Подборка по базе: Методическое пособие по эссе.docx, Бауман эссе.docx, 1386044. Маркетинг территорий. Эссе.docx, Основы бизнеса эссе 4.docx, тексты эссе.docx, Задания (темы) для выполнения Эссе_2022 Экспл и ТО ПС (1).doc, В этом эссе я обсужу концепцию идолов, которые мешают нам познав, ФР Задание 3 Эссе Вариант 6.docx, Халмырза Дильназ фил эссе.docx, задание 1 эссе земская реформа 1864.docx
Эссе дайындау 3-5 бет.
- тақырып. Адалдық туралы ұғым және академиялық адалдықтың мағынасы.
Академиялық адалдық – бұл шындық, сенім, құрмет, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын сақтау. Бұл қағидаттарды ешкім қадағаламаған және бақыламаған кезде де ұстану керек. Әрбір оқу орны студенттер мен педагогтарға өз қызметінде салмақты моральдық және этикалық шешімдер қабылдауға көмектесетін өзінің академиялық ережелері мен адалдық нормаларын белгілейді.
Адалдық дегеніміз- біріншіден адамгершіліктің бірден бір талаптары , екіншіден негізгі рақымдылықтың бірі. Шындылық және бір беткейлікті ұстана білу , міндеттеріңді мойыныңмен көтеріп адал іс әрекет ету, сенің ісіңнің әділділігіне сенімді брлуың керек , өзіңе және озгелерге тиесілі заңды құқықтарды орындау мұның барлығы адалдық. Адалдыққа қарама қайшы келетин заттар өтірік айту , алдау , құқық бұзушылық , ұрлық , парақорлық жәнеде екі жүзді адамдар. Академиялық жалғандықтың ең көп кездесетін көрінісі – плагиат. Алғаш рет «плагиат» термині б.з. 80-ші жылдарында Рим ақыны Мартиаль өз шығармаларын оқып, оларды өзінің шығармасы деп ұсынған ақын Фединтинусты әшкерелеген. Профессор Дүйшон Шаматовтың сөзіне келіп тоқталатын болсақ :
“ Посткеңестік кеңістікте «плагиат» деген ұғымды жақында ғана пайдалана бастады. Біріншіден, кеңес кезеңінде зерттеу жұмыстарына және жазу жұмыстарының дамуына өте аз уақыт бөлінді, ал емтихандар көп жағдайда ауызша түрде қабылданды. Студенттерден дербес шығармашылық мәтіндерді жасау талап етілмеді. Екіншіден, студенттерге Б. Блумның таксономиясы бойынша төмен тәртіптегі ойлау дағдылары болып табылатын ақпаратты есте сақтау және түсіну талап етілді. Соңғысы – бірлескен ұжымдық жұмыс мадақталды, ал жеке өзімшілдік ретінде қабылданды.”-деген
Менің ойымша әрбір студенттің өзінің жеке пікірімен соған байланысты устанымы болуы керек. Академиялық жалғандықтың басқа түрлеріне көшіріп алу, шпаргалкалар, сыбырлап айту және т.б. жатады. Плагиаттың екі түрі бар: ойластырылған және ойластырылмаған.Плагиаттың басым бөлігі шын мәнінде әдейі емес болып табылады және академиялық адалдықты қалыптастыруға көмектесетін ережелерді түсінбеуі салдарынан пайда болады, сондықтан студенттерге академиялық адалдық қағидаттарын нақты түсіндіру өте маңызды деп ойлаймын . Әрбір оқу орнында академиялық адалдық саясатын бұзудың салдарын реттейтін нормативтік құжаттар бар (мысалы, санкциялардың түрлері, санкциялардың ауырлығы және т.б.). Мысалы Каспий Университетіне тоқтала келсек , мен 1 ші курс студентімін жәнеде мен қорғау сектірлерімен танысу үдерісіндемін , мысалы : caspi dot сайтына тоқтала келсек , бізге міндетті түрде практикалық тапсырма жүктеу керек жәнеде оның плагиат емес екенін анықтайтын өз сервисі бар , әрбір жұмыс жүктелген жағдайда сайт текспріп басқа студентпен бірегейлілігін анықтайды . Сондықтан бұл сайтта барлығы адал түрде жүреді. Академиялық бұзушылықтар студенттердің зерттеу мәдениетін қалыптастыруға кері әсерін тигізеді және жалпы білім беру ортасының сапасын төмендетеді.
Менің студенттерге айтарым:
- Академиялық адалдықтың қағидаттарын реттейтін Университет ережелерін әрдайым сақтаңыздар. Ол өздеріңізге пацдасын әкеледі
- Мерзімді түрде профессорларға өз жазба жұмыстарының прогресін көрсетіңіз.Уақытылы аяқталған жұмыс жақсы бағаға әкеледі.
- Егер сізде күмән немесе сұрақтар туындаса, өзіңіздің мұғалімдеріңізбен әрдайым кеңесіңіз.
- Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, сіз өзіңіздің зерттеуші ретінде дамуыңызға негіз қалап, болашақ әріптестеріңіз бен жұмыс берушілеріңіз бағалайтын жеке кәсіби имидж қалыптастыратындығыңызды ұмытпаңыз.
- Өз оқуыңызда ынталы болыңыз, өз шығармашылық жұмысыңызды мақтан тұтыңыздар. Менің ойымша өз жұмысын мақтаныш көрген студент өзінің жоғары деңгейде тапсырманы орындай алғаны жайлы көрініс береді.
Адалдыққа жеке тоқтала кетсек. Шыншылдық – адал, білім алушылардың бағаланған және бағаланбаған жұмыстарын мұқият орындау. Шыншылдықтың негізгі компоненттеріне еңбекқорлық және тәртіптілік жатады.
Ашықтығы – ашықтық, өзара сенім, білім алушылармен оқытушы арасында және оларға теңестірілген тұлғалардың ақпарат пен идеялардың ашық алмасуы.
Білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – білім алушылардың пікірлерін және идеяларын еркін білдіру құқығы.
Теңдігі – Ережеге сәйкес әрбір білім алушының оны бұзғаны үшін жауапкершілік міндеті..
Академиялық адалдық бізге қандай тәрбие береді:
•Уйымдастырушылыққа, приотеттерді дұрыс және ақылмен қоюға,уақыттың тиімділігін түсінуге.
•Басқа адамның жұмысын өзіндікі ретінде көрсету бұл адамның өзінің ойлауына кедергі келтіреді.
•Өзінің неге икемді екенін көрсетіп ойлау қабілетін дамытады.
•Студент өзінің жтикалық нормаларын бекітеді , ол өмір бойына жалғасады.
Шоқан Уалиханов атамыз айта кеткендей “бұл бір қарағанда жай сөз болып көрінгенмен мағынасы мен адам өміріндегі мәні , біз ойлағаннанда зор. Адалдықты әрбір адам өзінен және өзгелерден іздейтін , керемет іс . Бұл ұғым тек ересектерге емес жәнеде балаларға қатысты.”
Ел ертеңі — адал ұрпақ!
Ақмола облысы Зеренді ауданы
Исаковка орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы
Неғметжан Зұлқия
Адалдық… Осынау қасиетті де ауқымды ұғымның адам баласы үшін алар орны, атқарар қызметі орасан зор. Тек орнымен қолдан, қасиетті сөздің қадіріне жете біл! Сонда ғана бұл сөз өзінің қадір-қасиетін жоғалтпай, мәні мен мағынасы арта түсері сөзсіз.
Атам қазақ «ардың ісі — адалдық» деп бесенеден жоғары бағалағаны айтпаса да белгілі. Ендеше осынау қасиетті ұғым қазірде өз дәрежесінде, өз биігінде самғай алып жүр ме?
Қайдам… Бұған бір-ақ мысал аш қасқырдай жалақтаған жемқорлық деген пәлені қайда қоямыз? Бұл біздің күнделікті өмірімізге баса көктеп кіріп, жаппай қоғамның дертіне айналып бара жатыр ма деп қаламыз. Себебі кез келген жаңалыққа құлақ түрсеңіз еріксіз «пара алыпты», «пара беріпті» деген сөздермен қаласаңызда, қаламасаңызда ұшырасасыз. Ойлап қарасақ, бұл күнделікті әдетке айналып бара жатқан сияқты.
Ай мен күннің аманында, ел ішіндегі тыныштық заманда адам баласының бұлай бұзылуына не жетіспейді екен деп бір сәт ойға шомасыз. Ойлана-ойлана пенденің пендешілдігі шығар деген шешімге еріксіз келесіз. Басқа ақтар себепте жоқ сияқты. Болған үстіне бола түссе деген ашкөздік, байлығымды еселей түссем деген көрсе қызарлық. Бұл — пенденің пендешілдігі емей немене.
Осының бәрін жеңер күш, ұлттық рух – адалдық. Бойымызда осы қасиеттің сәл де болса ұшқыны болса, мұндай пенделікке салынып, бір сәттік дүние үшін өзімізге сеніп тапсырылған халық сеніміне селкеу түсірмес едік.
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адамдық белгісінің өлшемі де іспетті. «Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.
Сол себепті де өзім сияқты өсіп келе жатқан еліміздің болашағына үлес қосар жастары осы сөзбен жастайынан танысып, мағынасына терең бойлап өссе екен деп ойлаймын. Бұл сөзді болашақ ұрпаққа тек айтып қана қоймай аға буын іспен дәлелдеп, бүкіл халық болып ұрпағының бойына сіңіре алса, еліміздің ертеңі нұрлы болып, табысы еселене түспек. Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ. Ендеше қоғам дертіне айналған «жемқорлықпен» қоғам болып бірге күресейік! Ел ертеңі — адал ұрпақ!
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
|
|
|
|
|
|
|
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨🎓 02.03.2023
Басқа да бөлімдер:
Келесі мақала, жүктелуде…
Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі — қазақтың әулиесі сол”, — дейді Абай. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.[1]
АДАЛДЫҚ — адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады.
Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», — дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды [2].
Шәкәрім қажы адалдық турасында: Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен пен адалдық ар үшін жи, — деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Адалдық қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын ашып көрсетеді.
Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]
- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
- ↑ Шақбай Т. Адамгершілік // Шәкәрім. Энциклопедия. Семей: Тенгри. 2008
Сілтемер[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
«Адалдық — адамның ең асыл қасиеті»
Адалдық қашанда адамның ең жақсы қасиеті болып келеді. Сол себепті халық арасында «Адалдық— ардың ісі» деген сөз қалыптасқан.Ықылым заманнан бері ата — бабамыз адал адамды сыйлайды, қадірлейді. Себебі,«Арамдықты адалдық жеңеді,
Жамандықты адамдық жеңеді» деген сөз ел арасында бұрыннан белгілі.Тек қазақ арасында емес, шет елдерде де адалдық туралы ұлы сөздер көп.Мысалы,Роттонның «Жер бетінде адал адамнан тамаша ештеңе жоқ деген ұлы сөзі.Бұл сөздердің астарында адалдық жайлы небір мағыналар жатыр.
Адал адам қашанда ел көзіне жақсы жағынан жағылады.Себебі, адал адам серігін тастамайды,сыр сақтайды, өз елін, өз жерін жау қолына қалдырмайды және айтқан әрбір сөзінде тұрады. Менің көзқарастарым бойынша, дос — сөзінде тұрмаса,сыр сақтамаса оны нағыз дос және адал дос деп айтуға болмайды. Егер, жігітпен қыз баланың еліне титтей болсын жақсылығы болмаса олда адал адам емес екенін естен шығармау керек. Сонымен қатар,таразыданжемеу,халыққа игі жолмен қызмет етуде адалдық.Ал,Шәкәрім атамыз адал емес адамды иттенде төмен бағалаған.Оны мына сөздерден білуге болады.«Кей адамнан ит ілгері болады,достықтыұмытпайды,адал қызмет етеді.Мен Шәкәрім атамның сөзімен толыққанды келісемін.
Менің ойым бойынша, адалдық — адамдықтың бағасымен өлшемі іспеттес. Себебі, егер адам адал болмаса, оны жақсы деп қалайша бағалайсың?! Адалдықтың ақ туын желбіреткен тұлғалар қай кезде де ел жадында қалған деуге болады.
Ал,баланы адалдыққа тәрбиелеу жайлы менің көзқарасыма келер болсам,өз ойымды Джон Рескиннің «Балаларыңызды адалдыққа баулу — тәрбиенің басы»деген ұлы сөзімен білдіремін.Осы қанағатты сөзбен толыққанды келісемін.Себебі,менің ойымша ең әуелі баланы адалдыққа тәрбиелеу керек.Мысалы,қолына ақша беріп дүкенге жіберудің өзі оны адалдыққа тәрбиелуге жатады.
Адал болып, жұрт көзіне жақсы көрінейік. Жануар емес, адам екенімізді ұмытпайық. Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні: адал адам болайық.Себебі,адал адам болсақ,біз өзіміздің және ата — анамыздың абыройын асқақтамыз.
Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей
7-сынып оқушысы Орынбасаров Ердәулет
Достарыңызбен бөлісу:
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. «Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық — пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз.
Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады.
Әл-Фараби
Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі — ел бастар.
Жамбыл Жабаев
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
Мұхтар Әуезов
Ойың адал болғанмен, орындағаның олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың.
Ғабит Мүсірепов
Асыл қасиет – адалдық, асысл міндет – адалдық.
Максим Горький
Адалдық қайда болса, тіршілік сонда.
Қаюм Насыри
Жақын болудың бірінші шарты – адалдық.
Михаил Пришвин
Адалдық танытатын адамға да адал бол.
Плавт Тит Макций
Адал болғың келсе, жаныңда адал достар болсын.
Менандр
Адалдық ұмытылса, ақыл мен ерлік – бос дыбыс.
Вишакхадатта
Сүйіспеншілік пен құрмет адалдыққа әкеледі.
Габриэль Оноре Марсель
Адалдық – өмірден қымбат.
Ф. Шиллер
Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол.
Т. Фуллер
Сурет: solium.ru