Ответ:
Алғысым шексіз – осынау байтақ далама, Алғысым шексіз – батыр да, дана бабама!Қазақ халқы қиын — қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым — қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сол күндерді ұмытпайтын болсақ бүгінгі күнге шүкіршілігіміз арта бермек. Міне мың — мыңдаған ұлттардың сақталып қалуларына біздің қазақ халқының мейірімі, жанашырлығы, өзін ғана ойламай, өзгені де жарылқаған халықтығының арқасында болғандығын кез — келген ұлттың аузынан естиміз. Халқымызда « Көп дұғасы — көл» деген мақал бар. Аллаға
шүкір осыншама ұлттардың қазаққа берген дұғасының тілегі қабыл болғаны шығар, бүгін елімізде тыныштық, әлем таныған елдердің біріне айналдық. қазақ деген халықтың адалдығы мен адамдығы, осындай халықтың арқасында еліміз бақытты. сондықтан мен шын ниетпен ата-бабама алғысымды білдіремін
Объяснение:
Алғысым шексіз…
Алғыс айту – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік және өз ара сенімділік пен құрмет көрсету яғни күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде сол баяғы сенің жан дүниеңдегі аласұрып лаулап өрт болып жатқан қиыншылығыңды бірге арқалап, алдыға жетелеп, әрдайым жаныңның жаршысы бір сөзбен айтқанда «жайылсаң жастар жастық, көсілсең көлденең көрпе» бола білген барлық жандарға шын көңіліңнен алғысымен рахметін айтуы, жүрек жарды жылы лебіз сөзін тілге тиек етуі деп білемін.
Пендешілікпен біліп иә білмей жақынымыздың көңіліне қаяу салып жататынымыз да рас. Мен жақтан қандай бір қателік кетсе, осы орайды пайдалана отырып кешірім сұрауды жөн көрдім. Уақыттың өтетіні рас, көп нәрсенің ұмытылатыны рас. Бірақ өмір бірақ рет беріледі деген баршамызға аян қағида бар. Ол қандай заманда, қандай жағдайда өтсе де бәрібір қымбат. Айналамыздағы жанымызда жүрген жақсы жандардың қадірін білу керек деп ойлаймын. Барынша осы айналамдағылардың таңдай қағып сүйсінтетіндей қасиеттерін өне бойыма сіңіруге тырысамын.
Ризашылық адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне жасаған істеріне жоғары баға беруі. «Ризашылық» атты акцияның негізін қалаушы Сара Алпысқызы екенін бірі білсе де, бірі біле бермейтіндігі өкінішті — ақ. Жылдың бір күнінде не үшін рахмет айту керек екенімізді көкейімізге түйе жүрсек артық етпейтін мойындайтынымыз хақ.. Көптеген адамдар алғыс айта білмегені үшін рухани жағынан кедей осал топқа сай келетіні бәрімізге мәлім. Қазақстан халқы Ассамблеясы «1 — наурыз – Алғыс айту күні» ризашылық пен алғыс, сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, үлкен кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілдікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында арнайы бір күнді бекітіп, жоғары деңгейде мерекелеуді үрдіске айналдырған елдердің бірі.
«АДАМ БАЛАСЫ АДАМ БАЛАСЫНАН АҚЫЛ, ҒЫЛЫМ, АР, МІНЕЗ ДЕГЕН НӘРСЕЛЕРМЕН ОЗАДЫ» — деп. Абай Құнанбайұлының жыр шумағы еріксіз есіңе түскендей, ең алдымен «жақсы адамдар» десе ой елегіме бірінші анам, бауырларым, туысқандарым және екінші әріптестерім түседі. Анамның орны ерекше, шексіз жақсы көремін, өйткені маған жаны ашитын жандардың бірі, барлық қажеттілігімді тауып беріп, ешкімге қол жайып мұқтаж қылмай « қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай» әлпештеп тәрбиелеген, ешкімнен кем қылмай қатарымның алды қылып өсірген әрине бұл менің анам! Анаға — өмір сыйлағаны үшін, екіншіден Ұжымға – жылы құшағы мен демеуі үшін алғысым шексіз.
Екінші көшбасшым! Көшбасшымыз үлкен кіші демей барлығына сіз деп елжіреп тұруы барлығының қамын ойлап, қолынан келгенше көмектесуі адами қасиетінің жоғары, ұлы тұлға екенін айқындап тұрғандай. Білім деген өнер теңізінде қырандай қалықтап ұшу, кемедей жүзу жолында көрсетер қыруар қаржы еңбектерін айтпай аттап өту мүмкін емес. Ол кісі халқымыз үшін бар күшін сарп етіп, бүкіл өмірі мен ерең еңбегін тек осы жолға арнап жұмыс жасауда. «Әр қаракөз менің басты байлығым, жетістікке жетуі мақсатым. Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген ұстанымдағы көшбасшымыз барлық жағдайды жасап, тыныш да жайлы, қолайлы жұмыс жасауға мүмкіндік жасап отыр.
Адамның басшысы – ақыл,
Жетекшісі – талап.
Жолушысы – ой.
Жолдасы – кәсіп.
Қорғаны – сабыр.
Қорғаушысы – мінез.
Сынаушысы – халық деп ата — бабамыз бекер жырламаса керек. Адам бос сөзбен ханның сарайын салып, жеке мемлекет орнатып тастайды. Ал ісіңді дәлелдеу үшін көп жылдар мен төккен маңдай терлеріңізбен қажымас қайрат, күш — жігерлеріңіздің алдында басымды иіп тағзым етемін. Ал сіздер тек қана жақсы жағымнан қолдап қолпаштап әрі тілеушім, әрі тіреуішім болдыңыздар Менің айналамдағы адамдардың барлығы саналы, білімді және мейірімді жандар. Сондықтан жанымызда жүрген жақсы тұлғаларды қадірлей білейік. Сапалы да саналы жақсы оқу жайынан білім алам десеңіз, таңдауыңыз тек жоғары сауда — экономикалық колледжі болсын!!!
«Ерте ме, кеш пе, жүйрік аттар сүрінеді. Тік иықтар бүгіледі. Қара шаштар – ағарады. Сұлу келбет – әжім түсіп қартаяды. Өткір жанар — суалады. Бірақ иманды жүрек, ешқашан өзгермейді де қартаймайды» деген өлең шумақтары еріксіз есіңе түсіреді. Түрлі жағдайлардан қорғап, жаныма демеу болған жандар көп — ақ дегенмен соның ішінде орны ерекше жандардың атын атап, түсін түстеп өтуді жөн көрдім. Халқымыз қай заманда да өнерді алдыңғы орынға қойып қастерлегендігі бесіктегі баладан алпыстағы қарияға дейін білетіндігін тілге тиек етпеу мүмкін емес. Сегіз қырлы, бір сырлы өнер адамдары н сыйлап, «өнер алды — қызыл тіл» деп бағалау адамзаттық борышым деп білемін. Өнер адамдарын ардақтап, қабілеттері мен дарындарын ұрпаққа үлгі етіп отыратын жандарға алғыс айтпау, дінімізге, тілімізге және салт — дәстүрімізге жат дүние. Сондықтан «жанымда жүр жақсы адам» деп көкірегі ояу, рухы биік, жүрегі таза тұлғалардың мерейінің үстем болуын шын жүрегіммен тілеймін. Мен үшін үлгі тұтарлық жандар сіздерсіздер яғни менің асыл қазынам, тірегім, жүрегімнің төрінен орын алған жансыздар. Басшымыз Күжімов Мырзабек, Жанар Сеитова, С. Суюиндикова, Г. Устименко, Б. Худабай және Л. Аифовна және С. Смаилова, Ж. Салиева, С. Барамбаева, Ү. Адырбекова, Д. Кусаинова, Н. Курмангалиева, Ж. Оспанова, М. Нуритдинова, А. Сагинбаева, Н. Кайпбаев, З. Кожагельдина, Г. Карипова т. б. аты аталмаған барлық ұжымға рахметімді айта келе сіздерге тілерім:
Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!
Отбастарыңызға бақ орнасын!
Ырыс — несібе үйлеріңізден кетпесін!
Ұл — қыздарыңыз аман болсын!
Абыройларыңыз асқақтай берсін!!!
Ізгі тілек, жылы лебізін білдіруші Жакей Жырғаған
05.02.2023
457
Автор: Алғыс айту күні
Алғысым шексіз…
Бір ауыз сөздің ішінде адамның шын жүректен рахметін айтып, ризалығын білдіріп жатқанын, ол адамның көңіл-күйінің қандай екенін сезіне аламыз. Ол әрине «Алғысым шексіз» сөзі болып табылады. Мұқтаж адамдарға көмек берген кездегі ол адамдардың алғыстарын білдіруі сені бір керемет сезімге бөлейтіні анық. Сондай-ақ қоғамдық көлікте қариялар мен балалы аналарға, не болмаса мүмкіндігі шектеулі жандарға орын беріп олардың алғыстарын алу бір ғанибет деп білемін. Бұл жағдайлар күнделікті қоғамда орын алып жататын дүниелер емес пе, менің айтпағым жылына бір рет келетін 1-ші наурызда аталып өтілетін «алғыс айту» күні жайлы. Негізі алғыс айтып, рахметіңді білдіру үшін дәл осы күнді күтіп жүрудің қажеті жоқ екені сөзсіз. Сонда бұл Алғыс айту күні несімен ерекшеленеді?! Міне осыған тоқталсақ…
1 наурыз, көктемнің ең алғашқы күні, табиғат ақ киімінен бірте-бірте арылып, жылы өңірлерде талдар оянып, бүршік шығара бастайтын кез. Сонда біз бірінші алғысты Жаратқанға айтамыз, яғни «Қыстан аман-есен шығарып, гүл көктемге басымыз аман, бауырымыз бүтін қалпында жеткізгенің үшін» деп, шүкіршілік етіп, алғысымызды жаудырамыз.
Екінші, дәл осы күні байқаусызда ренжітіп алған адамдарымыз болса, білместікпен жасаған қателіктеріміз болса, байқаусыз жасаған күнәләріміз болса Алладан кешірім сұрап, араз болған жандармен татуласуымыз қажет, яғни алғыс айту күнінде татуласу, жалпы сыйласып жүрген адамдармен сыйластықты арттыру үшін ең қолайлы күн болып табылады.
Үшінші, дәл осы күні адамдарға шын жүректен алғыс білдіру жақын араласып жүрген адамдар арасындағы сенімділік пен достастықты арттырып, көңілдерге керемет күй сыйлайды. Міне алғыс айтудың қыр-сырының мәні осында жатыр деп ойлаймын. Жалпы қасыңда жүрген адамдардың титтей де болсын жасаған көмегі мен жақсылықтарына өз уақытында рахмет айтып, алғыс білдіріп жүру адамдар арасындағы түсінушілік пен сыйластықты арттырары анық. Сондықтан бір-бірімізден рахметімізді аямай, алғысымызды еселеп айта жүрейік дегім келеді.
«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан» газетінің бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
|
|
|
|
|
|
|
Қарап көріңіз 👇
Пікір жазу
Шығарма: Шексіз алғыс ардагерлерге
Суханцова Юлия
5 сынып, Петропавл қаласы Солтүстік Қазақстан облысы
Жетекшісі: Кабденова Нұргүл Бәйкенқызы
Адамдар! Ақтық демдерің біткенше есте сақтаңдар!
Бақыттың қандай бағамен келгені естеріңде болсын!
Р.Рождественский.
1941 жылдың 22 маусымы тамаша күн болып еді. Соғыс басталды деген қорқынышты жаңалықты естіген кезде адамдар өздерінің күнделікті істерімен айналысып жүрген. Осыған дейін Еуропаны жаулап алған фашистік Германия сол күні біздің Отанымызға тап берді. Біздің жауды жеңе алатынымызға ешкім күманданған жоқ. Патриоттығымыз бен батырлығымыздың арқасында біздің халқымыз осы жаман уақытты басынан өткере алды. Өткен ғасырдың 1941-1945 жылдары аралығында еліміз миллиондаған адамдардан айырылды. Олар жеріміз бен билігіміз үшін аяусыз айқастарда құрбан болды. Болып жатқан жағдайларға осы адамдардың бір де бірі кінәлі емес болатын. Олар жай ғана өздерінің елін қорғады. Бұл әрқайсысы үшін қиын уақыт болды.
1942 жылдың күзі немістер қазіргі Санкт-Петербург қаласы – Ленинградқа дейін жетті. Қаланы қоршауға алу үш жылға жуық уақытқа созылды. Сол уақыттың ішінде адамдар суықты да, аштықты да, ашынуды да бастарынан кешірді. Тірі қалу үшін иттер мен мысықтарды жеді. Дегенмен, қала жауға қарсы төтеп бере алды, ұнжырғасы түске жоқ, ал адамдар қатал қанішерге айналған жоқ. Олар өз Отанына адал болуды жалғастыра берді. Әкемнің атасы, менің арғы атам өзінің алған жарақатының тарихын айтып берген. Бұл тарих біздің отбасымызда ұрпақтан ұрпаққа айтылып келеді. Бұл 1944 жылы Қызыл Әскер келгенде, Брест қамалының жанында болған.
Менің арғы атам өзінің жанындағылардан қалып қойған. Атыс басталып кетеді де оның қолына оқ тиеді. Ол жолдың жиегіне құлап түседі және қансырай бастайды, ал маңайында ешкім болмайды. Арғы атам енді өмірімен қоштаса бастайды, осылай неше сағат жатқанын да білмейді. Сосын оны біреу жұлқылап арбаға отырғызып жатқанда есін жинайды. Ол арбада мүлдем бөтен кісі келе жатқанын және оны арбаға отырғызып госпитальге әкелгенін айтқан. Мүлдем танымайтын бөтен адам оның өмірін сақтап қалды деп айтуға болады. Арғы атам оның атын да білмейтінін айтқан. Міне, соғыста осылай болған.
Бүгінгі күні өмір сүріп жатқан әр адам Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне шексіз алғыс білдіруі тиіс. Себебі осы кісілердің арқасында тыныштық орнаған әлем құрылды. Біз сол жаман кездерді есте сақтауға және тарихты ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз, өйткені қаншама құрбан болған адамдар саны біздің ұлы Отанымызға фашизмді жеңуге кедергі болған жоқ. Біз 71 жыл бұрын біздің ата-бабаларымыздың берілмей, жеңілмей, өз Отанына адал патриот болып қалғаны үшін мақтануға міндеттіміз. Қазір соғыс жоқ, бұл өте маңызды. Біз барлағымыз достық пен татулықта өмір сүреміз. Біздің аспанымызда әскери ұшақтар ұшпайды, бізді фашисттер атпайды. Бізге бомбапанада жасырыну қажет емес. Біз далада еркін жүріп, серуендейміз. Аспанымыз тыныш, күніміз ашық. Бізге осындай өмір сыйлаған ата-бабаларымызға мәңгі қарыздармыз.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
|
|
|
|
|
|
|
Іздеп көріңіз:
шығарма Шексіз алғыс ардагерлерге туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Шексиз алгыс ардагерлерге на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Шексіз алғыс ардагерлерге
Ал?ысым шексіз!».Елбасымыз Н.?Назарбаев 14 ?а?тарда 1 наурыз-Ал?ыс айту к?ні деп жариялады.
1.Мені осы ?мірге ?келіп,жары? д?ние сыйла?ан,т?лім-т?рбиесін берген ата-анама «Ал?ысым шексіз!»
2.Мені ?олымнан жетектеп,т?й-т?й бас?ан к?нен бастап,мейірім шуа?ымен ?лпештеген атам мен апама «Ал?ысым шексіз»
3.Ал?аш мектеп табалдыры?ын атта?ан кезімнен бастап білім н?рімен сусындат?ан,бар білімімен аяма?ан,еркелетіп аяла?ан аяулы ?стаздарыма «Ал?ысым шексіз!»
4.Еліміздегі с?билерді? тынышты?ы мен ??уіпсіздігін са?та?аны ?шін ж?не бізді ?лемге таныт?аны ?шін Елбасымыз?а «Ал?ысым шексіз!»
6. Барлы? балалар?а ?уаныш сыйлап, шы?армашылы??а баулып, журналдарыны? бетіне есімдері мен суреттерін шы?арып, «Ал?ыс хаттарымен» марапаттап жат?ан «М?лдір б?ла?» журналына «Ал?ысым шексіз!
5.Б?гінгі «Бал?ын ару» бай?ауын ?йымдастырып сыныптарымды, мені ізденімпазды??а, шы?армашылы??а т?рбиелеп ж?рген сынып жетекшіме «Ал?ысым шексіз!»
Райымбек ауданы
Шыр?ана? ауылы
Солтанбек к?шесі №16
Н?р?ияс Аян
6- сынып о?ушысы
Просмотр содержимого документа
«Ал?ысым шексіз!»
Ел басына күн туып, ер етігімен қан кешкен қилы заманда түрлі халықтар киіз туырлықты қазақ даласына қоныс тепті. 1920 жылдан бастап, 1949 жылға дейін 3,2 миллион адам Алтай мен Атырау арасындағы жерге күштеп қоныстандырылды. Әсіресе бұл үрдіс Ұлы Отан соғысы жылдарында қарқын алды. Фашистік Германия әскері КРСО шекарасына кірген тұста Сталиннің пәрменімен Қара теңіз жағалауындағы қырым татарлары, Кавказдағы шешен мен дағыстандықтар майданнан алыс қазақ даласына келді. Сонымен қатар Жапония шебіне жақын аумақтағы кәріс пен жапондықтар да соғыс әсерінен үлкен күшпен туған топырағын тастап келуге мәжбүр болды. Кейбірі түрлі жаламен жер аударылды.
Дәл осындай екпінмен жүзден астам халық Алаш жұртын паналап, осында өсіп-өнді. Ұрпақ өрбітті. Бүгінгі таңда ғасырға жуық уақыт өтсе де, бір тудың астында ынтымақ-бірлігі жарасып, бейбіт күн кешіп келеді.
Набира Баркова, орыс ұлтының өкілі:
– Мен Жалаңтөс батыр ауылында дүниеге келдім. Мұндағы тұрғындардың барлығы қазақша сөйлейді. Мектеп қабырғасындағы оқулықтан және ауыл ақсақалдарынан да 1954 жылға дейін Патша үкіметі өзге ұлт өкілдерін қазақ жеріне күштеп қоныстандырғанын білеміз. Алғыс айту мерекесі осындай тағдыр тәлкегіне түскен жандарды панасына алып, қамқорлық танытқан қазақ халқына шынайы лебіз білдіретін күн деп есептеймін.
Ауыл мектебін бітіргеннен кейін Қостанай қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы университетте білім алдым. Онда да көптеген жаспен танысып, өмірімнің ең қызықты кезі саналатын студенттік өмірді көрдім. Әлі күнге дейін қазақ достарымнан үлкен ілтипат пен бауырмалдықты байқаймын. Білім алып келгеннен кейін РЗА АҚ-ның күріш өңдеу зауытына лаборант болып жұмысқа тұрдым. Осы тұста барша қазақ жұртына бақытты балалық шағым мен аса қамқорлығы үшін ризашылығымды жеткізгім келеді.
Әл-Фараби Тен, кәріс ұлтының өкілі:
– Үйдегі үлкендер, әке-шешем қазақ халқының зобалаң уақытында өзге ұлт өкілдеріне қамқорлық пен бауырмалдық танытқанын жиі айтып отырады. Соның арқасында ес біле қазақ халқына деген ризашылығым үдей түсті. Үлкен азамат болғаннан кейін туған жерім үшін не істей алатыным туралы ойлана бастадым. Күндердің күнінде жүздеген ұлт тату-тәтті өмір сүріп жатқанының бірден бір себебі қоғамдық тыныштық екенін ұғып, тәртіп сақшысы болуға бекіндім. Мұны отбасым да, дос-жақындарым да қызу қолдады. Бүгінде аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің аға инспекторымын. Осындай айтулы мереке күні барша қазақ ұлтына шынайы алғысымды білдіремін.
Фархат Баймұратов, өзбек ұлтының өкілі:
– Күн шуағын шексіз төгіп тұрған маусымның төртінде Қазалы қаласында дүниеге келдім. Әкем Әбдімұрат пен анам Фарида қазақтың құнды қасиетін, халықтың қамқорлығын жиі еске алатын. Ұлтым өзбек болса да, балабақша жасында да, мектеп қабырғасында да бөтендікті мүлдем сезінген емеспін. Неге десеңіз, түркітектес халықтың барлығы тілі мен келбеті жағынан үйлесім табады ғой. Достарымның барлығы қазақ ұлтынан деп сенімді түрде айта аламын.
Қазіргі таңда мемлекеттің қолдауымен кәсіп бастап, отбасымды асырап жүрген азаматтар қатарынанмын. Қалада көлікке төсеніш тігетін цехым жұмыс істейді. Жерлестерім де қолымнан шыққан дүниелерге қызығады. «Туған жерге туыңды тік» деген тәмсілді берік ұстанатындықтан болар айналамдағыларға мен де жақсылық жасауға тырысамын. Осыны сәтті пайдалана отырып, қазақ халқына шексіз алғыс айтамын. Мен қазалылық екенімді мақтан етемін!
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
Елбасымызға алғысымыз шексіз
Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар- saba
- 23.02.2017
- 0
- 0
- 5454
Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл Тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы тиіс. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыздың өз таңдауымен Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевті сайлағаны. Ол Еліміздің тұңғыш Президенті.
Н.Ә.Назарбаев 1940-жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Әкесі Әбіш Назарбаев Мырзабаланыңұлы 1903-жылы Назарбай бидің шаңырағында дүниеге келді. Ол 1971 жылы қайтыс болады. Анасы Әлжан 1910-жылы Қасық ауылында молданың үйінде дүниеге келді. Жарқын жүзді Әлжан баласын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Ол 1977-жылы қайтыс болады.
Нұрсұлтанның балалық шағы ұзаққа созылған жоқ. Мектепті бітіріп, 18ге толған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті.
Темиртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жақанын естіген соң, ол металлург болуға бел буды.Темиртауға келген соң, болашақ металлург ретінде Украинаға, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищиге оқуға жіберіліп, 1960 жылы бітіреді. Еңбек жолын 1960-69 жылдары Темиртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1969-1973 ж Қарағанды облысы, Темиртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-77ж Қармет комбинаттың партком хатшысы. 1977-79 жҚарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы. 1990-жылдың сәуірінен – Қазақ КСР Президенті. 1991-жылы желтоқсанның бірінде тұңғыш рет
ҚР Президентінің сайлауы өтіп, Н.Назарбаев 98,7 пайыз дауыспен жеңіске жетті. 1995-жылы сәуірдің 29ында Жалпыхалықтық референдум нәтижесінде ҚР Президенті өкілеттілігі 2000ж дейін ұзартылды. 1999-ж 10 қаңтарда өткен сайлаудың нәтижесінде Н.Назарбаев 79,78 дауыспен ҚР Президенті болып қайта сайланады. 2005 ж 4-желтоқсанда 91,5 пайыз дауыс жинап қайта ҚР Президенті лауазымын алады. 2011-жыл 3-сәуірде сайлаушылардың 95,5 пайызын алып ҚР Президенті болып тағы да сайланады.
Н.Назарбаев тек Президент болып қана қоймай сонымен қатар, Нұр Отан партиясының төрағасы, Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас қолбасшысы, Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы, Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының төрағасы, гимннің авторы.
Бұл дегеніміз Қазақстан халқының Елбасына деген құрметі, сенімі деп ойлаймын.
Н.Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы – Бөбек қорының басшысы. Елбасшының 3 қызы бар. Дариға- Саясат ғылымдарының докторы, Хабар агенттігінің директорлар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, бүгінгі күнде вице-министр қызметін атқаруда.
Динара – Н.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады.
Әлия – Элитстрой құрылыс компаниясын басқарады. Н.Назарбаевтың 7 немересі және екі шөбересі бар.
Елбасымыздың көптеген кітаптары, өлеңдері мен дәйексөздері бар. Мысалы: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Бейбітшілік кіндігі», «Ғасырлар тоғысында» және т.б.
Н.Назарбаев биыл 26-жыл Президент болып келеді. Осы 26-жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасын едәуір көтерді.
Ең басты жетістіктеріміздің бірі – Елбасымыздың Саммитке төрағалық етуі және біздің елімізде алғаш рет қысқы олимпиадалық ойындардың өткізілуі болды. Елбасымыз ұрпақтың саналы, білімді болып, болашақта өз еліне пайдасын тигізуі үшін «Назарбаев зияткерлік мектептерін» ашты.
«ЕХРО-2017» көрмесі де жастарды зерттеу жұмыстарына жұмылдырып, ғылым саласында еліміздің кеңінен қанат жаюына жақсы мүмкіндіктер ашады.
Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. Республикамызда ауылдарды, қалаларды дамытуға, тұрғын үй құрылысын дамытуға, егер де бір кәсіп ашамын десең, белгілі бір теңгеде несие беріліп, ал мамандық иесі боламын десең, белгілі бір мерзімде оқуға жіберуге, және тағы сондайларға бағытталған ірі әлеуметтік бағдарламалар іске асырылуда.
Қысқа ғана мерзім ішінде үлкен дәрежеге жеткен Қазақстан халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды.
Жыл сайын Елбасымыз Қазақстан халқына өз Жолдауын жолдайды. 2015-жылғы «Нұрлы жол –болашаққа бастар Жол» атты халыққа жолдаған Жолдауында айтқанындай Еліміздің әр аймақтарында жол жөндеу жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Сонымен қатар Қазақ хандығының құрылғанына 550жыл, Қазақстан халықтар Ассамблеясының құрылуына 20 жыл, ҚР Конституциясына 20 жыл толуына байланысты көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.
Н.Назарбаевтың мемлекетті басқару кезіндегі жүргізіп келе жатқан саясаты өзге мемлекеттерге қарағанда сапалы және тиімді.
Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен Қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңдайына жазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тау ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан Қазақстан халқының нағыз көшбастар көшбасшысына айнала білді.
Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті. Сондықтан да біз сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлесімізді қосуымыз керек.
Біз Елбасының ерен еңбегінің арқасында ең бай мемлекетке айналдық, халқымыз да бақытты ғұмыр кешуде. Кең байтақ еліміз егіске толып, өрісімізден мал кетпейтін, бейбіт те зайырлы мемлекеттің ұрпағы болып отырмыз.
Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан – Қазақстан халқының тұңғыш Президентіне алғысымыз шексіз!
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Ават ауылы,
«И. Искандеров атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
тарих пәні мұғалімі Акбарова Сабирям Садировна
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: