А?ызды? а?ыры романы эссе

3 жауап







Терранова


16.12.2020

жауап берді

Талантты қазақ прозаигі Әбіш Кекілбаев мифологиялық системалар мен структураларды игеру арқылы өткен мен бүгінгінің маңызды мәселелерін қозғай білген. Бұл кітап — ойшылдықтың жоғарғы сатысынан қарағанда да, аңыз-әңгімелер мен бүгінгі күннің, өткен мен бүгінгі күндер тәжірибесінің қорытпасы, осы компоненттердің барлығы (әрине, мұның ішінде прозаиктің таланты да бар) қосыла келе, біздің пікірімізше, бұл шығармалардың мазмұнын ғана байытып қоймай, оның көркемдік қасиетін де арттыра түскен.

Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. Оның «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» тарихи романдары – тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар. Әбіш Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы жеткізеді.







Белгісіз


9.12.2021

жауап берді

1)Оқиғаның басталуы:Бас  шебердің зынданға түсуі.

2)Оқиғаның байланысуы: Әміршінің аңға шығуы.

3)Оқиғаның дамуы : Әміршінің түс көру.
4)Оқиғаның шиеленісуі:Жолбарыс оқиғасы ,аңнан сарайға оралды.

5) Оқиғаның шарықтау шегі:Түсін жору, жарыққа аттануы.
6)Оқиғаның шешімі : Өлім алдындағы елестері.







Белгісіз


14.12.2022

жауап берді

Шебердің еңбегіне хан қандай құрмет көрсетті

Ұқсас сұрақтар

метки: Аныздын, Уезовті, Тарих, Рухань, Отырып, Алмат, Ерекша, Стазд

Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасындағы роман-эссе жанрындағы көркемдік ізденістер

(З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-эсселері негізінде)

Ф.ғ.к. Сұлтанғалиева Р.Б.

Магистрант Емранова Ж.М.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

ХХ ғасырдың соңындағы еліміздің егемендікке қол жеткізуі қазақ сөз өнерінің даму тарихына да ерекше серпіліс әкелді. Еліміздің рухани еркіндікке ие болған бұл кезеңі әлеуметтік-саяси формацияның, қоғамдық сананың түбегейлі өзгеруіне байланысты қоғамда қалыптасқан эстетикалық идеалдар мен рухани мәдениетіміздегі құндылықтарды қайта қарау, бағалау орын алды. Осы тұста қазақ прозасында ерекше жанрлық түрлердің пайда бола бастауы, әсіресе роман жанрының трансформациялану құбылысы ерекше көрініс тапты. Роман-толғау (С. Елубай «Жалған дүние»), роман- тәмсіл (Ж. Қорғасбек «Үлпілдек»), роман-дедектив (З. Төлеуова «Банкирдің өлімі»), роман-триллер (Ә.Ыбырайымұлы «Зауқайыр», С.Досжан «Ұлкен үйдегі үрей») психологиялық роман (М. Мағауин «Жармақ»), роман философия немесе философиялық диология (М. Есламғалиев «Әйтеке би»), ашық сырласу романы (Х. Әдібаев «Жұлдыздар шоғыры»), роман-миф (А. Алтай «Алтайдың алқызыл модағайы»), роман-эссе (А. Егеубай «Жүсіп Баласағұн», З.Қабдолов «Менің Әуезовім», Ш.Мұртаза «Ай мен Айша», Қ.Ысқақ «Келмес күндер елесі»), роман-интенция (Д. Нақыпов «Күл шеңбері»), т.б. түрлік ізденістер, сөз жоқ, қазақ прозасындағы түрлі тендециялар, алуан әдеби дәстүрлер мен ағымдардың табиғи үйлесімі мен қаламгерлердің көркемдік ізденістерінің нәтижесінде туындады.

Ғалым Қ. Жанұзақова: «Тәуелсіздік идеясы әдебиетке жаңа серпін, санаға өзгеріс енгізіп, романтикалық рух дарытты. Осыған орай, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасының мақсат-мұраты, бағыт-бағдары, өрнек-айшықтары да жаңаша, өзгеше болып қалыптасуы тарихи-әлеуметтік өзгерістер нәтижесіндегі заңдылық» [1, 331 б.] — дейді.

Міне, тәуелсіздік жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті тарихындағы жаңа мазмұнға сай жаңа форма табуға ұмтылудың заңдылығы, қазақ қаламгерлерінің кешегі кеңестік кезең мүмкіндік бермеген шығармашылық еркіндік, ой-сана тәуелсіздігіне ұмтылуы еді. Роман-эссе жанры қазақ қаламгерлеріне кешегі ауыр қасіретті жылдармен бірге есейген ұрпақтың өткен күнге қайта бір үңіліп, бүгін мен өткенді сабақтастырып, естелік айтуға, кеңестік саясаттың таланттардың дамуына, ұлт болашағына залал тигізгендігін ашық, оқырмандарымен сырласу түрінде айтуына мүмкіндік берді. Енді бірі замандастарының, өзінің үлгі тұтар тұлғаларының рухани-адамгершілік келбеттерін ашып, жеке тұлғаның ішкі жан дүниесіне үңіле отырып, тарихи кезеңдердегі ұлттық мәселелерді көркемдеп бейнелеуге күш салды. Осындай жанрда жазылған тәуелсіздік жылдарынан кейінгі әдеби сында, оқырмандар мен әдебиеттанушы ғалымдар назарын аударған туындылардың қатарында З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», Қ.Ысқақтың «Келмес күндер елесі» роман-эсселері жиі аталады.

3 стр., 1182 слов

«Мен рухани бай педагогпын»

… болдым. Әйтсе де алға қойған мақсатым – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол, қоғам сұранысына жауап берер білімді ш … ынына қарамастан, мектеп директоры Л.Б.Жүсіпова мен ұжымдағы білікті, тәжірибелі ұлағатты ұстаздарымның қолдауы мені алға жетелеп, өзімнің шығармашылы … қаласаң, сол өзгерістің алғашқысы өзің бол» демекші, кез келген ұстаз соңғы ақпараттық технологияны еркін меңгерген болуы тиіс. …

Қазіргі әдеби процестегі маңызды мәселенің бірі тарихи тұлғалар ғұмырын, тұлға ретінде қалыптастыру жолдарын әдеби шығармаларда бейнелеу болып табылады. Жеке адам концепциясы – өнер үшін өзекті тақырып, ешқашан сарқылмайтын басты проблема. Тарихи тұлғалардың жан дүниесін танытудың қазіргі әдебиетте түрлі жолдары көркемдікпен игерілуде. Соның ішінде ең жиі таралып, әдебиет тарихында жанр ретінде орнығу үстіндегі роман-эссенің бүгінгі маңыздылығы жоғары екенін ескерсек, М.Әуезов туралы З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесі тарихи тұлға – ғұлама ғалым, жазушы, ұстаз, қоғам қайраткерінің жан дүниесін диалектикалық қайшылықтарымен жеткізуде соны ізденістік тәсілдерді игерген құнды туынды екенін әйгілейді.

З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесі шәкіртінің ұстазына көркем сөз арқылы орнатқан ескерткіші тәрізді, автордың атынан баяндалады. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен қызметі, өнегесін көрген шәкіртінің ұстаз, жазушы, ғұлама-ғалым ретіндегі бейнесін ашуда автор роман-эссе жанрын таңдап, көркем әдебиеттің эпикалық, лиркалық, драмалық суреттеу амалдарының бәрін шеберлікпен қолданып, өзінше жаңаша суреттеудің тың түрін қалыптастырған.

З.Қабдолов «Менің Әуезовім» роман-эссесін ұзақ толғаныстан кейін жазған. Ол өзінің роман-эссесін осы толғаныстың сырын ашудан бастайды. Өмірде де ғылымда да рухани әкесі, қамқоршысы болған М.Әуезовті жазушы: «…мен көрінген жұртша емес, өзімше, тек қана өзімше жазуым керек», — дейді. Ұстаз бен шәкірт арасындағы қимастық, достық сезімді байқаған Ш.Айтматов қаламгерге: «Әуезов – ұстаз, Қабдолов – шәкірт» [2] деуі де демеу болғаны, «Менің Әуезовім» сынды роман-эссенің дүниеге келеуіне әсерін тигізді.

Роман-эсседе жарқырап көзге түсетін бейне – ұстаз, жазушы, ғұлама ғалым М.Әуезовтің бейнесі. Роман күзгі аспанды, күзгі аспан астындағы Алматыны, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік университетінің ғұлама ұстазы М.Әуезов бейнесін көрсетуден бастайды. Күзгі аспан көктемгідей көгілдір, таза. Алматының көркіне көз тоймайды. Көшелері түзу. Көше жағалай тізіліп көкке өрлеген көк теректер мен ақ қайыңдар. Көк теректер мен ақ қайыңдардың тобығын айналып сылдырлаған бұлақтар: «арық жиегіндегі жылтыр тастарға мөлдір моншақтай шашылып, төңірегін түгел қоңыр-салқын шафхат лебімен жалпиды!» [3, 7 б.]. Көше бойлап екі кісі келеді.

Роман-эсседе көше бойлап келе жатқан екі кісінің бірі – ұстаз, екіншісі – шәкірт. Бұл М.Әуезовтің лекциясынан кейінгі сәттің бір көрінісі еді. Жазушы осы сәттен сәл шегініс жасап, оқушыларын университеттің аудиториясына, университет аудиториясындағы лекцияға алып келеді. Лектор – М.Әуезов. Қаламгер М.Әуезовтің ұстаздық қызметін, ұстаздық келбетін нақты шындық оқиғалар арқылы көрсетіп алған соң, ұстаз, ұстаздық туралы монолог түрінде берілетін ойлары мен толғаныстарынан сыр ашады. Сөйтіп эпикалық баяндау лирикалық толғауға ұласады.

7 стр., 3298 слов

Арт ожа романы іздесе табасы

… сауаттылығы; Эссе, оның құрылымы туралы жеткілікті теориялық мәлімет алдыңыз деп ойлаймыз. Енді сол талаптар бойынша жазылған эссе үлгісін ұсынамыз., Эссенің тақ … дүниеде ең жақсы». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседе сіз айтатыңызды сиғызу қажет. 3 — қадам. … ға ақ батасын жаудырған аппақ сақалды қарияның тілегінен артық ешкім айта алмастай. Құдалардың алдында құрдай жорғалағаны да …

Роман-эссенің өн бойында М.Әуезовтің өмірі мен қызметінің аясында айрықша дараланатын және өзара сабақтас екі ұғымның орны ерекше: а) ұстаз туралы ұғым; ә) ұстаздық туралы ұғым. Роман-эсседе ұстаз бен шәкірт арақатынасында орныққан ерекше екі қасиет жарқырап көзге түседі: а) ұстаздың шәкіртке деген шексіз ілтифаты;

ә) шәкірттің ұстазға деген шексіз құрметі. Осы екі қасиет – ұстаздың шәкіртке деген шексіз ілтифатымен шәкірттің ұстазға деген шексіз құрметі – роман-эссенің бір бүтін көркемдік болмысына негіз болған [4, 56 б.].

Қаламгер М.Әуезовтің өмірі мен қызметінің шындықтарын жаза отырып, бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, жас ұрпаққа өткен заманның қатерінен сақтандырып, өсер елдің өркеніне рухани-адамгершілік іргелі ой ұсынады. Ол ойы – ұстаз бен шәкірт арасындағы адамгершілік, ұлттық асыл құндылықтарымызды сақтау, келер ұрпаққа аманат, парызды жеткізу туралы туралы ой. Ал сақтандыру қатері – халықтың ақыл-ойын, сана-сезімін жұтқа ұшыратудың, ұлт зиялыларының қуғын-сүргінге салудың қатері.

Тәуелсіздік жылдарынан кейін жарық көрген роман-эсселердің ішінде көрнектілерді бірі – Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-эссесі. Автор романында ауыр тұрмысты басынан кешкен балалық шағы (тұтас замандастары), басынан кешкен өмір тарихындағы анасы Айшаның азапты тағдырын қазақ халқының басынан кешкен сонау жылдардағы тағдыр-талайы, қаралы тарихымен сабақтастыра отырып, солардың себеп-салдарына бүгінгі көзқарас биігінен сыншылық ой жіберген қаламгердің жеке дара тағдыры мен өткен тарихтың тынысын таразылаған көркемдік әлемі, ой таразысы деуге болады.

«Халық басынан кешкен тарихты бейнелеп берудің әдіс-тәсілдері мол. Соның ең өнімдісі, мүмкіндігі мол жанр мемуарлық туындылардан танылады» [5, 19 б.] деген тұжырым Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы дәуір келбетінің ақиқатын айғақтай түседі.

Роман-эсседе отыз жетінші жылдың зобалаңынан бергі қазақ ұлтының басынан кешкен тұтас бір кезеңінің көркем понорамалық суреті берілген. Бірінші жақтан баяндалатын роман-эссенің стилінде байқалатын ерекшелік, ең алдымен, дәуір суретін беруде нақ сол өткен дәуірді бейнелеуден гөрі, бүгінгі ортамызда жүрген ел ағасы, ұлт зиялсы автордың салиқалы ойы арқылы өрбиді. Романда жоғарыдағы роман-эссеге тән баяндаудың барлық түрі, эпикалық, лирикалық, драмалық әдістің барлығы дерлік қолданылып, өткен күннің әңгімесін баяндауда шынайы өмір суретін, тағдыр тауқыметін репрессия мен аштық, соғыс жылдарындағы тұтас бір ұрпақтың шежірелі өмірі көз алдыңыздан өтеді. Романдағы аймен сырлас жесір Айшаның, тағдыр тепкісін көрген Барысханның, Мұртаза сынды арыстың жазықсыз жаласын және осылармен тағдырлас барша қазақ отбасының тағдырын тебіренбей қабылдамау мүмкін емес.

37-ші жылғы саяси қуғын, жазықсыз жала, байдың баласы, халық жауы, жапон тыңшысы деген өтірік жалалар. Қолдан жасалған аштық, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыртпалық, елдегі шаш ал десе бас алатын шолақ белсенділердің асыра сілтеулері салдарынан орын алған қаншама қасіреттер – Барысханның ғана басынан кешкен өмірі емес, ол бүкіл бір халықтың, ұлттың бастан кешкен, әрбіріміздің отбасымыздың тағдыры [6, 282 б.].

6 стр., 2615 слов

Абдеш ж маділов дарабоз романы

… азақстан», 1999. «Таңғажайып дүние». Ғұмырнамалық роман: «Тамыр», 1999. Биографиясы Жұмаділов Қабдеш (24.04.1936 жылы туған, Қытай, Шыңжаң ө … Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмаділовке «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметті атақ берілді. Шығармалары «Жас … және «Дарабоз” (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары. «Соңғы көш” дилогиясында Қытайдағы қазақтардың бастан кешкен …

«Ай мен Айша» — өмірбаяндық романның жаңа үлгісін танытатын, адамның қалыптасуы мен қоғамның дамуын сабақтастыра суреттеген шығарма. Мұндағы адам тағдырлары сұрқай заман шындығы ойлантпай, толғантпай қоймайды. Автор адам жан дүниесін көркемдік тұрғыдан зерттей отырып, кейіпкер мінезін ашу арқылы оның адам ретіндегі болмысын жан-жақты ашуға тырысады.

Роман-эссенің көркемдігі туралы ғалым С. Айтуғанова: «Ай мен Айша» романының көркемдік табыстары аз емес. Ш. Мұртазаның өзіне тән шығармашылық ерекшелігі – қысқа жаза отырып, салмақты ой айтатындығы. Автор бірыңғай баяндау. Шылқымай суреттеу, орынсыз тәптіштеуге орын алдырмайды. Осы ретте романның қысқа-қысқа әңгімелерге бөлініп берілуі де сюжеттік желінің жинақы шығуын, композициялық бітімнің жинақылыығын ойластырудан табылған тәсіл деуге болады. Автор қаламына тән лирикалық әуен бұл туындысында барынша тереңдеген. Өзімен тұстас жазылған басқа де мемуарлық шығармалармен салыстырғанда лирикалық реңкі ерекше бұл роман-дилогияның орталық кейіпкері – Барысхан. Сондай-ақ осы Барысханмен үнемі қосарлана, егізделе, тұтаса суреттелетін Айша, сағынышқа айналған Мұртаза, жұмбақ сырлы Ай шығарма оқиғасына нәзік сыршылдық үстеген. Мұндағы Ай, кәдімгі қара түнді жарық қылып, әлемге нұрын шашқан Ай үлкен символикалық мәнге ие. Шығарманың басынан аяғына дейін Ай Айшамен бірге қатарласып суреттеліп отырады. Сол кезеңдегі қытымыр заманның ызғарын сәл де болса жылытып, адамның жабырқау тартқан жанына жылу себетін осы Ай сияқты. Тағдыр тауқыметін тартқан Айшаның да көңіліне желеу болар жалғыз жарық, жалғыз шуақ, жалғыз үміт те осы – Ай» [7] — дейді. Мысал келтірсек, роман-эссенің алғашқы беттерінде Мұртазаның ұсталатын сәтіндегі Айша мен Айдың тілдесуіне зер салайық: «Айша аспандағы топ-толық айға қарап:

«О, Жаратқан, басқа-басқа мына үрпек балапандай үш нәрестенің не

жазығы бар еді? – деді.

Толықсып тұрған ай бір аунап түскендей болды.

Жаңа ғана жарқырап тұрған ай бұлт ішіне сүңгіп кетті де, жетімдіктің алғашқы түні жан-жақтан қаптап келе жатты» [8].

Иә, автордың Айдың символикалық бейне ретінде алуы, архетиптік бейне ретінде ұлттық дүниетанымдық құндылықтардан хабар береді. Сондай-ақ, автор ай суретін автор кейіпкерлерінің ауыр тағдырына ортақтастырып, ауыр жағдайды жеткізуде ұтымды қолданған. Айдың да қараңғылыққа сүңгіп жоқ болып кетуі, әділетсіздікке табиғаттың да шарасыздығын танытқандай. Табиғат пен адамзат баласының егіздігін аңғартқандай. Халқымызға тән ұлттық ерекшеліктер, ғасырлар бойы қалыптасқан салт пен ғұрыптың, ырым мен тыйымның қастерленуі роман кейіпкерлерінің сөздері мен істерінен анық көрінеді.

Қорыта айтсақ, тәуелсіздік жылдарында жарық көрген роман-эсселердің пішіндік, стильдік бағыттарында жаңа ізденістер байқалатынын, тілдік қолданыстары түрленіп, қаламгердің суреттеу бейнелілігін арттыруға деген ұмтылысын жоғарыда біз талдап өткен З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», Қ.Ысқақтың «Келмес күндер елесі» роман-эсселерінен байқауға болатынын атап өткен жөн. Бұл аталған туындылар мемуарлық, ғұмырнамалық сипаттағы романдарды дәстүр мен жаңашылдық тұрғысынан дамытып, жаңа шығармаларда көркемдік ізденістер үрдісі одан әрі қарай дами түсетіндігін көрсетеді.

1 стр., 367 слов

Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор(Ә.Нұршайықов) …

“Ақиқат пен аңыз” роман-диологіндегі батыр бейнесін автор сөздері арқылы бейнелей аламыз. Бауыржан Момышұлыны … кесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам, өлсе де өтрік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі ретінде суреттелетін Бауыржан бейнесі … болып, жеңіске жетуге міндетті”, — деген сөздерінен-ақ байқай алдым. Романың аяғында “Ерлік – адам жанының лап кеткен жалыны, жарық еткен найзағайы …

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жанұзақова Қ.Т. Қазақ прозасындағы романтизмнің көркемдік әлемі. Монография. – Алматы: ИП «Есенбекова», 2010. – 448 бет.

2. «Менің Әуезовім» роман-эссесі хақында // А.Қабылова, Ж.Дүйсенбаева. (оқырман пікірі).

Маңғыстау газеті, 22 желтоқсан. 1998 ж.

3. Қабдолов З. Таңдамалы шығармалар. – Төртінші том. Менің Әуезовім. Роман-эссе. – Алматы: Санат, 2003.

4. ХХ-ХХІ ғасыр тоғысындағы қазақ романы және тәуелсіздік идеясы: монография / Ө.Әбдиманұлы, Ж.Дадебаев, т.б. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 230б.

5. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Қазақпарат, 2005. – 8 т. – 993 б.

6. Абай дәстүрі және қазіргі қазақ әдебиеті. – Алматы: «Арда», 2009. – 392 бет.

7. Айтуғанова Ш.С. Мемуарлық шығармалардағы замана шындығы және көркемдік // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы.– 2013.- № 4. – 162-166 бб.

8. Мұртаза Ш. Ай мен Айша. – Алматы: Қазақстан, 2008. – 456 бет.

Доссордағы №3 кітапханасында Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының шеңберіңде 2019 жылға таңдалған екі кітаптың бірінің авторы заманымыздың заңғар тұлғасы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы бойынша оқырмандар конференциясы өтті.

Шара ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, сондай-ақ, қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай дамуына мүмкіндік туғызуды мақсат етті. Рухани кешке кітапхананың тұрақты оқырмандары А.Құнанбаев, С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының оқушылары мен ұстаздары және кітапханашылары қатысты.

Шарада кітапханашы А.Жылқышиева «Бір ел – бір кітап» акциясының шығу тарихына тоқталып, оқырмандарға мағлұмат берді. Оқырмандар Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып, роман кейіпкерлері Ұлы Әмірші, Шебер, Кіші Ханымның бейнесіне тоқталды. Сонымен қатар, «Мұнара» бөліміндегі жас шебер жігіттің жүрек сыры, санасы мен сезіміндегі алуан иірімдері, құпия махаббаты, ішкі монологі туралы, «Махаббат» бөліміндегі Кіші ханымның жан тебіренісі, трагедиялық тағдыры туралы әңгімеледі. Оқушылар Ә.Кекілбаевтың «Минут», «О,табиғат өкпелімін өзіңе», «Абайла, бауырым, абайла!», «Алматыда» атты өлеңдерін оқыды.

Конференция соңында аталмыш роман жан-жақты талқыланып, саралану арқылы оқырмандар өзіндік ой түйіп қорытындыланды. Шараға белсене қатысқан оқырмандарға, оқушыларға кітапхана атынан «Алғыс хат» табысталды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

Сурет автордікі.

.

Ә.Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры» романы -

.

Қазақ әдебиеті 11-сынып
Сабақ тақырыбы: Ә.Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры» романы
Сабақ мақсаты: 1. Жазушының романда көтерілген өмірдегі кереғар құбылыстарды салыстыра
отырып, оқырман талқысына салған философиялық ойларын таныту.
2. Оқушыларды достыққа, сыйластыққа, мейірімділікке шақыру, өнерді танып,
махаббатты қадірлеуге үндеу.
3. Мәнерлеп оқуға, өз ойын дәл жеткізуге, шешен сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: Оқыта отырып баяндау, сұрақ қоя отырып жетелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Жазушының суреті, кітаптары, газет материалдары, үлестірме қағаздар,
Видеопроектор.
Пәнаралық байланыс: тарих, өнер

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын пысықтау.

Жаңа сабаққа көшу: Ә.Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры» романы бойынша
Мұғалім: Біз бүгін Әбіш Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры» романы бойынша сабақ өтеміз, cабағымызды бастамастан бұрын мынадай мәліметтерді сіздерден сұрап білейін.
1. Ә.Кекілбайұлы туралы не білесіздер?
2. Бүгінге дейін жазушының қандай шығарамаларын оқыдыңдар?
3. Автор шығармаларын қандай тақырыпта жазды?

Олай болса, жаңа сабағымызға көшейік. Тақтаға назар салайық. (видеопроектордан көрсетіледі)
Сабағымыздың эпиграфы: « Орта Азия халықтарына тән аңыздың тууына негіз болған
Самархандтағы Бибі ханым салдыртқан ескерткіш қазақ
жазушысының әңгімесінің өзегіне айналған».
Осы сабағымызды пайдалана отырып, Елбасының «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында осы ескерткішті жаңғыртып жаңалауға, қалпына келтіруге жұмыстар ұйымдастырылса деген ойымыз бар.
Сонымен қазақ әңгімесіне арқау болған қандай аңыз, ол үшін сабағымыздың жоспарына назар салайық:
ЖОСПАР:
1. «Өзегінен құрт шыққан алма»
2. «Алақан жайған қос ақ білек»
3. «Аспандай қараған асқақ мұнара»
4. «Барар жерің бәрі бір жердің асты»

Сабағымыздың мақсаты: Өмірдегі жақсылық пен жамандықты, зұлымдық пен махаббатты, абырой мен арсыздықты, қанағат пен құлқынды ара жігін айыру, оны бүгінгі өмірмен салыстыру.
Оқушыларға мәтіндер таратылып, оқытылады, мазмұны талданады. Мұғалім әрбір мәтінннің арасында қосымша түсінік келтіріп, бір ойды екінші оймен байланыстырып тұрады.

1-мәтін
Міне бүгін де ол көп ұзамай тағы да атқа қонатын келесі жорығы туралы ойланғалы келіп еді, есіне қайдағы бір алма сап ете қалды. Сол бір білінер-білінбес жіп-жіңішке пышақ дағы түскен нарт қызыл алма кеше бұның алдынан қайтқан-ды, жаңа тамақ үстіне қызметші әйел алтын табаққа салып тағы әкеліпті. Өзге алмалар жетпегендей, тап соны ұстай апты. Арасын ашып қарап еді, бұлаңдап құрт шықты. Қызметшілердің алдында мінез шақырып жатпады, байқамаған боп табаққа қоя салды…
Жастығының қасында тұрған қоңырауға қолының қалай тиіп кеткенін білмей де қалды. Есіктен басын иіп, қызметші әйел көрінді. Бұл өне бойын зіркілдетіп алып бара жатқан ашуды жасыруға бар күшін салып бақты.
— Мына алманы осындағы бақтан үздіңдер ме?
— Жоқ, тақсыр ием, сізге әдейі Ұлы ханым жіберіпті.
— Бара бер.

2-мәтін.
Тәкәппар ханымның аспаннан басқа ештеңеге көзі түспейтін асқақ жанарын өзіне аударудың жалғыз жолы – мына мұнараны бұрын-соңды бұл Қос өзен елінде ешкім көрмеген ғажайып көрікке бөлеу. Мұнараның қасынан әрқайсысы алты қанат ордадай оншақты тандырды қатар жағып, дермене мен жапақты тау-тау қып үйіп, әуелі бояу әзірлейтін күл өртеді, сосын таңғы аспандай көкпеңбек, күнге шағылысқанда қырық құбылып, жылтырап тұратын шытыра тас күйдірді. Бір айдан соң он шақты шеберді қатар өрмелетіп, мұнара сыртын шытырамен жаптыра бастады. Күні кеше қара жерді ойып жіберетіндей тырп етпей табандап алған зілман мұнара күннен күнге ажарланып барады. Көк мұнара күн орнынан ауған сайын әр алуан кейіпке көшіп құбылады да тұрады. Қараған жан соның бәріне қайран қалады. Бірақ соның сыйқыры неде екенін біле алмайды.

3-мәтін

Бөлме іші бозамық. Ханымның төсегі қай тұста екенін кейін барып аңғарды… дөңкиіп үюлі жатқан көрпенің тасасынан қос ақ білек қайта-қайта алақан жайып көкке көтерілді; кенет оқ тигендей, ұйпа-тұйпа үйіліп қалған көрпенің үстіне сылқ құлады да, екі қол айқаса кетті. Сүйрік саусақтар бірінің арасына бірі сығымдала кіріп, біраздан соң құшағынағы мамық көрпені мытып ап, бауырына қыса түсті.
Ханымның мойны әнтек қисайып, жастықтан аунап кетіпті. Қос көзі тарс жұмық. Ханым өз тісін өзі күл ғып үгіп жібергісі келгендей, тістеніп апты. Бір-біріне қадалып қалған ақшыл тістердің ар жағынан әлдебір аласұрған қомағай құштарлық сес бергендей. Кіші ханымның ұйықтап жатып, әлденеге өліп-өшіп, ентіге шыққан демі Әміршінің құлағын шаянша шағып алды.

4-мәтін

Қарсы алдында дәл баяғы алғашқы көргендегісіндей боп, ханымның өзі тұр. Сол баяғы ақ желең көйлегі, басында сол баяғы ақ селдір перде… Жоғарырақ көтерілсе, жел ұшырып әкетердей сатының ақырғы басқышына жете бере тоқтай қапты. Сол бяғы қымсына күлімдеген нәркес жанары. Шиедей албыраған етті екі ерін. Өзіне мөлдірей қараған сұлу әйелге байыптап қарап еді – үлбіреп тұрған уыз жас. Бұдан әрі үрке, әрі әлденге қымсынып, бір түрлі қиыла қарайтын сияқты. Жаппар әлдене дегісі кеп тамағын кенеп еді, бәрі бір даусы шықпады. Ханым телміре қарап тұр. Жаппар қолын созып еді, ханым бұлқынған жоқ. Ол жұп-жұмсақ, ып-ыстық елестің бауырына қалай кіріп бара жатқанын байқамады. Өмірінде жалғыз-ақ рет тап болатын қас-қағым ғана бақытты сәт осы екенін сезді.

5-мәтін

Иә, көк мұнараның өне бойынан өліп-өшкен махаббатты тану қиын емес. Бірден көзге ұрып тұр. Бірақ сол кімінің кімге махаббаты? Көк мұнара алыс жорықтағы еріне ынтыға қол созған сағынышты жар ма, алыстан қол созған ғашық жүректі мен мұндалап қасына шақырған сиқыр сұлу ма, қайсысы? Мана бұл қасынан көзі қиып кете алмай көп қараған жоқ па еді, сонда сиқыр мұнара өзіне тартып тұрмап па еді? Сонда оны салған шебер нені бейнелеген болды? Алыстағы жарын күткен сағынышты бейнелесе, қасысына барғанда, асқақтап аспанға қарап жатып алатыны несі? Сәл алыстасаң болды, қайтадан өзіңе баурап, қараған көздің шырқ айналып шыға алмайтыны қалай? Жоқ, жоқ, шебер мұнараны салдырған ханымның алыстағы жарына деген пейілін емес, өзінің ханымға деген көңілін бейнелеген. Өліп-өшкен махаббатын бейнелеген… Иә солай. Көк мұнараның сыйқырына ол енді түсінді… Бәйбішесі жіберген өзегіне құрт түскен қызыл алманың жауабы енді табылды.

6-мәтін

Бұған енді бәрі де түсінкті болды. Ханым әуелі мынау күлімдеген көркем мұнараға қайран қалды. сосын адамның ақылы жетпейтіндей сыйқыр мұнара тұрғызған шеберді бір көруге құмартты. Көріп еді, жас жігіттің іші-бауырына кіріп бара жатқан әдемі жанарына арбалды да қалды… Әмірші астамшылық ойлаған шебердің монтаны жанарын қалай құртудың қамына шындап кірісті. Бұрынғысындай емес, біртүрлі бойы сергіп қалғандай. Көңілі бықсық күмәннан арылды. Оның орнын енді өзегін өртше жалап бара жатқан өшпенділік жайлап алды.

7-мәтін

Зынданда тағы бір орын босады. Асылық ойлап, аспандағыға қол созған астам тілек шебердің нұр жайнаған қос жанары жендеттің қолындағы шоқ шашырап тұрған істік темірден ағып түсті. Бейшара жігіт көзінен айырылып, бебеу қағып жатқанда, тілі қырқылды. Қан-қан құр сүлдерді қыл арқанмен буып-буып түн қараңғысында екі жендет дарияның ар жағындағы бір қыстаққа апарып тастады. Талай жанның басын жұтқан Байтақ шаҺардың көріп отырғаны бір бұл емес. Елден асқан өнер көрсеткен талай шебер осындай халге ұшыраған-ды.

8-мәтін

Әміршінің көз алдынан соқыр жігіт кетпей қойды. Ол есек арбасын дария жағасына тастап, өзі мұның күймесіне көшіп кеп, қарсы алдында қасқиып отырып алғандай. Нұр жайнаған жаутаң жанардан айырылған соң, жүзіндегі баяғы мейірім жым-жылас жоғалып кетіпті, әдемі жас жігітке лайық ізет-ибадан да еш жұрнақ қалмапты. Үңірейген-үңірейген екі көздің түбіне тажал тығылып тұрғандай. Өндіршегі сорайып, танауы қусырылып, екі беті күлдей боп-боз боп кетіпті, өңінен кісі шошығандай. Міне, ол бұған қарай қозғалғандай болды, бірте-бірте жақындап келеді. Күс-күс қос шеңгел кеңірдегіне тақап қалыпты. – Қорықпа,- деді әлдебір қырылдақ дауыс. –Барар жерің бәрібір жердің асты.
Әмірші бұл жолы өзінің үйреншікті алтын күйме, атлас шатырында жатқанын, әлде баяғыда өзі салдырған тас зынданда жатқанын анық ажырата алмады.

Шығармашылық жұмыс: 1. «Өмірдегі әділетсіздік деген не?»
2. «Өнерлінің өрісі кең»

Қорытынды: «Тізгін біліксіз емес біліктіге, парықсыз емес парықтыға, өнерсіз емес өнерліге
бұйырса ғана әділдік аяққа басылмайды, тәртіп тәрк болмайды»
Ә.Кекілбаев

Айса САҒЫНДЫҚ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Сарға ауылы
«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.

.

?.Кекілбаев прозасында?ы к?ркемдік пен философия ж?не оны орта мектепте о?ыту («А?ызды? а?ыры», «Шы?ырау» шы?армалары бойынша) диплом ж?мысы

Ә.Кекілбаев прозасындағы көркемдік пен философия және оны орта мектепте оқыту («Аңыздың ақыры», «Шыңырау» шығармалары бойынша)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………………………………………8
І Ә. Кекілбаев шығармаларының сипаты…………………………………..12
ІІ «Аңыздың ақыры» романындағы философиялық оралымдар…25
ІІІ «Шыңырау» шығармасының философиялық даралығы……….44
ІҮ Ә. Кекілбаев шығармаларының орта мектепте оқытылуы …….51
Қорытынды……………………………………………………………………………………58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………61
Адамның өзі қандай болса,
оның философиясы да сондай.
Иоганн Готлиб Фихте.

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адам баласы тарихи дамудың жаңа белесіне шыққан сайын жүріп өткен жолына үңілетіні, өзі қалыптастырған рухани-әлеуметтік құндылықтарын ой таразысына салып, қайта бір бажайлауға, баға беруге талпынатыны хақ. Бүгінгі күні адамзат қауымының жаңа ғасыр табалдырығына аяқ басуы әлемдік қатынастардағы нендей бір құбылыстар мен өзгерістер жайлы нақтылы тұжырымдар жасауға мұрындық болып отыр.
Соңғы жылдардың өзінде-ақ өткен-кеткенімізге, бүгініміз бен болашағымызға арналған қаншама роман, повестер жарық көрді. Сан жағынан да, сапа жағынан да тың сипаттар таңытып жатқан таланттар қаншама. Бұлар бір шығармадан бір шығармаға ауысқан сайын көркемдіктің көк жиегін кеңейтіп жанр шеңберін, тақырып аясын ұлғайтып, бұрын қаламға ілікпеген оқиғалар мен адам мінездерін бейнелеуде орасан батыл қадамдар жасады.
70-80-жылдар көлеміндегі қазақ прозасында қоғамдағы терең қайшылықтар, атап айтар болсақ, саяси, экзистенциалдық, рухани-психологиялық мәселелер біршама ашық түрде көрініс тапты. Осындай жоталы-жоталы проблемалар адам болмасына анағұрлым тереңірек, жан-жақтылық тұрғысынан келудің, қоғамдық құрылыста қалыптасқан қатынастарға сыншылдық позициядан үңілудің нәтижесінде туды. Дәл осы кезеңде әдебиетте жаңаша көркемдік ізденістер байқалды. Әдебиет ендігі жерде адамның тарихи процестің субъектісі ретіндегі маңызына, болмыстың басқа формаларына қатынасына әлемдік көркем дамудағы қалыптасқан дәстүрлерге сүйенді.
Қазақ әдебиетіне жиырмасыншы ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп, соңғы жылдарда тек қана өзіне тән өзгеше мазмұнын ашқан, тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы таланттың бірі – Әбіш Кекілбаев болды.
Бүгінгі таңда қазіргі қазақ әдебиетінің, соның ішінде прозаның тақырыптық, идеялық, шеберлік аумағы әдеби үрдіске сай кеңеюде. Әдебиетіміздің өсу тәжірибесінен байқалатын шындық – қаламгерлеріміздің әлеуметтік өмір тәжірибелерін неғұрлым толық зерттеуге ұмтылуы, өздерінің дарынына лайық жанр талдап, мәнер, стильді қатыстыруы, бұрыңғы жылдары әдебиетке дерт болып жабысқан схематизмнен, жасандылықтан арылуы оқиға, характер таңдау мүмкіншілігінің орасан өсуі. Міне, осы шығармашылық еркіндік әдебиетіміздің барлық жанрында көрініп отыр десек те, ол әсіресе проза жанрына тікелей байланысты.
Уақыт өтсе де, қоғам дәуіріндегі өзгерістер болып жатса да, ескірмейтін тақырыптар болады. Ол прозадағы адам, қоғам, табиғат ұғымдары. Сонау «Абай жолынан» бастау алған тарихи шығармалармен қоса, 1970-80 жылдар әдебиетіндегі прозамыздың, оның ішінде роман жанрының үлкен роль атқарып, салмақты жүк көтергені белгілі. 60-шы жылдардың екінші жартысында М.Әуезов дүниеден өткен соң, көш бастар дара тұлға табылмай, рухани дүниеміз бір мезет күңгірт тартып қалған шақта, өзінің тарихи миссиясын атқару үшін әдебиетке жаңа бір толқын келді. І.Есенберлинді алға салған бұл топтың ішінде М.Мағауин, Ә.Тарази, Ә.Сараев, Р.Тоқтаров, Қ.Ысқақов т.б өздерінің соны ізденістерімен, әдебиетке әкелген жаңалық, еңбектерімен ерекшеленді. Осы орайда «60-80-ші жылдардағы қазақ прозасы қоғамның даму туралы концепцияларындағы өзгерістер мен үйлеспеушіліктерді бейнелеп, адамның рухани дүниесі мен жалпы тәрбие шыңырауында жатқан тереңде қазыналы қатпарларды игеруге ден қойғаны мәлім» — деген А.Ісмақованың пайымдауы сөзімізді түйіндегендей [2]. Аталған кезеңдегі қазақ романдары адам мен адам болып жаратылғаннан бергі мәңгілік сұрақтарға жауап іздейді, сол арқылы да әдебиетіміздің таным мәселелерін ала келуімен ерекшеленеді. Қаламгерлер Адамды зерттей отырып, сол адамның бойындағы алуан түрлі сипаттарға үңіле білді. Соның нәтижесінде қоғамның бет-бейнесіне, қыр-сырына үңілуге күш салды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әбіштің қаламынан туған туындылары қазақ әдебиетінде елеулі орын алары сөзсіз. Біріншіден, кемеңгер ойшылдың туындылары тек әдеби, тілдік зерттеулерден ғана көрініс тапты да, философиялық талдауға жүйелі түрде ұшырамай отыр. Оның философияға құрылған шығармалары «Аңыздың ақыры», «Күй», «Міне, керемет!», «Шыңырау», «Ақырғы аялдама», «Бәйгеторы», «Керек адам» туындылары қоғам өмірінде орын алған түрлі келеңсіздіктерге сай өзіне ауыр салмақ артып тұр. Екіншіден, Әбіштің философиялық шығармаларын зерттеу арқылы қазақ әдебиеттану ғылымындағы философиялық шығармалардың жасалу жолдарын ашу көзделуде. Үшіншіден, Кекілбаев шығармаларында философиялық тереңдіктің шығыс әдебиетінен және еуропадағы классикалық шығармалардан үйренгендігін айту. Төртіншіден, Кекілбаевтың аңыздан философиялық ой тудыру шеберлігін көрсету.
Міне, Ә.Кекілбаев шығармаларындағы философия бұрын-соңды зерттелінбеген тың тақырып болғандықтан, мен дипломдық жұмысымды сол философияға құрылған шығармалардың қыр-сырын ашуға арнадым.
Философия деген не? Философия – даналыққа деген сүйіспеншілік. Даналық дегеніміз белгілі бір жағдай емес, ол – өмірдің мәніне бағытталған мақсат. Нақты анықтамасына келсек «Философия» оқулығында былайша берілген: «Философия – адам ақыл-ойының, санасының, рухының сөз арқылы болуы, өмір сүруі. Тілдің өзі философиялық мәнге толы әлемді бейнелеу құралы. Алайда, философия өз тілін жасайды, тек сол тіл арқылы әлемді игеріп, ұғынуға қабілетті. Сонымен қатар философия барлық бардың мәнін ашатын ақыл-парасат құралы. Ал адам – ақыл-парасатты жан. Оның әрбір іс-әрекеті белгілі бір мақсатта жасалады. Сол мақсатқа сай әрекет етіп қоймай, түпкі қажеттілікке сай дұрыс шешім қабылдап, дұрыс таңдау жасай білу керек. Ол үшін әлемді терең де дұрыс түсінуге мүмкіндік беретін дүниетанымның қажеттілігі шарт. Сондықтан ақыл парасатқа сүйенетін философия дүниетанымның теориялық негізі.
Философия мәңгілік мәселелердің өзегі, оның өзегі – адам мәселесі. Адам философия үшін – барлық заттардың өлшемі. Адамның рухани дүниесін ғылым арқылы білу мүмкін емес, ғылыммен қатар даналық, түсінік, сенім қажет. Осы түсіну, сезіну нәтижесінде адам тіршіліктегі тәжірибеге және дұрыс мәнге, жартылыстан тыс сенімге немесе ғылыми білімдерге сүйене алады. Олар дүниеге көзқарастың түріне тәуелді, философия болса сол көзқарастардың бірі болып табылады.[1. 9-б.]
Қазақ даласы ежелден-ақ өз философиясын, өнерін, әдет-ғұрпын, өз тұрмысына сай ұлттық дәстүрін толық қалыптастырып, әлемдік мәдениетке елеулі үлестерін қосты. Тарихшылардың дәлелдеуінше: «Сақтардың өз жазуы, мифологиясы және дүниежүзілік деңгейдегі үздік өнері болды, ол әдебиетте «Аң стильді өнер» деп аталды. Сюжеттері – жыртқыш аңдар мен шөппен қоректенетін жануарлар, солардың арасындағы күрес. Демек, көне түркілер табынған тәңірлік дінде жақсылық пен жамандық, шындық пен жалғандық, әділет пен зұлымдық арсындағы бітіспес күресі бейнеленген. Мұнда тіршіліктің шынайы болмысы философиялық тұрғыдан терең салыстырмалы астарлап берілген. Яғни, бұл өмір тынысын, болмысын табиғат заңдылығымен байланыстыра жасаған мәңгілік философия.
Диплом жұмысының мақсат-міндеттері: Зерттеу нысанына айналған Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен «Шыңырау» повесін талдау арқылы көркем шығармалардағы терең философиялық толғаулар мен жалпы қазақ прозасындағы идеялық-эстетикалық, көркемдік мәселелерді қарастыру жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Жоғарыда аталған мақсаттарға сай қойылатын міндеттер:
– Ә.Кекілбаев шығармаларының өзіне тән философиялық қырларын көрсету.
– «Аңыздың ақыры» романының философиялық, психологиялық тереңдік сырларын ашу.
– Романның «Қызыл алма» аталатын алғашқы бөліміндегі қызыл алма құпиясына бойлау, жұмбақ қырларына қанығу.
– «Мұнара» бөліміндегі жас шебер жігіттің жүрек сыры, санасы мен сезіміндегі алуан иірімдері, құпия махаббаты, ішкі монологіне бойлау.
– «Махаббат» атты бөліміндегі Кіші ханымның жан тебіренісі, трагедиялық тағдырын көрсету.
– «Шыңырау» повесіндегі адам өмірінің әлеуметтік болмысының алуан түрлі иірімдері, философиялық және психологиялық тереңдігіне үңілу.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Ә.Кекілбаев шығармаларының жан-жақты философиялық қырлары ашылып, олардың көркемдік ерекшеліктеріне талдаулар жасалынған.
— Жазушының «Аңыздың ақыры» романы мен «Шыңырау» повесіне философиялық қырларына талдаулар жүргізілген.
— Қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпта қалам сілтеген жазушының философиялық ой тереңдігіне мән берілген;
— Жазушының тарихи тақырыпты шығармаларының идеясына сай оқиғалар мен кейіпкерлер жасаудағы өзіндік әдіс-тәсілдері сараланған.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Жұмыста ұсынылған тұжырымдар мен талдаулар әдебиеттің біртуар қаламгері Ә.Кекілбаевтың өзіндік сөз саптау мәнері, оның философиялық ой-толғамдары келешек осы бағыттағы еңбектердің дүниеге келуіне өз септігін тигізері сөзсіз.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Қазіргі қазақ романы – әлем әдебиетінің қлассикалық үрдіс деңгейінде дамып келе жатқан жанр. Дәстүрлік және көркемдік негіздері – қазақтың фольклоры мен әдебиеті мұралары. Әлем әдебиеттері классикалық үлгілерімен әртүрлі сипаттағы ықпалдастықтар, байланыстар жағдайында жетілген, дамыған ұлттық сөз өнері туындыларын қазіргі әдебиеттану қисындарымен саралау, байыптау арқылы біз әлем өркениеті кеңістігіндегі өзіндік деңгейімізді анықтаймыз. Қазақ романының жалпы поэтикалық мәселелерін қарастыруда А.Байтұрсыновтың, С.Мұқановтың, М.Әуезовтің, Қ.Жұмалиевтің, З.Қабдоловтың, С.Қирабаевтың, Т.Кәкішевтің, Х.Әдібаевтің, Р.Бердібаевтың, Р.Нұрғалиевтің және т.б. аға буын ғалымдарымыздың тұжырымдары басшылыққа алынды.
Қазақ прозасындағы роман жанрындағы шығармаларды арнайы қарастырып жүрген және әдебиеттің тарихына, теориясына, сынына арнап іргелі зерттеулер жазған көрнекті қазіргі әдебиеттанушы ғалымдарымыздың (М.Атымов, Ш.Елеукенов, Т.Сыдықов, Т.Рахымжанов, Д.Ысқақұлы, М.Хамзин, Т.Есембеков, Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, Қ.Әбдезұлы, Б.Әбдіғазиұлы, Қ.Алпысбаев, З.Бисенғали, Қ.Ергөбек, Б.Ыбырайым, Р.Тұрысбек, А.Ісімақова, Г.Пірәлиева, т.б.) еңбектері жаңа бағыттағы зерттеулер үшін тың бастамашыл тұжырымдарымен маңызды. Зерттеушілеріміздің тұжырымдарын жалғастыра зерделеу – уақытымыздың өзекті мәселесі.
Диплом жұмысын жазу барысында қолданған әдіс-тәсілдер: Қазіргі әдебиеттану ғылымында қалыптасқан әдіс-тәсілдер, оның ішінде тарихи-салыстырмалық тұрғыда талдау мен жинақтау, жүйелеу сияқты түрлері басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының зерттеу нысаны: Тақырыпқа қатысты жарық көрген зерттеушілердің ғылыми еңбектері мен мақалалары ой-тұжырымдары және көркем әдеби шығармалар, оның ішінде Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен «Шыңырау» повесін талдау нысанына алынды. Диплом жұмысын жазу барысында Ф.Кузнецов, Г.Маркес, Р.Бердібаев, Ж.Жарылғапов, С.Әшімбаев т.б ғалымдар еңбектерін үнемі басшылыққа алдық.
Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.

І Ә. Кекілбаев шығармаларының сипаты
Нағыз жазушы заманның көзі мен құлағы ғана емес, сонымен бірге оның ары мен иманы да. Ол өзінің өмірден көзімен көргенін, құлағымен естігенін баз бір дәл-дүріштер секілді мықшыңдап ақ қағазға көшіре бермейді, ең әуелі сол көргендерінің ең мәнділерін, жүрегі мен рухын толғантқандарын өз ары мен иманының сүзгісінен өткізіп, таразысына салып безбендейді, миы мен жүрегінің «мың градустық домнасында» (С.Мұқанов) балқытады. Суреткер кейде характер арқылы тақырыпты табады, ал тақырып пен характер өз кезегінде идеяға жол бастайды. Кейде көркем идеядан тақырып пен әдеби характердің, типтің туындауы да мүмкін. Көркем шығарманың қалай өмірге келетінін соны жасаушы суреткерден артық кім білуі мүмкін. Ал, егер сол суреткерлердің өздеріне сөз берсеңіз, бұл хақында әркилы қисын айтып, сан-саққа жүгіртеді. Біреулерге болашақ көркем шығармасының нобайы түсіне енетін көрінеді, ал екінші біреулердің басына ол ойда жоқта, мысалы, автобус аялдамасында көлік тосып тұрғанда, немесе өзінің қадірлі таныстарымен бірге алансыз түстік ас ішіп отырғаңда caп ете калған болып шығады. Болашақ шығарманың осылай ойда-жоқта оның иесінің көкірегінде жарқ ете түсуі, бір қарағанда, сәті түскен кездейсоқтық болып көрінгенмен, әрине, бұл кездейсоқтық та, ойда жоқта пенденің басына қона кеткен тосын бақ та, бақыт та емес. Жоқтан бардың пайда болмайтыны секілді, көркем туындының тақырыбы мен идеясы, ондағы басты характерлер мен типтер суреткерге ешқашан өз аяғымен келмек емес. Себепсіз салдар жоқ, ендеше әлгі суреткердің санасына caп ете қалған характерлер мен идеялар, сол характер мен идея белгілеп берген тақырып оны бір кезде толғантып, толқытқан әлеуметтік ситуацияның, не өз басынан өткерген интимдік жайлардың арада сан күндер, жылдар өткенде жаңа мазмұнмен, мол өмірлік тәжірибемен байып барып, оқыс бас көтеріп, қайта жаңғыруынан басқа түк те емес.
Тақырып пен характердің көркем тип пен идеяның, бір сөзбен айтқанда, көркем шығарманың анасы — қоғамдық өмір, сол шығарманы жасаушы суреткердің сол қоғамдық өмірдің ыстығына күйіп, суығына тоңып жүріп жинаған адамдық тәжірибесі. Бұл хақында көркемсөздің майталман шебері, аса терең, әрі нәзік көркемдік талғам иесі А.П.Чехов былайша ағынан жарылады: «Если я врач, то мне нужны больные и больница; если я литератор, то мне нужно жить среди народа, а не на Малой Дмитровке… Нужен хоть кусочек общественной и политической жизни, хоть маленький кусочек, а это жизнь в четырех стенах без природы, без людей, без отечества, без здоровья и аппетита — это не жизнь» .
Рухани жаңа кезең – 60-жылдарда әлемдік әдебиет үлгілеріне көз тіге отырып, ұлттық мүдделі шығармашылық өмірлерінің күретамыры етіп ұстанған талантты да сауатты жазушылардың алғы шебінде Әбіш Кекілбаев болды.       Ол – сегіз қырлы бір сырлы талант иесі. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Ол 1939 жылы желтоқсан айында Маңғыстау облысы, Оңды ауданында дүниеге келген.
Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» — Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. 2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.
Жұмекен Нәжімеденов 1968 жылы-ақ Әбіш туралы: «Ол – ақылдың, мол білімнің, терең сезімнің тұнбасы. Тұнба қашан да салмақты, қашан да баяу. Ол ақса ырғып ақпайды, ырғалып ағады, көпірудің орнына тұңғиықтана түседі. Алыстан орман ғып көрсетіп, жетіп келсең, бес түп ши тұратын сағым мінез оның талантына жат. Онда жалтылдап көрінетін жез – құбылмалылық жоқ. Ол көңілді арбайды, бірақ көзді алдамайды, ал шынайы өнердің асыл мұраты – сол, кімді де болса алдамау ғой. Алдамаған жерде ақиқат та бар» деген.
Бастауын өлеңнен, жыр жинақтарынан бастаған Кекілбаев өз өмірінде сын кітаптарын, әңгімелер мен хикаяттар жазды, тарихи романдары жарық көрді. «Үркер» мен «Елең-алаң» оқырмандардан өз бағасын алды. Жасырақ кезінде аударма саласында да өнімді еңбектенді. Ги де Мопассан, Шекспир, Ибсен, Карло Гоцци, Макс Фриштермен қатар Толстой, Бунин, Мұстай Кәрім, Шыңғыс Айтматовтарды қазақша сөйлетті.
Философ-жазушы Әбіш Кекілбаевтың қаламынан туған шығармаларындағы қоғамдық-саяси және философиялық ой толғаныстары халқымыздың діліне, мәдениетін, әдебиетіне ықпал деңгейінің күштілігімен көзге түседі. Бұл ретте «ол философияны қайдан үйренді?» деген сұрақ туындайды. Яғни, оның шығармаларынан ұлы әлеуметтік идеялар, халқымыздың тұрмыс-салты, арман-мұраты көрініс тапқан, сонымен қатар ежелгі ұлттық әлемдік дәстүр мен қазіргі парасат үрдісі ұштасып
Диплом жұмысының толық нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына
(ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне
2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа ақша аударылған түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған диплом жұмысының толық нұсқасы салынады.
(Диплом жұмысы барлық талапқа сай, жоғары сапада дайындалған)
Осы сайттан басқа да диплом жұмыстарын, сабақ жоспарларын, сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!

Ответ:

Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғабит Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де – «Ұлпан» романы. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, романда көрінетін Ұлпан тек қана жазушының өз шығармашылығы емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби бейне. Жеті мың бетке жуық қолжазба, жазу кітапшаларын қалдырған Леонардо да Винчиге еліктеген қазақтың сөз зергері Ғабит Мүсірепов қойын дәптеріне «Менің Джокондам – Ұлпан» деп жазған екен. Сондай-ақ қаламгер «Тұтқын қыз» атты кітабында былай дейді: «Ұлы суретшімен жарысқа түстім десем, оным барып тұрған астамшылық болар еді. Мен онша ақымақ болмасам керек. Әрбір жазушының ойында әр кезде өзімен бірге жасасып, толыға түскен бейнелері болу керек. Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі т.б. Джоконда да маған мұңайыс пен жымию сиқыры сияқты елестейді. Мен сиқырға бара алмадым, кәдулігі тірі әйел бейнесін жасамақ болдым. Горькийдің бағытын ұстадым. Ұлпанда романтизм бар деп те ойлаймын. Орыс сыншылары Ұлпан бейнесінде аңыз бар десті. Мен жоқ деймін. Ұлпаннан бірнеше ғасыр бұрын өткен Абай, Қарқабат, Ақкелің, Домалақ ене, тағы басқа да рулы елге ұран болған әйелдеріміз болған ғой!» деп жазады.

Расымен, халқымызда дәстүрлі мәдениеттің бесігін тербетіп, әйелдіктен даналыққа, отбасы, ошақ қасы тірлігінен рулы елдің қамын жейтін ел анасы деңгейіне көтеріле білген аналарымыз бен апаларымыз, қолға қару алып жауға шапқан қазақ қыздары көп. Мәселен, Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі пір тұтқан. ХІХ ғасырда өмір сүрген Ұлпан да тарихи кейіпкер ғана болып қоймай, осындай аналарымыздың жиынтық образы ретінде алынып отыр деуге болады. Жазушы шығармасының соңында, «Ұлпанды» ауыл ақсақалдарының аузынан естіген шынайы оқиғаларға сүйеніп жазғанын және осы еңбегін Ұлпан секілді абыз аналардың құрметіне арнағанын ашық жазады. «Ұлпан» романындағы басты кейіпкерлер Есеней де, Мүсіреп те – шынайы кейіпкерлер, өмірде болған жандар. Есеней қаншама тегеурінді би болғанымен, тағдыр талқысына түседі. Асқаралы алпысқа келгенде маңдайына жазған тақсыретін тартты, екі ұлы да шетінеді. Ақырында, төсек тартып қалып, ел басқаруға шарасыз болып қалады. Осындайда, батырдан туған Ұлпан ерлік танытып, Есенейдің орнын басады, жарын да, елін де сыйлайды, «елдің Есенейі» атанады. Ақылы тұлғасына сай би өзінен қырық жас қызды жар етпек болғанда да Ұлпанның болашағына сенген секілді. Романда Ұлпан «Есеней, екеуміздің арамызда ең кемі қырық жылдық айырма бар. Осыны ойландың ба?»,-дейді. Ердің құны, нардың бұлы болса да мал-жанды аямауға бел байлаған Есеней: «Қырық жыл болса қайтейін? Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен боласың. Оған дейін сен менің Есенейім бола тұр… Мен саған сұлу деп, жас деп қызықтым ба, болмаса Есенейдің орнына Есеней болатын адам деп қызықтым ба? Оны өзім де біле бермеймін. Әйтеуір осы түннен бастап, менің Есенейім сенсің»,-деп кесіп жауап береді. Жазушы тағы бірде «Есеней қатал еді, озбыр еді. Енді оның жан-жүрегін жібіткен Ұлпан болды» деген сөздерді айтып кетеді.

Ұлпан әйгілі Сибан жорығына да атсалысады, бүкіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар жайылады. Ұлпан өлгеніне жетпіс бес жыл болғанда нағашы атасы Сырым батырға әнші, күйші, домбырашы, палуан, атбегі адамдарын ертіп, Сыр бойына айғыр үйір жылқы айдап барып аза тұтып, асын бергізеді. Күңдерінің арасына теңдік орнатып, кедей-кепшіктің қамын жейді. Есенейдің бауырына өзі иіле отырып идіреді, бірнеше жыл бойы ат жібін кескен қайынымен татуласады. Қазақ даласына медресе ашып, монша салдырады. Бір қарағанда, мұның бәрі әйелдің ғана емес, кез келген ер азаматтың шамасы жете бермейтін іс-әрекеттер. «Әйелдің қырық жаны бар» деген осыдан қалған болар… Ұлпан – аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы қоғам қайраткері. Халықаралық әйелдер мерекесі 8 наурыз қарсаңында осындай аналарымызды еске алу, оны бүгінгі ұрпаққа насихаттау, енді ғана құлпырып келе жатқан қыздарымызға үлгі ету әрбіріміздің парызымыз деп білейік.

Объяснение:

дұрыс деп ойлаймын


С этим файлом связано 2 файл(ов). Среди них: олқ жоспар 7 сынып қазақ әдебиеті.docx, Статья.docx.
Показать все связанные файлы


Подборка по базе: Серикова Дильназ Дулатовна.docx, Тақырыбы_ М. Дулатов Бақытсыз Жамал Кейіпкерлер әлемі.docx


1.М. Дулатов пен А. Байтұрсыновтың Алаш азаттығы жолындағы ерен достығы мен шығармаларындағы үндестікті дәлелдеп жазыңыз.

Алаш идеологиясын қалыптастырушылардың бірі М.Дулатовтың қоғамдық саяси қызметі қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытовтармен тығыз байланысты. Қазақтың зиялы қауым өкілдері сол қоғамның ең өзекті мәселесі отaрлық езгіге қарсы ұлттың санасын оятып, оны қалыптастыру жолында өздерінің шығармашылық қызметтерімен де алға шығып, қалың қазақ халқын соңдарынан ілестіре білді. Қазақ халқының бойындағы ұлттық рухты, сана-сезімді ояту мақсатында, халықтың көзін ашу жолында аянбай күресті. М.Дулатовтың алғашқы үкімет саясатын сынай жазған мақаласы “Біздің мақсатымыз” деген атпен 1907 жылы “Серке” газетінде басылып шығарылды. 1909 жылы Петербургте қазақ халқының көзін ашуға аттанып “Оян, қазақ!” деген кітабын жариялайды. Бірінші басылым 1909 жылы Уфада шығып, 1911 жылы Орынборда екінші рет басылып шығады. Бұл қазақ әдебиетінің тарихындағы ең көп қудаланған шығарманың бірі еді.

“Оян, қазақ!” кітабына енген өлеңдердің атына назар аударсақ: “Қазақ жерлері”, “Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі”, “Қазақ халқының бұрынғы мәғишаты”, “Өнерменен хасыл болған нәрселер”, “Сайлаулар хақында”, “Мешіт”, “Медресе хақында”, “Қазақ халқына діни бір уағыз”, “Жастарға”, “Терме”, “Таршылық халіміз хақында аз мұнажат”, “Жігіттер”, “Сөз ақыры”, т.б. Негізінен, “қазақ”, “жер”, “өнер”, “дін”, “насихат” деген сөздерге ерекше салмақ берілгені анық көрінеді. Кітаптың алғашқы жолдарын оқып қарасақ:

Міржақып, неге отырсың қалам тартпай,

Бәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай.

Шаманды кәдәри хал көрсетсеңші,

Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай.

Автордың биік идеялық мақсаты, басты рухани нысанасы өлең жолдарындағы “оян” сөзі болатын. Қазақ-қалмақ, қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихына шолу жасап, Ресейге бодан болғанының, кіріптарлық, қорлық тіршіліктің аянышты суреттерін осы өлең жолдарымен бейнелейді:

Аяқ асты болып қазақ қалды ғой,

Құр әншейін рухы қалып, жан кетіп.

Шаһбазлар басшы болған мілләтқа,

Аяғына қан түсті ғой, мән кетіп…

Алаш деп ұран салып, “оян” деп шырылдайды ақын атамыз, философиялық-публицистикалық ойлар айтады. Міржақыптың терең жан күйзелісін, рухани бұлқынысын, ақындық қуатын көрсететін бір топ философиялық-лирикалық өлеңдері бар. Осы туындылардан елім, халқым, қазағым, алашым деп, азаттық деп аһ ұрған азаматтық жүрек лүпілін сеземіз.

Қорытындылай келгенде, әдебиеттің барлық жанрында бірдей қалам тартқан қаламгер қайраткер М.Дулатовтың өмірлік мақсатының биік нысанасы – туған халқының бостандығы, өзін-өзі билеуі, отарлық езгіден құтылуы. Ол қуғын-сүргін көріп, түрме азабын тартып жүрген азапты күндердің өзінде де, ақтық демі біткенше бұл жолдан тайған жоқ. Қазақ жұртының бүгінгі, болашақ буындарын “Алаш” деп ұран салып, келешек үшін арыстанша алысқан М.Дулатовпен бауырындай етіп табыстыратын, айналып келгенде, осы мәңгілік жасайтын асыл қасиеттер.

А.Байтұрсынов сияқты алаш ардагерінің асыл еңбектерін көздің қарашығындай етіп сақтап келе жатыр. А.Байтұрсынов Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Алаш қайреткерлері жасаған ұлы ұлтшылдық дәуірде өзге ұлттан кек алу еді. А.Байтұрсынов ұйқтап жатқан елді оятар ма деп “Масасын” ұшырған болатын.

2.Ж. Жабаевтың «Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым» деген сөзінің ақын өлеңдеріндегі көрінісі.

Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ шық қыранындай жыр нөсерін селдетті. Оның сөздері ұранға айналып, халық поэзиясының атасы аталды.

Жамбыл Жабаевты, Мұхтар Әуезов “ақындардың ақыны, айдын көлдей ақылы” деп атаған. Ол жастайынан сөз өнерін пір тұтып, бала кезінде-ақ , Сүйінбай Аронұлынан бата алады. Сондықтан да осыдан кейінгі өлеңдерінде “ Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлеймін сыйынбай ” деп ұстазының алдына түспейтіндігін үнемі айтып отырады. Осылайша жастайынан өлең-жырға жақын өскен ол он бес жасынан-ақ “ жас ақын ”, “жап-жақсы ақын”, “ Жамбыл ақын ” болып, елге таныла бастаған екен. Өзін шалқарда шалқыған аққуға теңеген ақын“ келмеді сасық, шалшық жерде қалғым ” деп жыр маржанын тере білді. Бір жағында қалың бұқара, бір жағында бай мен датқа тұрған ақынның алдында “ кімнің сөзін сөйлеу керек? ”деген замана сауалы тұрды. Қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған ақын бай, манаптарды шеней білді. Ж.Жабаев – қазақ халқы поэзиясының жыр алыбы. Қазақ әдебиеті шежіресінде А.Құнанбаев қазақтың жазба әдебиетінің негізін салған ұлы тұлға болса, Ж.Жабаев кеңес халық ақындарының атасы, XX ғасырдың “Гомері” атанған ақын.

“ Жамбыл деген – жай атым,

Халық — менің шын атым,

Жай – құйрығым, қанатым,

Қазақстан – Отаным ” – деп, парасаттың биігінде пәрменді жырлары жаңғырған қарт жырау жауынгерлік рухтың жаршысы да бола білді. Жамбылды Жамбыл еткен – ең алдымен өз халқының мал рухани мұрасы. Оның бостандық, әділдік, теңдік жайлы ойлары да сол халық жырларымен ауысқан. Ақын мұрасының бағалығы да, өлместігі де сол халқына деген сүйіспеншілігінен, оған деген өшпес махаббатынан.

Ұлы жырау халықтың ғасырлар бойы көкейінде жүрген арманың өлеңмен жеткізе білді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев ұлы Жамбылға адалдық пен адамгершіліктің, әділеттілік пен ізгіліктің алып жыршысы деген тарихи бағасын берді. Жамбыл бабамыздың ұлан-теңіз шығармашылығының мұрасы – халқының шынайы өмірінің айнасы.

“Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, ел бірлігін сақтаған татулықты айт” деп жырлаған Жамбыл шығармашылығынан еліміздің бүгінгі бейбіт тіршілігі мен берекелі бірлігін көргендей боламыз. Сол себепті де, Жамбыл шығармашылығының негізгі идеясы бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қарышты қадамдарымен, жасампаз істерімен үндесіп келеді.

Қорытындылай келе, сөз зергері М.Әуезов ақындардың ақыны, айдын көлдей ақылы” деп атаған Ж.Жабаев шығармаларына бүгінде терең бойлап оның әр сөзінің салмағын сезініп, тәуелсіздік тұрғысынан бағыттап келеміз. Жамбыл өмірі – ол халық өмірі, ұлт тарихымен тамырлас тамаша тағдыр. Жамбыл шығармашылығы – Ұлы дала елінің ұлағатты қазынасы.
3.І. Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі тау кескінінде бірде адам мінезі, бірде тұрмыс суреті бейнеленетінін дәлелдеп жазыңыз.

Қазақтың қай – ақын жырауын алсаңда, Қазақстанның кең байтақ жерін, көркем табиғатын, орны ерекше жерлерін, көз татарлықтай сұлулығын паш етеді. Қазақ әдебиетінде өзінің ауыз толтырып, айта алатындай біртуар ақыны — Ілияс Жансүгіров. Ілияс Жансүгіровтің әйгілі шығармаларының бірі де, бірегейі ол «Жетісу суреттері».

«Жетісу суреттері» шығармасын оқығанда Жетісудің көркемдігін көз алдына елестетпейтін жан жоқ шығар шіркін! Белгілі бір сол әлемге тап болғандайсың. Сол бір жинақтың бір бөлімі «тау кескіні», «тау суреті». Тап бір Тарбағатайдың тарихы ма дерсің. Менің ойымша, ақын бұл тау суретін өзі Жетісуға барғанда жазған секілді. Және сол жердің бар байлығын, бар сұлулығын, бар тұрмыс-тіршілігін, бар жан-жануарларын бір өлеңге сидыра білді.Бұл жерде «бірде адам мінеді, бірде тұрмыс суреті» деп бейнеленетін жер өлеңнің мына қатары деп ойлаймын. «Баладай балдырлаған сақау самал Қойнына әжесінің енетіндей»,— деп табиғатты тірі жанға теңеді. Адам мен табиғатты байланыстыру бұл да бір ақынның өнері ме дерсің. Бұл шығармада Жетісу өңірінің жан-жануарға бай екенін аңғарасың. Ақын Жетісуды тамашалағанда уақытың жетпейтіндігін сондай-ақ Жетісуға көзіңнің тоймайтынын қоса айтады.

«Жалпы сын», «Тау суреті», «Жетісуда су суреті» «Жетісу жәндігі» «Жер түгі» деп аталатын тараулардан тұратын бұл шығарма асқан шебердің картиналар сериясынан тұратын кескін өнерінің кемел туындысындай әсер етеді! Бұл шығармадан біз қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы мекен еткен құт мекені – Жетісудың асқар тау, ну тоғай, қоғамын келісті бейнелейтінін көре аламыз. Және де Тарбағатай, Алтай, Жоңғар, Алатау секілді белгілі тауларды сөз суретіне түспегені қалмады. Тау кескінін ақын бірде адам мінезін көрсе, бірде тұрмыс суретін аңғарады. Кейде сұсты, қаһарлы, кейде күлкілі сәулелі бейнелер туады. Әйгілі Қарқара жайлауының суретін былайша бейнелеген. Қарқара қалың қазақ кебесіндей, Албанның албырт – ерке енесіндей. Қарағай қапталдағы, жыныс арша, Қыдырлы малдың құты келесіндей. Қарақара жарасымды жазық жайлау, Текестің көкке өрлеген тік қиясы, Сымынып сол маңайдың төресіндей.

Қорытындылай келе, Ілияс Жансүгіров туралы ұлт жазушы Мұхтар Әуезов:«Мен Ілиясты бұрын да білуші ем, өлеңдерін де оқып жүретінмін. Бірақ оның шын мағынасында, дарынды ақын екенін моцындағаным, сол « Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін»,- деп өзінің тәнті болғанын білдірді.
4.Б. Бұлқышевтың «Менің жастығым адам баласының қызметіне берілді» деген пікірін дәлелдеп жазыңыз.

Баубек Бұлқышев өте аз өмір сүрді.Сол азғантай ғана өмірін адамзатқа арнады. Бұлай айтатынымыздай Баубуек Бұлқышев не жасады? Соны талдап көрейік.

Ол 1916 туылды. Байқап қарасақ ақын, ұлт азаттық қозғалыс кезінде туылған. Келесі жылы ақпан төңкерісі болды. Бұнымен қатар әлем тарихында І дүниежүзілік соғыс болып жатты. Баубек соғыстан соң, ашаршылықты қазақтардың қалай басқа елге үдере көшкенін көріп өсті. Бойындағы өр намысының жетегінде қазақтарды өзге жаудан қорғайтын адам болғысы келді. Бірақ біршама себептерге байланысты әдебиет өкіліне айналды .Ол алдымен Лениншіл жас газетінде әдеби қызметкер болды. Содан соң Қазақстан пианері газетінде бөлім меңгерушісі болды.Ақырында 1940 жылы кеңес армиясы қатарына шақырылып, Мәскеу училищесінде оқуын бастайды.Араға жыл салып, Ұлы Oтан соғысына алғашқылардың бірі болып қатысты. Оның соғыстағы отаншылдық еңбегі ата-дәстүрінің жалғасы секілді. Себебі, әкесі Бұлқыш Амангелді Иманов бастаған көтерілісіне қатысқан. Бауьектің отанын қорғағысы келгендегі себебінің бірі осы.

«Менің жастығым адам баласының қызметіне берілді» деп соғыста жүрген күндерінің әрбір минутымен, сағатын халық бақыты жолында жұмсаған еді. Ол өмір сүрген заманын қызыға жырлайтын. Міне, өз еліне адам баласының бақытына жас өмірін берген. Баубектің мына жинағы оның дәл өзі сияқты жас лебімен өмір сүру тілегімен кең алған демімен қайрат жігерімен келген еңбекті Баубек былай деп әбден дұрыс болжап жазған екен. «Жақын арада мен бір жас ақынның соғыста өлгенін көрдім. Ол соғыста батырларша алысты да, батырларша өлді. Өлер алдында есіне Байрон түсіп кетті де, жазу дәптерін баспаға тапсыруға бізге берді. Дүниемен қоштасып, кезеңде өлеңдерінің өмір сүруін ойлады. Соны үміт етті. Оның өлгеннен кейін де өмір сүргісі келді. Ол өмірі – жұрт оқитын өлеңдері», — деп еді. Бұл пікірді ақын-жазушы Сейдолда Төлешов қалдырған еді.

Қорыта келгенде, егер біз Баубек Бұлқышевтың мұра қылып, бізге қалдырған өлеңдерімен поэмаларын санамызға тоқуымуыз керек.

5.М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының әлемдік даңққа ие болудағы автор үлесіне сыни көзқарас тұрғысынан талдау жасаңыз.

Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман эпопеясының жиырма жылдан артық уақыт жазып екен.Сонда жиырма жыл бойы не жазған. Бұны кейінгі ұрпаққа мұра қылу үшін жасады ма? Әлде, бұның барлығы атақ үшін бе? Менің қазір осы сұрақтарға жауап іздеп көремін.

«Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүниежүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп 20 ғасырдың 40-50 жылдарын Мұхтар Омарханұлы Әуезов туған әдебиетісіздің даму тарихында бұрын соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені « Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебитінде болған емес. Ал енді эпопеяның өзіне тоқталайық. «Абай жолының» бас кейіпкері Абай. Біз ақынның 50 жылғы өміріне куә боламыз. Абайдың адам, адамзат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия қалтарысы мен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес- тартысын … бәрін түгел шарлап өтеміз

Мұхтар Әуезов бұл роман-эпопеяны жазғаннан соң бірнеше сыйлықтарға ұсынылды. Эпопеяны «Абай» аталған алғашқы екі кітабына КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді. Мұндай сыйлықтарға ие болу оңай нәрсе емес және Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Абай жолын» осы сыйлықтар үшін немесе ақша жазды деп ойламаймын. Мен тіпті Әуезов туралы сыни-пікір айтудан аулақпы және «жиырма жыл бойы сыйлық үшін тер төкті»- деу ақымыақтық болар, сірә! Мұхтар Әуезов «Абай жолын» жан рақаты үшін жазды. Әрі кейінгі ұрпаққа үлгі еткісі келді.

Міне, біз қазір Мұхтар Әуезов жазған «Абай жолының» арқасында, әдеби тұрғыда әлемге танылып отырмыз. Егер біз өткенімізді ұмытпай, қалдырған мұраларын жарыққа шығарсақ Елбасымыз айтқандай рухани жаңғырамыз.

6.З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесіндегі өмірдің шындық құбылыстарының образдар арқылы бейнеленуі ғылымға тән ерекшелік пе, өнерге тән ерекшелік пе?

7.З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесі өнер саласында жазылды ма, ғылым саласында жазылды ма, өнер мен ғылымның тоғысында жазылды ма?


8.З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесінің өн бойында М. Әуезовтің өмірі мен қызметінің айрықша дараланатын және өзара сабақтас екі ұғым қандай?

Роман эсседегі басты кейіпкер- М.Әуезов. Қаламгер М.Әуезовтің ұстаздық қызметі, ұстаздық қабілетін нақты шындық оқиғалар арқылы көрсетіп алған соң, ұстаздық туралы монолог түрінде берілетін ойлары мен толғаныстарынан сыр ашады. Сөйтіп этикалық баяндау лирикалық толғауға ұласады. Роман-эссенің өн бойында М.Әуезовтың өмірі мен қызметінің аясында айрықша дараланатын және өзара сабақтас екі ұғымның орны ерекше: a) ұстаз туралы ұғым; ә)ұстаздық туралы ұғым. Ұстаз бен шәкірт арасында орныққан, ерекше екі қасиет жарқырап көзге түседі: ұстаздың шәкіртке деген ілтипаты және шәкірттің ұстазға деген құрметі. Осы екі қасиет ұстаздың шәкіртке деген шексіз ілтипаты мен шәкірттің ұстазына құрметі, роман-эссенің бір бүтін көркемдік баламасына негіз болған. Қаламгер М.Әуезовтың өмірі мен қызметінің шындықтарын жаза отырып, бүгінгі күнмен тікелей байланыстыра отырып, жас ұрпаққа өткен заманның қатерінен сақтандырып, өсер елдің өркеніне рухани- адамгершілік іргелі ой ұсынады. Ол ойы- ұстазбен шәкірт арасындағы адамгершілік, ұлттық құндылықтарымызды сақтау келер ұрпаққа аманат, парызды жеткізу туралы ой.
Роман-эссенің баяндау жүйесінде орын алған авторлық тұрғының әр алуан позицияларына байланысты кейіпкер обрзы әр түрлі ыңғайда жобаланып, суреттелген. Көркем бейненің барша өмірлік, дүни танымдық, психологиялық, мінез-құлықтық аяларын қамтитын жанды көркемдегіш құралдар, суреттеулер негізінде жүзеге асқан. М. Әуезовтың шынайы өмірлік келбет-мүсінінен көшірімесімен кескіндемелік үзінділер жиынтығы тұтас түрде суреткерпдің қайталанбас қаламгерлік, ұстаздық және биік парасатты адамдық келбетінен айқын елес береді. Жоғарыдағы талдаулардан байқағанымыздай қаһарманның шығармашылық қабілет дарынын сөз еткенде, тұрақты күйдегі суреттеме аса тиімді емес. Тек мұндай кескінділік көз қарастың жазушы стильіне сөз қолданысына қарай белсенділік танытып отырады. Өнер адамын тікелей шығармашылық еңбек үдерісі барысын да бейнелегенде ғана шынайы,көркем, беделді тұлға саналады. Олай болса, кейіпкер жан дүниесіндегі ой тебіренесін, сезім тасқынын тысқары әлемде, эмоциялық-психологиялық көңіл әсерін өрнектейтін басты портреттік тәсіл, сөз жоқ-ең әдемі кескіндеме.
Қорытындылай келе, жазушы М.Әуезовтың өмірімен қызметі туралы жазғаны арқылы елдің болашағына алаңдаушылық білдіреді. Роман арқылы қажымдық сананың тазалығын сақтау, қорғау келер ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды кінәратсыз тапсыруды көздеді.

9.З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесінде ұстаз бен шәкірт арақатынасында ерекше жарқырап көзге түсетін екі қасиетті талдап жазыңыз.

Академик, жазушы Зейнолла Қабдоловтың «Менің Əуезовім» романы 1997 жылы жарыққа шыққан. Көлемі екі жүз жиырма бес беттен тұратын романның тақырыбы мен баств сюжеті қазақ əдебиетінің классигі, заңғар жазушы, академик Мұхтар Əуезовтің өмірбаянына, тағдырына, қаламгерлігіне, ұстаздық қызметіне негізделіп жазылған көлемді прозалық туынды. Ұлы Мұхтар Əуезовтің көзін көріп, дəрісін тыңдаған, сүйікті шəкіртіне,жылдар өте келе дос-інісіне айналған Зейнолла Қабдоловтың дарыны ұлы суреткердің назарын бірден өзіне аударады.
Роман-эссе кейіпкерлерінің бірі-ұстаз, екіншісі-шəкірт. Ұстаз — Мұхтар Əуезов, шəкірт — Зейнолла Қабдолов. Мұхтар Əуезов туралы роман-эссе автрнының берік қалыптасқан мынадай ұғым-түсінігі бар еді. Біріншіден, М.Əуезов-қазақ халқының біртуар,дарабоз, сегіз қырлы, бір чырлы азаматы. Екіншіден , М Əуезов — саңлақ суреткер, көркемсөздің қас шебері, заңғар жазушы. Үшіншіден, М.Əуезов — ғұлама ғалым, ақыл-ойдың кені. Төртіншіден, М.Əуезов — кемеңгер ұстаз,дана,ұлы тəрбиеші.
Зейнолла Қабдоловтың «Менің Əуезовім» роман-эссесі елдің өсер өркеніне халықтың ұлттық асыл құндылықтарын, қоғамдық сананың тазалығын сақтау, қорғау, келер ұрпаққа кінəрəтсіз тапсыруды ұсынған интеллектуалды роман үлгісі.
Қорыта келе, роман-эсседе ұстаз бен шəкірт арақатынасында орныққан ерекше екі қасиет жарқырап көзге түсдеі. Бірі-ұстаздың шəкіртке деген шексіз ілтипаты, екіншісі — шəкірттің ұстазға деген шексіз құрметі. Осы екі қасиет роман-эссенің бүтін көркемдік болмысына негіз болған.

10.Шернияз бен Махамбеттің өлеңдеріндегі ұқсастықты салыстыра талдап жазыңыз.

Махамбет халық көңілінің тұнығындағы ең асыл – еркіндікті,теңдікті, жақсы тұрмысты аңсаған арманын, ата жауына деген қаны қатқан өші мен кегін, азаматтық антқа берік адалдығы мен арыстандай ерлігін көкке көтере мадақтады. Ақынның қызыл оттай қызулы, қылыштай өткір, селдей серпінді сөздері қараңғыда алдан жарық күнді қармаған қалың қазақтың ат жүрегіне толқу салды, ер көңіліне жел берді. Ақынның құдіретті сөзінің күні бүгінге дейін сыры кеткен жоқ, сыны түскен жоқ.
Махамбетше айтсақ, «қара қазан қамын ойлап», «ел-жұртын бодандықтан бостандыққа жеткізем» деп, «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, түн қатып жүріп түс қашқан», талай-талай батырлар мен сол бір жайды жырына арқау еткен небір дүлділ ақындардың бағы жанбай, халқы үшін сіңірген еңбегі мен істеген ісі, шығармашылығы терең зерттелу былай тұрсын ауызға алынбай қалғаны қаншама. Солардың қатарында ХІХ ғасырдың әдебиетіне аты мәлім, Махамбет рухында жыр толғап, халықтың қайнаған шерін, бұқара мүддесін өзінше айтсақ, «үйшінің үскісіндей» өткір тілмен жырлап өткен сыншыл да, турашыл ақын – Шернияз Жарылғасұлы да бар. С.Мұқанов айтқандай: «Шортандай жырларынан біз «зар заман» кезінде әлеумет басына түскен трагедияны көрсек, Шернияз жырларынан жеке адамның, әсіресе халық ақынының басындағы трагедиялық жайды ұғамыз» Шернияз өлеңдерінің тағы бір ерекшелігі – бүкіл қазақ жеріне кеңінен таралуы дер едік. Кең таралуының себебі оның өлеңдерінің халық көкейінде жүрген сауалдарға, армандарға дөп келуінен деп білген жөн болар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *