Академиялы? эссе деген не ?алай жазылады

Емтиханда жазылатын эссе түрі Академиялық эссе

Қорытынды аттестаттау емтихан болғандықтан, жазба жұмысы Академиялық эссе түрі бойынша жазылады. Академиялық эссе ұзақ және қысқа мерзімді қамтиды.
Зерттеу жұмыстарына ұзақ мерзімді академиялық эссе тән.
Ұзақ мерзімді академиялық эссеге кеңейтілген эссе түрі жатады. Оқушы қызығушылығымен таңдап алған тақырыбына зерттеу жүргізеді. Зерттеу 1- 1,5 жыл мөлшерін қамтуы мүмкін.
Қысқа мерзімді академиялық эссе білім алушының оқыған, талдаған, сараптаған білімін бағалау үшін беріледі. Қысқа мерзімді академиялық эссе емтиханға бөлінген уақытта орындалады. Академиялық эссе кез келген пәндер: жаратылыс, гуманитарлық, тіл, әдебиет бойынша жазылады. Әр пән функционалдық міндетіне сәйкес білім алушының білім нәтижесін бағалауға бағыттайды. Ана тілі мен әдебиеті пәндерінің қорытынды аттестаттау емтиханында әдеби эссе жазады.
Әдеби эссе – эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Ол жазылу мақсатына қарай әдеби-талдау эссе, әдеби-сыни эссе, әдебисинтез эссе, әдеби-дәлелдеме эссе, әдеби-салыстырмалы эссе, әдеби-шығармашылық эссе болып бөлінеді. Әдеби эссенің әр түрінің жазу әдістері бар. Әдеби-талдау эссені туындыға талдау жасай отырып жазады. Әдеби-сыни эсседе автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады. Әдеби-синтез эсседе бір тақырыптың бірнеше туындыдағы көрінісін талдай келе, шешім шығарады. Шешіміне талдау жүргізе отырып, қорытындыға келеді. Әдеби-дәлелдеме эсседе өз ұстанымын көрсете отырып, аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Әдебисалыстырмалы эсседе туындыны басқа туындымен және сол туындыдағы кейіпкерлерді, оқиғаны салыстыра отырып, талдап жазады. Әдеби-шығармашылық эсседе көркем туындыдағы оқиғаны өз шығармашылығымен оқиға тудырып және кейіпкер рөліне еніп немесе оқиға уақытына, мекеніне түсіп, сезімін, ойын, жай-күйін баяндап, сипаттап, суреттеп жазады.
Әдеби эссенің әр түрінің мақсаты, жазылу ерекшеліктері бар. Мақсат, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары арқылы айқындалады. Мысалы:
• «Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тосын және қатыгез эмоцияларды автордың оқырманына жеткізу тәсілдерін талдап жаз». Әдеби-талдау эссе автордың тосын және қатыгез эмоцияларды жеткізу үшін қолданған тәсілдерін тауып, талдап жазылады.
• «Мұхтар Әуезов «Көксерек» повесіндегі тосын және қатыгез эмоцияларды оқырманына қаншалықты әсерлі жеткізе алды?» Әдеби-сыни эссе автордың тіл шеберлігіне сыни бағасын бере отырып жазылады.
• «Тосын және қатыгез эмоциялардың М.Әуезовтің «Көксерек» повесі және әлемдік әдеби туындылардағы көрінісі». Әдеби-синтез эсседе бірнеше туындылардағы тосын және қатыгез эмоциялардың берілуін талдай келе, өзіндік бағасын шығарады, көзқарасы тұрғысынан шығарылған бағасына талдау жүргізеді.
• Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тосын және қатыгез эмоциялар оқырман психологиясына кері әсер ете ме? Әдебидәлелдеме эсседе білім алушы өз позициясын /ұстанымын/ танытады. Позициясын аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Аргумент келтіруде Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесімен ғана шектелмей, неғұрлым өзге дереккөздерден аргументтер келтірген сайын, соғұрлым эссе бағасы жоғарылайды.
• «Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі Құрмашсың. Жоғалып кеткен Көксеректі күтпеген сәтте кездестірдің. Көксерек саған қарсы шауып, сен жараландың. Осы сәттегі сезіміңді сипаттап жаз. Әдеби-шығармашылық эссе жазуда Құрмаш рөліне енеді, сезімін, жайкүйін сипаттап жазады.

Просмотр: 319

Әуелі, жазылған эсседе ой дұрыс не бұрыс деген ұғым жоқ. Себебі, онда сіз өзіңіздің пікіріңізбен бөлісе аласыз. Алайда, ойды жеткізуде көптеген қателіктерден абай болу керек. Алдымен плагиат атты ұғымның эссе жазудағы мәнін түсінген жөн. Эссе ол өз ойыңыз, бірақ ол ой оқылған кітап, журналдан, көрген бейнефильм, бағдарламалардан, қарастырылған статистикалық мәліметтер, зерттеулерден туындайды. Сондықтан, ойыңызды жазбас бұрын сол пікірдің қалыптасуына себеп болған мәліметті және сол мәліметтің ресурсын көрсету керек. Егер оны көрсетпесеңіз: 1) ойыңыз негізсіз; 2) мәлімет ұрдалынған болып саналады. Бұны көрсетудің көптеген жолдары бар. Мысалы:

– (аты)веб парақшадағы (қандай мәлімет) мәлімет негізінде (эссе тақырыбындағы мәселе) жағдайына теріс көз қарасым қалыптасты;

– (аты)университеттің/ зерттеу орталығының (мәліметтің қаншалықты жаңа екенін көрсетеді) жылғы зерттеулері бойынша (мәлімет). Менің ойымша/пікірімше/түсінігімше бұл(сіздің ойыңыз/пікіріңіз) негіз бола алады;

– Мен үшін (эссе тақырыбындағы проблема)мәселесі (сіздің ұстанымыңыз) сипат алады. Себебі/өйткені, (аты) бағдарламасында/бейне фильмінде (аты) атты зерттеуші/автор (зерттеуші/автор берген мәлімет) деп айтқан.

Енді эссе құрылысын және әрбір бөлімінде не жазылу керек екенін анықтап алайық:

1. Кіріспе.Мұнда 3-4 сөйлем жеткілікті. Бірінші сөйлемде оқырмандарды қызықтыру керек. Ол үшін сіздің эссе тақырыбыңыз өзекті екенін дәлелдейтін мәлімет жазылу керек. Тағы да еске түсіріп кетейік, плагиатты болдыртпас үшін ресурты көрсету керек. Эсседе берілген мәселені толық 100 пайыз қарастыру дұрыс болып саналмайды. Сондықтан да екінші сөйлемде жалпы айтып кеткен мәселенің ішінде негізгі тоқталатын 2/3 (эссе түріне байланысты, сондықтан бұл туралы келесі мақалаларда жазатын болам) қырды/ аспектіні таңдағаныңызды көрсету керексіз. Үшінші сөйлемде эссеге осы қырларды/аспектілерді таңдаудағы мақсатты көрсету керексіз. Бұл салыстыру, талдау жасау, шешімдерді ұсыну болуы мүмкін және мақсат эссе түріне байланысты.

2. Негізгі бөлім3 абзацтан тұрады. Әрбір абзац кіріспе бөлімінде көрсетіп кеткен мақсатқа сәйкес болу керек. Яғни, егер сіз аспектілерге талдау жасауды мақсат етсеңіз, әрбір абзацта талдау жасау керексіз. Ал әрбір абзац 5/7 сөйлемнен құралғаны жөн. Бұнда да кіріспеде қолданылған принцип жүреду. Мәселен, 1 және 2-сөйлемдерде мәселенің белгілі аспектісі туралы мәлімет беріледі. Ал 3 пен 4-сөйлемдерде осы мәліметтер бойынша сіздің ойыңыз. 5-сөйлемде жалпы жасалынған ойыңызды 1 сөйлеммен қорытындылау керек.

3. Қорытынды жазуда абай болу керек. Себебі, эссенің бұл бөлімінде сіздер жаңа мәлімет қоса алмайсыздар. Алайда, эссенің оңай бөлімі де бола алады, егер сіздер негізгі бөлімнің әрбір абзацында қорытынды 1 сөйлем жазған болсаңыз. Сол жазылған 3 қорытынды сөйлемді өзгертіп басқа сөздермен жазу керексіз. Содан кейін 3 қорытынды сөйлемді жалпылап 1 сөйлем жазылуы тиіс.

Бұл мақала сіздерге көмек болды деген үміттемін және келесі мақалаларды қалдырмаңыздар, себебі келесі ретте бизнес әлемін дүр сілкіндірген 20/80 принципі жайлы әңгіме болады.

Ұқсас жазбалар:

Мен таңдаған мамандық (эссе)

Ұстаз болу – жүректің батырлығы (педагогикалық эссе)

Тәуелсіздік туралы шығарма: Тәуелсіздік – киелі ұғым

Шығарманы қалай жазу керек?

Академиялық жазу дегеніміз не?

Автор:   •  Декабрь 22, 2021  •  Эссе  •  391 Слов (2 Страниц)  •  566 Просмотры

Страница 1 из 2

Академиялық жазу дегеніміз не?

Академиялық жазу — бұл зерттеушіге ғылыми мәтіндерді оқуға, түсінуге және жазуға мүмкіндік беретін тілдік құзыреттілік. Айдарда ғылыми мәтіндерді, баяндамалар мен жарияланымдарды дайындау, жазу және жариялау бойынша ұсынымдар береді.

Академиялық жазу — бұл қысқа, бірақ жеткілікті сенімді ғылыми мәтін арқылы өз ойларын білдіру және негіздеу мүмкіндігі. Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер бүгінде академиялық жазу жүйесін (academic writing) және оның ғылыми-әдістемелік базасын әзірлеуде басты рөл атқарады.

Академиялық жазудың мақсаты-зерттеушіге ғылыми мәтінді қысқа, сенімді және зерттеушілер үшін ыңғайлы етіп жазуға үйрету. Мәтіннің дұрыс лексикалық безендірілуі және мақаланың құрылымын ұйымдастыру мәтінді шетелдік платформада еш қиындықсыз жариялауға мүмкіндік береді.

Академиялық жазу немесе ғылыми жазу-проза стилі. Әдетте жеке және бейтарап тонмен ұсынылған, ол мұқият негізделген және дәлелденген білімге негізделген сыни және ақпараттандырылған аудиторияға бағытталған; және тұжырымдамаларды немесе дәлелдерді нығайтуға немесе дауласуға арналған.

Академиялық стиль-академиялық стильде мәтіннің абстрактілі теориялық компоненті, сипаттаманың тереңдігі мен тереңдігі басым. Бұл ең көп шоғырланған ғылыми стиль, онда терминдерді көбірек қолдану, оларды таңдау үшін таңдау жасалмайды

Академиялық жазу

Аннотация

Пән — студенттердің реферат, эссе, аннотация, математикалық әдебиетке шолу және т.б. сияқты академиялық мәтіндерді жазу дағдыларын, баяндамалар мен презентацияларды жасау және редакциялау дағдыларын және библиографиялық сипаттаманы дұрыс құрастыру дағдыларын қалыптастыруға арналған.

Пәнді меңгеру мақсаты

Студенттердің академиялық сипаттағы мәтіндерді жасау саласында мектепте, ЖОО алған білімдерін тереңдету.

Студенттердің академиялық жазудың негізгі жанрлары бойынша теориялық білімдерін қалыптастыру: реферат, аннотация, рецензия, академиялық эссе, әдебиетке шолу, ғылыми конференцияға арналған тезистер, курстық жұмыс, ғылыми мақала;

Студенттердің академиялық оқу және зерттеу мәтіндерін: конспектілерді, жоспар-конспектілерді, рефераттарды, аннотацияларды, рецензияларды, әдебиеттерге шолуларды, ғылыми конференцияға арналған тезистерді, курстық жұмыстарды, ғылыми мақалаларды жазудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Доступно только на Essays.club

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *