Ответ:
«Ағарған ішкен азбайды»
Кезінде академик И.П.Павлов сүтті «табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағамы» деп бағалаған болатын. Қоректік жағынан алғанда бұл – тағамдық құндылығымен ағза үшін аса маңызды табиғи өнім. Сүттің тарихы ертеден басталады. Археологтар бір қазбадан тапқан ірімшік қайнататын қазанды жер астында 5000 жылдай сақталған деп топшылайды. Сүт дәрумендерге, көмірсу мен майларға, ақуыз бен минералды заттарға, микроэлементтер мен ферменттерге өте бай. Құрт – ұлттық тағам. Ашыған айранды сабаға құйып, бірнеше күн іркіт жасайды. Сабада пісірілген іркітті майы алынғаннан кейін үлкен қазанға құйып қайнатады. Іркіт баяу қайнап, жел көбігі таралғаннан кейін қоюланады. Суыған соң таза қапшыққа құйып, суын сорғыту үшін іліп қояды. Сары суы ағып, 5-6 күн бойы әбден құрғаған соң, ұсақтап бөліп, сығып, өреге жайып, кептіреді. 1-2 аптадан соң өредегі құртты қапқа салып, күн көзіне кептіреді. Құртты 2-3 жылға дейін сақтауға болады. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып ірімшік жасайды. Құрт өкпе ауруына ем. Ұзақ сапарларда құрт – әрі сусын, әрі қорек. Сары суын ауырған малға ішкізеді, шаш жууға болады, тері илеу үшін малма жасайды.
Объяснение:
.
Халқымыз ежелден жеті санын қасиетті дейтіні белгілі. Ұлттық таным бойынша жеті қазына, жеті апта, жеті қат көк және тағы басқа ұғымдарды білеміз. Осылардың қатарынан орын алатын жеті түрлі дәмнен жасалатын Наурыз көженің ерекшелігі қандай? Әр жаңа жылда дайындалатын осынау дәмнің құдіреті неде?
Судың маңызы
Су – тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық үрдістері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуіне әсер етеді. Зат алмасудың зиянды өнімі ағзадан су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, қатты терлетеді, қалжыратады.
«Ет етке, сорпа бетке»
Ет – ең негізгі тағамдық өнімдердің бірі. Еттің дәмі әр алуан тағамдармен жақсы үйлеседі. Қоректілігі жағынан ең құндысы әрі жұмсағы – бұлшық ет. Бұлшық ет тінінің ақуызында адам ағзасына қажетті амин қышқылдары түгелдей кездеседі. Экстрактивті заттар етке хош иіс беріп, ас қорыту бездерінің қызметін жақсартады. Ет нәрлілік май тіндерінің мөлшеріне байланысты. Қоректік және дәмдік сапасы бойынша ең тәуір етте 14-19% ақуыз, 12-15% май болады. Еттің құрамында су (73-77%, ақуыз (18-21%), май (1-3%), дәрумендер (В1, В2, В6), минералды тұздар, экстрактивті заттар бар. Наурыз көжеге арнайы сойылған қойдың басын, етін салады.
Сорпа
Сорпаның азықтық нәрі көп, асты жеңіл таратуға, жұғымдылығын арттыруға әсері мол. Адам ағзасына қажетті заттардың 15%-дан астамы осы сорпада. Сорпасы нәрлі, еті жұмсақ, татымды, дәмді болсын деген етті салқын суға салып, отты ә дегеннен күшті жақпай, жай шымырлатып қайнату керек. Ет қайнап жатқанда көбірек сапырылса, сорпа дәмді және құнарлы болады.
«Ағарған ішкен азбайды»
Кезінде академик И.П.Павлов сүтті «табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағамы» деп бағалаған болатын. Қоректік жағынан алғанда бұл – тағамдық құндылығымен ағза үшін аса маңызды табиғи өнім. Сүттің тарихы ертеден басталады. Археологтар бір қазбадан тапқан ірімшік қайнататын қазанды жер астында 5000 жылдай сақталған деп топшылайды. Сүт дәрумендерге, көмірсу мен майларға, ақуыз бен минералды заттарға, микроэлементтер мен ферменттерге өте бай.
Құрт – ұлттық тағам. Ашыған айранды сабаға құйып, бірнеше күн іркіт жасайды. Сабада пісірілген іркітті майы алынғаннан кейін үлкен қазанға құйып қайнатады. Іркіт баяу қайнап, жел көбігі таралғаннан кейін қоюланады. Суыған соң таза қапшыққа құйып, суын сорғыту үшін іліп қояды. Сары суы ағып, 5-6 күн бойы әбден құрғаған соң, ұсақтап бөліп, сығып, өреге жайып, кептіреді. 1-2 аптадан соң өредегі құртты қапқа салып, күн көзіне кептіреді. Құртты 2-3 жылға дейін сақтауға болады. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып ірімшік жасайды. Құрт өкпе ауруына ем. Ұзақ сапарларда құрт – әрі сусын, әрі қорек. Сары суын ауырған малға ішкізеді, шаш жууға болады, тері илеу үшін малма жасайды.
Май
Май – барлық азықтардың негізгі нәрі, ең негізгі құнары. Мал майының өткірлік, дәмділік, емдік қасиеттері бар. Майлар – тағамның қажетті және ең нәрлі құрамдас бөліктері. Ағзаға 1 грамм май сіңіп тарағанда, ақуыз немесе көмірсулар тарап сіңгендегіден 2 есе артық жылу қуаты бөлініп шығады. Майдың тағы бір қасиеті – ол өзімен бірге пайдаланылған басқа тағамдардың жақсы қорытылып сіңуіне ықпал жасап, оларға дәмді және хош иіс береді. Майда А, Д, Е дәрумендері бар.
«Арпа, бидай ас екен»
Тары, күріш, арпа, бидайдың тағамдық қасиеті жоғары және жұғымды калориялы болады. Олар балалар мен ауруға шалдыққан адамдарды тамақтандыру үшін ерекше қажет. Бұл дақылдарда аз мөлшерде дәрумендер мен калий, кальций, магний, фосфор, темір тұздары болады. Сонымен қатар көмірсу мен өсімдік ақуыздарының негізі. Ақуыз қозғалысты қамтамасыз етеді, яғни бұлшық еттердің жиырылуы мен жазылуы үшін қажет. Өкпеден сіңіріп алған оттегіні денеге таратады. Ақуыз мал мен өсімдіктен алынатын өнімдерде кездеседі. Олардан алынатын ақуызды дұрыс ұштастыру арқылы ақуызы жеткілікті тағам әзірлеуге болады. Көмірсу бұлшық еттің, жүйке жүйесінің, жүректің, бауырдың қызметі үшін ағзаның майды қалыпты сіңіруі үшін өте қажет. Тамақ құрамында көмірсу болмаған жағдайда тамақтағы май толық сіңбейді де, денсаулыққа зиян келтіреді. Көмірсу өсімдік өнімдерінде өте көп, сонымен қатар сүтте, бауырда болады. Ұлттық тағамдардың жұғымдыларының бірі саналып, біраз ас түрлерінің дәмін келтіретіні – тары. Тары – өте құнарлы дақыл. Оның құрамына назар аударсақ, ақуыздың 10-15, көмірсудың 59, майдың 38, күлдің 3,6 %-ы барын анықтауға болады.
«Тұзды төкпе, малды теппе»
Тұз – адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат. Ол тағамның дәмін келтірумен бірге тіндердегі су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Адам ағзасына күн сайын тамақ арқылы орта есеппен 10-15 грамдай ас тұзы сіңіріледі. Ас тұзы тағамның барлық түріне қолданылады. Тамаққа тұзды дұрыстап салудың маңызы зор.
Райхан СҰЛТАНБЕКОВА,
Халық ағартушы ісінің үздігі,
ҚР-ның құрметті спорт ардагері
aitbayevaeldana06
+10
Решено
2 года назад
Қазақ тiлi
5 — 9 классы
агарган ишкен азбайды
Смотреть ответ
Ответ
5
(1 оценка)
1
ainzoalgoan
2 года назад
Светило науки — 1 ответ — 0 раз оказано помощи
Ответ:
я не знаю потому что мне это самому нужно
Объяснение:
прости
(1 оценка)
Остались вопросы?
Задай вопрос
Найди нужный
Новые вопросы по предмету Математика
Тортай мен Ораштын достығын сипаттап жаз
No 1 бала 2 N 1. Деректі және дерексіз зат есімдерге мысал келтір. 2. Сызбаға қарап, көптік жалғауларының жалғану тәртібін айт. 3 4 зат есім -л …
Айтылым Берілген тақырыптардың бірін тандан, жубынызбен диалог курастырыныз (6 и сейлем). Диалог құрауда тура, ауыспалы мағынадағы создерді, су …
1. Тұжырымнын дұрыс нұскасын белгiсiмен корсетiнiз. 1. Шымкенттік ғалымдар жасаган кытырлактын пайдасы А. Химиялык коспалары бар В. Табиғи таза …
4. Мәтін мазмұнша сай сөздерді сәйкестендіріңіз.СРОЧНО ДАЮ 35 БАЛЛОВ
https://vashotvet.com/task/10893155
Все предметы
Биология
География
Физика
Химия
История
Обществознание
Русский язык
Литература
Экономика
Право
Математика
Алгебра
Геометрия
Информатика
Английский язык
Українська мова
Українська література
Другие предметы
Беларуская мова
Қазақ тiлi
Немецкий язык
Окружающий мир
Французский язык
Музыка
МХК
ОБЖ
Психология
Оʻzbek tili
Кыргыз тили
Астрономия
Физкультура и спорт
aitbayevaeldana06
+10
Ответ дан
2 года назад
Қазақ тiлi
5 — 9 классы
агарган ишкен азбайды
Ответ
5/5
(1 оценка)
1
ainzoalgoan
2 года назад
Светило науки — 1 ответ — 0 раз оказано помощи
Ответ:
я не знаю потому что мне это самому нужно
Объяснение:
прости
Оцените пользу ответа
Мозг
Отвечающий
Остались вопросы?
Задать вопрос
👋 Привет Лёва
Середнячок
40/250
Задать вопрос
aitbayevaeldana06
+10
Решено
2 года назад
Қазақ тiлi
5 — 9 классы
агарган ишкен азбайды
Смотреть ответ
1
Ответ
5
(1 оценка)
1
ainzoalgoan
2 года назад
Светило науки — 1 ответ — 0 раз оказано помощи
Ответ:
я не знаю потому что мне это самому нужно
Объяснение:
прости
(1 оценка)
https://vashotvet.com/task/10893155
Абай туралы шығарма эссе
Абай Құнанбайұлы (1845 — 1904) жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында дүниеге туылған. Абай қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшы, философ, ақын. Абай өз балалық кезін әжесі мен анасының жанында өткізген. Абай санасына қатысты бар шуақты қасиеттер мен ақындыққа деген ұмтылыс сезімі әжесі мен анасының әсерінен сіңген.
Абай ауылдық молдадан білім алып, сауат ашып, кейіннен Семейге сауатты дамыту мақсатпен аттанады. Абай ақын медресе оқуында жүрген уақытында Шығыс поэзиясына қызықтанып, Шығыстың ақындары секілді өлеңдер жазуға талпынады. Сексенінші жылдар орталығында Абай ақындық жолына бағыт бұрады. Абай өлең және шығармаларын үзіліссіз жазуға тырысты. Дегенімен, сонау кездердегі халықтың ішіндегі тартыстар ақындық өнермен айналысуды қиындатаны. Абай ақындыққа бағыт бұрғанда өлеңдерін білім, өнер және мәдениетке бағыттады. Абай 1885 жылда «жасымда ғылым бар деп ескермедім» — деп атаған тұңғыш шығармасын жазды. Осы өлеңі тұңғыш Абайдың шығармасы болып, Абайдың ақындық жолдағы ізденісін танытты.
Абайдың қарасөздері
Әлемде еш зат өзі таңдаған мұратқа жеткілікті қайрат пен жігер жасамай жету қиын. Ғылым және білімді оқыу, өзінше іздену — қайрат борлысы. Кейбіреулер ғылым және білімді ақыл — қайратсыз үйрену қиын. Абайдың шығармалары осындай мағыналарға толы болған.
Абайдың қайратты қарасөздері оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып табылады. Абайдың қарасөздерінің жалпылық саны 45 бөлектен тқрады. Олар тақырып нысанынан бірғана бағытта жазылмады, олар әр алуан болды. Абайдың 6 — 7 қарасөздері қысқалау болса, кейбіреулері тақырып және мағынасы жағынан ауқымды болды. Абай өз қарасөздерінде туындының көркіне ғана емес, сонымен бірге оның ауқұмдығы мен мағынасына назар аударған. 1918 жылы Семейде жарық көрген «Абай» журналында Абайдың бірнеше қарасөздері жарық көрді.
Абай-дана, Абай –дара, қазақта!
Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи
кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни бүкіл мәдени болмысы өзгеше бір биікке
көтеріліп,кейінгі өрлеу мен дамуға кең жол ашары сөзсіз. Біздің қазақ халқының
тарихында да сондай кезеңдердің бар болғаны шындық. Қазақ халқының руханияттық
дамуында осындай толағай өзгерістер мен ерекше серпілістердің көзге айрықша
шалынар сәті- ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы. Аталған уақыт аралығында
қазақ ортасында идеялық жаңа тыныстың қанаттануына Абайдай жан салған ойшыл
кемде-кем. Еліміздің шымырланып, қайта түлеу қажеттігін сезінгендіктен, қайрау
мен намысқа тию арқылы ішкі жан-дүниесінің қайтадан жаңаша құрылу қажеттігін
ұсынды. Мәселен «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп басталатын толғауында
халқына бағышталған махаббаттың тұңғиық көріністері анық байқалады. Ақынның
жақсы мен жаман, надандық пен адамдық, махаббат пен ғадауат туралы әр ұстанымы,
әр тұжырымы өткен өмірдің, бүгінгі күн мен келер шақтың келбетін анықтайтын
айрықша өлшемдер сияқты.
Абай адам өмірінің бірталай келеңсіз
жақтарын сынай отырып, одан құтылудың жолын да көрсетіп береді. Өнер, білім,
ғылым үйреніп қана қоймай, сол алған білімді қалай жұмсау керектігін де айтып
өткен. Ақынның шығармашылығының өзегі «Адам бол» деген философиялық идеяға
сәйкес келеді. «Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз»- дегенде
ғұлама-адамның рухани жетілу мүмкіндігінің шексіздігін көрсетті. Менің
түсінігім бойынша, адам өмірге құштар болу керек. Еш қиындыққа мойымай, бәрін
жеңу қажет. Адамгершілікке жетелейтін бірден-бір жол, Абай түсінігінде білім
мен ғылымға құштарлық болып келеді.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,-
деп, Абай атамыз адам болып қалыптасу үшін
ең қажеті ғылым екенін көрсетіп, адамның бойына оның өзімшіл табиғи болмысы
арқылы орныққан менмендік, нәпсіқұмарлық, тұрақсыздық сияқты қасиеттеріне
шектеу қоюға тырысады. Қазақ халқын шексіз сүйген Абай ескіліктің бұғауынан,
надандықтың шырмауынан шыға алмай отырған ауыр халіне күйінеді.
Егеменді еліміздің жастары осы үш кеселден , адамды қор
қылатұғын нәрседен бойын аулақ салса, ақынның арманы орындалғаны.
Алменова Аружан
Қостанай облысы
Рудный қаласы
7 «а» сыныбы
Ұлы атамыздың 175 жылдық мерейтойына!
Абай
Құнанбаевтың шығармашылығы — даналықтың, рухани жаңғырудың негізгі көзі.
Абай Құнанбайұлы (1845 — 1904) жылы бүгінгі
Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында дүниеге келген. Ол қазақтың
әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшыл, философ, ақын. Абай атамыздың шығармашылыққа
балалық кезінен әжесі Зере баулыған. Абай санасына қатысты бар шуақты қасиеттер
мен ақындыққа деген ұмтылыс сезімі әжесі мен анасының әсерінен сіңген.
Абай атамыз ауылдық молдадан білім алып, сауат
ашып, кейіннен Семейге білімін шыңдауға барған. Медресе оқуында жүрген
уақытында Шығыс поэзиясына қызықтанып, Шығыстың ақындары секілді өлеңдер жазуға
талпынады. Сексенінші жылдар орталығында Абай атамыз ақындық жолына бағыт бұрады.
Абай атамыз өлең және шығармаларын үзіліссіз жазуға тырысты. Абай атамыз 1885
жылда «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» — деп атаған тұңғыш шығармасын жазды.
Осы өлеңі тұңғыш Абай атамыздың шығармасы болып, ақындық
жолдағы ізденісін танытты. Ақынның шығармалары рухани-адамгершілік қасиеттерге
толы, адамның бойындағы тумысынан берілген құндылықтарды насихаттау мақсатында
жазылған. Халықты білімге, ілімге, адамгершілікке шақырған.
Ақынның қайратты қарасөздері оның сөзге деген
өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып
табылады. Жалпы қара сөздерінің жалпылық саны 45 бөлектен тұрады. Ақынның әр
шығармасы тұнған даналық, адамға ой салатын насихат десем артық айтпағаным деп
білемін. Ақын тек шығарашылығында насихаттаған адамгершілік бейнені, нағыз
білімді, шынайылықты ойымен ғана емес, сөзімен ісімен жалғастырған адам. Абай
атамыз шығармаларын өз жүрегімен сезініп, тұла бойынан өткізіп, риясыздықпен
халқына жолдаған, біртуар, ұлы тұлға.
Ақын тек адамгершілік бейнені, ізгілікті ғана емес,
табиғатты, болмысты, өмір шындығын, ақылпарасатты, адамның мүмкіндіктерін,
барлық тіршілікке қатсытыны ұштастырып бейнелеген.
Абай атамыз аудармашылықпен де айналысып, халқымызға шет
елдердің көп шығараларын ұсынған ақын. Халқы үшін жасаған ісі зор.
Құнанбай әкесі Абайды жайдақ сумен теңеген. Оның себебі Абай
атамыздың қарапайымдылығы еді. Ол қатарластарының арасында сауатты, ауқатты
болса да қарапайым халыққа қызмет етуді мақсат еткен жан еді.
Абай ата – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи
дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы.
Атамыздың есімі – қазақ халқының ұлттық
санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің
өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.
Ғасырлар бойы қалыптасқан экономикалық жағдай,
тұрмыс салты үлкен өзгеріске түсіп жатқан аумалы-төкпелі заманда қоғам көшінің
ендігі бағытын айқындау, қалайда елдің елдігін, тұтастығын, халықтың ұлттық
рухының тазалығын сақтай отырып, жаңа жағдайға бейімделу -бұлар дәуірдің,
әлеуметтік өмірдің өзі туғызған тарихи қажеттілік болды.
Осы қажеттілік бүкіл қоғамдық ой-санаға, әдебиет
пен өнерге жаңа серпін берді. Нағыз халықтық, реалистік принциптерге
негізделген жаңа жазба қазақ әдебиеті, Абай шығармалары осы қоғамдық сұранысқа
толық жауап берді.
Ақын шығармаларын оқи отырып, біз оның адам жаны
мен уақыт талабын жете түсінген дарын иесі болғандығына көз жеткіземіз.
Қайырханов Бейбарыс
Нұр-Сұлтан қаласы
8 «а» сыныбы
Абай Құнанбаев — 175 жаста
Мен ақынның өмір ,
шығармашылығымен таныса отырып, өз ойыма, санама талай сауал
үйеледі. Сол кездегі қиын заманның өзінде Абай атамыз білім алып, жарыққа
ұмтылып, сол игілігін халқына беруге талпынған. Біздің бүгінгі таңда бар
мүмкіндіктеріміз жасалған. «Сол мүмкіндіктерді пайдаланып, неге биік мақсаттарға
ұмтылмасқа?» – деген сауал еріксіз санаңа ұялайды. Абай атамыз ақылды жүрекке
бағындыр деп бекерге айтпаған деп ойлаймын. «Адамзаттың барын сүй бауырым деп»
— деген сөзінің өзі алған білімімізді ізгілікке бағыттау қажет екенін айтып
тұр.
Мен де болашақта Абай атамыз сияқты
ұлы болмасам да, қарапайым істеріммен болсын халқыма, еліме қызмет етсем
деймін. Ол үшін көп еңбек етіп, қайратты болуым қажет. Қазақ халқы: «Ізденген
жетер мұратқа»-деп бекер айтпаған ғой. Мен Абай атамыздың кеше, бүгін, ертең
болатынына нық сенімдімін. Абай атамдай биік, бетке ұстап мақтан ететін жандар
көп болсын. Елімнің мәртебесі биік болсын деп тілеймін. Елім, халқым
ата-бабамыздан қалған асыл мұра, аманат. Қазақ халқы ешқашан аманатқа қиянат
жасамаған халық. Мен өз замандастарымды жарқын болашаққа шақырамын. Ұлы
атамыздың 175 жас мерейтойы қарсаңында өтетін іс-шараларға белсене қатысып,
атамызға деген сый-құрметімді білдірсем деймін. Абай атамызды танымайтын
кішкентай бөбектерге де ұлы атамызды танытқым келеді. Ұлылығын мақтан еткім
келеді. Абай сияқты аталары бар мына біз, өскелең ұрпаққа артылған
жауапкершілік үлкен. Сол миссиямызды адамгершілікпен орындап, болашаққа асыл
мұрамызды құрметтей отыра қадам бассақ, жетер шыңымыз асқақ болмақ.
Мақұм Нұрдаулет
Ақмола облысы
Ақкөл ауданы
7«а» сыныбы
Абай ілімі
Абай
шығармашылығына арқау болған құндылықтар қай қоғамда үстемдік етіп, салтанат
құрса, сол елдер барлық көрсеткіштер бойынша жақсы өмір сүруде. Абай ілімі
құндылықтары аяқ асты болып, екіжүзділік, аярлық салтанат құрған қоғамдар
шырғалаңға қадам басып, іріп-шіру сатысында тұр.
Ақынның
жиырма бірінші қара сөзінде айтылатын – мақтан деген қасиет бар. Қазақ халқының
бойындағы мақтан сезімі туралы Абайдың айтқандары бүгінгі күні жаңа сатыға
көтеріліп, мемлекетіміздің стратегиялық бет-пердесіне айналды. Жауырды жаба
тоқу, кілең жылт еткен жақсыны ғана термелеу, «айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер
жарады» дегендей түймедейді түйедей етіп жарияға жар салу, қоғам үшін істелуі
керек қажетті дүниелерді қоғам игілігі, азаматтардың бақытты өмір сүруі
үшін емес, ұпай жинау, мансап, көрініп қалу, жағыну, елді алдау үшін
істейтін даңғаза деңгейіне жеткізу белең алып кеткені жасырын емес.
Елбасының көтеріп отырған дамыған 30 елдің қатарына ену, бәсекеге
қабілетті мемлекеттермен теңесу сынды бастамалары нақты іс пен көрсеткіш,
нәтиже емес құр сөзбұйдаға салыну, көзбояушылық болып бара жатыр. Лепірме сөз,
лепірме ұрандар, ішкі мазмұн мен сапаға үңілмей дақпыртқа үйірсектеу,
жалғандыққа алып келіп, мақтанудың ұлттық дертке айналғандығы көрініп тұр.
Әрине, Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктері аз емес, оны ешкім жоққа
шығармайды, жоққа шығаруға тырысу ол нағыз қиянатшылық, дегенмен әсіре мақтанға
жол бермеуге тырысу қажет. Қазақстан мемлекетінің экономикалық көрсеткіштері,
оның ішінде ішкі жалпы өнім пайызы еселеп арттып, отандық өнімдер молынан
өндіріліп, елімізде ғана емес экспортқа шығарылғанда, ел ішінде кең қанат
жайған өзін өзі өлтіру, қылмыс, түсік жасау, тастанды бала, қарттар үйі,
жұмыссыздық, баспанасыздық мәселелері шешіліп, сыбайлас жемқорлық, сөз
бостандығы көрсеткішінен әлемдегі 166-орыннан алғашқы отыздыққа кіргенде елдің
өркендеуі туралы сөз етуге болады. Мақтаннан мақтанқұмарлық, мақтансүйгіштік
пайда болып, ол асқынған кезде мақтаншақтық қасиетке ұласады.
Нұратов Медеу
Қостанай облысы
Рудный қаласы
Абай-дара,
Абай –дана!
Дана Абайдың ұлылығы сол – жеке адамға
қатысты өте нәзік, шетін қасиеттерді талдай отырып, ұлттық мінезден де осы
қасиеттердің көрініс алатындығын аңғартады. Қырық төртінші қара сөзінде «адам
баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтұғыны
болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, «бәрекелді» деушіні көңіл іздеп
тұрады» деп адам баласының әлсіз тұсының тамырын дөп басады. Осындай
«бәрекелді» тілегіштік біздің елде мемлекеттік сипат алды. Мемлекеттік
телеарналар мен баспасөзде тек «бәрекелді» тілегіштік сарын, «бәрекелді»
тілегіштік саясат. Қазақ қоғамында мәселе, не шешілмеген түйін жоқ па деген ой
тудыруы да мүмкін. Әлемнің дамыған 30 елінің ұстанымдары қалай? Адамдық сапа-қасиеттерді
мейлінше сараптан өткізген бұл дамыған елдерде мақтан мен «бәрекелді»
тілегіштік саясат әбден екшеуден, талқыдан, тараздан өткен сыңайлы. Қазіргі
жаһанданған қоғамда құндылықтар, өркениеттер, саналар қақтығысы орын алуда. Бір
конфессияның екінші бір конфессиямен шиеленісі тым күшейіп отыр. Еуропа
құндылықтары үшін қатардағы іс, өзге елдер үшін кешірілмес күнә, барып тұрған
азғындық. Ондай әрекеттері үшін ортағасырлық жазалау әдістері дайын тұр. Діни
құндылықтарды адами құндылықтан жоғары қою, асыл дінді дұрыс түсінбеу,
түсіндірмеу түрлі қасіреттерге алып келуде. Кертартпа, соқыр, жалған, таптаурын
сенім, намыс адамзат қоғамын жалпыадамзаттық құндылықтардан алыстатуда.
Абай отыз алтыншы сөзінде «надандықтың
ұяты» деген қасиетті айтады. Ұялмайтын нәрсеге ұялатын, ұялатын нәрседен
ұялмайтын тоғышар санадан, ергежейлі рухтан, таяз парасаттан, соқыр
надандықтан, парықсыздықтан, ардың ластығынан туыындайтын әрекет.
Абайдың «Надандықтың ұяты» ұғымы – ақын өмір сүргеннен бері екі ғасырға
жуық уақыт өтсе де, адамзат сана, таным, парасат тұрғысынан жаңғыра алмай
отырғандығын көрсетеді. Сол сияқты қазақ қоғамына да менталдық, рухани, парасат
тұрғысынан жаңаратын, ескіліктің шеңберінен шығып, жаңаға ұмтылатын,
құндылықтар дүниесінде ревизия жасап, дақпырт пен даңғазаға, кертартпалық пен
соқыр нанымға, таптаурынға, екіжүзділік пен аярлыққа, жалған намыс пен
мақтанға толы рухани, адамгершілік келбетімізді жақсартуға, адам құқықтары мен
бақытын дәріптейтін жалпыадамзаттық құндылыққа ұмтылатын кезең келді.
Адам құны мен құқығы кеміген, арзаңдаған,
аяқ асты болған қоғамда – адам ешқашан бақытты болмайды. Адам құны мен құқығы
жоғары қоғамда ғана адам өзің толық бақытты сезінеді.
Касихан Асел
Қарағанды қаласы
Абай — дана, Абай — дара қазақта
Мен қазақпын дейтін әрбір адамның
жүрегінің түкпірінде Абайға деген бір жылы сезім жататыны мәлім. Оның терең
мағыналы өлеңдері мен әндерін, қара сөздері мен дастандарын оқып, жаттап, айтып
өскен әрбір адам Абай десе елең ете қалары сөзсіз.
Абайдың
зиялылық шығармашылығы оның педагогикалық көзқарасымен ажырамас бірлікте. Абай
адам баласының тіршілігіндегі тәлім мен тәрбиеге ерекше мән беріп, өмірінің
ақырына дейін ағартушылық міндетін терең сезінген. Мәселен,
«Ғылым
таппай мақтанба,
Орын
таппай, баптанба,
Құмарланып
шаттанба
Ойнап
босқа күлуге,» — дей келіп, адам мінезіне жақсы да жаман әсер ететін сипаттарды
тарата жіктеп, даралап түсіндіріп береді. Жас ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесін
жан-жақты жырлап, адамзат баласының ең асыл қасиеті білім-ғылымға ұмтылу деп
бағалайды. Ғылым-білімге талпыныс адамның жан дүниесімен қоса сыртқы айнала қоршаған
экономикалық-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысты екендігінің шындығын
айтады.
Абай –
кемеңгер! Бүкіл халықтың бетке ұстар данышпаны. Сондай-ақ, Абай көзі тірісінде
өзінен кейінгі өнерлі ұрпақты әдебиетке, поэзияға жетелеген өрелі Ұстаз, Хәкім!
Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің
ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін
кемеңгері — Абай Құнанбаев.
Елеусіз Талғат
Нұр-Сұлтан қаласы
Я проживу свою жизнь с тем,кто даже в самой большой ссоре
скажет ‘Ты мне нужна’…кто вместе со мной будет бороться за нашу любовь…кто
не даст мне бояться ничего,даже того,что я могу его потерять…c тем,кто
услышав от меня ‘Я не люблю тебя’ обнимет и скажет ‘придется любить’..с тем,кто
даже когда занят,может найти время,позвонить и спросить’Как ты,любимая?’