Эссе
Адамгершілік – адамдықтың айнасы
… Адамгершілік – ең ұлы адами қасиеттердің биігі. Ол – шыңырау ой мен салиқалы танымның үндестігі.
Адамгершілік! Бұл сөздік қорымыздағы сөлі ерекше, мәні мәңгілік айқын, адамның ең асыл қасиеттерін айқындайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін төрттағандап ұстап тұрған ең ұлы принцип. Өйткені, адамгершілікке негізделген жерде не нәрсеге де құдірет даритындығы мәлім.
Иә, осынау рухани-адамгершіліктің негізі – «Өзін-өзі тану» бағдарламасы дәл осындай құндылықтарды дәріптейді. Мұстафа Шоқай да бір кездері:
«Адамгершіліктен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды», — деген түйінді ой-пікірі кім-кімге де үлкен ой салады. 25 жылға қадам басқан Қазақстан елі мен оның этнопедагогика саласына да ең қажеттісі – ең алдымен адамдық пен адалдық болмақ.
Айналайын мектеп-ай! Сен бәрін оқытасың. Бірақ біз мына өмірде оқығанды оқымағандай, естігенді естімегендей жүре береміз.
Әлем қазір дағдарысқа қарсы неше түрлі бағдарламалар, жобалар қабылдап жатыр. Ол – мемлекеттік, трансұлттық құрылымдардың амалы. Ал қарапайым халық пен өскелең жас ұрпақ үшін қарапайым бағдарлама қажет. Осынау біз оқытып отырған «Өзін-өзі тану» пәні осы қарапайым, түсінікті, рухани дүниемен үндеседі.
Сондай жобалардың бірі – тарихи «Асан мен Үсен» әпсанасы. Біздің санамыздағы, бәлкім қанымыздағы Асан: «Елді, мұны жолды, бағытты, ертеңгі күнді қайдан табамыз?», — деп кейін тартады, тіпті шошиды, жылайды.
Ал біздің санамыздағы, бәлкім қанымыздағы Үсен: «…Әкем: үйрек, қаз – адал құстар. Бойыңда адамгершілік қасиеттің кішкене ұшқыны болса, оларды ешуақытта байлап-матап әуре етпе», — дейтұғын. Міне тәрбие, тек деген қандай жақсы: адамдық пен обал-сауапты ойлатады. Екеуінің көшкен елдің жұртында қалуы — сынақ.
Мұндай сынақтан бай-бағылан да, кедей-кепшік те, адамгершілігі молы да, жоғы да өтеді. Кейде ойланам: «Мына замандағы дағдарыс та бізге не Үсен, не Асан бол!»- деп тұрғандай. Басында Асан болдық делік, кейін Үсен сияқты болып кетсек те жаман емес. Себебі, нарық жөнінде, дағдарыс туралы оқып туған жоқ қой.
Иә, маған ой үстіне ой келе береді… Соның бірі: — Жетім қозы неге маңырайды?
16 миллионға жуық халқы бар Қазақстан мемлекетінде – 46 мыңнан аса әлеуметтік жетімдер бар екен. Аз ба, көп пе білмедім?!
Қазақ қасқырды жақсы көреді. Жыртқыш болса да! Себебі, оның эпикалық санасында «құндақтаулы бабам бір тамыш сүтке зар болып, шырқырап жатқанда бөлтірігінен айырылған бөрі емізген» деген ақпар бар. Қасқыр, Құртқа (бөрінің аналығы) – арғы қазақтың тотемі, культі. Біздегі осынау жетімдердің қай-қайсысы да анасын іздейді. Ұлардай шулайды. «Жетім қозы тасбауыр, маңырар да отығар». Суық қабырғалы жетімхана оларға мәңгілік пана болмаса белгілі. Оларды уызға жарытатын да, қабырғасын қатайтып, иманын түзейтін де – адамгершілігі мол адамдар ғана! «Қоғам!»десек – жалпылау, «Адам!» — десек нақтылау.
Жердегі жетімдерді ойлай келе, көк аспандағы көгершінге көзім түсті… Былай қарағанда, бейкүнә құс. Бірақ бізді бірде-бір мәдени мұрамызда «көгершін – бейбітшілік құсы, адамгершілік пен имандылықтың жәндігі» деген ұғым, бейне т.б кездеспейді.Құс па – құс, есебі жоқ кәдімгі құстардай өмір сүре берсін. Яғни, ауызша жеткен мұраларда ешқашан көгершінге акцент жасалынбаған.
Қазіргі ірі мәдениет ошақтарында кептердің суреті жиі салынады. Ал, шындығында қазақ кептер асырамайды! Кептер деген құсты асырап ұшырсаңыз, ол бір айналып келгенде өзімен бір топ кептерді ала келеді. Яғни, біреудің адал малы ойда-жоқта сіздің қораңызға кіре қалды. Сіз оның кімдікі екенін білмейсіз. Сондықтан, Алланың алдында сіздің іс «арам жолмен мал табу» болып есептеледі. Біздің ұлттық тәрбиеміз – адамгершілік, ақиқат пен адалдықты ту етеді емес пе? Байқасаңыз, кептер басын жиі шайқайды. Қазақ мұны жаман ырымға балап: «Барлық ақ ниетті бұзып жатыр» деп асыратпайды.
Және зоологиялық тұрғыдан неше түрлі жұқпалы ауруларды таратушы – негізінен тышқан мен көгершін екен. «Жартылай шындық өтіріктен де жаман» деп жатады. «Көгершін – христиандардың құсы» деген сөз жиі ұшырасады. Иисус Христостың жаны кептер кейпінде аспанға ұшқан деседі. Ең өкініштісі, аузына зәйтүн жапырағын қыстырған ақ кептер қонған жерінде, адамгершілік пен мейірімнің дәнін, татулық пен бірліктің өскінін қыршып үзіп жібереді екен.
Сыныптағы шәкірттерімнің:
«Ақ көгершін, көгершін,
Қол қанат құс сен едің…» болып әуеленіп жырланған әніне құлақ түріп, қалың едім.
Адам санасында адамгершілік қасиеттер ерте кезден-ақ қалыптасқан. Зәбірленушіні қорғау, бостандыққа ұмтылу, ұлттың, ұлыстың адамгершілік рухын нығайтып, ынтымаққа жол ашу, елін, жерін қорғау – биік адамгершіліктен туатын қасиеттер.
Абайда «адам болу», «жарым адам», «толық адам», «адамның адамдығы», «адамшылық», «толық инсаният», «инсанияттың кәмалаттығы», «бенделіктің кәмалаттығы» тәрізді адамшылық, арлылық мәселесіне қатысты терминдер де бар. Шығыс ақыны, Абайға үлгі болған Саади әлемдік әдебиетте «адамият» ұғымын енгізген. Міне бұл ұлы тұлғалар адам дамуындағы адамгершілік сезімнің ең жоғарғы құбылыс екенін айтады. Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, әсіресе жастарды адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды. Абай адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылықты т.б атап айтты.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру барысында «Қаза елі» жобасы – жаңа заман талабы» атты тұжырымдама – сол ұлы Абай ұлықтаған ұлы құндылықтардың жалғасы іспетті.
Біз – анықтауышты қажет етпейтін елміз. Адамгершілікті – елдіктің тұтқасы еткен жерміз. Асыл құндылықтарды – адамдықтың шарайнасы еткен Қазақ ұлтымыз!
«№1 мектеп-гимназиясы» КММ
өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Байгелді Гүлнұр Төлегенқызы
Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер
(Ыбырай Алтынсарин)
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік — адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз — өзін сыйламайды.
Рухани — адамгершілік тәрбиесі — өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани — адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез — құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани — адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа — адамгершілік — рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата — ана үлгісі» — деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз — өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани — адамгершілік тәрбие — екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілік сана — сезімін оятып, жағымды мінез — құлқын қалыптастыруда даярлық тобының балаларына арналған ашық сабақтар: «Мамандықтар», «Ұ дыбысы мен әрпі», тәрбие сағаты: және ойын — сабақтарын: «Ойнайық та, ойлайық!» өткіздім. Мұның бәрі адамгершілікке бағытталды әрі дәл осыған кереғар қасиеттерді бала бойынан кездестірдім және оған керекті әдіс — амалдарды да іздестіріп, қолданып келемін.
Халқымыз «баланы ойын өсіреді»деген сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп, ойланады, жүйкесі тынығады, ойы сергиді, денесі шымырланады. Өздерінің құрбы — құрдастарымен жақсы араласуды үйренеді. Сан алуан ойындар баланың дене тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті ұлғайтуға тәрбиелеуде ерекше мәні бар. Ең бастысы, ойын баланы жан — жақты, тез ойланып шешім қабылдауға, ойын шыншыл ойнауға кешірімді, жанашырлыққа тәрбиелейтіні анық.
Адамгершілік тақырыбы — мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру — ата — ана мен ұстаздардың басты міндеті. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан — жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани — адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет — дарынының ашыла түсуіне, ақыл — парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім — тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары өзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан — жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата — ана мен тәрбиешіге жүктелер міндет. “Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақытта қонады” деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық — қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез — құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.
Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Эссе: Адамгершілік — асыл қасиет
Қаршыға Айгерім, Қызылорда
Адамгершілік — адам бойындағы құнды, ең асыл қасиет. «Кісілік», «Ізгілік», «Имандылық» сияқты ұғымдармен мәндес. Бұл сөздерді естігенде көз алдымызға қиналғанда қол ұшын беріп, көмегін аямайтын, жанаршылық танытатын жақсы жандар бірден елестей кетері рас. Бұл қасиеттер арқылы біз мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйренеміз. Қазіргі қоғамда да шалынғанды демейтін, адами қасиеттері бойына сіңген адамдар жоқ емес. Ал мен солардың ішінде жақсы адам деп кімдерді айта аламын?
Жақсылық күн секілді, кейде бұлт астына жоғалып, кейде сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Осындай әрдайым жарық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жақсы адамдар менің де жанымда жетерлік. Олардың бірі менің өмірімнен өз орнын ойып тұрып алатын — әжем. Әжемнің жүрегі үлкен, терең. Онда жамандықтың ізі де жоқ. Тек жақсылық атаулыға тұнып тұр. Әжеме қарап, жақсылығы үшін масаттанам. Ол рухы мықты, жігерлі жан.
Бала күнімнен әжемнің осындай жаны жайсаң жан екенін, даналығы мен даралығын көріп өскендіктен, жақсылықтың не екендігін біліп өстім. Біліп қана қоймай бойыма сіңіріп өстім. Кейде ойлаймын, елдің бәрі менің әжем сияқты болса ғой. Онда ешкім ешкімге жамандық тілемей, барлығы адами қасиеттерін сақтап қалар еді. Әлем жайдары жандарға толы болар еді.
Демек, адам бойындағы адамгершілік қасиеті алғашқы орында. Егер барлық адамдарда осындай ізгі қасиеттер болса, елеміздің қарқынды дамып, көптеген биік белестерді бағындырмасына кім кепіл?! Сондықтан адам баласы бір-біріңізге жақсылықтар жасаудан еш шаршамаңыздар!!!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
|
|
|
|
|
|
|
Іздеп көріңіз:
эссе сочинение про Адамгершилик — асыл касиет на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Адамгершілік — асыл қасиет туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Адамгершілік — асыл қасиет
Адамгершілік-асыл қасиет
«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата,
жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».
Абай
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Оқушыларды рухани — адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа — адамгершілік — рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата — ана үлгісі», — деп Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз — өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани — адамгершілік тәрбие — екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан — жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани — адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы баланың қоғамда өз орнын табуына, қабілет — дарынының ашыла түсуіне, ақыл — парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектеп және отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім — тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан — жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, ұстаздардың, барша халықтың міндеті.
Адамгершiлiк мәдениеті адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк — адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады.
Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім, саналы ұрпақ болады» деген данышпан халқымыздың дана сөздерінен дән іздеу керек.
Аймағанбетова Камшат Данабековна
Сарысай негізгі орта мектебінің
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Адамгершілік адамның рухани азығы. Адемгершілікпен көп нәрсе бағаланады. Мәселен жолға төлемеген ақшаң, қайтарылмаған қарызың, оңтайсызда айтылған өтірігіңнің… бәрінің де өтемі адамгершілік. Адамгершілік адами қасиеттермен бағаланады. Си-құрмет, ізет, инабаттылық, қамқорлық, мейірімділік адамгершілік құндылықтары саналады. Адамгершілік тіпті сенің адам атыңның қорғаны.
Адам ұятты болуы қажет, бес күндік жалғанда өзі секілді адамдардың да Алла алдындағы бірдей құқығын таптамай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз бақытына кеңеліп өтсе міне сол ғанибет.
Ал адамгершілігі төмен адамдар кімдер? Адамгершіліктің төмен не жоғары болуы мүмкін деп ойламаймын. Ол не бар, не жоқ! оның деңгейі мен өлшемі жоқ. Ол тек адам бойындағы адами, өзіне тән, сондай-ақ кез келгеннің қолынан келетін ізгі қасиеттер. Адамгершілігі жоқ адамдар жаны өсекке құмар, өзі өтірікке құмар, көзін шел басқан, ішін май басқан екіжүзділер. Иә, қазақ тіліндегі ең жаман сөздер осы кісілерге тән. Олардан жөнді тәрбие шығуы да екі тиын.
Сондықтан ұрпағыңа салиқалы әңгіме айтатын, көргеніңмен, естігеніңмен бөлісе алатын адамгершілігі мол адам атануға не жетсін!
Ответ:
Адамгершілік — адам бойындағы ең асыл қасиет. Адамның іс әрекеті арқылы жаныныі таза, не жаман екенін бақылаймыз. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін қасиеттерді Адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.
Адамгершілік деген не? Адамгершілік — адам бойындағы басты құндылық, әдеп ұғымы. Адамгершілік — адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары. Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, кiсiлiгi. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге.
Қорыта келгенде, адамгершілік адам бойындағы ең басты құндылық және тәңір сыйлығы. Адам адамгершіліксіз өмір сүре алмайды. Бұл дүниеде адам өзінің пенделік қасиеттерімен күресе жүріп өзінің адамдық қасиеттерін шыңдайды. бұл дүниедегі бақыты мен ақиреттегі бақыты да оның өз пендешіліктерін қаншалықты жеңе алғанына байланысты.
Объяснение:
бөлімдер: кіріспе, негізгі, қорытынды
Адамгершілік — асыл қасиет
Адамның
адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан
болады. Адамның
адамгершілігі — оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі — өзі үшін
ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта
жақсылық жасауға дайын болу. Ақылды мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын
бағалағыш келеді. Арлы, адамгершілігі мол адам — ардақты адам. Адамгершілік тақырыбы — мәңгілік. Адамгершілік тәрбие әр уақытта, әр қоғамда болып келген. Әдептілік,
инабаттылық, сыйласу жағынан халқымыз алдына жан салмаған. Халқымызда ерте
кезден-ақ адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халықта, отбасында,
олардың өнерлерінде, әдет — ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс
— тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан, күнделікті адамдармен
қарым-қатынасынан бойына сіңіреді.
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы.
«Адамгершілік болмай, әділдік болмас», «Адамның
ұяты бетінде, адамгершілігі ниетіңде», «Жақсылыққа жақсылықпен жауап бер, ал
жамандыққа әділдікпен жауап бер, жақсылық өзіңе қайтып келеді», «Өзін ғана
ойлаған – жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған – адалдықтың белгісі» — деген
ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың
белгісі адамгершіліктен қалыптасады. Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі —
адалдық, ол өмірде қымбат асыл қасиет.
Адамгершіліктің
негізгі қағидалары қандай? Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ
болу. Рұқсат сұрау, кешікпеу, өтірік-өсек айтпау, үәдеде тұру, имандылық,
мейірімділік, сабырлық, қайырымдылық т.б. Адамгершілік қасиетінің қайнары – сәлемдесу,
ол бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Сөйлесе білу — сөзді
бағалау, сөзге тоқтау. Адам сөзін бөлу, сөйлеп тұрған кісінің сөзін аяғына
дейін тыңдамай, жүре тыңдау — тәрбиесіздіктің, менмендіктің белгісі. Ізеттілік
– айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Әділ болу – әркімге
өзіне тиістісін беруден тұрады. Рұқсат сұрау – адамдар
қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі.
Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің
құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн. Имандылық — иманды адам
дөрекілікке бармайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде тазалық бар,
сенім бар. Кешікпеу — бұл дағдыны адам өзіне жастайынан дарытқаны жөн.
Кешігу – адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару
– мәдениетсіздікке жатады.Үәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда
кешірім сұрау керек. Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс
жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған
ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Міне осылардың
барлығы адамгершілік қасиеттерге жатады екен. Адамда асыл қасиеттерімен қатар
жағымсыз қасиеттер де болады. Олар-жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, қорқақтық,
менмендік, қатыгездік, ашу, ызақорлық. Үш-ақ нәрсе — адамның қасиеті: ыстық
қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», адамгершілік туралы Ұлы Абайдың «Бес нәрседен
қашық бол, бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз» деген өлең жолдарынан
түсінуге болады. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ
керек. «Біріншісі — надандық, екіншісі — еріншектік, үшіншісі
— залымдық. Надандық — білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені
оларсыз біліп болмайды. Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық,
ұятсыздық — бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық — адам баласының дұшпаны. «Адамгершілігің төмен болса әділетті бола
алмайсың»-деген екен ұлы Вовенарг. — Адамшылық деген не? Бұл сұраққа
жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не? – деген
сұрақтар туындайды.
Рух – деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық
жақсы қасиеттермен жасайтын игі істердің қайнар көзі.
Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады.
Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы
қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып
табылады. Баяндамамды мынандай өсиет әңгімемен қорытындылайын.
— Өзен жағасында өтіп бара жатқан адам бір құлап, бір тұрып судан
шыға алмай жатқан шаянды көреді. Адам оны құтқару ниетімен қолын созғанда шаян
шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта
шағады. Мұны көрген біреу жақындап келеді де, қайта-қайта шаққан шаянды несіне
құтқарып жатқанын сұрайды. Сонда жаңағы кісі: «Шағу шаянның табиғатында бар
нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Шаянның табиғатында шағу бар екен деп
мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартпаймын ғой», – деген екен.
— Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық — ер
кісінің ісі» деген осы болар!
Жат қылықтардан бойымызды алшақ ұстап, уақыт
өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып қалмай, ұлттық ізгі
дәстүрімізді ескіліктің калдығы деп қарамай, осы заманға лайықтысын таңдап алып
қайырымды, сыйласымды болуға ұмтылайық. Ақылдылықты, адалдықты, қарапайым —
кішіпейілділікті, барлық жақсы қасиеттерді бойымызға жинауға тырысайық.
— Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңыздар.
— Күні бойы өзіңізді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және
ізгілікпен ойлап жүріңіздер.
— Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңызды, жұбатқаныңызды,
күлдіргеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көріңіздер.
— Басқалардың қажетіне жарай білуге талпыныңыздар.
Жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан тазарып, жаны таза, адамгершілігі
мол, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болыңыздар. Әрқашан әсем сезімде
жүріп, бір-бірімізге жылы сөздер арнайық! Бір-бірімізге деген ықылас
сезімдеріміз еш уақытта жойылмасын, үнемі қайырымды, мейірімді, парасатты
болайық!
Қадыржанова Алтынай Бауыржанқызы Қадыржанова
Алтынай Бауыржанқызы,
№8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі,
Текелі қаласы