А?білек туралы эссе

Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының намысты да өжет жан екенін дәлелдеп жазыңыз


  • Сайыс2019
  • pakova
  • 07.11.2019
  • 0
  • 2
  • 25764

Бақыт жолы біліммен табылады…

Ахмет Йүгінеки

Қай заманның болмасын, өз қиындығы, өз тартымдылығы бар. Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші!.. Оған дәлел, тарих айнасы – көркем әдебиет. Небір аласапыран кезеңдерді, аштық, соғыс, небір жылан үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай өмірді көз алдымызға әкелетін әдебиет емес пе? Сондай шығармалардың бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы.

«Ақбілек» — Қазан төңкерісінен кейінгі азамат соғысы зардабының әсерінен қазақ ауылының өмір-тіршіліктері мен таптық тартыс кесірінен қорлық көрген қазақ қызының ауыр тағдырға берілмей, «көзі ашық, көңілі ояу» тұлғаға дейін көтерілгендігін баяндайтын туынды.

Ақбілек – ата-анасының бауырында еркелеп өскен, ауыл ішінде «Мамырбайдың Ақбілегі» болған, бір мезетте анасынан айрылса, сол мезетте өзін өлдіге санайтын оқиғаға ұшыраған,  сөйте тұра тағдырға қасқая қарсы тұрған қайсар қазақ қызы. Оған дәлел – орыстың мазағынан соң жалғыз қалып, жапан түзде қасқырмен алысып, ерлікпен жеңуі. «Ақбілек аллалап, қасқыр абалап, Ақбілек сабалап»  отты көзді жыртқыштармен көп алысты. Былайғы уақытта қарусыз түз жануары алпамсадай еркекке де оңай алғызбайды, ал Ақбілек еш қарусыз-ақ, «қасқыр оттан қорқады» дегенді есіне түсіріп, шоқты алаулатып жауын қуды. Осы тұста Ақбілекті қайсар, жауына оңай берілмейтін адам ретінде танимын.

Ақбілек – қиялшыл тұлға. Кеше ғана көзі жастан құрғамай, «неге ғана қара жер қақ айрылып мені жұтып кетпейді?» деп түңілсе, келесі күні төсекте жатып, өзінің үлде мен бүлдеге оранып ұзатылып, ақ отауында Бекболатына торсықтай ұл сыйлап, бақытты өмір кешіп жатқандығын қиялдайды. Бұл оның қиындыққа тез беріле салмайтын жанының тазалығын, арманға да балаша қуанатындығын көрсетеді.

Ақбілек қандай қасиеттерімен жарқын өмірге қадам басты, қандай күш өшкен өміріне шырақ жаққызды? Оған себеп – Ақбілектің өжеттілігі, өзіне бекемділігі. Орынборға барып оқып жүргенінде жан-жақтан тамсанып қызығушылар да, қала қызы ретінде желіктірушілер де болды. Олардың біріне де мән бермей, оқу үшін келгендігін мықтап назарда ұстауы, қазақ қызына тән салмақты да өжет болуы – Ақбілектің асыл қасиеттерінің бірі.

Қазақ қызының шет жерге барып оқуы да оңайға түспейді. Онысы Кәмилаға айтқан «жасынан оқымаған соң, кісінің тілі де қатып кетеді екен, жуырда икемге келмейді екен» деген сөзінен байқалады. Дегенмен орыс тілін бір адамдай-ақ меңгеріп алады. Бұл оның еңбекқорлығы деп білем.

Тағдыр тәлкегіне, қоғам әділетсіздігіне құрбан болған Ақбілек сынды қазақ қызы қаншама? Жалғыз Ақбілек жылап, басына салғанға көніп, бар өміріне нағлет айтқан жоқ, бірақ жалғыз Ақбілек сүрінген жерінен қайта тұрып, өжеттілік танытты. Автор Ақбілекті осы қырынан ұрпаққа үлгі етті. Біздің заманымызда да түрлі жағдайға байланысты тағдыры ауыр боп жүрген қыздар бар. Автор соларға «құласаң, қайта тұрып жүгіруге қақың бар, оқу оқы, білім ал» дегенді айтқысы келген деп ойлаймын.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы — қай заманның ұрпағына да берері мол өміршең шығарма.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Ақбілек – қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман. «Ақбілек» романындағы еліміздің шығыс өңіріндегі әлемге аян Алтай өңіріндегі ауыл көріністері, Ертіс-Күршім сипаты, Марқакөлдің мөлдір суы мен оның айналасындағы аң-құс, жануарлар әлемі, алуан түсті адам портреттері, этнографиялық этюдтер, яғни қазақ тұрмысы мен заман көріністерінен, адамдар арасындағы қатынастарды  шебер бейнелеген. Бұл романда қазақ қызының тағдыры туралы әңгімеленеді.

             «Ақбілек» романыныдағы оқиғалар өмірден алынған. Ақбілек әлемі, Қазақ төңкерісінен кейінгіқазақ ауылының әрекеті кеңінен көрініс береді. Маңыздысы жазушы жан әлемін жаулап алған, қазақ қызының тағдыры. Автор оқиға өміріне сай табиғат тамашаларын әсерлі, шабытты сөз етсе, енді бірде ала ат мінген жалғыз адам туралы, сосын жекеленген бейнелер. Ақбілек, Бекболат,Офицер, Мұқаш сияқты кейіпкерлерді сөйлетеді. Жазушы Ақбілекті өмір – тағдыр талқысына сала отырып, бір ауылдың өсек аяңынан арашалап, қара мұрттың әлсіздігін де сездірмей, қаладан бақытына жолықтыруы – кеңестік кезеңнің талабы. Қазал әйелінің еркіндік алу салтанаты  жемісті сәт. Сондай – ақ Төлегеннің үйінде қонақта болған зиялы қауым өкілдерінің өзара әңгіме – сұхбаттарынан қазақы қалжың, пәтер, темекі төңірегінде өріс алған әңгіме арнасы – бай – кедей, тап мәселесіне алып келеді.

             Жүсіпбек Аймауытов роман оқиғасын тарата, көркем, келісті баяндайды. Шығарма тақырыбы иемденген басты тұлға Ақбілек аяулы әке мен қымбат анасының алдында ерке де әсем болып өсті. Ол құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа майымаған, өмірінен тағылым – ғибрат алған, жан – жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы. Бірақ бұлжарастық, жастық салтанатын түстері суық, ойлары теріс,жүрістері суыт, төрт атты бұзғанды. Үлкен үй-дәулетті Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсірді. Бәбішесін атып, жас түлегі Ақбілекті ойбайлатып алды да жөнелді. Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан азабын ешкім де дұшпанына тілемес. Ел көзіне көріне алмай, күлкі болып ауылдан кеткен Ақбілек қалаға барып оқып, адам қатарына қосылып, жар тапты, бақытты өмірге қадам басты. Міне «Ақбілек» романының бүкіл тақырыбы мен идеясы осыған саяды.

           Қорыта келе, «Ақбілек» романын ұлттың таным мен парасатты, ұлтық болмыс – бітімін көрсететін тәрбиеік мәні зор салт – дәстүр, әдет ғұрыптар деуге болады. «Ақбілек» романы – бір ғана қазақ қызының тағдырымен қатар, әлеуметтік төңкеріс тұсындағы қазақ ауылының өзгерісін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Роман арқылы ұлтымыздың бүгінгі, ертеңі болашақ ұрпағымызға ой салары анық.  

Мақалада ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Ж. Аймауытовтың «Акбілек романындағы» әйел бейнесінің жасалу жолдары қарастырылады. Романнның бас кейіпкері Ақбілек тұлғасын сомдаудағы жазушы шеберлігі, ондағы портреттік бейнелеудің ұлттық табиғи нақыштар, әйел образын жасаудағы дәстүрлі қалып пен жаңашыл ізденістер ғылыми тұрғыдан тұжырымдала­ ды. «Ақбілек» романындағы әдеби­көркемдік жетістіктер шығармадағы әйелдер бейнесінің бай га­ лареясы арқылы айқындалып, олардың әрқайсысының өзіндік болмыс ерекшеліктерінен көріс та­ батындығы жете зерделенеді. Сонымен бірге Ақбілек бейнесі қазақ әдебиетіндегі әйелдер образын сомдаудағы жаңа бағыт екендігі ғылыми талдау негізінде нақты дәлелденеді. Мақалада романда қазақ қызына тән ұлтттық тәлім­тәрбиеден қалыптасқан мінез­құлық ерекшеліктері суреткер ше­ берлігі арқылы типтік бейне жасаудың алғы шарты ретінде көрініс табатындығы жан­жақты ай­ қындалған. Әйел сұлулығын суреттеудегі көркемдік белгілер ұлттық бояу­нақыштан тамыр тартып жатқандығы ұлттық прозаның өзіндік ерекшелігі екендігі зерделенген. Романдағы Ақбілектен бас­ қа да әйел бейнелерінің жасалуы, олардың бір­біріне ұқсамас өзіндік ерекшеліктері шығарманың тақырыптық болмысын байыта түсетіндігі ғылыми тұжырымдалған.

ХХ ғасырдың басындағы алғашқы қазақ романдарында əйел бейнесі алғы қатарға шыққаны белгілі. Бұл жанрындағы қазақ əйелінің бейнесін сомдауға əдебиетімізде тұңғыш түрен салған Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы», оған ілесе шыққан Спандияр Көбеевтің «Қалың малы», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлуы» əйел теңдігі арқылы жеке бас бостандығы тақырыбын көтерді. Сол алғашқылардың бірі болған Жүсіпбек Аймауытов қазақ классикалық романының төлбасына саналатын «Ақбілек» романында адам тағдырын ел тағдырымен бірлікте алып, қоғамдық ортаның саяси-əлеуметтік ахуалымен тығыз байланыста суреттейді Егер аңдап қарар болсақ, олардың қай-қайсыннан да тəуелсіздік идеясының көрінісін тану қиын емес. Өткені олардағы оқиға өрбуінің тынысы адам еркіндігінің болмысымен тығыз байланысты болып келеді.

Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы қазақ прозасын үлкен бір белеске көтерген күрделі шығарма. Автор қазақ қызы киліккен қасіретті көрсету арқылы аласапыран тұстың озбырлық бейнесін ашады. Оны сол нəубеттен, тағдыр талқысынан құтқарған жаңа өмір салтымен бірге кейіпкер бойына жинақталған ерік-жігер құдіреті екендігі романда айрықша ақындалған. Ұланғайыр уақыт пен жалпақ кеңістікте тағдырдың тар қапасына қамалған Ақбілек қасіретін оның өзін қоршаған ортаның қыспағына іштей қарсылығы мен адами күресін автор психологиялық талдау арқылы кейпкер жан дүниесіне бойлай отырып ашады.

Осынау қос ғасыр тоғысындағы қазақ қоғамы болмысын қазақ қызының қиын да қорлықты өмір сəті арқылы танытуға бағытталған романның арпалыс пен күрестен тұрар өмір күйінің тиегін ағытуы қалай десеңізші!!!

«Ақбілек» романынан ілкі көзге шалынатын Жүсіпбек Аймауытов қаламына тəн бір бел гі – ақынжандылықпен кұбылта жазар қалам жүйріктігі. Бұл стиль оның кейінгі жазушылық шеберлігінің айқындауышына айналды десекте болады. Қаламгер ырғақты ұйқас үлгісімен төгіліп түскен жолдар арқылы оқырманды ə, дегенде-ақ, өзіне еріксіз баурай жөнеледі. Қаламы жүйрік жампозды өзіне сөз берелік: «Өскеменнің аржағында, Бұқтырманың оң жағында əлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен Күршім бар.

Алтай, Күршім не заманнан қалың найман мекені. Сол Алтай мен сол Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал. Күні жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы марқакөлі, Марқакөлді алқалаған – ақ ауылды Алтай елі».

Иə, шығарма төгіліп түскен шұрайлы тіл өрнектеген Алтай табиғатының таңғажайып сұлу суретіне оқырманды осылайша тамсантады. Сөйтіп жазушы тебірене жазған сұлу Алтай, сол Алтайды мекен қылған сұлу арулар тағдыры кімді болса да қызықтырып, шытырманды оқиғалар иіріміне, тылсым сырлы сезімдер тереңіне тарта жөнеледі.

Романның құрылымдық жүйесі Ж. Аймауытов шеберлігінің бір ерекшелігі ретінде танылады. Автор бірде баяндай отырып кейіпкерін сөйлетіп, шешуі қиын жұмбақтың сырын тарқатса, енді бірде тыңнан қосылған жаңа сарынды сюжет дамуының жаңа бір белесіне айналдырып жібереді. Оның бəрі бас кейіпкер Ақбілектің тартысты тағдырының үш кезеңімен жымдасып кеткен бүтіндік табады. Сондықтан шығарманың жалпы даму желісінде бірде-бір оқшау оқиға, қисынын таппай тұрған тосын сюжеттер жоқ. Жалпы Ж. Аймауытовтың «Абілек» романында кер заманның ең бір құбылмалы тұсында сынға түскен қазақ қызының жігер-қайраты мен ақыл-парасаты арқасында өз ортасынан озып шығып, биік қоғамдық сатыға көтерілуі көркем бейнеленген. Романның бас кейіпкері Ақбілек – əке-шешесінің көзінің ағы мен қарасындай ерке өскен, ажарына ақылы сай елге сыйлы ару. Жазушының Ақбілек портретін сомдауы да сонша сырлы: «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі – жас түлегі, айы-күні – сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, былдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп…». Ал енді жазушы кейіпкер портретін шығарманың өн бойындағы салмақсапасына, оқиғалар желісін дамытуға орай түрлендіріп отырады.

Орыс ортасынан оралғаннан кейінгі Ақбілектің мінезделуін жазушы Бекболаттың көзқарасы арқылы танытады: «… алғаш барып көргендегі оның түрі қандай еді! Маңдайы қасқиып, мойны қаздиып, көзі мөлдіреп, ерні үлбіреп, үріп ауызға салғандай жұтынып, сүйріктей еді-ау! Тал бойында бір міні жоқ, жаңа шығып келе жатқан сүйріктей еді! Шашбауын сылдыр еткізіп, сып етіп түре келгені, тізесімен ақ көйлегін серпе тастап, аяңшыл бедеудей кербездене аяқ басқаны, тысқарыда жүріп, жеңгесімен сыбырлап сөйлесіп, дауысы күмістей сыңғырлап, тəп-тəтті күлгені; əнтек жылмиып келіп, шай жасап, өп-өтірік сызылғансып, үш саусағының ұшымен шын-аяқ əпергені, салалы қою кірпігін салмақпен қағып, анда-санда көз астымен бір қарап қалғаны;… «Қош болыңыз» дегенде, көзін жалт еткізіп, басын əнтек изеп, артынан қарап қалғаны, – бəрі-бəрі сондағыдай сайрап көз алдыңа келеді».

Міне бұл бір кездегі бақыттың бесігінде тербелген Ақбілектің сүйген жігіт көзімен бедерленген сұлу суреті. Автор бұдан кейінгі оқиғалар дамуында Ақбілектің портретіне біртіндеп жаңа қажетті сипаттарды қосып отырады. Сол арқылы біз Ақбілектің мінездеме суреттерімен толығырақ таныса түсеміз. Сондықтан да біз Ақбілекті қашан да болса, қандай бір жағдайда болмасын соншалықты бір жылықпен қабылдаймыз. Ол романдағы қат-қабат оқиғалар тұсында əр кезде-ақ сезіліп тұрады.

Кейіпкердің жан-дүниесі өз басынан өткерген қиындығы мен қияметі жетерлік оқиғалар үстінде ашылады. Ақбілек қасіреті жалғыз оның ғана емес, зобалаңды заманда бастарына қара бұлт үйірілген, тағдыр талқысына түскен қазақ қыз-келіншектерінің ортақ қасіреті болатын.

Уақыт куəгері Жүсіпбектің жүрегіне ақ əскерінің осындай айуандық қылықтары жазылмас жара салған-ды. Уақыт өте келе, көрген мен түйгеннің пісіп-жетілген көркемдік болмысы суреткер қолына қалам алдырды.

Бұл шығарма – жазушы көкірегінде ұзақ піскен, қайнауы əбден қаныққан ізденістің жемісі. Автор Ақбілек қасіреті арқылы зұлмат жылдар халық басына төндірген қасіретті ашуға ұмтылады. Ары тапталған ардақтаған ару тағдыры – құлдықтың құрдымына бет алған ұлт тағдырының символы іспетті.

Ұлтымыздың тəрбиелік, салт-дəстүрлік ұғым-танымы тұрғысынан алғанда, Ақбілек тап болған жайт – адам төзгісіз қасірет!..

Бірақ айуан мінездес қаракүштің дүлей соққысына қарсы тəні таза, жаны пəк, ары аппақ сүттей нəзік қыз қалай күреспек, не айла етпек?!.. Жазушы қолға түскеннен соңғы есін жиған тұста Ақбілек алдына осындай сұрақ тартады. Суреткер сол сəттегі Ақбілек жан-дүниесіндегі қиналысты, жүйкеге ауыр салмақ артқан күйзелісті кейіпкердің ішкі əлемінің астарын аша отырып бейнелі жеткізеді: «Өңі-түсі екенін біле алмай, көзі алас ұрып, қостың ішін сипай сүзіп шықты да, түндегі оқиға есіне түскенде, қайнап шыққан бұлақтың көзіндей, жасы мөлтілдеп, жылап ағып қоя берді. Саңғал киізден сығалап, аңғал шуақ Ақбілектің бетіне түсіп, жайраңдаса да, телегей аққан жасын құрғатуға септігі болған жоқ; жанын жанышқан қараңғылық жарық дүниені аңсатты, əйтседе жарық сəуледен көзін біржола жұмбады, құтылмасына көзі жеткен соң, тым болмаса мына саусылдаған сары қолдың ішінен бір сытылып, даланы бір көргісі келді.

… Төрт құбыладан бірдей үстіне төніп тұрған ақар-шақар тауларға да, тауға біткен үйірімүйірім сабалақ жүнді орманға да, тау басында қалықтап жүрген бүркітке де, тауға тырмыса жайылып жатқан құмырысқадай жылқыға да, қостан аулағырақ өзен құлай шыққан шоқ-шоқ бұтаға да Ақбілектің көзі тоқтап тұра алмай, сырғанап келіп, жерошақ басындағы қазақтың қара құманына, қара астауға, шырық шөмішіне тоқтады. Орыстың қолына түскен əлдекімнің шөміші екен? Сорлы шөміш! Мен де сенің сыңарың ғой дегендей, мұңдасқандай, көзіне тағы жас алды».

Жазушы адам жан дүниесінің қыр-сырына қалай бойлайды десеңізші! Кеше ғана «Мамырбайдың Ақбілегі» атанып «ақ көйлегін көлеңдетіп» жүрген күндер де, көз жанарын ұрлайтын көріністер де енді оған жат, сұрықсыз, керісінше, жайда көңіл тоқтамайтын қарапайым ғана заттар қандай ыстық көрінеді Ақбілекке! Өйткені жансыз болса да олар – туған жұрттың көзіндей жəдігерлер. Ақбілекпен олардың тағдыры бір іспетті. Олардың өзіндей һарамның қолжаулығына айналған мұңдастардай көзіне оттай басылуының сыры осында. Жазушы осыны қалт жібермей, тасқа басқан маржандай мөлдіретіп жеткізеді.

Ақтардың қолына түсіп, орыс əскерлерінің қорлығына ұшырап, ауылына оралу – күнəсіз де пəк қыз үшін өте ауыр масқара іс. Міне, осы сəттегі Ақбілектің іштен тынуын, өзімен-өзі арпалысуын, шешімге келуін автор психологиялық талдау арқылы танытады. «Ақбілек əкесінің оңашада бір ауыз тіл қатпағанына қапа болды. Ол түгілі əкесі Ақбілектен оңаша қалудан қашатын тəрізді. Әкесі мен екеуінің арасын қара мысық кесіп өткендей, бір өткелдің түскенін Ақбілектің жүрегі сезеді. Әкесінің қабағы қашан жадырар екен, қашан жылы қарар екен, қашан тіл қатар екен?.. деп сарылып, сарғайып күтеді; əкесінің көзі түсер ме екен деп, жансыз аңдып та отырады. Бір қараса қайғысы жеңілдейтіндей, бақытты болатындай көреді. Сонда да əкесі көз салмайды. Енді Ақбілекке шешесінің өлімінен мынау қатты батты».

Жазушы əке мен бала арасындағы қатынас арқылы Ақбілек тағдырының қиынды қырларының сан салалы қыртыстарын ашады. Жаны нəзік, болмысы берік қыз бен ойы бұзық жұрттың арасындағы ой алшақтықтың адам аспас асуының биігі осылай алынады.

Ақбілек қарапайым қазақ қызы болғанымен, оның ең басты ерекше қасиеті – сезімталдығы. Оны көп қиындықтан құтқарған да осы сезімталдық. Ол ең алдымен, Қарамұрт офицермен қарым-қатынасы кезінде анық сезіледі. Алғаш көргеннен – қоштасқанға дейінгі аралықтағы ісəрекет, ішкі құбылыстан біз осы қасиетті анық танимыз.

Жазушы жаны жаралы, көңілі қаралы қыздың өмір мен өлім күресі сəтінде ішкі түйсікті арпалысын терең тебіреніспен жеткізеді. «Алды-арты тұйық, қараңғылық, не болары белгісіз… Сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу… Ол елден асты: қазақ тұрсын, атағын орыс естіп, іздеп келіп, алып қашты… Орыс біткен бұған бола қырқысты. Кім біледі, тірі болса үмітсіз сайтан. Өз еркімен келіп отырған жоқ, қара күшке тағдырға не шара? Жамандығынан мұндай болған жоқ… Ақбілекті кім жазғыра алады? Малына, жанына ие болып отырған қай қазақ бар? Азар болса, жазықсыз құрбан болып жатқан көп қорғансыздың, көп сорлының бірі шығар.

Ойдан ой қуып, басы даң боп, шапанының етігіндегі май тамғанға қарап отырғанында, тым-тырыс күте қалған қарамұрттың ыстық қолы қолына келіп тиді. Ақбілек қабағын ауыр бір қағып, «менде не ерік бар?..» дегендей, терең қасіретпен оның бетіне қарады. Қара мұрт тілмəшіне иек қағып шығарып жіберді де, Ақбілектің қолын өзіне тартып, ерніне апарды. Ақбілек қасарысқан жоқ».

Жауыздық пен қатігездік шегіне жетіп тұрған ортаға түскен «тағы» қыздың тағдырына арашашы болған қарамұрт қан жылаған жүректің түнегін түрген сезімнің ақ сəуле шуағы еді. Ол тағдыр тəлкегіне ұшыраған кыздың соңғы үміті, жантүршігерлік ортадағы қорқыныш пен үрейді сезімге жеңдірген тірегі де.

Екіншіден, барша қиындыққа төзе білген Ақбілек – батыл да шешімшіл қыз. Оны атып кетуге бекінген Қарамұрттың оғынан құтқарған да осы батылдық. «Алтыатарын алып, Ақбілекке кезене бергенде, Ақбілек шаңқ етіп, безілдеп кезеулі мылтыққа қарсы жүгірді. Қарамұрттың кезенген қолы сылқ етті. Алты атары жерге түсіп кетті».

Қорлық атты қаратүнектің құрсауынан ерікті билеген ерке сезім құтқарған қыздың ажалға қарсы шабуы, осынау шын махаббаттың құдіретіне сенгендік еді. Жүрегінде қатігездіктен қуат алған қанішерлік пен пəк сезімнің тылсым күші қатар арбасқан қату қабақ, қанды қол орыс офицері қыз жанарынан осыны ұқты, ұқты да аз уақыт болса да алданышына ғана емес, шынайы махаббатына айналған аруды өлімге қия алмады.

Ақбілек табиғатындағы бұл қасиеттің психологиялық дəлелін жазушы оның қараңғы түндегі қамаған қасқырмен арпалысынан да аңғартады. Кейіпкердің қорқынышын ақылға жеңдірген де осы батылдық болатын. Өмір мен өлім арпалысқан осы бір сəтте жазушы кейіпкер психологиясына терең бойлап, ол тұрғыдағы оқырман танымын бекіте түседі.

Мұндағы автор қолданған əдістің бірі, шығармашылығының ерекшелігін айқындайтын көрсеткіш көзі – монологтар. Ж. Аймауытұлы өз ойын кейіпкер сырымен астастыруда осы бір əдістің небір түрін шебер қолданады. Ж. Аймауытұлы монологтары ойлау, армандау, еске түсіру, диалог іспетті құбылып келе береді. Олар көбіне кейіпкердің ішкі əлемін, мінез құлық сипатын терең ашуға қызмет етеді.

Ақбілек тағдырының тауқыметі мұнымен бітпейді. Оны алда ет-жақындарының, тілі бір тілдесінің, діні бір діндестерінің қорлығы күтіп тұр еді. Төсек жаңғыртқан əкесі Мамырбайдың қатал мінезі, өгей шеше Өріктің өсек-аяңы, айттырған жігіті Бекболаттың суынуы – Ақбілек алдынан тосқан «тағдыр сыйы», өмір сыны. Ақбілек жүрегіне қосымша жүк артқан сол күндердің қасірет күйін жазушы кейіпкер ойы арқылы былай береді: «Бір қайғының үстіне бір қайғы жамылып, Ақбілек ең соңғы алданышынан айырылғандай, ойын қара тұман басты. Кешегі «өлгенім жақсы еді», деген ой тағы келді. Өзін бұл дүниеге керексіз, артық адамдай, жұртта қалған бұралқы, жұрым күшіктей көріп, табан тірерлік, сүйенерлік, аяқ астында алақандай жер қалмаған адамша жаны түршігіп, жүрегі ауызына тығылып, көзінің жасы көл болып аға берді, аға берді…».

Осынау қорлық пен мазаққа Ақбілекті шыдатқан қандай күш?! Ол – Ақбілек бойындағы үшінші қасиет – төзімділік. Жаны нəзік қыз болғанымен, Ақбілек керемет қайсар. Бұл оның өзі сезінбегенмен, туа біткен табиғатында бар қасиет. Автор Ақбілек бойындағы мұндай ерекше қасиетті əрбір қажетті сəтінде, керек кезінде ашып отырады. Мəселен Орынбордағы оқу кезіндегі қиындықтарды жеңе білу де оның осы төзімділігінің арқасы. «Бес жүзге тарта бала бар. Үй тар. Отын кем. Жұмасына бір жаға ма, жақпай ма. Үйдің іші былғаныш, сасық. Көп бала сасытпай тұра ма? Тесікті ашсаң, азынап суық кіреді – ауырып қаласың. Ашпасаң тұншығып кете жаздайсың. Оның үстіне тамақ та жайсыз. Ашаршылық жылы ғой. Таласып тармасып, күніне жарты қадақ нан, бұлдыры жоқ картоп салған сорпа ішесің. Кешке бір қайнаған су. Оқу оқып жетілгеннен бұрын, аштан өле жаздадық. Талай бала ауырып шығып кетті. Өлгендері де болды. Қыстың аяғына жете алмай, мен де жүдеу басқа айналдым».

Жазушы кейіпкерін жиі сын тезіне салып, сын сағатындағы мінез-құлық иірімдерін, ішкі жан дүниесін тап басып танытады.

Ақбілектің оқу іздеп шығуы да дəлелді. Ақтар арасында болғанда Ақбілектің тəніне ғана емес, жанына да өзгеріс енген еді. Өзі түсінбегенмен, оның жанына өзге бір əлем, өзге бір қарым-қатынас дəнін еккен Қарамұрт болатын. Ол ауылдан бекер кеткен жоқ, санасына жарық түсірген болымсыз сəуленің шырағын іздеп кеткен-ді.

Арада бес жыл өткеннен кейінгі Ақбілек – енді мүлде бөлек жан! Көкірек көзі ашылып, санасы жетілген, білікті де білімді адамды көреміз. Балташтай өзіне тең серігін тапқан Ақбілек – тағдырмен күрестің жеңісін көріп, жемісін татқан бақытты əйел. Оның жан жарасын жазған көзі ашық, көңілі ояу, қадірін білер Балташты кездестіруі немесе ұлы Ескендірмен табысуы ғана емес, сонымен қатар санасына нұр шашқан оқу-білім қуаты.

Жүсіпбек кейіпкерлері туралы аймауытовтанушы ғалым Р. Тұрысбек: «Романда жекеленген бейнелердің монологтары, өмірдегі мұраты мен міндеттері айқын бейленген» [1, 61], — деген түйін жасайды

Жүсіпбектің кейпкер жан-дүниесін ашудағы шеберлігіне: «Жазушының палитрасы өте бай. Бірде автор атынан төгілте əңгімелесе, бірде кейіпкерлердің өзіне сөз беріп (офицер, Бекболат, Мұқаш) олардың өздерін сөйлетеді. Енді бірде автор кейіпкерлердің жан дүниесіне еніп, солардың не сезініп, не қойғанын, не ойлағанын солар болып баяндайды. Кейіпкерлерінің жан дүниесі, психологиялық құбылыстары, қуаныштары, күйзелістері, мақсаттары мен армандары жазушы назарынан бір сəт қапас кетпейді. Мейлінше көркем, мейлінше айқын сөйлемдер əндетіп терме-жыр айтып отырғандай əсер береді. Қазақ ауыз əдебиетінің ең озық, Шығыс пен Батыс əдебиетінің көркем қара сөз жəне дастандық үлгілерінің бір-бірінен қабысқан, ұштасқан жерін Ақбілектен көрдім дер едім» [2] – деп кезінде жазушы Сайын Мұратбеков орынды бағасын берген-ді.

Ақбілектің жаңа өмірі басталған сəттен бастап, оған өздерінің сезімін ашқан Балташ пен Ақбала жаңа заманның адамдары ретінде көрінеді. Жаңа өмірдің салтына қадам басқан Ақбілек өмір белесіне қол ұстасып, қатар қадам басар серік іздеген сəтте өмір-тағдыр қос таңдауды алға тосады. Ақбілек тағдырдың талқысына түскен өмір атты қиын да қызықты құбылыстың қилы қиындықтарынан өткен жан ретінде, адалдық пен адамдыққа бас ұрады. Сөйтіп, көрсеқызар Ақбаладан гөрі, азаматтығы адамдығымен астасқан Балташты таңдайды.

«Ақбілек» романы – қазақ халқының ұлы өзгерістер тұсындағы қасірет-тауқыметін, жаңа өмірге бет бұрысын қарапайым қазақ қызының тағдыр-талайы, талғам-танымы арқылы кең көлемде көрсеткен толымды туынды» [3, 176].

Бұл шығарма туралы академик С. Қирабаев мынадай тұжырым жасағанды: «Қазақ романының алғашқы үлгілерінің бірі бола тұрса да, Жүсіпбектің бұл жанрдағы ізденісінде «Ақбілек» көрнекті орын алады. …ол бұл шығармасында адам характерін тереңірек ашуға, кейіпкердің психологиялық жайларын толықтыруға көбірек көңіл бөлді. Жазушы суреткерлігі де артып, оның авторлық позициясы айқындала түсті. Сондықтан «Ақбілек» қазақ романының туу тарихында да, жазушы шығармашылығында да алғашқы кесек үлгі болып саналады» [3, 376].

Біздің бұған қосарымыз, Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» атты классикалық шығармасы қазақ əдебиетіндегі əйел бейнесін кең түрде жан-жақты ашып, айшықты сомдаған тұңғыш көлемді көркем туынды. Оған талас болмаса керек-ті. Жүсіпбек Аймауытов шығармашылық шеберлігінің мың сан шындығының бір сыры осында жатыр.

Әдебиеттер

  1. Тұрысбек Р. Ұлттық проза жəне «Ақбілек» əлемі // Ақиқат. – 2010. – № 12. – 58-69 бб.
  2. Мұратбеков С. Қазақ романы жəне «Ақбілек» // Қазақ əдебиеті. – 2004. – 28 мамыр.
  3. Әбдиманұлы Ө. Қазақ əдебиетіндегі ұлттық рух. – Алматы: Қазақ университеті, 210. – 176-376 бб.
  4. Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, – 2007. Т. 4. – 424 б.

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ащудағы автор тәсілін талдап жазыңыз.

Ақбілек – қазақ әдебиетіндегі алғашқы эпикалық роман. «Ақбілек» романындағы еліміздің шығыс өңіріндегі әлемге аян Алтай өңіріндегі ауыл көріністері, Ертіс-Күршім сипаты, Марқакөлдің мөлдір суы мен оның айналасындағы аң-құс, жануарлар әлемі, алуан түсті адам портреттері, этнографиялық этюдтер, яғни қазақ тұрмысы мен заман көріністерінен, адамдар арасындағы қатынастарды шебер бейнелеген. Бұл романда қазақ қызының тағдыры туралы әңгімеленеді.

«Ақбілек» романыныдағы оқиғалар өмірден алынған. Ақбілек әлемі, Қазақ төңкерісінен кейінгіқазақ ауылының әрекеті кеңінен көрініс береді. Маңыздысы жазушы жан әлемін жаулап алған, қазақ қызының тағдыры. Автор оқиға өміріне сай табиғат тамашаларын әсерлі, шабытты сөз етсе, енді бірде ала ат мінген жалғыз адам туралы, сосын жекеленген бейнелер. Ақбілек, Бекболат,Офицер, Мұқаш сияқты кейіпкерлерді сөйлетеді. Жазушы Ақбілекті өмір – тағдыр талқысына сала отырып, бір ауылдың өсек аяңынан арашалап, қара мұрттың әлсіздігін де сездірмей, қаладан бақытына жолықтыруы – кеңестік кезеңнің талабы. Қазал әйелінің ерендік алу салтанаты жемісті сәт. Сондай – ақ Төлегеннің үйінде қонақта болған зиялы қауым өкілдерінің өзара әңгіме – сұхбаттарынан қазақы қалжың, пәтер, темекі төңірегінде өріс алған әңгіме арнасы – бай – кедей, тап мәселесіне алып келеді.

Жүсіпбек Аймауытов роман оқиғасын тарата, көркем, келісті баяндайды. Шығарма тақырыбы иемденген басты тұлға Ақбілек аяулы әке мен қымбат анасының алдында ерке де әсем болып өсті. Ол құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа майымаған, өмірінен тағылым – ғибрат алған, жан – жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы. Бірақ бұлжарастық, жастық салтанатын түстері суық, ойлары теріс,жүрістері суыт, төрт атты бұзғанды. Үлкен үй-дәулетті Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсірді. Бәбішесін атып, жас түлегі Ақбілекті ойбайлатып алды да жөнелді. Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан азабын ешкім де дұшпанына тілемес. Ел көзіне көріне алмай, күлкі болып ауылдан кеткен Ақбілек қалаға барып оқып, адам қатарына қосылып, жар тапты, бақытты өмірге қадам басты. Міне «Ақбілек» романының бүкіл тақырыбы мен идеясы осыған саяды.

Қорыта келе, «Ақбілек» романын ұлттың таным мен парасатты, ұлтық болмыс – бітімін көрсететін тәрбиеік мәні зор салт – дәстүр, әдет ғұрыптар деуге болады. «Ақбілек» романы – бір ғана қазақ қызының тағдырымен қатар, әлеуметтік төңкеріс тұсындағы қазақ ауылының өзгерісін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Роман арқылы ұлтымыздың бүгінгі, ертеңі болашақ ұрпағымызға ой салары анық.


29.08.2017 16:21

Ол – ?аза? халы?  ?дебиетіні?  ?асырлар бойы  эпикалы?  д?ст?рін  реалисттік д?ст?рмен, белгі-нышандармен саба?тастыра  білген  суреткер.

                                                        М?хамеджан ?аратаев 

Саба?ты? та?ырыбы: Ж?сіпбек Аймауытов «А?білек» романы (?айталау)

Білімділік ма?саты:  шы?арма кейіпкерлеріне талдау жасай отырып, іс-?рекетері  туралы ?зіндік пікірлерін ?алыптастыру, идеясын ашу

дамытушылы? : ?з  ойларын айта білуге, ?зіндік ?орытынды жасай білуге да?дыландыру, шы?армашылы??а баулу.

т?рбиелік : ?кенді  сыйлау?а, ?айырымдылы??а, адал досты??а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: сыни т?р?ысынан ойлау саба?ы.

Саба?ты? ?дісі: с?ра?- жауап, ?деби пікірталас, шы?армашылы? ізденіс.

К?рнекілігі: интерактивті та?та, о?улы?.

Саба?ты? барысы:

?йымдастыру б?лімі

Ой ?оз?ау.

          Нені білеміз?

   Ж?сіпбек  Аймауытов

                           ?мірі                                                       Шы?армашылы?ы

 Ой тол?ау.  

           Нені  білдік?

Шы?арманы?  композициялы?  ??рылысы.

         а) Шы?арманы?  басталуы

            Мамырбай ауылына  бандыны?  шабуылы

         ?) Шы?арманы?  шиеленісі

 А?білекті  бандыны?  алып кетуіне  М??аш себепші болды  

      б) Шары?тау  шегі

          А? ?скер  жансау?алап  ?ашып, А?білекті  ?ос?а тастап кетті

      в) Шешімі  

         А?білекті?  жан-д?ниесі

Кубизм стратегиясы

а) Салыстыры?ыз

    Шы?армада?ы жа?ымды, жа?ымсыз  кейіпкерлер туралы айты?ыз

?) Жарияла?ыз

    Шы?арманы? идеясын  ашы?ыз

б) ?олданы?ыз

     Шы?арманы?  эпикалы?  ?деби  жанр т?рін табы?ыз

в) Зертте?із

    Ша?арманы?  ?деби  теориялы?  ??ымын айты?ыз

Шы?армада?ы кейіпкерлер            

А?білек

кейіпкерлер

Т?леген                                                        Мамырбай

Жылтыр                                                                Ескендір

К?мила                                                                         ?р?ия

А?бала                                                               М??аш

     До?а                                                 Жор?абек

Балташ

Д?птермен  ж?мыс.

Берілген  с?йлемді   ая?тау.

а) А?білек.

?) Ж?сіпбек Аймауытов.

б) ?йел та?дыры.

г) Мамырбай ?ай?ысы.  

Саба?ты  бекіту.

INSERT стратегиясы бойынша кестені толтыру

Кімні? шы?армасымен танысты??

Басты

шы?армалары

Нені

о?ыдым?

Берген

т?рбиесі

К?з?арасым

?орытынды.    Б?гінгі саба??а алын?ан  д?йек  с?збен  байланыстыра  отырып,  саба?ты  ?орытындылау.

?й тапсырмасы.  «Ж?сіпбек  Аймауытов  ?аза?  халы? ?дебиетіні?  шебері» деген та?ырып?а   эссе  жазып келу.  

Ба?алау

Просмотр содержимого документа

«Ж?сіпбек Аймауытов «А?білек» романы (?айталау) »

Ж.Айтауытов "Ақбілек" қысқаша мазмұны.

жеке
блог

Ж.Айтауытов «Ақбілек» қысқаша мазмұны.

03 шілде 2021, 15:58


Ж. Аймауытов «Ақбілек»
«Мамырбайдың—Ақбілегі, Ақбілегі—жас түлегі» деп бастау алған роман, әрі қарай немен, қалай жалғасады?Мен бұл романды оқығанда,»мынау бір ғана қазақ қызының басынан өткен тағдырма?!»деп таңдандым. Неге?
Ақбілектің сүйгені Бекболат.Бірақ ол Бекболатқа қосыла алмады.Тағдыр қоспады ма, әлде жол қоспады ма?Әрине, тағдыр. Ақбілектің қатал тағдыры.Неге қосылмады деген сұрақ көкейіңізге келген болар. Ендеше айтайын. Ақбілекті орыс офицер алып қашады.Оған қазақ қызы «қара мұрт» деп ат қояды.Өз отауына алып келіп, ойнас қылады.Бір күні Ақбілек «қара мұрттың»  соғысқа кеткенін пайдаланып, ауылына қашып, қайтадан оралады. Ел-жұрттың сөзінен гөрі оған әкесінің суық көзқарасы өте ауыр батты. Ал анасы Ақбілекті құтқарамын деп қаза тапқан еді. Енді жалғыз сенері де серігі де жеңешесі Ұрқия.Ол Әміре дейтін ағасының әйелі, бала көтере алмай жүрген бейкүнә әйел, қамқор жеңеше. Ұрқия Бекболат екеуін кездестіреді, сөйлесіп жүреді.Енді той болуға дайындалып жүргенде, Бекболат Ақбілекке үйленбейтін болады. Себебі ол қара мұрттан жүкті еді. Елдің сөзіне қарамастан ол босанады. Босана салып,оны алып кетуін тапсырады…. Арада 5 жыл өтеді.Ақбілек қалаға ағасы Төлеген мен жеңгесі Мағишаның үйіне келіп, сауатын ашады, оқиды, білім алады.Көзі ашық, көкірегі ояу жанға айналып, ағасы, жеңшесі, үшеуі ауылға оралады.
Ұрқия мен Ақбілек сыртқа шығып, әңгімелесіп тұрғанда, алдынан бір балақай жүгіріп шығады. Ол—Ескендір.Ақбілек «жеңеше мынау бала өзі маған ұқсайды» екен деп айтады.»Мүмкін оны сен туған боларсың»дегенде Ақбілектің көзіне еріксіз жас келеді. Демек, Ескендір Ақбілектің тастап кеткен баласы еді, енді міне ол өз баласы.Сөйтіп, Ақбілек күйеуі Балташпен қалаға жол тартты.Айта кетейік, Балташ—оның қалада таснысып,Ақбілектің өткеніне қарамастан, құлай сүйіп, үйлегенген батыл жігіт

  • #Ақбілек
  • #роман
  • #Жүсіпбек Аймауытов
  • #қысқаша мазмұны
  • #қазақ қызы
  • #қиын тағдыр

Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сырлы дарын, романшы, драмашы, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы (кей деректе 1890) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанмен, арғы аталары Дәндебай, Қуандар текті, дәулет, абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер. Жас күнінен Жүсіпбек бірге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбектер секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерлерін қатар үйренеді. Он бес-он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі класты мектепке кіреді, бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді де, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтаған. 1918-1919 жылдар аралығында Алаш идеясын қолдаған жас оқыған кеңес өкіметі жағына шығады. 1920 жылы РКП (б) қатарына өту, Қазақстан кеңестерінің құрылтайына делегат, Халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесі болу, “Қазақ тілі” газетін редакциялау, “Ақ жол” газетінде істеу, Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы – мұның бәрі Жүсіпбек Аймауытовтың азамат болып қалыптасу жолындағы күрес іздерін, өмір белестерін көрсетеді. 1929 жылы басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек Аймауытов 1931 жылы атылған.

Астаң-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Жүсіпбек Аймауытов ерте қиылған, қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгерді.

Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған ең көлемді прозалық шығарма – “Ақбілек” романы былай басталады: “Өскеменнің аржағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен Күршім бар. Алтай, Күршім не заманнан қалың найман мекені. Сол Алтаймен, сол Күршімнің қысқы қыспақ, жазы самал. Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірегін аймаласып, тырандасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны”.

Қазақ әдебиетінде реалистік роман принциптерін алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек прозадағы ырғақ, стиль, композиция, көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлді, әсіресе халық тілінің сан алуан байлығын еркін қолдана отырып, Еуропа, орыс әдебиетіндегі бейне жасау, мінездерді даралау, сезім бұрқағын, ой толғауларды көрсету дәстүрлерін еркін пайдаланды. Жазушының талант мүмкіндіктері, әсіресе “Ақбілек” романында айқын көрінеді.

Қаламгер әлеуметтік тартыстар, тарихи оқиғалар, тап күрестерінің ерекше шиеленісіп тоғысқан, ел мойнына салмақ түсіп, жеке адамдар тағдырының ширыққан буынын дәл басады: бұрын айтылған, сарыжұртқа айналған тақырып емес, соны, мүлде тың, тіпті сирек оқиғаларды романға арқау еткен.

Оқырман бірден шытырман әркеттер үстінен түседі: алыстағы Алтай таулары, ақ қашып, қызыл қуып, аласапыран күрестер жүріп жатқан Азамат соғысының сұрапылы қазақ ауылдарында да жеткен, өрт шалмаған шаңырақ жоқ. Марқакөл жағасында, Терең шатты мекендеген момын шаруа Мамырбай ауылын банда шауып, әйелін өлтіріп, бойжетіп, оң жақта отырған қызы Ақбілекті солдаттар алып қашып кетеді. Сұмдық осыдан кейін басталады. Бірауыз орысша тіл білмейтін соры қайнаған жас қыздың азап-қорлыққа толы, өлім мен өмір, өң мен түс арасында былғанышты, жиіркенішті күндері басталады. Бұрын етегін жел көтермеген, еркек бетіне тіктеп қарамаған ақ періште, енді табиғаттан алған асыл қазынасын рәсуа етіп, еріксізден еріксіз, ұяттан күйіп, ар-иманы өртеніп, қайдағы бір қашқын, банда, тіпті атын да білмейтін ақ әскерінің офицері – қара мұртқа ермек болады.

Қысталаң жағдай, шекаралық ситуация, өлім мен өмірдің тайталасқан бір сәтіндегі адам психологиясына жазушы терең бойлап, жан-жақты күй шертеді. Он екіде бір гүлі ашылмаған бойжеткен қыздың шеккен қорлығы, тапталған сезімі, жер болған намысы, былғанған ары – осының бәрі реалистік дәлдікпен, бейнелі, суретті, сенімді көрсетіледі. Оқырман бауыры езіліп, жүрегі тілініп, Ақбілекпен бірге жылайды. Тұтқынға түскен сорлы қыздың не тілін, не дінін білмейтін, өмірінде бұрын көрмеген, жүріс-тұрысы, киім-киісі, тамақ ішісі бөлек, әдет-ғұрып, салт-санасы басқа – қарамұрт орыс офицеріне еріксіз қатын болу хикаясы айқын психологиялық саралаумен берілген.

Өмір тепкісіне қарсы тұрар күш жоқ, көп иттің мазағына айналмай, қарамұрт қармауында қалғанының өзінен жынданып кете жаздап, қорлық күйігінен өліп қалардай күйге жеткен Ақбілектің енді кіре бастаған ес-санасы бірте-бірте маңайында не болып, не қойып жатқанын аңғарып, әр нәрсені сезіп, ой түйе бастайды.

Осындай екі ұдай, естен танғандай күйдегі Ақбілек санасы алдымен қарамұрт офицердің өзіне жасаған қорлығына ғана емес, мүсіркеуін, еркелетуін сезінді; мұның үстіне тау-таста ақпен ақ болып, қашып-пысып, елден-жұрттан безіп, түн қатып, бел шешпей ұйықтап, ылғи ат үстінде күн кешіп келе жатқан түсі суық, сыры белгісіз, мақсаты тұманды топтың да аужайын аңғарады.

Екінші жағынан жазушы қарамұрт офицердің өз аузымен өмір тарихын айтқызады, мұндай халге қалай түсті, ата-бабасы, шыққан тегі кім, кеңес өкіметіне неге қарсы күреседі, қырдың енді қылтиып шыққан қызғалдағын жұлып алып, табанға басқанына қиналмай ма, ары-ұяты қайда – мұндай сауалдардың баршасына психологиялық тұрғыдан нанымды жауаптар берілген. Екі халық өкілі, бәрі жазықсыз, оң жақта солқылдап отырған бойжеткен, екіншісі Кеңес өкіметіне қарсы қару көтеріп, атысып-шабысып, ақыры басқа айла қалмаған соң, Қытай асып бара жатқан офицер – бұларды бір көрпенің астында тоғыстырған қатал уақыт бұйрығы, зорлық, қиянат шоқпары; қарамұрт әрекеті әлі келгенше тіршіліктің жылы-жұмсақ, дәмді-тәттісінен бір қарпып қалу, сорлы қыз қасқыр тартқан құлындай боп зар еңіреп ол отыр.

Арттан қуып жеткен қызыл әскерлер дүмпуімен безе қашқан ақтар өз бастарын қайда тығарын білмей, жан-жаққа бытырай зытып жөнелген кезде, Ақбілек бандылардың ескі жұртында керексіз бір заттай болып қалып қояды. Бұдан кейін сорлы жанның қоршаған орта, тау-таспен зареңіреп сыңсуы, балалық, асыл қасиеттерінен айрылғанын жоқтап, терең қайғы шыңырауына батуын зор шеберлікпен бейнелейді.

Қасқырға жем болып қала жаздап, арып-ашып, ажал тырнағынан әрең дегенде құтылып шығып, өліп-талып туған ауылына жеткен Ақбілекті бұрынғыдан да сорақы азап, мазақ, қорлық күтіп тұрған. Банды қолындағы зұлымдық зұлымдық па, нағыз тозақ енді басталған, өрттей қулаған өсек-аяң тірі адам бетіне қаратпай, жандырып-күйдіріп барады. Бұрын ғашық болған, сөз салып жүрген Бекболаттың өзі де тоят алған соң, сұмдық оқиғаның мәнісіне көзі жеткеннен кейін, түк көрмегендей болып, теріс айналып кете барады.

Мамырбайдың төсек жаңғыртуы, Өрік тоқалдың қатігез мінездері, Ұрқия жеңгенің адамгершілігі, қарамұрт офицерден біткен жазықсыз сәби – Ескендірдің өмірге келуі – мұның бәрі сала-сала реалистік оқиғалар болып берілген.

Алдымен есіркеп, мүсіркеу, аяу, артынан қорлық, мазақ, табалау атаулының тозақ отына өртенген Ақбілек бәрібір тірі қалады: заман ағысы, өмір толқыны бірте-бірте ескі жараны емдеп, тіршіліктің жаңа жапырақтары қылтиып – көгеріп өсе бастайды. Ағасы Төлегеннің соңынан іздеп барып оқуға түседі, Семей, Омбы қалаларын көреді, қырық шырақты әйел емес пе, келер күндерден үміт күтіп әрекет жасайды.

Романда кейіпкер, оқиға көп емес, ықшамдылық, жинақылық, әсіресе драматизм принциптері ерекше ескерілген. Бір кәрекетке қатысып, үзіліп қалатын кейіпкерлердің өзін жазушы даралап, есте қалатындай етіп сомдап соғып береді. Кескін, сөз мақамы, қимыл-қозғалыс – бәрі образ жасауға аса қажет көркемдік құралдар, персонаждардың өзін-өзі сипаттауы Жүсіпбек Аймауытов жиі қолданатын әдеби тәсілдердің бірі. Оқиық: “Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым отыз бесте. Әкем Тойбағар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес”. Кедейден шыққан осы Мұқаш тап тартысының мәнін, табиғатын анық түсініп болған кісі емес, қолынан келсін-келмесін мансапқа ұмтылады, біреуге өшіксе, аянбай жауласады, сорлы қыз Ақбілекті қасқырлардың аузына тастап жіберген себебі – Мамырбаймен ескі араздығы.

Екінші бір қу мүйіз, пәлеқор – Жылтыр деген көксоққан, естімейтін өсегі, білмейтін пәлесі жоқ. Кейін, ашаршылық, репрессия тұстарында осындай тас жүректер мыңдаған жазықсыз боздақтарды қан қақсатып, қынадай қыратын болады. Жазушы сорақы әлеуметтік құбылысты күн ілгері танып, нақты образдар арқылы таңбалап берген.

Негізгі сюжет желісі Ақбілек тағдырын қуалап отырғанмен, автор ретті тұстарда уақыт сарынын таныту үшін әр түрлі ортаның өкілдерін көрсетіп кетеді. Ақбала, Балташ, Доға, Жорғабек, Төлеген бұлардың бас қосқан кезі, сол тұстағы мінез-құлық ерекшеліктері, кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік ой ағымы, зиялылар ортасындағы сан алуан дағды-салт – бұлардың баршасын жеріне жеткізбей шолу, көркем түрінде ат үсті бейнелегенмен, ықшам, дәлді суреттер, мағынасы терең монолог, диалогтар, көп көмбені ашатын кең толғаулар көп сырдан хабардар етеді.

Романның алғашқы үш бөлімі тиянақты, шебер көмкерілген, үзіліп қалатын, аяғына жетпеген ситуация сирек, негізінен, Ақбілек басындағы психологиялық күйлер реалистік қуатпен сенімді, дәлді беріледі де, төртінші, соңғы бөлімде публицистикалық, очерктік сипат бел алған. Ақбілек – Кәмила арасындағы ұзақ сыр, оқудағы жәйттер, зиялылар хикаясы, Балташ – Ақбілек арнасы – бәрі де жалпылама көрсетіледі. Стильдегі көтеріңкі леп, оқырманға тікелей тіл қату романның көркемдік қуатына салқынын тигізген. Жас ғұмырында ақ жүрегіне балта тиген Ақбілек сынды әйелдің Балташ қатарлас азамат, өмірлік жар тауып, азаптан туған перзенті – Ескендірін қайта сүйіп жазушы басқа өмірдің бір белгісі, мезгіл мінезінің сипаты деген көркем ой тастайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *