Адамгершілікті? алтын ?а?идасы эссе

Көшпелі алтын шығармасы — қазақ тарихындағы ғылыми фантастикалық шығармаларының ең ірісі. Шығарма жай фантастика ғана емес, халық аңыздарына сүйеніп жазылған. Бұл шығарманың ерекшелігіде осы.
Жалпы шығарманың сюжеті: көшпелі алтынды көрген Сәменнің жолдасымен бірге сапарға аттанып, таңғажайып дүниелерді бастан өткеруі мен соңында жұмбақты шешуі. Шығарма қиял-фантастика мен сондай ақ ғылымға сүйеніп жазылған. Міне осы ғылымды мен адамгершілікқұндылықтар қатарына жатқыза аламын. Көшпелі алтын шығармасыда ғылым негізінде өрбиді. Жіне тағы бір тілге тиек етер құндылығы: аңыз, қиял-фантастика. Шығарманың негізі де осы фаньастикадан тұрады. Ал ендігі шығарманың материалдық құндылығына келсек, бұл әрине аты айтып тұрғандай «алтын». Алтын бұл құнды заттарға жататындықтан адамгершілік құндылыққа жатқызуға болады.

Адамгершілік құндылықтарды айта берсек өте көп. Ал осы шығарма барысында мен басты үш құндылық таптым. Екеуі ой-сана құндылығы болса, біреуі заттық құндылық. Яғни бұл фантастикалық әңгіменің тақырыбы да сюжеті де адамгершілік құндылықтарды айшықтайды.

2022-2023 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?

ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алтын адам тақырыбында эссе

Материал туралы қысқаша түсінік

жалпы оқушыларға

Авторы:

Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ

20 Қараша 2019

1235

0 рет жүктелген

Бүгін алсаңыз

30% жеңілдік

беріледі

390 тг 273 тг

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Text Centered

«Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналы министірліктің №KZ09VPY00029937 куәлігімен ресми тіркелген.

Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды.

Сайтта заңсыз жарияланған материалды көрсеңіз бізге хабарласыңыз. Редакцияның көзқарасы автордың көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Материал іздеу

Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз

Барлығы 663 959 материал жиналған

метки: Казахский, Алмад, Аласында, Жазуы, Деген, Жауынгер, Болаш, Алайд

Алтын адам – Тәуелсіз Қазақстанның символы.

Ерте заманда қазақтың

Күндердің күнінде тайпаға шығыстан қаһарлы жау келе жатқаны туралы жаман хабар келеді. Халық жиналып, жауға қарсы шығуға шешім қабылдайды. Батыр Қасқалдақ бас қолбасшы болады. Атты әскерлер темір сауыт киіп, болаттан жасалған өткір семсер мен қылыш тағынады. Бәрінен де Алтын Айдар жақсы жасақталады. Жас батыр алтын сауыт-сайман тағынады, басына дулыға киіп, кеудесі мен арқасын алтын кіреукемен жапты, беліне алтын белдік тағынды. Аяғына ұшы үшкір, алтын өрнекпен өрнектелген қонышы биік етік киеді. Ол өз әскерімен жауға қарсы шапқанда, алтын киімі ұшқын шашады екен. Оның пайда болғанының өзі жауға үрей туғызады. Жау Қасқалдақ әскерін жеңе алмады. Үш күндей айқасқан соң екі жақ та бітімге келеді. Бірақ жау Алтын Айдарды қулықпен жойып жібергісі келеді. Жау оғы да, басқаның семсері де Алтын Айдарды жеңе алмады. 18 жасында ол қатты науқастанып, қайтыс болады. Оны сол үстіндегі алтын киімімен жерлеген екен. Қабірінің жанына «Сен бізден болашаққа ерте кетіп қалдың…..» деген жазуы бар күміс ыдыс қойылған.

Аңызға сүйінсек, «Алтын адам», яғни 18 жасар жауынгер бала асқан батыр, жауға қасқая қарсы тұрар батыл ер азамат болған деседі. Оның ерліктері мен естеліктері көп-ақ, әрине. Алайда оның барлығы дерлік нақты шындыққа дәлел бола алмайды.

1969 жылы Алматыға жақын Есік қорғанында археологтар «Алтын адамды» тапты. Ол жерде көмілген адамның шамамен алғандағы жасы 18 жас. Қабірінде киімдерге, аяқ киімге және бас киімге тігілген, алтыннан жасалған төрт мыңнан астам әшекей бұйымдар, сонымен қатар алтын балдақ сақиналар, мүсіншелер, қалайы және алтын қару-жарақ, әртүрлі ыдыстар табылды. Жазуы бар күміс ыдыс тар біздің ата-бабамызда жазу өте ертеде пайда болғанын дәлелдейді.

Еліміз егемендігін алып, өз алдына тәуелсіз ел болғанына, міне, жиырма сегіз жыл болмақ. Жеке мемлекет аталып, тілімізді, дінімізді, елтаңба-әнұранымызды және көк туымызды көкте желбіркеттік. Ту, елтаңба, әнұран қатарына тағы не қосар едің десеңіздер, ол, әрине, Алтын адам дер едім. Алтын адам өз дәуірінің баға жетпес байлығы, асыл қазынасы.

4 стр., 1715 слов

Мағжан Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасы

… ын Тәтіқара жырау толғаулары дәлелдейді. Батыр Баян туралы деректер Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде кездеседі. … үн-түнсіз мақұлдап тұрғанда Баян қарсы шығады. Алдияр олар қу, бізді алдап кетеді, қалмақ … Баянның алдына Ноян менен Ақшамаңдай келеді. Көз алдына анық болып елестеген екі жас … ой халықты жігерлендіріп, рух бере отырып, тарихымыздың алтын діңгегінен айырылмау болып табылады. Ойды қорыта келе …

Алтын адам – қазақ тарихының феномені. Есік қорғанынан табылған мұра ел тарихына теңдессіз үлес қосты. Тұңғыш Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында осы Алтын адам феноменін ерекше атап көрсетіп, оның тарихи маңызын терең зерттеуді тапсырған болатын. Тарихшыларымыз Алтын адамды жас көсем әскербасы деп, енді бір деректерде сақ көсемінің ұлы деп те көрсетеді. Алайда оның сыры тарих қойнауындағы құпия болып қала бермек.

Алтай мен «Алтын адам». Екі ұғымды егіз деп алсақ та, Тәуелсіздік алған соң ғана Алтай өңірін түбегейлі зерттеп, тарихымыз тың жаңалықтармен сол тұста ғана толықты.

Алтын адам «біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық» екедігін және оның «Қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие екендігін мақалада баса көрсетіп, тілге тиек етеді.

«Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге, бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті»- делінген тұңғыш Елбасы мақаласында. Бұл жүйелі сөздермен келісе отырып, көшпелі қазақ кезіндегі нағыз өркениеттің көрінісі, мәдениетіміздің қайнар бұлағы Алтын адам дер едім.

Қорыта айтқанда, еліміздің нақышының қатары Алтын адаммен толықты. Өйткені, Алтын адам – ел ертеңінің, тарихымыздың өзіндік ойып тұрып орын алар сырлы мұрасы, болашаққа бағдар болар ұлтымыздың көзтоймас жауһары.

Эссе: Адамгершілік — асыл қасиет

Эссе: Адамгершілік - асыл қасиет

Қаршыға Айгерім, Қызылорда

Адамгершілік — адам бойындағы құнды, ең асыл қасиет. «Кісілік», «Ізгілік», «Имандылық» сияқты ұғымдармен мәндес. Бұл сөздерді естігенде көз алдымызға қиналғанда қол ұшын беріп, көмегін аямайтын, жанаршылық танытатын жақсы жандар бірден елестей кетері рас. Бұл қасиеттер арқылы біз мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйренеміз. Қазіргі қоғамда да шалынғанды демейтін, адами қасиеттері бойына сіңген адамдар жоқ емес. Ал мен солардың ішінде жақсы адам деп кімдерді айта аламын?

Жақсылық күн секілді, кейде бұлт астына жоғалып, кейде сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Осындай әрдайым жарық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жақсы адамдар менің де жанымда жетерлік. Олардың бірі менің өмірімнен өз орнын ойып тұрып алатын — әжем. Әжемнің жүрегі үлкен, терең. Онда жамандықтың ізі де жоқ. Тек жақсылық атаулыға тұнып тұр. Әжеме қарап, жақсылығы үшін масаттанам. Ол рухы мықты, жігерлі жан.

Бала күнімнен әжемнің осындай жаны жайсаң жан екенін, даналығы мен даралығын көріп өскендіктен, жақсылықтың не екендігін біліп өстім. Біліп қана қоймай бойыма сіңіріп өстім. Кейде ойлаймын, елдің бәрі менің әжем сияқты болса ғой. Онда ешкім ешкімге жамандық тілемей, барлығы адами қасиеттерін сақтап қалар еді. Әлем жайдары жандарға толы болар еді.

Демек, адам бойындағы адамгершілік қасиеті алғашқы орында. Егер барлық адамдарда осындай ізгі қасиеттер болса, елеміздің қарқынды дамып, көптеген биік белестерді бағындырмасына кім кепіл?! Сондықтан адам баласы бір-біріңізге жақсылықтар жасаудан еш шаршамаңыздар!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Іздеп көріңіз:

эссе сочинение про Адамгершилик — асыл касиет на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Адамгершілік — асыл қасиет туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Адамгершілік — асыл қасиет

Эссе

Адамгершілік – адамдықтың айнасы

… Адамгершілік – ең ұлы адами қасиеттердің биігі. Ол – шыңырау ой мен салиқалы танымның үндестігі.

Адамгершілік! Бұл сөздік қорымыздағы сөлі ерекше, мәні мәңгілік айқын, адамның ең асыл қасиеттерін айқындайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін төрттағандап ұстап тұрған ең ұлы принцип. Өйткені, адамгершілікке негізделген жерде не нәрсеге де құдірет даритындығы мәлім.

Иә, осынау рухани-адамгершіліктің негізі – «Өзін-өзі тану» бағдарламасы дәл осындай құндылықтарды дәріптейді. Мұстафа Шоқай да бір кездері:

«Адамгершіліктен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды», — деген түйінді ой-пікірі кім-кімге де үлкен ой салады. 25 жылға қадам басқан Қазақстан елі мен оның этнопедагогика саласына да ең қажеттісі – ең алдымен адамдық пен адалдық болмақ.

Айналайын мектеп-ай! Сен бәрін оқытасың. Бірақ біз мына өмірде оқығанды оқымағандай, естігенді естімегендей жүре береміз.

Әлем қазір дағдарысқа қарсы неше түрлі бағдарламалар, жобалар қабылдап жатыр. Ол – мемлекеттік, трансұлттық құрылымдардың амалы. Ал қарапайым халық пен өскелең жас ұрпақ үшін қарапайым бағдарлама қажет. Осынау біз оқытып отырған «Өзін-өзі тану» пәні осы қарапайым, түсінікті, рухани дүниемен үндеседі.

Сондай жобалардың бірі – тарихи «Асан мен Үсен» әпсанасы. Біздің санамыздағы, бәлкім қанымыздағы Асан: «Елді, мұны жолды, бағытты, ертеңгі күнді қайдан табамыз?», — деп кейін тартады, тіпті шошиды, жылайды.

Ал біздің санамыздағы, бәлкім қанымыздағы Үсен: «…Әкем: үйрек, қаз – адал құстар. Бойыңда адамгершілік қасиеттің кішкене ұшқыны болса, оларды ешуақытта байлап-матап әуре етпе», — дейтұғын. Міне тәрбие, тек деген қандай жақсы: адамдық пен обал-сауапты ойлатады. Екеуінің көшкен елдің жұртында қалуы — сынақ.

Мұндай сынақтан бай-бағылан да, кедей-кепшік те, адамгершілігі молы да, жоғы да өтеді. Кейде ойланам: «Мына замандағы дағдарыс та бізге не Үсен, не Асан бол!»- деп тұрғандай. Басында Асан болдық делік, кейін Үсен сияқты болып кетсек те жаман емес. Себебі, нарық жөнінде, дағдарыс туралы оқып туған жоқ қой.

Иә, маған ой үстіне ой келе береді… Соның бірі: — Жетім қозы неге маңырайды?

16 миллионға жуық халқы бар Қазақстан мемлекетінде – 46 мыңнан аса әлеуметтік жетімдер бар екен. Аз ба, көп пе білмедім?!

Қазақ қасқырды жақсы көреді. Жыртқыш болса да! Себебі, оның эпикалық санасында «құндақтаулы бабам бір тамыш сүтке зар болып, шырқырап жатқанда бөлтірігінен айырылған бөрі емізген» деген ақпар бар. Қасқыр, Құртқа (бөрінің аналығы) – арғы қазақтың тотемі, культі. Біздегі осынау жетімдердің қай-қайсысы да анасын іздейді. Ұлардай шулайды. «Жетім қозы тасбауыр, маңырар да отығар». Суық қабырғалы жетімхана оларға мәңгілік пана болмаса белгілі. Оларды уызға жарытатын да, қабырғасын қатайтып, иманын түзейтін де – адамгершілігі мол адамдар ғана! «Қоғам!»десек – жалпылау, «Адам!» — десек нақтылау.

Жердегі жетімдерді ойлай келе, көк аспандағы көгершінге көзім түсті… Былай қарағанда, бейкүнә құс. Бірақ бізді бірде-бір мәдени мұрамызда «көгершін – бейбітшілік құсы, адамгершілік пен имандылықтың жәндігі» деген ұғым, бейне т.б кездеспейді.Құс па – құс, есебі жоқ кәдімгі құстардай өмір сүре берсін. Яғни, ауызша жеткен мұраларда ешқашан көгершінге акцент жасалынбаған.

Қазіргі ірі мәдениет ошақтарында кептердің суреті жиі салынады. Ал, шындығында қазақ кептер асырамайды! Кептер деген құсты асырап ұшырсаңыз, ол бір айналып келгенде өзімен бір топ кептерді ала келеді. Яғни, біреудің адал малы ойда-жоқта сіздің қораңызға кіре қалды. Сіз оның кімдікі екенін білмейсіз. Сондықтан, Алланың алдында сіздің іс «арам жолмен мал табу» болып есептеледі. Біздің ұлттық тәрбиеміз – адамгершілік, ақиқат пен адалдықты ту етеді емес пе? Байқасаңыз, кептер басын жиі шайқайды. Қазақ мұны жаман ырымға балап: «Барлық ақ ниетті бұзып жатыр» деп асыратпайды.

Және зоологиялық тұрғыдан неше түрлі жұқпалы ауруларды таратушы – негізінен тышқан мен көгершін екен. «Жартылай шындық өтіріктен де жаман» деп жатады. «Көгершін – христиандардың құсы» деген сөз жиі ұшырасады. Иисус Христостың жаны кептер кейпінде аспанға ұшқан деседі. Ең өкініштісі, аузына зәйтүн жапырағын қыстырған ақ кептер қонған жерінде, адамгершілік пен мейірімнің дәнін, татулық пен бірліктің өскінін қыршып үзіп жібереді екен.

Сыныптағы шәкірттерімнің:

«Ақ көгершін, көгершін,

Қол қанат құс сен едің…» болып әуеленіп жырланған әніне құлақ түріп, қалың едім.

Адам санасында адамгершілік қасиеттер ерте кезден-ақ қалыптасқан. Зәбірленушіні қорғау, бостандыққа ұмтылу, ұлттың, ұлыстың адамгершілік рухын нығайтып, ынтымаққа жол ашу, елін, жерін қорғау – биік адамгершіліктен туатын қасиеттер.

Абайда «адам болу», «жарым адам», «толық адам», «адамның адамдығы», «адамшылық», «толық инсаният», «инсанияттың кәмалаттығы», «бенделіктің кәмалаттығы» тәрізді адамшылық, арлылық мәселесіне қатысты терминдер де бар. Шығыс ақыны, Абайға үлгі болған Саади әлемдік әдебиетте «адамият» ұғымын енгізген. Міне бұл ұлы тұлғалар адам дамуындағы адамгершілік сезімнің ең жоғарғы құбылыс екенін айтады. Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, әсіресе жастарды адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды. Абай адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылықты т.б атап айтты.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру барысында «Қаза елі» жобасы – жаңа заман талабы» атты тұжырымдама – сол ұлы Абай ұлықтаған ұлы құндылықтардың жалғасы іспетті.

Біз – анықтауышты қажет етпейтін елміз. Адамгершілікті – елдіктің тұтқасы еткен жерміз. Асыл құндылықтарды – адамдықтың шарайнасы еткен Қазақ ұлтымыз!

«№1 мектеп-гимназиясы» КММ

өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Байгелді Гүлнұр Төлегенқызы

Алтын адам

«Алтын адам» 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.

Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 — 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.

«Алтын адам,

Алтын адам…

Адам жоқ!

Алтын қалған жарқыраған» деп Мұқағали ақын жырға қосқан Алтын адам туралы айтылған ақиқат та, аңыз да көп. Сонау 1970 жылдары тек Қазақстан үшін емес, төрткүл әлем үшін үлкен жаңалық болған Алтын адамның жұмбағы күні бүгінге дейін толық шешілмей келеді. Тарихшы ғалымдар, антропологтар мен археологтар Алтын адамды жан-жақты зерттеп жатқанымен, әлі де көпшіліктің көкейінде сұрақ жетерлік.

Көшпелі алтын шығармасы — қазақ тарихындағы ғылыми фантастикалық шығармаларының ең ірісі. Шығарма жай фантастика ғана емес, халық аңыздарына сүйеніп жазылған. Бұл шығарманың ерекшелігіде осы.
Жалпы шығарманың сюжеті: көшпелі алтынды көрген Сәменнің жолдасымен бірге сапарға аттанып, таңғажайып дүниелерді бастан өткеруі мен соңында жұмбақты шешуі. Шығарма қиял-фантастика мен сондай ақ ғылымға сүйеніп жазылған. Міне осы ғылымды мен адамгершілікқұндылықтар қатарына жатқыза аламын. Көшпелі алтын шығармасыда ғылым негізінде өрбиді. Жіне тағы бір тілге тиек етер құндылығы: аңыз, қиял-фантастика. Шығарманың негізі де осы фаньастикадан тұрады. Ал ендігі шығарманың материалдық құндылығына келсек, бұл әрине аты айтып тұрғандай «алтын». Алтын бұл құнды заттарға жататындықтан адамгершілік құндылыққа жатқызуға болады.

Адамгершілік құндылықтарды айта берсек өте көп. Ал осы шығарма барысында мен басты үш құндылық таптым. Екеуі ой-сана құндылығы болса, біреуі заттық құндылық. Яғни бұл фантастикалық әңгіменің тақырыбы да сюжеті де адамгершілік құндылықтарды айшықтайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *