Ажырасу себептері эссе

Заман  дамып, өзгерген сайын адамдардың, жалпы қоғамның көзқарасы мен құндылықтарға деген қарым-қатынасы ӨЗГЕРЕДІ. Бұл-бұлтартпас шындық, факті. Себебі заманға сай адам психологиясы өзгереді, бір қалыпта тұрмайды. «Адам өзгермейді дегеннің тілін кесем» деген емес па еді хәкім Абай?

Демек, адамның қарым-қатынасқа деген көзқарасы өзгереді. Ал біздің менталитетімізге отбасы құндылықтарын бірінші орынға қою, отбасы ұйытқысын сақтау сынды нәрселер сіңіп, ата-баба дәстүрі мен салты бойынша «ажырасу» ұғымы – табу-ға айналған. Осыдан біраз жыл бұрын ажырасуға бару – үлкен күнә, қылмыс, яки болмаса ерсі қылық ретінде қабылданды.   Гендерлік құқық заңнамасы қабылданған соң, әйелдер құқығы қоғамда айқын көрініс таба бастағаннан кейін ажырасу фактісі де көптеп тіркеле бастаған. Оның себебі- әйелдердің өз-өздерін қамтамасыз ете алатындай дәрежеге жетуі. Qamshy.kz  ақпарат агенттігі ажырасудың көбею мәселесінің себебін анықтап көрді.

Ажырасу эпидемиясы. Танымал американдық әлеуметтанушы мен психолог Констанция Аронс әлемде әрбір 13 секунд сайын бір отбасы ажырасатынын есептеп, дәлелдеген. Бір АҚШ-тың өзінде жыл сайын 1 миллион отбасы ажырасады.

Ажырасу- әлеуметтік проблемаға айналып, енді қоғамда қалыпты жағдай ретінде қабылдана бастады. Кез-келген проблеманың ушығуы, шиеленісуі-қоғамда оған деген қалыпты көзқарастың тууына әкелетіні сияқты ажырасу да осындай деңгейге жетті.

Ажырасу стресс, қайғы деңгейіне байланысты өлімнен кейін бірінші орында тұр.  Бұл ауыр әрі қиын, өмірдің қысқаруына әкелетін үлкен өмірлік  тәжірибе.

Қазір отбасын құрудың патриархалдық моделіне қарағанда екі жақтың теңдігіне құрылған үлгідегі жанұялар көбеюде.

Бұл өз кезегінде әрбір адамның серігін, жарын өз еркінше таңдауға мүмкіндік береді. Алайда таңдау кеңістігі кеңейгенмен де отбасы беріктігі нығайып жатқаны шамалы. Оны еліміздің статистикасынан көруге болады. Мәселен, 2015 жылы Қазақстанда заңды тіркелген неке 148 769-ды құраған. 2016 жылдың қаңтар-сәуір айында  39 682 неке заңдастырылған. Неке қию 4,6% төмендеген. Осы жылдың қаңтар-сәуір айында 16 338 ажырасу фактісі тіркелген.

Қазақстанда ажырасу ең көп тіркелетін аймақтарға Павлодар облысы (53%), Қостанай облысы (51%), Солтүстік Қазақстан облысы  (50%) жатады. Ал ажырасу аз тіркелген аймақ ОҚО  екен.

Бүкіл әлемде ресми, заңды некеге тұруға қызығушылық азайып бара жатқанын байқауға болады. Әсіресе, Еуропада заңсыз некеден  туған бала коэфиценті өскен. Себебі көпшілігі «азаматтық некеде» тұрады.

UNSTAT  мәліметтеріне қарағанда неке коэффиценті бойынша Қазақстан БҰҰ-ға кіретін 100 елдің ішінде 16-орнында тұр. Қазақстан Иран, Ресей, Албания, Тәжікстан мен Мысыр сияқты елдерден кейін тұрақтаған. Ал ажырасу коэффиценті бойынша Қазақстан осы елдер арасында 24-орында. Еуропа елдерінің ішінде ажырасу коэффиценті ең жоғары Бельгия, Португалия, Венгрия екен.

Ислам дінін ұстанатын елдердің арасында Қазақстанның ажырасу коэффиценті ең жоғары. Таяу Шығыс елдері, соның ішінде Мысыр, Сирия, Иордания, Индонезия, Сауд Арабиясы мен Ливияда барлық неке заң жүзінде дін өкілінің қатысуынсыз  жүзеге асады. Ал Иран мен Израильде барлық неке дін өкілінің қатысуымен жүзеге асады. Осыған байланысты, егер жұбайлардың бірі ажырасуға қарсы болған жағдайда қиындықтар туындайды.

Жалпы ажырасу көрсеткішінің осыншалықты өсуі бірнеше факторларға тікелей байланысты. Ең бірінші, ол елдің экономикалық даму жағдайы мен қоғамның әл-ауқаты мәселелері. Қоғам арасында ажырасудың басты себебі ретінде есептелетін кең таралған пікір: «Жастардың үлкен өмірге дайындықсыз келетіндігі».

Қазіргі заманауи қоғамда әйелдер  құқықтары, бостандықтары, бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда   жоғарылаған.  Жылдар бойы  біршама түнекте өмір сүрген әйелдерге, білім алуға, мансап жасауға, ары қарай сол жолда тұрмыс құрмай кете беруге- барлығына толық мүмкіндік бар. Осыдан 10-20 жыл бұрынғы өмірмен салыстырғанда әйелдер құқығы әлдеқайда нығайған. Бұрын отбасы үшін, бала-шағасы үшін шыдап, қиналып күйеуімен айырыласпайтын әйел бұл заманда өзі үшін де өмір сүруге болатынын түсінді. Әйелдер ғана емес, ер адамдар да, жалпы қоғамда эгоцентристік (менмендік) көзқарас басым болып бара жатқанын байқауға болады. Бұл-дұрыс емес деп кесіп айта алмаймыз. Себебі, басқаша жағынан алып қарасақ, ажырасу- бір-бірімен сыйыспайтын, ұрыс-керісі таусылмайтын, біріне-бірі сәйкес келмейтін, көзқарастары мен өмірлік құндылықтары бір арнаға тоғыспайтын екі адамға бостандық пен еркіндік беру, жандарына тыныштық сыйлау. Көптеген ажырасқан жұптардың сөздеріне сүйенсек, ажырасқан соң реніш, айғай-шу, өкпеден құтылғандарын айтады.

Ажырасудың себептері. Негізгі мәселе – осы ажырасу факторын болдыртпау. Қарым-қатынасты осы шарықтау шегіне дейін алып келмеу. Себебі, не дегенмен де, ажырасу- отбасының ойрандалуы, ал арада бала болса тағдырдың бұзылуы.  Ажырасуды болдыртпау үшін ең бірінші, оның орын алу себептерін анықтау керек. Шын мәнінде -себеп өте көп. Әркімнің жеке тағдыры бар, проблемалары әр түрлі. Бірақ сауалнама нәтижелері көрсеткендей ажырасудың басты себептері мыналар:

  1. Тұрмыстық зомбылық;
  2. Ер не әйелдің ішімдікке салынуы;
  3. Ер не әйелдің есірткіге салынуы;
  4. Күйеуі не әйелі жұмыссыз;
  5. Жұбайлардың өмірге деген көзқарастары сәйкес келмеуі;
  6. Күйеуі не әйелі некеге дейін бірін-бірі ұнатпаған, некеден кейін де ұната алмаған;
  7. Көзге шөп салу;
  8. Материалдық қиындықтар;
  9. Бедеулік;

Бұл ажырасудың негізгі себептері. Сонымен қатар, біздің елімізде ажырасудың себептерін ата-енемен тұру мен күйеу жақтың туған-туысқандары арасындағы қарым-қатынастар шиеленісімен  т.б толықтыруға болады. Бүгінде қазақ отбасыларында келіннің  ата-енесімен бірге тұруы қалыпты жағдайға айналғанын көреміз. Осы орайда баласын аялап өсірген ана яғни қыздың енесі ұлын қызғанады немесе басқа да себептермен келініне күн көрсетпейтіні сияқты шиеленісті жағдайлар орын алады.  Жігіттің ата-анасымен тұрған соң міндетті түрде арада түсініспеушілік, ұрыс-керіс болады. Кейбір ата-енелер екі жастың арасына түсіп те жатады. Немесе керісінше әйел күйеуіне таңдау жаса деп тікесінен ултьиматум қояды. Бұл- Қазақстандағы  ажырасудың бірден-бір кеңінен таралған себебі.

Одан кейін – алып қашу мәселесі бір бөлек. Өздері жақын таныс емес немесе қыздың ырқынсыз алып қашып ақырында ажырасып жататын мысалдар аз емес. Бұл да еліміздегі ажырасу дертінің себептерінің бірі. Жарқын мысал ретінде Айнұрдың (есімі өзгертілген) жағдайын келтірсек болады. «Жолдасым таныспай-біліспей алып қашып кетті. Мен қарсы болғанмын. Ақырында ажырасып тындық. Алайда арамызда қызымыз бар. Енді жаңа өмір бастамақшымын. Бірақ қызымның әкесіз өсетінін ойласам қатты қиналамын…»-дейді әйел.

28-дегі Бақыттың ажырасу себебі де осыған ұқсас. «Тұрмыс құрған соң өмірім қатты ауырлап кетті. Қайын әпкелерім ажырасқан. Қайын ағам да ажырасқан. Бірнеше рет ауруханаға жатып шықтым. Маған көрсетпегендері жоқ. Барлығына көнем деп ойладым. Алайда ұлым туылған соң оның денсаулығында ақау болды. Жолдасым ауру бала таптың деп менімен ажырасты. Қаражат жоқ деп емдету жолдарын қарастырған жоқ. Амалсыз ажырастым. Балам үшке келгенше ауруханада жатып, емделдік. Күйеуім бір хабарласып көмек бермеді. Енді жазылғанда қайтадан қосылысы келетінін айтып жүр. Біздің қиналғанымызды, бастан не өткергенімізді де білмейді..»-дейді әйел.

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі жүргізген зерттеудің нәтижесінде ажырасуға көбіне әйелдер бел байлап, шешім қабылдайтыны анықталды.  Көпшілік ажырасқан әйелдер балаларын жалғыз, ешқандай алиментсіз өздері асырайды  екен.

Ажырасу кезінде қатты зардап шегетін жақ- балалар. Ата-аналары ажырасқан балалар өмірдегі қиындықтарды  екі есе ауыр өткереді. Психологиялық, жүйке ауруларына жиі ұшырайды.

Ажырасудың алдын-алу. Көп жағдайда дұрыс құрылмаған қарым-қатынас пен отбасының ойрандалуы- тікелей өзімізге, серігімізге/жұбайымызға, тағдырымызға байланысты деп кінәлаймыз.

Негізінен ажырасудың алдын-алу —  қарым-қатынасты дұрыс құрудан басталады. Отбасын құру оңай шару емес, сондықтан оған үлкен дайындықпен келу қажет. Психологтардың айтуынша, ажырасудың шектен тыс көбеюі- адамдардың өмірлік серік таңдағанда оның жан-дүниесіне үңілмей, сыртқы факторларға қарап қана бағалап таңдауынан болады. Сонымен бірге, жастардың материалдық қиындық көріп, оған шыдамай жататындықтары да – басты себептердің бірі. Демек, дайындық болуы керек.

Осы орайда психологтар ерлі-зайыптыларға мынадай ұсыныстарды ұсынады:

-Бір-біріңізге ауыр сөздерді айтудан аулақ болыңыз. Себебі ондай сөздер, қылықтар кешіріледі, бірақ ұмытылмайды.

-Проблемаларыңыз бен қиындықтарыңызды үнемі бір-біріңізге жүктеуден қашыңыз. Адам- шағымнан, жылап-сықтаудан, күн сайынғы сіздің құрбандықтарға барып жатырмын деген міндетсінулеріңзден тез жалығады, шаршайды.

-Компромиске келу. Отбасы-бұл бір шаңырақ. Түсіністік танытатын кезде, жаңдайға кіруге, барлығы ой елегінен өткізіп екеуіңізге де пайдалы болатындай шешім жасауға болады. Егер біріңіз құрбандыққа бару керек болсаңыз, барыңыз. Ол сіздің отбасыңыз үшін жасалатын қадам.

-Ренішіңіз болса, өкпеңіз қара қазандай болғанша үндемей жүре бермей, жұбайыңызға білдіртіңіз, айтыңыз. Сөйлесу мен әңгімелесу жоқ жерде- дұрыс отбасын құру деген бос иллюзия. Себебі неке- ұзақ әңгімелесу.

Психолог Александр Полеев қазіргі таңда «отбасы» ұғымы өз мәнін жоғалтып, «ерлі-зайыптылардың одағы» деген мағынаға ойысып бара жатқанын айтады.   «Қазіргі некедегі  басты тенденциясы оның кеш орын алуы.  Көп жағдайда жас кезде  некеге тұратындар тез ажырасып кетіп жатады.

 25 жасқа дейін адам қарым-қатынас жасаудың дұрыс жолдарын білмейді, дұрыс сөйлесуді, тілдесуді білмейді. Сондықтан некеге 25 жастан кейін отырған дұрыс»-дейді маман.

Ажырасудың салдары. Отбасының дәстүрлі құндылықтары сақталмаған соң, ерлі-зайыптылар ажырасып олардың артында «махаббатты, жылулықты сезінбеген», толыққанды отбасы деген ұғымның не екенін түсінбейтін балалар қалады. Ал бұл балалар үлкен өмірге қадам басқанда  өз өмірлеріне де осы науқанды әдетке айналдыратыны дәлелденген. Мұндай отбасылардан (отбасы деуге келсе) өскен балалар толыққанды жеке тұлға болып қалыптасу кезінде түрлі қиындықтарға бой алдырып, шын мәнінде есеймеген бала күйінде қалады. Ажырасудың бала үшін тигізетін зардабы – бірінші мәселе болса, екінші жағынан  ажырасу процесін орындаушыларға бұл үлкен трагедия. Себебі шын мәнінде жан-дүние мен адамның психологиясына күйзеліс әкелетін ажырасу нағыз –  қайғы. Бұдан кейін адамның әсіресе әйелдер қауымының қайтадан өмір айналымына қайта ену ауыр әрі ұзақ процесс.

Ажырасқан ер адамдардың әйелдерге қарағанда қайта некеге тұру мүмкіндігі өте жоғары. Алайда ажырасқан ерлердің 50% сол күйінше үйленбей, жалғыз қалып қалады екен. Ал әйелдерге ажырасқан соң қайта некеге тұру үшін өте ұзақ уақыт, шашамен 10- 15 жылдай керек екен.

Ажырасуды мүлдем болдыртпау, оған заңды тұрғыда тоқтау қою мүлдем дұрыс емес әрі мүмкін де емес. Алайда оған міндетті түрде тоқтау қажет. Және оған тоқтау бар. Себебі, шын мәнінде ажырасу- бұл өз әдеттерімізден айырылудан, серігіміз үшін өзгеруден бас тарту. Әдеттен арылуға болады. Ол үшін тек мықты күш-жігер  керек.

Назерке МҰСА


Ислам діні бойынша төсек қатынасы кезінде не істеуге болмайды?

Вызшақ: Ислам діні бойынша төсек қатынасы кезінде не істеуге болмайды?

Мазмұны

  • Ажырасудың жиі себептері
  • 1- міндеттеменің болмауы
  • 2- пікірталастардың артық болуы
  • 3- опасыздық
  • 4- тым жас үйлену
  • 5- Шынайы емес күту
  • 6- Қарым-қатынаста теңдіктің болмауы
  • 7- жанжалдарды шеше алмау
  • 8- теріс пайдалану
  • 9- жеке тұлғаның болмауы
  • 10- экономикалық мәселелер
  • Әдебиеттер тізімі

The ажырасудың себептері Ең жиі кездесетіндер — бұл міндеттемелердің болмауы, шамадан тыс даулар, шындыққа сай келмейтін үміттер, қарым-қатынаста теңдіктің болмауы, асыра пайдалану, қаржылық проблемалар немесе проблемаларды шешу дағдыларының болмауы.

Ажырасу — бұл біздің қоғамымызда барған сайын өсіп келе жатқан құбылыс. Шындығында, соңғы бірнеше жылда некенің біртіндеп төмендеуі де, ажырасудың да артуы байқалады.

Әр түрлі зерттеулер соңғы бес жыл ішінде ажырасулар мен ажырасулардың 25% -ға қалай артқанын көрсетеді. Сол сияқты, Америка Құрама Штаттарынан алынған мәліметтер некелердің 40-тан 60% -на дейін ажырасумен аяқталатынын көрсетеді.

Бұл деректер романтикалық қатынастардың өте күрделі екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, некені сақтау және ажырасуды болдырмау күннен-күнге қиындай түсетіні белгілі болды. Неліктен бұлай болады? Соңғы жылдары орын алған бұл тенденцияның себебі неде? Бөлінулерді қандай факторлар тудырады?

Осы сұрақтардың барлығы конъюгиалдық қатынастарды зерттеуде жоғары өзектілікке ие болады. Осы себепті біз бөлектеу себептеріне жауап беруге тырысатын көбірек зерттеулер мен көптеген деректерді көбірек табамыз.

Ажырасудың жиі себептері

1- міндеттеменің болмауы

Міндеттеменің болмауы ажырасулар мен ажырасулар арасында кең таралған фактор болып табылады. Нақтырақ айтсақ, жуырда Юта-Ситиде жүргізілген зерттеу көрсеткендей, ажырасқан адамдардың 73% -ы негізгі себеп ретінде міндеттемелердің жоқтығын көрсетті.

Егер ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастары мен некелерінің сипаттамаларын талдайтын болсақ, онда бұл міндетті болып табылады. Міндеттеме болмаса, қарым-қатынастың кез-келген түрін сақтау өте қиын, тіпті конъюгальды қарым-қатынас.

Осылайша, көптеген ерлі-зайыптылар жеткілікті дәрежеде берілмей-ақ үйленуді шешетіні байқалады. Бұл факт автоматты түрде кейінгі жылдары ажырасуға айналады.

Бүгінгі күні ажырасудың негізгі себебі ретінде міндеттемелердің жоқтығын каталогтау бойынша үлкен келісім бар. Осылайша, некені сақтаудағы оқшауланған мінез-құлыққа қарағанда қатынастардың қаншалықты маңызды екендігі айқын болады.

2- пікірталастардың артық болуы

Некенің бұзылуымен байланысты екінші себеп — бұл даудың көп болуы. Мәліметтер бұл фактордың міндеттеменің жоқтығынан айтарлықтай төмен, ал басқаларына қарағанда жоғары екендігін көрсетеді.

Нақтырақ айтқанда, жоғарыда талқыланған зерттеу нәтижесінде ажырасу жағдайларының 56% -ы ажырасудың себептері шамадан тыс көп болғанын қалай анықтайтындығы анықталды.

Доктор Уильям Х. Дохертидің пікірінше, ерлі-зайыптылар арасында даулар басым болған кезде, ажырасу мүмкіндігі өте жоғары болады. Егер біз осы факторды талдайтын болсақ, онда шамадан тыс даулар өзіндік себептерге қарағанда симптомға айналуы мүмкін.

Яғни, ерлі-зайыптылардың үнемі ұрысып қалуы, бір нәрсе дұрыс жұмыс істемейтіндігінің белгісі болуы мүмкін. Шындығында, осы фактор бойынша интерпретацияның осы түрін жасайтын көптеген сарапшылар бар.

Осылайша, шамадан тыс даулар үйлесімділіктің болмауы, нашар қарым-қатынас, проблемаларды шеше алмау немесе ерлі-зайыптылардың әртүрлі мүдделері сияқты басқа да мәселелерді анықтай алады.

Дәлелдер некенің ең нәзік аспектілерінің бірі екені анық. Бұл неке жұмыс істеуі үшін ешқашан дауласпау керек дегенді білдірмейді.

Талқылау көп жағдайда қалыпты және қажет деп саналады. Алайда, бұлар өнімді және басқарылатын болуы керек. Ерлі-зайыптылар дау-дамайды бақылауды жоғалтқан кезде, ажырасу ықтималдығы өте жоғары болады.

3- опасыздық

Бұл адамдар ажырасумен және ажырасумен көп байланыстыратын фактор болса керек. Көптеген адамдар үшін бұл мінез-құлық ерлі-зайыптылар арасында ең қолайсыз және ажырасуды жеңілдететін мінез-құлық болып табылады.

Алайда, бұл көзқарас қазіргі қоғамда кең таралғанына қарамастан, деректер іс жүзінде опасыздықтың ажырасу себептері тізіміндегі үшінші орынға қалай түсетіндігін көрсетеді.

Көптеген зерттеулер бұл фактордың ажырасу жағдайларының 50 мен 55% арасында түрткі болатындығын көрсетеді. Осылайша, негізгі себеп болмаса да, оның жиілігі өте маңызды.

Алайда, осы себепті зерттеу бірқатар сәйкессіздіктерді ұсынады. Ең алдымен, зерттеу көрсеткендей, Америка халқының 90% -ы опасыздықты моральдық тұрғыдан жол берілмейтін әрекет деп растады. Сондықтан қоғамның бұл құбылысқа деген көзқарасы айтарлықтай айқын көрінеді.

Опасыздық ажырасулардың жартысынан көбіне әкелуі мүмкін. Алайда, американдықтардың тек 2% -ы өз серіктесіне опасыздық жасады деп мәлімдеді. Бұл факт опасыздық ерлі-зайыптыларға қарағанда жеке мінез-құлық екенін көрсетеді, сондықтан ол басқарылмайтын айнымалыларға тәуелді.

4- тым жас үйлену

Бүгінгі таңда неке қатынастардың күрделі түрін құрайтындығын растайтын жоғары келісім бар. Тым жас үйлену ажырасудың қауіпті факторы екендігі дәлелденді.

Деректер көрсеткендей, бөлінудің 46% -ында бұл факт негізгі себептердің бірі ретінде көрсетілген. Осылайша, ерте некенің бұзылуы ықтимал.

Ерте жастан некеге тұру — ажырасудың негізгі себептерінің бірі, қарым-қатынас орнатылған жағдайда болады; некеге дейін жақсы қалыптаспаған және консолидацияланбаған жұптар некеге жеткілікті дайын болмауы мүмкін.

Көптеген сарапшылар бұл факторды некеге деген көзқарас пен қатынас деңгейімен байланыстырады. «Асығыс» немесе қарым-қатынастың басында жасалған неке табысты міндеттемені дамытудың азырақ нұсқалары болуы мүмкін.

Дәл сол сияқты, жастар некеге тұру үшін және жеке қарым-қатынаста тұрақты болу үшін қажетті жеке жетілуді ұсынбайды.

5- Шынайы емес күту

Неке адамдардың өміріндегі керемет өзгерісті білдіреді, өйткені өмір салтын өзгерту қажет. Өмірдің кез-келген өзгеруімен жүретін болғандықтан, жаңа жағдай туралы жеке күту өте маңызды.

Жаңа жағдайға жақсы бейімделу үшін күткен нәрсе куәгерлермен белгілі бір байланыста болуы керек. Әйтпесе, көбірек бейімделу күші мен күтуді өзгерту қажет болады.

Бұл орын алмаған кезде, орын алған өзгерісті қабылдау және оған ыңғайлы болу өте қиын. Бұл жағдай ажырасуларда айқын көрінеді, сондықтан шындыққа жанаспайтын үміттер ажырасудың негізгі себебі ретінде тұжырымдалады.

Юта штатындағы зерттеу нәтижесінде ажырасу жағдайларының 45% -ы бұл факторды ажырасудың негізгі себебі ретінде анықтады.

Осылайша, ерлі-зайыптылардың өміріне қатысты идиллический және жоғары бағаланған үміттер қарым-қатынасқа күмән тудыруы мүмкін. Бұл жағдайларда, егер ерлі-зайыптылар өздерінің күткендерін олардың мінез-құлқына және ерлі-зайыптылардың жұмысына бейімдей алмаса, неке бұзылуы мүмкін.

6- Қарым-қатынаста теңдіктің болмауы

Рөлдер мен рөлдердің орнығуы жеке қатынастардың сапасын анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Ерлі-зайыптыларға және, ең алдымен, некеге қатысты, бұл элемент белгілі бір сипаттамаларға ие болуы керек.

Әрбір жағдайда маңызды болуы мүмкін көптеген басқа айнымалыларға қарамастан, теңдік әдетте көптеген некелерде кең таралған элемент болып табылады. Ерлі-зайыптылардың біреуі қарым-қатынаста екіншісіне қарағанда маңызды рөлге ие болатын тең емес неке құру, әдетте жағымсыз фактор болып табылады.

Соңғы жылдары неке туралы түсінік өзгерді. Мүшелердің бірі басым рөл атқаратын, ал екіншісі бағынатын рөл атқаратын қатынастар — бұл қазіргі уақытта нашар мақұлданған тұжырымдау.

Бұл факт ажырасудың себептері туралы мәліметтерден айқын көрінеді. 44% жағдайда қарым-қатынаста теңдіктің болмауы бөлінудің себебі ретінде постулирленген.

7- жанжалдарды шеше алмау

Романтикалық қарым-қатынас жұмыс істеуі үшін жанжал болуы немесе жанжал болуы керек деп сену көбінесе қате түсінік болып табылады. Жеке қатынастарды зерттеу көрсеткендей, екі немесе одан да көп адамдар арасындағы қақтығыстардың пайда болуы іс жүзінде сөзсіз факт болып табылады.

Барлығымен келісе білу — бұл идиллица, бірақ көбіне қол жетпейтін жағдай. Бұл тұрғыда қақтығыстарды ерлі-зайыптылар ретінде шешу қабілеті сәйкессіздіктерді болдырмау сияқты маңызды фактор болып табылады.

Осылайша, әрбір ерлі-зайыптылардың кілті — ерлі-зайыптылардың әрбір мүшесі өзін құрметтейтінін және еститінін сезінетіндей негізгі ережелерді жасау. Көп жағдайда мұны қарым-қатынас тетіктері арқылы жүзеге асыруға болады.

Бұл орын алмаған жағдайларда, үшінші элементті қосу маңызды. Ерлі-зайыптылар терапиясы қақтығыстарды шешуге және қиын жағдайларды басқарудың қажетті дағдыларын дамытуға үйренудің өте пайдалы құралы бола алады.

Егер бұл проблемалар жойылмаса, даулар біртіндеп өршіп, бөліну қаупі артуы мүмкін.

8- теріс пайдалану

Некені бұзу ерекше қарастыруды қажет етеді; некенің моральдық шектерінен тыс болатын мінез-құлықтар бар. Әрбір адам некеде және кез-келген басқа жеке қатынастарда физикалық, эмоционалды және жыныстық жағынан қауіпсіз болуға құқылы.

Бұған ересектер де, балалар да, ерлі-зайыптылар да, балалар да кіреді. Бұл мақаланың мақсаты мінез-құлықтың осы түрінің сипаттамаларын зерттеу емес, оның ажырасулармен байланысын ашу болып табылады.

Өкінішке орай, қиянат қазіргі уақытта некеде салыстырмалы түрде жиі кездесетін құбылыс. Бұл ажырасудың 29% -ы осы фактордың әсерінен қалай болатындығын көрсететін деректерден көрінеді.

Юта ұлттық зерттеуі көрсеткен бұл мәліметтер тым жоғары және нақты әлеуметтік проблемалар мен қазіргі ерлі-зайыптылық қатынастардағы айтарлықтай қиындықтарды ашады.

9- жеке тұлғаның болмауы

Ерлі-зайыптылық қатынастардың жақындығы мен жақындығы жеке тұлғаны жоғалтуға әкелуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың байланысы мен шамадан тыс қатысуы әрбір жеке тұлғаның жеке басын бұзатын жалпы сәйкестіктің дамуын тудыруы мүмкін.

Бұл факт азды-көпті болуы мүмкін және әр түрлі деңгейдегі қатынастарға әсер етуі мүмкін. Алайда, кейбір жағдайларда жеке тұлғаны жоғалту ерлі-зайыптыларға кері әсер етіп, жанжал тудыруы мүмкін. Осылайша, бұл фактор кейде ажырасу ықтималдығын арттыра алады.

Монетаның екінші жағында біз басқа жағдайды кездестіреміз, бұл некеге де кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл жағдай ерлі-зайыптылардың әрқайсысының басымдықтары мен жеке мүдделеріндегі елеулі сәйкессіздіктерді дамытумен айналысады.

Бұл жағдайларда өте алыс қажеттіліктер мен артықшылықтар қарым-қатынастың тұрақтылығын бұзып, оны күмән тудыруы мүмкін. Шын мәнінде, көптеген терапевттер ерлі-зайыптылық қатынастардың дұрыс жұмыс істеуі үшін жалпы көзқарастар мен басымдықтарды сақтау маңыздылығына ерекше назар аударады.

Ақшаның жоқтығынан немесе қаржылық қиындықтардан неке сирек бұзылады. Алайда, қаржы саласында ерлі-зайыптылардың үйлесімсіздігі әлдеқайда маңызды проблемаға айналады.

Осы тұрғыдан алғанда, өмірдің стандарттары қарама-қайшы болған некенің дұрыс жұмыс істеуі үшін үлкен қиындықтар туындауы мүмкін.

Шындығында, егер осы сипаттамалары бар неке олардың айырмашылықтарын жеткілікті түрде басқара алмаса, уақыт өте келе қақтығыс соншалықты биікке жетуі мүмкін, ажырасу ең қисынды шешім болып көрінеді.

Әдебиеттер тізімі

  1. Джонсон, Калифорния, Стэнли, С.М., Гленн, Д., Амато, П.А., Нок, С.Л., Маркман, Х. Дж. & Дион, М.Р (2002). Оклахомадағы неке: 2001 ж. Некеге тұру және ажырасу туралы жалпы мемлекеттік шолу (S02096OKDHS). Оклахома-Сити, ОК: Оклахома штатындағы халыққа қызмет көрсету департаменті.
  2. Ютадағы неке: 2003 ж. Неке және ажырасу туралы штат бойынша негізгі зерттеу. (2003). б. жиырма бір.
  3. Пол Джеймс Берч, Стэн Э. Уид және Джозеф Олсен. (2004). Қоғамдық неке саясатының аудандағы ажырасу деңгейіне әсерін бағалау. Отбасылық қатынастар, 53, 495–503.
  4. Роуз М.Крейдер және Джейсон М.Филдс. (2000). Некелер мен ажырасулардың саны, уақыты, ұзақтығы: 1996 жылдың күзі. Халықтың ағымдағы есептері, P70-80. Вашингтон Колумбия округі: АҚШ-тың санақ бюросы.
  5. S. Санақ бюросы, Америка Құрама Штаттарының статистикалық тезисі. (2002). Өмірлік статистика: 2-бөлім. № 111. Некелер және ажырасулар-саны және саны бойынша мемлекет: 1990 жылдан 2001 жылға дейін.

Қазіргі таңда қазақ қоғамында әлеуметтік түйткілді проблемалардың бірі – елімізден тыс аймақтарда сыртта жүрген қандас бауырларымыз болса, екіншісі – ажырасу мәселелері. Ең қиыны, жыл өткен сайын ажырасу көбеймесе, азаяр түрі көрінбейді. Ұзақ жылдар бойы етене араласып бірін-бірі жақын таныған жастар отбасылық қиыншылықтарға кезіккенде төзімсіз. Тұрмыстық ауыртпалықты мейлінше сезе білгендер өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарайды. ҚР Ұлттық экономика Министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2010 жылы Қазақстанда 144 357 отбасы заңды некеге тұрып, олардың 40982-сі ажырасқан. Аталмыш мәлімет бойынша Алматы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір жылда некеге тұрған әрбір үшінші ерлі-зайыпты ажырасатын болса, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыс­тарында бұл көрсеткіш екі есе төмен, онда әрбір алтыншы неке ажырасып жатады екен. Бұл көрсеткіш оңтүстік өңірлерде әлі де болса қазақи дәстүрлі ұстанымдардың бар екендігінің көрінісі болса керек.
Әділет Министрлігінің мәлі­мет­­терінде соңғы 5 жылда 700 мың­­нан аса отбасы құрылса, соның 200 мыңдайы ажырасып кеткен. 2014 жылы Қазақстанда 159 328 не­ке тіркелсе, көп ұзамай соның 52 673 отбасының шаңырағы шай­қа­лып, 2017 жылдың ақпан айындағы мә­­лімет бойынша былтыр ғана жаңа құрылған 140 мың отбасының 51 мыңы ажырасып үлгерген.
Бұдан қандай қорытындылар жа­­сауға болады? Қазіргі таңда отбасы жеке адамдардың ғана мә­се­лесі емес, бұл мемлекеттік дең­гей­дегі демографиялық әлеуметтік сая­сатқа айналғалы қашан. Осы та­қырып бойынша үзбей айналысып жүрген белгілі зерттеуші, этнограф А.Б.Қалыштың зерттеулері де осы мәліметтердің нақтылығын растайды. Зерттеуші ғылыми ста­тис­тикалық деректерге сүйене оты­рып мынадай тұжырым жаса­ған; ажырасу көрсеткіші республи­ка бойынша 1950 жылдары әрбір жү­з отбасыға біреуден келсе, алпы­сын­шы жылдары әрбір алтыншы, сексенінші жылдары төртінші, ал тоқ­саныншы жылдары әрбір үшін­ші отбасы ажырасуға мәжбүр бол­ған.
Бүгінгі қоғамда бір-бірінің қа­діріне жете алмай, сыйластығы мен өза­ра құрметі солғындап, қиын-қыс­тау күн кешіп жүрген ерлі-за­йып­­­ты аз емес. Ажырасуды әлеу­­­­меттік-психологиялық феномен ре­­тін­де қарастырсақ, оның бірнеше се­­бептері де бар. Отбасы функ­ция­сының, атап айтқанда шаруашылық (экономикалық) қатынастарға бай­ланысты тұрмыс тауқыметі мен материалдық мұқтаждықтар, әлеу­меттік теңсіздіктер, қызметтік (жұ­мыссыздық) проблемалар, жеке бас­тарында баспананың болмауы; екіншіден, моральдік психо­ло­гия­лық факторлар; маскүнемдік, құ­мар­лық («өзара сенімсіздік», «көзге шөп салу», «нәпсіқұмарлық», «қыз­ға­ныш»), ситуациялық қиындық­тар (әйелдердің өмірге объективті көз­қарасы болмай қанағат тұтпауы; «көр­шілеріміз үлкен үй соғыпты», «жаңа көлік алыпты», «жыл сайын ши­пажайларда тынығады екен» т.т. деген пендешілік сөздер), алғаш­қы­да жас келіннің тамақты дұрыс пі­сіре алмауы немесе күйеуінің балғамен шеге қаға алмауы да, әйел­дердің тұрмыс құрған соң тек күйеуімен ғана жеке өмір сүріп, тапқан табыстарын тек өздеріне ғана жұмсауды мақсат еткен эгоис­тік көзқарастары, ата-ене, туған-туыс, қайын жұрттың екі жастың жеке өміріне араласуы, олардың ара­сындағы түсініспеушілік («дұ­рыс той жасалмады», «жақсы киіт кигізбеді», «құдалықты жақсы күт­педі» деген болмашы сөздер); үшін­шіден, физиологиялық фак­тор­лар­дың да орын алуы; денсаулықтағы кінәрат, біреуінің аурушаң болуы, перзент сүйе алмау, осы­ның бәрі айтарлықтай күйзеліске ұшыратып, ең аяғында бір-біріне дұрыс көңіл бөлмей өзара жанұя­лық қатынас­тарға немқұрайды қарауы да, от­басылық өмірдің құн­дылығымен салыстырғанда түк­ке тұрмайтын болымсыз сырт­қы-ішкі факторлар, осылардың бәрі де ерлі-зайыптылар арасын бірте-бірте алшақтатып сызат түсуі­не себепкер болады. (Жаңаар­қа ауданынан жиналған этногра­фия­лық экспедиция материалдары: Информатор респонденттер, Қарағанды облысы, Жаңа­арқа аудандық орталық­тан­дырылған С.Сейфуллин атын­дағы кітапхана қызметкерлері: Диана Акимова, Г.Б.Аман­баева, Г.С.Ахмедина, А.Жан­шораева, Жұма­бике Смайылова, Надира Смағұлова, Әлия Мусина, М.Ж. Түсіп­баева, С.С.Шайхина, т.т.).
Бұл аталынғандардың бәрі де кейіннен пайда болған объективті де субъективті себептер. Ғалым­дар­дың пікірі бойынша отбасылық қатынастардың бұлайша күрт өз­геруі қоғамдық әлеуметтік қарым-қатынастардың түбегейлі өзгеруі­мен де тығыз байланысты. Яғни, от­­басында патриархалдық (ерлер беделінің жоғары болуы) дәуірдің матриархалдық (әйелдер билігінің үстем болуы) белгілерге ауысуы және жеке меншіктік қатынастар­дың өзгеруі (баспана, машина, жи­нақ ақша, мал мүлікке байланысты ортақ меншіктік көзқарас­тар­дың жойылуы), т.с.с. әлеуметтік саладағы өзгерістер де отбасылық қатынастарға жеңіл қарауға, үстірт, асығыс шешім шығаруға негіз болуда. Кеңес дәуіріндегі отбасылық қатынастарды зерттеген Х.Ар­ғын­баев «үйленген ағайынды адам­дар­дың бір отбасы болып та­ба­тын табыстарын да, барлық шы­ғындарын да біріктіріп тұруы қа­зіргі кезде көпке созылмайды. Өйт­кені әр отбасы мүшесі қазіргі күн­де еңбек етеді, еңбегіне қарай та­быс табады. Әрбір ерлі-зайыпты жастар бөлек үй болуды, жеке тұр­мыс құруды ұнатады. Оларды үнемі бір­ге тұруға мәжбүр етіп тұрған еш­бір эко­но­микалық әлеуметтік фак­тор қазір жоқ. Олар әдетте жеке тұр­атын үй мәселесі шешілгенше ға­на бірге тұрады», – деп жас от­ба­сылардың бөлінуін әлеуметтік экономикалық және материалдық жағдайлармен байланысты екенін ғылыми сараптама жолымен дәлелдейді. Алайда қазақ қо­ғамында «дәстүлі қазақ семьясы же­ке дара, кіші семья болып бөліне бастауы» орта ғасыр­лар­дың өзінде-ақ көрініс бергендігі тура­лы пі­кір­лер де бар (Арғынбаев Х.Қазақ халқындағы семья мен не­ке (тарихи- этнографиялық шолу). – Алма­ты: Ғылым, 1973. — 32-41 беттер). Ал негізінде қазақ қауы­мында үлкен патриархалдық отбасының ыдырау процестерін өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы конфискация, коллективизация дәуі­рімен қоса кейінгі жылдарда одан әрі жал­ғасқан отызыншы жылдар аштығы, репрессия, соғыс қасіреті сияқты әлеуметтік апаттардан іздеу керек. Халқымызда бұрынғы дәуірлерде әдет, дәстүр ретінде қалыптасқан атастыру, құда түсу, қалыңдық айт­тыру, мүшел жастан асса некелес­тіру салттары бүгіндері архаизмге айналған. Қазақтың эпостық жыр дас­тандарына өзек болған «есті ба­ла он үшінде баспын дер, ессіздер отызында да жаспын дер» дегенді ұмытып, ескінің сар­қын­шағы дедік. 1897 жылғы санақ мә­лімет­терін зерттеген И.В.Ста­севич қазақ арасында 10 жасқа дейін 355 қыз, 10-12 жас арасында 1045 қыз, 13-14 жас­та 4225 қыз, 15-16 жас аралығын­да 19354 қыз тұмыста болғандығын жазады (Стасевич И.В. Социальный статус женщин у казахов: тра­диции и современность. – СПб.: Нау­ка, 2011). Арнайы зерттеулер мен мұрағаттық көрсеткіштер де бұл деректердің дұрыстығын дә­лел­дейді: «Если рас­смотрим средний возраст вступления в брак женщин – казашек по периодам, полу­чаем следующие данные: (Бұл деректер Мәскеудегі Ресей Федерациясы Мемлекеттік мұрағатынан алынып отыр және нақты болуы үшін аудармасыз бе­ріп отырмыз):
В периоде до 1916 год 16,94 лет.
С 1916 г. по 1921 год 16,73 лет.
С 1922 г. по 1925 год 16,73 лет.
С 1926 г. по 1929 год 16,81 лет.
С 1930 г. по 1937 год 17,74 лет.
Средний возраст выхода замуж равен 16,5 годам» ( ГАРФ. Фонд, А-570. Оп.1. Дело 850. Л.17. На 10 листах).
Ғасырлар бойы қалыптасқан қа­зақ қоғамының тұтастай өзгеруін мы­на мұрағаттық деректер де нақтылай түседі: «Если возьмем соотношение возраста мужа и же­ны при вступлении в брак до 1925 г. время существования калыма, многоженства и ранних браков, и после 1925 г. когда начал осуществляться декрет об отмене калыма, то имеем следующие данные: Ранние браки до 1925 г. составляют 12,6%, после 1925 г. 6,3%, т.е. уменьшилось в два раза; после 1930 г. ранние браки стали как исключительно редкое явление. До 1925 г. отмечаются немало случаев брачного возраста, когда муж старше жены на 20 и больше лет. Эта цифра после 1925 г. падает в три раза» (ГАРФ. Фонд, А-570. Оп.1. Дело 850. Л.18. На 10 листах). Халқымыздың түсінігі бойынша, жастарды неғұрлым ерте үйлендірсе, өзін тұлға ретінде жауапкершілігін сезініп ұрпағы ерте ержетіп мықты болады деген сенімде болған. Ал бүгінгі қоғам өзгерістерге тез бейім келетін азаматтардың ортасы. Жаңашылдыққа деген бетбұрыспен қатар, қоғамдық идеологиялық әрекеттер де бойымыздағы болмашы «ескінің сарқыншақтарын» да санамыздан сілкіп тастап, «на­дан­дық», «керітартпа» әрекеттер деген ұғым қалыптастырды.
Дәстүрлі қазақ қоғамында ажы­расу дегеннің болмауы, ал бол­ған күннің өзінде де өте сирек кез­десуін бүгінгі зерттеулерден де не­месе ежелгі қазақ қоғамын зерт­те­ген ғылыми еңбектерден де бай­қаймыз. Себебі, қазақта «әмең­гер­лік» институты, «әйел ерден кетсе де, елден кетпейді» деген дәстүрлі са­наның ырқы орынсыз неке бұ­зылуына, жетім-жесірлердің кө­беюі­не жол бермеген. (Ғылымда ле­вират деген белгілі бұл дәстүр қа­зіргі кезде Америкалық эскимос­тарда, еліміздің солтүстігіндегі ұсақ халықтарда және Орта Азия­ның біраз халықтарында ғана сақ­талынған). Мұнын бір дәлелі өзінің са­налы ғұмырын қазақ халқындағы от­басылық қатынастарды зерттеуге арнаған көрнекті ғалым, этног­раф Х.Арғынбаев некелік байланыс­тарға байланысты әдет-ғұрыптарды сонау көне замандардан өткен ғасырдың жетпісінші жылдарына дейін зерттеулер жүргізгенде ажы­расуға байланысты фактілердің бол­мауынан немесе өте аздығынан бірде-бір тарау арнамаған. Бұған қарап, қазақ қоғамында бұл әдеттің бізге кейіндеу келіп «жұғысты» бол­ғандығын байқаймыз.
Жал­пы алғанда ажырасу салдары ту­ралы мәселе әлі толық зерттелме­ген. «Әр елдің салты басқа» демекші бұл әр елде әртүрлі формада болуы да мүмкін. Мәселен, кейбір шет елдерде бұл қалыпты жағдай, одан трагедия жасай алмайсың, нуклеарды отбасы немесе азаматтық неке дегені тағы бар. Америка және Еу­ропа елдерінде араларында ор­тақ перзенттің болмауы ажырасуға себеп емес, олар кез келген уақытта ба­ла асырап алуға дайын, керісінше өзі туғаннан гөрі асырап алуды оңай жол санайды. Отбасын құру­шылардың 35-40 жасты еңсеріп ба­рып, кеш үйленуі біздің мента­литетімізге сай келмейді, бұл аза­маттық жауапкершілікті сезін­беу, одан бойын аулақ салу. Шетелдік зерттеушілер ажырасу салдарының бір-бірінен тәуелсіз үш тобын бөліп көрсетеді: ерлі зайыптылар үшін, балалар үшін және қоғам үшін.
«Отбасы шағын мемлекет» десек, демек ол «үлкен» мемлекеттің тұ­ғыры, діңі, фундаменті. Оның ұйыт­қысы отағасы немесе отанасы болып қандай жағдай болса да, отбасы мүшелері өмірдің романтикаға толы немесе кинодағыдай болмайтынын, оның өзіндік бейнеті мен жетілікті проблемалары барын оған төзіп, сабыр ете білу керектігін естен шығармау керек. Отбасы мәселелдерін көп жылдардан бері зерттеп келе жатқан психолог Дан Уайл «ғұмыр бойы бірге өмір сү­ретін жұбыңызды тапқанда соны­мен бірге ұзақ жылдар бойы шешімі табылмайтын қиындықтарға да тап боласыз» деуі негізсіз емес. Бұл жерде адам тағдыры мен қоғам тағ­дыры тығыз байланыста. Тұғыры мықты болса мемлекетіміз де мық­ты. Ажырасудың проблемалық жо­ғары деңгейге жетуі, некенің институт ретіндегі ыдырауы да жал­пы отбасының дағдарысы емес. Осы тұрғыдан алғанда Президент жанындағы Әйелдер ісі және Отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақ Мемлекеттік қыздар педаго­ги­калық университеті жанындағы әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеулер институты мен отандық психологтарға артылар жүктің салмағы аз болмаса керек.

Дәурен Ескекбаев,
Алматы Менеджмент университетінің
бас ғылыми (бұрынғы Халықаралық
Бизнес академиясы) қызметкері, тарих ғылымының кандидаты.
Сайын Омаров,
публицист, зейнеткер.

Ажырасудың себептері мен салдары

  • Жоспар
  • Кіріспе

1 Ажырасудың себептері мен салдары.
2 Неке
3 Бүгінгі отбасы мәселесі
4 Сауалнама.

Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. Оның да іргесі – берік, берекесі – биік болу керек. Береке-бірлік болғанда ғана жарасымды тірлік болмақ. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік — өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді.
Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.Ерлі – зайыптылардың жеке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады. Некені тоқтататын оқиғалардың бірі ажырасу.Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.Ажырасу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:
АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
• кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
• бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.


Ажырасудың себептері мен салдары.

Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай  Отан. Оның да
іргесі – берік, берекесі – биік болу керек. Береке-бірлік болғанда ғана
жарасымды тірлік болмақ. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік,
ізгілік — өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет,
сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір
қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді. 
Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы
мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру
мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық
келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық
одақты – неке деп түсінуіміз қажет.Ерлі – зайыптылардың жеке және мүліктік
құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке
заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі –
зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады. Некені
тоқтататын оқиғалардың бірі ажырасу.Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ
органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы
мүмкін.Ажырасу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:
АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара
келісімі;
• кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
• бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
Бүгінгі отбасы мәселесі туралы айтқанда, шүкірімізден қауіпіміздің басым
болатыны қалай? Ағайын арасының суй бастауы, туыстықтың жып-жылы қарым-
қатынасы үзілудің алдында тұруы нені көрсетеді? Әулеттік, туыстық
сезімдерге не себепті селкеу түсе бастаған? Ер мен әйелдің арасындағы
көрінбес жіптің жіңішкере түсуі – бүгінгі қоғамның кемшілігі ме, отбасы
ұғымының арзандауынан ба? Отбасы деген ұғымды ер мен әйел жұбының одағы деп
қана түсіну дұрыс па? Расында да, неке бұзу, дәстүрден аттау, бала санының
аздығы – бүгінгінің басты сауалы болып тұрғаны жасырын емес. Ендеше Қазақты
сақтағымыз келсе, қазақтың отбасын сақтап қалу – күн тәртібіндегі басты
мәселе екенін мойындап жүрміз бе? Ұлттың ертеңін өмірге әкеліп, алақанында
мәпелеп, бесігінде тербетіп, тәрбиелейтін ұрпақ өкілдері – біздер қай жерде
қате бастық екен?..Мамандардың сөзіне сенсек, бүгінгі.Қазақстанда төрт
миллионнан аса отбасы бар.Елімізде қаншама шағын мемлекет барын өзіңіз
ойлап көріңіз енді. Сол шағын мемлекеттердің рухани-әлеуметтік жағдайының
жай-күйін ой елегінен тағы бір өткізіп алыңыз. Бұлай деуіміздің себебі,
отбасы мәселесін зерттеп жүрген кез келген сала ғалымдарының сөзіне құлақ
ассаңыз, заманауи отбасының дағдарыста тұрғанын мәселе қылып көтереді. Және
бұл Қазақстанға ғана тән құбылыс емес. Заманауи отбасының жай-күйі қазір
көптеген елде талқыланып жатқаны біз айтпай-ақ белгілі. Бұл жағына
тереңдемей-ақ қоялық.Отбасы құлдыраса не тұр, ең әуелі адам, қоғам аман
болсын деуге де болар еді. Олай айтсақ, қатты қателесетін түріміз
бар.Қоғамның бастауы – отбасы деген пікірмен келіспейтін жан жоқ шығар.
Адамзаттың дамуында отбасының қомақты рөлін жоққа шығару тіптен ұят. Ол аз
десеңіз, сіз бен біз өмір сүріп отырған қоғамның қалыптасуына үлкен серпін
берген де осы отбасы екенін мамандардың өзі мойындайды.Міне, осы әлеуметтік
институтты жоғалтар болсақ, не боларын болжаудың өзі қиын. Бұлай қауіп
айтуымыздың себебі – отбасы әлеуметтік институт ретінде құлдырап, өз
рөлінен алшақтап барады. Бұл да біздің сөз емес. Мамандардың ескертуі.Ең
әуелі, отбасы институты деген не? Қарапайым ғана сөзбен түсіндірсек, Жер
бетінде мемлекет, білім, армия, керек десеңіз, нарықтық қарым-қатынастар
пайда болмай-тұрып-ақ, ең алғашқы болып құрылған, адамзаттық қоғамның
қалыптасуына, дамуына үлкен ықпал еткен ежелгі әлеуметтік институт – отбасы
деп аталады.
Қазір қазақ үшін таңсық нәрсе қалмады. Жаһандану деп өзгенің
жақсысын да, жаманын да бірдей жұтып жатырмыз. Тіпті, ақ пен қараны
ажыратуға шама жоқ. Өз-өзіне қол жұмсау, маскүнемдік, нашақорлық, тонау,
бірін-бірі өлтіру, ажырасу… Иә, бұның бәрі біз өмір сүріп отырған қоғамға
тән дүниелер. Әйтсе де, бүгінде мұндай келеңсіздіктерге аса мән бермей,
күнделікті құбылыс ретінде қарап жүрміз. Пәленшенің қызы қайтып келіпті
немесе баласы ажырасыпты дегенге елең ете қалатын апаларымыз да қазір
ондай гу-гу әңгімеге уақыт тоздырғысы жоқ. Өйткені, қазір ажырасуды әңгіме
ету сәннен кеткен. Себебі де түсінікті. Көп қайнаған сорпаның дәмі кетер
демекші, ажырасудың да қоғамда жиілеп кетуіне байланысты оған назар
аудармайтын болдық. Тіпті, бұл өмір заңдылығы деп, оған оң қабақ танытып
жүргендер де бар көрінеді. Масқара! Қазақ сияқты діні Ислам халық үшін бұл
заңдылық емес, жат қылық болу керек еді. Бірақ амал нешік? Әр түрлі дөуірде
ажырасу туралы түсінік те елеулі өзгеріске ұшырап отырды. Ежелгі неке
арнаулы рәсімді қажет етпейтін қарапайым азаматтық мәміле деп есептелді.
Ажырасу еркін болды және оған ерлі-зайыптылардың екеуінің немесе біреуінің
некелік тұрмыстан бас тартатындығы жөніндегі өтініштерімен жол берілді.
Орта ғасырлардағы некеге қағидалық түсініктерге шек қойылған негізде және
шіркеу билігінің шешімімен жол берілетін. қағидалық нормалар, зайырлы
зандармен алмастырылғаннан кейінгі қазіргі кезде де ажырасу сирек, әсіресе
дін ықпалы күшті елдерде шариғаты ажырасуды мейлінше азайтуға мүмкіндік
беретін көптеген шектеулер қойған.Қазақ заңнамасы да ажырасуды онша
қолдамайды. Әрбір мемлекет неке мен отбасының сақталуына мүдделі, бірақ,
өкінішке орай, біздің елімізде соңғы онжылдықта ажырасудың тұракты өсіп
отырғандығы байқалады.
Ажырасу- XIX ғ.-дың аяғында қазақтар арасында сирек ұшырасқан.
әлсіреуіне, ыдырауына соқтыратындықтан, әйелдің күйеуден, күйеудің әйелден
ажырасуына байырғы қазақ қоғамы жол бермеуге тырысқан. Босағаның берік,
керегенің кең, шаңырақтың биік болуын өсіп-өнген жуан ауыл, табаны жалпақ,
құрыгы ұзын тайпа іргелі елдіктің негізі деп ұққан. Ажырасудың себептері
ауылбасы, рубасы, билердің қатысуымен мұқият тексерілген.Қазақы ортада сай
ажырасуға себеп болатын жағдайлар күйеуіне қатысты жағдайлардан туындауы
мүмкін: егер күйеужігіт бірге тұруға жарамаса; ол қылмыс жасап, ұзақ
уақытқа қамалса; басқа дінді қабылдаса; ұзақ уақыт (3-4 ай) бойы хабар-
ошарсыз жоқ болып кеткен кезде әйелдің ажырасу талабын қоя алатын құқы
болды. Бұл жағдайлар созылып кетуі де мүмкін. Мұндай жағдайда әдет-ғұрыптық
бойынша немесе Шариғат жолымен ажырасу мәселесі қарастырылады. Мұндай
жағдайлардағы қолданылатын ұстанымдар бір-бірін толықтырып отырады.
Негізінде, ажырасу әйелдің төркіні тарапынан жасалған талаптарға байланысты
немесе әйелдің өзінің ауыл ақсақалдары мен ықпалды адамдарға немесе билерге
шағымдануы негізінде қаралады. Егер әйелі күйеуінің бірге тұруға жарамайды
деген шағымы болса, көп жағдайда еріне емделуге, қаралуға үш ай уақыт
мұрсат беріледі. Егер ажырасу туралы шағымына себепкер әйелдің мінезі арқау
болса, ол шағымды қарастырушылар тарапынан көбіне қабылданбайды, дәлірегі
әйелдің Құдай берген мінезі ажырасуға себеп бола алмайды Ішінара
әйелдердің ерлерінен қашып кетуі некен-саяқ болса да, кездескен.
Қалыптасқан үрдіс бойынша, ажырасу үшін алдымен, әйелі күйеуінен үш рет
қашып шығуы тиіс. Үшінші рет қашып шыққаннан кейін, егер ел әйелдің
күйеуінен жәбір көргенін растайтын болса не¬месе куәгерлер ері әйелін үйден
қуып жіберіп, бірнеше жыл қарамағанын дәлелдейтін болса ғана ажырасуға
рұқсат берілді. Қазақ арасындағы ұстаным бойынша, сай ерлі-зайыптылар
ажырасқан кезде әйел ажырасуға себеп емес. Қазақы түсінік бойынша, әйел
кінәсіз болған жағдайда, оның пайдасына (ортақ) мал мүлкінен арнайы үлес
бөлініп берілді. Оған қоса әйелдің күнделікті өмірде пайдаланған тұрмыстық
заттары қоса берілген. Ажырасқан кезде кінәсіз деп танылған әйелге тиетін
мұндай үлесті ақымар деп атаған. Ақымар малдай, жылжымайтын мүліктей немесе
ақшалай да берілген.
Шариғат заңы бойынша күйеуі талақ деп үш рет айтса, неке бұзылып
ажырасуға болады деп есептелген. Егер талақ деп екі рет айтылып келесі
некеге дейінгі күтетін мерзімі (ол идда деп аталады әлбетте төрт ай он күн)
өтсе, онда қайтадан некесін қиған. Күйеуінің өз әйелін соққыға жығып, бір
мүшесін мертіктіріп, басын жарып, көзін шығарса, зақым болған мүшесінің
құнын (саусақ құны, көз құны және т.б.) төлеткен. Бұл жайт ажырасуға себеп
болуы мүмкін. Ал, әйелдің туыстарын балағаттап, намысына тигендігі
дәлелденген жағдайда, сүйек сындырған құны, өнерлі әйелдің өнеріне нұқсан
келтірген жағдайда, өнер құны тәрізді мәселелер арнайы қарастырылады .
Бірақ, бұл ажырасуға себеп бола алмайды
Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 және 2006.01.10 N 116
Заңдарымен, осы Заңдар Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы
қатынастарын, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп,
реттейді, отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік
саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін
қорғауды қамтамасыз етеді. Жоғарыда келтірілген заңдардың 16-бабында былай
деп келтірілген.
  1.Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу кәмелетке
толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар
қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында
жүргізіледі.
2. Ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына
қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлі-
зайыптылардың екіншісін:
1. сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
2.сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;
3.қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан
айыруға сотталса, неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылады.

3. Некенің бұзылуын мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу
органы азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген
тәртіппен жүргізеді.Ал 17-бапта, азаматтық хал актілерін жазу органдарында
некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туындайтын дауларды қарау
Некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туындайтын даулар азаматтық
хал актілерін жазу органдарында сот тәртібімен қаралады.

18-бап. Некені сот тәртібімен бұзу осы Заңның 16-бабының 2-тармағында
көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған
ортақ балалардың болуы;

1ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде;

2.егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына
қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса;
Мамандардың сөзіне сенсек, бүгінгі Қазақстанда төрт миллионнан аса
отбасы бар.Отбасы – шағын мемлекет…. Елімізде қаншама шағын мемлекет
барын өзіңіз ойлап көріңіз енді. Сол шағын мемлекеттердің рухани-
әлеуметтік жағдайының жай-күйін ой елегінен тағы бір өткізіп алыңыз. Бұлай
деуіміздің себебі, отбасы мәселесін зерттеп жүрген кез келген сала
ғалымдарының сөзіне құлақ ассаңыз, заманауи отбасының дағдарыста тұрғанын
мәселе қылып көтереді. Және бұл Қазақстанға ғана тән құбылыс емес. Заманауи
отбасының жай-күйі қазір көптеген елде талқыланып жатқаны біз айтпай-ақ
белгілі. Бұл жағына тереңдемей-ақ қоялық.Отбасы құлдыраса не тұр, ең әуелі
адам, қоғам аман болсын деуге де болар еді.Олай айтсақ, қатты қателесетін
түріміз бар.Қоғамның бастауы – отбасы деген пікірмен келіспейтін жан жоқ
шығар. Адамзаттың дамуында отбасының қомақты рөлін жоққа шығару тіптен ұят.
Ол аз десеңіз, сіз бен біз өмір сүріп отырған қоғамның қалыптасуына үлкен
серпін берген де осы отбасы екенін мамандардың өзі мойындайды.Міне, осы
әлеуметтік институтты жоғалтар болсақ, не боларын болжаудың өзі қиын. Бұлай
қауіп айтуымыздың себебі – отбасы әлеуметтік институт ретінде құлдырап, өз
рөлінен алшақтап барады. Бұл да біздің сөз емес. Мамандардың ескертуі.Ең
әуелі, отбасы институты деген не? Қарапайым ғана сөзбен түсіндірсек, Жер
бетінде мемлекет, білім, армия, керек десеңіз, нарықтық қарым-қатынастар
пайда болмай-тұрып-ақ, ең алғашқы болып құрылған, адамзаттық қоғамның
қалыптасуына, дамуына үлкен ықпал еткен ежелгі әлеуметтік институт –отбасы
деп аталады.Көңілімізге медеу болатыны – 2009 жылғы жалпыхалықтық санақ
нәтижесіне сенсек, 1999 жылғымен салыстырғанда отбасылардың саны 13,8%-ға
өскен екен. Өкініштісі, отбасындағы орташа адам саны 3,5 адамға қысқарған.
ҚР Статистика агенттігінің ақпаратында Екі адамнан тұратын отбасы –
30,1%, үш адамнан құралған отбасы – 26,7%, төрт адамнан құралған отбасы –
22,2%. Бес адамнан құралған отбасы бар болғаны – 11,7%, алты адамнан
құралған отбасы – 5,6%, жеті адамнан құралған отбасы – 1,9%. 8 – 10 адамнан
құралған отбасының мөлшері тіптен аз, бар болғаны – 0,2% екені
көрсетілген.

Бүгінгі күннің ағымы қоғамдағы отбасының рөлiн өзгертіп қана қоймай,
отбасының қызмет аясын, сипатын, мазмұнын да өзгеріске ұшыратқан. Қазір ата-
аналардың қызмет аясы отбасылық шаруашылықты жүргiзумен ғана шектелiп
отырған шаңырақтар кездеседі. Тәрбие негізінен балабақша, білім беру
мекемелерінің шаруасы дейтіндер де бар. Ол аз десеңіз, БАҚ арқылы кең
көлемде насихатталып жатқан шетелдiк мәдениеттiң әсерін қосып қойыңыз.
Өмірдің шындығын ата-анасынан естіп, отбасынан көрмеген бала теледидарға
сенбегенде қайтпек?Міне, осы себептерге байланысты отбасы деген ұғымның өзі
заманына орай өзгеріске түскен, түзету мен толықтырулар енгізілген. Бір
ғана мысал, осы күні ажырасу мен толық емес отбасы – қалыпты дүние есебінде
қарастырыла береді. Бұрынырақта… деп алысқа көз жүгіртпей-ақ қоялық,
біздің бала күнімізде ауылда бірлі-жарым ажырасу оқиғаларын көзбен
көргеніміз рас, бірақ ол өте бір ұят нәрсе секілді болып көрінетін.
Ажырасу деген сөз, сыбырлап қана айтылатын. Осы күні ше? Бұлай жүре
берсең, жынданып кетерсің деп, қызымды үйге әкеліп алдым… Кім ажыраспай
жатыр дейсің, ең әуелі жан амандығы керек… Ішіме сиған балам, сыртыма да
сияды… Ары кетсе қызы қайтып келді дер, Күйеуге тимей жүрген қыз көп,
соның біреуін қайта ала саларсың… Қазіргілер дауысын анық шығарып,
нығырлап айтады. Дауысты қойшы, ажырасу – ұят деген сезімді
айтсаңызшы.Жалғызілікті отбасы мүшесіне біздің қоғамның еті үйренген.
Әкесіз өсуге бейімделген бала да бар. Әйел өзінің ұлын, не қызын жалғыз өзі
дүниеге әкеліп (некесіз), асырап бағуы (ажырасу) ұят саналмайды. Қазақта
шеше көрген тон пішер деген сөз бар. Мұндай тәрбие көрген қыз баланың
болашақтағы әдеп-қылығының қандай болмағын айтып жату артықтық етер. Ал
жалғызілікті әйелдің перзенті ұл бала болса ше? Күндердің күнінде ол бала
ержетіп, шаңырақ көтергісі келмей ме? Ал қазақта – келін қайын ененің
топырағынан. Яғни, бала өз анасына ұқсас әйел алса, ол келін де жалғыз
өмір сүргісі келмесіне кім кепіл? Әрине, сөзіміз шындыққа сәйкес келмеуі де
мүмкін… Дініміз ажырасуға мүлдем болмайды демейді. Мұсылмандықта ерекше бір
жағдайларда, тығырықтан шығар басқа жол қалмағанда ажырасуға рұқсат
берілген. … жалғасы


Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.

Ұқсас жұмыстар

Ажырасудың негізгі себептері
Ажырасудың себептері мен салдары жайында
Бүгінгі жастар неге жиі ажырасады?
Демография және әлеуметтану
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ОТБАСЫ МЕН ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АЖЫРАСУДЫҢ ТЕНДЕНЦИЯСЫН ТАЛДАУ
Отбасы және гендер әлеуметтануы
Отбасымен әлеуметтік жұмыс өзектілігі мен технологиясы
Отбасындағы қарым-қатынастың баланың жеке тұлғасына әсері
Отбасын құру және оның проблемалары
Отбасы әлеуметтік институт ретінде

Ажырасу стресс, қайғы деңгейіне байланысты өлімнен кейін бірінші орында тұр. Бұл ауыр әрі қиын, өмірдің қысқаруына әкелетін үлкен өмірлік тәжірибе.

Ажырасу — әлеуметтік проблемаға айналып, енді қоғамда қалыпты жағдай ретінде қабылдана бастады. Кез-келген проблеманың ушығуы, шиеленісуі-қоғамда оған деген қалыпты көзқарастың тууына әкелетіні сияқты ажырасу да осындай деңгейге жетті.

Қазір отбасын құрудың патриархалдық моделіне қарағанда екі жақтың теңдігіне құрылған үлгідегі жанұялар көбеюде. Бұл өз кезегінде әрбір адамның серігін, жарын өз еркінше таңдауға мүмкіндік береді. Алайда таңдау кеңістігі кеңейгенмен де отбасы беріктігі нығайып жатқаны шамалы. Оны еліміздің статистикасынан көруге болады. Мәселен, 2017 жылы Қазақстанда заңды тіркелген неке 105396-ны құраған. 40503 — ажырасу фактісі тіркелген.

Бүкіл әлемде ресми, заңды некеге тұруға қызығушылық азайып бара жатқанын байқауға болады. Әсіресе, Еуропада заңсыз некеден  туған бала коэфиценті өскен. Себебі көпшілігі «азаматтық некеде» тұрады.

UNSTAT  мәліметтеріне қарағанда неке коэффиценті бойынша Қазақстан БҰҰ-ға кіретін 100 елдің ішінде 16-орнында тұр. Қазақстан Иран, Ресей, Албания, Тәжікстан мен Мысыр сияқты елдерден кейін тұрақтаған. Ал ажырасу коэффиценті бойынша Қазақстан осы елдер арасында 24-орында. Еуропа елдерінің ішінде ажырасу коэффиценті ең жоғары Бельгия, Португалия, Венгрия екен.

Ислам дінін ұстанатын елдердің арасында Қазақстанның ажырасу коэффиценті ең жоғары. Таяу Шығыс елдері, соның ішінде Мысыр, Сирия, Иордания, Индонезия, Сауд Арабиясы мен Ливияда барлық неке заң жүзінде дін өкілінің қатысуынсыз  жүзеге асады. Ал Иран мен Израильде барлық неке дін өкілінің қатысуымен жүзеге асады. Осыған байланысты, егер жұбайлардың бірі ажырасуға қарсы болған жағдайда қиындықтар туындайды.

Танымал американдық әлеуметтанушы әрі психолог Констанция Аронс -әлемде әрбір 13 секунд сайын бір отбасы ажырасатынын есептеп, дәлелдеген. Бір АҚШ-тың өзінде жыл сайын 1 миллион отбасы ажырасады екен.

Жалпы ажырасу көрсеткішінің осыншалықты өсуі бірнеше факторларға тікелей байланысты. Ең бірінші, ол елдің экономикалық даму жағдайы мен қоғамның әл-ауқаты мәселелері. Қоғам арасында ажырасудың басты себебі ретінде есептелетін кең таралған пікір: «Жастардың үлкен өмірге дайындықсыз келетіндігі».

Ажырасудың себептері. Негізгі мәселе – осы ажырасу факторын болдыртпау. Қарым-қатынасты осы шарықтау шегіне дейін алып келмеу. Себебі, не дегенмен де, ажырасу- отбасының ойрандалуы, ал арада бала болса тағдырдың бұзылуы.  Ажырасуды болдыртпау үшін ең бірінші, оның орын алу себептерін анықтау керек. Шын мәнінде -себеп өте көп. Әркімнің жеке тағдыры бар, проблемалары әр түрлі. Бірақ сауалнама нәтижелері көрсеткендей ажырасудың басты себептері мыналар:

  1. Тұрмыстық зомбылық;
  2. Ер не әйелдің ішімдікке салынуы;
  3. Ер не әйелдің есірткіге салынуы;
  4. Күйеуі не әйелі жұмыссыз;
  5. Жұбайлардың өмірге деген көзқарастары сәйкес келмеуі;
  6. Күйеуі не әйелі некеге дейін бірін-бірі ұнатпаған, некеден кейін де ұната алмаған;
  7. Көзге шөп салу;
  8. Материалдық қиындықтар;
  9. Бедеулік;

Бұл ажырасудың негізгі себептері. Сонымен қатар, біздің елімізде ажырасудың себептерін ата-енемен тұру мен күйеу жақтың туған-туысқандары арасындағы қарым-қатынастар шиеленісімен  т.б толықтыруға болады. Бүгінде қазақ отбасыларында келіннің  ата-енесімен бірге тұруы қалыпты жағдайға айналғанын көреміз. Осы орайда баласын аялап өсірген ана, яғни қыздың енесі ұлын қызғанады немесе басқа да себептермен келініне күн көрсетпейтіні сияқты шиеленісті жағдайлар орын алады.  Жігіттің ата-анасымен тұрған соң міндетті түрде арада түсініспеушілік, ұрыс-керіс болады. Кейбір ата-енелер екі жастың арасына түсіп те жатады. Немесе керісінше әйел күйеуіне таңдау жаса деп тікесінен ультиматум қояды. Бұл- Қазақстандағы  ажырасудың бірден-бір кеңінен таралған себебі.

Одан кейін – алып қашу мәселесі бір бөлек. Өздері жақын таныс емес немесе қыздың ырқынсыз алып қашып ақырында ажырасып жататын мысалдар аз емес.

Ажырасу кезінде қатты зардап шегетін жақ- балалар. Ата-аналары ажырасқан балалар өмірдегі қиындықтарды  екі есе ауыр өткереді. Психологиялық, жүйке ауруларына жиі ұшырайды.

Ажырасудың алдын-алу. Көп жағдайда дұрыс құрылмаған қарым-қатынас пен отбасының ойрандалуы – тікелей өзімізге, серігімізге/жұбайымызға, тағдырымызға байланысты деп кінәлаймыз.

Негізінен ажырасудың алдын-алу —  қарым-қатынасты дұрыс құрудан басталады. Отбасын құру оңай шару емес, сондықтан оған үлкен дайындықпен келу қажет. Психологтардың айтуынша, ажырасудың шектен тыс көбеюі – адамдардың өмірлік серік таңдағанда оның жан-дүниесіне үңілмей, сыртқы факторларға қарап қана бағалап таңдауынан болады. Сонымен бірге, жастардың материалдық қиындық көріп, оған шыдамай жататындықтары да – басты себептердің бірі. Демек, дайындық болуы керек.

Осы орайда психологтар ерлі-зайыптыларға мынадай ұсыныстарды ұсынады:

— Бір-біріңізге ауыр сөздерді айтудан аулақ болыңыз. Себебі ондай сөздер, қылықтар кешіріледі, бірақ ұмытылмайды.

— Проблемаларыңыз бен қиындықтарыңызды үнемі бір-біріңізге жүктеуден қашыңыз. Адам- шағымнан, жылап-сықтаудан, күн сайынғы сіздің құрбандықтарға барып жатырмын деген міндетсінулеріңізден тез жалығады, шаршайды.

— Компромиске келу. Отбасы-бұл бір шаңырақ. Түсіністік танытатын кезде, жаңдайға кіруге, барлығы ой елегінен өткізіп екеуіңізге де пайдалы болатындай шешім жасауға болады. Егер біріңіз құрбандыққа бару керек болсаңыз, барыңыз. Ол сіздің отбасыңыз үшін жасалатын қадам.

— Ренішіңіз болса, өкпеңіз қара қазандай болғанша үндемей жүре бермей, жұбайыңызға білдіртіңіз, айтыңыз. Сөйлесу мен әңгімелесу жоқ жерде- дұрыс отбасын құру деген бос иллюзия. Себебі неке- ұзақ әңгімелесу.

25 жасқа дейін адам қарым-қатынас жасаудың дұрыс жолдарын білмейді, дұрыс сөйлесуді, тілдесуді білмейді. Сондықтан некеге 25 жастан кейін отырған дұрыс»-дейді мамандар.

Ажырасудың салдары. Отбасының дәстүрлі құндылықтары сақталмаған соң, ерлі-зайыптылар ажырасып олардың артында «махаббатты, жылулықты сезінбеген», толыққанды отбасы деген ұғымның не екенін түсінбейтін балалар қалады. Ал бұл балалар үлкен өмірге қадам басқанда  өз өмірлеріне де осы науқанды әдетке айналдыратыны дәлелденген. Мұндай отбасылардан өскен балалар толыққанды жеке тұлға болып қалыптасу кезінде түрлі қиындықтарға бой алдырып, шын мәнінде есеймеген бала күйінде қалады. Ажырасудың бала үшін тигізетін зардабы – бірінші мәселе болса, екінші жағынан  ажырасу процесін орындаушыларға бұл үлкен трагедия. Себебі шын мәнінде жан-дүние мен адамның психологиясына күйзеліс әкелетін ажырасу нағыз –  қайғы. Бұдан кейін адамның әсіресе әйелдер қауымының қайтадан өмір айналымына қайта ену ауыр әрі ұзақ процесс.

Ажырасқан ер адамдардың әйелдерге қарағанда қайта некеге тұру мүмкіндігі өте жоғары. Алайда ажырасқан ерлердің 50% сол күйінше үйленбей, жалғыз қалып қалады екен. Ал әйелдерге ажырасқан соң қайта некеге тұру үшін өте ұзақ уақыт, шашамен 10- 15 жылдай керек екен.

Ажырасуды мүлдем болдыртпау, оған заңды тұрғыда тоқтау қою мүлдем дұрыс емес әрі мүмкін де емес. Алайда оған міндетті түрде тоқтау қажет. Және оған тоқтау бар. Себебі, шын мәнінде ажырасу- бұл өз әдеттерімізден айырылудан, серігіміз үшін өзгеруден бас тарту.

Әдеттен арылуға болады. Ол үшін тек мықты күш-жігер  керек.

qamshy.kz

Ажырасу және оның себептері: Әлеуметтік жағдай

Ажырасу және оның себептері: Әлеуметтік жағдай

Ажырасу және оның себептері: Әлеуметтік жағдай

Исламдағы отбасы

Отау көтеру адам өміріндегі ең қуанышты сəт. Өйткені отбасылық өмір осы дүниеде ғана емес, арғы дүниеде де жалғасын таппақ. Бір өкініштісі сол, адам баласы өткінші сынақтарға сабырсыздық танытып Алла ұнатпайтын ажырасуға барып жатады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Алла тағалаға адал еткен істің ішіндегі ең жағымсызы – ажырасу» деп мұның оңды іс емес екенін айтқан.

Шаңырақтың шайқалуына түрлі факторлардың əсері бар десек, кейбір отбасылардың тағдырының ерте қиылуына əлеуметтік жетіспеушілік те себепкер. Иманының емес, мүлкінің молдығымен жұрттан озғанды тəуір көретін пенделік түсінік көп ошақтың отын өшіріп отыр. Жан мен мал қатар келгенде жиғанын құрбан қылып, «Бастан құлақ садақа» дейтін қазақ қоғамында дүние үшін ажырасу деген жаманат естілмейтін. Ал қазіргі ажырасқан жастардың айтатыны үйлерінің жоқтығы, жалақының аздығы сияқты өмірдің ұсақ-түйек сынақтары. Кейбір əйелдердің, сол əйелдің тəрбиесінде өскен балалардың тойымсыздығы мен таусылып бітпейтін қажеттіліктері үйдің еркегін дүние таппақ мақсатпен отбасын тастап, алысқа тентіреп кетуіне мəжбүр етеді. Ері мал іздеп түзде жүргенде көзден алыстаған көңілден де алыстайтынның кері келіп, ерлі-зайыптылар бір-біріне суып, араларынан ала мысық жүгіріп өткенін аңдамай да қалады. Таңертеңнен қара кешке дейін күнкөріс қамымен жүрген ері ыстық тамағымды жейін, бала-шағамның қасында тынығайын деп үйіне асығып келгенде, əйелі «анау жоқ, мынау жоқ», «жұрттың күйеуі əйеліне ананы алып беріпті, мынаны алып беріпті» деп қарсы алса, иманы əлсіз кей азаматтар ұрлыққа, пара алуға, ұтысқа белшемнен батып қалармын деген үмітпен құмар ойынға да барады. Ал енді шарасыз қалғандары ішімдікке салынады. Осы кезеңді кемеңгер Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) хадисінде былай деп суреттеген еді: «Ер адам əйелінің, ата-анасының жəне балаларының кесірінен құрдымға кететін бір уақыт келеді. Олар еркекті «кедейсің» деп жазғырып, шамасы келмейтін нəрселерді талап етеді. Осының салдарынан бұл адам қауіпті істермен айналыса бастайды. Ақыр соңында діні де, өзі де құрдымға кетіп тынады». Байлыққа берілуді отау ұйытқысының ең басты жауы десек те болады. Себебі байлық өте өзімшіл, менмен келеді. Оған бой алдырған əйел де, еркек те тəкаппар болады. Тек менде ғана бола берсе дейді. Басқаны былай қойғанда, жұбайына да мұрын шүйіре қарайтын болады.
Осылайша дүниеқоңыздық адамның ішіне күліп кіріп, өз дегенін істетеді. Көзін тұмшалап артынан жүгіртіп қояды. Бара-бара отбасында сүйіспеншілік біржола жоғалады. Ал бұл болмаған жерде адамдар өздерін мұз құрсанғандай салқын сезінеді. Ал мына суретті көз алдыңызға елестетіңізші. Қабырғасы кесектен қаланған, төбесі құрма ағашының діңімен, ұзынша бұтақтарымен жабылған, ені кісі бойындай ғана кеңдіктегі бір бөлмелі үй. Қоңыртөбен отаудағы жиһаз атаулыдан бір төсек, бір жастық, ұн мен құрма салатын бір табақ, су құятын ыдыс жəне су ішетін кесе ғана көзге түседі. Осынау ұядай шаңырақта кей күндері тұз бен наннан басқа тіске басар түк табылмай қалатын. Үйдегілердің бірнеше күнгі қоректері құрма мен су болатын. Кейде бірнеше ай бойы ошақтағы қазанға от тимейтін. Бұл Пайғамбарымыздың аяулы жары Айша анамыздың үйі еді. Бірақ бұл үй бүгінгі жұрт армандағандай алтынмен апталып, күміспен күптелмесе де, осы жұпыны қалпымен-ақ «Бақыт отауы» деп аталды. Айналып келгенде бəрі де кісінің иманына байланысты. Байлық керек болса, қанағат жетеді. Иманы бар салиқалы əйел жанбағарлық күнкөрісі болса, шектен шығып дүние қумайды. Қолында барға қанағат етеді. Күйеуінің шамасы келмейтін нəрселерге бола отбасын ойрандамайды. Ақыреттің мəңгілік жемістерін фəни дүниеге айырбастамайды. Қолында барын үнемдеп жұмсап, күйеуіне көмек көрсетеді. «Үнемдеген адам отбасында күн көріс тапшылығына ұшырамайды» деген парасатты Пайғамбардың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) пайымын ұстанады. Əрдайым əз Пайғамбарды (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) жəне саңлақ сахабаларды үлгі тұтып, таршылықта да, кеңшілікте де шүкіршілік айта біледі. Осы ретте мына бір əңгімеге тоқталуды жөн көрдік.

Бір күні Ибраһим пайғамбар (а.с.) Мекке маңында өмір сүріп жатқан ұлы Исмайылдың хал-жағдайын білейін деп үйіне келіпті. Ұлы Исмайыл күнкөріс қамымен кетіп, үйде келіні ғана қалған екен. Ибраһим (а.с.) келінінен тұрмыс жағдайларын сұрайды. Келіні «жағдайымыз нашар, жанымызды зорға бағып отырмыз» деп шағымданады. Сонда Ибраһим (а.с.): «Күйеуің келгенде менен сəлем айт. Есігінің тұтқасын ауыстырсын» дейді де, кетіп қалады. Əкесінің артынша Исмайыл пайғамбар (а.с.) үйіне кіреді. Келе салысымен «Мен жоқта үйге ешкім келмеді ме?» деп сұрайды. Əйелі болған жайды баяндайды. Əкесінің сəлемдемесін естіген Исмайыл: «Əкем бұл сөзімен сенен ажырасуымды меңзепті» деп, кедейшілігіне шағымданған əйелімен ажырасыпты. Күндердің күнінде Ибраһим пайғамбар (а.с.) баласының жағдайын білмек болып Меккеге қарай қайта жол тартады. Бұл кезде Исмайыл пайғамбар (а.с.) басқа əйелге үйленген еді. Əкесі келгенде үйінде тағы да жас келіні ғана отырады. Бұрынғы келінін сынаған дағдысы бойынша одан да күн көрістерінің шамасын сұрайды. Бұл келіні Алла тағалаға шүкіршілігін білдіріп, жағдайларының жақсы екенін айтады. Сонда Ибраһим пайғамбар (а.с.): «Күйеуің келгенде сəлемімді жеткіз. Үйінің есігінің тұтқасын берік сақтасын» дейді де кетіп қалады. Исмайыл (а.с.) үйіне келгенде əйелі болған жайды жəне əкесінің сəлемдемесін жеткізеді. Сонда Исмайыл пайғамбар (а.с.): «Əкем сенен айрылмауым керектігін меңзеген екен», – депті.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) үмбетіне айтқан бір өсиетінде былай дейді: «Бұл өмірде дүниеге көз тікпе, сонда Алла тағала сені жақсы көреді. Өзгелердің қолындағы нəрсеге көз тікпе, сонда халық та сені жақсы көреді». Ерлі-зайыптылар күн көрісі қиындағанда кезекті бір сынақ деп біліп, Алла тағала одан бетерінен сақтасын деп, сол халіне шүкіршілік айта білуі керек. Ойбай, енді қалай күн көреміз деп байбалам салмай, бір-біріне демеу болып, жылы сөздермен сабырға шақырулары керек. Адам үшін бұл өмірдегі ең үлкен бақыт – көңіл тыныштығы. Көңілі тыныш, жаны шат адам қара су мен қара нан жеп те мамыражай өмір сүре береді. Сөздің реті келгенде айта кетейік, шама келгенше кедей отбасының бай отбасымен көп араласпағаны дұрыс. Себебі, адамның аты адам. Пендешілікке салынып байдың дүниесін қызғанбаса да, көзін сүзіп қызығуы мүмкін. Ажырасуға көбіне осы дүниеге деген қызығушылық кінəлі. Керісінше, өздері секілді қарапайым отбасылармен араласса, олардың кей жағдайларынан үлгі алып, Аллаға айтқан шүкіршілігінен жаңылмайды. Əрине, ер азаматтар да кедейлік деген өткінші сынақ екен, əйелім бұған сабыр етуге міндетті деп аяқты көкке көтеріп жатып алмай, қолынан келгенше отбасын қатардан қалдырмауы керек. Оның үстіне отағасының үйге əкелгені сауапты іс.

материал «Исламдағы жанұя» кітабынан алынды,

ummet.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *