Авток?ліктер тарихы эссе

Автокөліктің шығу тарихы


  • Ғылыми жұмыстар
  • admin
  • 01.11.2017
  • 0
  • 0
  • 23978

№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Шығармашылық ізденіс жұмыс
Б-ӘБ-А-41/2017
Дайындаған: Искандир Ерасыл
Жетекші: Ибраемов А

Мазмұны
1. Тарихы
2. Көлік географиясы
3. Көлік түрлері 
4. Құрлық көліктері 
4.1 Автомобиль көлігі
4.2 Теміржол
4.3 Құбыр көлігі
5. Теңіз көлігі
5.1 Өзен-көл көлігі
5.2 Әуе көлігі
6. Қазақстандағы көлік жүйесі
7. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік жолы
8. Көлік құрылысы 
9. Дереккөздер

Тарихы
Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды.Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететін петроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.

Көлік географиясы
Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін кұрайды. Барлық байланыс жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары дүниежүзілік көлік жүйесіне бірігеді. Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы ете үлкен елдер үшін маңызы ерекше. Сондықтан көлік жүйесінің салаларын дамытуға бұл елдер көп қаржы жұмсайды.Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқынды дамуына негіз болды. Бұл көліктер жылдамдығының артуынан, олардың жүк көтеру және тасымалдау мүмкіншіліктерінің кеңеюінен айқын көрінеді.
Көлік қатынасы жоғары дамыған елдерде жақсы жолға қойылған. Шығыс Еуропа елдері мен Ресейдің көлік жүйесі жолдардың жиілігі мен сапасы, жүк айналымының мөлшері жөнінен Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тан әлдекайда төмен дәрежеде. Дамушы елдер бойынша осы заманғы көлік жүйелері тек жекелеген елдерде ғана жоғары дамыған, ал көпшілік елдерде ат-арба, адам күшімен жүк тасу әлі де болса, кең орын алып келеді. Ауғанстан, Непал сияқты елдерде теміржол мүлдем жоқ. Сол сияқты Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай өндіруші елдер мен Мұхит аралдары, Кариб теңізі алабындағы кейбір елдерде де теміржол жоқ.[1]

Көлік түрлері
Көлік екі ірі тарапқа бөлінеді:
1.  өндірістік ішкі көлігі
2.  көпшілік пайдаланатын көлік
Өндірістік ішкі Көлігі
Өндірістік ішкі көлігі (зауыттардың ішкі темір жол пункттері, автомобильдік және көлік жолдар, конвейер, трансопортер, кран, т.б. көтергіш қондырғылар) әдетте белгілі бір кәсіорынға қызмет етеді және ол тікелей өндіріс процесінің құрамдас бөлігі болып есептеледі.

Көпшілік пайдаланатын көлік
Көпшілік пайдаланатын көлік:
•    еңбек өнімдерін (дайын өнім, шикізат, шала фабрикада т.б.) бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға, өндіріс орнынан тұтыну пункттеріне тасымалдау ісін жүзеге асырады. Бұл топқа көпшілік пайдаланатын көліктің барлық түрі — темір жол, өзен, теңіз, автомобильдік, әуе, құбыр жолы көліктері жатады.Көпшілік пайдаланатын көлік еңбек өнімдерін тұтынатын орындарға (өндірістік және жеке тұтыну) жеткізе отырып, өндіріс процесін одан әрі жалғастырады.
•    жолаушыларды тасымалдау ісін де жүзеге асырады.

Құрлық көліктері
Құрлық көлігінің құрамына
•    автомобиль көлігі
•    теміржол көлігі
•    құбыр жолы көлігі

Автомобиль көлігі
Автомобиль көлігінің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Оған дәлел — тасжолдардың ұзындығының күрт өсуі; қазіргі кезде дүниежүзі бойынша олардың жалпы ұзындығы 25 млн км-ге жуықтады.Бұл көрсеткіш жөнінен әсіресе АҚШ айрықша көзге түседі: мұнда 1000 адамға шаққанда 600 автомобильден келеді. Автомобиль жолдарының ұзындығы жөнінен де (5 млн км) АҚШ жетекші орын алады. Ал жолдардың жиілігі жөнінен Батыс Еуропа мен Жапония алға шығады.Автомобиль көлігінің өте қарқынды дамуы көліктің жылдамдығына әрі жүкті шалғай аудандарға жедел жеткізуіне байланысты. Жалпы алғанда, дүниежүзілік жүк айналымының 10%-ы, жолаушы тасымалының 80%-ы автомобиль көлігінің үлесіне тиеді.[1]

Теміржол
Дүниежүзіндегі теміржолдың жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың км-ге жуық. Теміржолдың ұзындығы жөнінен де АҚШ алда келеді. Бірақ жолдардың жиілігі Батыс Еуропада өте жоғары, онда 100 км² жерге 10 км теміржол тиесілі болады. Жүк айналымындағы теміржол үлесі 15% шамасында.
Кейбір елдердегі теміржол мен автомобиль жолдарының ұзындығы, мың км[1]

Елдер

Теміржол

Автомобиль жолдары
(қатты жабындылы)

АҚШ

245

5640

Ресей

86

620

Үндістан

62

834

Қытай

58

880

Франция

35

745

Германия

45

481

Жапония

27

1131

Құбыр көлігі
Құбыр көлігі соңғы жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты жедел қарқынмен дамуда. Ұзындығы 4,5—5 мың км болатын мұнай және газ тасымалдайтын құбырлар Ресей, Канада, АҚШ жерінде орналасқан. Құбыр көлігінің үлесіне жүк айналымының 10%-ы тиесілі.

Теңіз көлігі
Теңіз көлігінің үлесіне елдер арасындағы жүк тасымалының 80%-ы, дүниежүзілік жалпы жүк айналымының 60%-ы тиеді. Ірі теңіз державалары арасындағы өзара бәсеке салдарынан көптеген ірі кемелер салық тұрғысынан ұтымды болатын дамушы елдердің туы астында жүзеді. Сондықтан теңіз жүк тасымалындағы жетекші елдер қатарынан Панама, Либерия, Грекия, Кипрді көруге болады. Ірі сауда кемелерінің үлесі Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, АҚШ, Ресей, Қытай елдерінде де жоғары. Теңіз жолының ежелден белгілі ауданы — Атлант мүхиты. Ірі порттары: Роттердам (Нидерланд), Жаңа Орлеан (АЩП), Марсель (Франция), Гамбург (ГФР). Соңғы кезде Азияның жаңа индустриялық елдерінің қарқынды дамуы Тынық және Үнді мұхиттарындағы теңіз жолдарын игеруге мүмкіндік беруде. Бұл аймақтағы халықаралық маңызы бар ірі порттар қатарына Кобе, Нагоя, Иокогама (Жапония) және Сингапур жатады. Теңіз жолдарының түйіскен жері жіңішке бұғаздар мен теңіз каналдары болып табылады. Ла-Манш бұғазы арқылы тәулігіне 500, Зонд бұғазы арқылы 175, Гибралтар бұғазы аркылы 140 кеме өтеді. Сонымен қатар Ормуз, Малакка, Босфор бұғаздарының маңызы зор. Адамзаттың ақыл-ойы мен еңбегінің нәтижесінде пайда болған жасанды бұғаздар — Суэц, Панама және Киль каналдары экономикалық жағынан аса тиімді теңіз кақпасы болып табылады.[1]
Кеме жүзетін ірі каналдар

Каналдың аты

Тереңдігі, м

Ені, м

Ұзындығы, км

Орны

Суэц

16,2

120—318

161

Жерорта теңізі — Қызыл теңіз

Панама

12,5

150—305

81,6

Атлант мұхиты — Тынық мұхит

Киль

11,3

104—214

99

Солтүстік теңіз — Балтық теңізі

Жүк айналымында мұнай мен мұнай өнімдері алдыңғы орынды алып, сол сияқты құрғақ жүк деп аталатын темір кені, көмір, астық, ағаш және т.б. жүктер де көбеюде. Мамандандырылған кемелердің, әсіресе танкерлердің үлесі артуда.

Өзен-көл көлігі
Өзен-көл көлігі көбінесе жеке елдердің, сондай-ақ халықаралық жүк тасымалының да бір бөлігін қамтиды. Еуропада Рейн, Дунай, Эльба, Одер, Америкада Әулие Лаврентий, Парана өзендері мен Ұлы көлдер ірі халықаралық су жолдары болып саналады. Біздің еліміздегі Каспий теңізінің де осындай маңызы бар.[1]

Әуе көлігі
Әуе көлігі — көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрі. Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда. Соңғы жылдары турбовинтті және реактивті ұшақтардың енгізілуі әуе көлігінің тиімділігін арттыруда. Олардың қатарында көбінесе халықаралық әуе тасымалын қамтамасыз ететін «Боинг— 747» (АҚШ), «Ил—86» (Ресей), «Аэробус» (ГФР— Франция — Ұлыбритания), жылдамдығы 2—3 мың км/сағ-қа жететін «Конкорд» (Франция — Ұлыбритания) ұшақтары бар.Әуе көлігі ең күшті дамыған ел — АҚШ, ол дүниежүзіндегі жолаушылардың 50%-ын тасымалдайды. Дүниежүзіндегі ең ірі әуежайлар: «О’ Хара» (Чикаго), Даллас, Лос-Анджелес, Атланта, «Хитроу» (Лондон), «Ханеда» (Токио) және т.б.[1]

Қазақстандағы көлік жүйесі
Су көлігі – көлік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Су көлігінің көліктің басқа түрлерімен, ең алдымен, темір жол көлігімен “тоғысатын” өзіндік ерек-шелігі бар, яғни кемелерден вагондарға және керісінше вагондардан кемелерге тиеу мүмкіндігі зор. Бүгінгі таңда су көлігі Қазақстанда өзен және теңіз көліктеріне бөлінеді. Өзен көлігі кеме қатынайтын өзендерге (Жайық, Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Қаратал өзендеріне, Балқаш көліне); теңіз көлігі Каспий теңізі алабында қызмет көрсетеді.
Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы), оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуы, өндірістің шикізаттық құрылымы, өндіргіш күштердің орналасуы, автожол инфрақұрылымының жеткілікті дамымағандығы себепті темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалданатын негізгі өнімдер – көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер.
Автомобиль көлігі – жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Ол Қазақстанда кезең-кезеңмен дамыды. Қазақстандағы халықаралық автомобиль тасымалы, негізінен, халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында орындалады. Олар 7 дәлізге бөлінеді.

1-дәліз: Қорғас – Алматы – Ташкент. Өзбекстанды Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарымен жалғастырады және шығыста ҚХР-на шығады. Батыста автожол Өзбекстан арқылы Орталық Азия елдеріне апарады. Шымкент қаласында 1-дәлізге шыққаннан кейін Қытайға, Орталық Азия елдеріне және Түркияға шығуды қамтамасыз етеді.

2-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы – Орал – Ақтөбе — Қызылорда – Шымкент. Орталық Ресейді Қазақстанның оңтүстік аймақтарымен байланыстырады.

3-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы – Петропавловск – Астана – Алматы – Қырғызстан шекарасы. Солтүстікте автожол Оралдың өнеркәсіпті аймағына шығады. Қазақстанды орталық бөлікте кесіп өтіп, Солтүстік Қазақстанның астықты аймағын, Қарағанды өнеркәсіптік аймағын республиканың батысымен өзара байланыстырады, Қытай және Пәкстан арқылы Үнді мұхитына шығады. Бағыт Қазақстанның елордасы Астана қаласына көшірілгеннен кейін ерекше мәнге ие болды.

4-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Омбы) – Павлодар – Семей – Майқапшағай. Батыс Сібірдің өнеркәсіптік аймақтарының, Павлодар аймағының, Шығыс Қазақстанның Қытайға шығуын қамтамасыз етеді.

5-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Челябі) – Петропавл – Ресей Федерациясы шекарасы (Новосибирск). Қазақстан аумағы бойынша ұзындығы 220 км болатын маршрут – Сібір аймақтарын орталық Ресеймен жалғастыратын магистралдық автожолдың бір бөлігі.

6-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Қорған) – Петропавл – Есіл – Арқалық – Жезқазған – Қызылорда – Өзбекстан. Орталық Қазақстанның аймақтарын (астық өсіретін және кен өндіретін) кесіп өтеді. Солтүстік Қазақстаннан, Оралдың арғы жағынан және Батыс Сібірден Орта Азияға және Үнді мұхитына шығатын ең қысқа жол.

7-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Астрахан) – Атырау – Бейнеу – Түрікменбашы.

Әуе көлігі – әуе тасымалын орындайтын көлік түрі. Басқа көлік түрлерінен айырмашылығы – жылдамдығында. Әуе көлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде 1-дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды.Қазақстанға тұңғыш ұшақ 1918 ж. ұшып келді (Мәртөк – Новосергеевка бағытында). 1923 ж. “Добролет” қоғамы құрылып, ол әуе поштасы мен жолаушылар тасымалдау ісін ұйымдастыруды қолға алды.1924 ж. “Ю-13” ұшағымен Ташкент – Алматы, Алматы – Ташкент бағытында бірінші рет ұшу сынағы өткізілді.1925 ж. Бішкек – Алматы әуе жолымен алғашқы пошта тасымалы жасалды.1929 ж. Қызылорда – Мәскеу әуе жолы ашылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бірнеше әуе компаниялары (“Эйр Қазақстан”, “Эйр Астана”) құрылды. Әуе компаниялары ішкі және халықаралық жолаушылар, пошта, жүк тасымалдауды, т.б. орындайды.
Құбыр желісі – көлік құралдарының бірі; сұйық, сусымалы жүктерді, мұнайды, газды құбырмен тасымалдау. Мұнда жылжымалы құрам – құбыр желілерінің өзі. Ондағы жүк қысыммен жылжиды. Әрбір 100 – 140 км қашықтықта автоматты түрде жұмыс істейтін сероп стансалары орнатылады. Құбыр желісі (мұнай құбырлары мен газ құбырлары) Қазақстанда тұңғыш рет 1970 ж. іске қосылды.
Өркениетті елдердегі тәрізді Қазақстан да көлік жүйелері мен желілерін жүйелі түрде жетілдіріп келеді. Оған 1998—2005 жылдар аралығында көлік инфрақұрылымы мен көлік түрлерін жетілдіруге бағыттайтын үкімет жобасы дәлел болады. Бұл жоба халықаралық көлік жүйесіне кіру мақсатын көздейді. Жылма-жыл бұл салаға 320 млн АҚШ доллары есебінде инвестиция тартылады. Қазақстандағы жолаушы және жүк тасымалының үлесі аса қарқынды өсіп отырған саласы — теміржол көлігі болып табылады.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік жолы
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік жолының жалпы ұзындығы 8445 шақырымды құрайды. Оның 2233 шақырымы – РФ еншісінде, 2787 шақырымы ҚР аума-ғынан өтеді. ҚХР-ға 3425 шақырым тиесілі. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік жолы Қазақстан бойын-ша 5 облысты қамтыды (Ақтөбе, Қы-зылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жам-был және Алматы облыстары). Бұл аймақтарда 5 миллионға тарта халық тұратынын ескерсек, қаншама адам жұмысқа тартылатынын көз алдыңызға елестете беріңіз. Қаржы дағдарысы кезінде мұндай үлкен жобаны қолға алу — халықты бір жағынан жұмыспен қамту деген сөз. Ұлы Жібек жолының бойында құм астында тұншыққан көне шаһарлар қаншама (Отырар, Сайран, Сауран, Тараз, Алтын төбе т.б.). Өз дәуірінде өркениеттің шыңы болған бұл қалаларды біреу білсе, біреу білмес. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы салынар болса «өлген қалалар» тіріліп, туристердің «көз құртына» айналарына сенім мол. Одан бюджеттің қалтасына түсер қаржы да қомақты болмақ. Қазақстан аумағынан өтетін жобаның құны — 825,1 млрд. теңге. Оның 1390 шақырым жолы 4 қозғалыс жолағы бар І техникалық санатқа жатады. Қалған 1387 шақырымы ІІ, ІІІ категория болып саналады. Айтулы жобаға әлемге даңқы жайылған банктер қол ұшын созып жатқанын айта кетуіміз керек. «Еуропалық қайта құру және даму банкі» (ХҚДБ) 2125 млн. доллар, «Азия даму банкі» І транш (АЗБ) 340,0 млн. доллар, “Ислам даму банкі” (ИДБ) 170 млн. доллар несие бөлген. Айта кетер нәрсе — несиенің 20 жылға ең төменгі пайызбен берілгендігі. Ағымдағы жылдың екінші жартысында 3-транш бойынша «Азия даму банкі» 173 млн. доллар, 2-транш бойынша «Ислам даму банкі» 224 млн. доллар және 2-транш бойынша Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (ЖХЫА) 68,0 млн. доллар сомасындағы заим келісіміне қол қою жоспарланып жатыр екен.Мердігер ұйымдар құрылыс жұмыс-тарын бастап кеткен. 2010-2012 жылдар аралығында жол құрылысына 50 мыңға жуық адам жұмылдырылады.14 529 адамның 285-і ғана шетелден[2]

Көлік құрылысы
Көлік құрылысы – темір жол, автомобиль, су, әуе көлігі, құбыр желісі нысандарын салу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүзеге асыратын құрылыс саласы. Оған темір жол мен автомобиль жолдарын, аэродромдар, көпірлер, туннельдер, метрополитендер, алаптар, теңіз және өзен айлақтарын, каналдар, магистралды мұнай және газ құбырларын, вокзалдар, деполар, т.б. көлік үйлерін салу, темір жол жүйесін электрлендіру, автоматика және телемеханика қондырғыларын орнату ісі жатады.2003 ж. Қазақстанда ұзындығы 1500 км-ден асатын Астана – Алматы автомобиль жолы іске қосылды.

Пайдаланылған дереккөздері

1. Айталиев Ш.М., Дүзельбаев С.Т. Матреиалдар кедергісі: Есептер шығаруға
2. Аманжол М. Нұғыман. Теориялық механика негіздері. – Шәкәрім
3. Детали машин и основы конструирования/Под ред. М.Н. Ерохина.
4. Дүзелбаев С.Т., Алтыбасаров Р.М., Жумадилов С.К., Тайшубекова А.Ж.
5. Дүзелбаев С.Т. Механика. Оқулық жоғарғы және орта кәсіптік
6. Дүзелбаев С.Т., Алтыбасаров Р.М., Жумадилов С.К., Сарымов Е.К.,
7. Дунаев П.Ф., Леликов О. П. Детали машин. Курсовое
8. Жолдасбеков Ө.А., Сағитов М.Н. Теориялық механика.-Алматы: Атамұра, 2002.
9. Иванов М.Н. Детали машин: учеб. для студентов высш.
10. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: 7 том, Машинажасау/жалпы редакциясын
11. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: 4 том, Механика және
12. Омаров А.Ж., Батырмұхамедов Ж.Қ. Машина бөлшектері. – Алматы:
13. Проектирование механических передач: Учебно-справочное пособие для вузов/ С.А.
14. Решетов Д.Н. Детали машин: Учебник для студентов машиностроительных
15. Серикбаев Д., Тажибаев С.Д. Машина детальдары: Жоғарғы оқу
16. Тажибаев С.Д. Қолданбалы механика: Жоғарғы оқу орындары студенттеріне
17. Темиртасов О.Т. Проектирование электромеханического привода машин: Учебн. пособе


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

1769 жылы алғаш бумен жүретін (поровоз питание) құрылғы жасалған уақытта, автокөлік те пайда болды. Ал, 1807 жылы Франсуа Исаак де Рива жеке қозғалтқышы бар, газбен жүретін автокөлік ойлап тапқан болатын. Заманауи автокөліктердің бастауы 1886 жыл, неміс өнертапқышы Карл Бенц артқы екі дөңгелектердің басқаруымен, төрт инсульт қозғалтқышы бар автокөлік ойлап тапты. Ол көлік «Benz Patent Motorwagen» деп аталды, Карл Бенц бұл көлікті патенттеп алғаннан кейін, заманауи алғашқы көлік атауы берілді.

Сіздердің назарларыңызға көп адам біле бермейтін автокөліктердің тарихы туралы 10 қысқа ақпаратты ұсынамыз:

1. Адольф Гитлер Фердинанда Порршеге Volkswagen көлігін жасап шығаруды бұйырды. Volkswagen — неміс тілінде «халық автокөлігі» деген мағына береді. Аталмыш автокөлік Volkswagen Beetle дәрежесіне жету үшін өндірісін жалғастырды.

Тағы бір қызығы, жоғардағы Гитлердің өз қолымен салған суреті, 1930 жылы Daimler-Benz арқылы Нюрнбергтегі Porsche-ге беріледі. Бұл сурет алғашқы Beetle-ге ұқсас екен.

2. 1971 жылы Үнді елінің премьер-министрі Индира Гандидің кабинетіне «халық автокөлігі» ұйымының келісімшарты келіп түседі. Бұл ұсынысты Санджай Ганди жібереді. Санджай Ганди Suzuki өндірісіне хабарласпас бұрын, Volkswagen AG өндірісімен келіссөз өткізіп, заманауи Үнді елінің «халық көлігі» атты жобасы талқыланады. Бұл жоба Volkswagen компаниясының жаһандық табысының бастауы болды.

Нәтижесінде бұл жоба — соңғы келісім шартты жеңіп алған Suzuki-ге бұйырды. Үнді тарихына Maruti 800 атымен Suzuki 796 автокөлігі енгізілді.

3. Rolls-Royce Ltd — автомобиль және ұшақ қозғалтқыштарын жасаушы компания болып 1906 жылы құрылды. Негізін салушылар — Чарльзом Стюартом Роллс және Фредерик Генри Ройс.

Сол жылы Rolls-Royce өзінің алғашқы Silver Ghost автокөлігін шығарды. 1907 жылы автомобиль, шотланд сенімділік сынақтар ішінде 24000 шақырымды бағындырып рекорд жасады.

4. Соңғы қоғамдық аукционда сатылған ең қымбат автокөлік — 1954 жылғы Mercedes-Benz W196R. Көлік 2013 жылдың шілде айында 30 млн долларға сатылған. Ол, 16,4 млн долларға сатылған 1957 жылғы Ferrari Testa Rossa Prototype рекордын бұзды.

5. Жас өнер тапқыш, Генри Форд, отбасының және достарының сағатын жасау үшін қолданатын құрылғыларды пайдаланып суреттегі автокөлікті құрастырып шыққанан.

6. 1916 жылы, әлемдік автокөліктің 55 пайызын Model Форд құрады.

7. Volkswagen әр бораған боран сайын жаңа көліктерін шығаруды жалғастырды. Passat — сауда желі; Гольф — Гольфстрим; Polo — Полярлық жел; Jetta — реактивті ағын.

8. Британдық сәнді автомобиль Marque Aston — Лайонел Мартиннің ықпалымен дүниеге келді. Бұл көлікті Мартин Астон Клинтон маңындағы, Aston Hill атты арнайы гонка жарысы үшін пайдаланған.

Аталмыш компания 1994-2007 жылдар аралығында Ford Motor компаниясына тиесілі болған. Бір қызығы, Ford әлі күнге дейін бұл компанияның акцияларына иелік етеді.

9. Көлікті ынғайлы басқару мақсатында, тұтқа орнына руль пайдаланды. Бұл ыңғайлы, әрі тиімді басқару құрылғысы болып, автөкілікті тағы бір жетістікке жетеледі.

10. BMW — Ямайканың регги әншісі-композитор және гитарист Боб Марлиге тиесілі. Бұл оның беделі үшін емес, Боб Марлен мен Wailers-тің аты-жөнінің сәйкестігінен екен.

Дереккөзі: blogtime.kz/

Көліктер. Автокөліктің шығу тарихы.

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Тарихы
Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды.Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететін петроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды.

Төмендегі Барлығы толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Нұрлы болашақтың даңғыл жолында кімде-кімнің болмасын жүйткіген
тұлпар болмағы рас. Өз күшіне ерік беріп, көп арман етумен бағысуда. Бізде
бүгінгі ойында жеңімпаз атануымызға үміткерміз. Сергелдең сапырыла
бұйырған Тәуелсіздік бізге шаттық пен бақыт сыйлады. Қазір де
егемендігімізді ту етіп, еңселі ел болғанымызға жиырма сегіз жылдың төрі
толды. Қазақстан мелекетіндегі ынтымақ пен тұрақтылық, бейбітшілік пен
келісім жалғаспалары арқасында осындай жетістіктерге қол жеткіздік. Әрине,
тәуелсіздік жылдары көп істер іске асырылды. Жас мемлекетімізде саяси
тұрақтылық, ұлтаралық достық шебі қалыптасып, қазақ халқының береке,
бірлігі артты. Білім мен ғылым, технология дамыған заманында мектептер
мен жоғары білім беретін университеттер, балабақшалар салынып жатыр.
Сан түрлі мамандықтар ашып, ел дамуына үлес қосатын азаматтар өсіп
келеді. Бүгінгі заңғар тұсын талқы етіп, қалың жұртқа томшалап ой елегінен
өткізер тақырыбымыз, елімізді аса ірі саудасымен даңқты машина жасау
кәсібі болмақ.

Машина жасау — еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының ең
басым саласы. Индустрияландыру салмақты бағдарламасын іске асырған
жылдары машина жасау — ең серпінді дамыған салалардың бірегейіне
айналған болатын: ондағы өндіріс көлемі 3 есеге өсті және 2018 жылы 1 трлн
теңгеден асты. 2019 жылы жоғарғы өсу қарқыны сақталып қалатынына да
сеніміміз шүбәсіз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
хабарлағандай, индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырған жылдары
елімізде машина жасау саласында 276 млрд теңгеге жуық сомаға 114 жоба
іске асырылып, 11 мыңға жуық жаңадан жұмыс орны құрылды.

Жалпы қорытпа есептің тобықтай есептіңт торсықты мәлімдемесі
бойынша, 2000 жылдан бастап Қазақстанда машина жасау өндірісінің көлемі
24 есеге өсіп, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 1,1 трлн теңгені
еншіліген деседі.Саланы жетік дамытуға Alstom, General Electric, СМС–JAC
Motors, Hyundai және басқалары тәрізді ірі трансұлттық корпорациялар
тартылды. Экспортқа арналған өнім шығару желісі кеңейтіліп, аса сұранысқа
ие болардай бағытын бұрмалай білді десек те артық емес.Ағымдағы жылы
сәуір айында «Hyundai» маркалы жеңіл автомобильдер шығаратын «Hyundai
Trans Kazakhstan» ЖШС жаңа зауытының алғашқы іргетасы қаланды.

Қытайлық серіктестермен ынтымақтастық шеібердің шылдыр аясында
шиналар мен двигательдер өндіретін зауытты іске қосу жоспарланған, бұл
біздің елімізде автокомпонентті базаның дамуына бағыт — бастау болатыны
сөзсіз. 2018 жылы Қазақстанда 6 мыңнан аса жеңіл автомобиль өндірілген.
Олардың жартысы басқа елдерге экспортқа жіберілді, атап айтқанда —
Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан. 2019 жылдың 8 айында елімізде 30
мыңға жуық автомобиль құрастырылған. Аталмыш кезеңнің қаламды
қорытындылары бойынша машина жасаудағы өндіріс көлемінің өркендеп

алты қанатын көкке жаюуы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда
18% құрады. Сала құрылымында машина жасаудың ішкі салаларының
арасында жоғары өсу динамикасының шығар биік шоқтығын автомобиль
жасау саласы көрсетіп отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда автокөлік
құралдарының барлық санаттары өндіріледі. Елімізде 167 автомобиль моделі
құрастырылады, оның ішінде 39 – жеңіл модель, 22 – әлемдік
бренд.Қазақстандық Автобизнес қауымдастығының мәліметтері бойынша,
жеңіл автокөліктердің үлесі 12,9 мың бірлікті құрады немесе 88,65%, бұл
2016 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда үш есе көп.

545 автобус және 1,1 мың
жүк көлігі жиналды. Өндірістің ең үлкен көлемі алты отандық зауытқа тиді.
Осыған байланысты LS компаниясы Қазақстанда қандай автомобильдер
құрастырылатындығын анықтады.Өндіріс желісіне сәйкес, жергілікті
кәсіпорындар автомобильдер мен джиптердің 50-ге жуық моделін, тоғыз
әлемдік бренд шығарады. Бұл жағдайда жеңіл автомобильдердің ең көп
түрлері Lada — 13 моделінде. Ең арзан автомобиль Ravon Nexia болды, оның
құны 2,5 миллион теңгеден басталады. 2016 жылы біріншілікті Lada Priora
иеленді, ол 1,7 миллион теңгеге сатылды.Алайда, «әттең, тоңның келтесі –
ай» демекші, қазіргі уақытта мұндай модель Қазақстанда өндірілмейді. KIA
Quoris-ке қазақстандықтардың ең қымбат автомобильдерінің үлгілері келеді,
оның құны 17 миллион теңгеден басталады.

Және де «СарыарқаАвтоПром» зауыты 55,8 млрд. Теңге ағымдағы жылдың қаңтар-
қазан айларында ең көп ақша өндірді. Одан кейінгі орында 34,6 млрд теңгеге
автомобильдер жинаған «Азия Авто» компаниясы. Одан кейінгі орындарға
КАМАЗ-Инжиниринг (11,6 млрд. Теңге), Hyundai Auto Kazakhstan (3,8 млрд.
Теңге), Daewoo Bus Kazakhstan (2,2 млрд. Теңге), СемАЗ (1,7 млрд. Теңге)
кірді. Сонымен қатар, Азия Авто сандық жағынан (9,4 мың бірлік) көш
бастап келеді. «СарыарқаАвтоПром» екі есе аз жинады (4 мың бірлік).
Қалған зауыттар өндірілген 1 мың техниканың көрсеткішінен асып кете
алмады: «КАМАЗ-Инжиниринг» барлығы 708 автомобиль шығарды, Hyundai
Auto Kazakhstan — 432 техника, SemAZ — 108 дана, Daewoo Bus Kazakhstan —
107 дана.

«Чехия мен Қазақстанда шығарылатын «Skoda» автокөліктерінің арасында
сәл ғана техникалық айырмашылық бар. Бұл – нарықтың талабына
байланысты. Қазақстанның табиғаты қатал. Мысалы, Чехияда қыста ең суық
градус -19°С. Ал мұндағы суық сүйегіңнен өтіп кетеді. Оны өз басым
сезіндім. Осы жағдайларды мамандар машина құрастыруда да ескереді. Мен
машинаны шығаратын Өскемендегі зауытта болдым. Ондағы басшылық пен
қарапайым жұмысшылардың жұмысқа деген ынтасын өз көзіммен көрдім.
Себебі, қазақстандық мамандар өз істеріне адал. Олар машиналарды үлкен
жауапкершілікпен құрастырады. Сондықтан Қазақстанда шығарылатын
«Skoda» автокөліктері сапалы», — деп, Чехияның ТМД елдері бойынша
Сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы тіл тартқандай еліміздің
өнімдері жайлы бір марқайып қалуға болады.

Бүгінгі асау тайлақты, бұрынды қыстан шыққан көтеріңді көлік қылып,
арқау ете білген Қазақ еліміздің көк байрағын әлемдік елдермен тең
шарқастырғанда жетісіп, мақтан тұтар машина жасау саласы «өте қымбат»
деген сынды пікірге иеленіп отырғаны даусыз. Көпті елең ете білген бұл сала
осы күнге дейін бірде – бір қара халықтың қара қаһарына ұшырады дегенді
де естімегеніміз рас. Сапалы дүниені ырқына келтіріп, елдің ахуалына сай
етіп, құйып қойғандай антынын көркемдеу сізге өтірік, маған шын – өте қиын
жұмыс. Шетелден келген бастаманы елімізде жалғастырып қытығын қағып,
алқынып желдетерін өңдеу, әсте қымбатшылық заманда қымбатты
өнімдермен даярлау үстінде жаныққан бұл салаға айтып алар дауымыз
орынсыз дегеніміз абзал. «Кітаптардың саны емес, оның сапалысы, жақсысы
пайда келтіреді. Бұны көбі біледі, мойындайды, бірақ өздері амал етпейді»
деп Сенека айтып кеткендей, сапасымен шартараптың шаршы ойлы шын
мақтауымен жетістікке жетіп отырған бұл саланың қымбат болуы да осы
себепті. Іргесі елдік бастауымен қатар құра білген , әлем брендін елімізде
тарата білген бұл саладан ендігі алда күтеріміз мол. Алар асуы мен арманы
ниеттері ұштасып жаңа дүниелердің жаңа кемелденуіне қарық болуға
асықпыз!!!

САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ:   АВТОКӨЛІКТЕР ТАРИХЫ

САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ:

АВТОКӨЛІКТЕР ТАРИХЫ

ОҚУ МАҚСАТЫ: 5О5.МӘТІН МАЗМҰНЫН ТҮСІНУГЕ, НАҚТЫ АҚПАРАТТАРДЫ АНЫҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СҰРАҚТАР ҚҰРАСТЫРУ 5О7.ЭНЦИКЛОПЕДИЯЛАР, БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ГАЗЕТ-ЖУРНАЛДАРДАН ҚАЖЕТТІ АҚПАРАТТЫ АЛА БІЛУ

ОҚУ МАҚСАТЫ:

5О5.МӘТІН МАЗМҰНЫН ТҮСІНУГЕ, НАҚТЫ АҚПАРАТТАРДЫ АНЫҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СҰРАҚТАР ҚҰРАСТЫРУ

5О7.ЭНЦИКЛОПЕДИЯЛАР, БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ГАЗЕТ-ЖУРНАЛДАРДАН ҚАЖЕТТІ АҚПАРАТТЫ АЛА БІЛУ

САБАҚ МАҚСАТЫ: Мәтін мазмұнын түсіне алады, қажетті ақпаратты анықтай алады. Мәтін мазмұнынан негізгі ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады. Мәтін мазмұны бойынша негізгі ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады, қосымша материалдардан қажетті ақпаратты таба алады.

САБАҚ МАҚСАТЫ:

  • Мәтін мазмұнын түсіне алады, қажетті ақпаратты анықтай алады.
  • Мәтін мазмұнынан негізгі ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады.
  • Мәтін мазмұны бойынша негізгі ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады, қосымша материалдардан қажетті ақпаратты таба алады.

 ТІЛДІК МАҚСАТ:  ОҚУШЫЛАР ОРЫНДАЙ АЛАДЫ: әр түрлі ресурстардан қажетті ақпаратты ала біледі, сұрақтар құрастырып, жауап бере алады НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР МЕН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ:  тежегіш, қозғалтқыш, бу көлігі

ТІЛДІК МАҚСАТ:

  • ОҚУШЫЛАР ОРЫНДАЙ АЛАДЫ:

әр түрлі ресурстардан қажетті ақпаратты ала біледі, сұрақтар құрастырып, жауап бере алады

  • НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР МЕН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ:

тежегіш, қозғалтқыш, бу көлігі

ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР: Біз қандай көлік түрлерін қолданамыз? Сіздің ойыңызша көліктің қай түрі ыңғайлы? Не себепті адамдар көлікті ойлап шығарды ?

ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:

  • Біз қандай көлік түрлерін қолданамыз?
  • Сіздің ойыңызша көліктің қай түрі ыңғайлы?
  • Не себепті адамдар көлікті ойлап шығарды ?

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ  Негізгі ақпаратты анықтайды Ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады Ақпарат көздерінен қажетті материалды таңдайды

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ

  • Негізгі ақпаратты анықтайды
  • Ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады
  • Ақпарат көздерінен қажетті материалды таңдайды

Ширату жаттығуы: «Суреттер сөйлейді» әдісі

Ширату жаттығуы:

«Суреттер сөйлейді» әдісі

ТОПҚА БӨЛУ: Суреттер арқылы 4 топқа бөлемін: «Күн көлігі» «Бу көлігі», «Жанармай көлігі» «Электромобиль»

ТОПҚА БӨЛУ:

Суреттер арқылы 4 топқа бөлемін:

  • «Күн көлігі»
  • «Бу көлігі»,
  • «Жанармай көлігі»
  • «Электромобиль»

Бірлескен оқу «Көліктің пайда болу тарихы» мәтінін топ мүшелері оқиды, талқылайды, қажетті ақпаратты табу үшін «551 стратегиясын» қолданады.  Оқыған мәтін бойынша түсінігіңізді бес сөйлем арқылы жеткізіңіз. Мәтіндегі қажетті ақпаратты бес сөз арқылы беріңіз. Өз пікіріңізді бір сөйлеммен білдіріңіз.

Бірлескен оқу

«Көліктің пайда болу тарихы» мәтінін топ мүшелері оқиды, талқылайды, қажетті ақпаратты табу үшін

«551 стратегиясын» қолданады.

  • Оқыған мәтін бойынша түсінігіңізді бес сөйлем арқылы жеткізіңіз.
  • Мәтіндегі қажетті ақпаратты бес сөз арқылы беріңіз.
  • Өз пікіріңізді бір сөйлеммен білдіріңіз.

«Ең қызықты сұрақ» стратегиясы  Әр топ мәтіндегі нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады, келесі топ талқылайды, жауап береді, «ең қызықты сұрақты» анықтайды.

«Ең қызықты сұрақ» стратегиясы

Әр топ мәтіндегі нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады, келесі топ талқылайды, жауап береді, «ең қызықты сұрақты» анықтайды.

СЕРГІТУ СӘТІ     « К Ө Б Е Л Е К »

СЕРГІТУ СӘТІ

« К Ө Б Е Л Е К »

ЭНЦИКЛОПЕДИЯ, ГАЗЕТ-ЖУРНАЛДАРДАН АЛҒАН АҚПАРАТТАРЫНАН « УАҚЫТ ТІЗБЕГІ»  КЕСТЕСІН ТОЛТЫРАДЫ

ЭНЦИКЛОПЕДИЯ, ГАЗЕТ-ЖУРНАЛДАРДАН АЛҒАН АҚПАРАТТАРЫНАН « УАҚЫТ ТІЗБЕГІ» КЕСТЕСІН ТОЛТЫРАДЫ

 ДЕСКРИПТОР: Негізгі ақпаратты анықтайды Ақпараттарға бағытталған сұрақтар құрастырады Ақпарат көздерінен қажетті материалды таңдайды

ДЕСКРИПТОР:

  • Негізгі ақпаратты анықтайды
  • Ақпараттарға бағытталған сұрақтар құрастырады
  • Ақпарат көздерінен қажетті материалды таңдайды

КЕРІ БАЙЛАНЫС «ПОЙЫЗ»

КЕРІ БАЙЛАНЫС

«ПОЙЫЗ»

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:  МӘТІНДЕ БЕРІЛГЕН КӨЛІК АТАУЛАРЫНА СИПАТТАМА БЕРУ

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:

МӘТІНДЕ БЕРІЛГЕН КӨЛІК АТАУЛАРЫНА СИПАТТАМА БЕРУ

 БАҒАЛАУ:  « БАҒАЛАУ ПАРАҚШАСЫ»   ӨЗІН – ӨЗІ БАҒАЛАУ  ӨЗАРА БАҒАЛАУ

БАҒАЛАУ:

« БАҒАЛАУ ПАРАҚШАСЫ»

ӨЗІН – ӨЗІ БАҒАЛАУ

ӨЗАРА БАҒАЛАУ

РЕФЛЕКСИЯ  «Бүгінгі сабақтан менің алғаным...» стикерге өз ойларын жазып, тақтаға іледі

РЕФЛЕКСИЯ

«Бүгінгі сабақтан менің алғаным…»

стикерге өз ойларын жазып, тақтаға іледі

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ !!!

Простой автокликер который можно настроить на правую или левую кнопку мыши. Автокликер может делать до 1000 кликов в секунду. Интуитивно понятный интерфейс позволит настроить его несколькими кликами за пару минут. Необходимо просто выставить интервал времени через которые будут происходить клики и указать клавишу мыши (правую или левую). Далее заходим в игру и активируем его нажатием клавиши F6.

Функционал автокликера для мыши

Скриншот автокликера для ПК

Скриншот автокликера для ПК
  • Скорость — до 1000 кликов в секунду;
  • Выбор клавиши — левая или правая;
  • Нажатие — одиночное или двойное;
  • Автонаведение — ручное и по заданным координатам;
  • Функция — автоматического выключения после определенного количества кликов.

Как пользоваться Автокликером

  1. Скачиваем его на свой ПК;
  2. Открываем автокликер и устанавливаем интервал срабатывания кликов, а так же выбираем клавишу (левую или правую). При необходимости производим другие НЕОБЯЗАТЕЛЬНЫЕ настройки (двойное нажатие, координаты и количество повторов до автоматического выключения);
  3. Заходим в игру и активируем автокликер клавишей F6.

Другие Автокликеры:

  • Для Майнкрафт;
  • Для Вайм Ворлд;
  • Для Роблокс.

Видео обзор

2022-2023 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?

ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Автокөліктердің шығу тарихы.

Материал туралы қысқаша түсінік

Бұл материалдар колледж студенттертіне қажетті.

Авторы:

Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ

20 Мамыр 2020

675

0 рет жүктелген

Бүгін алсаңыз

30% жеңілдік

беріледі

390 тг 273 тг

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Text Centered

«Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналы министірліктің №KZ09VPY00029937 куәлігімен ресми тіркелген.

Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды.

Сайтта заңсыз жарияланған материалды көрсеңіз бізге хабарласыңыз. Редакцияның көзқарасы автордың көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Материал іздеу

Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз

Барлығы 663 959 материал жиналған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *