмір қарбаласында ұмыт қалған күнделіктер мен тіпті Абайдың тірі ұрпақтарына да орын берді. Романның құжаттық негізі ретінде Тұрағұлдың қызы, 80 жасарлық Мәкен апаның естеліктері тірек болды. Абайдың ұлы, Джек Лондон мен Горькийдің шығармаларын аударған Тұрағұл уайымнан өлген кезде ешбіреуі көмек көрсете алмаған. Архивтен сирек кездесетін құжат – Петербургте 1909 жылы Абайдың өлеңдер жинағын алғаш рет баспаға берген, оның ағайын інісі Кәкітай Исқақов ақынның күнделігі табылады. Абайды «адам әлсіздіктері «дақтары» бар айна» ретінде де көрсету романның тағы бір ерекшелігі. Осыдан оның адамгершілігі одан әрі арта түсті. Д.Досжанның ерекше білімінің арқасында архивтік құжаттар ішінен бұдан бұрын еш жерде басылымға шықпаған Абай туралы қызықты айғақтар табылды. Жазушыны адам қасиеттерін зерттеу қызықтырады. Осы жайт жазушының ақын жан дүниесіне еніп, сырт көзге таса оның күрделі рухани жан драмасын ашуға жол берді. «1880 жыл; Екі кісі болып бөлінген Абай», «1904 жыл; Отырып ауырған адам», «1898 жыл; Қастандық» бөлімдері өмір қызығынан бас тартқан ақынның ішкі тартысын ашық көрсетеді. Абай мен Байронның рухани, шығармашылық жағынан жақындығына арналған бөлім ерекше ықыласқа бөленген. Әрине, ағылшын ақынының шығармашылығымен Лермонтовтың аудармалары арқылы танысады. Автор ақындардың өлең жолдарын салыстыра отырып, екі ұлы адамның ақындық әлемдерінінің біріккенін табады. Тағы бір назар аударатын жай – «Евгений Онегин» аудармасына Абайдың өзінің қосқан толықтыруларынан көрінетін, орыстың ұлы ақыны Пушкин шығармашылығымен жақындығы. Дегенмен, Дүкенбай Досжан ұлы адамның әлсіздігі мен ерекше қасиеттеріне жай ғана қызықпайды. Абай Абай болып қала береді, сондықтан да біз оның Лермонтов тәрізді өз халқына деген «ерекше сүйіспеншілігіне» ие болғанын түсінеміз. Ол өзінің «Қара сөздерін» («Гаклия») ащы, қатыгез шындықпен жазған. Ұлы ақын мен ойшыл Абайдың көркемдік бейнесі мен оның заманы әдебиетшінің ойына сай келді, Дүкенбай Досжан Абайдың адам бақыты үшін адам жасаған ерліктері мен әлемдік үндестік сезімін жеткізе білді. Абай, Пушкин, Лермонтов және Байронның ақындық жүректерінің жақындығын болмыс мәнін түсіну тілегі байланыстырады, олар әдемілік күшін ұғудағы шексіз уайымы да ортақ.

«Әр дәуір, заман талабы оның ғарышты кезген өз уақытының мерейі үстем Абайын сомдай береріне шүбә келтіріп болмас», — деген ұстанымымен Рамазан Тоқтаров «Абайдың жұмбағы» деген шығармасын оқырман қауымның әділқазылық алқасына алып келді. Заман өзгереді, заманмен бірге оқырманның да талғамы жетіле түсуде. Оның ғылым-білімі, ой-санасы, өмір салты өседі. Жаңа сапаға көшеді, жаңа сатыға көтеріледі. Сонда, жаңағы Тоқтаровша айтқанда, әрдайым мерейі үстем болып қала беретін Абайы да өзгеруі керек қой. Тіпті, Абайдың өзі мен сөзі өзгермесе де, өскен, өзгерген қазақтың оны ұғынуы, түсінуі жаңаша болмай ма? Демек, Абай оларға әрдайым жаңа бір қырларынан ашылуы біздің Абайымыз, мәңгілік Абайымыз, әр заманда оның өзіндік төл Абайы болады дейтініміз де сондықтан болса керек.

Роман-хамса әрқайсысы өз өрісімен дамып, өзгеше тынысын тауып отыратын бес бөлімнен, яғни бес кітаптан тұрады. Әрқайсысының дем-тынысы өзінде, бас-аяғы бүтін дербес хикая. Олардағы оқиға өзегін ұстап тұрған негізгі кейіпкерлері кітап тақырыбының астында жақшаға алып көрсетілген: 1. «Толғақ (Кенесары — Құнанбай — Қодар)»; 2. «Жұлдыз құрбандық (Шоқан, Достоевский, Құдайберді)»; 3. «Қызғаныш (Халиолла, Михаэлис, Шәкәрім)»; 4. «Хақиқат мекені (Саққұлақ шешен, Мұса мырза, Долгополов)»; 5. «Нұрсипат (Мәшһүр Жүсіп, Әлихан Бөкейханов, Мағауия)». Жақша ішінде аты аталған адамдардың бәрі де тарихи тұлғалар. Олардың бірсыпырасы Абайдан бұрынырақ өмір сүрген, яғни өмірге одан ертерек келген. Бірақ, ескінің көзіндей болып Абай заманына дейін жеткен солардың әрқайсысында, олардың ісі мен сөзінде алдыңғы заманның, яғни ғасырдың алғашқы жартысындағы оқиғалардың жаңғырығы бар. Ал, қалғандары болса, Абайдың өз тұстастары, ғасырдың екінші жартысында жасаған, сол кезеңнің өз өкілдері. Сөйтіп, бұл роман-хамсада Абайдың өзі өмір кешкен соңғы елу жыл ғана емес, бүкіл ХІХ ғасырдың дем-тынысы бар. Осы бес кітаптағы баяндалатын оқиғалардың барлығына ортақ өзек те, ондағы адамдардың бірімен-бірін байланыстырып отыратын дәнекер де, оларды бір кітаптан екінші кітапқа ауыстырып отыратын өткел де – Абай, соның өмірі. Өткен ғасырдағы үш алыбымыз, үш арысымыз Ыбырай, Шоқан, Абай үшеуінің жас шамасы деңгейлес бола тұрып, олардың қазақ даласының бір өңірінде туып, бірін-бірі көрмей-білмей кеткені біз үшін орны толмайтын өкініш еді. Бұл жай ғана өкініш емес, тағдырдың өзі маңдайымызға жазып тұрып, таңдайымызға татырмаған, құдайдың өзі беріп тұрып, пешенемізге бұйырмай кеткен сыбағамыз. Әсіресе, қазіргі Қостанай облысының жерінде, бір ғана Тобыл мен Обаған өзендерінің арасында туып, бірімен-бірі кездесе алмаған Ыбырай мен Шоқан, немесе Семейдің топырағын қатар басып жүріп, бірін-бірі сырттай ести жүріп жүздесе алмаған Шоқан мен бай араларында айтылмай кеткен сөздер біздің аузымыздан жырылып түскен несібеміз еді. Профессор Рымғали Нұрғалидің пікірінің ізімен айтар болсақ; Рамазан Тоқтаров осы романында әлгі оқпандай олқылықтың бір қуысын толтыра білген. Ол Абай мен Шоқанды кездестіреді. Бір емес, үш мәрте. Алғашында кадет корпусын бітірген жас офицер Шоқан әкесімен бірге Құнанбай ауылына келеді. Сонда алғыр дарыны мен зерек зейінін аңғарған он жасар Абайды ұнатып қалып, келесі жылы Семей медресесіне әдейі іздеп барады. Қасында досы Достоевский бар. Үшінші жолы Шоқан Атбасарда болыс сайлауына түсіп жатқанда Абай әкесіне еріп барып жүздеседі. Осының үшеуінде де Шоқанның Абайға аңқылдаған ақ көңілден айтқан ағалық ақылы мен тілегі: «оқы, ғылымға тереңдеп сүңгі, сонда өмірге көзің ашылады. Ақындық өнеріңіңді дамыта бер, әбден ойланып барып, қағазға түсіріп жаз, сонда, өлмейтін өнерің ұрпақтарға қалады» — дейді. Осы ақыл Абайдың бүкіл өмір бойына көкейінде мәңгілік орнап қалған өсиет сөздері болады да, Шоқанның жарқын бейнесі мұның көз алдында асқан адамгершіліктің үлгісі ретінде үнемі елес беріп жүреді. Өмірде кездеспесе де кездесуге әбден мүмкін адамдардың бір-біріне ыстық ықыласын осылай шындыққа айналдырған жазушы қиялы барынша құрметтеуге әбден лайық секілді.

Жас Абайға осы үшеуінен кейін қатты әсер еткен бір адам – ел ішінде Шайхы атанып кеткен Дәулетбай қажы. Ол мұсылманша терең білімді білімді, Шығыс ғұламалары мен ақындарының мұрасына жетік және сол білгенін халықтың игілігіне қалтқысыз жұмсап жүрген бір елгезек, жанкешті кісі. Сол Шайхы ата Абайдың медреседе оқып жүргенде Шығыстың жеті жұлдызын өзіне пір санап, солардан медет тілеп жазған бір шумақ өлеңінен Шәмсиді ерекше бөліп алып, сол жайында Абайға көп-көп әңгіме айтады. Толық ныспысы Шәмсиден Гебризи атанған бұл ғұлама кезінде Жәлелдин Ұрыми сынды әйгілі ақынды тәрбиелеп шығарғанын жырдай қылып баяндайды. Өлер алдында өзі Абайға дәл сондай ұстаз табуды, ондай адам кездесе қалса, ұлтына, нәсіліне, тіліне, дініне қарамай, шынайы жебеушім деп қабыл алуды өсиет етеді. Көп ұзамай, дәл сондай ғұлама бұған нәсіп болатынын болжап айтады. Айтқандай-ақ, Абайға ондай ұстаз кездеседі. Ол – Евгений Михаэлис. «Дүниеге көзімді ашқан Михаэлис» — деп Абайдың өзі мойындаған бұл кісінің ақынға деген шынайы достық ықыласы мен білімдарлық ыждаһаты романда мейлінше сыпайы ізеттілікпен өте тартымды суреттеледі. Жалғыз Михаэлис емес, одан бұрын-соңды таныс-біліс болған орыстың зиялы адамдары атап айтқанда, сол Михаэлиспен рухани туыс Долгополов, Гросс, Коншиндерден бастап, әртүрлі лауазымдағы интеллигент шенеуніктер: заңгер Лосовский, ояз бастығы Измаилов, генералдар Цеклинский, Колпаовский, белгілі ғалым Потаниндерге дейін әрқайсысы өз кезегімен Абайға иіліп ілтипат білдіреді. Соған орай , олармен араласа жүре, ой-пікір алыса жүре, Абай да өзінің табиғи даналығын, білім деңгейінің өскендігін көз алдарында танытып отырады. Солардың ерекше сый-құрметіне бөленеді.

Романды Абайдың азаматтық, адамгершілік бейнесінің ерекше жарқырап, жайнай көрінетін данышпандық тұлғасының, ақындық дарынын ерекше кемелденген тұстары көп-ақ. Оның Михаэлиске еріп, Ұлытауға баруы, сол үшін әкімшілік орындарына сезікті көрініп, Омбыға апарылуы, онда губерниялық сот мәжілісінде небір манғазданған қасқалар мен жайсаңдар алдында көсіле сөйлеп, бәрінен мойын оздыруы, сөйтіп, өзін ақтап шығу үстіне билік орнындағы әкімдерден құрметке бөленуі, Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» мен Шоқанның «Сот реформасы» негізінде қазақ даласында басқарудың тұтас бір жүйесін жасап беруі т.б. оқиғалар – ел алдында, жоғары әкімшілік орындары алдында Абай беделінің асқақтап көтерілуіне айқын айғақтар болып көрінеді.

Бұл туынды қазіргі қазақ әдебиетіне қосылған сүбелі үлес….

Осы тұста қанжүректі қайғылы еткен толғақты кеп мәселелердің дүниеге Абайдай дананы әкелуі — тарихи заңды құбылыс. Ақынның тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін поэзиясының қуат көзі «қор болып, құрып» бара жатқан халқының іштен тынған мұңымен тығыз астасып жатыр. Романда жалғыз Абайдың ғана емес, оның XIX ғасырда жасаған әйгілі тұстастары, қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов пен орыстың ғұлама жазушысы Ф.М. Достоевскийдің Семей қаласында бас қосқан жылдары, сол сияқгы Абайдың өзінің ақын шәкірттері, оның жас өркенді тербиелеу бағытында сіңірген ғибратлы істері мен кемеңгер ақынның ел басына орнаған бағы заманда халықпен бірге соққан ұлы жүрегі, өзге де көп жайлар роман-хамсаның кітаптан кітапқа жалғасқан сюжет бойына қызықты желі болып өріліп, айшықты көркем тілмен бейнеленеді. Осы тұрғыдан, Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасы қазіргі қазақ прозасы көркемдік әлемінде, қазақ романистикасындағы ерекше туынды.

Зейне ОРАЗБЕКОВА

Ф ғ.к., ассоц.профессор

Эпопеяның басты кейіпкері Абайдың нұрлы образы оқырманды толғандырып, ынтықтырып отырады. Алғашқы беттерден-ақ, Абай бойына тән тамаша қасиеттер тереңірек ашыла түседі. М.Әуезов Абайдың өмірін қағаз беттеріне түсіруде ерен еңбек етеді. Ерекше жазу стилімен, өзіндік тіл шеберлігімен оқырман қауымға ұсынған осы бір туындыдан Абайдың өсу сатысын санамалау арқылы ол кешкен өмірдің тарихын түсінеміз.  Жасына жас, ойына ой қосылған шақтағы Хакімнің өмір баспалдақтарын аттағанын көреміз.

Ғ.Мүсірепов аңғарғандай: «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» – әр бөлімнің аттары. Осыны біріне-бірін жалғап, бір саты етсең, қат-қабат шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан Абайды көресің. Бұл – үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы. Сонымен бірге, бұл – Құнанбайдың да баспалдақтары. Осы сатыларды төмен қаратып қойып, аяғынан басына қарай оқысаң, бұл жоғарыдан ылдилап келе жатқан Құнанбайдың жолы болып шығады. Бірі – көтерілу, бірі түсу, төмендеу жолы. Үшінші, бұл – Құнанбай тобының да, Абай тобының да жолы.

Абай – халық мүддесін, ел арманын ойлайтын қамқоршы ғана емес, ол – талантты жастарды үлгілі өнерге баулитын, дарындылық үлкен өріске бастайтын ақылшы ұстаз. Эпопеяның үшінші томында Еңлік пен Кебектің моласы басындағы сөзінде Абай жазықсыз өлтірілген сол бір жас жандар алдында өзі қарыздар екенін, бұл – ақындық қарызы екенін ескертеді. Абай бұл қарызын өтей алмайды, бірақ Абай үшін Дәрмен өтейді. Бұл тұстан Абай өзінің артынан өзі секілді шәкірт дайындайтын, ақындыққа шыңдалған кемеңгер ұстаз болғанын көреміз. «Сендер ғана емес, менің өзім де жетпеген жер, жазбаған зар бар. Ол бүгінде, дәл бүгінгі қасында, қалың елің басында тұрған күй», − дейді Абай жас ақындарға. Иіс әжейдің баласы Исаны айтпай кету мүмкін емес. Өр мінезді, Әзімбайдың әмірін тыңдай бермейтін Иса кішкентайынан жоқшылықты көп көрген. Мал артында жүріп шыныққан ол қатты дүлей дауылда, Әзімбайдың малдарына ит-құстың тісі тиер шақта қорғап қалды. Сол түнде қатты үсіген, шаршаған Иса о дүниелік болады. Ерлікпен қаза тапқан жасты жырға қосқан Дәрменнің ісі – Абайдың еңбегінің сіңгені. Өз кемеріне толған ақын өзгелерді сауаттылыққа шақырып, өнер-білім қууға үйретеді. Ол Дәрмен, Кәкітай, Мағаш секілді өнерді жастарды баулыса, енді Рахым, Асан, Үсен тәрізді балаларды оқуға беріп, өнер өріне сілтейді.

Абай айнымас дос та бола білді. Шығармада Абай мен Базаралының достығы өте әсерлі суреттелген. Бұлар өзара бірін-бірі әншейін ұнатқандықтан, бірінің өнеріне бірі қызыққандықтан ғана достаспайды. Оларды өзара табыстыратын  – ортақ  ойлар,  халықтың тағдыры жайында көзқарастар. Базаралы Абайды халық мұңының жоқшысы, жыршысы деп бағалайды. Ал Абай Базаралыны – еңбекші бұқараның қорғаушысы ретінде таниды. Тәкежан Базаралыны ұлыққа ұстап беріп, жер аудартпақ болғанда Абай оның бұл ойына қарсы шығады. Сөйтіп, Базаралыны басын дұшпандық оғынан аман алып қалады. Кезегі келгенде Базаралы да Абайға үлкен қызмет етеді. Оразбайлардың өсек, жаласымен Абай жауапқа ілінгенде оның артынан қуып барып, жандаралға бүкіл ел шағымын жеткізуші, ақынын сүйген ел атынан сөйлеуші – Базаралы. Мұның бәрін ол Абайды өз қара басы жақсы көргендіктен ғана емес, ең алдымен Абайға деген ел қарызын өтеу мақсатымен жасады. Абай мен Базаралыны автор мейлінше тебіреніп, керемет достықты көркемдеп береді.

Тағы бір жастың жанына араша болды Абай. Бұл – Салиқа қыз. Тағдыр ырқына көндігуден аулақ Салиқа неде болса өзіне тең адамға баруға бекінген еді. Егер бұл тілек нәсіп етпесе, суық құшаққа булыққаннан тұңғиыққа батып өлуді артық санаған. Автор осы кезде әйел теңсіздігін жария етеді. Ал бұл тұста Абай ескі заманның әдетіне қарсы шығып, әділетті ұсыныс білдіреді. «Мен баяғының нені желеу еткенін білемін. Жаңа ұрпақ жаңа тілекпен келеді. Жас боп туып өмірден күңіреніп өтем деп келмейді. Жаңа күн өзінің жаңа жорасын, жаңа тілегін жас көңілмен айтады. Жас ұрпақтың талабымен айтады. Оған құлақ ілмеген елдіктің дауасын таппай, аласын табады» деп ұтымды сөйлейді. Бұл тұстан Абайдың данышпан ойшыл екенін аңғарасың. Әрине, еш күмәнсіз айта аламын. Соны, тың пікір айта білді. Абайдың «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында…» деген баллада осындай даудан шыққанын байқайсың…

Ауылдан қалаға келген Абайлар үлкен бақытсыздықтың үстінен шығады. Қала ішін жұқпалы індет – оба ауруы жайлаған. Қарапайым еңбеккер халық қазаға душар болған. Бұл жұқпалы індетті асқындыра түскен құзғындай молдалар еді. Қысылшаң сәтте Абай дін иелеріне батыл қарсы шығып, олардың зұлымдық пиғылдарын аяусыз әшкерелейді. Халқына қанатымен су сепкен қарлығаш секілді еді ол. Соңғы  беттерде Абай тартысы мен талқысы мол шытырман, қиян-кесті өмір кешеді. Ұлы ақынның өзіндік қасірет-наласы оның туған халқының мұң-зарымен араласады. Жиренше, Оразбайлар сырттан торуылдап, ашық жаулыққа басса, Тәкежан, Әзімбайлар опасыздық жасап, іштен шалады. Бірақ бәрінің жиналып келіп, Абай алдына қазар орлары бір. Олар Абайға қастандық атаулының бәрін жасайды. Өтірік жала жауып, жер аудартпақ болғанын қайтесіз?! Бұл оқиғалар Абайды күйзеліске ұшыратады. Түптеп келгенде ол жеңіп шығып отырды. Өйткені ол болашағына, алып жарыққа қарай қажырлықпен ұмтылған халқымен бірге, солардың алдыңғы қатарында. «Абай аман болсын!» − деп Алладан тілеуін сұраған қара халықтың тілегі орындалып отырды… «Қалың елі – қазағының» жарқын болашағын бала күннен ойлаған Абай өле-өлгенше қызғыштай қорғап шықты. Эпопеяның алғашқы беттері жастық, жігіттік шақ тілге тиек болса, соңғы беттер мұңды «үш аяқтап» жүретін шақ баяндалады. Абай тез өсті: сол кездегі ру арасындағы тартыс әсерінен. Ел шаруаларына араласып, дауларды шешіп, екі елді бітістіріп, қоғамға қызмет етті. Жазушы Абай өнерінің танымын терең әрі нанымды ашады. Орыс әдебиетінде, шығыс әдебиетінде қатар оқып, сусындайды. Егер шығарма басында Абайдың азамат ретінде есеюін образды түрде бейнеленсе, ортасында ақын Абайдың қалыптасуына арналған. Ақыр аяғында Дәрменнің дастанын тыңдап отырып, қыран бүркіт ана жайындағы ел аңызын еске алады. Сол бір сәттегі Абайдың ой-қиялын, көңіл тербелістерін беру арқылы жазушы басты кейіпкерінің өнер адамы екендінін бейнелі түрде сездіргендей болып, ойын түйіндейді. Мемуарлық роман іспеттес  бұл туынды ұлы ақынның, ақынын сүйген халқының өмірін баян етеді. Абай өзін тарихи дамудың беталысын дұрыс болжайтын үлкен философ, ірі ойшыл ретінде танытады. 

Эссе
Абай жолы
Абай жолы — М. Әуезовтің әлемге әйгілі роман — эпопеясы. “А. ж.” — қазақтың көркем прозасын классик. стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетик. талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман — эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энцик. деңгейде жан — жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған.

Әуезовтің “А. ж.” роман — эпопеясы әлемдік деңгейде: “ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі” (Луи Арагон), “Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті (Н. Тихонов). “Шынында, бұл қазақтар — неткен ғажайып халық! Осы кереметтік “Абай” романында қандай тамаша суреттелген!” (Б. Матип) деген жоғары баға алды. Сондай — ақ, бұл роман — эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Ш. Айтматовтың “Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі — “Манас”, бірі — Мұхтар Әуезов” — деуі осыны айғақтайды.

“А. ж.” роман — эпопеясы жазушының ұзақ жылғы ғыл. ізденістері мен көркемдік танымының жемісі. 30 — жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, қым — қиғаш пікірлер айтысы туғанына қарамастан Әуезов Абайдың өмірі мен ақындық жолына байланысты зерттеулерін тоқтақан жоқ. Л. Соболевпен бірігіп жазған “Абай” трагедиясын 1939 ж. Мәскеуде бастырды, кейін ұлы ақынның өмірін бейнелейтін опера либреттосын, киносценарий жазды.

“Абай” трагедиясында оның жанрлық ерекшелігіне байланысты ақын өмірінің соңғы кезеңі, яғни, хакім Абай бейнеленген. Мұнда Абай халықтың қамқоршысы, халық мүддесін жақтайтын күрескер, өнер — білімді уағыздаған ағартушы ретінде көрінеді. Бұл трагедияға дейін — ақ Әуезов Абай жайында роман жазуға бел байлаған. 1937 ж. жазылған “Татьянаның қырдағы әні” атты үзінді болашақ романның тарауы ретінде жоспарланған болатын. “Татьянаның қырдағы әнін” оқушы — қауым жылы қабылдады. Көп ұзамай жазушы өз ойын жүзеге асыруға тікелей кірісті. Алғашқыда романға “Телғара” деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман үш кітаптан құралмақшы болатын. Алайда, жұмыс барысында оның шеңбері кеңейтіле түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын “Абай”, онан кейін мұның жалғасы болып табылатын “Абай жолы” (бұл да екі кітаптан тұратын) романын жазды. 1 — кітабы 1942, 2 — сі 1947, 3 — сі 1952, 4 — томы 1956 ж. жарыққа шықты.

Алғашқы екі кітаптан тұратын “Абай” романы үшін жазушыға КСРО Мемл. сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық “А. ж.” роман — эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Абайдың заманы, өмірі мен өнерпаздық, қайраткерлік, ұстаздық өнегесі жайында кесек көркем шығарма жазуға Әуезов мол дайындықпен келді. Бұл жазушының дүниетанымы, ойшылдығы тереңдеп, кемеліне келген, суреткерлік шеберлігі шыңдалып әбден жетілген кез болатын. Әрине, бүтін бір тарихи дәуірді, бір халықтың ұлттық өмір — салтын, толып жатқан қым — қиғаш оқиғаларды, сан алуан кейіпкерлер бейнесін, іс — әрекетін, бір — бірімен қарым — қатынасын ұлы ақын, ойшыл, ұстаз Абайдың өмір жолымен ұштастыра суреттеу үшін мүлде жаңа, тың көркемдік шешімдер тауып, ұлттық көркем прозада зор жаңашылдық таныту қажет еді. Мұның бәрі өмір шындығына терең бойлап, тарихи шындықты бүгінгі заманның талғам — танымына үйлестіріп, жалпы адамзаттық түбегейлі мүдделермен сабақтастырғанда ғана іске асатынын жазушы жақсы сезінді. Ақын, ойшыл, Абайды жазушы басты кейіпкер етіп ала отырып, айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен (бұлардың ішінде аса ірі тұлғалар мол) тығыз қарым — қатынас үстінде жан — жақты ашады. Абай барлық оқиғалардың топ ортасында жүреді. Бір қарағанда оған қатысы жоқ оқиға, сурет — көріністер, оған Абайдың көзқарасы не оның тікелей араласуы арқылы жаңа мазмұн, мағынаға ие болып, жарқырап шыға келеді. Сөйтіп, бас кейіпкердің тұлғасы толыға түседі де, оның характерінің сипаттары айқындалып, ашыла береді. Оқиғалар мен эпизодтардың көптігіне қарамастан шығарма сюжет құрылысының қарапайымдылығымен, шынайлығымен, композициясының шымырлығымен көзге түседі.

“А. ж — нда” қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалған. Аса мол өмірлік материалды, әдеби, этногр. мұраларды алғырлықпен игеріп, көркемдік әр берген. “А. ж.” роман — эпопеясында қазақ халқының этногр., діни, жалпы мәдени — танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері т. б. — бәрі бар.

Оқиғалар мен фактілерді баяндау үстінде жазушы өмірлік тартысты барынша ашып көрсетуге, оның әлеум. мәнін күшейтуге тырысады. Белгілі фактілердің шеңберімен шектелмей, қажет жағдайда бүкіл баяндаудың барлық желісін бір түйінге келтіру үшін, басты мәселелерді бір арнаға түсіріп, түйістіру үшін оқиға барысын өзгертіп, өзінше қиыстырып, жаңғыртады. Романдағы түгелдей, немесе жарым — жартылай ойдан шығарылған көптеген кейіпкерлердің тағдырлары өмірде болғандай кескін — кейіпке ие болып, жалпы тарихи даму бағытымен байланысты, біртұтас көркемдік ойдың өзегімен тығыз ұштасып жатады. Тарихи оқиғалар мен фактілердің бәрі роман — эпопеяның бүкіл мазмұнымен тығыз ұштасып, шығарманың көркемдік өміріне орайлас мән — мағынасы басқаша ашыла түседі.

Әуезов халық өмірі мен тұрмысын, салт — санасын, оның жекелеген өкілдерінің түсінігі мен көзқарастарын суреттей отырып, ұлттық қасиет — ерекшеліктерге жалпы адамзаттық сипат дарытады, ұлттық және жалпы адамзаттық белгілердің бірлігін көре біледі, ал қоғамның тарихи дамуынан біздің дәуірімізге дейін өз маңызын сақтаған прогресшіл бағыттарды бөліп ала біледі. Жазушы Абай дәуірін көркем суреттеуде тарихи процестер мен құбылыстар мәніне терең енуі арқылы ғыл. зерделілік пен көркемдік танымды шеберлікпен ұштастырады.

“А. ж.” жай ғана тарих емес, көркемдік ойдың көрігінен өткен, сомдап бейнеленген өмір шындығы, халықтың тағдыры, өткені мен келешегі жайындағы терең толғаныс. Қоғамдық мәселелерді толғайтын жазушы өз дарынына қарай — ойшыл, тарихи жанрда жазса — тарихшы, сан алуан адамдардың қарым — қатынасын, мінезін, құлқын, іс — әрекетін терең ашып көрсете алса — психолог. Сондықтан біз эпопеяда тарихи шындық, өмір филос — сы мен поэзиясы ұштасқан дейміз.

Аристотель айтқандай, поэзия, көркем әдебиет болғанды ғана баяндамайды, болатынды, болуы мүмкін жайларды да мол қамтиды, сол арқылы өмір шындығының филос. мәні арта түседі. Мыс., романдағы Құнанбай бейнесінің өмірде болған Құнанбайға қарағанда жағымды жақтары аздау, ал жағымсыз мінез — құлықтары көбірек болса, осыған қарап жазушы кеңес дәуіріндегі қасаң саясаттың ыңғайымен кеткен деген үзілді — кесілді пікір қорытуға бола ма? Әрине, Құнанбай бейнесінің жағымды сипаттары молырақ болса, эпопеяның алғашқы екі кітабына айтылатын сынның да көбірек болатынын Мұхтар жақсы білді. Бірақ мәселе тек мұнымен шешіле қоймайтыны да анық. Жазушы көркем шығарманың өз заңдылықтары мен мүмкіндіктері бар екенін түсініп, соны толық пайдалануға күш салды. Яғни, жазушы кейіпкердің өмірде болған адамның жай көшірмесі ғана болмай типті тұлға дәрежесіне көрсетіліп суреттелуін ұтымды көрді. Осы тұрғыдан алғанда, мыс., Дәрменді Абайдың ең жақын, өте дарынды бір ақын шәкіртін бейнелеп көрсету қажеттігін ескертіп, ойдан шығарылған, жинақталып жасалған бейне дейміз. Өмірде болған нақтылы біреуді прототип етіп алса, оның өзі елге аты мәлім белгілі ақын болса, ол жазушының ойын еркін өрбіту мүмкіндігін шектеп, қолбайлау болмас па еді? Осыған орай үлкен шындықты жеке кейіпкерлердің әрбір іс — қимылынан іздемей, эпопеядағы заман келбетінен, сан түрлі адамдардың қарым — қатынасынан, басты кейіпкер Абай тұлғасынан, оның ой толғаныстарынан, терең сезімге толы табиғат суреттерінен, жазушының концептуалды, түйінді идеяларынан, солардан туындайтын тарих тағылымынан тану қажеттігі туады.

“Абай жолы” эпопеясының танымдық мәні туралы айтқанда Абай заманын, сол ортаны, Абайдың ақындық, азаматтық тұлғасын, өнерпаздық жолын танытуы арқылы әдебиеттану, соның ішінде абайтанудың өзінің одан әрі өрістеп, дамуына әсер — ықпалы да аса зор болды дейміз. Эпопеяның кең мағынасында тарих, этногр. секілді ғылымдар тұрғысынан қарағанда да танымдық мәні аса күшті екенін кезінде акад. Қ. Сәтбаев атап көрсеткен болатын. Ал жалпы халықтық мүдделер тұрғысынан келгенде, біз “А. ж.” эпопеясының ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ана тілімізді өркендетудегі орасан зор рөлін баса айтуымыз қажет. Эпопея дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. 200 томдық “Әлем әдебиеті кітапханасы” топтамасында 2 том болып басылды.

Әдеб.: Нұрқатов А., Мұхтар Әуезов творчествосы. А., 1965; Қаратаев М., Эпостан эпопеяға. А., 1968; Ауэзова Л. М., Исторические основы эпопеи “Путь Абая”, А., 1969; Қабдолов З., Мұхтар Әуезов және оның әсемдік әлемі, А., 1986.
Аскаров Рауан Серикович

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *