Ұлттың бойындағы сан ғасырлар жинақталған рух пен мұраттың ұлы бұлқынысы болған Алаш қозғалысы ел тағдырына қатысты барша идеяны өзіне өзек еткені бүгінде көбімізге белгілі. Құдайға тәуба, Алаш қайраткерлері күресінің тағылымы да, Алаш қаламгерлерінің мұрасы да жылдан жылға қазақтың рухани-мәдени өміріне еніп, «Алаш» сөзі аяулы ұғым, қасиетті түсінік ретінде қоғамымызда асқақтатыла айтылып келеді. Күнделікті теледидардан, радиодан, газеттерден «Алаш» сөзінің айрықша мән беріліп айтылғанына, жазылғанына куә болудамыз. Яғни, Алланың қалауымен қазақ баласының жаны мен жүрегіне, ойы мен пікіріне, санасы мен сезіміне «Алаш» ұғымы уақыт өткен сайын бойлай түсуде. «Партия ұраны десек, бабамыздың «Алаш» ұранынан артық ұранды іздесек те таба алмаймыз. Сүйтіп қазақ саяси партиясының атын «Алаш» қою ойлап әуре болмастан ауызға түсіп отыр» — делініпті «Алаш» партиясы құрылған Бірінші жалпықазақ сиезі жөнінде жазылған «Қазақ» газетіндегі сүйінші мақалада /1, 414/. Сонау XX ғасырдың басында елдің еркіндігі үшін күрескен ерлер қалаған осы қасиетті сөз тәуелсіздігіне жеткен қазақ баласына да соншалықты қымбат, аяулы ұғымға айналуда. Бұл – санамыздың жаңғыруы, тарихи тамырларымызды қастерлеуіміз, елдіктің белгісі, өсер жұрттың өнегесі.
Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған зиялылардың ана тілімізге арналған еңбектері, тіл жолындағы алуан күрестері – бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды мұра, өміршең өсиет. Алаш зиялыларының тіл төңірегіндегі еңбектерінің алуандығы – олардың ұлт тағдырындағы тілдің төтенше маңызын әрі терең, әрі жан-жақты түсінгендігін аңғартады. Соған орай, Алаштың тілдік мұрасын сан тарапты құбылыс деп бағалай келе, оны бірнеше аспектіде сипаттаудың бірқатар мүмкіндіктерін аңғартпақпыз.
Біріншіден, Алаш азаматтары қазақ ғылымының төлбасы әрі арналы саласы ретінде ең алғаш болып тілтану ғылымының іргетасын қалады. Оның себебіне үңілсек, онда Алаш қайраткерлерінің барлық ұлттық ерекшеліктердің ішінен халықтың болмысын, өткені мен бүгінін танытарлық тіл сияқты ең көрнекті құбылысты таңдауы аса қисынды еді. Қандай ғылым болса да, әлбетте, белгілі бір қолданбалы, жүзелік сипаттан өрістейді. Осы тұрғыдан келгенде, Ахаңның тіл саласындағы еңбектері, кейінірек жазылған Халел Досмұхамедұлының, Телжан Шонанұлының, Елдес Омарұлының еңбектері алдымен оқытуға, білім беруге арналған дүниелер болатын. Айталық, Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы», «Тіл құралы», Телжан Шонанұлының, Елдес Омарұлының оқу-әдістемелік мақалалары осыны аңғартады. Әсіресе, тіліміздің жазу үлгісінің, емлесінің қалыптасуындағы Алаш зиялыларының орны алабөтен. Алаш оқымыстыларының қазақ тіл білімі тарихындағы орнын 1924 жылы Орынбор қаласында өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі де байқатты. Осы алқалы, тарихи жағынан маңызды ғылыми жиындағы А.Байтұрсынұлының, Е.Омарұлының, Н.Төреқұлұлының баяндамалары, Т.Шонанұлының, М.Дулатовтың, Х.Досмұхамедұлының, М.Тұрғанбайұлының, М.Саматұлының сөйлеген сөздері, ой-пікірлері тілтану ғылымының күрделі мәселелерін шешуде алаштықтардың қаншалықты үлкен еңбек сіңіргендіктерін қаншалықты эрудициясы мен инстуициясы бай тұлғалар екендіктерін айғақтады. Осы сиезде, негізінен, әліпби, жазу ережелері тақырыптары баса көтерілгенімен, олар тілдің сан алуан мәселелері төңірегінде сөз қозғауға өрісті ой тудырды. Осындай білімпаздар сиезі, біздің пайымдауымызша, бүгін де қажет сияқты. Себебі емледе болсын, терминологияда болсын, ономастика саласында болсын тілші ғалымдармен бірге басқа ғылым саласы өкілдерімен бірге ақылдасып ортақ уәжге келерлік мәселелер баршылық. Алаш оқымыстылары қалыптастырған қазақ тіл білімі Ахаңның, Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-тілдік мектебін қалыптастырды. Бұл мектеп ілгеріде есімдері аталған тілтанушыларды өсірді, бұдан кейінгі кезеңде Ахаңның көзін көрген өнегесін алған қаншама ғалымдар қалыптасса, совет заманындағы қазақ тіл білімі де Ахаңның ізімен жүрді, оның атын атай алмаса да, еңбектерін пайдаланды. Енді тәуелсіздік алған заманда тағы да Ахаң өзінің ұстаздық мінберіне барша тұлғасымен көтерілді.
Екіншіден, Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы белгілері байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да қалыптастырды, анағұрлым байытты. Бастапқыда Шортанбай Қанайұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Әбубәкір Кердері және тағы да басқа исламдық ағартушылық ағымның өкілдері шығармашылығында, сәл кейінірек тұтастай түрде Ыбырай Алтынсарин, Абай өнернамасында қалыптаса бастаған жазба әдебиетінің көркемдік, стильдік, жалпы тілдік белгілерін іргелендірді. А.Байтұрсынұлы, Ғ.Қараш, М.Дулатов, С.Торайғыров, Б.Серкебаев шығармаларындағы жазба реалистік дәстүр, М.Жұмабаев, Б.Күлеев поэзиясындағы романтикалық жазба дәстүр мәдениетті жазба әдебиетінің қалыптасқандығын байқатса, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтердің көркем прозасы классикалық жазба әдебиетінің зор үлгілері болды. Әңгіме, повесть, роман, поэма, баллада, драма сияқты жанрлардың түгенденуі де ұлттық жазба әдебиетіміздің қалыптасу кезеңінен даму биігіне қарышты қадам жасағандығын әйгіледі. Қазіргі кезде ғалымдар тарапынан «Алаш әдебиеті», «Алаш ұранды әдебиет» делініп жүрген әдебиет идеялық жағынан да,тақырыптық жағынан да, тілдік-стильдік жағынан да, жанрлық жағынан да, бейнелілік жағынан да ауызша дамыған сөз өнеріміздің жазба әдебиетке тән деңгейге көтерілуіне өлшеусіз үлес қосты. Бұл тіліміздің бойындағы мүмкіндіктерді барынша көрсетуге, көркем әдебиет стилінің дамуына жағдай жасады. Алаш әдебиеті арқылы ұлттық сөз өнеріміз жаңа деңгейге жетіп, тіліміздің байлығы мен оралымдылығының, мағыналылығының, әлеуетінің мүмкіндіктері мол екендігін паш етті. Сайып келгенде, Алаш қозғалысының өзі сол қаламгерлердің шығармашылық жолын айқындады. М.Жұмабаев, Ж.аймауытов, М.Әуезов сияқты ұлы қаламгерлердің қалыптасуына шешуші ықпал етті. Бұған қоса Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы мақалаларынан басталып, «Әдебиет танытқышқа», «Әдебиет тарихына» ұласқан әдебиеттану ғылымының қалыптасуы да Алаш қаламгерлерінің жазба әдебиетімізді дамытқанын, ғылыми-эстетикалық тілдің де негізін қалағандығын дәлелдеді. Қалам ұстаған Алаш азаматтарының әдеби тілімізге жасаған осы тарихи еңбегі қазақ тілінің кейінгі өрістеу жолдарын айқындаған өнегелі, өміршең дәстүр болды. Жазба әдебиетіміздің тарихындағы алаштық кезеңді зерттеуде қазақ лексикасының зор мүмкіндіктерін айқындайтын мысалдар жеткілікті. Сөз қолдану, ұғымды беру, тың сөз тіркестерін жасау, бейнелілік тудыру, тілдің стильдік мүмкіндіктерін ашу, құбылысты суреттеу – олардың ұлттық ойлаудың биігіне жеткендігін, сондай-ақ Шығыс пен Батыстың рухани игіліктерін ізденгіштікпен зерделегенін байқатады. Алаш қайраткерлері мен қаламгерлерінің бұл жоралы жолы із-түссіз кеткен жоқ. Оның тамаша дәстүрлері өзінен соңғы советшіл әдебиеттен көрініс тауып жатты. Алаш әдебиетінің рухы Мұхтар Әуезов сияқты данышпан жазушының қаламына қанат бітірді, осы рух Бауыржан Момышұлын, Ілияс Есенберлинді, Мұхтар Мағауинды тағы да қаншама қазақтың ұлыларын, ұлтты сүю мен ұлтқа қызмет етудің жоралы дәстүріне баулыды.
Үшіншіден, Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мәселесін көтере отырып, ұлттың рухани-мәдени өрлеуіндегі, саяси ұйысуындағы асыл қазынаның бірегейі тіл екендігін байыптады. Сөйтіп, олар тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. Бұл алаштықтар тарапынан тілдің саяси, әлеуметтік маңызын, ұлттың тұтасуы мен өркендеуіндегі орнын сезініп, оған тұңғыш рет берілген толымды баға болатын. Бұл да тәлімі тарихи деуге татитын Алаштың орасан өнегесі болатын. Ресей отаршылдығының саяси, әскери қысымын ғана емес, рухани өктемдігін сезген, көрген Алаш зиялылары тілді, ұлтты сақтап қаларлық қуатты құрал деп қарады, бағалады, соған риясыз қызмет етті. Хандық мемлекет тұсында тіл билік пен шешендіктің, көсемдіктің, өнебойы отаршылдықта өткен XIX ғасырда қарсылық пен сынның құралы болса, Алаш қозғалысы тұсында тілге ең алғаш рет ұлтты тұтастырушылық ірі қызмет жүктелді. Яғни, қазақ тілі қалың ел, ордалы жұрттың тілі ретінде сақталу керек, сақтала тұрып ұлттың ұлттығын да сақтауы тиісті деп бағаланды. А.Байтұрсынұлы «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл»-деп ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, арқауы да, тіл екендігін алғаш аңғартты. Ахаңның осы сөзіне орайлас пікірлерді Алаш зиялыларының көпшілігі білдірді. Айталық, Ғұмар Қараштың: «Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз», Мұстафа Шоқайдың: «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ болатын», Халел Досмұхамедұлының: «Ана тілін жақсы біліп тұрып бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш; ана тілін білмей тұрып бөтенше сөйлесең, бұл – күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беруі зор қате. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек,Мағжан Жұмабаевтың: «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу»дегендері біздің заманымызға үндес, өзекті пікірлер. Егер біздің тіліміз егемен елдің, дербес мемлекеттің мемлекеттік тілі екендігін, осы мәртебелі тіліміздің өзінің тұғырына толық қонбай жатқанын ескерсек, Алаш зиялылары өсиетінің бағасы да, маңызы да еселеп артатындығына деп қоямыз. Бұл бағыттағы өрісті ойлардың сілемі қалын оқырман қауымға әлі де мәлім бола қоймаған Ғ.Қараштың «Ұлт һәм туған ел», М.Тұрғынбаевтың «Қазақ тілін іске асыру» мақалаларынан айрықша аңғарылады. Ұлттық руханияттың өзегі ана тіл екендігін рухани-мәдини тарихымызда алғаш білдіргендер алаштықтар болды. Олар ана тілін ұлт болмысының басты бөлшегі ретінде қарастырып, әсіресе, жас ұрпақ тәрбиесінде оның алатын орнына да ерекше назар аударды. Сондықтан да өз ана тілінде сөйлеу, тілін білу – ұлттық іргелі мәселе екендігін Алаш зиялылары сол кезеңнің өзінде-ақ жақсы ұғынғаны олардың еңбектерінен бедерлене байқалып жүрді. Бұл орайда тағы да бір мәселені айта кеткеніміз жөн. Қазіргі кезде ана тіліміз – қазақ тілі туралы әдеби шыгармалар өрісті тақырыптардың біріне айналып отырса, олардың алғашқы үлгілерін дүниеге келтірген де Алаш қаламгерлері болатын. А.Байтұрсынұлының «Туған тілім», М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі», С.Торайғыровтың «Туған тіліме» өлеңдері – жалпы қазақ әдебиетіндегі тіл тақырыбында жазылған тұнғыш көркем туындылар еді. Алаш қайраткерлерінің тіл турасындағы осы көкейкесті ойлары, рухани күресі азаттық алған бүгінгі қазаққа да жолбасшылық етуде.
Төртіншіден, Алаш қозғалысы тұсында шын мәніндегі ұлттық мазмұндағы қазақ баспасөзі қалыптасты. Бұл құбылыс тиісінше әдеби тіліміздің көсемсөз жанрын дүниеге әкелді. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Ғұмар Қараш, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы да басқа Алаш қаламгерлерінің XX ғасырдың алғашқы жылдарындағы публицистикалық еңбектерін тізбелемегеннің өзінде, «Қазақ» газеті сияқты ұлттың ұлы басылымының өзі публицистикалық стильдің, жалпы әдеби тілдің қалыптасуына өлшеусіз мол үлес қосты. «Қазақ» газеті бетінде жарияланған алуан материалдар сол кезеңнің тынысын, қозғалыстың барысын ғана куәландырып қоймай, сонымен бірге әдеби тіліміздің де өсу, тармақтану қарқынын аңғартты. Бұл газет ұлт көсемсөзінің ғана емес, тіліміздің маржан қорының қойнауында өнген әдебиетіміздің де, сонысымен тіліміздің де айшықтыкөркемдігін, бай бейнелілігін ашты. Сондықтан да заңғар Әуезов: «Жазба әдебиетте Абайдан соң аты аталатын – «Қазақ» газеті. «Қазақ» газетінің мезгілі әдебиетке ұлтшылдық туын көтерген мезгілімен тұстас. Ол уақыт қазақ жұрты 1905-ші жылдың өзгерісін өткізіп, ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жиып, патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп, талап қыла бастаған уақытына келеді» деген еді /2,350/.Ұлттың мүддесін үндеген «Қазақ» газетінің өзі де, аңғарар болсақ, әдеби тілдік жағынан жылдан жылға өскені байқалады. Әсіресе, газет бетіндегі әдеби тіл тармақтарының саралана көрінуі, қазақ тілінің бай мүмкіндіктерінің тараулана байқалуы газеттің 1917 жылғы сандарынан айрықша көрініс береді. М.Дулатовтың «Тарихи жыл» мақаласы, Ә.Бөкейханның «Қазақ сиезі», «Алаштың талапты азаматына», редакцияның «Алаш партиясы» және тағы да басқа публицистикалық туындыларда ұлт баспасөзі деңгейінің артқандығы, публицистикалық стильдің ширағандығы кеңінен сезіледі. Алаштың рухани көсемі Ахаңның еңбегімен, жігерімен дүниеге келген «Қазақ» газетімен бірге, Түркістан көсемі Мұстафа Шоқай шығарған «Бірлік туы» және Алаштың астанасы Семей қаласында Райымжан Мәрсекев, Халел Ғаббасовтар шығарушылары болған «Сарыарқа» газеттері публицистикалық тіліміздің айрықша дамуына іргелі үлестерін қосты. Сөйтіп, қазақ публицистикалық тілі мен стилі Алаш қозғалысы тұсында аяқтанды деп айта аламыз.
Бесіншіден, Алаш оқымыстыларының ғылыми және ғылыми-танымдық еңбектері, әр салаларға арналған оқулықтары арқылы тіліміздің ғылыми және ғылыми-көпшілік стильдерін қалыптастырды. Айталық, Ә.Бөкейханның тарих, фольклортану, әлеуметтану саласындағы ғылыми шығармалары, А.Байтұрсынұлының 1912 жылдан бастап 1928-1929 жылдарға дейін жазылып жарияланған оқулықтары, оқу құралдары, ғылыми мақалалары, Х.Досмұхамедұлының медицина, биология, тілтану саласындағы ғылыми еңбектері, М.Тынышпаевтың тарихи зерттеулері, М.Дулатовтың тілтану, әдебиеттану, математика саласындағы ғылыми шығармашылығы, Ж.Аймауытовтың психология, әдебиеттану саласындағы ғылыми ізденістері, М.Жұмабаевтың педагогика, әдебиеттану саласындағы еңбектері, Т.Шонанұлының тілтану, әдістемеге арналған оқу құралдары мен зерттеулері, сондай-ақ Ә.Ермековтің, М.Тұрғанбаевтың, Е.Омарұлының, С.Асфендияровтың, М.Бұралқиевтың, Қ.Кемеңгерұлының, С.Сәдуақасовтың ғылыми еңбектері ғылым тілінің, қазақтың ғылыми терминологиясының қалыптасуында айрықша белес болды. Қазақ тілінің әліпбиін, емлесін жасаумен, ішкі заңдылықтарын ғылыми дәйектеумен бірге Алаш зиялылары тіліміздің тазалығы, мәдениеті үшін де күресті. Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы», М.Дулатовтың «Қазақ тілінің мұңы», Н.Төреқұлұлының «Ауропа сөздері» т.б. еңбектерде тіліміздің орфоэпиялық, орфографиялық нормаларының сақталуы, басқа тілдердің әсері, тіл табиғатының бұзылмауы, сөзжасам т.с.с. мәселелер айтылып, қазақ тілінің табиғи болмысын сақтау, тіл тазалығы, сөз мәдениеті тақырыбында бүгінде өзектілігін жоймаған ойлар өрістетілді. Алаш оқымыстылары бастаған осы ғылыми дәстүр совет тұсында қанша масұқталғанымен, бәрібір қазақтың ғылыми алқабына себілген дән болып көктеп шықты, өз жемісін берді, бүгінгі бізге де қуатты құнар болуда. Әсіресе, Алаш асылдары қалыптастырған ғылыми терминология әлденеше ғылым саласында орнықты. Олардың термин жасаудағы қағидаттары, қазақ тілінің бай мүмкіндіктерін қолдану әдістері мен дағдылары қазіргі қазақ терминологиясының мектебі іспетті. Алаш санаткерлері қалыптастырған осы терминологиялық қор, біздің ойымызша, ғылыми тұрғыдан қорытылу қажет, соған орай оның қағидаттары мен тұжырымдары осы саладағы барлық мамандарға жеткізілуі тиісті. Сонда біз қазіргі термин саласындағы көптеген, жиі айтылып қалып жүрген ала-құлалықтардан арылмақпыз. Сондай-ақ Алаш ғалымдарының сан салалы ғылыми тәжірибелеріне жалпы таза ғылыми деңгейде лайықты баға беретін де уақыт келді деп ойлаймыз. Әрине, ғылыми мұраны зерттеу, зерделеу жұмыстары сонау 1980 жылдардың соңында, 90 жылдардың басынан бері қолға алынуда. Сандаған мақалалар жазылды, ғылыми деңгейі әртүрлі диссертациялар қорғалды, енді оларды қорыту, соның негізінде жаңа ғылыми бағыттарды айқындау, маңызды мен мардымсыздың жігін ажырату сәті туған сияқты. Бұл мәселенің өзектілігі – ғылым саласында дәстүрлі реттен бас тартып, жаңа жүйені қалыптастырудың қазіргі кезеңімен сабақтас.
Алтыншыдан, Алаш қаламгерлерінің аударма саласындағы алуан еңбектерінің нәтижесінде қазақ аудармасының негізі қаланды. Бұл арада Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгерұлы және тағы басқалар жасаған көркем аудармалар, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Аймауытов, Т.Шонанұлы және тағы басқа қаламгерлер жасаған ғылыми аудармалар, сондай-ақ әлеуметтану, саясаттану, философия салаларында орындалған аудармалар, әлбетте, саны жағынан да, түрі жағынан да өзіне дейінгі кезеңдерге қарағанда әжептеуір өсу болатын.
Жетіншіден, Алаш қайраткерлері жалпылай келгенде, Алаш қозғалысының барысында, негізінен алғанда, облыстық қазақ комитеттерінің, Алаш партиясының құрылуы тұсында, Бірінші, Екінші жалпықазақ сиездері кезінде, Алашорда үкіметінің қызмет етуі кезеңінде тіліміздегі ресми-іскери стильді қалыптастыра бастады. Алаш автономиясы құрылып, Алашорда үкіметі оның облыстардағы, уездердегі комитеттерінің жұмыс атқару шағында аталған стильдің сандаған үлгілері пайда болғаны белгілі. Бұл қазақ тілінің мемлекеттің тілі болуының алғашқы үлгісі еді. Қазақ тілінің мемлекеттік деңгейде болуына большевиктік биліктің бастапқы жылдарында да Ахаң бастаған Алаш қайраткерлері зор ықпал еткені тарихтан белгілі.
Міне, біз негізгі жеті себебін жіктеген қазақ тілінің Алаш қозғалысы тұсындағы өрістеу бағыттары өз кезеңінің ғана емес, бұдан соңғы жылдарда да дәстүр жайған, өнегелі өріс болған құбылыс, жанды үдеріс болатын. Алаш зиялыларының қазақ тіліне жасаған зор, тіпті ұлы еңбектері қай жағынан алсаңыз да тарихи миссия. Оның серпіні бүгінгі күнделікті еңбектеріміздің екпініне ұласуы қажет һәм міндетті деп ойлаймыз. Бізге Алаш зиялыларының тілдік мұрасы осыны үндейді. Ол ұланғайыр мұрамен танысу, білу, біздің ойымызша, бастапқы қадам ғана. Алаштың аяулы азаматтарының еңбегіне лайықты баға беріп қана қоймай, оны жүзеге асырудың жолдарын да ойластырып, әрекет жасағанымыз абзал. Көрнекті алаштанушы Мәмбет Қойгелдиевтің сөзімен айтсақ: «Халықтың өткен өмірі жалпықоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз өткен тарих қысыр әңгіме ғана. Егер біз Алаш қозғалысын ұлт тарихында ерекше орны бар құбылыс ретінде ғана бағалаумен шектелсек, онда біз оны түсіне алмаған ұрпақ болып шығар едік. Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып, жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни, ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет.Ал Алаш қозғалысы сол дүниетанымдық тарихтың өзегі. Өйткені, Алаш халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш – ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харекеті» /3,29/. Бұл Алаш мұрасы мен мұратын танудың терең толғамы. Алаштың құндылығы хақындағы осы толғамы Алаш қайраткерлерінің тілдік мұрасына да әбден қатысты деуге болады.
Біз бабаларымыздың күресімен өсетін бойымызға сіңіруде, олардың бүгінгі күнімізбен тікелей сабақтас құндылық екендігін әрқашан сезінуіміз қажет. Осы тамырластық дегдар сезім бүгінгі қазақтың азаттығына, ел болуына, ел болу үшін, басқа да мемлекеттік атрибуттармен, істермен бірге ұлт тілінің мерейін асыратын, отаршылдық қалдықтармен күресетін баянды шаруаларға жұмылдыру шарт һәм міндетті. Бағзы бабалардан да, абыз Абайдың да, Алаш зиялыларының да аманаты осында.
Ответ:
Ұлттың бойындағы сан ғасырлар жинақталған рух пен мұраттың ұлы бұлқынысы болған Алаш қозғалысы ел тағдырына қатысты барша идеяны өзіне өзек еткені бүгінде көбімізге белгілі. Құдайға тәуба, Алаш қайраткерлері күресінің тағылымы да, Алаш қаламгерлерінің мұрасы да жылдан жылға қазақтың рухани-мәдени өміріне еніп, «Алаш» сөзі аяулы ұғым, қасиетті түсінік ретінде қоғамымызда асқақтатыла айтылып келеді.
Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мәселесін көтере отырып, ұлттың рухани-мәдени өрлеуіндегі, саяси ұйысуындағы асыл қазынаның бірегейі тіл екендігін байыптады. Сөйтіп, олар тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. Бұл алаштықтар тарапынан тілдің саяси, әлеуметтік маңызын, ұлттың тұтасуы мен өркендеуіндегі орнын сезініп, оған тұңғыш рет берілген толымды баға болатын. Бұл да тәлімі тарихи деуге татитын Алаштың орасан өнегесі болатын. Ресей отаршылдығының саяси, әскери қысымын ғана емес, рухани өктемдігін сезген, көрген Алаш зиялылары тілді, ұлтты сақтап қаларлық қуатты құрал деп қарады, бағалады, соған риясыз қызмет етті. Хандық мемлекет тұсында тіл билік пен шешендіктің, көсемдіктің, өнебойы отаршылдықта өткен XIX ғасырда қарсылық пен сынның құралы болса, Алаш қозғалысы тұсында тілге ең алғаш рет ұлтты тұтастырушылық ірі қызмет жүктелді. Яғни, қазақ тілі қалың ел, ордалы жұрттың тілі ретінде сақталу керек, сақтала тұрып ұлттың ұлттығын да сақтауы тиісті деп бағаланды. А.Байтұрсынұлы «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл»-деп ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, арқауы да, тіл екендігін алғаш аңғартты.
Эссе тақырыбы: «Алаш қозғалысы: кеше және бүгін»
«Ұлы тұлғаларын білмейінше бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Алаш орыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті.Тарихтың қай кезеңінде болсын,олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген.»
Н.Ә.Назарбаев
«Алаш»-осы төрт ақ әріптен құралған мазмұны терең елеулі сөз былай қарасаң айтуға оңай. Алайда осы сөздің астарында, қисапсыз қасіреттер, ұлты үшін құрбан болған қазақ зиялыларының қиын тағдырлары, қазақ халқының тарихы жатыр.
Ия «Алаш» сөзі-киелі ұғым.
Алаш-Қазақстанның «Мәңгілік ел» ел мұратын саясат пен руханият тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы.
Алаш-Қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен мемлекетшілік мүддесінің үзілмеген арқауы.
Алаш –Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының батыл да бастамашыл білік пен парасат, білім мен жауапкершілік тарихына қараған айнасы.
Алаш XX ғасырдағы қазақ халқының ұраны. XXғасыр өте қиын кезең еді. Қазақ зиялылары XX ғасырдың табалдырығында тұрып-ақ туған халқының басына кигізілген бодандық ноқтасының уақыт өткен сайын тарылып бара жатқанын жандүниесімен сезініп, қайткенде де одан құтылуға болады деген сұрақ іздеді.Сайып келгенде олар ұлттық болмысқа негізделген халықтың руханият пен өмір сүру саласының ғасырлар бойғы қалыптасып, сыннан өткен түрлерінің бодандық шылауынан соң бірте-бірте әлсіреп, жойыларын жақсы білді.Оған жетпеудің жолы немесе қазақтың ұлт, халық ретінде аман қалуы үшін міндетті түрде рух биіктігі керек.Ұлттық рух ұлттық сананы оятады, қажымас қайрат пен асқақ зияткерлікті білдіреді. Ал осылардың бәрін ұйыстырып, ұйымдастыратын белгілі бір құрылым қажет еді. Міне, осындай өмір қажеттілігіне орай, қоғамдық, тарихи қажеттіліктер негізіне Алашорда қозғалысы, Алашорда партиясы, сәл кейінірек Алашорда үкіметі дүниеге келді. Алаш қозғалысы тарихын бірнеше кезеңдерге бөліп қарасам:
1.1917жыл большевиктік қызыл терор жылдарындағы алаш қозғалыстары жылдары.
2.1925-1933 жылдары Алаштықтарға қарсы Голощекиндік репрессия басталған жыл.
3. 1933жылдан кейін үлкен террор жылдардағы алаш қозғалысының қайраткерлері үлкен репрессияға ұшыраған жылдары.
1917 жылға тоқталсақ бұл жыл қазақ қоғамында аса күрделі саяси әлеуметтік жағдайды қазақ халқы басынан кешірген жыл. Міне осыдай жағдайда қозғалыстың басында ұлтымыздың қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Шоқай, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов сияқты алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары болды.Олар Ресейдің Санк-Петербург, Мәскеу сияқты орталық қалаларында оқыған, өз заманына сәйкес жоғары білім алған, озық ойлы қайраткерлер еді.Олар өздерінің білім деңгейі мен саяси белсенділігі, ұлтшылдық қуаты мен халықшыл қасиеті, рухани парасаттылығы мен азаматтық пайымдылығы жағынан Қазақстандағы кеңес өкіметін құрушылардан әлдеқайда алда болды.Ұлттық автономия жариялаудан басқа жол жоқ, саяси тұрақсыздық жағдайында тек біртұтас ұлттық мемлекеттік құрылым ғана қазақ елін азаптан құтқарып, бостандық жолына алып-шығамыз деген тұжырымға келді. Осы кезеңде Ә.Бөкейханов бастаған бүкіл алаш зиялылары жиналып Алаш партиясын құрған болатын.Орынборда бүкіл халықтық I съезд өткізіліп,онда Алаш партиясының 10 жобасын талқылап мемлекеттік деңгейді мемлекеттің тілін, дінін,әйел мәселесі, жер мәселесі яғни бір сөзбен айтқанда қазақ халқының ұлттық мәдениетін әлемдік деңгейге көтеру жоспарланды. Олар қасық қандары қалғанша ұлттық тәуелсіздік жолында, адами жолында сол үшін бастарын тасқа да, тауға да соқты. Осы бір кері заманда елім деген қазақ зиялыларының әр қайсысының жүрегінің төрінде ат басындай жер байлаулы еді. Атақты С. Датұлымен басталып К.Қасымұлының ұлы бұлғағымен саябырсыған қазақтың үш жүзден астам ұлт-азаттық көтерілісі, Ресейден ағылып келіп жатқан қарашекпінділердің тасқынын тоқтата алмаған болатын. Қазақтың ең шұрайлы 45 млн десятина жеріне 1,5 млн орыс шаруаларының қоныстануы халық наразылығын одан сайын күшейтіп жіберді. Сондықтан қазақ зиялыларын шықсақ бір төбеде,өлсек бір шұңқырда болайық деп серт болуға итермелеген бір һәм бірінші мәселе осы еді.Ұлтымыздың белгілі қамқорлары Әлихан, Ахмет, Міржақыптардан басқа да, мысалы, Ғалиахмет Арынғазиев,Воронежде оқып жүргенде ұсталып айдалған Сахыпкерей Арғыншиев, елге үндеу таратқаны үшін айдалған Сүйінішқали Айшуақов және патшаның қуғынында болған адамдар да болды. Бұлардың бастарын біріктірген партия жоқ еді,әрқайсысы өз бетінше әрекет жасап жүрді.Сондай ауыр жағдайда қазақтың жоғын жоқтап патша үкіметіне қарсы бас көтерген қазақ азаматтарының іс-әрекеттерін ұлт азаттығы үшін күрес деп қарамағанда, не дейміз? Кейбіреулер:олар халықты соңына ерте алмады дер. Басым көпшілігі сауатсыз, қараңғыда бұйығып жаткан ел бұларға бірден қайдан ере қойсын? Соның үшінде Ахаң ұйықтап жатқан елді оятар ма екен деп ызыңдатып «Масасын» ұшырды. Міржақып «Оян қазақ !» деп ұран салды. Сұлтанмахмуд Торайғыров қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуға тырысты.Әлихан Бөкейханов орыс газеттеріне қазақ жерін қалай болса солай тартып алып жатқан, қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы мақалалар жазды. Алаш қозғалысы жетекшілерінің ішінде тұңғыш ұлттық «Алашорда» Үкіметінің басшысы Әлихан Бөкейханның орны бөлек.Ол өз заманының өзекті де өткір сұрақтарына жауап беріп, ұлтының тағдыры тығырыққа тірелгенде,содан шығар жолды сілтей алды. Ғұлама ғалым патша өкіметі құлап, Ақпан революциясы жеңгеннен кейін-ақ «Біздің ұранымыз — демократиялық республика» деп ашық айтып, парламенттік демократияны дамытудың үлкен нәтиже беретініне сеніммен қарады. Ол қазақтың ұлттық ерекшеліктерін сақтай және сана-сезімін оята отырып, Ресей мен Еуропаны озық мәдениетіне жеткізу қазақ қоғамын ортағасырлық улеуметтік- экономикалық мешеуліктен алып шығатын батыстың буржуазиялық қатынас жолын қолдады. Міне биыл қазақ халқының сан мың жылдар бойы армандаған қол жетпес бақыты — тәуелсіздік туының көгімізде желбіреп тұрғанына жиырма бес жылдан астам уақыт өтсе, Алаш қозғалысына 100 жыл толып отыр. Қазақ елі өз тәуелсіздігінің арайлы ақ таңын жиырма бесінші жыл қарсы алған болатын.Әрине ширек ғасыр, дегенмен аз уақыт болса да біздің бағындырған белестеріміз бен орындаған арман мақсаттарымыз әлем таңғалардай. Біз үшін ата-бабаларымыздың жанымен келген киелі тәуелсіздік мерекесі айтулы күн. Әрине бұл айтулы күн оңайлықпен келген жоқ. Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете алмай арманда кетті. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғы шартын жасап кетті.
Кешегі Алаш идеясы-бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуына сол кезеңдердегі Алаш зиялыларының да еңбегі зор еді. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті.Еліміз егемендік алып бір кездегі Алаш арыстарының арманы 80 жылдай уақыттан кейін орындалып қазақ елі бүкіл дүние жүзі таныған іргелі үлкен мемлекеттің біріне айналды.Еліміздің өткенінен сабақ ала отырып, бүгінгі жаңаруларда жаңылыспауға тиіспіз. Енді біздің парызымыз — ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.
Алаш зиялыларының ұлттың рухани дамуындағы маңызды ролі
Тарих- zhannohka
- 06.12.2015
- 1
- 0
- 31276
Алаш туы астында
Күн сөнгенше сөнбейміз
Енді ешкімнің алашты
Қорлығына бермейміз!
Өлер жерден кеттік біз
Енді мәңгі өлмейміз!
Жасасын, Алаш, жасасын!
(С.Торайғыров)
Алаш қозғалысының тарихы — қазақпен бірге жасайтын мәңгілік тарих. Ұлтының мәңгілігін ойлаған Алаш зиялыларының тарихи аз уақытта қазақ халқына сіңірген еңбектерін бағалау – қазіргі және келешек ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз.
Алаш зиялылары аумалы-төкпелі кезеңде, қазақ халқы келешекте жер бетінде өмір сүре ме деген сұрақ туындаған дәуірде өмір сүріп, халқының болашағы үшін бастарын бәйгеге тікті.
Алаштың көшбасшылары Ресей империясы мен жаңадан билікке келген құйтұрқы саясат ұстанған, империялық пиғылды жалғастырған коммунистердің қазақ халқына ешқандай жақсылық әкелмейтінін, келешекте Алаш өкілдерінің халқы үшін жасаған жанқиярлық іс-әрекеттерін кешірмейтінін, керегінде пайдаланып, кейін ойланбастан құрбандыққа шалатынына 1917 -1920жж. көздері жетті.
Алаш зиялыларының ерлігі- осындай жағдай болатынын біле тұра өз идеяларынан өлім алдында да бас тартпай ақырғы күндеріне дейін күресуі.
Ұлттық атауының өзі еркіндікті меңзейтін қазақ халқы Ресей империясының бодандығына түскесін де өз азаттығы жолында үздіксіз күресін тоқтатқан жоқ. XІX ғ. соңы мен XX ғ. басында азаттық күрестің екпіні уақытша бәсеңсіген тұсында қазақ жастарының бір толқыны Ресей империясының әр аймақтарында білім алып, рухани шыңдалып XX ғ. басында қазақ елінің саяси аренасына Алаш қозғалысы атымен шықты.
Алаш қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекеттері басқа елдердегі саяси қозғалыстарынан ерекшеленіп тұратыны- қазақ зиялылары саяси-мәдени қайраткерлікті тұтас ұстанып күресті.
Алаш арыстары Ресей империясындағы саяси жағдайға байланысты азатық күрестің жаңа бағытын таңдады. Бұл бағыт- неғұрлым демократиялық реформалар арқылы бейбіт жолмен, аз шығынмен автономиялық елдікке қол жеткізу, кейін орайы келсе дербес тәуелсіз мемлекет құрып адамзат қоғамдастығында іргелі ел болып гуманистік принциппен өмір сүру.
Қазақ халқының ұлттық мүддесі- тәуелсіздікке қол жеткізу үшін алаш зиялыларының көшбасшылары ортақ мақсатқа мәмілеге келіп оған жету жолдарын айқындады. Бұл азаттық күресте қазақ халқының озық ойлы тұлғаларының бастарын біріктіріп бір арнаға түсіріп Алаш қозғалысын туындатты.
Алаш қайраткерлері қазақ қоғамының өміріне белсене араласып көпбағытты саяси істер атқарды — баспасөз-ақпараттық құралдарын құрып газет-журналдар шығарды, азаттық, бостандық идеяларын, Алаш идеясын таратты, ұлттық қоғамда туындайтын қайшылықтарды бейбіт түрде шеше білді, әртүрлі әлеуметтік топтардың арасында мәмілегерлік үлкен еңбек атқарды, саяси үндеулерін, өлеңдерін, пікірлерін жариялады, қаулы-қарардар қабылдады, съездер ұйымдастырды, демократиялық негізде Алаш партиясын, Алаш үкіметін құрды, ұлттық атрибутикаларды дүниеге әкелді, Алаш автономиясын жариялау арқылы ұлтты ұйыстырды, біріктірді, тұтастырды.
Алаш зиялыларының қазақ халқының алдындағы келесі бір жасаған ұлан-ғайыр ұлағатты ісі- мәдени саладағы сан қырлы, оның ішінде әдебиет бағытындағы атқарған өлшеусіз еңбектері.
Алаш қозғалысы өкілдерінің ұлттық мәдениетті дамыту барысында шығармашылықпен істеген зор еңбектері әдебиетті, жазба және ауызша тілді, ұлттық педагогиканы, психологияны, тарихты, этнографияны, публицистиканы, баспасөзді, аударма ісін, медицинаны, биологияны, табиғаттануды, ауыл шаруашылығын, математиканы, өркениетті даму жолдарын қамтыды.
Алаш қаламгерлері шығармашылығында толымды түрде ұлт мүддесі, ұлттық патриотизм, адамды құрметтеу, жалпы адамзаттық құндылықтар, халықтың салауаттылығы, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу жолдары, қазақ халқының адамзат көшінде лайықты орын табу, ана тақырыбы, әйел теңдігі мәселесі — басты тақырыптардың біріне айналды. Ізгілік пен адамгершілікке құрылған осы туындыларда гуманистік идеал, гуманистік ой алдыңғы қатарға шығып, ұлттың адамсүйгіштік қасиеттері бейнеленді.
Отарлық жағдайда көмескіленген Ұлттық патриотизмді, Ұлттық мүддені жаңғыртты. Олардың көптеген еңбектері, оның ішінде А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытовтың және көптеген басқа өкілдерінің ғылыми, әдеби шығармалары Қазақстан Республикасының білім саласындағы бағдарламаларға енгізіліп мектептерде әртүрлі пәндер аясында өтілуде. Әлі қаншама құндылықтары толық зерттелмей, игерілмей зерттеушілерді, басқа да кәсіби мамандарды күтіп жатыр.
Алаш арыстарының көзқарастары, мақсаттары, мүдделері қазіргі жан-жақты жаһандану дәуірінде керісінше өткірлене, өзектілене түсуде, оны уақыт айқындап отыр.
Алаш зиялыларының зерттелмеген сан-қырлы еңбектерін кәсіби тұғырда саралап, зерделеп, келешек жеткіншек ұрпаққа, жалпы қазақ ұлтына пайдалы еңбектерін, оған дау жоқ, білім саласындағы оқулық бағдарламаға енгізіп келешек қоғамның рухани өресін өсіруге, қазіргіден де биік белеске көтеруге болады деп ойлаймыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды.
Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды.
Ұлттың бойындағы сан ғасырлар жинақталған рух пен мұраттың ұлы бұлқынысы болған Алаш қозғалысы ел тағдырына қатысты барша идеяны өзіне өзек еткені бүгінде көбімізге белгілі. Құдайға тәуба, Алаш қайраткерлері күресінің тағылымы да, Алаш қаламгерлерінің мұрасы да жылдан жылға қазақтың рухани-мәдени өміріне еніп, «Алаш» сөзі аяулы ұғым, қасиетті түсінік ретінде қоғамымызда асқақтатыла айтылып келеді. Күнделікті теледидардан, радиодан, газеттерден «Алаш» сөзінің айрықша мән беріліп айтылғанына, жазылғанына куә болудамыз. Яғни, Алланың қалауымен қазақ баласының жаны мен жүрегіне, ойы мен пікіріне, санасы мен сезіміне «Алаш» ұғымы уақыт өткен сайын бойлай түсуде. «Партия ұраны десек, бабамыздың «Алаш» ұранынан артық ұранды іздесек те таба алмаймыз. Сүйтіп қазақ саяси партиясының атын «Алаш» қою ойлап әуре болмастан ауызға түсіп отыр» – делініпті «Алаш» партиясы құрылған Бірінші жалпықазақ сиезі жөнінде жазылған «Қазақ» газетіндегі сүйінші мақалада /1, 414/. Сонау XX ғасырдың басында елдің еркіндігі үшін күрескен ерлер қалаған осы қасиетті сөз тәуелсіздігіне жеткен қазақ баласына да соншалықты қымбат, аяулы ұғымға айналуда. Бұл – санамыздың жаңғыруы, тарихи тамырларымызды қастерлеуіміз, елдіктің белгісі, өсер жұрттың өнегесі.
Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған зиялылардың ана тілімізге арналған еңбектері, тіл жолындағы алуан күрестері – бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды мұра, өміршең өсиет. Алаш зиялыларының тіл төңірегіндегі еңбектерінің алуандығы – олардың ұлт тағдырындағы тілдің төтенше маңызын әрі терең, әрі жан-жақты түсінгендігін аңғартады. Соған орай, Алаштың тілдік мұрасын сан тарапты құбылыс деп бағалай келе, оны бірнеше аспектіде сипаттаудың бірқатар мүмкіндіктерін аңғартпақпыз.
Біріншіден, Алаш азаматтары қазақ ғылымының төлбасы әрі арналы саласы ретінде ең алғаш болып тілтану ғылымының іргетасын қалады. Оның себебіне үңілсек, онда Алаш қайраткерлерінің барлық ұлттық ерекшеліктердің ішінен халықтың болмысын, өткені мен бүгінін танытарлық тіл сияқты ең көрнекті құбылысты таңдауы аса қисынды еді. Қандай ғылым болса да, әлбетте, белгілі бір қолданбалы, жүзелік сипаттан өрістейді. Осы тұрғыдан келгенде, Ахаңның тіл саласындағы еңбектері, кейінірек жазылған Халел Досмұхамедұлының, Телжан Шонанұлының, Елдес Омарұлының еңбектері алдымен оқытуға, білім беруге арналған дүниелер болатын. Айталық, Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы», «Тіл құралы», Телжан Шонанұлының, Елдес Омарұлының оқу-әдістемелік мақалалары осыны аңғартады. Әсіресе, тіліміздің жазу үлгісінің, емлесінің қалыптасуындағы Алаш зиялыларының орны алабөтен. Алаш оқымыстыларының қазақ тіл білімі тарихындағы орнын 1924 жылы Орынбор қаласында өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі де байқатты. Осы алқалы, тарихи жағынан маңызды ғылыми жиындағы А.Байтұрсынұлының, Е.Омарұлының, Н.Төреқұлұлының баяндамалары, Т.Шонанұлының, М.Дулатовтың, Х.Досмұхамедұлының, М.Тұрғанбайұлының, М.Саматұлының сөйлеген сөздері, ой-пікірлері тілтану ғылымының күрделі мәселелерін шешуде алаштықтардың қаншалықты үлкен еңбек сіңіргендіктерін қаншалықты эрудициясы мен инстуициясы бай тұлғалар екендіктерін айғақтады. Осы сиезде, негізінен, әліпби, жазу ережелері тақырыптары баса көтерілгенімен, олар тілдің сан алуан мәселелері төңірегінде сөз қозғауға өрісті ой тудырды. Осындай білімпаздар сиезі, біздің пайымдауымызша, бүгін де қажет сияқты. Себебі емледе болсын, терминологияда болсын, ономастика саласында болсын тілші ғалымдармен бірге басқа ғылым саласы өкілдерімен бірге ақылдасып ортақ уәжге келерлік мәселелер баршылық. Алаш оқымыстылары қалыптастырған қазақ тіл білімі Ахаңның, Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-тілдік мектебін қалыптастырды. Бұл мектеп ілгеріде есімдері аталған тілтанушыларды өсірді, бұдан кейінгі кезеңде Ахаңның көзін көрген өнегесін алған қаншама ғалымдар қалыптасса, совет заманындағы қазақ тіл білімі де Ахаңның ізімен жүрді, оның атын атай алмаса да, еңбектерін пайдаланды. Енді тәуелсіздік алған заманда тағы да Ахаң өзінің ұстаздық мінберіне барша тұлғасымен көтерілді.
Екіншіден, Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы белгілері байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да қалыптастырды, анағұрлым байытты. Бастапқыда Шортанбай Қанайұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Әбубәкір Кердері және тағы да басқа исламдық ағартушылық ағымның өкілдері шығармашылығында, сәл кейінірек тұтастай түрде Ыбырай Алтынсарин, Абай өнернамасында қалыптаса бастаған жазба әдебиетінің көркемдік, стильдік, жалпы тілдік белгілерін іргелендірді. А.Байтұрсынұлы, Ғ.Қараш, М.Дулатов, С.Торайғыров, Б.Серкебаев шығармаларындағы жазба реалистік дәстүр, М.Жұмабаев, Б.Күлеев поэзиясындағы романтикалық жазба дәстүр мәдениетті жазба әдебиетінің қалыптасқандығын байқатса, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтердің көркем прозасы классикалық жазба әдебиетінің зор үлгілері болды. Әңгіме, повесть, роман, поэма, баллада, драма сияқты жанрлардың түгенденуі де ұлттық жазба әдебиетіміздің қалыптасу кезеңінен даму биігіне қарышты қадам жасағандығын әйгіледі. Қазіргі кезде ғалымдар тарапынан «Алаш әдебиеті», «Алаш ұранды әдебиет» делініп жүрген әдебиет идеялық жағынан да,тақырыптық жағынан да, тілдік-стильдік жағынан да, жанрлық жағынан да, бейнелілік жағынан да ауызша дамыған сөз өнеріміздің жазба әдебиетке тән деңгейге көтерілуіне өлшеусіз үлес қосты. Бұл тіліміздің бойындағы мүмкіндіктерді барынша көрсетуге, көркем әдебиет стилінің дамуына жағдай жасады. Алаш әдебиеті арқылы ұлттық сөз өнеріміз жаңа деңгейге жетіп, тіліміздің байлығы мен оралымдылығының, мағыналылығының, әлеуетінің мүмкіндіктері мол екендігін паш етті. Сайып келгенде, Алаш қозғалысының өзі сол қаламгерлердің шығармашылық жолын айқындады. М.Жұмабаев, Ж.аймауытов, М.Әуезов сияқты ұлы қаламгерлердің қалыптасуына шешуші ықпал етті. Бұған қоса Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы мақалаларынан басталып, «Әдебиет танытқышқа», «Әдебиет тарихына» ұласқан әдебиеттану ғылымының қалыптасуы да Алаш қаламгерлерінің жазба әдебиетімізді дамытқанын, ғылыми-эстетикалық тілдің де негізін қалағандығын дәлелдеді. Қалам ұстаған Алаш азаматтарының әдеби тілімізге жасаған осы тарихи еңбегі қазақ тілінің кейінгі өрістеу жолдарын айқындаған өнегелі, өміршең дәстүр болды. Жазба әдебиетіміздің тарихындағы алаштық кезеңді зерттеуде қазақ лексикасының зор мүмкіндіктерін айқындайтын мысалдар жеткілікті. Сөз қолдану, ұғымды беру, тың сөз тіркестерін жасау, бейнелілік тудыру, тілдің стильдік мүмкіндіктерін ашу, құбылысты суреттеу – олардың ұлттық ойлаудың биігіне жеткендігін, сондай-ақ Шығыс пен Батыстың рухани игіліктерін ізденгіштікпен зерделегенін байқатады. Алаш қайраткерлері мен қаламгерлерінің бұл жоралы жолы із-түссіз кеткен жоқ. Оның тамаша дәстүрлері өзінен соңғы советшіл әдебиеттен көрініс тауып жатты. Алаш әдебиетінің рухы Мұхтар Әуезов сияқты данышпан жазушының қаламына қанат бітірді, осы рух Бауыржан Момышұлын, Ілияс Есенберлинді, Мұхтар Мағауинды тағы да қаншама қазақтың ұлыларын, ұлтты сүю мен ұлтқа қызмет етудің жоралы дәстүріне баулыды.
Үшіншіден, Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мәселесін көтере отырып, ұлттың рухани-мәдени өрлеуіндегі, саяси ұйысуындағы асыл қазынаның бірегейі тіл екендігін байыптады. Сөйтіп, олар тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. Бұл алаштықтар тарапынан тілдің саяси, әлеуметтік маңызын, ұлттың тұтасуы мен өркендеуіндегі орнын сезініп, оған тұңғыш рет берілген толымды баға болатын. Бұл да тәлімі тарихи деуге татитын Алаштың орасан өнегесі болатын. Ресей отаршылдығының саяси, әскери қысымын ғана емес, рухани өктемдігін сезген, көрген Алаш зиялылары тілді, ұлтты сақтап қаларлық қуатты құрал деп қарады, бағалады, соған риясыз қызмет етті. Хандық мемлекет тұсында тіл билік пен шешендіктің, көсемдіктің, өнебойы отаршылдықта өткен XIX ғасырда қарсылық пен сынның құралы болса, Алаш қозғалысы тұсында тілге ең алғаш рет ұлтты тұтастырушылық ірі қызмет жүктелді. Яғни, қазақ тілі қалың ел, ордалы жұрттың тілі ретінде сақталу керек, сақтала тұрып ұлттың ұлттығын да сақтауы тиісті деп бағаланды. А.Байтұрсынұлы «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл»-деп ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, арқауы да, тіл екендігін алғаш аңғартты. Ахаңның осы сөзіне орайлас пікірлерді Алаш зиялыларының көпшілігі білдірді. Айталық, Ғұмар Қараштың: «Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз», Мұстафа Шоқайдың: «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ болатын», Халел Досмұхамедұлының: «Ана тілін жақсы біліп тұрып бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш; ана тілін білмей тұрып бөтенше сөйлесең, бұл – күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беруі зор қате. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек,Мағжан Жұмабаевтың: «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу»дегендері біздің заманымызға үндес, өзекті пікірлер. Егер біздің тіліміз егемен елдің, дербес мемлекеттің мемлекеттік тілі екендігін, осы мәртебелі тіліміздің өзінің тұғырына толық қонбай жатқанын ескерсек, Алаш зиялылары өсиетінің бағасы да, маңызы да еселеп артатындығына деп қоямыз. Бұл бағыттағы өрісті ойлардың сілемі қалын оқырман қауымға әлі де мәлім бола қоймаған Ғ.Қараштың «Ұлт һәм туған ел», М.Тұрғынбаевтың «Қазақ тілін іске асыру» мақалаларынан айрықша аңғарылады. Ұлттық руханияттың өзегі ана тіл екендігін рухани-мәдини тарихымызда алғаш білдіргендер алаштықтар болды. Олар ана тілін ұлт болмысының басты бөлшегі ретінде қарастырып, әсіресе, жас ұрпақ тәрбиесінде оның алатын орнына да ерекше назар аударды. Сондықтан да өз ана тілінде сөйлеу, тілін білу – ұлттық іргелі мәселе екендігін Алаш зиялылары сол кезеңнің өзінде-ақ жақсы ұғынғаны олардың еңбектерінен бедерлене байқалып жүрді. Бұл орайда тағы да бір мәселені айта кеткеніміз жөн. Қазіргі кезде ана тіліміз – қазақ тілі туралы әдеби шыгармалар өрісті тақырыптардың біріне айналып отырса, олардың алғашқы үлгілерін дүниеге келтірген де Алаш қаламгерлері болатын. А.Байтұрсынұлының «Туған тілім», М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі», С.Торайғыровтың «Туған тіліме» өлеңдері – жалпы қазақ әдебиетіндегі тіл тақырыбында жазылған тұнғыш көркем туындылар еді. Алаш қайраткерлерінің тіл турасындағы осы көкейкесті ойлары, рухани күресі азаттық алған бүгінгі қазаққа да жолбасшылық етуде.
Төртіншіден, Алаш қозғалысы тұсында шын мәніндегі ұлттық мазмұндағы қазақ баспасөзі қалыптасты. Бұл құбылыс тиісінше әдеби тіліміздің көсемсөз жанрын дүниеге әкелді. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Ғұмар Қараш, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы да басқа Алаш қаламгерлерінің XX ғасырдың алғашқы жылдарындағы публицистикалық еңбектерін тізбелемегеннің өзінде, «Қазақ» газеті сияқты ұлттың ұлы басылымының өзі публицистикалық стильдің, жалпы әдеби тілдің қалыптасуына өлшеусіз мол үлес қосты. «Қазақ» газеті бетінде жарияланған алуан материалдар сол кезеңнің тынысын, қозғалыстың барысын ғана куәландырып қоймай, сонымен бірге әдеби тіліміздің де өсу, тармақтану қарқынын аңғартты. Бұл газет ұлт көсемсөзінің ғана емес, тіліміздің маржан қорының қойнауында өнген әдебиетіміздің де, сонысымен тіліміздің де айшықтыкөркемдігін, бай бейнелілігін ашты. Сондықтан да заңғар Әуезов: «Жазба әдебиетте Абайдан соң аты аталатын – «Қазақ» газеті. «Қазақ» газетінің мезгілі әдебиетке ұлтшылдық туын көтерген мезгілімен тұстас. Ол уақыт қазақ жұрты 1905-ші жылдың өзгерісін өткізіп, ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жиып, патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп, талап қыла бастаған уақытына келеді» деген еді /2,350/.Ұлттың мүддесін үндеген «Қазақ» газетінің өзі де, аңғарар болсақ, әдеби тілдік жағынан жылдан жылға өскені байқалады. Әсіресе, газет бетіндегі әдеби тіл тармақтарының саралана көрінуі, қазақ тілінің бай мүмкіндіктерінің тараулана байқалуы газеттің 1917 жылғы сандарынан айрықша көрініс береді. М.Дулатовтың «Тарихи жыл» мақаласы, Ә.Бөкейханның «Қазақ сиезі», «Алаштың талапты азаматына», редакцияның «Алаш партиясы» және тағы да басқа публицистикалық туындыларда ұлт баспасөзі деңгейінің артқандығы, публицистикалық стильдің ширағандығы кеңінен сезіледі. Алаштың рухани көсемі Ахаңның еңбегімен, жігерімен дүниеге келген «Қазақ» газетімен бірге, Түркістан көсемі Мұстафа Шоқай шығарған «Бірлік туы» және Алаштың астанасы Семей қаласында Райымжан Мәрсекев, Халел Ғаббасовтар шығарушылары болған «Сарыарқа» газеттері публицистикалық тіліміздің айрықша дамуына іргелі үлестерін қосты. Сөйтіп, қазақ публицистикалық тілі мен стилі Алаш қозғалысы тұсында аяқтанды деп айта аламыз.
Бесіншіден, Алаш оқымыстыларының ғылыми және ғылыми-танымдық еңбектері, әр салаларға арналған оқулықтары арқылы тіліміздің ғылыми және ғылыми-көпшілік стильдерін қалыптастырды. Айталық, Ә.Бөкейханның тарих, фольклортану, әлеуметтану саласындағы ғылыми шығармалары, А.Байтұрсынұлының 1912 жылдан бастап 1928-1929 жылдарға дейін жазылып жарияланған оқулықтары, оқу құралдары, ғылыми мақалалары, Х.Досмұхамедұлының медицина, биология, тілтану саласындағы ғылыми еңбектері, М.Тынышпаевтың тарихи зерттеулері, М.Дулатовтың тілтану, әдебиеттану, математика саласындағы ғылыми шығармашылығы, Ж.Аймауытовтың психология, әдебиеттану саласындағы ғылыми ізденістері, М.Жұмабаевтың педагогика, әдебиеттану саласындағы еңбектері, Т.Шонанұлының тілтану, әдістемеге арналған оқу құралдары мен зерттеулері, сондай-ақ Ә.Ермековтің, М.Тұрғанбаевтың, Е.Омарұлының, С.Асфендияровтың, М.Бұралқиевтың, Қ.Кемеңгерұлының, С.Сәдуақасовтың ғылыми еңбектері ғылым тілінің, қазақтың ғылыми терминологиясының қалыптасуында айрықша белес болды. Қазақ тілінің әліпбиін, емлесін жасаумен, ішкі заңдылықтарын ғылыми дәйектеумен бірге Алаш зиялылары тіліміздің тазалығы, мәдениеті үшін де күресті. Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы», М.Дулатовтың «Қазақ тілінің мұңы», Н.Төреқұлұлының «Ауропа сөздері» т.б. еңбектерде тіліміздің орфоэпиялық, орфографиялық нормаларының сақталуы, басқа тілдердің әсері, тіл табиғатының бұзылмауы, сөзжасам т.с.с. мәселелер айтылып, қазақ тілінің табиғи болмысын сақтау, тіл тазалығы, сөз мәдениеті тақырыбында бүгінде өзектілігін жоймаған ойлар өрістетілді. Алаш оқымыстылары бастаған осы ғылыми дәстүр совет тұсында қанша масұқталғанымен, бәрібір қазақтың ғылыми алқабына себілген дән болып көктеп шықты, өз жемісін берді, бүгінгі бізге де қуатты құнар болуда. Әсіресе, Алаш асылдары қалыптастырған ғылыми терминология әлденеше ғылым саласында орнықты. Олардың термин жасаудағы қағидаттары, қазақ тілінің бай мүмкіндіктерін қолдану әдістері мен дағдылары қазіргі қазақ терминологиясының мектебі іспетті. Алаш санаткерлері қалыптастырған осы терминологиялық қор, біздің ойымызша, ғылыми тұрғыдан қорытылу қажет, соған орай оның қағидаттары мен тұжырымдары осы саладағы барлық мамандарға жеткізілуі тиісті. Сонда біз қазіргі термин саласындағы көптеген, жиі айтылып қалып жүрген ала-құлалықтардан арылмақпыз. Сондай-ақ Алаш ғалымдарының сан салалы ғылыми тәжірибелеріне жалпы таза ғылыми деңгейде лайықты баға беретін де уақыт келді деп ойлаймыз. Әрине, ғылыми мұраны зерттеу, зерделеу жұмыстары сонау 1980 жылдардың соңында, 90 жылдардың басынан бері қолға алынуда. Сандаған мақалалар жазылды, ғылыми деңгейі әртүрлі диссертациялар қорғалды, енді оларды қорыту, соның негізінде жаңа ғылыми бағыттарды айқындау, маңызды мен мардымсыздың жігін ажырату сәті туған сияқты. Бұл мәселенің өзектілігі – ғылым саласында дәстүрлі реттен бас тартып, жаңа жүйені қалыптастырудың қазіргі кезеңімен сабақтас.
Алтыншыдан, Алаш қаламгерлерінің аударма саласындағы алуан еңбектерінің нәтижесінде қазақ аудармасының негізі қаланды. Бұл арада Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгерұлы және тағы басқалар жасаған көркем аудармалар, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Аймауытов, Т.Шонанұлы және тағы басқа қаламгерлер жасаған ғылыми аудармалар, сондай-ақ әлеуметтану, саясаттану, философия салаларында орындалған аудармалар, әлбетте, саны жағынан да, түрі жағынан да өзіне дейінгі кезеңдерге қарағанда әжептеуір өсу болатын.
Жетіншіден, Алаш қайраткерлері жалпылай келгенде, Алаш қозғалысының барысында, негізінен алғанда, облыстық қазақ комитеттерінің, Алаш партиясының құрылуы тұсында, Бірінші, Екінші жалпықазақ сиездері кезінде, Алашорда үкіметінің қызмет етуі кезеңінде тіліміздегі ресми-іскери стильді қалыптастыра бастады. Алаш автономиясы құрылып, Алашорда үкіметі оның облыстардағы, уездердегі комитеттерінің жұмыс атқару шағында аталған стильдің сандаған үлгілері пайда болғаны белгілі. Бұл қазақ тілінің мемлекеттің тілі болуының алғашқы үлгісі еді. Қазақ тілінің мемлекеттік деңгейде болуына большевиктік биліктің бастапқы жылдарында да Ахаң бастаған Алаш қайраткерлері зор ықпал еткені тарихтан белгілі.
Міне, біз негізгі жеті себебін жіктеген қазақ тілінің Алаш қозғалысы тұсындағы өрістеу бағыттары өз кезеңінің ғана емес, бұдан соңғы жылдарда да дәстүр жайған, өнегелі өріс болған құбылыс, жанды үдеріс болатын. Алаш зиялыларының қазақ тіліне жасаған зор, тіпті ұлы еңбектері қай жағынан алсаңыз да тарихи миссия. Оның серпіні бүгінгі күнделікті еңбектеріміздің екпініне ұласуы қажет һәм міндетті деп ойлаймыз. Бізге Алаш зиялыларының тілдік мұрасы осыны үндейді. Ол ұланғайыр мұрамен танысу, білу, біздің ойымызша, бастапқы қадам ғана. Алаштың аяулы азаматтарының еңбегіне лайықты баға беріп қана қоймай, оны жүзеге асырудың жолдарын да ойластырып, әрекет жасағанымыз абзал. Көрнекті алаштанушы Мәмбет Қойгелдиевтің сөзімен айтсақ: «Халықтың өткен өмірі жалпықоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз өткен тарих қысыр әңгіме ғана. Егер біз Алаш қозғалысын ұлт тарихында ерекше орны бар құбылыс ретінде ғана бағалаумен шектелсек, онда біз оны түсіне алмаған ұрпақ болып шығар едік. Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып, жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни, ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет.Ал Алаш қозғалысы сол дүниетанымдық тарихтың өзегі. Өйткені, Алаш халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш – ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харекеті» /3,29/. Бұл Алаш мұрасы мен мұратын танудың терең толғамы. Алаштың құндылығы хақындағы осы толғамы Алаш қайраткерлерінің тілдік мұрасына да әбден қатысты деуге болады.
Біз бабаларымыздың күресімен өсетін бойымызға сіңіруде, олардың бүгінгі күнімізбен тікелей сабақтас құндылық екендігін әрқашан сезінуіміз қажет. Осы тамырластық дегдар сезім бүгінгі қазақтың азаттығына, ел болуына, ел болу үшін, басқа да мемлекеттік атрибуттармен, істермен бірге ұлт тілінің мерейін асыратын, отаршылдық қалдықтармен күресетін баянды шаруаларға жұмылдыру шарт һәм міндетті. Бағзы бабалардан да, абыз Абайдың да, Алаш зиялыларының да аманаты осында.
Тасымбекова Майя Жумагаликызы
«Ұлы тұлғаларын білмейінше бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Алаш орыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті.Тарихтың қай кезеңінде болсын,олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген.»
Н.Ә.Назарбаев
«Алаш»-осы төрт ақ әріптен құралған мазмұны терең елеулі сөз былай қарасаң айтуға оңай. Алайда осы сөздің астарында, қисапсыз қасіреттер, ұлты үшін құрбан болған қазақ зиялыларының қиын тағдырлары, қазақ халқының тарихы жатыр.
Ия «Алаш» сөзі-киелі ұғым.
Алаш-Қазақстанның «Мәңгілік ел» ел мұратын саясат пен руханият тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы.
Алаш – Қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен мемлекетшілік мүддесінің үзілмеген арқауы.
Алаш –Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының батыл да бастамашыл білік пен парасат, білім мен жауапкершілік тарихына қараған айнасы.
Алаш XX ғасырдағы қазақ халқының ұраны. XXғасыр өте қиын кезең еді. Қазақ зиялылары XX ғасырдың табалдырығында тұрып-ақ туған халқының басына кигізілген бодандық ноқтасының уақыт өткен сайын тарылып бара жатқанын жан дүниесімен сезініп, қайткенде де одан құтылуға болады деген сұрақ іздеді.Сайып келгенде олар ұлттық болмысқа негізделген халықтың руханият пен өмір сүру саласының ғасырлар бойғы қалыптасып, сыннан өткен түрлерінің бодандық шылауынан соң бірте-бірте әлсіреп, жойыларын жақсы білді.Оған жетпеудің жолы немесе қазақтың ұлт, халық ретінде аман қалуы үшін міндетті түрде рух биіктігі керек.Ұлттық рух ұлттық сананы оятады, қажымас қайрат пен асқақ зияткерлікті білдіреді. Ал осылардың бәрін ұйыстырып, ұйымдастыратын белгілі бір құрылым қажет еді. Міне, осындай өмір қажеттілігіне орай, қоғамдық, тарихи қажеттіліктер негізіне Алашорда қозғалысы, Алашорда партиясы, сәл кейінірек Алашорда үкіметі дүниеге келді.
Алаш қозғалысы тарихын бірнеше кезеңдерге бөліп қарасам:
1.1917жыл большевиктік қызыл терор жылдарындағы алаш қозғалыстары жылдары.
2.1925-1933 жылдары Алаштықтарға қарсы Голощекиндік репрессия басталған жыл.
- 1933жылдан кейін үлкен террор жылдардағы алаш қозғалысының қайраткерлері үлкен репрессияға ұшыраған жылдары.
1917 жылға тоқталсақ бұл жыл қазақ қоғамында аса күрделі саяси әлеуметтік жағдайды қазақ халқы басынан кешірген жыл. Міне осындай жағдайда қозғалыстың басында ұлтымыздың қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Шоқай, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов сияқты алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары болды.Олар Ресейдің Санк-Петербург, Мәскеу сияқты орталық қалаларында оқыған, өз заманына сәйкес жоғары білім алған, озық ойлы қайраткерлер еді.Олар өздерінің білім деңгейі мен саяси белсенділігі, ұлтшылдық қуаты мен халықшыл қасиеті, рухани парасаттылығы мен азаматтық пайымдылығы жағынан Қазақстандағы кеңес өкіметін құрушылардан әлдеқайда алда болды.Ұлттық автономия жариялаудан басқа жол жоқ, саяси тұрақсыздық жағдайында тек біртұтас ұлттық мемлекеттік құрылым ғана қазақ елін азаптан құтқарып, бостандық жолына алып-шығамыз деген тұжырымға келді.
Осы кезеңде Ә.Бөкейханов бастаған бүкіл алаш зиялылары жиналып Алаш партиясын құрған болатын.Орынборда бүкіл халықтық I съезд өткізіліп,онда Алаш партиясының 10 жобасын талқылап мемлекеттік деңгейді мемлекеттің тілін, дінін,жер мәселесі яғни бір сөзбен айтқанда қазақ халқының ұлттық мәдениетін әлемдік деңгейге көтеру жоспарланды. Олар қасық қандары қалғанша ұлттық тәуелсіздік жолында, адами жолында сол үшін бастарын тасқа да, тауға да соқты. Осы бір кері заманда елім деген қазақ зиялыларының әр қайсысының жүрегінің төрінде ат басындай жер байлаулы еді. Атақты С. Датұлымен басталып К.Қасымұлының ұлы бұлғағымен саябырсыған қазақтың үш жүзден астам ұлт-азаттық көтерілісі, Ресейден ағылып келіп жатқан қарашекпінділердің тасқынын тоқтата алмаған болатын. Қазақтың ең шұрайлы 45 млн десятина жеріне 1,5 млн орыс шаруаларының қоныстануы халық наразылығын одан сайын күшейтіп жіберді. Сондықтан қазақ зиялыларын шықсақ бір төбеде,өлсек бір шұңқырда болайық деп серт болуға итермелеген бір һәм бірінші мәселе осы еді.Ұлтымыздың белгілі қамқорлары Әлихан, Ахмет, Міржақыптардан басқа да, мысалы, Ғалиахмет Арынғазиев,Воронежде оқып жүргенде ұсталып айдалған Сахыпкерей Арғыншиев, елге үндеу таратқаны үшін айдалған Сүйінішқали Айшуақов және патшаның қуғынында болған адамдар да болды. Бұлардың бастарын біріктірген партия жоқ еді,әрқайсысы өз бетінше әрекет жасап жүрді.Сондай ауыр жағдайда қазақтың жоғын жоқтап патша үкіметіне қарсы бас көтерген қазақ азаматтарының іс-әрекеттерін ұлт азаттығы үшін күрес деп қарамағанда, не дейміз? Кейбіреулер:олар халықты соңына ерте алмады дер. Басым көпшілігі сауатсыз, қараңғыда бұйығып жаткан ел бұларға бірден қайдан ере қойсын? Соның үшінде Ахаң ұйықтап жатқан елді оятар ма екен деп ызыңдатып «Масасын» ұшырды. Міржақып «Оян қазақ !» деп ұран салды. Сұлтанмахмүт Торайғыров қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуға тырысты.Әлихан Бөкейханов орыс газеттеріне қазақ жерін қалай болса солай тартып алып жатқан, қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы мақалалар жазды. Алаш қозғалысы жетекшілерінің ішінде тұңғыш ұлттық «Алашорда» Үкіметінің басшысы Әлихан Бөкейханның орны бөлек.Ол өз заманының өзекті де өткір сұрақтарына жауап беріп, ұлтының тағдыры тығырыққа тірелгенде,содан шығар жолды сілтей алды. Ғұлама ғалым патша өкіметі құлап, Ақпан революциясы жеңгеннен кейін-ақ «Біздің ұранымыз — демократиялық республика» деп ашық айтып, парламенттік демократияны дамытудың үлкен нәтиже беретініне сеніммен қарады. Ол қазақтың ұлттық ерекшеліктерін сақтай және сана-сезімін оята отырып, Ресей мен Еуропаны озық мәдениетіне жеткізу қазақ қоғамын ортағасырлық әлеуметтік- экономикалық мешеуліктен алып шығатын батыстың буржуазиялық қатынас жолын қолдады. Міне, биыл қазақ халқының сан мың жылдар бойы армандаған қол жетпес бақыты — тәуелсіздік туының көгімізде желбіреп тұрғанына жиырма бес жылдан астам уақыт өтсе, Алаш қозғалысына 100 жыл толып отыр. Қазақ елі өз тәуелсіздігінің арайлы ақ таңын жиырма бесінші жыл қарсы алған болатын.Әрине ширек ғасыр, дегенмен аз уақыт болса да біздің бағындырған белестеріміз бен орындаған арман мақсаттарымыз әлем таңғалардай. Біз үшін ата-бабаларымыздың жанымен келген киелі тәуелсіздік мерекесі айтулы күн. Әрине бұл айтулы күн оңайлықпен келген жоқ. Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете алмай арманда кетті. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғы шартын жасап кетті. А.Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Осы талапты жүзеге асыру үшін А.Байтұрсынов қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазды. Ол «Оқу құралы» деген атпен тұңғыш рет 1912 жылы Орынборда шығарылса, 1925 жылы Орынборда 7 рет қайта басылады.
Ал 1926 жылы «Әліппенің» жаңатүрінжазыпұсынады, бұлсуреттерменберілгеноқулық. 1926 жылыҚызылорда Ташкент баспаларыбірігіпшығарған. ҚазақтілінталдаптанудаА.Байтұрсыновтыңеңбегінжәнебіртұрғыданерекшебағалаукерек. А.Байтұрсыновтіл мен әдебиетқанаемес, этнография, тарихмәселелерімен де шұғылданғанынайтукерек.
Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың 20 жылдарында Қазақстанның оқу-ағарту комиссары, Алаш қозғалысының мүшесі, ғылым, әдебиет, өнер салаларында шығармашылық жұмыспен шұғылданды. А.Байтұрсынұлы «Ғылыми және практикалық білімнің жиынтығын бойына сіңірген халық қана айбарлы да бай болады» деп санады. Ғасыр басында Алаш ардақтылары Қазақ АССР-ның Қазақ-Қырғыз Білім Комиссиясында жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, халқын мәдениетке сүйреуде жан аямастан қызмет етті. Білім Комиссиясы жұмысына Мағжан Жұмабайұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Иса Тоқтыбайұлы, Санжар Асфендиярұлы, Халел Досмұхамедұлы т.б. қатысты. Алаш ордасы партиясы қазақ халқынаXX ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың да ең өзек жарды мәселесі болып отыр.
М.Әлімбаев:«Туған жерді сүю – парыз, сүю үшін білу парыз» — десе, ана тілімізді бәріміз де сүюге, қастерлеуге тиіспіз