Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан талдау
Шығармалар- toleuovagoi
- 06.07.2022
- 1
- 0
- 55259
А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінде ұлттық құндылықтарымыз жан-жақты суреттелген деп айтуға болады. Ұлттық мүдде идеясын бірнеше оқиғалар барысында көреміз. Автор барлығын өз кейіпкерлерінің бойындағы құндылықтар арқылы жеткізеді.
«Шашты» әңгімесі – адамның жан дүниесіне қатты әсер ететін шығарма.Оны қаламгер ұлттық мүдде тұрғысынан қарастырған деп білемін. Шығарманы оқыған сайын ұлттық құндылықтарымыз биіктей түседі.
Ең алдыменен, шығармадағы көтерілген басты мәселе – адам тағдыры. Жер бетінде адам тағдырымен ойнап, оның өмірін ұрлаудан артық күнә жоқ. Жазушы, біріншіден, осыны ашып көрсетеді. Оны біз түрікпендерде құлдықта өмірін өткізген Тасқұл бейнесі арқылы көреміз. Құлдықта жүрсе де, ар- намысын алдыңғы орынға қойған Тасқұлда ұлтымызға ғана тән намысқойлық қасиет басым деп ойлаймын. Ол қанша рет қашуға бел буса да, босап шыға алмайды. Сонымен қатар, ешқашан да өзінің шыққан тегі туралы тіс жарып айтпайды. Бұл халқымызда өз тегіне, руына қара дақ, сүйекке таңба салмау деген қастерлі ұғымымен тікелей байланысты деп түсінемін. Міне, шығармадағы ұлттық мүддеге келгендегі ең бір ұтымды жері Тасқұлдың осы бір қасиетінде жатыр.
Екінші бір ұлттық құндылықтың көрініс тапқан жерін «Өзге жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген халық даналығымен байланыстыруға болады. Түрікпендерден қашып құтыла алмаған Тасқұл құлдыққа түскен Кенжебектің өз тағдырын қайталап, құлдықта өмірі өткенін қаламайды. Өз арманына жете алмаса да, соны Кенжебек арқылы жүзеге асырады. Осы жолда Тасқұлға халқымыздың даналығы, көрегендігі, ат баптау өнеріне деген , аспан әлемінің құпияларын терең меңгерген сұңғыла қасиеті көмектеседі. Бұндай қасиеттер біздің қазағымызға ғана тән екенін білеміз. Шығармада: «– Шашты-түкті дүние сені адастырмас, толған ай алтын қазығың. Түнгі дегдар даламен көк бөріше жортарсың… Әулие пірің Баба түкті Шашты Әзиз қолдасын, жылқы пірі Қамбар ата қолдасын, қысылтаяңда қырық шілтен ғайып ерен кезіксін!» деген Тасқұлдың балаға берген батасының ұлттық мүдденің ең бір шарықтау шегі деп айтуға болады. Көк бөрі біздің көк түріктердің символы болған, жылқы пірі Қамар ата халқымыздың серігі, қанаты болған, Баба түкті Шашты Әзиз қорғаушымыз болған. Тасқұлдың осы батасының өзі қазақ халқының бүкіл болмысын ашып көрсетіп тұр емес пе?
Халқымыздың бойындағы ең бір асыл қасиет – ұлт мүддесіне қызмет етер ұрпақ жалғастығы. Тасқұлдың Кенжебекке берген бүкіл тәрбиесі, айтқан сөздері оны намысты, қайсар етіп тәрбиелеп шығарады. Еліне жеткен Кенжебек осы тәрбиені ту етіп, ұлт мүдесіне қызмет етіп, атақты батыр болады. Шығарманың соңында Әз Тәуке хан тұсында шоқбелдеу таққан Шашты айтулы азамат болып, аты ел аузына ілікті деп аяқталады. Жорықта қол бастайды. Баяғы теке түрікпенді шауып, қыруар жылқысын қайтарып алып, түрікпеннің сұлу қызын қоса әкелді. Осылайша, жылқышы атасының ғана емес, құлдыққа түскен күллі қазақ затының кегін қайтарады. Кенжебек қалған өмірінің азаттықта өтуіне себепші болған атасының сөздерін есіне алып, өміріне жаратады. Осы тұстан ұлтымызға тән жаудан кек қайтару, туған елге қызмет ету, намысты қолдан бермеу, үлкеннің кеңесін азық, аманатқа қиянат жасамау сияқты ешқашан ортаймайтын, құндылығы жойылмайтын ұлт тағылымын көреміз деп ойлаймын.
Қорыта келгенде, әңгімеден алар тәлім-тәрбие көп, осы құндылықтарды өз бойымызға сіңіріп, Шашты сияқты еліміз бен жерімізге қызмет етейік деп ойымды аяқтаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жаратылыстану-метематикалық бағыттағы эссе жиынтығы «Адамзат баласы құндылыққа мүделі әрі мұқтаж»
Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінде көтерілген мәселенің маңыздылығын талдап жазыңыз
жүктеу/скачать 351.5 Kb.
|
Байланысты:
ЖАР-МАТ ЭССЕ 1 бөлім
Силлабус.Жоғары мект.пед.,2021-2022, Анкета1, Дневник-отчет по практике — рус, 94733, 351494 (2)
18. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінде көтерілген мәселенің маңыздылығын талдап жазыңыз
Жаугершілік заманда шапқыншылар өзге елді тұтқиылдан шауып, жылқыларды барымталап тұтқын ретінде үлбіреп тұрған сұлу қыздары мен батыр ерлерін еріксіз алып кететін. Ұлы даланың қатаң ережелері тұтқынға түскен бойжеткендерді күң етсе, ер азаматтарын құл қылатын. Алайда туған елге деген сағыныш еріксіз тұтқынды да тәуекелге бел буып, қашуға итермелейді екен. Алғаш рет “Шашты” әңгімесін оқығанымда, мен осындай тұрғыдағы сезімдерді бастан кешкен едім. Әңгімеде көтерілген мәселелер: ер-азаматтардың ар-намысы, шапқыншылыққа ұшыраған елдің күйі Айгүл Кемелбаеваның өзге де туындылары секілді аса аяныш, үрей, қобалжу сезімдерін туғызады. Аталған автордың шығармашылығының өзіне тән ерекшелігі, асыра сілтеу секілді әдеби құралдары жиі қолданыла бермейді. Оның туындыларында тек қана шындық, бүкпесіз айтылады. Солардың бірі “Шашты” әңгімесі. Әңгіменің бас кейіпкері қарапайым жылқышының бейнесінің негізінде бұқара халықтың күйін автор шебер жеткізеді. Сонда да неліктен әңгіменің басты мәселелерінің біріне ер адамдардың ар-намысын жатқызып отырмыз.?-, деген сұрақ туындайды. Тұтқынға түсу-көшпелі рулар үшін қарғыс таңбалы, көк соқққанмен тең. Жат жарылқамайды. Міне сондықтан, еркек баланы өлсе де аямайды. Тіпті әңгіменің бас кейіпкерлерінің біріКенжебекті де жау қолының оншалықты аямағандығын да байқап қаламыз. Кенжебек секілді талай адамдарды құл ретінде жұмсап, отбасын құруға да мүмкіндік бермейтін. Тек қара жұмысқа салып, қашқындар жазадан көз ашпайтын. Өз еркінен тыс тұтқынға түскен адамдардың өмірін, тағдырын ойыншық еткен жау қолындағы құл тірі адамның емес, тірі өліктің күйін кешкендей өмір сүрді. Қаншама адамның өмірі “Шашты” әңгімесіндегі дана қарттың балаға айтқан шерінен, жүрегіндегі терең жарасынан көрініс табады. Өзге елге құл болғасын, қанша еркекпін деп намыстанса да, жау үшін олардың құны тышқақ лақ ғұрлы жоқ.” Шашты” әңгімесі тек сол замандағы жау қолына түскен халықтың күйін ғана емес, қасиетті жылқы малын бағудың қыр-сырын да атап көрсетеді. Сіз қазақ халқының қатардағы тұлпарды, жүйрік сәйгүлікке айналдыратын көреген халық екендігіне көз жеткізе аласыз. Алайда мені ойландыратыны жылқы малын бағудың біз білмейтін қандай ерекшелігі болуы мүмкін? Біріншіден, әңгіме барысындажылқышы тұлпарға түйе сүтін ішкізіп бағады. Соның нәтижесінде сәйгүлік қайратты әрі жүйрік бола түседі. Екіншіден, жылқышы жылқыны өзеннің мөлдір суында жуындырмай, құмда аунатады, бұл әлдеқайда тиімдірек. Үшіншіден, әр тұлпардың өзінің кемшілігі бар болғандықтан, қанша жүйрік десекте, оның да әлі құратын кез болады. Сондықтан, әсіресе шөл далада жылқы үлкен күтімді қажет етеді. Кенжебектің қу далада аштан қатып, шөлден қысылып жатқанына қарамастан, азығын бірінші сәйгүлікке беріп жатады. Жылқы атасы Қамбар атаның рухына сыйынып, дұға тілеп отырады. Көпті көрген дана қарттың кеңесімен аспандағы Темірқазықты бағыт-бағдар көрсетуші көмекші құрал ретінде қабылдайды. Өзін жын-шайтандардан қорғау мақсатында арқанды шеңбер күйде жасап өзін де, тұлпарын да тылсым күштерден қорғап қалады. Осыдан екннғой атам қазақ:”Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мінсе, бір дене бір жанға айналып кетеді. Қашса-құтылады, қуса-жетеді,-дегені осыдан екен. Әңгімеден тағы бір байқайтынымыз қарттың көрегендігі мен баланың өжеттігі жайлы жиі айтылады. Ендеше қарттың көреген дана екендігі, ал баланың айтқанынан қайтпас қайсар екендігін не дәлелдейді? Қарт даналығы баланың бойындағы өжеттік, қайсарлық іспеттес қасиеттерді көре білгенінде. Баланың қазақ екендігін тани сала, оған бас салып, қашуды ұсынған жоқ. Алғашқы он екі айда жылқы малын бақтырып, жүйріктің барлық қыр-сырын үйретеді. Ал бәйгенің ұйымдастырылуы қажетті сәтті туғызып, қашуға қолайлы жағдай пайда болады. Дегенмен, бала әлі жас бүлдіршін болғандықтан, біраз күдіктеніп, өз-өзіне сенімсіз бола бастайды. Шал да бұның қисынын тауып, оны ойынан айныту үшін шындықты айтуға мәжбүр болады. Баланың бойына сенім біткесін, бойындағы ерлік қасиеті бәйгеде анық көрініс табады. Тіпті шөл далада қысталаң күйді кешсе де, ол еш мойымайды. Бұл баланың мінезділігін көрсетеді. “Шашты” әңгімесінде жылқышы үшін де, Кенжебек үшін де жыт еткен сәуле қай уақытта жағылады? Бәйге ұйымдастырылмақ болғанда жылқышы анасынан жаңа туған сәбидей қуана жөнеледі. Ол үшін үміт пайда болады. Кенжебекті елге қайтару үміті. Қанша жылдық кегін қайтару үміті. Кенжебек үшін де бұл үлкен мүмкіндік болатын. Басында сенімсіз болғанымен, бойындағы жігерліктің шалдың оятуы нәтижесінде жылқышы қарттың да, өзінің де үмітін ақтай білді. Менің ойымша жылқышы қарт пен баланың кездесуі кездейсоқ жайт емес. Екі заман адамдары басындағы тағдырдың қиыншылықтары мен ортақ қайғымен бір-бірін тапқан жандар. Біреуі баланың бойындағы арманда кеткен жастықты көретін. Әрі өміріндегі ең үлкен қателігін қайталамау үшін барын салатын. Бала болып жатқан жайттардан не ұғынсын, өзінің қандай күйге түсетінін қайдан білсін. Бірақ бұл жағдайлардың барлығы оны күрт есейтіп жіберді. Қорытындылай келе: Атаулы тарихи әңгімелердің бірі тап сол заманның өзекті мәселелерін қозғап қана қоймай, бүгінгі күнмен де тығыз байланысты. Сол заманда ер азаматтар ар-намыс секілді бағалы қасиеттерінен құл болғандықтан айырылса, қазіргі заманның ер адамдары сол секілді қасиеттерді өз бойынан жоғалтып, еркек аттарынан ерікті түрде айырылып жатыр. Бұл мәселенің бүгінге дейін де өзекті болып келе жатқаны өкінішті-ақ.
Достарыңызбен бөлісу:
Берілген түсініктемелерді сәйкестендіріңдер
Дұрыс нұсқамен салыстырыңдар
Сеитназар Сеиди* – орыс тіліне аударған Н.Вольпин.
Али Акташ* – қазақ тіліне аударған Бауыржан Жақып.
Құма* – көне. Күң, шапқыншылықта қолға түскен әйел.
Оба* – түрікпен ауылы.
Ысық көл* – Ыстық көл.
Алғи* — елсіз алыс жер, қатерлі жол.
Алақшы* – миф.кісі өлтіруші, ажал.
Лаухил* – тағдыр тақтасы.
Бақауыл* – әскерді жабдықтаушы, олжа бөлуші.
Сейілхан* – қазақ түрікпенді кейде солай атайды.
Құртқа* дүние – опасыз қу дүние.
Теңіз* – Балқаш көлі.
Теке түрікпен*, бұғы қырғыз* – ру аттары.
Суын* – теңіз жылқысы.
Шоқбелдеу* – асыл тасты белбеу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Парасат пайымы
Сабақ тақырыбы:
«Шашты» әңгімесіндегі автор бейнесі
Оқу мақсаты:
10.2.2.1 — автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау.
Сабақ мақсаты:
Шығармадағы автор бейнесіне талдау жасау, оқиғадағы негізгі көрінісін анықтау, өзіндік баға беру.
Бағалау критерийлері:
Әңгімедегі автор бейнесін анықтайды, автор бейнесіне талдау жасайды, өзіндік пікірін білдіреді.
Топқа бөліну
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу
Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
|
|
|
|
|
|
|
Қарап көріңіз 👇
ассаламағалейкум достар! А. Кемелбаева «Шашты» әңгіменің идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. Мысалы кейіпкерлердің бойындағы қандай қасиеттер болды? (қамқорлық және тб) және соған дәлел жазу керек.
Тұлпардың тұяғы таптағанда даланы,
Аспан алты, жер жеті ойран-асыр болады.
Фирдоуси
В этом мире, где счастье – пустая ложь,
Лишь одно без обмана – хребет коня*.
Сеитназар Сеиди
Көшпенділер – құм тәңірлері*.
Али Акташ
Бабалар біздің шежіре жазып қалдырған.
Қасымхан Бегман
– Қай ноғайсың?
Екеуі қоста оңаша қалғанда жөн сұрасты. Жас бала айшылық алыс жолдан барымтаға түскен қыпшақ жылқысымен қоса айдалып келген. Түрікпен Әмударияны бетке алып, Сыр бойы қыпшақтан алған қалың жылқыны дүркірете қуып, күн-түн жортқан ат үстіндегі сергелдең он бір жасар оғланды дереу есейтіп тастамаса да, қапелімде азат басына түскен қыл бұғауды тосырқап, тілі байланып, жан ұшырған.
– Аға, біз қыпшақ, атам аты Ерторы, әкем аты Құлпейіс, анамның сүт кенжесі Кенжебекпін, – деді бала көзі жасаурап, мөлтең қағып.
– Балам, сен мені жылқышы ата дерсің, – деді қазақ шал түсі жылып, – құдай аламанға кезіктіріп, таландыға бір түскен екенсің, бекер жаси берме. Ай-Күн жарықсыз болмас.
Ат құлағында ойнап өскен қыр баласы сол қырғын күнгі мың жылқысын қорыған қыпшақтың шетінен сүйекті, сай тасындай ірі, сом білегі тізеден келетін үш ер азаматының қасында шоқайып, өзі тіленіп, ат арқасынан түспей қойған. Қырық қаралы теке түрікпен* жер астынан шыққандай, жусаған жылқыға андыздай тигенде аз қыпшақ сүйірленіп, найза кезене, қарсы шабуылға қасқая ат қойды. Ешбірі тірі қалмасын білген, өлсе, жастығын ала өлмек. «Жал-жал құм арасына қаш! Қалың жыңғыл, сексеуілді панала, тез тығыл, жотадан ассаң, жау таппай қалар, құтыл, бауырым!», – деп бірі артына қарайлай бере, Кенжебекке жанұшыра айқайлаған.
Кенжебек астына мінген дегдар тұяқты жануар қиқу тиіп, құйрық-жалы нөсердей құйылып, дүр сілкінгенде желдей ескен мың бас жылқыдан үркіп, кісінеп салды. Ойдым-ойдым құм арасы жылқы жаюға қолайлы болғанымен, ат күрмеліп, шаба алмайды. Бала ішіне шоқ түскендей, айнала үшеуін, батыр ағаларын ажал сұмға қимай, көн садағын қолға ала ұмтылды. Омыраулай қарсы келген жалбыр бөрік дәу түрікпен ат үстінен қарғадай баланы жұлып кеп алды. Ұрыста жазым болып, қосақ арасында бекерге өлмесін деп ол баланы алдына лақша өңгере салды.
Жылқы күзеткен арыстай үш жігіт ұрыста өліп, Ерторының немересін табын-табын жылқымен қоса теке түрікпен олжалап, күнбатыс еліне айдап әкеткенін естігенде, тұсауы кесіле сала ат арқасына мінгізген қыпшақ елі ұлардай шулап, қатындар дауыс сала, бет жырта жылап, аһ ұрып қала берді.
– Қай ноғайсың? – деп сұрады бала іркілмей.
– Қаңбақша ауып, тамырсыз дедектеген мен бір қаңлы.
– Қаңлы ішінде қай аталық? –деді бала ересек адамша сыр тартқысы кеп.
– Тегін сұраған жат болмайды. Қаңлы десем, көгім қазақ дегенім, қарағым. Бабам азан шақырып қойған есімімді, сүйегімді жариялап айтпай-ақ қояйын. Сен сұрама.
Кенжебек жалшы шалдың ата тегін, руын дәл атауға құлықсыз екенін, батпандай құпия қайғысын нұры тайған көзінен ұқты. Әйтпесе тұқымы асыл болса астындағы атына өз тайпасын қосақтай айтуға шалт қазақ нәсілінен ғой.
– Ат басы мен ер басы қайда қалмайды, – деп күрсінді шал.
Ошақтағы от жалын кеміп, көлеңкелер бұға қалғандай, жатаған сексеуілге айналғандай елестеді.
– Сен, қарағым, алаңсыз ұйқыңды қандыр. Түнгі күзет мына менікі, атаңдікі, – дегенде жылқышының дауысы ерекше жұмсарды. – Тасқұл атаң жалғыздық сүрейге әбден еті өлген.
Ол қыпшақтың еркек баласын жортуылшы топ олжалап әкелгенде қатты тіксінді. Кенжебек теке түрікпенге тұтқынға түскелі қолына құрық ұстатып, жылқы бақтырды. Бала қасындағы үзеңгілес серігі қазақ болып шыққанына әкесін көргендей қуанды.
Ұзамай Кенжебек жаңа тірлігіне үйрене бастады. Түрікпен жылқысы шетінен аққу мойын, тік сирақ, бойы биік келеді, аяғын қаз басқанда ерен бекзат жануар болар ма, соны көргенде арқасы қозды. Бұрын көз үйренген қыпшақ, адай, алаша, шекті жылқысының шомбал мүсіні қораш сезіліп, шоқтығы биік, сымбаты көркем текежәуміт тұқымды жылқы малсақ ұлдың көзіне оттай басылды.
Теке түрікпен бегі Атажан байдың мол жылқысын иен түзде жалғыз бағатын Тасқұл қасына қарындас бауыр келгелі арқаланып, ат үстінде ыңылдап өлең айтады. Екеуі аңдуыл сырт көзден таса тілдеседі.
– Теке, жәуміт, ерсары, ғөклен, салыр тайпалары бір-бірімен қыз алыспайды, жиырма төрт ата түрікпенде қазақ рулары сияқты алыстан, жеті судан асырып құдаласу салты жоқ. Қатын-қыздарын қызғыштай қориды. Қазақ пен түрікпен өзара шабысу, аламаннан екі жағы да ешқашан айныған емес. Оғыз-қыпшақтан бергі көрген тірлік, жылқы алу, қатын-қыз, бала-шаға олжалау. Шекті-шөмекей қазақтың ұсақ шоқылығы, жалпақ жон Арқаға апарып орта жүзге сататын қыз-келіншек түрікпен тыстан жаулап әкелген жесірлер, бұл құма* мұңлықтардың құны құл базарында арзан. Айырбас саудаға жәуміт тайпасы жүреді. Олар парсы патшасына бағынады. Ғөклен бес қаруын асынған жауынгер ел. Түрікпен ноғай мен жетіруды жиі шапты. Қазақ руларынан түрікпенмен жиі соқтығысатын найзасының ұшы алтын кіші жүз байұлында адай елі. Адай біресе теке руымен, біресе жәумітпен алыс-беріске икем, көбіне шабысып, аз мезет табысып та жүреді. Қос дария бойында ежелден қыпшақтар түрікпенмен араласып, бірге көшіп-қонып жүруші еді. Құла түзде кебінсіз қалғаны бар, тігерге тұяқсыз қалғаны бар, оғыз-қыпшақ тұқымы бүліншілікте жан алысып, жан берісіп, ауыл, оба* барымта, қанды соғыстан запыс болса мейлі, бұл дағдыдан ешқайсысы жаңылған емес.
Сыр бойына жиі шабуылдайтыны текежәуміт. Қой үстіне қайдан бозторғай жұмыртқалайды. Қазақлық заманнан үш жүз бір ту астына біріксе, ер түрікпеннен бөлек, өр Алтайдан Еділге өтіп, қырғидай тиген құба қалмақтан, Ысық көлдің* арғы жағынан жөңкіліп тиісетін жауынгер тайпа қырғыздан, ормандай кәпір орыстан, сірә да жеңілмес еді.
Тасқұл шал айтқан сөзі қарғадай Кенжебектің көкейінде байыздап қалсын деп Сыпыра жыраудай түптен толғады. Құлпейістің кенжесі өз елінен тоналған қалың жылқыны бағуға жегілді. Түрікпендер жылқы мен баланы әуелде мықтап күзетті. Атажан бай жылқысын алпыс жыл бойы үзбей бағатын кәрі қазақтың қасына қарғадай ұлды қосып берген. Жылқышы шалдың жанынан екі елі қалмайтын ақтөс қос төбеті бар.
Жыл он екі ай өткенде Кенжебек жылқышы ата бір күні бай үйінен таңдаулы құлындарға беретін түйе сүті құйылған месті әкелгенде көзі шырақтай жанып, алағызып келгенін бірден ұқты.
Түрікпен мен қыпшақ тойында көшпелі салт бойынша ат шаптырып, балуан күрестіреді, бәйгеге үйірімен жылқы, сан бас түйе, тайтұяқ күміс тігіледі. Атажан бай елінде болатын үлкен той, ат бәйгеге қос тұлпарын қосу үшін атбегілігі сыннан өткен қарт қазаққа баптауды бұйырған екен. Жылқышы иесінің небір жүйрік атын талай мәрте жаратып, олжа салып жүргеніне алғаш рет жүрегі атқақтап, өлердей қуанды. Бұрын бәйгеден аты озса, бай ризашылығын жомарттықпен білдіргенде селт етпеуші еді.
Құланның қасуына, мылтықтың басуы, бұл құдайдың бұйрығы, аруақ жебеді, – деп таси сөйледі Тасқұл. Шал анадан қайта туғандай күрт өзгеріп, құшырланып сала берді. Тұйық судай тұнжырап тұратын шегір көзіне от толып, жасынша жарқ етті. Бала қарт жылқышының оқыс өзгерген мынау мінезін әсіре атқұмарлығынан деп ұққан.
Бірде жеті қараңғы түнде ғадетте құс ұйқылы шал баланы ұйқысынан шырт оятып, ошақтағы шоқтың жылт-жылт еткен табында қарсы алдына отырғызып қойды. Кенжебек көзін аша алмай, аузын аша есінеп, ұйқы қысып, түк түсінбесе де, есін ептеп жиып алды. Қай қуыстан суырып алғанын, жылқышы шал оң иығына бөрінің бас терісін тұтас қалдырған көкшулан терісін жауып алыпты.
– Шырағым, сын сағатың туды, ал, көзіме тік қара, сөзіме бақ! – деп бұйыра сөйледі жылқышы. – Түрікпеннің атқұмарлығы атаң қазақпен тең. Бәйге десе екеуі де ішкен асын жерге қояды.Түрікпен ежелден марғау далада тежеусіз құландай өскен ер қазақты қарақшы, бүлікші, тентек көреді.
Бөрі көсемі абадан болар, бөрі күшігі бөлтірік болар, бөрі анадан сүт емген қыпшақ тұқымы екеніңді мынау құмдағы мимырт елге мықтап танытар күн туды! Ежелден қоныстас теке түрікпен бұл тойды әсте ұмытпас, жадынан өшпес таңбалы етеміз!
Кенжебекке жылқышы шал құдды жер қайысқан әскермен жалғыз соғысуға даяр қас батырдай ерек көрінді. Айтқанын қалт жібермей тыңдап отыр.
– Бұлар да қазақ сияқты көбінесе басы жаугершілікте бірігетін алтыбақан алауыз ел екені рас. Тайпалары өзара дүрдараз болғанымен түрікпен тегінде асыл текті мәрт халық. Бірақ соғыстан түскен жетім-жесірді аямайтын қатал заңды қай халық болсын ұстанады. Сенің құның бұлар үшін тышқақ лақ ғұрлы жоқ. Тұтқынға түсу көшпелі рулар үшін қарғыс таңбалы, көк соққанмен тең. Жат жарылқамайды. Сондықтан мына сені, еркек баланы өлсе аямайды. Қоқан, Хиуа бектері қазақтан қыз салық алып басынады. Түрікпен салты қазақ сияқты, ұлы қатынын текті тұқымнан айттырып алады, күшік қатынын жесірден алады. Жетім қыз болса малдыға кішілікке береді, анасы көгі бөтен болса, одан туған ұл бала есіміне «құл» деп жалғайды. Таза қанды түрікпеннен шатаны солай айыру үшін.
Бала тез тітіркеніп, қорқып кетті, үкідей дөңгеленген көзіне шүпілдей үрей толды.Үлкен кісі нені мегзеп отыр? Мұны түрікпен бектері ат құйрығына байлап өлтірейін деп жатқандай тұспалмен орағыта сөйлегені несі?!
– Атажан қос жүйрігінің біріне шабандозға сені шаптыратынын кәрі жүрегім сезеді.
Шал көкейіндегісін айтқанда Кенжебектің тынысы кеңіп сала берді. Е,е, теке түрікпен де қазақ сияқты обал-сауапты білетін ел, тірі жан иесін беталды өлтірмейді.
Бұл түйелі көрші ауылға түйе сүтін меспен әкелуге барған сайын түрікпен шешелер дәмді асқа тойғызып, жетім-жесір, құл бала көріп, іштей мүсіркейтінін талай басынан кешті. Түрікпен жылқысына түйе сүтін береді.
– Кенжебек, жас та болсаң, бас болар сәт келді. Теке түрікпен «Әр түлкі өз құйрығын мақтайды», – деп айтады. Текежәуміттің айтулы бектері, бай-бағланы өз жүйрігі озғанын күтіп, жарысты есі шығып қызықтайды. Бәйгенің ең қызған шағында кертағыдай бұл қазақ бүлікшіл, өлермен халық екенін көрсет, менмен текежәуміт бектеріне атасын таныт! Сол сәт менің есіл өткен қайран өмірімнің құны толық ақталғаны! Қарағым, бұл тойда сен тәуекел деп бел буып, еліңе қашасың!
Бала бауыр басып қалған жылқышы атасының бағанадан бері нені көксеп, нені айтқысы кеп қомданып отырғанын енді айқын ұқты. Не дерге сөз таппай қалды.
– Неге үндемейсің? – деп сұрады шал жарықшақ дауысы тарғыл шығып.
– Ей, ағатай, айташым, сен мені тыңдашы. Мен қашсам түрікпендер момын аңша аулап, тарпаңдай қайырып әкеп, шырқырата ұстап алады ғой!
– Тұлпар дүбірі сені қиянға шырқатып әкетеді. Қазақ шығасың! Жылқы атасы керқұлан, жылқы аяқты мал, арқасына бір қонсаң, аруақ жебейді, құстай ұшып, желдей есесің. Сырдың суы сол сәт сирағыңнан келмейді, ұлым. Мұратың тек қашу болсын. Ат асылы теке түрікпенде, ендеше, тақымыңа Ақсақ Темірден бергіде қызылбастың мәртебелі әмірлері мінген қас жүйрік тиеді. Азаттыққа бәс тігуге ықтиярсың ба, ұлым?
Кенжебек алғидың шөлінде, қиян-қия елсіз жолдың қауіп-қатерлі уытын жұдырықтай жүрегімен ауыр сезінді. Басын изегендей болды.
Кәрі-жас екі қазақ қостан шыққанда көктегі ай тола бастапты. Жалшы шал тарамыс мойнын созып, көк аспанға телміре қарады.
– Е, балам, бағың бар сияқты, жазмыш жазуын қарай ғөр! Анаң сені ай толғанда толғатып туған екен. Шашты-түкті дүние сипаты жарқырай туып келеді, о, тоба, шебер Тәңірі жолыңды оңғарайын деп тұрғанын қара!
Кенжебек аңтарылып, көкке көз тікті. Кәдімгі түнгі аспан, жұлдыздар баданадай анық, ай сүттей жарық. Жылқышы ата нені мегзеп, қандай игі нышан көргенін ол түйсінгісі кеп кетті.
– Шашты-түкті дүние сені адастырмас, толған ай алтын қазығың. Түнгі дегдар даламен көк бөріше жортарсың. Тақырбас таз түндердің шеті кетіліп бітті. Әулие пірің Баба түкті Шашты Әзиз қолдасын, жылқы пірі Қамбар ата қолдасын, қысылтаяңда қырық шілтен ғайып ерен кезіксін! Ешқашан алақан жайып, бата берген жан емен. Батамды бердім! Темірқазықты жадыңа мықтап тұт, шөмішті шоқ жұлдыздар илайым оң жолға салады. Оразалы құтылар, бейнетті тұтылар.
– Жылқышы ата, нені айтасың? Шашты-түкті деген кім?
– Бұрынғы көнекөз жұрт көкірегі ерен көркем еді, толған ай көрсе шашты, жазғы сәуле құйылса түкті деп жатушы еді. Алпыс жыл бұрын бабамнан естіген сол сөз санамда жарқ ете түскені тегін нышан емес.
Бала есінеуі жиіледі, ары қарай сөз тыңдауға зауқы соқпады.
Ертесінде жылқышы шал Кенжебектің үкі көзінен кертабан бір үмітсіз торығудың жылт еткен белгісін көріп жаны ерен құлазыды. Оның қорқып, тайсақтауын іштей жазғыра алмаған. Бірер күнде баланың еңсесі түсіп кетті. Айшылық алыс жолды ат соғып, суыт жүріп келген балаға жыл озғанда иесіз, азықсыз, жападан-жалғыз жер түбіндегі еліне бас сауғалап, қашып баруы үшін жалаң тәуекел қылу аз. Көзсіз ерге лайық әрекетке баруға жас бала дайын емес сияқтанды.
– Жылқышы ата, мен ойласам… қашу михнаты тым қиын сияқты, – деп күмілжіді Кенжебек көзімен жер шұқылап.
– Ез болуды пір тұтпа, шырағым. Темірді қызған кезде соқ. Өзекті жанға бір өлім деп елге тарт. Есің барда елің тап!
– Айшылық жер, жер түбі, құм керуендегенде былтыр бейнетін әбден көрдім, жылқышы ата. Бірақ онда көппен бірге болдым. Аң-құс, қарақшы, алақшы* бар…
– Түрікпен Қорқытқа көр қазба дейді. Мен айтамын, Қорқытқа көр қазылсын, уақыты келсе даяр тұрады! Қайда барсаң Қорқыттың көрі десе несі бар? Көрге кіргенше көрерің аз болмайды, қарағым. Маңдайға, лаухил тақтаға* жазылған өлшеулі жас бар. Тікқұлақ көкжалдан несін қорқасың, тәңірі текті түркі-көк бөрі тұқымы емей, сен кімсің?! Тұрлаусыз өскен құландай қыпшақ қаныңды сатпа!
Жылқышы лаң тигендей атын шалт тебініп, шаба жөнелді, қос тау төбеті қапталдаса зымырайды. Ол табын жылқының ортасына тартты. Кенжебек оның соңынан ерді.Тасқұл ата наразы, мұның шалаширақ балапандай әлсіздігін қомсынып, жан алқымынан ашу қысқанын айтпай білді. Шіріген жұмыртқа, шүрегей, көк жасық дейді-ау. Бала қасына келген соң жылқышы шал мұны көзіне ілгісі келмей, тілсіз қалды. Күн қаққан өңі өрт сөндіргендей түтігіп алған. Мұның шалыс, қорқақ пиғылы дауасыз жараның аузын тырнаған тәрізді. Тек жылқышы атасы бек риза болу үшін бала қашуға бекінді, өлсе, шейіт болар, өлмесе тірі қалар.
Түн ауа жылқышы қосқа қайтпады. Кенжебек оның қасынан екі елі қалмаған.
– Түрікпеннің аламандығы қазақтың барымтасынан садаға кетсін, – деп ауыр күрсінді жылқышы шал. – Ноғайлы нәсіл тек жылқы олжалайды, сейілхан* жорықта мал-жанды түгел олжалайды. Екеуі адал ас ішсе, құдай аштан өлтірердей, құртқа* дүниеге құнығып, өзара жорық, құмда керуен тонаусыз күн көре алмайды. Бақауыл* болудан бұлар әсте жерімейді.
Оғыз-қыпшақ ежелден шығандай бергенмен түп нәсілі бір халық. Ұлы жүз қаңлы, жалайыр, шапыраштыда, орта жүз тобықтыда теке руы бар. Қарақойлы руы қыпшақта бар, түрікпенде бар. Байұлында шеркеш, түрікпен ішінде шеркез руы бар. Әлімде кете, түрікпенде кете руы бар.
Иісі қазақтың құдай сүйген қылығы жоқ. Ала жылан аш бақа, ала тілеу оңдырмасын бек біледі. Қара қыпшақ Қобыланды батыр Ақжол биді өлтірген соң арғын-қыпшақ айрылған. Кетелер кектесіп, адайдың бір ауылын шауып алады, адам шығыны көп болды. Әлім мен байұлы бертінге шекті тату болмады. Мұндағы түрікпен отын жағып, бесігін тербеткен, бірақ туған елін өлсе ұмыта алмайтын қаны қазақ жесірлер жылап айтқан құса-шер, шежіре естір құлақ керең болмаған соң көкейге жетеді.
Сырт дұшпанға сыр алдырып, елін зар еңіретіп, есесі кете бергені өз руы десе астамсып кететін, қит етсе атасын құдайдан зор көріп, тепсінген көр надан, менмен, жекпе-жекшіл, есерсоқ батыр атаулының кесірі. Мұндайда алақтап ажал іздеп ұрынғыш, алабас бураша шабынған ұрдажық есер еркек, даукес тентекке обал жоқ, бірақ қайран аналар мен қабырғасы қатпаған, ұядағы балапан, ұялас күшік, көзін ашпаған бала-шағаның соры. Оның несін айтайын. Тісімнен тіріде шығармаспын дейтін сұрқия сөзді айтқызғалы тұрсың сен маған.
Кенжебек жалшы шалдың әлемтапырық дауысынан қарадай шошынды. Шегір көзінен жаңбыр жаумайтын қу мекиен шөлдегідей тамшы жас тамбағанмен, жылқышы ата жаны егіліп жылап тұрғанын біле қойды. Зәресі ұшып, басын шайқады. Айтпай-ақ қойса екен деп тіледі.
Жалшы шал басындағы ақ жүн қозы бөрігін жұлып алды. Бас киімін Кенжебектің аяғының астына лақтырып тастады. Селдір шашы аппақ қудай екен. Қаһарлы хан алдына кеп, «Алдияр, дат!» деп тұрғандай мұнысы несі?!
– Есіңе мені бір жаман құл, Тасқұл деп алғайсың. Ертең қашпасаң, құлақ кесті қара құлдан бетер сорақы боласың. Мына сенің жасыңда тұтылдым. Уызымнан жарып, бал жалап өскенімді қайтейін. Ат тұяғы басқан жер шапқын, жылқы мінген елдер соғысып, жылқы өсірген халық шабындыға көп түседі екен. Аттанып шыққан түрікпен аламанда тұтты. Ойдағы ауылыма оқыстан жау тиді, қазанды қақ айырды. Қазақ пен текежәуміт, екі жағы барымтада бірдей ожар. Біздің рудың бас көтерер ерлері Жетісу, Теңіз* асып, бұғы қырғыздан* жылқы әкелуге кеткен кезіне килікті. Кілең қатын-бала, кәрі кемпір-шалдан бөлек найза ұстайтын ерлерден аз ғана топ қалған, жасанған дұшпан қырып салды. Жас қыз-келіншектер мен қорғансыз балаларды алғыншылар қоймен қоса айдап әкетті. Кебенек киген тірлік у татып, тұтқыннан қашып кетуге тағдыр еш қоспады. Талай әрекет қылғанмен, қолға түсе бердім. Арқамдағы дүренің іздері содан қалған белгі.
Жылқышы шал басы салбырап, ұзақ үнсіз отырып қалды. Іштегі шерін, асқан құпиясын ақтаруға батпайтын сияқты.
– Он үште отау иесі деген. Ер жетуге аз қалғанда, құдай кешпес бір кепке ұшырап, өлгім келді. Кісіге айтуға арланатын қорқау сөз еді. Құлдық кепиеті ұрмасын деп мына саған айтпасқа еш амал жоқ. Тәңірінің бұйрығы айтқызып тұрғанын қара. Түрікпендер бір күні қатын-қыздарымызға қарап қояды деп мені ата мал сияқты, қошқардайын тарттырып жіберді. Содан бергіде Азбанқұлмын!
Жылқышы шалдың иегі кемсеңдеп кеткенін көрген сәтте, бала аһ ұрып, оны арқасынан құшақтай алды.
– Келісті бозбала болып өсіп келе жатқаным қаралы құсаға ұласты. Не ер емес, не қатын емес, арадан шықтым, тірі өлікке айналдым. Баяғыда отқа табынып, маздатып шырақ жағатын бір елдің әмірші, бектері сарайында шырайлы күңдер ұстайды, сол сұлу күңдерін бақтыруға еркектіктен айырған басыбайлы қарауыл әтек ұстайды деп естуші едік. Түрікпен парсыға бізден ғөрі бір табан жақын жатқан ел, сынықтан басқаның бәрі жұғады, сұмпайы зорлықты жұқтырған көрінеді.
Ең қиямет тұсын айтқаннан соң жалшы шал біртүрлі жеңілденгендей, жаншылған қалпынан арылып, дауысы қайта өзгерді.
– Құлдан да бір сөз дейді қазақ. – Жылқышы енді айбат шеге сөйледі. – Бұқаға туған күн бұзауға туады. Бұқаны өгіз, айғырды ат, бураны атан қылу заты құдай қарғаған запыран зорлық, жаратылысқа қиянаттың көкесі. Қарғадай болсаң да көзіңдегі қос үрейді көрген соң түңіліп, сұрықсыз сұм кепті баян қылдым. Естіген құлақта жазық жоқ. Бекіту үшін айттым. Мені аяма, өзіңді ойла. Құлақ естігенді көз көрер. Қорықсаң құдайдың кәрінен, мына мен ұшыраған ықтиярсыз зауалдан қорық.
– Жылқышы ата, қашуын қашармын, бірақ мен қайтар жолды анық білмеймін. Әмудариядан өте алмасам өлдім ғой. Жау қолына қайта түссем, осы күніме зар болып, озандап қалармын.
– Мен шешекемнен ноғай-қазақ болып туғаным рас болса, байекемнің бәйгеге түсер құнаны нағыз құмай, қаракөк тұқым, аузымен құс тістейді. Мен баққан тұлпардан бір кінәрат табылар.
Жылқышы шалдың үні сенімді шыққаны сонша, бала үңіліп, оның бетіне қарады. Оның езу тартып күлгенін алғаш көрді.
– Ұлым, ат арқасында тіп-тік түзу отырғаныңды талай мәрте байқадым. Шап айылын қатты тартып мін. Аттан түскенде босатып отыр. Түн баласы ақ маяның жолына қарап жүресің. Темірқазықтан жаңылма, ұзақ сапарда бағдарың сол.
– Жылқышы ата, ақ маяның жолы қайда? – деп елең етті бала.
– Текежәуміт құс жолын солай атайды. Ойсылқара түлігі түйені пір тұтқан көшпелі тайпа болған соң құмға төзімді малды қастерлейді. Оғыз бабамның түп ұрпағы ғой. Оғыз бен қыпшақ тайталасқан, оғызды қыпшақ еңсерген, ел еңіреген жерлер, әне.
– Жылқышы ата, күндіз тығылып жатсам, қуғыншылар ұзатпай, ұстап алмай ма?
– Кезеуілші жау іздеген жасақтар кездесуі мүмкін. Әуелі жаратқан құдай, сосын әулиеге, пір Бекетке сыйынып, тарта бер. Сайтандай сап етіп, айшылық жерден торғауыт құба қалмақ жортуылдайтыны болады. Сол жоңғар-ойратқа ұрынғаннан сақтағай! Хиуа әміріне бағынған қарақалпақ жолықса, бір ноғайдың нәсілі, Мүйтен би ұрпағымын деп айт. Аузыңа түскен бір қазақ рудың атын айта бер, албан, найман, қоңырат, керей, кердері, табын, үйсін аққойлы, ысты қарақойлы, жалайыр, жетіру, ашамайлы, қанжығалы, шанышқылы, тарақты, бессары, қыпшақпын де мейлі, қарақалпаққа бөтен болмай шығасың.
Жылқы әулие, әулиеге тапсырдым! Есті жануар ғой, құла түзде жалғызбын деме, серік болады. Құладын ұшпас шөлден өтесің, араннан бетер көрінер. Өлмеген құлға несібе мол екенін білгенде, құдайыңа құлшылық қылуды үйренесің әлі. Түрікпен байдың мың жылқысын бағып, мұнда бойкүйез қала берсең, онда тірі емес, өлі санатындасың.
Жылқышы шал бие саууға түйе мойнақ ыдысты ұстап сыртқа шығып кетті, бие байласа алабай иттер иесін қорғаштап бір бүйірде жатады. Кенжебек шал бие сауғанда жылқымен күбірлеп тілдесетінін байқаған. Қыпшақ ауылда биені кілең ерлер сауатын.
Кенжебек кимешегінің жиегіне зер жүгірткен үлкен шешесі тегенеге құйып, қайың ожаумен бал қымызды ағаштан ойылған тостағандарға толтыра құяр мезетін көз алдына елестеткені сол, көзінен бір тамшы жас ыршып түсті. Шіркін, апасының көк бешпентінің өңіріне бетін бір басып, иісін иіскер күн туса!
Тасқұл үйірлі биені сауып болған соң, сүтін сабаға толтырды. Кенжебекті ертіп құмға бет алды. Бәйгеге баптаған қос жүйрікті жетекке алды. Бала жон арқасымен сырт көзден именіп барады. Түрікпендер мұның түп ойын арқасынан оқып қоярдай қуыстанды. Бірақ ешкім бұл екеуін қалт жібермей қадағаламайды. Өйткені алпыс жылда жылқышы түрікпен болып, бұларға әбден сіңіп кеткен. Барар жер, басар тауы жоқ, от жаққан жері жоқ тексіз құл санайды, осы елдің бір шерлі жетіміндей көреді.
Қазақ шал жал-жал құмға жылқыны аунатты. Бала жылқышы атасынан көргенін істеді. Шөлейтте өскен теке түрікпен жылқыны суға шомылдырмай, құмға аунатады. Құм судан бетер қапысыз тазалайды екен, жылқы түгі жылтырап кеткенде Кенжебек қайран қалды. Бейнетқор атасы мал жайынан білмейтіні жер астында.
Кенжебек бала ата ақылымен күндегі екі кесек таба нанды жемей кептіріп, жолазыққа дайындаған. Тобарси кепкен майлы құртты бір дорбаға салды. Шал оған құмдақта аңқаңды аңызақ кептіріп, өлердей шөлдесең таңдайыңа салып, құрт сор, атыңа азыққа қойдың шикі құйрығын кесіп, бір тілімнен бер деп үйретті.
Өзге ел таң ұйқысын өлсе қимас өлара шақта тірлік қылатын жылқышы шал өзі бағатын көкбурыл тұлпардың құйрығынан қыл суырып, бір талымен көзге көрінбес қылып, тілінің түп жағынан байлап тастаған. Кенжебек көкбурыл жылқы қыш оттықтағы жемнен, судан қалып, бабында жаратылмасын айтпай-ақ ұқты, жылқышы сыбырлап, оған не істегенін айтты.
– Қарағым, Кенжебек, бәйгеге өзің баққан жүйрікпен шап, саған әбден үйренді, иісіңді алды. Тілерсегіне қарашы, көсіле шапса жаңылмас, омырауы даладай емес пе, өкпесі өшпейді. Жол азығыңды, қой құйрығын сырт көзге көрінбейтін қылып сал. Ат айдаушы секем алып, бұл не деп сұраса, аттың жемі дерсің. Тұсау жіпті ұмытпа. Бәйге айналма болатын болды, оңайға соқпайды. Ат тізгінін ердің басына үш орап ал. Үш айналғанша, тізгінді жіберме, ат тері шықпаса булығып қалады. Төртінші айналымда ердің басынан бір орамын ағыт. Бәйгені қызықтаған бұқара ел бар. Сол түрікпен ішінде кімдер бар да, кімдер жоқ. Халық алдында дағарадай бөріктері қоқырайып, қаздай тізілген ақсүйек текежәуміт бектері, бай-мырзасы отырады. Дәл сол тұсқа келгенде, атаң қыпшақтың ұранын айқайлап, қиқу салып өт!
– Ойбас! Ойбас! – деп қатты дауыстап жіберді қаршадай бала көзі шоқтай жанып.
Жылқышы көзі шырадай жанды. Түрікпенқұл атанып, жалшылықта ғұмыры өткен кегі бір сәтте қайтқандай өңі нұрланып, арқасы босап сала берді.
– Бес күн жалғанда ешкімнен қаймықпай, ақ алмастай жарқылдап өткен азат ерлерге бас иемін. Боқ дүние мені менсінбеді, түтінім болмаған соң боқ дүниені мен алмадым. Кенжебек, шырағым, мынау жас күнімде елсізде адасқан дәруіш жыршыға тигізген септігім үшін риза пейілмен жомарттық жасаған түрікпен бегінен алған ерекше құнды тартуым еді. Қаңғыбас жыршы тірі жанға қылдай зияны жоқ, ел сүйетін арқалы ақын екен. Диуаналықпен ел адақтап, хисса-жыр айтып жүргенде шөлде қаңғып өлесің ғой дегенімде, мен Көроғлымын, дәруіштің пірі Қожа Хафизден нем артық деген сөзі ойымда. Мойнағы күміспен күптелген тобылғы қамшы енді сенікі.
Жылқышы шал ата салтымен бала елге аман жетсін деп Кенжебектің қолына күмістелген қамшы ұстатты. Қосқа кіргізіп, бір итіне ырымдап, тоқым жауып қойды.
– Дыбысың шыққан соң, атыңның басын бұрып, бір құдайға сыйынып, мен сілтеген Темірқазық тұсы қайдасың деп қасқая тарта бер.
Бәйгеге отыз ат тігілді. Кілең таңдаулы жүйріктің үстінде бір-бір бәйге бала, тұрымтайдай жеті жасар, он жасар арасы, барлығы ұшар құстай қомданып отыр. Аттылы болудың бағын айт. Кенжебекке ерді жылқышы шал жөке ағашынан жасап берген.
Атшабар бәйгеде теке Атажан байдың тұлпары астында, Кенжебек азат басына қылшылбыр түскен соңғы жыл он екі ай жігерін құм қылған бір батпандай кесік ойдан айнып сала берді. Желге мінгендей жүрегі атқақтап, жанын желік буып барады. Өмір мен өлім деген не тәйірі! Ат үстінде арқырай өліп кетсе өкінбес! Тұяғы жалпақ түрікпен жылқысы мұның қас-қағым сәтте аруағын асырып жіберді. Ол шауып бара жатқанда ауық-ауық қас тұлпардың үстінде қозғалақтай, қопаңдай, құйрығы көтеріліп қоятынын көргенде Атажан бек масайрай түсті. Алалы жылқы айдаған оғыздың ұрпағы емес пе! Жылқы жайын қазақтан артық кім білер, мына шабандоз бала ат беліне титтей салмағын түсірмесе, бұйырса, бәйгенің алдын бермейді.
Төртінші айналымда Кенжебек күбірлеп сыйынды: «Я Тәңірім жар бол, аруақ қолдай ғөр! Бұл өңім бе, түсім бе?! Текежәуміт тұлпарым, жануарым, құмайым, атаң суын*, анаң сүттей боз бие шығар, жылқыда өт жоқ, қанат бітіп, құстай ұш!»
– Ойбас! Ойбас!
Қыпшақ ұлдың дауысы күн күркіреп, аспан қарс айрылғаннан бетер дүйім елді селк еткізген. Ізінше әлгі өктем үн жарық дүниеге жарықшақ түсіріп, астан-кестен, алай-түлей қылды. Тек көп ішінен арзу қылып, дұға айтқан қазақ шалға Кенжебектің жас дауысы аңқып естілген. Түрікпендер қым-қуыт шулап қоя берді. Бәйгеге шапқанда қыпшақ нәсілі қалған жиырма тоғыз оғыз баладан еш айырмашылығы жоқ еді. Ұран салған соң қаршығадай ұл басындағы жалбыр бөркін жұлып алып, жерге лақтырды. Бөрік ішінен басына ақ шүберекті маңдайын баса орап алыпты. Адаймен жиі шабысатын текежәуміттің ызалы көзіне әлгі орамал адайдың ақ туындай елестеп кетті.
Қыпшақ ұл ат басын бұрып, шеңберден шығып, еліне баратын тұсқа нысаналай, жұлдыздай ағып барады. Үстіндегі бала қаңбақтай болған соң құнан жылқы қиналмай, қолтығын жаза құстай ұшады.
Кенет қашқан баланың көзіне анадайдан күн сәулесінен жаһұттай жарқыраған дөңгелек бір зат түскені. Кенжебек ат бауырынан сыпырылып құлап түсердей кілт еңкейіп, жерден бірдеңе ілгенде жылқышы шалдың қырағы көзі ұясынан шығардай, алақтап кетті. Ол айдаладан іліп алған керемет затын қойнына салды, шабысын қайта түзеді.
Ат жарыс адыра қалды. Ат жарыстан соң тойлы ел ит таластырмақ еді. Ересек түрікпен көбі атқа қонып, шығандап кеткен қашқынды жаппай, жабыла қуып берді. Ә дегеннен ұшқыр шабатын аттар жақын, жанай келді. Жүрегі су етсе несі бар. Кенжебек бауыр басқан жылқышы атасын қимай егіліп барады. Қоштасарда оның: «Мені көрдім деп ешкімге айтушы болма. Мен бір желге ұшқан қаңбақ, солған тамырмын. Өлсем обал жоқ, өлсем, Балқан тауда сүйегім қалады», – дегенін еске алып, жүрегі қан жылады.
Кетерінде бұл: «Жылқышы ата, туып-өскен жеріңді айт, туыстарыңды іздестірейік, қаңлы ішінде кім боласың? Кіші атаң кім?», – десе, шал басын шайқады. «Ежелден біздің қазақ нәсілін жалпақ тіл қаңлы, қыпшақ атайды. Руын мүсәпір құл жасырады. Тегімді білмей, теріс бағып тұрғамын жоқ, құлдықтан бетер бейдауа қорлықтың күйігі басқа түскенін білесің. Жеті атамды білемін, ел көзіне тура қарар бет болмаған соң тексізден нем артық?!» – деп ширыққан. Ол сүйекке масқара таңба түсті деп қорланған соң атасын жасыруға мәжбүр. «Бұрын періштелер мені ылғи өліге санап кететін. Расымен тірі өлік едім. Атаңа нәлет қу тірлік. Жыланды үш кессе кесірткедей әлі бар. Тірлігімнің ендігі мұраты бір сенің елге аман-есен жеткенің. Сонда мына мен өлінерде артымда басқан ізім, кіндігімнен жаралып, бел балам болмаса да азат рухым, мұрагерім, атұстарым қалды деп білемін».
Баланың көзінен жас парлады, жанашыр атасын енді қайтіп көрмейді-ау. Түйе шекпен жаңбыр өткізбейді деп жылқышы шал шегелей айтқанын жадына мықтап тұтты.
Дария тасығандай, сел ағызғандай сұрапыл күй кешті. Әттең, қапы дүние!
Қас жүйрік қыпшақ ұлдың тақымында кеткенде түрікпендер жер сабалап қалды. Ер қанаты аты өлсе, адамнан кем көрмей, көр қазып жерлейтін; ең асыл тұқымының жалын тірі жанға сипатпай, ерен құпия сақтайтын; қисапсыз қазынаға айырбастамас, антқа берік текежәуміт, ата мал айғырын өлсе сатпайтын; астындағы атын жанынан, қойнындағы қатынынан артық көретін; айтулы батырлары ұрыста өлген атының басын ардақтап биік тауға қоятын, тұлпардан айрылуды өлімнен кем көрмейтін қайсар қазақ, түбі ер түрік оғыз-қыпшақ нәсілі жылқы десе еліріп, шалық шалғаннан бетер есі кетеді.
Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мінсе, бір дене, бір жанға айналып кетеді. Қашса құтылады, қуса жетеді.
Қуғыншы жасақтың аттары қатты шабыстан қызғаны соншалық, бүйірлері солықтап, өлердей болдырып, мойнынан қан шықты. Бір қашқын мен жүз қуғыншының арасы қозыкөш жер қалған.
Япырай, рақымы күшті бір құдайдың құдіретін айт! Құлдыраған қыпшақ ұл жер мен көкті қоса орай озып барады. Кенет жаңбыр жауып, күн ашылса, кемпірқосақ құбылып түссе бала атымен аспанға өрмелеп кетердей көрінеді.
Құс ұшпас құла түзде жер-көкті тұтас шаңға ораған ордалы құлан кезікті. Аспанды қақ бөліп құйын тұрғандай жойқын үдерген құландар екі ортаны жара ұрымтал тұстан киліккен.Үйірдің алдында басы қазандай ірі айғыр құлан жер қайысқан салтаттыларды көргенде қас-қағымда осқырынып, қалт тұра қалды. Айғыр құлан тұяғымен жер тарпып, танауы делдие, иегіне өскен түгі сойдиып, көзі қанға толып, адыраңдай басын кекжитті. Сол замат оның соңына ерген үйірі, мың бас табын құлан қоса шалт тоқтаған. Жердегіні көре қоймайтын өткір көзі биіктегіні қалт жібермейтін айғыр құлан ащы дауыспен қатты кісінеді.
Өмір мен өлім арасы мың құлан. Қияндағы Жайық бетке су іздеп шұбап бара жатқан мың сан тұяқ көсіліп, селдей жөңкіліп келеді екен. Өлі тыныштық буған маңғаз дала кенеттен тіріліп, жон арқасы жыбыр-жыбыр қозғалып, айдалаға маңып, құлан тайпа қопарыла көшіп барады. Көсем құланның ащы кісінеуін бұйрат қырқалар асқан қыпшақ ұл естіген жоқ, қарғыстай тым ащы дауыс қарсы жолыққан жүз түрікпеннің құлағын жарды.
Көбі уыздай бала қуғыннан құтылып кеткенінен ғөрі керемет тұлпардың көз алдында ұрланғанына іштері удай ашыған.Тек бірен-саран долы дұшпан шабандоз баланы ұстаса, итше тепкілеп, ителгі теуіп құлатқан қаздай жүнше түтер еді. Қиқуласқан көп ішінде әбден қаны қайнаған бір өлермені бар еді. Құлан қағынан жерісе, су таба алмай шөлде өлер. Тоқсан тоғыз түрікпен ер қалжырап, ат басын бұрып, кері қайтты. Соңғы қуғыншы шөлде адасып, өлудің аз алды, запы болып, еліне түтігіп оралған.
Атажан байдың үлкен ұлы үйіне келе, қазан төңкеріп тастады. Түбі шикі құл қазаққа сенген бейқам әкесіне дүлей наразылығын сөйтіп білдірді.
Біраз түрікпен суық қаруын асынып, жылқы қосына оралған қазақ шалдың соңынан жауар бұлттай түйіліп жетті. Атажан бай жирен атына жайдақ міне сап, ілес келген. Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында. Момын, бейбіт жылқышы асау тарпаңдай мінез көрсетіп, міз бақпақ түгілі, оң иығына қасқыр терісін жамылып, анталаған құн сұраушыны именбей қарсы алғанын көзімен көрді. Өзін айыпты санап отырған ол жоқ. Алпыс жыл табыннан шашау шығармай, жылқысын ерен адал баққан егде қазақтың шегір көзіне көзі түскенде Атажан бай ыза-ашуы күрт басылып, табан астында өзгеріп шыға келді. Ол жалшысына ләм-мим демей, кері шегінген.
Шабандозға шығарған құл баланы отандасы еліне қашыртып жібергенін әуелден баршасы ұқты. Ер екен. Түрікпен бай есігіндегі құлақ кесті құлды сол сәт қимас бауырындай сезініп, жүрегі алапат сыздап кетті. Ұлдарын атқа баулыған, жыл он екі ай ат арқасынан түспей, жылқысын баққан адал қазақтың өзіне ерекше қымбат жан екенін бай сезінгендей, кенет алай-түлей күй кешті.
Атажан әлекедей жаланған ерегескен топқа жылқышысын жазалатқан жоқ, олар тым құрыса, Тасқұлды сабап кеткісі келген. «Бас жарылса бөрік ішінде», – деді бай.
Атажан ертесінде қос атқа қоржын артып, өр қазаққа азаттық беруге бұйырды. Ер азаматты шексіз құлданғанына құдайдан сөйтіп рақым сұрағысы келген. Айтулы ердің соңындай, оның бір жат қылығын кешпесе өзін несін мұсылман санайды. Теке руы бір жүйрікті жоғалтса несі бар екен.
Жылқышы селт етпеді. Атажан бек оның еліне кетер ойы жоғын біліп, ішіп жылып, қуанды. Аттан түспейтін Тасқұл бақса, Қамбар атадай жылқысы дүр сілкініп бірдей жусайды, енеден туған бір құлын өлмейді.
Жер төсін тесердей дүрсіл бәсеңдеп, аспан мен жерді шаңға көміп, маң далада қыпшақпен бірге көшетін жабайы құлан үйірі түрікпенді шын бөгеді. Қалтиған бір суырды көргенде Кенжебек астындағы құнанын обалсынып, шабысын тежеуге мәжбүр болды. Жылқышы ата құлағына құя берген сөзі көкейінде сайрап тұр: «Тұлпарың шаршамайды, нысаналы жас мал, көктей жүйрік, талмай шаба береді, бірақ сақ бол. Зорығып кетіп, мұрнынан қан кетіп құласа, сол жерде тұяқ серіппей, жан тәсілім етті дей бер».
Кенжебек еңкейіп, бас сүйегін терімен қаптап қойғандай қазмойын атының тер мен тұяқтан ұшқан қою шаң көміп, үйелеген екі көзін жанқалтадағы орамалымен сүртті. Тұлпарына ерік беріп, басын бос жіберді. Тәңіріге, әулиеге алғыс жаудырды. Жылқы тектес түз тұқымын жанын аманат қылып, қатерден безген қарға бойлы балаға құтқару үшін жіберген! Желкілдеп ту көтеріп шыққан қыруар әскерден, ұлы қорғаннан үдере көшкен мың тұяқ тағының несі кем болды?!
Бір бабасы Құлан қыпшақ еді, оның құлан қағына жөргектеліп туғаны туралы аңыз тегін болмады. О, құдая, тағдырға сызылған бұл бір іс болды, адам айтса нанғысыз. Құлан қыпшақта ел қорғаған көзсіз батырлар көп деуші еді.Теңіз айрықта бағзыда қыпшақтың елбөрілі руы жаулаушы монғол қолымен шайқаста өліспей беріспей, қаза тапқан. Жұлдыздай қыпшақтың бұрынғы өткенінің өлген аруағы ма екен, елес боп көзге көрінген? Бұл тылсымға бала сенер-сенбесін білмеді. Біреу айтса, әй, еш сенбес еді.
Сырдарияның батысын орап жатқан Қызылқұмнан өту қылкөпірден өтуден кем түспейді. Бөрілі арқылы өтіп барады. Қашқанда жын соққандай кідіруге, көз ақы алып, іліп әкетуге мәжбүр еткен гауһардай жарқыраған затты қойнынан алып қараса, қола жиекті алақандай қол айна екен. Күн нұрымен шағылысып, алтындай жарқыраған айна керуен тартқан сарт саудашыдан түсіп қалған-ау. Бала түк түсінбей риясыз күлді.
Кенжебек жылқышы ата ақылын мұқият ойға алумен суыт жүре берді. «Біреулер көрстанда өлік қойып жатпаса, жолда кездескен мүжілген, мүлгіген моладан қашпа. Саған қастық қылғанды көк соқсын деп қарғадым. Жолда бейіт кездессе, әулие деп ұқ. Тәңірі жарылқасын! Сен мынау ұлы даланы билеген қыпшақтан тудың. Аруақ қонып, киік көшкен айтақыр далада құдай сақтаймын десе сақтайды. Қашқанда екі көзің алдыңда, екі көзің артыңда болсын. Жеті қараңғыда, балам, иен түзде сейілші жын-сайтан жүреді, үйірімен пері көшеді. Бөгде кейпіне еніп, құбылып кездесуі мүмкін, бастан кешкенмін. Жалғыз-жарым жолаушы бейбаққа қауіп-қатер аз емес. Шибөрідей торуылдайтын үрейді күміс қамшымен қу, саспа. Шибөрі дауысы қиямет, адам сияқты, бірде сайтанша күліп, бірде бақ етіп жылайды. Қатты шошынған сәтіңде күбірлеп дұға оқи бер, түнде тұсаулы жылқыға жақын ұйықта. Тілсіз демесең жылқыда мін болмайды, ес болады. Жолда арқан тапсаң, соны шеңберлеп ұйықта, бүйі, жылан шақпайды».
Бала бөрі құрсақ айшылық алыс жолда жападан жалғыз жортты. Қу медиенде басына құс қонбаған балбал тастар кезіксе, үміті маздайды. Шаң аралас боран соқса, ат басын жабумен орады. Алып шыққан ер азығы үш күнде таусылды. Құрғақ ауа шаңдақта әбден болдырған аты шөлге шыдаса екен. Кенжебек көк суды ылғи түсінде көріп, ерні кезеріп, жаны аңсады. Айдын көлдер мен ағын өзенге дүниеде не жетер. Шіркін, көк су, көк су! Ең тұщы, мөлдір суды шөлі қанғанша ішсе фәниде арманы болар ма!
Жылқысына өсімдіктен андыз, изен, жусан азық. Жылға тапқанда, бала өзі қаталап өліп бара жатса да, әуелі тұлпарына аз ғана су ішкізді. Жылқышы ата балаға шөл қысқанда жылқыға суды көп ішкізбе, бұл тұқымы төзімді мал, аз суға шөлі қанады, аз-аздан бөліп суғар деп үйретіп қойған.
Жылқышы қосына құдай айдап кез қылды, тірі жан жоқ, иен екен, аспа ілмек мосыда қақпағын ашса бір қазан ет пісіп тұр. Кенжебек бұл қостың иесі қоңырат руының жылқышылары екенін ұқты, төсеулі жылқы терісінің таңбасын көрді. Көк Тәңірі түрікті жаратқалы жылқышы қосында өткен-кеткен жүргінші жүрек жалғап, тойып ас ішуі үшін ылғи ет асулы тұруы бұлжымас дала заңы екенін біледі. Ілулі тұрған ескі бөрте бөрікті басына рұқсатсыз киіп кетті, әуелі қоржын жамылып жүрді, аптаптан қорғайды.
Исі хош аңқыған Сыр бойында қара үйде егін егіп отырған он түтін қарақалпақтан ас ішіп, қоржын толтыра азық алып, тіке аттанды. Киік, қарақұйрық аулауға арқасында асынған көн садағы жоқ. Ордалы киік, бөкен шұбап жүреді. Елге тақағанда қамысты айна көлдер көбейді. Тек қаранор маса жабылып, шыбын-шіркей қанын сорды.
Құмдауыттан сарала қаздың інге салған ұясын таяу көрді, қаласа тұзақпен ұстар еді. Сарала қаз етін ел жемейді.
Қаптаған дуадақ түнде жүреді, бұлдырық мол. Сыр маңы топырақ құнарлы, сексеуіл, жыңғыл түбі топ-топ қырғауыл екен. Қарақұйрық көп. Су құртындай балығын көлшіктерден қолмен ұстап, отқа қақтап жеді. Баяғыда ауылда мазақтап, бір адамды «Бақа жеген Итемер» деп ел күліп отырғаны бекер екен. Аш өзегін балықпен жалғаған. Бақырға су қайнатса, бір уыс тарыдан бөртпе жасап, уыстап асайды.
Кенжебек кіндік қаны тамған қыпшақ ауылына жарты күншілік жер қалғанда, жолда тауып алған найзасына ту көтерді.Кездігімен теке тұлпарының жал-құйрығынан бір тұтамын түбінен кесіп, қыл шашақ ту жасап алды. Еліне ту көтеріп кірді. Қиянда қалған тілекші жылқышы ата осы кейпін көрсе деп ырымдап істеген.
Қыпшақ Торыайғыр ауылына сол түні қаңғып екі дуана келді. Жұмбақтап, сәуегей сөз сөйледі. Түнімен тақуа қарт көз ілмей, намазын үзбей, таң атқанша дұғамен құлшылық жасады. Таң арайланғанда дуана ақсақалды шырт ұйқыдан оятып, «Байеке, тысқа шығып қарашы, өлгенің тіріліп, өшкенің жанды», – деп айтты.
Атасы шығып қараса, бір жыл бұрын жылқымен ұрланып, жоғалып кеткен немересі Кенжебек астындағы құнан жылқысын белдеуге байлап жатыр екен. Баланың қалың шашы иығынан асып, жалбырай өсіп, арқасын тұтып жапқан, күн жеп, тер сіңген киімі әбден тозған. Атасы ақсары өңі тотығып, әбден қап-қара болып, күнге күйген ұлан немересін үкідей дөңгелек көзінен айнытпай танып, кәрі көзінен жасы ағып, бас салды.
Торыайғыр қонақасыға тай сойғызып, айнала елді асқа шақырып, екі дуананы құлай күтті. Қырықтың бірі Қыдыр, әулие көріп, арып-ашып оралған балама бата бер деп құдайы мейманнан сұраған.
Тілекші дуана: «Шашың өлең шөптей қаулай өсіп, еліңе шашты болып келдің, Аллатағала жар болып, ұрпағың шашыңдай көп болып, өсіп-өнсін! Әумин!» – деп алақан жайып, іркілместен бата берді.
Кенжебек еліне таянған соң бір күн нәр татпады, ас батпады, шала құс ұйқылы, арып-ашып, өлердей зорығып келген. Бата жасалған соң бала алдына келген ағаш астаудағы майлы еттен арпадай асап-асап жіберді. Сосын мейірі судай тасыған, айналып-үйірілген анасы құйған жас қымыздан бір аяқ жұтып, іргедегі құстөсекке жантайып, қалғып кеткеннен үш күн, үш түн ұйықтаған.
Ол сүйікті тұлпарының мойнына меншіктеп, қос әліп қыпшақ таңба басты. Көкейіне жылқышы ата жарықшақсыз айтқан: «Бұл түрікпенбоз Тәңірі қалауымен енді қыпшақбоз болады», – деген дуалы сөзі түсті.
Жеңгелері ұл баланы сол мезеттен бастап Шашты атап кетті. Әз Тәуке хан тұсында шоқбелдеу* таққан Шашты айтулы азамат болып, аты ел аузына ілікті. Жорықта қол бастады. Баяғы теке түрікпенді шауып, қыруар жылқысын қайтарып алып, түрікпеннің сұлу қызын қоса әкелді. Екі қосағынан Шашты төрт ұл көрді.
Ерторының немересін түрікпеннен аман келтірген қас тұлпар Қыпшақбоз қаза жетіп өлгенде жігіт ағасы болған Шашты алғандарына жоқтау айтқызып, шиге орап кебіндеп көмді. Бәйбіше, тоқалы бет жыртып, дауыс салып жылағаны, Қыпшақбоздың қасиет, мәртебесін өлеңге қосып, жоқтағаны естіген елдің көкірегінде тұнып қалды.
Түсініктеме
Сеитназар Сеиди* – орыс тіліне аударған Н.Вольпин.
Али Акташ* – қазақ тіліне аударған Бауыржан Жақып.
Құма* – көне. Күң, шапқыншылықта қолға түскен әйел.
Оба* – түрікпен ауылы.
Ысық көл* – Ыстық көл.
Алғи* — елсіз алыс жер, қатерлі жол.
Алақшы* – миф. кісі өлтіруші, ажал.
Лаухил* – тағдыр тақтасы.
Бақауыл* – әскерді жабдықтаушы, олжа бөлуші.
Сейілхан* – қазақ түрікпенді кейде солай атайды.
Құртқа* дүние – опасыз қу дүние.
Теңіз* – Балқаш көлі.
Теке түрікпен*, бұғы қырғыз* – ру аттары.
Суын* – теңіз жылқысы.
Шоқбелдеу* – асыл тасты белбеу.
3.09.-23.09.2014.
Жарияланған басылымдар:
«Ақ желкен» журналы, №12.2014. / «Жұлдыз», №12. 2014.
Материалды көшіріп жариялау үшін
редакцияның
немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме
берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар
туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі — 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның
көзқарасын білдірмейді.
Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан талдап жазыңыз.
38. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінің идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан талдап жазыңыз.
Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесі өткен жылдың құйрықты жұлдызындай жарқ етіп, сөзге көңіл суарған көпшіліктің айызын бір қандырып, қапысыз бабамұратты бағзы заманның шежіресіне қанық еткен-ді. Әңгіме өрісі кең, кей тұста этнографиялық, кей тұста тарихи мағлұматтарға жүгінсе, кей тұста атбегілік әуселесі әулиелікке ұласқан қазақтың дегдарлығын паш етеді, кей тұста ел мен жердің аңысын аңдығандай географиялық әу-жайға қанықтырып қояды. Жазушының жұрнақ пен жалғауға шолақ, қайыруы тез, ұғынуы күрделі сөз байламдары кібіртіктетіп, екі үш қайтара оқуға байлап қоятыны бар. Әйтсе де, Айгүл идеяның тінін қиялдан өрмейді, тарихи негізі бар оқиға желісін кейінгіге шынайы ұқтырмақ болғандай. Ұлттық құндылықтар мен өшпес мұраттар, дін мен ділді, адамшылық пен азбандықты ту еткен шығармасының кең ауқымына, терең иіріміне қарап эпикалық әңгіме деп тануға болады. Құлдық қамытына байланған иісі қазақ, руы қыпшақ Кенжебекті түркпеннің құлақ-кесті құл-атбегісі «қаңбақша ауып, тамырсыз дедектеген» Тасқұл-қаңлы «Ай-Күн жарықсыз болмас» деп жұбатады. Жылқышы ата түркпен мен қазақ руларының аталас, дағды қалпын айырып, екі елдің жаугершілік мінезінен сыр шертеді. «Қазақылық заманнан үш жүз бір ту астына біріксе, ер түрікпеннен бөлек, Өр Алтайдан Еділге өтіп, қырғидай тиген құба қалмақтан, Ысық көлдің арғы жағынан жөңкіліп тиісетін жауынгер тайпа қырғыздан. Ормандай кәпір орыстан, сірә да жеңілмес еді». Алты бақан алауыз болғанымен, «кертағыдай бұл қазақ бүлікшіл, өлермен халық екенін көрсет!» деп баланы түрікпен ат бәйгесінде қаракөк тұқым, аузымен құс тістеген хас жүйрікпен қашырмақ болады. «Жылқы әулие, әулиеге тапсырдым!». Көз алдыңызға көкірек кенересін даналық кемсерген, әулие-абыз қарияның зор пішіні келе қалады. Ғазиз, абыройлы өлімнің алдында құлқамыт өмірдің түк мәні жоқ. «Өмір мен өлім деген не тәйірі!». Құлдықтан қашу зор үрей, алдын тосып құмдақ шөл, сусыз шөлейт, алаөкпедей көбік құсқан ағынды дария тұр, бірақ, ата балаға қанат береді, құлдықтың түбі тексіздік, тамырсыздық деп көрсетеді. Тексіздік үлкен таңба, қала берді жұтылу. Жазушы қазақтық санадағы тексіздікті бүгінгі құлдыққа да саяды, санаң құлдықтан азат болсын деп үгіт етеді. Қазақ пен қазанатты айыру – ұлттың ар-қасиетіне сына қағу. Жылқыны сүю – Тәңірді әспеттеумен тең бе дерсің қазаққа. Жылқыға құмарлықтың өзі рухтың, ойдың да Жаратқанымен табысуға аңсары емес пе екен? «Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мінсе, бір дене, бір жанға айналып кетеді». Жазушының көркем шығармаларында, эсселік әдеби толғаныстарында жылқы жануары туралы тәтті тамсаныс, ерен көзсіз махаббат жырдай есіледі. Бұл тақырыпқа қалам тербеуінің өзі – қазақтың ежелгі өмірлік құндылықтарын қайтарып алып, бүгінгі санасы тұтас тамұқтай ұрпаққа уыздай ұсынбақ болғандай. « – Бұрынғы көнекөз жұрт көкірегі ерен көркем еді, толған ай көрсе шашты, жазғы сәуле құйылса түкті деп жатушы еді». Жазушы құдайға қараған қазақтың жұпар аңқыған сәуле санасын аңсармен сағынып, беттескендей, бөрілі қазақты құшақ басқандай жазуы ненің сипаты? «Ойсыз, доссыз, бақытсыз» қорқытты ма екен? «Түрікпен Қорқытқа көр қазба дейді. Мен айтамын, Қорқытқа көр қазылсын, уақыты келсе даяр тұрады!». Шығармада «бастары қосылмайтын ақырзаман жастарының» ойсыз, бақакөзденген ұландардың бөрігін алып түсіп, төсінен басып, ұйқылы ояу ұлттың намысына тиер бұзаутіс қамшының ащы шықпыртындай сөздер көп-ақ. Түрікпен «аш құлақ та тиыш құлақ» дер, бірақ «мен» – мен қазақпын – «Тұрлаусыз өскен құландай қыпшақ қаныңды сатпа!» дейді. Жазушының ішкі дүниесі ышқынып, ызалы қолы уақытынан кеш сермегендей, адуынды мінезбен Кенжебектей ұландарын қайрап, түйреп өтеді. Шығарма сәтті аяқталған. Пессимизм біздің буынға түскен буынқұрт, жазушы осыны жақсы ұғады. Ата сертке, қазақтың жомарт жүрегінің дұғалы лебізіне иланады. Батасыз ердің көгермейтінін біледі. Жазушының стиліндегі төкпелі жырдай алақұйын сөйлем легі, асқақтап шапшитын елірме пафос ерен рух қанатын байлайды, жайдақ аттай сылбырлықпен ел мен жердің аңысын шертіп, қазақтық кемел дүниетанымға бөктіреді. В.Шукшин: «Мен «телеграфтық стиль» дегенді білмеймін, тартпайтын әңгімені ғана білемін» депті. А.Кемелбаеваны оқу – қарысып қатқан қолтығыңды сөгу, қамау теріңді алу, зиялы зердені талап етеді. Әуелгі туындыларынан-ақ, шұбалаңқылау, энциклопедиялық ірі біліммен танылған шығармагердің бар міні сол – ұлан-ғайыр төгілген тіркестерге бар білімін сарқып жұмсау шығар. Бірақ әдебиеттің негізі көркем тіл, көмбеленген астарлы тіл деп ұқсақ, Айгүлде бұл олқылық қайта өз бағын асырып отыр. Жұлдызын жарқыратып тұр. Тіпті, диалогтарындағы ежелгі сөйлеу мәнерінде ақпараттық нығыздық бар. А.Кемелбаева эпостық емеуріннен таза стиль қалыптастыра алған өз жолы бар қаламгер.
39. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің негізгі идеясын адамгершілік тұрғыдан талдап жазыңыз
Шетелдегі қандастарымыздың ұлттық-рухани, мәдени жағдайына байланысты қордаланған күрделі мәселелер жетерлік. Солардың ішіндегі ең бастысы әрі қауіптісі — болашақта өз ұлтының тарихынан, тілі мен руханиятынан, яғни қазақи болмысынан айырылған, сонымен қатар, өздері тұратын елдердің этникалық ортасына сіңіскен, түрі қазақ болса да, тілі бөтен ұрпақтың пайда болуы, шетелдегі жас жеткіншектеріміздің ассимиляцияға ұшырап кетуі. Бұлай алаңдауымызға себеп те жоқ емес.
Өйткені шеттегі бауырларымыз білім алатын көптеген қазақ мектептері жабылып, қазақ тілінің пән ретінде оқытылуы тоқтатылуда. Бұдан бөлек, қазақ тіліне қатысты шетелде оқытылатын оқулықтар мен басқа да оқу-әдістемелік құралдардың арасында алшақтық басым. Яғни қазақ тілінің грамматикасы мен басқа да шарттары түрліше оқытылуда. Әліпби де түрліше. Бір ғана мысал, қазақ тіліндегі сауатын төте жазумен ашқан Қытайдағы қандастарымыз Отанына оралғанда қазақ жазуын оқудан қиналып қалғандарына куә болып жүрміз. Осы тектес мәселелер кесірінен шартарапқа тарыдай шашылған қазақтардың басқа елдегі бауырларымен ауызша тілдесе алғанымен, жазбаша тілде ұғынысулары өте қиын жағдайда. Қазақ тілінің елдегі қолдану аясын кеңейтіп, мемлекеттік деңгейде талап күшейсе де, шеттегі қандастарымыздың ана тіліне қатысты жоғарыдағыдай мәселесі тасада қалуда. Осыған байланысты халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен еліміздегі тіл жанашырлары қатысқан «Шетелдердегі қазақтардың ана тілін сақтау мен өрісін кеңейту жолдары» атты дөңгелек үстел болып өтті.Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бүгінгі көтеріп отырған мәселесі — елімізде кезек күттірмейтін, маңыздылығы орасан зор мәселе. Меніңше, билік басындағылар бұл мәселенің осыншама маңызды екенін сезінбейтін секілді. Қазақтардың көп шоғырланған жері — Ресейдің де, Қытайдың да сол елдердегі қандастарымызға жасап отырған саясаттары — ассимиляцияға шұғыл айналдыруға бағытталған саясат. Сол елдерде қаншама мектеп болған, бүгінде сол мектептердің барлығы жабылып, сол жүздеген мектептің орнына бір-екеуін ашқандай болып жатыр. Қытайда қазақша оқу бастауыш мектеп деңгейінде ғана қолданылады. Бұны да айтпай кетуге болмайды. Бұның зардабын уақыт өткеннен кейін көретін боламыз. Өйткені кейін өз тілдерін мүлде білмейтін немесе өте нашар білетін бірнеше миллион ұрпағымыз пайда болады. Яғни бұл — үлкен мәдени дағдарысқа апаратын жағдай. Сол себептен қазірден бастап мұның алдын алғанымыз жөн. Оралмандар мәселесін айтқан кезде, елге көшіру мәселесін ғана айтпауымыз керек. Сол шетелдердегі тіл мәселесіне, білім-ғылым мәселесіне бей-жай қарамауды үкіметтен талап етуіміз керек. Кейінгі кезде күрделене бергеннен кейін бұл мәселе біраз жөнге салына бастаған сияқты. Бірақ шетелдегі қазақтың барлығы толығымен елге оралмасы анық. Өйткені өз ата-бабалары жерінде отыр. Бұны сырттағы мемлекеттердің өздері мойындауда. Шыңжаң автономиялы ауданындағы ең құнарлы, ең жайлы, табиғаты тамаша, экологиясы керемет жер қазақтарға тиесілі. Мысалы, Қытайда қазақтар алты аймақта тұрады. Сол алты аймақтың төртеуіне Іле, Баркөл, Ақсай, Моры деп қазақша атау берілген. Ал қалған екі аймақ қазақша атаумен аталмаса да, ол жерлерде қазақтар басым. Яғни қазақтың жері екенін қытайлардың өздері мойындап отыр. Тағы бір мәселе — шеттегі қандастарымызға ақпараттық жәрдем, білім беру мәселелерін қолға алу жөнінде арнайы үкіметтің қаулысын шығару туралы билік өкілдеріне талап қойсақ. Себебі қаржыға басқалай жолмен қолымыз жетпейді. Шетелде орталықтарды ашуды басқа емес, «Қазақ тілі қоғамы» көтеріп, жоғарыдағы шенеуніктерге жол көрсету керек
Обновлено: 31.03.2023
русалочка-сказочный персонаж. русалочка ганса христиана анлерсана была милой, доброй, красивой, скромной. она обменяла свой хвост на ноги, чтобы быть с любимым, но к сожалению, это ей не удалось. в конце сказки русалочка погибает.
для пастернака всегда окружающий мир главнее,первее,больше,значительнее,интереснее ,чем сам человек.не я,а мир.не я,жизнь во всей её многообразии.поэтому для пастернака вполне естественно что поэззия является самой порождением жизни.мир,жизнь неотвратимо втягивают в творчество.на первый взгляд в стихотворении выражены сугубо субъективные желания людей.желания поэта,лир.героя. однако в есть перечень,того,что хотел бы выразить поэт,пребывающий в процессе творчества.а выразил он в результате целый мир,жизнь т.е. нечто объективное,самостоятельное,бесконечно разнообразное.
бог солнца — рабог воды — нептун (он же посейдон)бог земли — геббог ветра и воздуха — шубог плодородия и растительности — (юпитер, марс и квисин).владыка царства мертвых — аид.божество, воплощающее единство — род.бог мудрости, счёта и письма — тотбожество утренней зари — ушасбогиня счастья, случая и удачи — фортуна.
Ответ:
Айгүл Кемалбаеваның «Шашты» шығармасы қыпшақ даласына шабуылдап жылқы барымталаған түрікпендер қоса алып кеткен қазақ баласы Шашты(Кенжебек)туралы.
Композициялық талдау жоспары.
1.Оқиғаның басталуы.Түрікпендердің тұтқиылдан шабуылы.
2.Оқиғаның байланысы.Жылқыларды барымталап,қазақ баласы Кенжебекті қоса алып кетуі.
3.Оқиғаның дамуы.Жылқышы Тасқұл мен Кенжебектің кездесуі.
4.Оқиғаның шарықтау шегі.Түрікпен байы Атажанның атжарысқа екі қас тұлпарын қосуы.
5.Оқиғаның шиеленісуі.Тұлпарға мінген Кенжебектің еліне қашуы.
6.Оқиғаның шешімі.Кенжебектің бір жылдан кейін еліне Шашты болып,түрікпен қас тұлпарымен келуі.
- Для учеников 1-11 классов и дошкольников
- Бесплатные сертификаты учителям и участникам
Описание презентации по отдельным слайдам:
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды мен даралайды. Көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Кейіпкерлердің суреттелуі, сөз саптауы, іс-әрекетіне талдау жасайды; шығармадағы көтерілген мәселені таба алады; Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Негізгі идеяны бүгінгі өмірмен байланыстыра алады; мәселеге өзіндік көзқарасымен баға.
Бағалау критерийі — Кейіпкерлердің суреттелуі, сөз саптауы, іс-әрекетіне талдау жасайды; шығармадағы көтерілген мәселені таба алады; — Негізгі идеяны бүгінгі өмірмен байланыстыра алады; мәселеге өзіндік көзқарасымен баға береді.
- подготовка к ЕГЭ/ОГЭ и ВПР
- по всем предметам 1-11 классов
Курс повышения квалификации
Охрана труда
Курс профессиональной переподготовки
Охрана труда
Курс профессиональной переподготовки
Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе
- Сейчас обучается 354 человека из 64 регионов
- ЗП до 91 000 руб.
- Гибкий график
- Удаленная работа
Дистанционные курсы для педагогов
Свидетельство и скидка на обучение каждому участнику
Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
5 591 858 материалов в базе
Самые массовые международные дистанционные
Школьные Инфоконкурсы 2022
Свидетельство и скидка на обучение каждому участнику
Другие материалы
Вам будут интересны эти курсы:
Оставьте свой комментарий
- 16.12.2020 13978
- PPTX 196 кбайт
- 330 скачиваний
- Оцените материал:
Настоящий материал опубликован пользователем Оралбаева Айгуль Сенбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Автор материала
40%
- Подготовка к ЕГЭ/ОГЭ и ВПР
- Для учеников 1-11 классов
Московский институт профессиональной
переподготовки и повышения
квалификации педагогов
Дистанционные курсы
для педагогов
663 курса от 690 рублей
Выбрать курс со скидкой
Выдаём документы
установленного образца!
Учителя о ЕГЭ: секреты успешной подготовки
Время чтения: 11 минут
Курские власти перевели на дистант школьников в районах на границе с Украиной
Время чтения: 1 минута
В приграничных пунктах Брянской области на день приостановили занятия в школах
Время чтения: 0 минут
Студенты российских вузов смогут получить 1 млн рублей на создание стартапов
Время чтения: 3 минуты
В Белгородской области отменяют занятия в школах и детсадах на границе с Украиной
Время чтения: 0 минут
РДШ организовало сбор гуманитарной помощи для детей из ДНР
Время чтения: 1 минута
Минобрнауки создаст для вузов рекомендации по поддержке молодых семей
Время чтения: 1 минута
Подарочные сертификаты
Ответственность за разрешение любых спорных моментов, касающихся самих материалов и их содержания, берут на себя пользователи, разместившие материал на сайте. Однако администрация сайта готова оказать всяческую поддержку в решении любых вопросов, связанных с работой и содержанием сайта. Если Вы заметили, что на данном сайте незаконно используются материалы, сообщите об этом администрации сайта через форму обратной связи.
Все материалы, размещенные на сайте, созданы авторами сайта либо размещены пользователями сайта и представлены на сайте исключительно для ознакомления. Авторские права на материалы принадлежат их законным авторам. Частичное или полное копирование материалов сайта без письменного разрешения администрации сайта запрещено! Мнение администрации может не совпадать с точкой зрения авторов.
Какие меры закрепили минские соглашения. Краткое содержание
Как исполнялись минские соглашения
По факту за семь лет сторонам после долгих переговоров удалось лишь добиться обмена насильно удерживаемых лиц (по факту пленных). ДНР и ЛНР, а также МИД России неоднократно обвиняли Киев в незаконном занятии населенных пунктов в буферной зоне и появлении там тяжелой техники.
Не были амнистированы участники событий 2014–2015 годов. И хотя Верховная рада приняла в 2015 году закон об особом статусе Донбасса, однако увязала вступление его в силу с проведением местных выборов. При этом в Киеве настаивали на том, что сначала должны восстановить контроль над границей, а уже потом проводить выборы. В Москве с этим категорически не соглашались.
В 2019 году участники Контактной группы приняли так называемую формулу Штайнмайера (по имени ее автора, главы МИД Германии Франка Штайнмайера), в соответствии с которой закон об особом статусе должен был вступить в силу после признания местных выборов в Донецкой и Луганской областях соответствующими стандартами ОБСЕ. Помимо этого, предполагалось вновь отвести вооруженные формирования на прежние позиции. Принятие этой поправки вызвало недовольство оппозиции в Киеве. Согласовать порядок проведения выборов сторонам так и не удалось.
Читайте также:
- Сжатое изложение прочитайте отрывок из очерка паустовского страна за онегой от 3 лица
- Стойкий принц кальдерон краткое содержание
- Кружок биологии в школе
- Многодетные должны в фонд школы сдавать
- Вратарь яковлев краткое содержание